Экономикалық реформалар және олардың нәтежиелері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2
І . тарау. Қазақстан Республикасының 1991.2001 жылдардағы экономикалық саясатты қалыптастырудағы қиыншылықтар мен қайшылықтар ... ... ... ... ...4
1.1. Қазақстан Республикасындағы нарықтық қатынастардың дамуының негізгі кезеңдері және оны қалыптастырудағы қиыншылықтар мен қайшылықтар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.2. Экономикалық реформалар және олардың нәтежиелері ... ... ... ... ... ... ... 7
1.3. Өнеркәсіп дамуының Қазақстан Республикадағы ақуалы 1991.2001 ... 10
1.4. Республика ауыл шаруашылығының даму жағдайы 1991.2001 ... ... ... .13
ІІ.тарау. Қазақстан Республикасының әлеуметтік саласындағы даму және басты мәселелердің шешілуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
2.1. Халықтың тұрмыс жағдайын, әл.ауқатын көтерудегі проблемалар және олардың шешілуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
2.2. Халықты зейнетақы,тұрғын үй,азық.түлікпен қамтамасыз ету мәселесі.17
2.3. Қазақстан тұрғындарына медициналық қызмет көрсету саласындағы мәселелер мен қиыншылықтар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2 3

КІРІСПЕ
Жұмыстың өзектілігі. 1991 жылдың 16 желтоқсанында қабылданған Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы Конституциялық заң Еуразия құрлығының жүрек тұсындағы ел атанған ұлан - ғайыр өлкеде жаңа мемлекеттің дүниеге келгенін паш етті. Санаулы жылдарда әлемнің әр тарапындағы алуан мемлекеттерден келіп түскен ежелден азаттық аңсаған халықтың тәуелсіздігін таныған қуаншты хабарлар әлемдік ақпаратта дүниенің төрт бұрышына тарап жатқан еді. Енді міне сол қуанышты сәттерден бері қеарай,бүгінгі күні азат Қазақстанның ең қастерлі құндылығы - ел тәуелсіздігіне 16 жыл толып отыр.
Кеңес Одағы ыдыраған тұста әлемдік бәсекеге мүлде қабілетсіз, тек ішкі рынокқа ғана негізделген шаруашылығы бар ебедейсіз экономикалық жүйе біржола тұраланып, көпшілігі кедейшілік қыспағына түскен қазақстандықтардың болашаққа деген сенімі молайды. Кезінде қазақ халқы үлкен даңғыл жол басындағы тәй-тәй басқан сәби секілді күй кешті. Біршама уақыттан соң жағдай мүлдем өзгерді. Еліміз Елбасы Н.Ә. Назарбайев бұл жайында былай деген болатын : Бұл тарихтың жаћандық сындары және жаңа экономика модельдерін іздеудің күрделі кезеңдері болды. Кідіріссіз де қысқа мезгілде міндетті: тәуелсіз мемлекет құру, жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға, тоталитаризмнен демократияға көшуді жүзеге асыру қажеттігі туындады . Ал бүгін өткен жылдарды еске түсіріп және біздің күш- жігеріміз бен жетістіктермізге қарап нық сеніммен былай деуге болады: Біз стратегиялық тұрғыдан дұрыс жолды таңдадық. Құқықтық және әлеуметтік саяси реформалар кейде қаншалықты қиын жүргеніне қарамай, жақсы нәтижелерге жеткізді. Ел экономикасы мен демократиялық процесстер серпінді дами отырып, республикамыз орынды түрде өңір лидер саналды және барынша бәсекеге қабілетті экономикасы бар алдыңғы қатарлы мемлекеттердің қатарынан лайықты орын алуға ұмтылуда.
Бір жүйеге келтірілмей, шашырай зерттелінген мәселелердің бірі - тәуелсіз Қазақстанның дамуының алғашқы белесі 10 жыл ішіндегі әлеуметтік - экономикалық дамуы болып табылады. Қазіргі таңдағы даму сатысында экономикалық өсуді қамтамасыз ету және осының негізінде халқының әл - ауқаттық деңгейін көтеруді негізгі мақсаты етіп қойып, бұл үшін елдің экономикалық мүмкіншіліктерін өрістетуге және әлемдік шаруашылық пен жалпы аймақтық нарықтарға енуін түзетуге қажетті макроэкономикалық жағдайлар мен алғышарттарды өзекті мәселе етіп қалыптастырған.
Курстық жұмыстың мақсаты: Бір орталыққа бағынған, тоталитарлық жүйеге негізделген Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы ыдыраған тұста Қазақстан Республикасының туелсіздік туы астында жаңа, өзіне мүлдем таныс емес жүйе құру жолында алғашқы он жыл көлемінде жүргізген әлеуметтік - экономикалық саясатын зерттеп, қол жеткізген табыстары мен жіберген кемшіліктерін зерделеп, обьективті түрде баға беру курстық жұмысымыздың басты мақсаты болып табылады.
Курстық жұмыстың міндеті:Жоғарыда айтылып кеткен мақсатқа жету үшін мынадай міндеттерді орындауды қажет етеді:
-Тәуелсіз Қазақстанның экономикалық жаңа жүйесін таңдау жолын зерттеу және оның типтік сипатын анықтау; құрылымдық экономикалық реформаның негізіне анықтама беру;
-КСРО ыдыраған тұста және мемлекеттілікті қалыптастыру кезеңіндегі (1991-1993жж) Қазақстан Республикасындағы макроэкономикалық ақуалға анализ жасау;
-1993-1997жж экономикалық реформаның барысын зерттеп, нәтижесіне баға беру; Инфляцияны тоқтату саясатына сипатама жасау;
-1998-2002 жж. экономикалық реформаға анализ жасау; Банк жүйесіндегі, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығындағы өзгерістерді анықтау;
-Зейнетақы реформасының еаекшеліктері мен жүргізілу барысн зеріттеу.
Зерттеу нысаны:Тақырыпты зерттеу нысаны бойынша мынадай баспасөз құралдары мен Қазақстан Республикасының зерттеу және статистикалық Аненттігі басылымдарынан алынған материялдар құрады: Егеменді Қазақстан, Казакстанская Правда, Финансист, Экономика и статистика, Общество и экономика, Хозяйство и право, Деловая неделя, Понарама, Мысль, Исследования и результаты, Вопросы экономики, Экономист, Экономика и жизнь, Деловой мир, Статистический бюллетень. Статистический бюллетень. Национальный банк Казахстана т.б . Сонымен бірге, елдің әлументтік- экономикалық дамуы туралы Қазақстан халқының тұрмыс деңгейі,Қазақстан өңірлеріндегі халықтың экономикалық белсенділігі, Қазақстан Республикасындағы еңбек ақы сияқты әр жылға шығатын статистикалық жинақтар құнды материялдар береді.
Зерттеу орны: Жұмыс кіріспеден, негізгі екі тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер мен сілтемелер тізімінен тұрады. Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, мәселенің зерттелу деңгейі, деректік материалдар көзі, жұмыстың мақсаты мен міндеттері, хронологиялық шегі, методологиялық негізі айқындалған.
Тәуелсіз Қазақстанда жүргізілген экономикалық реформалар және олардың елдің экономикалық дамуына әсері -деп аталатын бірінші тарауында Қазақстан Республикасындағы макроэкономикалық реформалар процессі эволюциясының ел экономикасына ықпалы, көрсетілген уақыт аралығындағы республика өнеркәсібінің дамуы мен ауыл шаруашылығындағы ахуал зеріттеледі. Курстық жұмыстың екінші тарауында Егемеді Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғанннан кейінгі он жылдығында әлеументтік дамуында туындаған мәселелер мен олардың шешілуі, әлументтік салада жүргізілген саясат пен олардың нәтежиелері баяндалады. Қорытындысында, он жыл көлемінде республика үкіметінің жүзеге асырған әлеументтік-экономикалық іс-шараларының нәтежиелеріне тұжырым жасалады
І . тарау. Қазақстан Республикасының 1991.2001 жылдардағы экономикалық саясатты қалыптастырудағы қиыншылықтар мен қайшылықтар.
1.1. Қазақстан Республикасындағы нарықтық қатынастардың дамуының негізгі кезеңдері және оны қалыптастырудағы қиыншылықтар мен қайшылықтар.
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін нарықгық экономикаға көшу жолына түсті. Осы бағытта 1992 жылы қаңтарда мемлекеттік меншікті оның иелігінен алып жекешелендіруге кірісті.
Қазақстанда нарықтық экономикаға көшудің алғашқы кезде үш кезеңі белгіленді.
Нарықтақ экономиканың бірінші кезеңі шағын жекешелендіруден басталдық Алғашқы кезеңнің барысында 1991-1992 жылдары 5000-ға жуық нысандар жекешелендірілді, олардың катарында ұжымдық меншікке берілгендердің саны 470-тен астам болды.Екінші кезең "Қазақстан Республикасында мемлекет иелігінен алу мен мемлекеттік меншікті жекешелендірудің 1993-1995 жылдарға арналған ,Ұлттық бағдарламасы" негізінде жүргізілді. Бұл кезеңнің аса маңызды қадамы мемлекеттік меншікті басқару мен жекешелендірудің біртұтас жүйесі болды. Сол кезде шағын және орта бизнесті дамытуға белгі береді. Көтерме сауда буынын қоса алғанда бүрынғы кеңеетік сауда жүйесін өзгерту басталды, Қызмет көрсету саласында бәсекелестік орта пайда болды. Үшінші кезең 1995 жылғы желтоқсанда заң күші бар "Жекешелендіру туралы" жарлықтан басталып, 1999 жылға дейін жалғасты. Осы сәттен бастап ол тек ақша қаражатында жүзеге асырылды.
Нарықтық экономикаға көшу мәселелерімен айналысатын жаңа мемлекеттік басқару органдары құрылды. Олар: Мүлік жөніндегі, Монополияға қарсы саясат жөніндегі комитеттер, Салық инспекциясы, Кеден және т.б. Сондай-ақ нарықты экономикаға тән инфрақұрылымның кейбір түрлері биржалар, коммерциялық банктер, сауда үйлері, жеке меншіктік кәсіпорындар мен шаруашылықтар, жеке меншік пен мемлекет меншігі аралас ірі корпорациялар, акционерлік қоғамдар, холдингтік компаниялар өмірге келді.
Алайда, нарықтық экономикаға көшуде бірсыпыра қателіктерге жол берілді. Біріншіден, реформаны бастауда мемлекеттің мақсаты да, мүдделері де, әдіс-тәсілдері де толық анықталмады. Екіншіден, барлық елдерге бірдей сай келетін экономикалық реформаның моделі болмайды. Әр елдің өзіне тән, оның ұлттық бітіміне, тарихына, дәстүріне, нақтылы саяси, әлеуметтік, экономикалық қалыптасқан жағдайына сәйкес өз моделі, өз жолы болу керек. Оны әлемдік тәжірибе де көрсеткен. "Жапондық", "Немістік" тағы басқадай әр елдің өз даму жолы болғаны белгілі. Қазақстан көп елде жақсы нәтиже бермеген, Халықаралық Валюталық Қоры ұсынған "есеңгіретіп емдеу" деп аталатын жолына түсті, Ресейдің соңынан ерді.Үшіншіден, экономикалық реформа бірінен кейін бірі және өзіндік ретімен жасалуы арқылы жүзеге асуға тиіс. Ал Қазақстанда кажетті заң жүйесі жасалып бітпей, жеке меншікке негізделген кәсіпорындардың үлесі өсіп, бәсеке ортасы калыптаспай тұрып, ең әуелі бағаны ырықтандырудан бастау қате болды, өйткені бағаны ырықтандыру үкімет тарапынан мезгіл-мезгіл оны өсіріп отыру болып шықты (инфляция).Төртіншіден, қабылданған заңдар көп жағдайда жүзеге аспай калды, себебі ол заңдардың жүзеге асатын механизмдері жасалмады. Бесіншіден, Ұлттық банк ақша жүйесін, ақша айналымын, оның ішкі және сыртқы қозғалысын катаң бақылауға алудың орнына, ақша-несие ресурстарын бей-берекет жұмсап, аса жоғары процентпен сатып, пайда табумен әуестенді. Алтыншыдан, қылмыс, жемқорлық, заңды бұзушылық көбейді. Оған жаппай тәртіпсіздік, жауапкерсіздік қосылды. Міне, бұлар реформаны жүргізуде, экономиканы дамытуда өздерінің зиянын тигізді. Жетіншіден, мемлекет басшылары экономикалық дағдарыс кезінде өмір сүріп, жұмыс істеп көрмегендіктен, одан шығу жолдарын білмеді. Экономикалық дағдарысты дұрыстап бағалай алмады. Елді дағдарыстан тез арада шығару саясаты жүргізілді, бірақ ол ешқандай нәтиже бермеді.
Сондықтан мемлекет дағдарыстан шығудың жолдарын қарастыра бастады. Оның ең бастысы -- бағаны ырықтандыруды белгілі бір жүйеге келтіру еді. Қазақстанда ырықтандыру 1992 ж. мұнайдың, мұнайдан шығатын өнімдердің, басқа да энергия көздерінің бағасы әлемдік бағаға дейін жоғарылату керек деген ұранмен жүргізілді. Осының нәтижесінде әр кәсіпкер, әр кәсіпорын ең жоғарғы таза пайда алғысы келді. Сөйтіп баға шарықтап өсті, елдің экономикасы бағаның шарықтап өсу кесірінен төмен түсіп кетті
Өзінің бүкіл кемшіліктеріне қарамастан іс жүзінде аяқталған жекешелендіру процесі нақты бәсекелестік үшін базалық жағдайларды құруға жеткізді. Қазіргі кезде республика өнеркәсіп өнімінің 85 процентке жуық көлемі жекеменшік секторда өндіріледі.
Нарықтық реформаға көшудегі жіберілген тағы бір қате -- ол үкімет басшыларының елдің экономист ғалымдарына сенбеуі.Олардың білетіні Батыстың дамыған, қалыптасқан нарықтық экономикасы еді. Оған қоса ТМД елдерінде экономикалық дағдарыс капиталистік қоғамға тән классикалық артық өндіру дағдарысы емес, жетіспеушілік дағдарысы болатын. Екіншіден, ол елдерде ертеден тауар өндірісі, тауарлық қатынастар толық қалыптасқан. Ал бізде бұлар болған жоқ. Үшіншідең, ТМД елдерінде социалистік экономикадан нарықтық экономикаға көшу тез қарқын алды. Сондықтан шетел экономистерінің кеңесі тиісті нәтижесін бермей, аяқсыз қалды.
Қазақстан үкіметі осыдан кейін 1996-1998 жылдарға арналған жаңа бағдарлама кабылдады. Онда реформаның ең күрделі деген мәселелерін шешу маңызды орын алды. Алайда, бағдарламада көзделген жекешелендіруді аяқтау, бірыңғай холдингтік, шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау, ауыл шаруашылығында қосымша 30 мыңға жуық шаруа қожалықтары мен фермерлік шаруашылықтарды құру айтарлықтай нәтижелер берген жоқ.
Қоғам айқын мақсаттар мен оларға қол жеткізу жолдары баяндалған стратегиялық бағдарламалық құжатқа мұқтаж болатын. Олар "Қазақстан - 2030" ел дамуының Стратегиясында тұжырымдалды.
1997 жылдың қазан айында Елбасы Н.Ә.Назарбаев республика халқына "Қазақстан -- 2030" деген атпен жолдау қабылдап, онда еліміздегі дағдарыстан шығудың және жүріп жатқан реформаларды аяқтаудың, сондай-ақ алдыңғы қатарлы мемлекеттердің қатарына қосылудың, немесе "Қазақстан барысын" қалыптастырудың жаңа бағдарламасын ұсынды. Бағдарламада еліміздің саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуының жақын арадағы және стратегиялық ұзақ мерзімдегі даму жолдары мен мүмкіндіктері жан-жақты көрсетілді Онда елдің ішкі және сыртқы саясатындағы мүмкіндіктерді барынша пайдалана отырып, мемлекеттің дамуындағы ұзақ мерзімді жеті басымдықты іске асыру көзделген.
Олар: 1) ұлттық қауіпсіздікті сақтау; 2) ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуын нығайту; 3) нарықтық қатынастар негізінде экономикалық өсу; 4) Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқатын көтеру; 5) энергетика ресурстарын жете пайдалану; 6) инфрақұрылым, көлік және байланысты дамыту: 7) демократиялық кәсіби мемлекетті құру. Тек осы аса маңызды шараларды іске асырғанда ғана Қазақстан халқының өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы мүмкін екендігіне сенім білдірілді.
"Қазақстан -- 2030" бағдарламасының талаптарына орай соңғы жылдары еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін нығайту, әлемдік стандарттарға сай түзілген заңнамалық-құқықтық базаны жетілдіру жөнінде орасан зор жұмыстар жүргізілді. Атап айтқанда, биліктің, сот және қүқық қорғау органдарын қоса алғанда, оның барлық тармақтарының құрылымы мен қызметінің қағидаттары едәуір жетілдірілді. Сондай-ақ демократия мен азаматтық қоғам институттары даму жолына түсті.
Көптеген экономикалық процестердің нақты қатысушысы жеке меншік иесі болып отыр. Оның мүмкін болатын барлық әлеуметтік формалар мен нарықтық қатынас салаларына кеңінен қатысуы айрықша нарықтық мінез-құлық қалыптастырды. Әсіресе шағын кәсіпкерліктің дамуын атап көрсетуге тұрарлық.
"Казақстан -- 2030" бағдарламасын жүзеге асыру барысында тәуелсіз еліміздің басты табыстары мен жетістіктері мемлекеттің қауіпсіздігін нығайту және экономикалық өрлеу болды. Бұл барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуіне, әл-ауқатының артуына кең өріс ашты.
Сонымен, қорыта келгенде, жер жүзіндегі қазіргі 182 елдің 15 мемлекеті нарықгың қарқынды даму жолын игерген, 156 ел -- нарықтық даму жолына түскен (соның бірі - Казақстан), тек 11 ел ғана - нарықтық қатынасқа әлі кірмеген. Әлемдік экономиканың заңдары мен талаптарына сай біз де елімізде нарықтық (кәсіпкерлік) қоғам құрып жатырмыз. Экономикалық, өндірістік қатынастар жүйесін түбегейлі өзгерту жөніндегі реформаның ең маңызды кезеңінің басты міндеттері шешілді. Экономиканы түпкілікті реформалауға бағыт ұстап, біз қысқа мерзімнің ішінде нарықгық реформаларды жүргізе білдік, тиісті заңнамамызды жасауға қол жеткіздік. Біз ойдағыдай жұмыс істеп жатқан нарық экономикасын құрдық. Бүгінгі таңда Қазақстанда нақтылы жұмыс істеп тұрған нарықтық экономика бар.

1.2. Экономикалық реформалар және олардың нәтежиелері
Қазақстан Республикасында экономикалық реформалар КСРО - дағы экономиканы либералды реформалау шеңберінде ХХ ғ. 80- ші жылдарының соңында (1988 ж) басталды. Алайда олар КСРО - ның құлауына байланысты 1991 жылы үзіліп қалды.
Менің ойымша, шаруашылық қызметтерін либералдандыру, еңбек ұжымдарына жалға беру арқылы кәсіпорындарды мемлекетсіздендіру, басқару жүйесін және жалпы одақтық бағдарлама шеңберінде материалдық - техникалық жағынан қамтамасыз етуді орталықтандыру сол кезеңнің өзінде республикаралық шаруашылық байланыстарды бұзуды, КСРО халықшаруашылығының коперативтік салаларындағы әр түрлі өндірістік технологиялық байланыстар арасындағы келісімдік - құқықтық қатынастарды бұзды.
Жалпы одақтық реформалар өндірістің құлдырауына, өндірістік - техникалық мақсаттағы өнімдер мен тұтыну тауарларының дефецитінің ушығуына, инфляцияның өсуіне және ақша - кредиттік жүйенің дағдарысына алып келді де, бұл жағдай барлық одақтас республикалардың, оның ішінде Қазақстанның да эконмикасында көрініс тапты.
КСРО мемлекеттік ститистикалық комитетінің мәліметіне қарағанда, 1990 жыл 1989 жылмен салыстырғанда бүкіл ел бойынша жалпы қоғамдық табыс екі пайызды (ұлттық табыс 3,6 пайызды) өнеркәсіптік өндіріс - 1,1 пайыз, ауылшаруашылық өнімі - 2,8 пайыз (44,40-б.) төмендеген. Қазақстанда да жағдай сондай болды, оның ішінде ұлттық табыс 1990 жылы 1989 жылмен салыстырғанда 0,9 пайызға кеміді.
1991 жылы Қазақстан экономикасы КСРО - ның экономикасымен үйлесімді дамыды, яғни құлдырау жалғаса түсті.
Егеменді Қазақстан Республикасындағы эконмикалық қайта - құрулар 1992 жылдан басталды. Олар кезең - кезеңімен жүргізілді.
Реформалардың алғашқы кезеңі - 1992-1993 жж қамтыды, яғни Қазақстанның тәуелсіздігі жарияланған уаықттан бастап өз валютасын енгізгенге дейінгі аралықта. Осы жылдардағы елдің экономикасы Ресей федерациясындағы экономикалық және саяси өзгерістерге толық тәуелді болды. Реформалар өзінің жартылайлығымен, шешімдер мен әрекеттердің қарама - қайшылылығымен, ақша - кредиттік және бюджеттік саясаттың жүйесіздімен сипатталынды.
Бұл кезеңдегі Қазақстанның экономикалық дамуының өзгешілігі 1990 - 1991 жж құрылымдық дағдарыстан жүйелі әлеуметтік - экономикалық дағдарысқа өтуінен болып табылады. Осы жағдайды бірқатар авторлар тарнформациялық деп әділ атаған еді. Ол өзінің бұрын соңды болмаған дәрежедегі тереңдігімен және қамту көлемінің кеңдігімен ерекшеленді.
Энерготасымалдаушылардың бағасы нақты белгіленіп қойылған уаықтта, 1992 жылдың қаңтарында басталған бағаларды либеризациялау процессі 1994 жылдың соңына дейін созылды да, бұл жағдай эконмиканың барлық салаларында, әсіресе сыртқы экономикалық қатынастарда реформаларды жүзеге асыруға кедергі болды.
Бағаның еркін қалыптасуына мүмкіндік бермей сыртқы сауданы либерализациялау республикадан сыртқа аса маңызды шикізат түрлерін, көбіне республикалық тұтынуға зиянын тигізе отырып, шығаруына жағдай жасады. Себебі әлемдік бағалар ішкі белгіленген бағадан 2-3 есеге жоғары еді. Нәтижесінде барлық бұрынғы мемлекеттік - серіктер Қазақстандық стратегиялық тауарлардың жолына ішкі барьерлер (квоталар, лицензиялар, кедендік тарифтер) қоя бастады. Оған қарамастан шетке ондай тауарларды шығару өсе берді, ал валюталық түсімдер шетелдік банклерде қалып қойды.
Қазақстанда, экспорттық шектеу көбіне тарифтік емес сипатта жүрді. Елдің сыртқы сауда саясатында іс жүзінде импорттық пошлиналар болмады. Орталықтық - экспорттық жүйеден рынокқа өту кезеңінде экспорттық - импорттық және төлемдік операцияларды дұрыс бақылау жалға қойылмай отырған уақытта, аса қажетті іс - шара болып табылатын - лицензиялау және квоталау жүйелі қолданылды.
Бұл кезеңде сыртқы сауда операциялары гиперинфляция және республикаралық қамысздандыру саласы бойынша есеп айрылысу жүйесі жұмыс істемей тұрған уақыт жағдайында жүргізілді. Бартерлік операциялар кеңінен қолданылды, мұнда көбіне олар эквиваленттік емес айырбас сипатында болды.
Басқа түрлі өнімдердің (қызмет) бағасы еркін болып тұрған және рубльдің бағасы үнемі төмендеп отырған жағдайға энерготасымалдаушылардың бағасын либериалдандыру мәселесінің шешілмеуі, электр энегергиясын, мұнайды өндіретін және өңдейтін кәсіпорындардың рентабельділігін қамтамасыз ету мақсатында осы өнімдердің бағасын үнемі өсіріп отыру қажеттілігін туындатты. Бұл өз кезеңінде тұтынушылардың өз тауарлары мен қызмет түрлерінің бағаларын көтеруге алып келді.
Ең соңында, энерготасымалдаушылардың баға өсімінің, жаңа шыңы туындады да, ол спираль тәрізді баға реакциясын соңынан ертті. Мұнда бағаларды теңестіру процессі үздіксіз жүрді де, ол Қазақстан экономикасын бұрын болып көрмеген инфляция қарқынына душар етті. Бұл жағдайды төмендегі кестеден байқау қиын емес.
Қазақстанда сапалы экономикалық қайта құрулардың жаңа кезеңі 1993 жылы қарашада ұлттық валюта - теңгенің енгізілуімен, жүйелі қайта құрулар және тұрақты кредиттер бағдарламасы шеңберінде халықаралық қаржы ұйымдарының кең көлемде көмегін тартумен басталды.
Бұл кезең өзіндік макроэкономикалық саясаттың жүргізілуімен, салық салу, бюджеттік және банктық жүйелерде, сыртқы экономикалық әрекеттестікте, оның ішінде шетел капиталын және кедендік істерді тартуда нормативтік құқықтық база құрумен, рыноктарды және нарықтық инфрақұрылымдарды дамытумен сипатталады.
Алайда, 1994 жылдың орта тұсына дейін Қазақстан үкіметі қабылдаған бағытты іске асыруда орынсыздық және шегіністік көрсетті. Бірінші кезекте бұл бүкіл 1994 жыл бойына созылған бағаларды либералдандыру процессіне қатысты болды.
Әрі қарай либералдандыру және сыртқы экономикалық байланыстардағы сапалылықты өсіру мақсатында Қазақстан Үкіметі мынадай шешім қабылдады:
* 1994 жылдың басында либералдандыруға ұсынылған тауарлар тізімі маңызды түрде қысқартылды;
* экспорттық квота 1993 жылы белгіленген 25 атаудан 1994 жылы 7 атауға дейін төмендетілді (27,49-б.). Квоталар шикізаттарға ғана сақталды.
* Экспорттық және импорттық пошлиналар мөлшері төмендетілді, осы салықтар салынатын тауарлар түрі қысқартылды, экспорттық салықтарды валюталық төлеу жойылды, бұл жағдай тауарлардың экспорты мен мипортына дем берді, олардың құрылымын жақсарта түсті;
* 1994 ж 1 қаңтарда аукциондық, валюталық рынокта сатылуға міндетті валюталық табыстың пайызы 50 пайызға дейін өсірілді (27,50-б.) және барлық экспорттық түсімдердің республикаға қайтарылу тәртібі енгізілді де бұл жағдай капиталдың кемуін қысқартты.
Алайда, менің ойымша, 1992-1994 жж үкіметтің сыртқы экономикалық қатынасына қатысты қабылданған шешімдері, көбіне қарама - қайшылықты және жеткілікті дәрежеде сапалы болмады. Оның салдарынан өнімдердің экспортына мемлекеттік компаниялардың монополиясы түрінде сыртқы саудаға мемлекеттің тікелей қатысуы маңызды болып қала берді; жеке кәсіпорындарға кедендік және салықтық жеңілдіктердің берілуі сыртқы экономикалық байланысқа (СЭБ) қатысушыларды тең емес жағдайға дұшар етті; экспортты лицензиялау және квоталау түрінде реттеу ұлттық валютаның іс жүзіндегі айырбас бағамын айқындауға ммүкіндік бермеді, ТМД елдерімен саудадағы көптеген мәселелердің реттелмеуі сауда байланыстарының тарылуына, бартерлік операциялардың кеңейюіне (1994 жылы 30 пайыз экспорттық және 14,2 пайыз импорттық заттар тікелей тауар айырбасы тәртібінде жүзеге асырылды) алып келді.
1994 жылы шілдеде кезекті антидағыдарыстық бағдарлама қабылданды, оның басты мақсаты 1995 жылдың соңына қарай макроэкономикалық тұрақтандыру және жүйелі институтционалдық қайта құрулар жасау болып табылды. Аталмыш бағдарламаны жүзеге асыру бұрынғыға қарағанда дәйектірек және мақсаттырақ жүргізілді (әсіресе ақша - кредиттік және бюджеттік саясатты қатал жүргізуге байланысты).

1.3. Өнеркәсіп дамуының Қазақстан Республикадағы ақуалы 1991.2001
Қазақстан бұрынғы КСРО-дағы басқа республикаларға қарағанда нарық қатынастарын бұрын бастап кетті. Алайда нарықтық экономикаға көшу өнеркәсіптің одан әрі дамуына жол ашпады.Қайта өнеркәсіп салалары, әсіресе,ауыр индустрия, халыққа аса қажетті жеңіл өнеркәсіп орындары біртіндеп тоқтай бастады. Кәсіпорындардың көпшілігі бірқатар себептермен, қажетті материалдық ресурстардың жоқтығынан немесе тұрақсыз қаржы жағдайына байланысты өз қуаттарын толық пайдалана алмады. Күрделі құрылыстың қысқаруы экономикаға кері әсерін тигізді. Инвестициялық процестің төмендеуі қоғамдық өндірістің тоқырауына соқтырды. Экономиканың тұрақтануына қаржы- ақша жүйесінің терең дағдарысы кесірін тигізді. Мемлекеттікбюджеттің тапшылығы - бір жағынан, кәсіпорындар мен мекемелер қорының өсуі, халықтың бар ақшасын шұлық ішінде немесе банкте жинақтауы - екінші жағынан, инфляцияны одан әрі жоғарылатты. Егер 1991 жылы өнеркәсіпте көтерме бағалар үш есе өскен болса, 1992 жылы 24,7 есе артты.[29,15-б.]Өнеркәсіп орындарының жартысы 1991 жылғы деңгеймен салыстырғанда өндірістің құлдырауына жол берді. Халық тұтынатын тауарлар өндіретін салаларда алаңдатарлық жағдай қалыптасты. Оны өндіру көлемі өнеркәсіп өндірісінің бүкіл көлемінің бестен бір бөлігін ғана құрады, сөйтіп 1991 жылмен салыстырғанда 21,5 пайызға кеміді. Осы уақыт ішінде, әсіресе, Жамбыл, Маңғыстау,Солтүстік Қазақстан және Семей облыстарының кәсіпорындары едәуір құлдырады. Республика бойынша мұнай мен көмір өндіру қысқарды, электр қуатын өндіру мен тұтыну арасындағы алшақтық өсті. Жыл бойында металлургия өнеркәсібіндегі жағдай күрделі қалыпында қалды: шойын, болат, прокат құю азайды. Түсті металдар - магний, тазартылған мыс, қорғасын, титан, цинк өндірісі қысқарды. Металлургия және химия саласындағы өнеркәсіп жұмыстарының нашарлауымен байланысты құрылыс және ауыл шаруашылығы техникаларын шығару едәуір кеміді. Тракторлар, экскаваторлар және бульдозерлер шығару екі есе, металл кесетін станоктар - үштің біріндей қысқарды. Орман, ағаш өңдеу және целлюлоза - қағаз өнеркәсібінің кәсіпорындары өз жұмыстарын айтарлықтай нашарлатты.
Күрделі құрылысты қаржыландыру көлемі 40 пайыздан астам қысқарды, нәтижесінде 1995 ж. мемлекеттік тапсырыс бойынша іске қосылуға тиісті 325 өндірістік қуаттар мен обьектілердің тек екеуі ғана іске қосылды.
Өнеркәсіптің құлдырауы 1993 және 1994 жылдары да тоқтамады. 1993 жылы 1990 жылмен салыстырғанда өнеркәсіп өнімі 16,1 пайызға азайды. Оның ішінде электр қуатын өндіру 13 пайызға, мұнай өндіру 9 пайызға, көмір өндіру 17 пайызға төмендеді. Ал 1994 жылы республикада тұтастай тауарлар 41 пайызға кеміді. Денемен, 1995 жылы республикада тұтастай алғанда, өнеркәсіп өнімнің төмендегеніне қарамастан, оның жекелеген эсалаларында 1994 жылмен салыстырғанда: газ өнеркәсібінде - 29,3 пайыз, қара металлургия - 17,4 пайыз, химия және мұнай өнеркәсібінде - 3,4, түсті металлургия өнеркәсібінде - 1,9 пайыз өсім байқалды. [29,22-б.] Бірақ инвестициялық мақсаттағы өнімдер және тұтыну тауарларын шығаруға бағытталған салаларда өндірістің едәуір құлдырауына жол берілді. Өнім өндіру жеңіл өнеркәсіпте 59,8 пайызға, орман, ағаш өңдеу және целлюлоза - қағаз өнеркәсібінде - 45, тамақ өнеркәсібінде - 20,7 пайызға артта қалды. 1995 ж. республика бойынша түгелдей алғанда кәсіпорындардың 44 пайызы (4743 тің 2088 - і) 1994 жылғы өндіріс көлемінің деңгейіне жете алмады. Өндіріс көлемін төмендеткен кәсіпорындардың басым көпшілігі Торғай, Талдықорған, Алматы, Атырау, Көкшетау және Қарағанды облыстарының үлесіне тиді. [50,315-б.]Соның нәтижесінде Қазақстан кәсіпорындары 166,5 млрд. Теңгенің өнімдерін кем берді. Бұл республикада шығарылған өнеркәсіп өнімдерінің 26 пайызын құрады. Бір ескеріп айтатын жайт 1995 жылы 1994 жылмен салыстырғанда электр қауатын, газ конденсатын, табиғи газ, темір және хром рудасын өндіру ұлғайды. Солай бола тұра жылу эенргиясын, мұнай, мырыш өндіру төмендеді.
1996 жылы республикадағы кәсіпорындарды реформалау және жеке жобалар бойынша ірі обьектілерді жекешелендіру жөніндегі жұмыс қарқын алды. Жетекші ірі кәсіпорындар өнімдерінің бағасы мен тарифтеріне бақылау жасау, сондай - ақ , оларды шағындау және бәсекелестік орта құру жөнінде салиқалы саясат жүргізілді. Бірақ осыған қарамастан 1996 жылы өндірістің құлдырауы тоқтамады. Өндірістің құлдырауы энергетика кәсіпорындарында 8,9 пайыз, қара металлургияда - 17,8, машина жасауда - 9,9, химия және мұнай - химия өнеркәсібінде - 27,2, құрылыс материалдары өнеркәсібінде - 31,8, ұн тарту- жарма және құрама жем өнеркәсібінде - 9,5 пайыз болды. [19,22-б.] Дегенмен 1996 жылдың соңыеа қарай өнеркәсіптің құлдырауы кейбір салаларда тоқтап, аздап өскендігі байқалды. Мәселен, осы жылы 1995 жылмен салыстырғанда мұнай өндіру - 16,1, түсті металл өндірісі - 2,7 пайызға өсті. Инфляция мөлшері де ауыздықтала бастады. 1992 жылғы теңге енгізудің қарсаңында ол 3060 пайызға жетсе, 1996 жылы 28,7 пайызға дейін, 2000 жылы 9,8, 2001 жылы - 6,4, ал 2002 жылы - 5,9 пайыз төмендеді.
Өндірістің құлдырауының басты себебі - Одақ бойынша бұрынғы қалыптасқан шаруашылық қатынастардың үзілуі. Өнеркәсіптің екінші бір кері кетуі - өз жеріміздегі өндіріс кәсіпорындарының бір - бірімен байланысын, кірігуін, тұтасуын дұрыстап ұйымдастырып, дайын өнім өндіруге бағытталған нақтылы істің болмауы. өнеркәсіптің артта қалуының тағы бір себебі - оның шикізат өндіруге бейімделген сыңаржақтылығында, дайын тауар өндіретін, әсіресе, машина жасау салаларының жоқтығында болды. Одан басқа мемлекет экономиканы басқарудың тізгінін босатып алды, халық тұтынатын тауарларды шығаруды өз бетімен жіберді, өнеркәсіп саласындағы еңбек өнімділігінің көрсеткіші анықталып жарияланбады, еңбекке ақы төлеуде оның нәтижесі, өнімділігі, олардың арасындағы байланыс еске алынбады, бір сөзбен айтқанда, жалақы өз алдына, еңбек өнімділігі өз алдына жүрді. Мұндай жағдай экономикасы жақсы дамыған елдерде, нарықтық экономикада болмайтын құбылыс екені белгілі.
Қазақстан кәсіпорындарындағы негізгі қорлардың ХХғ. 90-шы жылдары тиісті дәрежеде жаңаланып отырмауы, олардың 50 пайызға дейін ескіріп кетуіне әкеп соқтырды. Кәсіпорындарды жөндеуге қыруар қаржы керек болса, республикада жоқ болып шықты. Экономиканы, еңбектің тиімділігін арттыруда еліміздің егемендігін, экономикалық тәуелсіздігін қамтамасыз етуде энергетиканы, мұнай, темір, көмір, түсті металл өндіретінірі кәсіпорындарды дамытудың маңызы зор екені белгілі. Бірақ осы бағытта тындырылған іс мардымсыз болды. Елдегі өнеркәсіп саласының құлдырап кетуінің тағы бір себебі, әсіресе, мемлекеттік кәсіпорындарда қатаң тәртіптің жоқтығы еді.
Жоғарыдағы айтылған қиындықтар мен кемшіліктерді жою үшін 1999 жылдан бастап Қазақстан үкіметі елдің өнеркәсібін жандандыруда бірсыпыра шараларды іске асыруға күш салды. Жеңіл өнеркәсіпті дамыту бағдарламасы жасалып, химия өнеркәсібі мен машина жасау саласын дамыту бағдарламасы тиянақталды. Соның нәтижесінде 1999 жылы мұнай - газ өндіру, металлургия,, химия, полиграфия және тоқыма - тігін өнеркәсіптерінде өнімнің өсуіне қол жеткізілді. Жыл соңында жалпы өнім өндіру 1 пайызға, ал өндіріс көлемін арттыру 1,8 пайызға өсті. Елдің алтын қоры 2 млрд.долларға жетті. 2000 - шы жылы Үкімет Алматы облысындағы Текелі сілті, Степногорск подшипник, Оралдағы Зенит зауыттарына, Павлодардағы трактор зауыты мен Асыл ағаш жићаз фабрикасына жеке - жеке бағдарламалар бекітіп, оларды тез арада сауықтыру ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы құс шаруашылығы мәселелері
Сальмонеллез ауруының сипаттамасы және таралуы
Қазақстанда жүргізілген макроэкономикалық реформалар және олардың елдің экономикалық дамуына әсері
1991 – 2001 жылдардағы Қазақстан Республикасының әлеуметтік - экономикалық дамуы туралы ақпарат
Мектепте тарихты оқыту әдістемесі пәні
Сойып ашу хаттамасы. Хаттаманың кіріспе бөлімі
Мектепте тарихты оқытудың әдістемесі – педагогикалық пән
Тарихты оқыту әдістемесі пәні, оның мақсаты мен міндеттері
Клиникалық белгілері және патогенезі
Мекен ЖШС-нің ұйымдастырушылық құрылымын талдау
Пәндер