Әскери барлау


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Педагогикалық унвиерситеті

СӨЖ

Әскери барлау құралдары

Орындаған : Серикбаева Мадина.

Тобы: 1101-29

Қабылдаған: Сералиева У.

Жоспары:

Кіріспе:

Әскери барлау.

Негізгі бөлім:

Әскери барлау тарихы.

Қорытынды.

Көшпенділердің әскери барлау әдістері.

Пайдаланылған әдебиеттер!

Әскери барлау - қарсыластың немесе ықтимал қарсыластың қарулы күштері туралы, мемлекеттің экономикалық, моральдық-саяси жағдайы туралы мәліметтер алу және зерттеу мақсатында жүргізілетін іс-шаралар жиынтығы. Әскери барлау стратегиялық, оперативтік және тактикалық болып үш түрге бөлінеді. Олар өзара тығыз байланысты, әрі бірін-бірі толықтырып тұрады. Әскери барлауды әскер (әскери барлау) күштері мен құралдары, арнайы органдар (агентуралық барлау) жүргізеді.

Әскери барлау тарихы .

Әскери барлау органдарының құрылғанына 99 жыл толуына арналып «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының 44736 әскери бөлімінде салтанатты жиын өтті. Әскери барлау органдарының құрылған күнімен жеке құрамды бөлім командирі подполковник Сәбит Әзірбайұлы Үркінбаев, әскери бөлімдегі ҚР Қарулы Күштері ардагерлері кеңесінің төрағасы запастағы полковник Марат Аманов құттықтады. Әскери барлау органдарының құрылған күніне орай бір топ әскери қызметшіге алғыс жарияланды. Әскери тәртіп пен ұрысқа әзірлікті жетілдіруге қосқан қомақты үлесі және қызметтік міндеттерін атқаруда белсенділік танытқандығы үшін барлаушылардың тағы бір легі мақтау грамотасы және сыйлықтармен марапатталды. Әскери барлау күніне шашу ретінде концерттік бағдарлама да ұсынылды. Шырқалған әсем ән мен күмбірлеген күй әскерилердің патриоттық сезімін оятты, рухани күш берді.

Көшпенділердің әскери барлау әдістері.

Көшпенділер тек үздік жауынгер ғана емес, сонымен қатар батыл барлаушылар да болған. Бұл туралы тарихшы, ғалым, көшпенділердің әскери тарихы бойынша маман А. К. Көшкімбаев әңгімелейді

Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету - кез келген мемлекеттің алдында тұрған басты мәселе. Өткен замандарда да бұл мәселеге билеушілер аса зор мән берген. Әр мемлекетте қарсыластың жоспары, оның әскери күші, қару-жарағы туралы ақпаратты жинаумен айналысатын барлау органдары болған. Барлау әскери іс-қимылды мейлінше тиімді жүргізуге мүмкіндік береді. Жиналған әскери ақпарат соғыс немесе бейбітшілік туралы салиқалы шешім қабылдауға мүмкіндік береді.

Әскери барлау туралы пайымдай келе, Иран билеушісі Газан хан жаудың жоспарын білу үшін оған жансыздарды жіберу керек дегенді атап өтеді. Барлау моңғол мемлекетінің әскери жүйесінің маңызды бөлігі болған.

Моңғол армиясында әскери барлаумен арнайы тұлғалар - «жұртшылар» айналысқан. Олар барлаушылар мен тыңшылардың қызметіне жауап берген. Алдағы әскери іс-қимылдар театрын жете зерттеу моңғол әскери өнерінің мықты жағы болған, бұл іс те «жұртшыға» жүктелген. Соғыс басталғанға дейін моңғолдар қашықтыққа стратегиялық барлау жүргізіп, ықтимал дұшпанның қарулы күштерінің жауынгерлік әзірлігі мен әскери жағдайын анықтап алған.

Осындай барлаудың ең бір нәтижелі түрі - барлау жорықтары немесе күтпеген аңшылық. М. И. Иваниннің шығармасында былай делінеді: «жұртшы - офицерлердің бастығы еуропалық әскердегі генерал - квартирмейстерге сәйкес келген. Оның және оның командасының міндеті: жазғы және қысқы әскери көштерді орналастыру, әскердің қозғалуы кезінде де, соғыс қимылдары кезінде де көш (лагерь) тоқтайтын орынды тауып, белгілеу, хан мен қолбасшылар ордаларының орналасу орнын белгілеу, сондай-ақ әскердің тұрақтарын орналастыруға арналған жерлерді көрсеткен болуы керек, бұл үшін ерекше ережелердің болғаны сөзсіз. Елсіз сусыз жерлерде жорықта жүргенде, жұртшылар осы уақыт аралығына жететін су қорын, қанша азық-түлік алу керектігін анықтауға міндетті болған, қай жерде қандай су мен азық бар, олардың сапасын білуі керек болған. Отырықшы жерлерде олар егістікке зиян келтірмес үшін көштерін (лагерь) егілген жерлерден алысқа орналастырған».

Пайдаланылған әдебиеттер!

↑ Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б. Ө. Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет. ISBN 9965-893-73-Х

↑ Қазақ Энциклопедиясы

↑ Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ, 2001

«https://kk. wikipedia. org/w/index. php?title=Барлау&oldid=1901413» бетінен алынған

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Барлау
Химиялық барлаудың негізгі мақсаттары мен міндеттері. Химиялық барлау мен бақылаудың аспаптары. Радиациялық барлаудың мақсаттары мен міндеттері. Радиациялық барлауды жүргізу мен ұйымдастыру
Химиялық және радиациялық барлаудың негізгі мақсаттары мен міндеттері
Көпір құрылысын механикаландыру және көпірдің конструкциясын дайындау
«Тактикалық дайындық» пәні бойынша оқу - әдістемелік кешен
Алғашқы әскери дайындық оқу бағдарламасы
Арнайы жедел-іздестіру шаралары
Мемлекеттік және қызметтік құпияларды құрайтын мәліметтерді ішкі істер органдарында қорғау түсінігі, жіктелуі және ерекшеліктері
Геологиялық-геофизикалық зерттеудің және мұнай-газды аймақтарды игерудің негізгі кезеңдері
Қазақстан Республикасы ұлттық қауiпсiздiк органдарының мақсаты заңдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz