Дидактикалық ойындар математика сабағында



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе
1. Дидактикалық ойындар математика сабағында
1.1. Ойын және олардың түрлері 6
1.2. Дидактикалық ойындар математика сабағында 11
2. Математикада дидактикалық ойындарды қолдану әдістемесі
2.1. Математика сабағында пайдаланылатын дидактикалық ойындар 17
2.2. Математика сабағында қолданатын дидактикалық ойындардың маңызы 29
Қорытынды
Пайдаланған әдебиет

КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Адамның жан дүниесінің дамып жетілуі, әлеуметтік өмірге бейімделіп тіршілік етуі әр түрлі іс-әрекеттермен шұғылдану барысында калыптасады. Сондай іс-әрекеттің бір саласы - ойын әрекеті. Жоғары сатыда дамып жетілген сана-сезім мен ақыл-ой иесі - адам баласының ойын әрекеті бір жағынан, тіршілік етудің негізгі формасы болып саналатын болса, екінші жағынан, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отыратын өмір тәжірибесінің нәтижесі болып саналады. Міне, осы тұрғыдан алғанда, адам баласының ойын әрекеті, негізінен балдырған кезінде кеңінен дамып, баланың өсіп-жетілуіндегі басты және жетекші факторға айналады.
Ойынның бала өмірінде үлкен орын алатынын ертеден-ақ дәлелдеген. Тіпті, 18-ғасырда Ж.Ж.Руссо былай деп жазған: Баланы жақсы тану және түсіну үшін, оны ойын кезінде бақылау керек деген.
Тәрбиелік үрдістегі ойынның маңызы туралы кеңес педагогтары A.C.Макаренко, Н.К Крупская және т.б. арнайы зерттеу еңбектерінде терең де жан-жақты айқын талдау жасаған.
Сонда ойынның негізгі мақсаты баланы қызықтыра отырып, жаңа білімді меңгертіп, танымдық белсенділігін арттыру болса, мұғалімнің міндеті - сол ойын түрлерін тиімді пайдалану арқылы балаларды өздігінен ойлай білуге, ой белсенділігі мен тіл байлығын арттыра түсуге, әртүрлі танымдық дағды мен шеберлікті меңгертуге қол жеткізу болып табылады, яғни оқу үрдісінде ойын элементтерін пайдалану біріншіден, балаларға берілген білім берік меңгерту құралы болса, екіншіден балаларға берілген білім сапасын көтеріп, танымдық қызығушылығын арттыру болып табылады.
Демек, осы айтылған қайшылықты ғылыми-теориялық тұрғыдан шешу, оның педагогикалық-әдістемелік мүмкіндіктерін қарастыру - біздің зерттеуіміздің көкейтестілігі болып табылады. Осыған орай бұл зерттеудің тақырыбы: Бастауыш мектептің математика сабағында дидактикалық ойындарды қолдану маңызы деп аталады.
Зерттеу мақсаты - бастауыш мектеп оқушыларына дидактикалық ойындарды оқу-тәрбие ісінде пайдалануды практикалық тұрғысында негіздеу. Бастауыш сынып математика сабағында дидактикалық ойындарды пайдалану арқылы оқушылардың ой-өрісін дамыту жолдарын ғылыми тұрғыдан негіздсп, әдістемесін жасау.
Зерттеу объектісі - Бастауыш сыныптың оқыту процесі.
Зерттеу пәні - Бастауыш сыныптарда оқытылатын пәндерде пайдаланылатын дидактикалық ойындар жүйесі.
Зерттеу міндеті:
-бастауыш сыныпта дидактикалық ойындарды қолданудың педагогикалық негіздерін айқындау;
-бастауыш сынып оқушыларына арналған дидактикалық ойындардың мазмұнын саралау;
-дидактикалық ойындарды пайдаланудың әдістемесін құру.
Курстық жұмыстың жаңашылдығы.
1. Дидактикалық ойындарды қолдану арқылы оқушыларды ұйымшылдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу керек.
2. Болашақ мұғалім дидактикалық ойындардың түрлері бойынша қойма жинақтауы керек.
3. Ойын ойнату барысында оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру қажет.
Зерттеу болжамы - бастауыш сыныпта математиканы оқытуда дидактикалық ойындарды пайдалану тиімді болар еді егер, математика сабақтарында дидактикалық ойындарды қолданудың әдістемелік жүйесі жасалынса; дидактикалық ойындарды математика сабағы мазмұны мен мақсатына сәйкес пайдалана білсе.
Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, төрт бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. Дидактикалық ойындар математика сабағында
1.1. Ойын және олардың түрлері
Ойын өмірде өте ерте жастан басталып, адамның кәсіпті толық меңгергенінше жалғасады. Aдамның ойын әрекеттерінің формалары мен әдістері және мазмұны қарапайым сылдырмақтар мен қозғалыстар жасаудан, бірте-бірте фантастикалық шындық деңгейіндегі видеокомпьютерлік ойынға дейін ауысады. Іс-әрекеттің айрықша түрлерінің бірі ойын болып табылады. Ойын оқу әрекетіне тән бірқатар касиеттерге ие екендігі белгілі. Мұны мектеп оқушыларының білімі мен дағдыларын қалыптастыруға бағыттауына мақсатталуы айқын көрсетеді. Сонымен қатар ойын оқушыларға қозғау салуға, оларға түрткі болуға да бағытталған. Ол төмендегідей бірқатар қайталанбас қасиеттерге ие. Балалар мен жасөспірім жеткіншектер үшін оның оңайлығы мен игерімділігі, демократиялылығы (ойын барлығын да қабылдайды), игерілуі тиіс шынайы ақиқаттың барынша әралуан қырларын модельдеуге мүмкіндік беретін ойыңдық құралдардың бейімділігі, ең бастысы - балалар үшін ойынның тартымдылығы. Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаев: Ойын ойнап ән салмай, өсер бала бола ма?-деп айтқандай, бала өмірінде ойын ерекше орын алады. Баланың өмірі, қоршаған ортаны танып, еңбекке қатынасы психологиялық ерекшеліктері ойын үстінде қалыптасады. Орыс ғалымы, дәрігер, педагог К.А.Покровский ойын- күнделікті бала еңбегі, болашақ өмірінің бастамасы. Ойын үстінде баланың ертеңгі өмірге деген қабілеті байқалады-деген. Олар ойын ойнау барысында өздерін еркін сезінеді. Іздемпаздық тапкырлық әрекеті (сезіну, қабылдау, ойлау, зейін қою, ерік арқылы) байқалады.
Дидактикалық ойындарды сабақтың әралуан буындарына енгізу:
1. Түрткі ретіндегі дидактикалық ойындар .
2. Материалды игеруге даярлық кезінде пайдаланылатын дидактикалық ойындар.
3. Материалды пысықтау кезінде пайдаланылатын дидактикалық ойындар.
4. Игерілген материалды қайталау кезінде колданылатын дидактикалық ойындар
5. Есептік дидактикалық ойындар
* баланың ынтасын сабаққа аударуға, көңіл қойғызуға, қабылдауын жеңілдетуге, білімді толық игеруге көмектеседі, сабаққа эмоциялық бояу береді.
Ойынның мақсаты: Баланы пәнге қызықтыру, логикалық ойлауын дамыту
* Таным әрекетін қалыптастыру, тиянақтау, пысыктау, алған білімді тексеру, қызығушылығын ояту, белсенділігін арттыру.
* Міндеті: 1) Танымдық: баланың тану, іздену әрекетін дамыту. .
2) Тәрбиелік: айналасымен қарым-қатынас жасауға, қажетті дағдыны, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.
Дидактикалық ойындарды құру мына негіздерге сүйенеді:
1)Балалардың iс-әрекетіне ойын түрлерімен оқуды байланыстыру, біртіндеп қызықты жеңіл ойындардан ойын - тапсырмалар арқылы берілген оқу-тәрбие мәселелеріне көшу.
2) Шарты мен міндеттерінің біртіндеп күрделенуі
3) Берілген тапсырмаларды шешуде баланың ақыл-ой белсенділігінің күшеюі
4) Оқу-тәрбие мақсаттарыныц бірлігі
Дидактикалық ойын мектеп оқушыларының белсенділігін арттырып, қиын оқу материалдарын меңгеруді жеңілдетуі және көлемі бойынша үлкен оқу материалдарды есте сақтауға мүмкіндік беруі тиіс.
Оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыру үшін мыналарды жүзеге асыру қажет:
1. Жағдайға қарай шығармашылық белсенділікті іске қосу;
2. Төмендегідей шығармашылық белсенділіктің жүйелі циклдарын іске қосудың алғышарттары ретінде шығармашылық жағдайларын жүзеге асыру;
а) шығармашылықтың Мен-субъектісінің рольдік образын игеру;
б) шығармашылықтың жетекші ішкі орындаушы механизмдерін игеру;
в) шығармашылықтың әралуан түрлерін игеру;
г) ойын ұжымының шығармашылық бағытталушылығын дамыту;
д) ойын арқылы шығармашылық нәтижені елеулі түрде сезінетін жағдайларды құрастыру.
Белсенділікті дамыту үрдісіне ықпал етуі тұрғысынан келесі ойын типтері мен ойындық формаларды айқындауға болады:
а) оқушылардың шығармашылық белсенділігін дамытатын ойын формалары (шығармашылық белсенділікті дамытудың жалпы немесе спецификалы емес шығармашылық ойындық құралдары),
Дидактикалық ойындардың сапалылығы:
Олардың сабақтың әр кезеңіндегі орны мен міндетін, мақсатын дәл анықтауға, оны қолданудың теориясы мен практикасын мұғалімнің жетік меңгеруіне, шеберлік танытуына, ойынға қажетті материалдарды алдын-ала дайындап алуына, ойын үрдісіне оқушыларды белсенді қатыстыруына байланысты болады.
Дидактикалық ойын түрлері:
1)Заттық дидактикалық ойындар
Бұл ойын әртүрлі ойыншықтармен же әртүрлі ойын материалдарымен ұйымдастырылады.
2) Үстел үсті ойындары: Лото, домино, қарлы кесек т.б.
3) Сөздік дидактикалық ойындар, яғни ауызша ойналатын ойындар;
Дидактикалық ойындарды оқыту мазмұнына сәйкес мынадай түрлерге бөледі:
1.Ойын-саяхаттар. Олар ертегілерге ұксас фактілер немесе оқиғаларды бейнелейді, карапайым жұмбақ арқылы беріледі;
2.Ойын-тапсырмалар. Бұл ойындардың негізін заттар мен әрекет, сөздік тапсырмалар құрайды.
3. Ойын-болжамдар. Бұл ойындар не болар еді..?, Мен не істер едім, егер... деген сұрақтарға негізделеді.
Ойынның дидактикалық мазмұны балалардың алдына проблемалық міндет пен ситуацияны қоюымен ерекшеленеді.
4. Ойын-жұмбақтар. Жұмбақтың негізгі ерекшелігі-логикалық астарының болуында. Олар баланың ой-әрекетін белсендіреді. Жұмбақтар салыстыру, теңеу және сипаттау арқылы ұғымның қасиеттерін ажыратуға тәрбиелейді, оқушы қиялының дамуына әсер етеді.
5.Ойын-әңгімелер. Ол мұғалімнің балалармен, балалардың мұғаліммен және балалардың балалармен қарым-қатынасына негізделеді. Бұл қарым-қатынас ойын мазмұнында ерекше сипатқа негіз болады. Ойынның құндылығы балаларды эмоционалдық түрде белсендіруге, өзара әрекет жасауға, бірлесіп ойнауға мүмкіндік туғызады.

1.2. Дидактикалық ойындар математика сабағында
Оқушылардың математикаға деген ынтасын арттырып, оны дамыту көптеген әдістемелік жұмыстардың нәтижесінде ғана іске асады. Соның ішінде сабақтың қызықты өтуін қамтамасыз ететін бір әдіс- дидактикалық ойындар.
Дидактикалық ойындар - көп салалы, күрделі педагогикалық құбылыс. Оны балаларды оқытудың бір әдісі, оларды жан-жақты тәрбиелейтін құралдардың бірі деп айтуға болады.
Дидактикалық ойын оқу процесінде ойын әдісі ретінде екі түрлі мақсатта қолданылады: ойын түрінде жане дидактикалық немесе автодинамикалық ойындар.
Ойын түрінде мұғалім үйрететін тақырыпқа оқушылардың қызығушылығын, зейінін арттыру мақсатында әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолданады.
Атап айтқанда, мұғалім ойын ситуацияларын туғыза отырып, әр түрлі заттарды көрсету арқылы сұрақтар қойып, затты көрсетіп, түсіндіріп, ойын сюжетін құрастырады.
Дидактикалық ойын жалғыз математика сабақтарында ғана қолданылып қоймайды, ана тілі, табиғаттану, қоршаған ортамен таныстыру мақсатында да колданылады.
Дидактикалық ойын оқыту процесінде мынадай екі түрлі мақсатта қолданылады: біріншісі - оқу (танымдық) мақсатта, екіншісі - ойын ойнау мақсатында.
Мұғалім өзі де ойынға қатысады, баланы үйретеді. Бала ойнай отырып үйренеді. Бастауыш сыныптардың математика сабақтарында дидактикалық ойындарды жаңа тақырыпты түсіндіру барысында, қайталау, пысықтау, жаттығу сабақтарында да пайдалануға болады.
Бастауыш сынып оқушылары әлі де ойын баласы, сондықтан мұғалім оларды жалықтырмай әр түрлі ойын түрлерімен сабақты қызықты өткізуге тырысуы кажет.
Дидактикалық ойындар оқушылардың ой - өрісін дамытып, ойлау қабілетін арттырумен қатар, үйретілген, өтілген тақырыптарды саналы да берік меңгеруге үлкен әсер етеді. Ойындар оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттерін жетілдірумен қатар, сөздік қорларын молайтып, сауатты жазуға да баулиды. Оқушылар ойын ойнау барысында үйренген сөздерін айтып қана қоймайды, оның қандай мағынада қолданылатынын да біледі. Oйын оқу пәндерінің мазмұнымен тығыз байланыста жүргізілгенде ғана дұрыс нәтижелер берері сөзсіз.
Тақырыпқа сай жүргізілген ойын түрлері, әсіресе тәрбиелік мәні бар ойын элементтері оқушының ойлау белсенділігін арттырады. Сондықтан мұғалім әр сабақта дидактикалық ойын түрлерін орнымен қолданса, оқушының ынтасын арттыра отырып, пәнге деген қызығушылығын, білімі мен ынтасын, сол пәнге деген сүйіспеншілігін арттырады.
Мұғалім өтетін тақырыпқа сай ойын түрлерін дұрыс таңдап алуы керек. Оқушы ойынның тәртібін білуге тиіс.
Бала ойынның тәртібін дұрыс менгерген болса, олар ойынды бар ынтасымен ойнауға, орындауға тырысады. Балаларға ең алдымен өздеріне таныс халық ойындарын ойнату пайдалы. Мысалы: Бояулар, Біз қайда болдық?, Біздің істегенімізді көріңіз сияқты ойындар балаларды еңбекке дағдыландырады. Бояулар ойынында окушы әр түрлі заттың түстерімен танысады, өздеріне ұнайтын, жақсы көретін болуды таңдап алады.
Дидактикалық ойын түрлері көп. Соның бірі - оқушының ақыл-ойын дамытатын ойын түрлері. Мысалы, өзін қоршаған қоғамдық орта, табиғат, Отаны туралы, әр түрлі мамандықта жұмыс істейтін адамдардың еңбектегі істері бәрі де оқушыны идеялық бағытта тәрбиелеуге дағды береді.
Бұл ғимаратты кімдер тұрғызған?, Дәннен нанға дейін, Киімді кім тігеді? деген ойын түрлері арқылы, құрылысшылардың, тігіншілердің, диқанның еңбектерін танып біледі.
Оқушыны дұрыс сөйлеп үйренуге бағыт беретін ойынның түрі: сөздік oйындары. Сөздік ойындары әр сабақта жүйелі жүргізілуі тиіс. Сол арқылы балалар тапқырлыққа, заттың атын, түрін, түсін, каснетін, сапасын танып білуге дағдыланады. Өтілетін тақырып бойынша әр түрлі ойын түрлерін жүргізуден басқа өлең, тақпақ, мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар пайдалану оқушылардың қызығушылығын арттырады.
Басты мәселе мұғалім сабақта ойын элементтерін жүргiзбес бұрын, оның міндеті мен мақсатын, жүргізу тәртібін балаларға айтып, дайындауы тиіс.
1. Жоғарыда- төменде
Кім биік? Кім аласа? жаттығуы
Керекті материалдар. Көгілдір аспан, жасыл алқап, өзен бейнеленген демокративтік таблица.
Таблицаның әр жеріне ілмек тігіледі.
Беті жабық қорапта жұлдызшаның, ұшақтың, құстың, инеліктің, балықтың, түрлі аңдардың кордоннан немесе фанерадан ойылып фигуралары қойылады.
Жаттығудың мазмұны:
Бала қорапқа қолын салып, фигураның біреуін алады. Алған фигурасын атайды да, оның орнынан анықтап декоративті таблицаның жоғарғы жағы- аспанға, ал балық төменде судың ішіне іледі. Бұған қоса ол: ұшақ жоғарыда аспанда ұшады, балық төменде - суда жүзеді дейді т.с.с
Бұл жаттығу жоғарыда - төменде, биік, аласа ұғымдарын пысықтауға жәрдемдеседі. Балалар нәрселерді олардың табиғи жағдайымен салыстыра білуге үйренеді. Сонымен қатар, жаттығу байқағыштықты, зейінді, қиялды дамытады.
2. Дүкен
Ойыншық таразысына дүкенші бала сатып алушының сұраған нәрсесін өлшеп берiп тұрады. Керек заттар (таразы, қалақша, күріш, шырын т.б.), сатушы баланың дүкеншілер киетін бас киімі болуы керек. Ойынның барысында сусымалы затпен сұйық заттың өлшеу айырмасына жаттығады, демек сұйық зат белгілі көлемді ыдыспен өлшенеді, сусымалы заттар таразыға салынып өлшенеді. Ойынның мақсаты сұйық зат пен сусымалы заттың калай өлшенетінін балаларға үйретіп жаттықтыру.
3.Дабыл соғу жаттығуы
Керекті материалдар. Бірден төртке дейінгі нәрсенің суреті салынған топтамалар (әр балаға бір топтамалар берілуі тиіс)
Жаттығудың мазмұны. Мұғалім дабыл соғады немесе үстелді тақылдатады. Балалар неше соққы болғанын іштерінен санап, топтамаларында осыншама нәрсенің суреті бар бала оны жоғары көтереді.
Балалардың бір тобы ауызша жауап беруі тиіс.
Мысалы: сіз үш рет соқтыңыз, ал менің топтамамда үш балапанның суреті бар
4. Кім алғыр?
Қолданылатын көрнекіліктер: (+ - =) таңбалы 10 көлеміндегі сандар.
Ойынның барысы:
Оқушының қолдарына сандармен таңбалар үлестіріп беріледі. Ойын мазмұнын түсіндіргендер кез келген түпкі нәтижемен таңбаны ескере отырып, өрнектерді құрастыру. Ойлаған өрнектерін тақтаға жазбаша орындауына болады.
Ойын барысында: таңбалар арасындағы байланысты жете түсінуіне, сан кұрамын анықтай білуге, жазбаша есептеуге дағдыландыру көзделеді.
5. Сенде осынша көрсет
Мақсаты: Балалардың көрген нәрселерін немесе естіген дыбыстарын санап, есте сақтап, оған басқа нәрселерді сәйкестендіруге үйретеді.
Керекті материалдар: Фигуралардың ою-таңбалардың суреті салынған топтамалар бала санатын материалдар.
Ойынның мазмұны:
I вариант. Мұғалім топтаманы көрсетеді де алып кояды. Балалар топтамада неше фигура, ою-таңба бар екенін айтын, сонша жалауша немесе басқа нәрсе көрсетуі тиіс. Тапсырманы дұрыс әрі тезірек орындаған қатар жеңімпаз атанады.
II вариант. Мұғалім бірнеше рет алақанын (барабан, дабыл) көрсетеді.
6.Өз жұбынды тап ойыны
Мақсаты: Санды көру, есту және қимыл арқылы қабылдау қабілетін пысықтау.
Керекті материалдар: Балалар 10 адамнан командаларға бөлініп ойнайды. Ойынға қатысушылар карама-қарсы қарап, сапқа тұрады. Бір қатардағы балалардың омырауында суреттер салынған топтамалар. Бәрі неше соққы соғылғанын санайды. Омырауында осы соққы санына сай келетін топтамалары бар бала ойын бастаушының касына жүгіріп келеді де скеуі бірге ойыннан шығады.
Барлық балалар өзіне жұп болғанда ойын аяқталады. Ойынға қатысушылар жеңімпаз команданы айтады.
Ескерту: ойын бастаушы алақанын қарсы команда балаларының топтамалардағы санға сай соғуы тиіс, өйтпейінше ол өзіне жұп таңдай алмайды.

2. Математикада дидактикалық ойындарды қолдану әдістемесі
2.1 Математика сабағында пайдаланылатын дидактикалық ойындар.
Ойындар оқушылардың оқуға және жұмысқа деген ынтасын арттырудың негізгі құралы болып табылады. Мұғалім ойынға жағдай жасауы керек, сонымен қатар балалардың ойынға деген қызығушылығын үнемі арттырып отыруы керек. Оқушылардың ойын ерікті түрде бастауы немесе ерікті түрде қатысуы студенттердің өзара бірлігі жағдайында ғана маңызды.
Осы дидактикалық ойындарға байланысты балалардың дидактикалық математикалық ойындарына арналған 1-сыныпқа арналған математика оқулығына тоқталайық. Оқулыққа енгізілген ақпарат бірінші сыныпта пәнді оқытудың нақты мақсаттарына сәйкес сараланады. Сондықтан, мұнда ұсынылған ақпарат келесі бөлімдерде таңдалады:
Қарапайым түсініктер.
10 көлеміндегі сандар.
Кестеден қосу және азайту.
Толық ондықтар.
Біз не білдік?
Әр сабаққа арналған ақпарат кітаптың жеке парақтарында ұсынылған және жүйелі түрде жалпылауға және бизнесті дамыту мен дағдыларға, алдыңғы және жаңа тақырыптарға бағытталған, сонымен қатар жақын болашақта қарастырылатын жаңа материалдардан тұрады.
Яғни, сабаққа дайындық барысында мұғалім кітаптың әр парағында келтірілген мәліметтерден толық қорытынды шығарады, ал келесі сабақта оқу материалы мен оны оқыту әдістері талданады.
Бұл мағынада кітап мұғалімнің педагогикалық іс-әрекетін анықтайды. Окытушы әр жаттығу үшін 10 минутқа сәйкес келетін әртүрлі жаттығулар, тапсырмалар мен қосымша ақпаратты таңдайды.
Жалпы, математика әрқайсысы 10 минуттан тұратын үш негізгі бөлімнен тұрады, олардың әрқайсысы өзімен байланысты.
Әр сабақтың бірінші бөлімінде көрнекі құралдар, ойыншықтардың түрлері, қалтадағы кенептер, жеке санақ деректері, кітаптың қосымшасынан дидактикалық кеспелерге арналған бөлек материалдар және басқа да жұмыстар болады. Оның формасы мен мазмұнын әр сабақтың нақты мақсатына байланысты мұғалім анықтайды. Көшбасшы ретінде мұғалім балаларға жұмыс үлгісін көрсетеді, ал балалар жетекшіге байланысты көрнекі құралдар мен заттарды қолдана отырып дидактикалық кеспелер жасайды немесе оқушылар сыныптағы топтық жұмыстарға белсенді қатысады. Яғни, сабақтың осы кезеңінде, анықтыққа сүйене отырып, оқушы кез келген ақпаратты сапалы түрде игереді. Содан кейін балаларды сергітетін және олардың әлсіреуін болдырмайтын физикалық белсенділік минуттары болады, ал оқушының әрі қарайғы белсенділігі өзгереді.
Сабақтың келесі бөлігінде оқушылар жетекшінің түсіндірулері мен нұсқаулығы арқылы кітаптағы сай суреттерді, болмаса тапсырмаларды ауызша жасайды.
Математика сабағының үшінші бөлімі дәптерде орындайтын дайын тәжірибелік жұмысқа арналады. Ал дәптерлер оқулықты толықтыра түседі де, әрбір сабақтың нақты мақсатына жетуге көмектеседі.
Сабақтың қай кезеңінде болмасын қарастырылатын акпараттар тек білімділік мақсаттың шешілуі үшін емес, сонымен бірге оқушылардың дамуы мен тәрбиесіне қатысты да мәселелердің тиімді шешілуі бағытында қолданылады. Осыған орай байқау, бақылау, салыстыру, жіктеу, қорытындылау, оқушылардың математикалық тіл байлығын дамыту т.с.с. мәселелерге де ерекше көңіл бөледі. Сондай-ақ оларды тегіс белсенді іс әрекетке тарту, әр жұмыс түріне сәйкес ойын элементтерін және қызықты жаттығуларды қолдану, іс-әрекетті түрлендіре ұйымдастыру да ойластырылуы керек. Мұның бәрі оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырудың негізіне алынуы тиіс. Сондықтан да ойын көмегімен әртүрлі есептерді шығаруға болады. Көпшілігiнде балаларды жарыстыруға берілген ойындар балалардың белсенділігін арттырады. Мысалы, оған баспалдақ ойынын алуға болады. Заттарды салыстыру тақырыбына, демек, үлкен, тең, кіші қатыстарын қалыптастыруға және 10 көлеміндегі сандарды нөмiрлеу тақырыбына, сандар қатарының жасалуына, сандар құрылымына және 10 көлеміндегі қосу және азайту тақырыбында қосу және азайтуға берілген жай есептерді шығаруға, ал 11-мен 20 сандарды тақырыбына, натурал сандар қатарына, сандардың ондық құрамына, кесінділер ұзындықтарына, қосу және азайтуға берілген жай есептер шығаруға және оқушылардың білімді игеруін тексеруге берілген ойын түрлерін қарастырамыз, Ойын баланы шапшаңдылыққа, тез ойлануға баулиды.
Сабақ кезінде оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілетін дамытуға аса көп көңіл бөлген осы орайда 1 - сынып математика сабағында заттардың орындарын сан қатарымен белгілеу тақырыбын қалай өткізгенін баяндап кетсек.
Бұл сабақта заттардың орындарын дұрыс белгілеу және оларды дұрыс ажырата білуге, 1-ден 5 ке дейін кері санауға, нешінші? деген сұраққа жауап қайтара білуге жаттықтыру көзделді. Сабақ ойын түрінде және сұрақ-жауап әдісінен құрылды. Көрнекілікке түрлі суреттер, ойыншықтар, қағаздан қиылған құстардың үлгілері, кеспе цифрлар, жолақшалар, қалташалар қолданылды.

Сабақ барысы: Өтілген тақырыпты тақтаға жазып, оның негізгі мазмұнын түсіндірдім. Оқушыларға суреттер бойынша сұрақтар қойдым.
-Балалар, суреттен нелерді көрдіңдер?
-Құстарды.
-Қәне, бұл суреттен құстардың аттарын атаңдаршы.
-Үйрек, тауық, қаз, қораз, күркетауық.
Осы бір кезде балаларға дала және үйдегі құс түрлері туралы мәлімет бердім.
-Айтыңдаршы оқушылар, суретте қанша құс бар?
-Барлығы бесеу.
-Балалар қазір Орныңды тап ойынымен танысамыз. Суретте құстар қай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сыныптың оқыту процесі
БАСТАУЫШ САТЫСЫНДА МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДА ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ПАЙДАЛАНЫП ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Бастауыш мектептің математика сабақтарында ұлттық және дидактикалық мазмұнды ойын есептерін қолдану арқылы оқушылардың ой-өрісін дамыту
Бастауыш сыныптарда математика сабақтарында ойын технологиясын қолдану
Математика сабағында қолданатын дидактикалық ойындар
Бастауыш сыныпта математика сабағында дидактикалық ойынды пайдалану әдістемесін ұғыну
Бастауыш сыныптарда математика пәнінде пайдаланылатын дидактикалық ойындар жүйесі
Математика сабағында қолданылатын дидактикалық ойындар
Бастауыш сыныпта математика сабағында дидакикалық ойындарды пайдаланудың әдістемелік жүйесі
Қазақ тілі сабағында дидактикалық ойындарды пайдалану
Пәндер