Азаматтық істерді сотта қараудың бөліктері


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Курстық жұмыс

Н ТарМУ 11/1-1. 55-2019

1 баспа 05. 05. 2019

https://lh4.googleusercontent.com/aHQujw2I49Kq4HYRtK89YQ8qE7WRZCKY_9k-Tk9GiAHVrtuAb9VBeOJlW7qmgRuZXlB6paJmqQT4FpsJo_lLtweSPCx8j7E2Gz-xqyHYsFP0O_hgMAwevWGziMwnCrU_5rcDGa4

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М. Х. ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

факультеті

Азаматтық құқық және процесс кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Азаматтық процестік құқық пәні бойынша

Тақырыбы:

Азаматтық істерді сотта қарау: түсінігі, маңызы

Білімгер Ахметова Аяна Тобы6В04213___

/аты-жөні/ /қолы/

Жетекші Тұрғынбек Гүлнүр Рапилбековна

/қызметі/ /аты-жөні/

Қорғауға жіберілді «»20ж.

/қолы/

Жұмыс қорғалды «»20__ж. бағасы

/жазбаша/

Комиссия мүшелері:

/аты-жөні/ /қолы/

/аты-жөні/ /қолы/

Тараз 2020

Мазмұны:

Кіріспе

І. Істі сотта қараудың ұғымы мен маңызы

1. 1 Сот отырысы істерді қараудың нысаны ретінде

1. 2 Азаматтық істерді сотта қараудың бөліктері

ІІ. Азаматтық істерді кейінге қалдыру және іс жүргізуді тоқтата тұру

1. 3 Азаматтық істі қарауды кейінге қалдыру

1. 4 Азаматтық іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Азаматтық іс жүргізу құқығы - азаматтық істерді сотта қараудың шешудің тәртібін, сондай-ақ соттардың және басқа да кейбір органдардың қаулыларын орындау тәртібін реттейтін құқық саласы. Оның нормалары соттың, сот атқарушының және процестің барлық қатысушысының қызметін реттейді; сондай-ақ олардың құқылары мен міндеттерін анықтай отырып, сот мәжілісін жүргізудің тәртібін белгілейді.

Азаматтық істерді сотта іс қарау бойынша жарияланған еңбектердің соның ішінде ғылыми сипаттағы және тәжірибелік бағыттағы монографиялық зерттеулердің маңызды саны бар. Процессуалист-ғалымдардың және тәжірибеші - соттардың бірінші сатыдағы сотта істерді қарау проблемасына көп көңіл бөлуі түсінікті болып табылады. Процессуалист-ғалымдар сотта іс қараудың маңыздылығын белгілей келе, сот отырысында істерді қарау кезінде сот ісін жүргізудің міндеттері мен мақсаттарын басшылыққа алады. Азаматтық істі қарау кезінде сот: азаматтардың, мемлекеттің және ұйымдардың бұзылған немесе даулы құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау, тараптардың құқықтары мен міндеттерін бар немесе жоқтығын немесе заңи маңызы бар фактіні орнату жолымен істі мәні бойынша шешу; тараптардың құқықтары мен міндеттерінде анықталғандықты орнату жолымен тараптар арасында құқық туралы дауды жою; құқықты бұзуды немесе бұзу қаупін жою жолымен заңдылықты нығайту; азаматтық, еңбек, тұрғын үй, жер, қаржы және материалдық құқықтың өзге салаларының нормаларын бұзудын алдын алады. Сот қарауында сот төрелігі тікелей іске асырылады. Азаматтық істерді қарау кезінде сотпен атқаратын міндеттер және осы институт нормаларымен реттейтін қатынастардың маңыздылығы сотта іс қарау институты азаматтық іс жүргізу құқығы саласының орталық институты болып табылады. Дегенмен, ғылыми іс жүргізу әдебиетінде жалпы қабылданған азаматтық істерді сотта қарау ұғымы, оның шегі және сот отырысымен арақатынасы жоқ.

І. Істі сотта қараудың ұғымы мен маңызы

1. 1 Сот отырысы істерді қараудың нысаны ретінде

Азаматтық іс жүргізудің негізгі бастауларының бірі - адамның құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сотта қорғау қағидасына сай әрбір адам бұзылған немесе даулы конституциялық құқықтарын, бостандықтарын немесе заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін ҚР азаматтық іс жүргізу занамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

Соттар азаматтық, отбасылық, еңбек, тұрғын үй, әкімшілік, қаржы, шаруашылық, жер құқықтық қатынастарынан, табиғи ресурстарды пайдалану және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қатынастар мен басқа да құқықтық қатынастардан, оның ішінде бір тараптың екінші тарапты билікпен бағындыруына негізделген қатынастардан туындайтын даулар бойынша талап қоюды қарайды.

И. М. Зайцев сотта іс қарауды екі жақты түсінуге болады деп есептеді. Біріншіден, сотта іс қарау деп бірінші сатыдағы сотпен азаматтық істі қарау мен шешу мақсаты болып табылатын азаматтық процестің бөлігі . Екіншіден, сотта іс қарауды азаматтық сот ісін жүргізудің дербес іс жүргізушілік функция ретінде қарастыру керек. Мұндай түсінік сотта іс қарауда жасалатын іс-әрекеттерді олардың мақсаттық бағытына байланысты талдау жасаумен байланыстырады.

Сотта іс қарау функциясын іс жүргізушілік құқықтық қатынастардың ерекше құрамы мен қатысушылары, құқық қолданудың заңи түрі және іске асырылатын заңи құралдардың жүйесі ерекшелендіреді. Осы функция сот ісін жүргізуді қозғаумен басталады және шешім шығарумен аяқталады. Істі сотта қарауды іс жүргізушілік функция ретінде қарастыратын пікірмен келісу қиын. Себебі «істі сотта қарау» және «бірінші сатыдағы сотта іс жүргізу» ұғымдарын ұқсас ұғымдар ретінде қарастырады, ол әрине, қате болып табылады. Істі сотта қарауға берілген анықтама нақты айқындалмаған және жалпы болып табылады, бір бірінен басқа ұғымдардың: «іс жүргізушілік институттары» және «процестің сатыларының» араласуына әкеліп соқтырады. Осындай сипаттаманы азаматтық істі қозғау, сотта іс қарауға істі әзірлеу, сотта өкілдік ету, оған қоса процестің кез келген сатысы - бірінші, апелляциялық, қадағалау сатысында іс жүргізу, жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша сот актілерін қайта қарау, атқарушылық іс жүргізуге де беруге болады.

Азаматтық іс жүргізу құқығы ғылымының барлық өкілдері сотта істі қарау азаматтық процестің сатысы деген пікірімен келісе бермейді. Мысалы, М. С. Шакарян сот ісін жүргізудің сатысы ретінде өзіне істі қозғаудан шешімді немесе өзге қорытынды қаулы шығарғанға жасалатын іс жүргізушілік іс әрекеттердің жиынтығын қосатын бірінші сатыдағы сотта іс жүргізуді қарастыруға болатынын негіздеді. Процестің сатысын бөліп шығару іс жүргізушілік әрекеттердің мақсаты бойынша емес, оның аяқталу белгісі бойынша мүмкін. Осы пікір негізді сияқты болып табылады. Сондықтан сотта іс қарау азаматтық процестің дербес сатысы емес, бірінші сатыдағы сотта іс жүргізу сатысының бөлігі деген пікірмен келісуге болады.

Бірінші сатыдағы сотта іс жүргізу сатысының бөлігі ретінде сотта іс қарау бірінші сатыдағы соттың және азаматтық іске қатысушылардың істі мәні бойынша қарастыру мен шешуге бағытталған іс жүргізушілік әрекеттердің жиынтығы.

Бірінші сатыдағы істі сотта қарау сотпен істі сот қарауына тағайындау туралы ұйғарым шығарған күннен басталады және тиісті сот актісін шығарғанға дейін жалғасады.

Істі қарау бірінші сатыдағы сотпен ғана жүзеге асырылмайды. Апелляциялық сатыдағы сот заңмен орнатылған тәртіпте азаматтық істерді мәні бойынша қарастыру мен шешуге құқығы бар. З. Х. Баймолдина: «Апелляция институты бірінші сатыдағы соттың заңды күшіне еңбеген шешімдері мен ұйғарымдарының заңдылығы мен негізділігін тексеру, сондай-ақ істі мәні бойынша қайта қарау және шешуге байланысты апелляциялық соттың қызметін реттейтін азаматтық іс жүргізу нормаларының жиынтығы» деп жазады.

Сотта істі қарау - азаматтық сот өндірісінің мақсаты мен міндеттерін жүзеге асыратын азаматтық іс жүргізудің негізгі бөлімдері.

Азаматтық іс бойынша арызды қабылдау туралы мәселені судья жеке дара шешеді. Арыз сотқа түскеннен бастап бес күннің ішінде судья істі қозғау жөнінде ұйғарым шығарады.

Екі ұғымды нақты ажырату қажет деп есептеймін: істі қарау және істі қарастыру. Істі қарау деген істі кез келген қарау емес, істі мәні бойынша шешу үшін қарастыру. Бірінші және апелляциялық сатыдағы сот қана істің орнатылған мән-жайлары негізінде биліктік тәртіпте нақты субъектілердің тәртібі анықталатын шешім шығаруға құқылы.

Істі қарастыру оны барлық жағдайларда шешуге бағытталмайды. Істі қарастыру қадағалау сатысы соттарымен төменгі сатыдағы актілердің заңдылығы және негізділігін тексеру мақсатында жүзеге асырылады.

ҚР АПК-сі соттың қарауына жататын барлық азаматтық істерді төрт түрге бөледі:

1) бұйрық бойынша іс жүргізу істері;

2) талап қоюмен іс жүргізу істері;

3) ерекше талап қоюмен іс жүргізу істері;

4) ерекше іс жүргізу істері

Азаматтық істі қарау сот отырысында іске асады. Осыған сәйкес, «істі сотта қарау» мен «сот отырысы» ұғымдары бір-бірімен тығыз байланысты. Әдебиетте осы екі ұғым арасындағы арақатынас ғылыми пікірталастың пәні болып табылады. А. Ф. Клейман осы ұғымдар бір мағына береді деген қорытынды жасады: істі сот отырысында қарау немесе сот отырысында істі қарау. Брақ, осы сұрақ бойынша айтқан П. П. Гуреевтің пікірі негізді болып табылады: сот отырысы - азаматтық істерді сотта іс қараудың нысаны. Осы ойды дамыта отырып, И. М. Зайцев осы ұғымдар бір-бірінен елеулі түрде ажыратылатындығын айтып, оларды мазмұны (істі сотта қарау) және нысаны ( сот отырысы) ретінде салыстырылады. Оған қоса оларға нақты азаматтық істі қарау бір емес, бірнеше сот отырыстарында жүруі мүмкін екендігі көрсетіледі. Істі сотта қарау мен сот отырысы арасындағы осы айырмашылығына И. К. Пискаревте назар аударады. Бір уақытта ол мәні бойынша азаматтық іс қаралатын сот отырысының тәртібі, азаматтық процестің басқа сұрақтарын шешуге бағытталған сот отырысының тәртібі, азаматтық процестің басқа сұрақтарын шешуге бағытталған сот отырыстарының рәсімінен, мысалы, сот шешімінің кемшіліктерін түзету туралы арызды қарастыру, іс жүргізушілік мерзімдерді қалпына келтіру, жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша сот қаулыларын қарау туралы сот тапсырмасын орындау.

1. 2 Азаматтық істерді сотта қараудың бөліктері

Бірінші сатыдағы сотпен азаматтық істі қарау жүретін сот отырысын бөліктерге бөлу қабылданған. Сот отырысының әрбір бөлігінде жасалатын іс жүргізушілік әрекеттердің жиынтығының, өзінің бағытталуы бар және азаматтық істі қараумен байланысты нақты сұрақтарды шешуге бағытталады.

Бірінші сатыдағы сотта істі қарау төрт бөліктен тұрады:

  • дайындық бөлімі;
  • істі мәні бойынша қарастыру;
  • сот пікірталастары және басталған іске кіріскен прокурордың істің мәні бойынша жалпы қорытындысы;
  • шешімді шығару және жариялау.

Дайындық бөлімінде іс сотта қарауға әзірлеудің алдын ала қорытындысы және істі мәні бойынша шешудің кейінгі қызметін тиісті жүзеге асырудың қажетті жағдайлары жасалады. Тиісінше ғылыми әдебиетте көрсетілген азаматтық істерді сотта іс қараудың бірінші бөлігінің бағытталуы анықталады.

Арыз қабылдау және азаматтық іс қозғау жөніндегі іс жүргізу әрекеттері жасалғаннан кейін судья істі сот талқылауына дайындауды жүргізеді, оның нәтижелеріне дауды шешудің дұрыстығы мен уақтылығы байланысты болады.

Сот талқылауына дайындық әрбір іс бойынша, оның ішінде соттылығы бойынша басқа соттардан келіп түскен және апелляциялық және кассациялық сатылардағы соттар сот актісін жойғаннан кейін жаңа қарауға келіп түскен істер бойынша да жүргізіледі.

Жеке санаттар бойынша сот талқылауына істі дайындау оны қараудың қысқартылған мерзімдеріне байланысты, күндермен есептелетін, мысалы ерекше талап қою немесе ерекше іс жүргізуде қаралатын жеке істер бойынша сот жүргізбейді. Әрбір іс бойынша міндетті болатын азаматтық істі сот талқылауына дайындау міндеттері:

1) істі дұрыс шешу үшін маңызы бар мән-жайларды нақтылау;

2) тараптардың құқықтық қатынастарын және сот басшылыққа алуға тиіс заңды айқындау;

3) іске қатысатын адамдардың құрамы туралы мәселені шешу және оларға сот отырысының уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабарлау;

4) әрбір тараптың өз талаптарын немесе қарсылықтарын негіздеуі үшін ұсынылуға тиіс дәлелдемелерді айқындау;

5) тараптарды татуластыруға жәрдемдесу болып табылады.

В. В. Ярковтің пікірі бойынша, әзірлеу бөлімінің міндеті ретінде осы сот отырысында жағдайлар бар екендігін тексеру болып табылады. Осы аспектіде әзірлеу бөлімінің міндетін ол сот «осы сот отырысында істі мәні бойынша толық және дұрыс қарастыру мүмкіндігімен байланысты сұрақтарды анықтайды және шешеді» деп көрсетеді. Сотпен дайындық бөлігінде шешетін негізгі сұрақтарға келесі мүмкіндіктерді анықтау жатады:

- істі соттың осы құрамында қарастыру;

- істі бар дәлелдемелерде қарастыру және шешу;

- істі процесс қатысушыларының біреуі келмей қалған жағдайда қарастыру және шешу.

Сонымен қатар:

  • сот отырысын ашу;
  • іске қатысушылардың келуін тексеру;
  • аудармашыға оның міндеттерін түсіндіру;
  • сот отырысы залынан куәларды шығару;
  • соттың құрамын жариялау және қарсылық білдіру құқығын түсіндіру;
  • іске қатысушы тұлғаларға құқықтары мен міндеттерін түсіндіру;
  • сотпен іске қатысушы тұлғалардың өтінімдерін шешу;
  • іске қатысушы тұлғалардың және өкілдердің келмеуіне байланысты сұрақтарды шешу;
  • куәнің, сарапшының, маманның, аудармашының келмеуіне байланысты сұрақтарды шешу;
  • сарапшы мен маманға құқықтары мен міндеттерін түсіндіру.

Істі қарауға тағайындалған уақытта төрағалық етуші сот отырысын ашады және қандай азаматтық іс қарастырылуы тиіс екендігін жариялайды. Бұл сотта іс қарауды емес, сот отырысын бастайтын алғашқы іс жүргізушілік әрекет.

Істі мәні бойынша қарау төрағалық етушінің талап қоюшының өзінің талаптарын қолдайтынын не қолдамайтынын, талап қоюшының талаптарын жауапкердің мойындайтынын не мойындамайтынын және тараптардың істі татуласу келісімімен аяқтауды немесе істі төреліктің қарауына беруді не дауды (жанжалды) медиация тәртібімен не партисипативтік рәсім тәртібімен немесе заңда белгіленген басқа тәсілмен шешуді қалайтынын не қаламайтынын анықтауынан басталады

Істі мәні бойынша қарау бөлігі азаматтық істің мән-жайларын фактілерді бар немесе жоқтығын растайтын іс бойынша жинақталған дәлелдемелерді зерттеу жолымен анықтау міндетін қояды. Істі мәні бойынша қарастыру сотқа өткізілген сот зерттеуінің дәлелдемелері және орнатылған заңи фактілер және істің басқа мән-жайлары негізінде тараптардың құқықтары мен міндеттерін анықтауға мүмкіндік береді.

Істі мәні бойынша қарастырудың басқа міндеті ретінде құқық туралы дау субъектілерінің диспозитивті өкілеттіктерімен байланысты дауласушы субъектілердің ерік білдіруіне сәйкес процесті аяқтау мүмкіндігін анықтау болып табылады.

Төрағалық етуші талап қоюшының өз талаптарын қолдайтын-қолдамайтыны, жауапкер талап қоюшының талаптарын мойындайтын-мойындамайтыны және тараптардың істі бітімгершілік келісімімен аяқтауды немесе іс аралық сотқа қарауға беруді қалайтын-қаламайтыны туралы мәселелерді анықтауынан басталады.

Талап қоюшының талап қоюдан бас тартуы туралы арызы, жауапкердің талап қоюды мойындамауы немесе тараптардың бітімгершілік келісімінің шарттары сот отырысының хаттамасына енгізіледі және оларға тиісінше талап қоюшы, жауапкер немесе екі тарап та қол қояды. Өкім етуші әрекеттер туралы жазбаша арыздар іске тіркеледі, бұл туралы сот отырысының хаттамасында көрсетіледі.

Барлық дәлелдемелер қаралғаннан кейін судья іске қатысушы адамдар мен өкілдердің олардың іс материалдарын толықтыруға ниеттерінің бар-жоғын анықтайды. Мұндай мәлімдемелер болмаған жағдайда төрағалық етуші істі зерттеу аяқталды деп жариялап, сот соттағы жарыссөздерге көшеді.

Сот жарыссөздері сотта іс қараудың дербес бөлігі ретінде қарастырылады. Осы бөлікте дәлелдемелер мен істің мән-жайларын өткізілген зерттеудің қорытындысы жүргізіледі. Іске қатысушы тұлғалар істің қандай мән-жайлары және қандай длелдемелер негізінде орнатылды, қандай дәлелдемелер шындыққа сай, қандай мән-жайлар дәлелдемелермен расталмады, қандай заң қолданылу керек, даулы материалдық құқықтық қатынастың мазмұны қандай және істі қалай шешу керектігі туралы пікірлерін айтады.

Іс жүргізу заңнамасының нормаларына сәйкес сот жарыссөзі - азаматтық істі мәні бойынша қараудан кейінгі сот талқылауының дербес бөлігі. Сот жарыссөзі іске қатысушы адамдардың сөздерінен тұрады, онда дәлелдемелерді зерттеу қорытындылары және олардың негізінде белгіленген істің мән-жайлары (фактілер) келтіріледі. Дәлелдемелерді зерттеудің өзі жүргізілмейді.

Сот жарыссөздері іске қатысушы адамдар мен өкілдердің сөздерінен тұрады. Сот жарыссөздерінде адамдардың сөйлеу тәртібі заңмен қатаң реттелген.

Шешiм кеңесу бөлмесiнде шығарылады. Бұл бөлмеде өзге адамдардың болуына жол берiлмейдi. Жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, сондай-ақ жұмыс күнi iшiнде сот (судья) кеңесу бөлмесiнен шығып демалу үшiн үзiлiс жасауға құқылы.

Шешім іс талқыланғаннан кейін дереу шығарылады. Уәжді шешімді жасау кейінге қалдырылуы мүмкін, бірақ шешімнің қарар бөлігін сот істі талқылау аяқталған отырыста жария етуге тиіс. Шешімнің жария етілген қарар бөлігіне судья қол қоюға және ол іс материалдарына қоса тіркелуге тиіс.

Алдымен талап қоюшы және оның өкілі, ал содан соң - жауапкер мен оның өкілі сөз сөйлейді. Басталып кеткен процесте даудың нысанасы бойынша дербес талаптар қойған үшінші тұлға мен оның өкілі тараптар мен олардың өкілдерінен кейін сөз сөйлейді. Даудың нысанасы бойынша өз бетінше талаптар қоймаған үшінші тұлға мен оның өкілі талап қоюшыдан немесе үшінші тұлға іске өзі қатысатын жақтағы жауапкерден кейін сөз сөйлейді.

Прокурор, мемлекеттік органдардың және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, ұйымдардың өкілдері және басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін сотқа жүгінген азаматтар сот жарыссөздеріне соңынан сөз сөйлейді.

Жарыссөзге қатысушылардың барлығы сөз сөйлеп болған соң олар сөздерінде айтылғандарға байланысты екінші рет сөз сөйлей алады. Соңғы реплика құқығын үнемі жауапкер мен оның өкілі иеленеді. Іс бойынша тарап болып табылмайтын іске қатысушы прокурор жарыссөздерден кейін жалпы істің мәні бойынша қорытынды береді.

Сот отырысында азаматтық істі қараудың аяқтау бөлігі ретінде шешімді шығару және жариялау болып табылады. Сотта іс қараудың осы бөлігінде бірінші сатыдағы соттың барлық қызметіне қорытынды жүргізіледі. Ол сот отырысы залында барлық қатысушыларға жария етілуі тиіс сот актісімен ресімделеді. Ол - сот шешімі. Заңгерлер сот шешімін басты сот құжаттарының қатарына жатқызады.

Сот шешімі - істі мәні бойынша шешетін бірінші сатыдағы сот қаулысы. Соттар ешкімнің еркіне қарамастан тек ҚР Конституциясы мен заңдарына сәйкес өздеріне берілген билікті жүзеге асырады; заңмен белгіленген сот ісін қарауға процесс мүшелерінің барлығының да белсенді түрде қатысу мүмкіндігін қамтамасыз етеді; істің ақиқатын ашады және ол бойынша заңды және негізделген шешім шығарады.

Сонымен сот жарыссөздерінен кейін, сот шешім шығару үшін кеңесу бөлмесіне кетеді, төрағалық етуші, бұл туралы сот отырысы залында отырғандарға хабарлайды. Бұл бөлмеде өзге адамдардың болуына жол берілмейді.

ІІ. Азаматтық істерді кейінге қалдыру және іс жүргізуді тоқтата тұру

2. 1 Азаматтық істі қарауды кейінге қалдыру

Істі қарауды кейінге қалдыру - істі қарауды және оны мәні бойынша шешуді бекітілген жерде белгілі бір уақытта сотпен тағайындалған жаңа сот отырысына ауыстыру.

Істі қарауды кейінге қалдыру істі қарастыруға кедергілерді жою қажеттілігімен байланыстырылады. Сондықтан кейінге қалдыру, осы сот отырысында әртүрлі себептермен істі қарау мүмкін еместігінің іс жүргізушілік салдары.

Заңда істі қарауды кейінге қалдыру негздерінің нақты тізімі жоқ. Істі қарауды кейінге қалдыру екі жағдайда кейінге қалдырылуы мүмкін:

  • заң істі кейінге қалдыруды көздесе;
  • осы сот отырысында істі қарау мүмкін болмаса.

Істі кейінге қалдыру міндетті болады немесе оған жол беріледі, заңмен көзделген келесі жағдайларда:

  • сот отырысына оларды хабарлау туралы мәліметтер жоқ іске қатысушы тұлғалардың біреуі келмей қалса;
  • сотпен іске қатысушы тұлғалардың келмеуін дәлелсіз деп таныса, егер осы тұлғалар сот отырысының уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабарланса;
  • сот істің мән-жайлары бойынша қатысуы қажетті деп таныған тараптар келмесе;
  • сот отырысының уақыты мен орны туралы хабарланған іске қатысушы тұлғаның өкілі дәлелді себеппен келмей қалған жағдайда, осы тұлғаның өтінімі бойынша;
  • сот отырысына куә, сарапшы немесе маманның келмеуі, егер олар жоқ болған кезде істі қарастыру мүмкін болмаса;
  • сот отырысына аудармашы келмей қалса, егер аудармашыны ауыстыру мүмкін болмаса;
  • істі қарау кезінде қатысушы азаматтармен жаппай тәртіп бұзушылық байқалса;
  • ҚР неке және отбасы туралы заңына сәйкес ерлі-зайыптылардың біреуінің некені бұзуға келісімі болмаса, ерлі-зайыптыларға бір ымыраға келу үшін үш ай мерзімді тағайындау.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Істі сотта қарау
Тәуелсіз Қазақстанның Жаңарған қоғамдық-экономикалық құрылысы
Азаматтық іс-жүргізу
Қазақстан Республикасы азаматтық іс жүргізу
Сот бұйрығын шығару
Азаматтық іс жүргізу құқықғы
АЗАМАТТЫҚ ІСТЕРДІ БІРІНШІ САТЫДАҒЫ СОТТА ҚАРАУ ТӘРТІПТЕРІ
Азаматтық іс жүргізу құқығының пәні, әдісі, жүйесі
Сот отырысын ашу
Сот жарыссөздері және прокурордың қорытындысы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz