Аштықтың ауыр зардаптары
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2
1.бөлім 1921-1922 жылдардағы ашаршылық ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... .4
1.1.Аштықтың ауыр зардаптары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2. Жұқпалы аурулардың таралуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
2.бөлім 1921-1922 жылдардағы Қазақстандағы ашаршылықтың сол кездегі баспасөздегі көрінісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
2.1.Ашаршылықтың көп аймақтарда таралуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
2.2.Ашаршылықпен күрес ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
КІРІСПЕ
Жұмыстың өзектілігі. 1921-1922 жылдардағы ашаршылық Қазіргі кезеңде қазақ халқының жартысына жуығы қырылған 1930-32 жылдардағы ашаршылық біршама зерттеліп жазылғанымен, 1921-22 жылдардағы ашаршылық жөнінде бірен-саран еңбектерде болмаса, ақиқат әлі айтыла қойған жоқ.Мұрағат деректері мен басылымдарға назар аудара келсек, 1921 жылы Қазақстанның бес губерниясы мен бір уезі, атап айтсақ, Орынбор, Ақтөбе, Орал, Бөкей, Қостанай губерниялары мен Адай уезі ашаршылыққа ұшырады. 2 653 300 адам тұратын Қазақстанның батыс бөлігімен және онымен шекараласатын Қостанай губернияларының ашаршылыққа душар болуының объективті және субъективті себептері бар еді. Олардың әрқайсының аражігін таратпай жалпы айтсақ, 1921 жылғы аштықтың негізі әріде, тереңде жатты. 1916 жылы қазақ жастарын тыл жұмыстарына алу, шақырылғандардың бас сауғалап қашуы, халық наразылығының өршіп, Торғай төңірегін қамтыған ұлт-азаттық күресі, ақ пен қызыл кезекпе-кезек билікке келген аласапыран азамат соғысы, ер-азаматтың ат үстінде болуы қалыптасқан шаруашылық жүйесін тоқырауға ұшыратты. Оның үстіне 1920 жылғы жұт пен 1921 жылғы құрғақшылық ауыл шаруа - шылығын тұралатып, халықты күйзеліске душар етті.
Азамат соғысы аяқталғаннан кейін Кеңестер елін тағы бір ауыр сынақ күтіп тұрды. 1921-1922 жылдардағы ұзаққа созылған қарсыз қыс жауынсыз жазға ұласты. Қыста қардың, көктем мен жазда жауынның болмауы қатты құрғақшылықты, оның салдары ашаршылық нәубетін әкелді. 1921 жылдың жазында ол елдің көптеген өңірлерін, әсіресе Еділ бойы аудандарын жайлады. 1921 жылдың күзіне қарай бүкіл ел бойынша 20 млн астам адам аштыққа ұшырады.
Етек алған ашаршылыққа байланысты РК(б)П Орталық Комитеті 1921жылғы 17 шілдеде партияның барлық мүшелеріне арнайы үндеу жолдады. Ашаршылық, -- делінді үндеуде, -- тек құрғақшылықтың нәтижесі емес, оның себебі аграрлық сектордың артта қалуында, ауыл шаруашылық білімі денгейінің төмендігінде, ауыспалы егіс нысандарының ескілігінде, бұл және соғыс пен әскери қоршаудың, сондай-ақ помещиктер мен капиталистердің және олардың итаршыларының бізге қарсы күресінің бәсеңсімей отырғанынын да салдары.[[1]]. Партия құжаттарында көрсетілген себептермен бірге, жаппай ашаршылық Кеңес өкіметі қатаң жүргізген, халық шаруашылығына, әсіресе ауыл шаруашылығы саласына қатты соққы болып тиген әскери коммунизм саясатының нәтижесіндегі төтенше экономикалық жағдайларға да байланысты туындады.
Курстық жұмыстың мақсаты: Қай ұлттың болмасын қаламгерлер қауымы тарихтың тегершігімен бірге айналған жылдардың жүлгесінде өз халқының бастан кешкен басты қайғылы-тағылымды оқиғалары жөнінде көбірек қалам сілтеп, оқырман назарын осының байыбына барынша қырағаттап аударуға ұмтылады. Біздің қазақ үшін XX ғасырдағы сондай сұрапыл оқиғалардың арасында 1921 және 1931-1933 жылдар аумағын қамтыған ашаршылықтың алатын орны айрықша зор болды.Курстық жұмыстың басты мақсаты
ашаршылық кезінде болған оқиғаларды түсіндірмелі түрде баяндау болып табылыды.
Курстық жұмыстың міндеті:1921-1922 жылдардағы ашаршылыққа толықтай шолу жасау.Аштықтың ауыр зардаптары туралы баяндап жеткізу.
Рас, егемендігіміз еңсесін көтергенше, бізде бұл тақырыпта туынды тудырып, оны шығара қою аса қиынға түсті. Бұл ретте менің ойыма алдымен Бейімбет Майлиннің 1921 жылғы ашаршылық туралы жазылған Берен, Қырманда атты повестері, Күлпәш, Ашаршылық құрбаны, Айт күндері деген әңгімелері, Нұрхан Ахметбеков пен Нұрлыбек Баймұратовтың поэмалары оралады. Сол сияқты Жүсіпбек Аймауытов - тың Елес деп аталатын әңгімесі болды. Ал Жақан Сыздықовтың 1927 жылы жазылған Әлі қарттың әңгімелері дейтін поэмасы 1940 жылы кітап болып шыққан бойында өртелді. Содан бастап бұл тақырыпта жазуға тыйым салынды. Сондықтан сол бір зобалаң жылдар туралы сөз бола қалғанда, оны асыра сілтеу кезеңі деуден арыға бара алмадық. Дегенмен қаламгерлеріміз бұл тақырыпты жаңбыр-жаңбырдың арасымен қозғап тұруды да ұмыта қойған жоқ. Ал бұл тақырыпты жазба жүзінде аянбай ашық көрсете алатын нағыз ақжарылқап кезең республика тәуелсіздікке қол жеткізіп, дербес мемлекет атанған мезгілден бастап қана туды.
Зерттеу нысаны: Қиналған халыққа жұртты жұмылдырып көмек берген, ажал, аштық, тырнағынан арашалаған Алаш арыстары кейіннен малды құжатсыз үлестірді деген жаламен істі болды. Қызыл коммунистер осылайша Торғайісінбастады.
Елдегі ашаршылық жайы сол кездерде ұлт зиялыларын да бейтарап қалдырған жоқ. Атап айтқанда, 1920 жылдары орын алған ашаршылықтың зардабын сол кездегі зиялылардың көбі жазды, олардың арасында Тұрар Рысқұлов та, Мұстафа Шоқай да болды. Соңғы кезде ҰҚК мұрағатынан Мұхтар Әуезовтің 1921 жылы қазақтың тұңғыш құрылтайында сөйлеген сөзі табылды. Мұхаң сондағы сөзінде: соңғы жылдары ашаршылықтың салдарынан 1 миллион 700 мың қазақ қырылды, оның 700 мыңы - балалар деген екен. Сол тұста Правда газеті Сафаров есімді комиссардың 1 миллион қазақ қырылды деген сөзін келтіреді.
Зерттеу орны: Қазақстанның көпшілік аудандары етек жайған ашаршылық құрсауында қалд. Орал, Орынбор, Қостанай, Бөкей, Ақтөбе губернияларында себілген астық қатты құрғақшылықтан шықпай қалды, шыққандары жазғы ыстықта қурап калды. Мал өсірумен айналысатын көшпелі және жартылай көшпелі аудандардағы жайылымдар мен шабындықтар толықтай күйіп кетті. Оның үстіне 1920-1921 жылдардағы ұзаққа созылған қатал қыс Торғай уезінде малдың жаппай қырылуына әкеп соқты. Шұбалаң, Майқара, Сарықопа және басқа болыстар да зардап шекті. Ашаршылық құрбандарының, аштан өлгендердің саны күн сайын көбейе берді.
1.бөлім 1921-1922 жылдардағы ашаршылық.
1.1.Аштықтың ауыр зардаптары.
Қазақ халқы талай тарихтың ауыр кезеңдерін бастан өткерген қайсар да қайтпас халық. Тек өткен ғасырдың басында Қазақ халқы трагедияға толы түрлі оқиғаларды басынан кешірді: үлкен және кішілі революциялар, отарлық қанау, репрессия, ұжымдастыру, тәркілеу, аштық және т.б. сындардан өтті.Осы аталған большевиктік саясат тұсында қазақ даласы екі ірі аштықты бастан өткерді.
Бұл азаматтық соғыстың енді ғана аяқталған, большевиктер ел ішіндегі саяси-экономикалық, әлеуметтік шиеленісті өз пайдасына әлі толық шеше алмаған өліара кезең еді. Кронштадт бүлігі, шаруалар наразылығы, большевиктер билігін әлі де мойындай қоймау сол кезеңнің жалпы ахуалының сипатын көрсететін. Осы кезеңде тек қана Қазақстанда ғана емес, Ресейдің бірқатар жерінде де - Астрахан, Царицын, Саратов, Самара, Симбирск, Уфа губерниялары ашаршылық құрсауына түскен болатын.
Әрине, Қазақстандағы ауыр жағдайды орталықтағы большевиктік билік білді. Солай болғанымен, ашаршылыққа ұшыраған Ресей губернияларға көмек көрсетуді талап етті. Өз еліндегі ашаршылықтың дендеп, етек алып бара жатқанын көріп, біліп отырған Қазақ елінің билігі алдарында тұрған екі мәселені де шешу жолын ұстанды. Ресейге ішінара көмек жасағанымен, ел ішіндегі жағдайды реттеуді бірінші кезекке қойды. Сондықтан да болар, Қазақ Орталық Атқару Комитеті атынан Ә.Жангелдин мен Киселев Қазақстандағы ашаршылық жайын айта келіп, жағдайды реттеу әрі бір жағынан жеңілдету мақсатында Қазақстан территориясындағы басқа ұлт өкілдерін, мысалы, украиндарды өз республикаларына қоныс аударуға рұқсат беруін сұрады. Ашық айтылмаса да, бір себептері немесе орталықтың алыстан ойлаған мақсаттары болды ма, бұл ұсынысқа келісім бермеді. Сонымен қатар, алдын ала жоспарланған Қазақстанға Ресейден қоныс аударуға тиісті 2 млн адамды орналастыру мәселесі де өзгеріссіз қалды.
Қазақстанға Ресейден 2 млн адамды қоныстандыру қажет деген мәселе күн тәртібінде тұрғанымен, осы уақытта Қазақстанда аталған бес губерния мен бір уезде ашаршылыққа ұшырағандар саны да мәлімет бойынша 2 млн адам еді. 1922 жылдың қаңтарындағы мәлімет бойынша Орынбор губерниясында - - 437 776, Қостанай губерниясында - 252 816, Ақтөбе губерниясында - 359 326, Орал губерниясында - 277 835, Бөкей губерниясында - 100 мың, Адай уезінде 75 мың адам ашаршылыққа ұшырады. Бұл мәліметтің өзін орталықтың қырына ұшырап қалмау үшін қазақ билігі азайтып берген де болуы мүмкін. Себебі осы жылдары ел ісіне белсене араласып, елдің ауыр халін өз көзімен көрген М.Әуезов ...аштықтан құтқару үшін дәл қазір шұғыл шара қолданылмаса, онда Қазақ республикасы қазақсыз қалады дегенді бекер айтпаған болуы керек. Бұл биліктің дәрменсіздігі мен аштан қырылып жатқан қазақты көрген адамның жан айқайы, ышқынуы еді. Қазақстанда осыншама 2 млн адам ашаршылыққа душар болғанда, оларды ашаршылық тұзағынан алып шығу үшін қажетті азық-түлік қорын қалыптастыру, оларға көмек беру орнына тағы да осындай 2 млн адамды Ресейден Қазақстанға қоныс аудару ешбір логикаға келмейтін еді.
Бірақ Қазақстанда ашаршылық тұзағына түскендер жоғарыда аталғандар ғана емес, басқа жағдайы дұрыс деген губерниялар жайы да оңып тұрмады. Тек қана Ақмолада аштыққа ұшырағандар саны 100 670 адам деп көрсетілді. Ақмоланың өзінде жағдай осылай болғандығына қарамастан, оларға Мәскеуден берілген жоспардан тыс тағы да 300 мың тонна астықты Ресейге жіберу міндеттелді. Лениннен жұмысшылар мен шаруаларға көмектесу керек деген жеделхат келген соң, Арал балықшылары да 1921 жылдың 25 желтоқсанында Ресейге 14 вагон балық тиеп жөнелтті. Аштыққа ұшыраған Қазақстанға орталықтан көмек келгені былай тұрсын, қайта азық-түлік жіберу талап етілді.
Ақиқатын айтсақ, осы кезде ұлтжанды қазақ зиялылары, оның ішінде С.Сәдуақасов пен М.Әуезов ашаршылылық жа - йын айтып дабыл қақты. ...дәл осы, 1921 жылдың күзі мен 1922 жылдың көктем айларына де - йінгі аралықта ұлттың мүддесін қорғайтын аса көкейтесті шаралардың бірде-біреуі Смағұл мен Мұхтардың қатысуынсыз өткен жоқ. Бұл қарсаңда қазақтың қаратаяқтары (зиялыларды қыр қазақтары осылай атаған) бұрын-соңды болып көрмеген дәрежеде ұйымшылдық танытып, ішінара сая іздеген саяқтары болмаса, қалғандарының барлығы да ұлттық мүдденің айналасына топтасты.
Қазақстанның солтүстік-батыс аймағын қамтыған аштық қазақ ұлтының келешегіне, ұлт болып қалуына қауіп төндірді. Аштық қаупі күннен-күнге ұлғайып, жан сақтау үшін қолына түскеннің бәрін жеп, тіпті адам етін адам жеп жатқандығы жөніндегі суық хабарлар жетіп жатқандығына қарамастан, Орынбордағы қазақ билігі орнынан қозғалып, батыл шараларға бара қоймады. Оның екі түрлі себебі бар еді. Біріншіден, Қазақ өлкелік революциялық комитетінің мүшелері, негізінен, қазақ емес ұлт өкілдерінен құралды да, қазақ даласындағы ауыр халге соншалықты мазасыздана қоймады. Олар, керісінше, Ресейдің ашаршылыққа ұшыраған аудандарынан Қазақстаннан азық-түлік көмегін ұйымдастыруға белсене кірісті. Қазақ отбасыларының тіршілік етіп отырған алдындағы азын-аулақ малын, астығын жинап алды. Екіншіден, қазақ зиялылары арасында да таптық ұстанымдарына байланысты жік туып, биліктегі тапшылдар ел ішіндегі ашаршылықты, ауыр халды баяндап, шара қолдануды талап еткен зиялыларды, алашордашылардың кеңес үкіметіне қарсы әрекеті деп қабылдады. Сонымен қатар, ұлтжанды қазақ зиялыларының ұлттық мәселелерді көтеруі биліктегі басқа ұлт өкілдеріне де ұнай қоймады. Олардың арасында келісе алмаушылық жиі болды. Сондықтан билік
қазақ еліндегі ашаршылыққа бастапқы кезеңде белсене кіріспеді.
Сонымен қатар, шалғайда орналасуы, көлік қатынасының қиын болуы, көмектің дер кезінде жетпеуінен Торғай уезі халқының жағдайы нашарлады. Сырттан келетін азық-түліктің жетуі де қиын болды. Сондықтан қиын жағдайда қалған Торғай уезінің атқару комитетіне республикалық органдармен тікелей байланыс жасауға рұқсат берілді.
Осы жылдары ел қызметіне белсене араласқан М.Әуезов Еңбекші қазақ газетіне ашаршылыққа байланысты көлемді мақала жариялап, елді ашыққандарға жылу жинауға, көмек көрсетуге шақырды. Елдің ауыр халіне қазақ зиялылары көз жұмып қарай алмады. М.Дулатов та Ақжол газетіне бірнеше мақала жариялап, шындықты жазып, қазақ билігі қозғалсын, қимылдасын деген ниетте болды. Торғай үйезінде мал қырылып жатыр. Жазғы салым ашаршылық күтіп отыр - мыз. Алыстан азық таситын көлік қалған жоқ. Қарқаралы үйезінде шаруа күйзелді. Мал өліп жатыр. Жұрт жаяу, аш, жалаңаш... Темір үйезінде жұт. Ауру қалың, күнде жаназа... Бөкей ордасының қазақтары томыршық деген шөптің дәнін қағып жеп жатыр... Ырғыз үйезінің қазақтары саршұнақ тышқанды жеп жатыр. Күздігүні өлген малдардың өлексесін қар астынан қазып алып жеп жатыр. Өлексе әрі ас болмай, бишаралар қырылып жатыр деп жазды.
Ел ішін жайлаған аштық туралы айтылып, газетте жарияланғандарға бұл ұлтшылдардың босқа даурығуы, кеңес үкіметіне қарсы іс-әрекеті, сондықтан ұлтшылдарға қарсы күресті күшейту керек деп әрекетсіз отырған билікке М.Дулатов жанұшыра ашық түрде Аштық қырғынынан қайтсек құтыламыз? деген мақаласын Қазақстан үкіметінің назарына деп атаумен жазды. Елді ел қылу, қырғыннан құтқару үшін азамат тегіс атқа міну керек. Бірақ азамат өкіметтен рұқсатсыз атқа міне алмайды. Сондықтан қазақ өкіметі қазақты ел қыламын десе, закон жолымен бекітіп, аштар үшін күйлі елдерден жылу жинау - ға рұқсат етсін. Елге сенімді, білімді, таза азаматтарды бас - тық қылып, 20-30 комиссия шығарсын. Бұларға керекті күш-көмегін берсін. Комиссия - лар үйезді, облысты, ауданға бөліп араласын, жиналған малдарын жаз бойы ашаршылық болып жатқан жерлерге айдасын. Аш босқындарды аман елдерге көшіріп орналастырсын дей келіп, ...жалғыз өкімет тарапынан көрсетілген жәрдемге ғана сүйеніп отырсақ, елді қырып аламыз. Өкімет жәрдемін көрсете берсін, ол өз алдына, өзіміз жұрттың қамын ойлауымыз керек деп ел зиялыларын ел ішіне баруға, көмек көрсетуге шақырды.
Қазақ өкіметі ел ішіндегі жағдайдың одан әрі ушығып бара жатқанын білді. Енді шегінерге жер қалмағанын түсінді ме, әлде аштықты жою ісіне қалың қазақты жұмылдыра бастаған алашордашылар ықпалының өсіп бара жатқанынан, оның сыртында ел ішіндегі ахуалдың ауырлап, аштықтың жайлағанына көзі жеткен соң ба, ұлт зиялыларына рұқсат берді. Оның сыртында ашаршылықтан босқан елдің тасқыны қазақ шекарасынан тысқары кеткен еді.
1.2. Жұқпалы аурулардың таралуы.
Аштықпен бірге сүзек, тырысқақ, оба, дінгене және басқа аурулар да қатар келді. Жұқпалы аурулармен ауырған адамдардың саны республиканың емдеу мекемелерінің мүмкіндіктерінен едәуір асып кетті. Аштық пен қайыршылық күй, эпидемия, ауруханалардың жетіспеуі, осының бәрі аурулар арасындағы өлімнің санын көбейтіп жіберді. Мысалы, Қостанай губерниясында аштар мен аурулардың 75%-ға жуығы көз жұмды. Республиканың Денсаулық сақтау халық комиссариатының деректері бойынша Орынбор, Орал, Ақмола және Ақтөбе губернияларында 1921 жылдың 1 қарашасы мен 1922 жылдың 1 шілдесі арасында 37 657 адам ашаршылық құрбаны болды.[[2]]. Ашаршылық Қазақстанның басқа аймақтарын да айналып өткен жоқ.[[3]]. Сол кезде Тарғын-Бөкей губерниялы кеңесі атқару комитетінің төрағасы қызметін атқарған Х.Д. Чурин өз естелігінде: 1921 -- 1922 жылдардың қысында уезд орталығы болған кенттің көшелерінде біз таңғы сағат 5-6-ларда кейде ондаған адам өліктерін жинайтынбыз деп жазды. Ата-анасы көз жұмып, қараусыз қалған балалардың күн сайын 50-60-ын жергілікті өкімет органдары балалар үйлеріне бөлді. Егер 1921 жылғы 1 желтоқсандағы деректер бойынша қараусыз қалған аш-жаланаш балалар саны Қазақ АКСР-і бойынша 128 000 болса, осы жылдың соңында бұл көрсеткіш 158 000-ға, ал 1923 жылғы 1 наурызға қарай 408 022-ге жетті.[[4]]. 1922 жылғы наурыз-сәуір айларында Қазақстанды қысқан ашаршылық мүлде асқынып кетті. КазОАК-нің Төрағасы С. Мендешевтің 1922 жылғы 8 шілдеде КазОАК-нің III сессиясында жасаған баяндамасында осы жылдың көктемінде алынған толық емес деректер бойынша Қазақстан бойынша аштыққа ұрынғандар саны 2 832 000 адамды құраған.[[5]]. Ал 1920 жылдың соңында республиканың барлық тұрғындарының саны 4 781 263 адам еді. Оның 50,3%-ы -- қазақтар, 31,2%-ы - орыстар, 14,4%-ы - украиндар болатын.
Қазақ республикасында 1922 жылдың наурыз және сәуір айларындағы дерек бойынша, Семей губерниясының тұрғындарын қоспағанда, алты губерния тұрғындарының 68,2%-ы ашықты. Кейбір губернияларда ашыққандар саны орта көрсеткіштен де асып кетті. Мәселен, Орал губерниясында тұрғындардың 99%-ы, Орынбор губерниясында -80,3%-ы, Қостанай губерниясында 74,5%-ы аштық құрсауында қалды. Бөкей губерниясында осы көрсеткіш 29,5%-ды, Ақмола губерниясында 40,2%-ды құрады.[[6]].
Аштық пен құрғақшылықтан зардап шеккен губернияларда мал саны күрт азайды. Тек Қостанай губерниясында ғана 1920 жылмен салыстырғанда 1922 жылы жылқы 63%-ға, ірі қара (сауын малы) 50%- пайызға, ұсақ мал 65%-ға азайды, егіс алқабы 62%-ға қысқарды [[7]]. (РК(б)П Қостанай губерниялық комитеті мен бақылау комиссиясының есебінен, Қостанай. 1923 жыл, 10-мәлімет).
Республиканың ашаршылық жайлаған губернияларының тұрғындары жан сауғалап өз еріктерімен оңтүстікке -- Түркістан республикасына, шығыста - Ақмола және Семей губернияларына қарай босты. Еділ бойының тұрғындары Орынбор жәнеТүркістан губернияларына қарай ығысты. Мұның өзі Қазақстандағы жағдайды одан әрі күрделілендіріп жіберді.
Көршілес республикалардан босып келген аш адамдардың толассыз ағыны астығы жақсы деп есептелетін Ақмола және Семей губернияларының да ашыққан халық санын көбейте түсті. 1922 жылдың наурызында-ақ ашыққандар саны 472 мың адамды құрады, ал бұл губернияның 1921 жылғы барлық тұрғындарының жалпы санынан сәл ғана кем еді. Республиканың ашаршылық өршіген аймақтарының халқы азық-түлік қорындағы болмашы астықты талау әрекетіне кірісті.1922 жылғы 19-27 ақпанда Орынборда өткен екінші жалпы қазақстанды өңірлік партия конференциясында Қазақстан Орталық Атқару Комитетінің төрағасы С. Мендешевтің Қазақ АКСР-індегі ашаршылық және онымен күрес деген тақырыпта баяндамасы тыңдалды. Конференция көрсеткендей, ашаршылық Семей және Ақмола губернияларын қоспағанда, республиканың барлық аймақтарын қамтыды. Ашаршылықтың ғаламат болғаны соншалық, жүрек жалғайтын түк таппаған аш-арықтар өлгендер мәйітін де талғажу етті. ...Бүкіл елге тараған зұлмат аштық Қазақ АКСР-інің шаруашылық-экономикалық өмірін дамытуда басты кедергі болды, ол кеңестік құрылыс іргетасын шайқап қана қойған жоқ, сонымен бірге халықтың басты көпшілігін қайыршылыққа ұшыратты [[8]]. деп жазылды конференция қарарында. Құжатта ашаршылықпен және оның салдарымен күресуге бағытталған бірқатар нақты шаралар белгіленді. Конференция ашыққандарға көмек көрсету жөніндегі комиссияны жұмысына партияның белсенді қызметкерлерін тарту қажеттігін атап көрсетті. Конференция делегаттары РКФСР көлік қызметкерлеріне арнап ашаршылықтан зардап шеккен аймақтарға тамақ өнімдері мен астықты үздіксіз жеткізу туралы үндеу қабылдады. Дала өлкесіндегі қазақ халқына көмек көрсетуге назар аударылсын, - деп айтылды қарарда, - сол үшін аппарат қызметін қайта құру қажет.[[9]].
Республиканың губерниялық және уездік атқару комитеттерінің жандарынан ашыққандарға көмек көрсету жөнінде арнаулы комиссия құрылды. Алғашқы комиссиялардың бірі Кеңестердің Торғай уездік атқару комитетінің жанынан 1921 жылдың көктемінде-ақ ұйымдастырылып, жұмысын бастады.
Ашыққан ауылдар мен болыстарға алғашқы көмекті ұйымдастыру үшін уездік атқару комитеті мүшелерінің барлығы дерлік елге жіберілді, 1921 жылдың көктемінде әр селолық кеңестің жанынан көктемгі егіс жұмыстарын ойдағыдай өткізу үшін арнаулы комиссиялар құрылды, олар мүмкіндігінше қажетті астықпен қамтамасыз етілді. Аштық жайлаған Торғай уезінің тұрғындарына губерниялық азық-түлік комитеті көмек ретінде 50 000 пұт астық және көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге тұқым қорынан 500 пұтастық бөлді.[[10]].
Торғай уездік атқару комитетінің 1921 жылғы 12 мамырдағы кеңейтілген отырысында ашыққан халыққа жедел көмек көрсету жөнінде мәселе қаралды. Отырысқа уездік атқару комитетінің Т. Жүргенов басқарған мүшелері, ОАК-нің өкілдері Ә. Жангелдин, С. Арғыншиев, Тимошенко мен Арынғазиев қатысты. Уездік атқару комитеті төрағасының басқаруымен жабдықтау бөлімі, экономикалық және азық-түлік бөлімдері өкілдерінен ашыққан халыққа жедел көмек көрсету үшін комиссия құру туралы шешім қабылданды. Жергілікті жерлерде Комиссия бөлімшелерін ұйымдастыру көзделді.[[11]].
Ашаршылық 1921 жылы Қостанай уезінің барлық аудандарына дерлік тарады. Көптеген болыс тұрғындарының 75%-ына жуығы аштықтан зардап шекті. Болыстық, селолық және ауылдық кеңестер ашаршылық пен бала өлімін тексеру үшін аянбай күресті.
1. жылдың екінші жартысында уездің ауылдары мен селоларында 10 балалар үйі ашылды, онда 1000-ға жуық ашыққан балалар орналастырылды. Балалар үйі азық-түлік салығы есебінен тамақпен қамтамасыз етілді, отындық ағаш дайындау шаруашылық қаражатымен жүзеге асырылды. Осыған қоса барлық болыс орталықтарында ашыққандарды тегін тамақтандыратын асханалар жұмыс істеді Ауқатты адамдардан өндіріліп алынған қосымша салық асханаларды азық-түлікпен қамтамасыз етті. 1921 жылы осындай шаралар Қазақстанның басқа аймақтарында да жүргізілді. Мысалы, Ойыл уездік атқару комитетінің 1921 жылғы 16 шілдедегі шешіміне сәйкес ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz