Мектеп жасына дейінгі балабақшадағы дене шынықтырусабағындағы спорттық жаттығулар


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М. Х. ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ

Педагогика жоғары мектеп кафедрасы

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖӘНЕ БAСТAУЫШ БІЛІМ БЕРУ

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «Спорттық ойындардың мазмұны мен сипаттамасы»

Білімгер: Сейтқұл Аружан

Топ: ДОВ 18-1

Жетекші: Шыниева Р. Т.

Тараз 2020

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1 Балабақшада өткізілетін спорттық ойындардың теориялық негіздері

1. 1 Мектепке дейінгі мекемеде спорттық ойындардың зерттелуі . . . 5

1. 2 Спорттық ойын түрлері және оның тәрбиелік мәні . . . 7

2 Мектепке дейінгі балаларға арналған спорттық ойындар түрлері және олардың өткізілу әдістемесі

2. 1 Ересек топ балаларына спорттық ойындарды өткізудің маңызы . . . 11

2. 2 Балабақшада ойналатын балаларға арналған қимылды ойындар топтамасы . . . 16

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 22

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 26

КІРІСПЕ

Зерттеудің өзектілігі: Еліміздің егемендік алуы Қазақстандағы дене шынықтыру, ұлттық ойындар мәселесіне басқаша сын көзбен қарауды талап етеді. Осы орайда соңғы жылдары біздің қарастырып отырған ізденіс тьақырыбымызға орай бірнеше ғылыми еңбектер жарық көрді.

XXI- ғасыр білімділер ғасыры болғандықтан бүгінгі таңда заманымызға сай зерделі, ой-өрісі жоғары, жан-жақты дамыған ұрпақ қалыптастыру мемлекетіміздің алға қойған аса маңызды міндеті болып тұр. Тәрбие мен білімнің алғашқы дәні - мектепке дейінгі тәрбие ошағында беріледі. Отбасында ата-ананың ықыласы мен мейірімінен нәр алған бала балабақшада тәрбиешілердің шұғылалы шуағына бөленеді. Баланың бойындағы жақсы қасиеттер мен мүмкіндіктерді ашып, олардың өнегелі де тәрбиелі болып тәрбиеленуіне балабақшаның маңызы зор.

Дене тәрбиесінің көздейтін маңызды мақсаты - бала организмін шынықтыру. Шынықтыру арқылы балалардың салқын тиюден болатын және жұқпалы ауруларға төтеп беру қабілеті күшейтіледі. Жүйелі шынықтыру организмде сыртқы ортаның түрлі жағдайына және өзгерістеріне: температураның ауытқуына, желді және жауын-шашынды ауа райына бейімделу қабілетін қалыптастырады [1] .

Спорттық ойындарға спорттың барлың белгілері бар ойын дар жатады: ойнаушылардан спорттың іскерлікті, дайындықты талап етеді. Спорттық ойындар топтың немесе жеке адамдардың жеңіске, нөтижеге жетуімен аяқталады. Спорттық ойындар қимыл-қозғалыс ойындарынан орындалу техникасы, ереженің күрделілігі, ойын жағдайының нақтылығымен ерекшеленеді. Балаларды жөне жасөспірімдерді жан-жақты тәрбиелеуде спорттық ойындар ерекше орын алады, ойын құрамына күнделікті өмірге қажетті табиғи қимылдар кіреді (жүру, жүгіру, секіру, лақтыру, қағып алу, қарсы түру т. б. ) . Сондай-ақ, ойын барысында жоғарыда аталған қимыл-қозғалыстың үйлесімділігі кездесіп отырады. Балалармен жасөспірімдерді дене тәрбиесі үрдісіне тәрбиелеуде ойындарды жүйелі түрде өткізу негізгі қимыл-дағдыларын, жылдамдық, ептілік, күш-қуат, шыдамдылық қасиеттерін, ағза қызметінің жұмысын күшейтеді.

Спорттық ойын дегеніміз - ұшқын, құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезеіспетті, ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзінқоршаған дүние туралы түсінік алады. Ойын баланың күш-қуатын молайтып, онышапшаңдыққа, дәлдікке ғана тәрбиелеп қоймай, оның ақыл-ойының толысуына, есейіп өсуіне де пайдасын тигізеді. Дұрыс жолға қойылған дене шынықтыруойындары оқу-білім алуға бөгет емес, қайта бойды сергітіп, ойыңа жәрдем ететін нәрсе

Зерттеу объектісі. Мектеп жасына дейінгі балабақшадағы дене шынықтырусабағындағы спорттық жаттығулар.

Зерттеу нысаны. Ересек топ балаларын оқу және тәрбиелеу үрдісі.

Зерттеу базасы. Тәжірибелік-эксперименттік жұмыс Тараз қаласының №35 балабақшасының ересек топ балаларымен жүргізілді.

Зерттеу мақсаты. Мектеп жасына дейінгі балалардың спорттық жаттығуларды үйрету арқылы денесін шынықтыру, спорттық жаттығулардағы қимыл-қозғалыс әрекеттерінің бала өсуіндегі біртұтас жолын теориялық-әдістемелік тұрғысынан зерттеу болып табылады.

Зерттеу міндеттері:

1. Спорттық жаттығулар арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың дене шынықтыру қабілетін дамытудың ғылыми-педагогикалық негізін анықтау.

2. Балабақшада дене шынықтыру сабағында спорттық жаттығулар түрлерін қолданудың педагогикалық және әдістемелік жолдарын анықтау.

3. Спорттық жаттығулар түрлерін басқа дене шынықтыру жаттығуларымен ұштастыра қолдану жолдарын көрсету.

4. Спорттық жаттығулар арқылы, соның ішінде ұлттық спорт түрлері арқылы балабақша жасындағы балаларға қоршаған ортаны тану,, ұлттық салт-дәстүрлерді білуді іске асыруға болатындығын анықтау.

Зерттеудің ғылыми болжамы. Егер, мектепке дейінгі ұйымдарда балаларды спорттық жаттығулар дағдысына тәрбиелесе, оның мазмұны теориялық-әдістемелік тұрғыдан негізделіп, іс жүзінде тәжірибеге енсе, онда мектеп жасына дейінгі балалардың спорттық жаттығулар дағдысының ерекшеліктері қалыптасады.

Зерттеу әдістері - ғылыми-педагогикалық, тарихи-әлеуметтік еңбектерге теориялық талдау, бақылау, байқау; ата-аналар және тәрбиешілермен әңгіме, сұхбат жасау.

Курстық жұмыстың құрылымы : Кіріспеден, теориялық, практикалық бөлімдерден, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Балабақшада өткізілетін спорттық ойындардың теориялық негіздері

1. 1 Мектепке дейінгі мекемеде спорттық ойындардың зерттелуі

Спорттық ойындар - қимыл-қозғалысқа және ережелердің болуына негізделген моторлық мәселелерді шешуге бағытталған балалардың күрделі эмоционалды әрекеті. Белсенді ойын тыныс алуды, қан айналымын және метаболизм процестерін белсенді етеді; қимылдарды жақсартады, олардың үйлестіруін дамытады; жылдамдық, күш, төзімділікті қалыптастырады; балаларды ережеге сәйкес әрекет етуге, өзгермелі ойын жағдайында саналы түрде әрекет етуге үйретеді; қоршаған әлемді білу; есте сақтауды, идеяларды қалыптастырады; ой-өрісін, қиялын дамытады; сөздік қорын толықтырады және балалардың сөйлеу мәнерін байытады; топта әрекет етуге, жалпы талаптарға бағынуға үйретеді; адалдықты, әділдікті, тәртіпті қалыптастырады; достасуға, жанашырлыққа, бір-біріне көмектесуге үйретеді, ырғақ сезімін дамытады, кеңістіктік терминологияны меңгеруге ықпал етеді [2] .

Спорттық ойындар - бұл ашық аспан астындағы ойындар . Бұл ойын жарысының түрлері, олардың негізі белгілі бір нысанаға спорттық снарядпен қарсы тұру процесінде жеңілудің әр түрлі техникалық және тактикалық әдістері болып табылады (әдетте бұл спорттық доп, мақсат - қарсыластардың мақсаты, ойын алаңы және т. б. ) ; спорттық ойындардың мазмұны мен ұйымдастырылуы ресми ережелермен реттеледі. Спорттық ойындарды кеңінен қолдану олардың қол жетімділігімен, мазмұны мен ұйымдастырылуының салыстырмалы қарапайымдылығымен, қатысушылар мен көрермендерге эмоционалды әсер ету күшімен байланысты. СОйын үстінде бала еш нәрсеге тәуелсіз. Ол өзін еркін ұстайды. Ал еркіндік дегеніміз -барлық дамудың баспалдағы, бәрін білуге деген талпынысы мен құлшынысы. Баланың білуге деген құштарлығы, сөйлеуі ойын үстінде қалыптасады.

Бала өміріндегі ұлттық және спорттық қимыл-қозғалыстың және ойынның алатын орны, формасы және мазмұны үлкен адамның тұрмыстық күйімен, еңбек түрімен және мазмұнымен салыстырылса, қаладағы қажеттіліктің бір тұсы адамды дағдыға үйрету екендігін байқаймыз.

Ғалым А. Усова өз еңбегінде ойынның мәнін баланың дербес іс-әрекеті, айналасындағы өзгерістерді танып-білуге, белсенді әрекет етуге жол ашуы ретінде түсіндіреді. Автордың айтуынша шынайы өмірде баланың аты - бала. Өз бетінше әлі ештеңе тындырып жарытпайтын жан. Қам-қарекетсіз өмір ағысына ілесіп кете барады. Ол ойын үстінде ол бейнебір ересек адам тәрізді өз күшін сынап көреді.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту барысндағы спорттық жаттығулар И. Давыдов, Л. Былеева, В. Яковлев, Н. Поддьякова, Н. Михайленко, Д. Куклова және тағы басқалар ерекше назар аударған. И. Давыдов ойын мен ойыншық және дидактикалық құралдарға ғана сүйеніп, мектепке дейінгі балалық кезді заттар жөнінде жекелеген нақты түсініктер, жинақтау кезеңі деп түсіну қателік деп дәлелдейді. Бұл кезде дене шынықтыру мен ақыл-ойын ақыл-ой дамуына, жалпы түсінік пен ұғымның қалыптасуында, маңызды ойлау операциялары: талдау, салыстыру, қорыту, қабілетіне қажетті организм деп аударған. И. Давыдов ойын - ойыншық және дидактикалық құралдарға ғана сүйеніп мектепке дейінгі барлық кездерге заттар жөнінде жекелеген нақты түсініктер жинақтау кезеңі деп түсіну қателік деп дәлелдейді. Бұл кезде дене шынықтыру мен ақыл-ой дамуына, жалпы түсінік пен ұғымның қалыптасуына, маңызды ойлау операциялары: талдау, салыстыру, қорыту қабілеттеріне қажетті организм деп тұжырымдайды[3] .

Д. Хухлаеваның пікірінше, дене шынықтыру жаттығуларын ойынмен ұштастырған сәтте баланың тұрақты іс-әрекетке бейімділігінің қалыптасуы айқын сезіледі, сондықтан дене шынықтыру күнделікті қажеттілік болуымен қатар денсаулықтың, шыдамдылық пен тез қимыл-әрекеттің символы болып табылады.

М. Контарович, Л. Михайлованың авторлығымен жазылған еңбекте жыл мезгіліне сәйкес қыс айларында ойналатын ойындар, топ болып ойнайтын, жеке бір балаға арналған далада өткізілетін қимыл-қозғалыс ойындарының әдістемелік нұсқауы берілген. Ойын түрлері мен шарттарын бала жасына қарай бөліп классификация жасап, бірнеше халық ойындарын ұсынған. Олардың ішінде Қояндар (2-3 жасарларға), Аңшы мен ит және қояндар (4 жастағылар үшін), Торғай мен мысық (5-6 жастағыларға арналған) қозғалмалы ойындарын зерттеп, қолданысқа түсірген.

А. Быкованың басшылығымен баспадан шыққан «Физическое воспитание в детском саду» кітабында балабақшаның әр тобында жас ерекшелігіне қарай өткізетін қарым-қатынас ойындарын ұйымдастыру және оны өткізу әдістері, т. б. мәселелер қарастырылған. Мысалы, қозғалып ойнау барысында алғашқы күннен бастап балаларды өзін-өзі тежеуге үйрету, сонымен қатар барлық баланың қабылдау қабілеті бірдей емес екендігі, яғни белсенділер мен жайбасар әлсіз балалар арасындағы тепе-теңдікті сақтау қасиеті, оларды әр түрлі ойынға тарту арқылы шыңдау, ұмтылдыру, бірнеше рет бір ойынды ойнату барысындағы баланың физиологиялық өзгерісімен қатар психологиялық тұрғыдан сенімділігінің артуы ғылыми еңбектің құндылығын жоғарылатады.

А. Құралбекұлы мен С. Әкімбайұлы жалпы білім беретін қазақ мектептерінің дене шынықтыру жүйесінде қазақ этнопедагогикасы материалдарына, оның ішінде халық шығармашылығы мен ұлттық ойындарды тиімді пайдаланудың ғылыми теориялық-әдістемелік негіздеріне сүйене отырып талдау жасаса, А. Айтпаеваның ғылыми еңбегінде орыс тілінде оқитын балаларды тәрбиелеу құралы ретінде қазақ халқының ойындарын пайдаланудың теориялық-әдістемелік негіздері жасалып, олардың тәрбиелік мүмкіндіктері айқындалған.

Сонымен түйіндеп айтарымыз, қазақтың ұлттық ойындарының басқа халықтардың ұлттық ойындарынан айырмашылығы - оның шығу, пайда болу тегінің ерекшелігіне байланысты белгілі бір тәрбиелік мақсат бірлігін көздейтінінде.

1. 2 Спорттық ойын түрлері және оның тәрбиелік мәні

Балалардың дене тәрбиесінің дұрыстығы - мектеп жасына дейінгі балаларға арналған мекемелердің алдындағы міндеттерінің бірі. Мектеп жасына дейінгі жақсы денсаулық, адамның жалпы дамуының іргетасы болып талады. Мектеп жасына дейiнгi балалардың дене тәрбиесi оқу және ұзартылған күн режимiнде, оқу жоспарларына, дене тәрбиесiнiң кешендi мемлекеттiк бағдарламаларына, санитариялық ережелер мен гигиеналық нормативтерге сәйкес бос уақытта және дербес жүзеге асырылады[4] .

Мiндеттi дене тәрбиесi бүкiл оқу кезеңi бойына аптасына мектепке дейiнгi мекемелерде - кемiнде 8 сағат жүргiзiледi.

Мектеп жасына дейiнгi балалар мекемелерi дене тәрбиесiн беру мақсатында: дене шынықтыру машықтарын қалыптастырады, спортпен айналысуға тартады, дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық iс-шаралар өткiзедi және қоғамдық бiрлестiктер мен басқа да заңды тұлғалардың мектеп жасына дейiнгi балалардың қатысуымен спорттық iс-шараларды ұйымдастыру мен өткiзуiне жәрдемдеседi.

Дене шынықтыру жаттығулары баланың күн тәртібінде жас шамасымен үлкен орын алу керек. Олар бұлшық еттiк белсендiлiкке ғана емес, суыққа, гипоксияға да бейiмділікті ұлғайту үшін себепшi болатын факторлар болып табылады. Физикалық белсенділік орталық жүйке жүйесінің қалыпты дамуына, жадтың, оқудағы үлгерімнің жақсаруына мүмкіндік туғызады, эмоционалды-мотивациялық өрісті қалыпты жағдайға келтіреді, ұйқының жақсаруынаәсер етеді, тек физикалық қана емес, зерделі қызмет мүмкіндіктерінің де өсуі байқалады. Бұлшық еттің белсенділігін арттыру үшін, қозғалыс жүйелері мен дағдыларын жетілдіретін, сымбатты мүсін қалыптастыратын, жалпақ табанның дамуын бәсеңдететін дене жаттығуларын жасау қажет. Ойынның түрлері өте көп.

Саусақ ойындары-саусақтардың көмегімен қандай да болмасын ертегіні немесе өлең-тақпақ шумағын сахналау құралы. Мысалы: «Саусақтар сәлемдеседі», «Қуырмаш», «Добым», «Әдемі әтеш», «Моншақ» т. б. ойындарды ойнаймыз.

Қимыл-қозғалыс ойындары - балалардың дене бітімінің қозғалыс белсенділігі. дағдылары мен іскерліктерінің қалыптасуының даму құралы. Мысалы: «Бос орындық», «Допты қағып ал», «Жемістер -көкөністер», «Ұшты-ұшты», « Қаздар мен түлкі», «Тышқан мен мысық» т. б. ойындарын ойнаймыз.

Сюжетті-рөлді ойындар -балалардың ой-қиялын, сөздік қорын, тілін дамыту құралы. Мысалы: «Дүкен», «Асхана», «Дәрігер», «Пошта», «Кітапхана», «Аурухана» т. б. ойындар ойнаймыз.

Дидактикалық ойындар - балалардың ақыл-ойын дамытып қызығушылығын арттыру құралы. Мысалы: «Не артық?», «Заттарды топта», «Қарап ал да, есіңе сақта», «Не қайда өмір сүреді?» т. б. ойындарын ойнаймыз

Үстел үсті ойынын ұйымдастыруда домино, лото, суреттер қолданылады. Мысалы: «Суретті құрастыр», «Қандай затқа ұқсайды?», «Қай сурет тығылды?», «Бір сөзбен ата», «Кімбайқағыш», «Қиылған суреттер», «Ұқсасын тап», «4-ші не артық?», «Есіңде сақта».

Ұлттық ойындар-балалармен ойнаймыз. Мысалы: « Тақия тастамақ», « Көкпар», «Сақина салу», «Ақ серек, көк серек», « Қыз қуу», «Бәйге», «Жасырынбақ», «Ақ сүйек», «Соқыр теке», т. б ойындарын ойнаймыз.

Мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған мекемелерде дене шынықтыру жаттығулары топтық гимнастикалық ойындар мен спорттық ойын-сауық түрлерінде өткізіледі. Баланың киімі қимылды қиындатпайтындай денесіне бос болу керек. Жаттығулар әр түрлі және еліктіргіш болу үшін, әр түрлі заттар мен жабдықтар қолдану керек: доптар, жалаулар, құрсаулар, отырғыштар, баспалдақтар. Жабдықтар баланың бойы мен жасына сәйкес келу маңызды. Зерек бала, Біз мектепке барамыз бағдарламаларына сәйкес, 3 жастан бастап күнделікті таңғы жаттығулар өткізу керек, басында 5-6 минут (3жас) және 10-12 минутқа дейін (6 жас) . Бұнымен қоса, бос уақытта дене шынықтыру жаттығуларының айына 1 рет 10-20 минут, 6 жастағы балалар үшін 40 минутқа дейін өткізілуі қарастырылады. Гимнастикамен айналысу үшін кілемше қажет және оны тазалықта сақтау маңызды. Гимнастикалық жаттығуларды таңғы астан кейін немесе күндізгі ұйқыдан кейін 30 минуттан кейін ғана жасау керек. Балаларда таңғы жаттығуды әрдайым жасауға әдептің қалыптасқаны өте маңызды. Ұзақ, қозғалыссыз отыратын - сурет салу, илеу, қол шеберлiктен кейін гимнастикалық жаттығулар сеансын өткізу аса маңызды.

Балаларға ұсынылатын жаттығуларды тәрбиешілер, медбике, ата-аналар меңгеріп алулары керек. Балалардың ықыласын шоғырландыру қиын болғандықтан, оларға тапсырмаларды ұзақ түсініктерсіз, нақты және айқын беру керек[5] .

Атауларды рационалды түрде оңайлату, мысалы, жаттығуларды мысық, құс, паровоз және т. б. жалпылай атау. Бұл жаста балаларда үйлестіру қабілеті енді ғана қалыптаса бастайтындықтан, олардан тапсырманы толығымен дұрыс орындауларын талап етуге болмайды. Баланың бақытты болуы үшін, денінің сау болуы үшін үлкен қамқорлық жасауымыз керек. Дені сау баланың ақыл- ойы айқын, өз-өзіне сенімді, жан- жағына қуанышпен шаттана қарайтындай болуы шарт. Бала денсаулығының мықты болып, қозғалыс, дене құрылысының дұрыс жетілуі мектепке дейінгі кезеңде қалыптасады. Сондықтан, бала организімінің қызметін жетілдіру, қабілетін арттыру ең басты міндетіміз. Организмнің қорғаныс қабілеті нашар қалыптасқан кішкентай балалар сыртқы ортаның қолайсыз әсерлеріне тез ұшырайды. Сондықтан да сүйектің, буынның дұрыс әрі мерзімінде жетілуіне бел омыртқаның физиологиялық иіндерінің қалыптасуына табан дөңестерінің дұрыс жетілуіне айрықша мән беру керек. Бұлшық еттерді қатайту, жүрек қан тамыр жүйесінің жетілуіне, тыныс алудың тереңдігі мен ырғақтылығына, тыныс алуды қозғалыспен үйлестіруге мүмкіндік жасап, үнемі ықпал жасау керек. Сондай- ақ баланың қозғалысын жетілдіру, қимыл-дағдыларын және дененің икемділігін, шапшаңдық, күштілік, төзімділік сияқты қасиеттерін қалыптастыруға тұрмыста және дене тәрбиесі оқу іс-әрекеттерінде қажетті жеке және қоғамдық гигиена дағдыларын дамытуға баса назар аударылады.

Ойын керемет тәрбиелік әлеуетке ие. Бала ойнап жүргенде әрдайым артқа емес, алға ұмтылуға тырысады. Ойындарда балалар бәрін үш рет жасайды: олардың санасы, ақыл-ойы, қиялдары синхронды түрде "жұмыс істейді", әлемді түсінуге және бейнелеуге үнемі қатысады.

Балалар ойындары ең жоғары деңгейде, өйткені олар мейірімділік пен есте сақтауды, адалдық пен зейінді, еңбекқорлық пен қиялды, ақыл - ойды, қиялды, әділеттілік пен байқауды, тіл мен реактивтілікті тәрбиелейді, дамытады-бір сөзбен айтқанда, адамның байлығын құрайтын барлық нәрсе.

Ойын баланың жанының барлық жақтарын қалыптастырады: ақыл, жүрек, ерік, мінез, бірақ ойын баланың еркін әрекеті болып қала береді. Бұл жағдайда тәрбиешінің көшбасшылық рөлі сақталады. Ол балаларға ойындарды үйретуі керек, жолдастарын таңдауға, құрал табуға немесе зиянды әрекет етсе, ойынды тоқтатуға көмектесуі керек.

Балаларда ойын барысында жаңа білімді игеру оқу сабақтарына қарағанда әлдеқайда сәтті болатыны белгілі. Ойын түрінде қойылған оқу тапсырмасының артықшылығы бар, ойын барысында бала жаңа білім мен іс-қимыл әдістерінің қажеттілігін түсінеді.

Дене шынықтыру балалардың денсаулығын сақтап, нығайтады. Дене мүсінінің сұлулығын қалыптастырып, қимыл- қозғалыс қабілетінің белсенділігін арттырады . Дені сау, рухы таза ұрпақ өсіру ең маңызды мәселе дей отырып, біздің балабақшадағы басты міндетіміз: баланың денсаулығын нығайту, шынықтыру, түрлі аурулардың алдын-алу сақтану жұмыстарын дәстүрден тыс әдістерді қолдану арқылы жүргізіледі. Бүлдіршіндердің денесін шынықтыруға көп көңіл бөлінеді. Дене шынықтырудың нұсқаушысы Н. Г. Хольнова мен бірлесіп әртүрлі массаждар жасатып, жалпақ табандылыққа қарсы алдын-алу жаттығуларын жасатамыз. Барлық топтарда оқу іс- әрекеттерінде және одан тыс кезде тәрбиешілеріміз балалардың қимыл белсенділігін арттырып отырады.

2 Мектепке дейінгі балаларға арналған спорттық ойындар түрлері және олардың өткізілу әдістемесі

2. 1 Ересек топ балаларына спорттық ойындарды өткізудің маңызы

Дене тәрбиесінің негізгі мазмұны денені жаттықтыру болып табылып, мынадай түрлерге бөлінеді:

1. Таңертеңгі жаттығулар.

2. Қимыл - қозғалыс ойындары, спорттық ойындар

3. Спорттық жаттығулар

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепке дейінгі мекемелерде дене шынықтыру сабағы
КҮН ТӘРТІБІНДЕГІ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ШАРАЛАРЫ
Негізгі қимыл-қозғалыс жаттығуларын әр жас ерекшелік топтарда үйрету жолдары
Спорттық ойындар және олардың өткізілуі
Балабақшадағы дене шынықтыру - сауықтыру, спорттық мерекелердің ұйымдастыру маңыздылығы
Мектепке дейінгі мекемелерде спорттық ойындарды пайдаланудың әдіснамалық негізі
Дене тәрбиесі мерекелері мен сауықтарының бала өміріне маңызы
Дене жаттығулары - дене шынықтырудың негізгі өзіндік құралы
Балалардың шыңығуы мен денесінің жетілуін дамытуда спорттық жаттығуларды пайдаланудың рөлі
Күн тәртібіндегі дене шынықтыру және сауықтыру шаралары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz