Заңды күшіне енбеген сот шешімдеріне апелляциялық шағым жасау, оларды прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарау
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ш.ЕСЕНОВ атындағы КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР
ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ
Бизнес және құқық факультеті
Құқықтану кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Пәні: Қылмыстық процестік құқығы Тақырыбы: Заңды күшіне енбеген сот үкімдері мен қаулыларын қайта қарау сатысының мәні мен міндеттері
Орындаған: ЮП-18-5 студенті
Рашидқызы С.
Тексерген: Алибеков С.
Ақтау 2020
МАЗМҰНЫ:
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.Заңды күшіне енбеген сот үкімдері мен қаулыларын қайта қарау сатысының мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.1. Соттың заңды күшіне енбеген үкімдері мен қаулыларын қайта қарау ... ... .
1.2. Заңды күшіне енбеген сот шешімдеріне апелляциялық шағым жасау, оларды прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарау ... ... ... ... ... ... ...
2. Заңды күшіне енбеген сот үкімдері мен қаулыларын қайта қарау институты ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.1. Апелляциялық өндірістің түсінігі, міндеттері және маңызы ... ... ... ... ... ...
2.2. Аппеляциялық өндірістің тарихи және салыстыру-құқықтық талдаулары.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Пайдаланылган әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..
КІРІСПЕ
Соттың заңды күшіне енбеген үкімдері мен қаулыларын қайта қарауға, бірінші сатыдағы сот үкімінің күшін жоюға немесе өзгертуге негіздерге, апелляциялық шағымдар мен заңды күшіне енбеген сот шешімдеріне наразылық білдіру тәртібі мен шарттарына, адам және азаматтардың Конституцияда баянды етілген құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудағы апелляциялық сатыдағы соттың өкілеттілігі, маңыздылығы және рөлі, сондай-ақ бірінші сатыдағы соттың сот қателіктерін жіберу салдарына және әділ сот талқылауын тағайындаудағы апелляциялық сатыдағы соттың шығарған шешімінің ықпал ету мәселесіне арналған. Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Апелляциялық тәртіппен қылмыстық істі қарау барысында үкімнің күшін жою немесе өзгерту негіздерін жан-жақты зерттеп, толық мағынасын ашу және бірінші сатыдағы соттың шешімін қайта қарау институты ретінде апелляцияның тиімділігін жоғарғы дәрежеге жеткізу дипломдық жұмысымыздың өзекті мәселесі болып табылады.
Сот шешіміне шағымдану құқығы - қылмыстық процесте адам және азамат құқықтары мен заңды мүдделері қорғалуының кепілі болып табылады.
1995 жылғы Қазақстан Республикасы Конституциясының 12-бабында : Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары танылуына және олардың құқықтық тұрғыда қорғалуына кепілдік берілсе, онда осы баптың 2-тармағында адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады және олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілер мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады - деп бекітілді.
Өкінішке орай, адам мен азаматтың Конституцияда баянды етілген құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделері жиі бұзылып жататындығы белгілі жағдай. Өмір сүріп отырған қоғамымыз адам мен азаматтың Конституцияда баянды етілген құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау қызметін жетілдіруді талап етеді.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтің 2011 жылдың 28 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауына: Біз ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына қадам бастық. Бодан жұртты бүгінгідей бостан күнге жеткізген бұл жолда біз биік белестерді бағындырдық - деп атап көрсетілген.Осыған орай, қылмыстық сот өндірісіндегі адам құқықтарының ең негізгі және басты кепілдігі болып қылмыстық процеске қатысушының сот үкімін жоғары тұрған сотқа қайта қарату құқығы табылады. Соттың заңды күшіне енбеген үкімдері мен шешімдерінің заңдылығы мен негізділігін тексеру - сотталушының құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуын анықтауға және оларды жоюға бағытталады.
Дәл осы мәселеге байланысты соңғы жылдары көптеген еңбектер жазылуда. Оның өзі бірінші сатыдағы соттың заңды күшіне енбеген үкімдері мен қаулыларын қайта қарау иститутының қылмыстық процесте ерекше орынға ие екендігін көрсетеді. Апелляциялық өндірістің алғашқы варианты заңшығарушымен істердің сотта қаралу нәтижелерін тексеру нысанында болды. Істердің апелляциялық тәртіппен кайта каралу тәртібі, ол кұрылған сәттен бастап көптеген сенімсіздіктер туғызғандығын айта кету керек. ҚІЖК-нін тиісті ережелерінің күшіне енгізілуінің кейінге қалдырылуының себептерінің бірі осы болса керек.
1.Заңды күшіне енбеген сот үкімдері мен қаулыларын қайта қарау сатысының мәні.
1.1. Соттың заңды күшіне енбеген үкімдері мен қаулыларын қайта қарау
Заңды күшіне енбеген сот үкімдері мен шешімдерін қайта қарау дегеніміз-басты мақсаты адам мен қоғамды сот қателіктерінен қорғау,қылмыстық-құқықтық қатынастардың барлық қатысушылардың заң нормаларын сақтауды қамтамсыз ету,сот төрелігін әділ,ізгілікті және демократиялы жүргізілуіне кепілдік туғызу болып табылатын қылмыстық процестің ерекше сатысы болып табылады. ҚР ҚІЖК-сі аппеляциялық өндірісті заңды күшіне енбеген сот шешімдері мен үкімдерін қайта қарау деп түсінеді.Заң шығарушы сот қателіктерін анықтау және жою мақсатында ҚР ҚІЖК-нің кез келген уәкілетті субьектілері шағымдануға және наразылық білдіруге он тәулік мерзім белгілейді. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, билік үш салаға бөлінеді: заңшығарушы, атқарушы және сот билігі. Сот билігін жүргізу тек қана соттарға жүктелген және олардың өздерінің өкілеттігіне, атқаратын міндеттеріне қарай жиынтығы сот билігінің жүйесін құрайды. Қылмыстық істі шешу, яғни, айыптау үкімін шығару барысында қылмыстылықты және қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамның кінәлілігін немесе ақтау барысында оның кінәсіздігін анықтау тек бірінші сатыдағы соттың міндетіне жүктелген. Сот істі қарап, дұрыс шешім қабылдауы тиіс. Бұл жерде, ең бастысы іс жүргізу тәртібін реттейтін заңдардың, сондай-ақ сотталушы жасаған іс-әрекеттің қылмыстылығын және жаза колдану дәрежесін анықтайтын заңдардың еш бұрмаланбай, катаң сақталғаны жөн. Осы талаптарға ақтау үкімін шығару, сол сияқты істі қысқарту жағдайлары да бағынады. Айыптау немесе ақтау үкімі, яки істі қысқарту жөніндегі қаулы -- бұл соттың каралған дауға байланысты жасаған қорытындысы. Ол әрдайым тараптардың мүддесіне, ал, кейде тіпті екі жақтың да мүддесіне сәйкес келе бермеуі мүмкін. Өкінішке орай, сот практикасында істі қарау және шешім қабылдау барысында заң ережелерінің бұзылуына жол берілуде. Міне, осынау қүкық бүзушылықтар мен кемшіліктерді жойып, кылмыстық іс жургізудегі әділеттілікті қамтамасыз ету апелляциялык сот өндірісіне жүктеліп отыр. Істі бірінші сатыда толық және әділ қарауға кепілдік орнату, ең алдымен әділ үкім шығаруды қамтамасыз ету мен сотты кездейсоқ кателесуден қорғау міндетгерін алдыға тартады. Сол себепті де сот шешімдерін кайта қарау институты осы талаптарға сай негізделеді, яғни сот шешімі немесе үкімі сотгыкқ тексеруге жатқызылады. Сот өндірісінің осындай нысандарының бірі аппеляция болып табылады. Қазакстан Республикасының Конституциясы әрбір адамға өзінің құқыктары мен бостандықтарының соттық корғалуына кепілдік береді. Қылмыстық сот өндірісі және бас сот талқылауы барысында азаматтардың қуқықтары шектелуі мүмкін болғандықтан, Қазакстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі қылмыстық істерді объективті және әділ шешілуінің маңызды тәсілдерінің бірі ретінде сот үкімдері мен қаулыларына шағымдану. наразылық білдіру және сот шешімін қайта қарауды тиянақты түрде көрсеткен.
Апелляциялық сатыдағы (инстанциядағы) өндіріс - күшіндегі заңның новелласы болып табылады. Алайда, кылмыстық іс жүргізудің бірде-бір сатысы жана ҚІЖК-сі қабылданған уакыттан бері мұндай өзгертулерге ұшыраған жоқ. Апелляциялық өндірістің алғашқы варианты заңшығарушымен істердің сотта қаралу нәтижелерін тексеру нысанында болды. Істердің апелляциялық тәртіппен кайта каралу тәртібі, ол кұрылған сәттен бастап көптеген сенімсіздіктер туғызғандығын айта кету керек. ҚІЖК-нін тиісті ережелерінің күшіне енгізілуінің кейінге қалдырылуының себептерінің бірі осы болса керек. Соттың заңды күшіне енбеген үкімдері мен қаулыларын қайта қарауға, бірінші сатыдағы сот үкімінің күшін жоюға немесе өзгертуге негіздерге, апелляциялық шағымдар мен заңды күшіне енбеген сот шешімдеріне наразылық білдіру тәртібі мен шарттарына, адам және азаматтардың Конституцияда баянды етілген құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудағы апелляциялық сатыдағы соттың өкілеттілігі, маңыздылығы және рөлі, сондай-ақ бірінші сатыдағы соттың сот қателіктерін жіберу салдарына және әділ сот талқылауын тағайындаудағы апелляциялық сатыдағы соттың шығарған шешімінің ықпал ету мәселесіне арналған. Апелляциялық тәртіппен қылмыстық істі қарау барысында үкімнің күшін жою немесе өзгерту негіздерін жан-жақты зерттеп, толық мағынасын ашу және бірінші сатыдағы соттың шешімін қайта қарау институты ретінде апелляцияның тиімділігін жоғарғы дәрежеге жеткізу дипломдық жұмысымыздың өзекті мәселесі болып табылады. 1995 жылғы Қазақстан Республикасы Конституциясының 12-бабында : Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары танылуына және олардың құқықтық тұрғыда қорғалуына кепілдік берілсе, онда осы баптың 2-тармағында адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады және олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілер мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады - деп бекітілді.
1.2. Заңды күшіне енбеген сот шешімдеріне апелляциялық шағым жасау, оларды прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарау
Үкімге, қаулыға апелляциялық шағым жасау құқығы сотталған адамға, ақталған адамға, олардың қорғаушыларына, оның ішінде үкім, қаулы жария етілгеннен кейін іс бойынша іс жүргізуге кіріскен қорғаушыларына, олардың заңды өкілдеріне, жәбірленушіге (жекеше айыптаушыға), олардың өкілдеріне және заңды өкілдеріне тиесілі. Азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер, олардың өкілдері және заңды өкілдері үкімге азаматтық талап қоюға қатысты бөлігінде шағым жасауға құқылы. Апелляциялық тәртіппен сот актісін қайта қарау туралы прокурордың апелляциялық өтінішхатын істі қарауға мемлекеттік айыптаушы ретінде қатысқан прокурор келтіруі мүмкін. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры және оның орынбасарлары, облыстардың прокурорлары мен оларға теңестірілген прокурорлар және олардың орынбасарлары, аудандардың прокурорлары мен оларға теңестірілген прокурорлар өздерінің құзыреті шегінде істі қарауға қатысу-қатыспауына қарамастан, үкімді, қаулыны қайта қарау туралы прокурордың апелляциялық өтінішхатын келтіруі мүмкін. Егер соттың қаулысы осы істің тараптары болып табылмайтын тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне қатысты болса, олар да сот актісіне шағым жасауға құқылы.
Аудандық және оларға теңестірілген соттардың, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың заңды күшіне енбеген үкімдеріне, қаулыларына апелляциялық (жекеше) шағымдарды, прокурордың өтінішхаттарын тиісті облыстық және оған теңестірілген соттың апелляциялық сатысы қарайды. Гарнизондардың әскери соттарының, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соттардың заңды күшіне енбеген үкімдеріне, қаулыларына апелляциялық (жекеше) шағымдарды, прокурордың өтінішхаттарын Әскери сот қарайды. Егер іс бойынша үкім және қаулы шығарылса, онда үкімге апелляциялық шағымдар, прокурордың өтінішхаттары және қаулыға жекеше шағымдар, прокурордың өтінішхаттары облыстық немесе оған теңестірілген соттың апелляциялық сатысының бір отырысында қаралады. Басты сот талқылауы барысында шығарылатын, бұлтартпау шарасы және ақшалай өндіріп алуды қолдану туралы қаулыларға жекеше шағымдар, прокурордың өтінішхаттары іс бойынша іс жүргізу аяқталғанға дейін апелляциялық сатыда қаралады. Көрсетілген шағымдарды, прокурордың өтінішхаттарын апелляциялық сатыда қарау қылмыстық істі бірінші сатыдағы сотта одан әрі қарауды үзбейді. Үкім, қаулы шығарған сот арқылы апелляциялық (жекеше) шағымдар беріледі, прокурордың өтінішхаттары келтірiледi. Апелляциялық сатыға тiкелей келiп түскен апелляциялық (жекеше) шағымдар, прокурордың өтінішхаттары осы Кодекстiң 420-бабының және 421-бабы екiншi бөлiгiнiң талаптарын орындау үшiн үкім, қаулы шығарған сотқа жiберілуге жатады. Істі қайтадан қарау кезінде шығарылған үкімге, қаулыға осындай тәртіппен шағым жасалуы, ол прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қаралуы мүмкін. Үкім, қаулы жария етілген күннен бастап он бес тәулiк iшiнде апелляциялық (жекеше) шағымдар беріледі, прокурордың өтінішхаттары келтіріледі, ал күзетпен ұсталатын сотталған адам оларды өзіне үкімнің, қаулының көшiрмесi табыс етілген күннен бастап дәл сондай мерзiмде бере алады. Сот актісіне шағым жасау үшiн белгiленген мерзiм iшiнде iсті бірінші сатыдағы соттан талап етiп алдыруға болмайды. Мерзiмдi өткізіп алып берiлген апелляциялық (жекеше) шағым, прокурордың өтінішхаты үкімді, қаулыны шығарған соттың қаулысымен мерзімді қалпына келтіру туралы өтінішхат болмаған кезде осы негіз көрсетіле отырып, авторға қайтарылады. Егер шағымды, прокурордың өтінішхатын бірінші сатыдағы сот қабылдаған соң оларды беру мерзімінің өткізіп алынғаны апелляциялық сатыда анықталса, апелляциялық саты судьясы өз қаулысымен оларды қараусыз қалдырады. Апелляциялық (жекеше) шағым беру, прокурордың өтінішхатын келтіру мерзімі өткізіп алынған жағдайда шағымды, прокурордың өтінішхатын беруге құқығы бар адамдар үкімді, қаулыны шығарған сот алдында өткізіп алынған мерзімді қалпына келтіру туралы өтінішхат бере алады. Апелляциялық (жекеше) шағымды, прокурордың өтінішхатын беру мерзімін қалпына келтіру туралы өтінішхат жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында берілуі мүмкін. Мерзімді қалпына келтіру туралы өтінішхатты сот отырысында - істің басты сот талқылауы кезінде төрағалық еткен судья, ал ол ұзақ уақыт (кемінде бес тәулік) болмаған кезде осы соттың басқа судьясы қарайды, ол өтінішхат қозғаған адамды түсініктеме беру үшін шақыртуға құқылы. Судьяның өткізіп алынған мерзімді қалпына келтіруден бас тарту туралы қаулысына тиісті облыстық немесе оған теңестірілген сотқа шағым жасалуы, прокурордың өтінішхаты бойынша сонда қайта қаралуы мүмкін, ол өткізіп алынған мерзімді қалпына келтіруге және осы Кодекстің 420-бабында және 421-бабының екінші бөлігінде жазылған талаптарды сақтай отырып, шағым, прокурордың өтінішхаты бойынша істі қарауға құқылы. Соттың апелляциялық шағым берудің, прокурордың өтінішхатын келтірудің өткізіп алынған мерзімін қалпына келтіру туралы қаулысымен келіспейтін процеске қатысушылар апелляциялық сатының отырысы басталғанға дейін немесе сонда өз дәлелдерін беруге және осы қаулының күшін жою туралы өтінішхат беруге құқылы. Мұндай өтінішхат қанағаттандырылған жағдайда, апелляциялық саты өз қаулысымен апелляциялық шағымды, прокурордың өтінішхатын қараусыз қалдырады. Осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген сот процеске қатысушының өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мүмкіндігін шектейтін заң бұзушылық кезінде (сот отырысының хаттамасын уақтылы дайындамау, іске қатысатын, сот ісін жүргізу тілін білмейтін адамға сот актісінің көшірмесін аудармасыз табыс ету, сот актісінің қарар бөлігінде шағым жасау мерзімін көрсетудегі дәлсіздіктер), сондай-ақ оның шағымды уақтылы беруіне немесе прокурордың өтінішхатын келтіруіне объективті түрде кедергі келтіретін өзге де мән-жайлар болған кезде апелляциялық (жекеше) шағым берудің, прокурордың апелляциялық өтінішхатын келтірудің өткізіп алынған мерзімін қалпына келтіруге міндетті. Апелляциялық саты судьясының өткізіп алынған мерзімді қалпына келтіру туралы қаулысы шағыммен, прокурордың өтінішхатымен және басқа да материалдармен бірге үкімді, қаулыны шығарған сотқа осы Кодекстің 420 және 421-баптарында көзделген әрекеттерді орындау үшін дереу жіберіледі. Үкімді, қаулыны шығарған сот апелляциялық (жекеше) шағымның берілгені, прокурордың өтінішхатының келтірілгені туралы сотталған адамға немесе ақталған адамға, оның қорғаушысына, өкіліне, айыптаушыға, жәбірленушіге және оның өкіліне, сондай-ақ шағым, прокурордың өтінішхаты олардың мүдделерін қозғайтын болса, азаматтық талапкерге, азаматтық жауапкерге немесе олардың өкілдеріне хабар береді. Осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген адамдарға шағымның, прокурордың өтінішхатының көшірмелері не үкімді, қаулыны шығарған соттың интернет-ресурсы арқылы олардың электрондық көшірмелерімен танысу мүмкіндігі туралы хабарлама жіберіледі. Бұл ретте тараптарға жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанын- да шағымға, прокурордың өтінішхатына қарсылықтар беру құқығы түсіндіріліп, оларды ұсыну мерзімі көрсетіледі. Тараптарға қайта қарау үшін шағым, прокурордың өтінішхаты келтірілген сот актісімен келісуі туралы өз дәлелдерін беру құқығы да түсіндіріледі. Шағымға, прокурордың өтінішхатына келіп түскен қарсылықтар, тараптардың дәлелдері іске қоса тігіліп, апелляциялық сатыда жиынтық түрде қаралуға жатады.
Тараптар жаңа материалдарды апелляциялық сатыға апелляциялық (жекеше) шағымға, прокурордың өтінішхатына қарсылықпен бірге немесе бөлек ұсынуға немесе оларды талап етіп алдыру және зерттеу туралы, сондай-ақ өздері көрсеткен жәбірленушілерді, куәларды, сарапшыларды, мамандарды сотқа шақырту және олардан жауап алу туралы өтінішхат беруге болады. Апелляциялық (жекеше) шағым беру және прокурордың өтінішхатын келтіру, бұлтартпау шарасы туралы шешімді қоспағанда, үкімнің, қаулының заңды күшіне енуін және оларды орындауға келтіруді тоқтата тұрады. Бірінші сатыдағы сот үкімге, қаулыға шағым жасау, оны прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарау және осы Кодекстің 420-бабының талаптарын орындау үшін белгіленген мерзім өткеннен кейін бір тәуліктен кешіктірмей, істі келіп түскен шағымдармен, прокурордың өтінішхатымен, оларға қоса берілген құжаттармен, сондай-ақ оларға қарсылықтармен бірге тиісті соттың апелляциялық сатысына жібереді. Бiрiншi сатыдағы соттың қаулыларына жекеше шағым, прокурордың өтінішхаты жоғары тұрған сотқа қаулы шығарылған күннен бастап он бес тәулiк iшiнде берiледi және апелляциялық iс жүргiзу қағидалары бойынша қаралады. Үкім шығарумен аяқталған сот талқылауы кезінде шығарылған қаулыға шағым берілген, прокурордың өтінішхаты келтірілген жағдайда, іс үкімге шағым жасау үшін белгіленген мерзім өткен соң ғана жоғары тұрған сот сатысына жіберіледі. Апелляциялық шағымда, прокурордың өтінішхатында: 1) шағым, прокурордың өтінішхаты жолданып отырған тиісті апелляциялық сатыдағы соттың атауы; 2) шағым берген немесе прокурордың өтінішхатын келтірген адамның процестік жағдайы, тұрғылықты жері немесе тұрған жері, онымен хабарласудың байланыс құралдарының нөмірлері көрсетіле отырып, ол туралы деректер; 3) шағым берілген, прокурордың өтінішхаты келтірілген үкім немесе қаулы және осы шешімді шығарған соттың атауы; 4) үкімнің, қаулының қай бөлігінде немесе оларға толық көлемде шағым берілгенін, прокурордың өтінішхаты келтірілгенін көрсету; 5) шағым берген, прокурордың өтінішхатын келтірген адамның өз пікірі бойынша сот үкімінің, қаулысының дұрыс еместігі неде екендігі, сотқа дейінгі іс жүргізуді жүзеге асыру немесе істі қарау кезінде заңның қандай нормаларының бұзылғаны және мұның ол бойынша шешім қабылдауға әсер еткені туралы дәлелдері және оның өтінуінің мәні; 6) шағымның, прокурор өтінішхатының авторы өз талаптарын негіздейтін, оның ішінде бірінші сатыдағы сот зерттемеген дәлелдемелер; 7) шағымға, прокурордың өтінішхатына қоса берілетін материалдардың тізбесі; 8) шағым берілген, прокурордың өтінішхаты келтірілген күн және шағым авторының, өтінішхат келтірген прокурордың қолтаңбасы қамтылуға тиіс. Егер берілген шағым, прокурордың келтірілген өтінішхаты осы талаптарға сәйкес келмесе, олар берілген деп есептеледі, бірақ үкім шығарған сот оларды толық ресімдеу мерзімін көрсете отырып, кері қайтарады. Егер көрсетілген мерзім ішінде апелляциялық (жеке- ше) шағым, прокурордың өтінішхаты қайта жасалғаннан кейін сотқа ұсынылмаса, олар берілмеген деп есептеледі, бұл туралы шағым, прокурордың өтінішхаты авторына хабарланады. Апелляциялық сатыдағы сот шағымды осы баптың бірінші бөлігіне сәйкес ресімдеу үшін осындай тәртіппен қайтаруға құқылы. Тараптар апелляциялық (жекеше) шағымның, прокурордың өтінішхатының негіздерін растау ретінде шағыммен бірге немесе оны бергеннен кейін апелляциялық сатыдағы сотқа жаңа материалдар ұсынуға немесе оларды талап етіп алдыру және зерттеу, сондай-ақ өздері көрсеткен куәлардан, жәбірленушілерден, сарапшылардан, мамандардан жауап алу, бірінші сатыдағы сот тергеуі олқылықтарының орнын толтыруға бағытталған өзге де әрекеттер жасау туралы өтінішхат беруге құқылы. Апелляциялық (жекеше) шағым берген, прокурордың өтінішхатын келтірген адам сот отырысы басталғанға дейін өзінің шағымын, прокурор өтінішхатын өзгертуге не жаңа дәлелдермен толықтыруға құқылы. Бұл ретте прокурордың қосымша өтінішхатында немесе прокурордың өтінішхатын өзгерту туралы оның арызында, сол сияқты жәбірленушінің, жекеше айыптаушының немесе өкілдердің үкімге шағым жасау мерзімі өткеннен кейін берілген қосымша шағымында, егер прокурордың бастапқы өтінішхатында немесе шағымда сотталған адамның жағдайын нашарлату туралы талап болмаса, осындай мәселе қойыла алмайды. Сот актісіне шағым жасау мерзімі өткеннен кейін іс бойынша іс жүргізуге кіріскен қорғаушы шағымды өзгерте алады не жаңа дәлелдермен толықтыра алады, іске бұрын қатысқан қорғаушы берген шағымдағы дәлелдердің қосымша дәйектемелерін ұсына алады. Үкімге, қаулыға шағым жасаған, прокурордың өтінішхатын келтірген адам апелляциялық сатыдағы сот отырысы басталғанға дейін өз шағымын, прокурордың өтінішхатын кері қайтарып алуға құқылы. Прокурордың өтінішхатын жоғары тұрған прокурор да кері қайтарып алуы мүмкін. Қорғаушы, заңды өкіл өз шағымын сотталған адамның келісімімен ғана кері қайтарып алуға құқылы. Сотталған адам өзінің қорғаушысы, заңды өкілі берген шағымды кері қайтарып алуға құқылы, көрсетілген адамдардың шағымдарын оның кері қайтарып алуы сот үшін міндетті болып табылады.
2. Заңды күшіне енбеген сот үкімдері мен қаулыларын қайта қарау институты 2.1. Апелляциялық өндірістің түсінігі, міндеттері және маңызы
Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары. Осыған сәйкес әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғауға құқығы бар. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу заңына сәйкес, қылмыстық істер бойынша істер жүргізудің заңда белгіленген тәртібі адамды және азаматты негізсіз айыптау мен соттаудан, олардың құқықтары мен бостандықтарын заңсыз шектеуден қорғауды, кінәсіз адам заңсыз айпталған немесе сотталған жағдайда - оны дереу немесе толық ақтауды қамтамасыз етуі, сондай - ақ заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға, қылмыстың алдын алуға, құқықты құрметтеу көзқарасын қалыптастыруға жәрдемдесуі тиіс. Жоғарыдағы аталған ескере отырып қазіргі құқықтық мемлекетте адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары басты орында және олардың орындалуына мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар заңда көзделген барлық әрекеттерді жүзеге асыруы тиіс. Елде құқықтық мемлекет принциптерін одан әрі бекіту процесінде, бір жағынан, адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асырудың ең жоғары ықтимал кепілдігіне қол жеткізу, ал екінші жағынан барлық мемлекеттік органдардың, лауазымы тұлғалардың, азаматтар мен ұйымдардың конституциялық міндеттерді бұлжытпай және толық орындауы маңызды. Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету үшін біздің Конституция талап ететіндей, тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне немесе кез келген өзге жағдаяттарға қатыссыз құқықтары мен бостандықтарының теңдігіне кепілдік беретін жағдай жасау болып табылады. Осы жерде тұлғалардың соттың заңды күшіне енбеген үкімдеріне апелляциялық тәртібімен шағым жасау немесе наразылық білдіру құқығы, адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуының бірден бір конституциялық кепілдігі болып табылады. Апелляция термині латынның appellacio - жүгіну деген сөзінен шыққан. Яғни бұл істі қараған төменгі сатыдағы соттың үкімін, қаулысы мен өзге де шешімін қайта қарау мақсатында жоғары тұрған апелляциялық сотқа жүгіну табылады. Тараптар заңды күшіне енбеген сот үкімдеріне заңда көзделген ережелерге сәйкес апелляциялық тәртіппен шағым жасауы және наразылық білдіруі мүмкін. Үкімге шағымдану құқығы сотталушыға, ақталушыға, олардың қорғаушыларымен заңды заңды өкілдеріне, жәбірленушіге және оның өкіліне тиесілі. Азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер немесе олардың өкілдері үкімге, оның азаматтық талапқа қатысты бөлігінде шағым жасауға құқылы. Қазақстандық сот ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz