Қазақ ертегілері арқылы балалардың адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудың әдістемесі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 87 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті

Койлыбаева Бакытжан Какимовна

Мектеп жасына дейінгі балаларының қазақ халық ертегілері арқылы адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру (ересек тобында)

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5В010100 - «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығы бойынша

Өскемен 2019

Мазмұны

Кіріспе
3
Кіріспе: 1
3: Қазақ халық ертегілер арқылы ересек топ балаларының адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудың педагогикалық-теориялық аспектілері
7
Кіріспе: 1. 1
3: Мектепке дейінгі мекемелерде оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру
7
Кіріспе: 1. 2
3: Қазақ халық ертегілеріндегі адамгершілік және адамгершілік педагогикасының теориялық тұрғылары
22
Кіріспе: 1. 3
3: Мектеп жасына дейінгі балалардың адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудың педагогикалық мазмұны
36
Кіріспе: 2
3: Ересек топ балаларының адамгершілік қасиеттерін қазақ халық ертегілер арқылы қалыптастырудың әдістемелік негіздері
50
Кіріспе: 2. 1
3: Қазақ ертегілер арқылы балалардың адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудың жолдары
50
Кіріспе: 2. 2
3: Қазақ ертегілері арқылы балалардың адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудың әдістемесі
56
Кіріспе: 2. 3
3: Тәжірибелік-эксперимент жұмыстарының нәтижелері
73
Кіріспе: Қорытынды
3: 80
Кіріспе: Әдебиеттер тізімі
3: 82
Кіріспе: Тіркеме А
3: 85
Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі. Қоғамда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістердің адамзат баласының жеке тұлғалық сапалық қасиеттерінің қалыптасуына ықпалы бүгінгі таңдағы көкейкесті мәселелердің бірі болып отыр. Ол туралы «Адам құқығы конвенциясында», қоғамымыздағы демократиялық жаңғыруларға сай жалпы азаматтық ұлттық құндылықтарға, адамгершілік ойларға негізделген «Қазақстан Республикасындағы гуманитарлық білім беру» тұжырымдамасында» (1996ж. ) және Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында (2007ж. ) қарастырылады. Білім берудің маңызды мақсаты - адамды әдеттегі үйреншікті сана-сезім шеңберінен алып шығып, мәдениеттің биік деңгейіне көтеру, өз гуманистік дүниетанымы мен адамзат табыстарына негізделген өзіндік сенім көзқарастарын қалыптастыруға мүмкіндік тудыру, жеке тұлғаның адамгершілік қасиеттері мен мәдениеті арқылы өркениетті көтеруін көздейді.

Ертегі балалардың ой-өрісін, дүниетанымын кеңейтеді. Оларды адамгершілікке, еңбекке, тапқырлыққа, сүйіспеншілікке, сезімге баулу ісінде шешуші орын алады.

Ертегіде қиял мақсатты түрде пайдаланылады, сондықтан ол әсерленіп, ғажайыпқа айналады және біршама өзінше дамып отырады. Ертегіде ғажайып қиял адамның күнделікті көріп жүрген заттары мен қүбылыстарын саналы түрде басқаша етіп көрсетеді, өйткені бұл жанрды ғажайыптың бейнелеуіш құрал ретінде қолданылады. Өмірдегі шынайы нәрсенің өзін әдейі өзгертіп, көрсету-ертегінің өзіндік қасиеті болғандықтан, ертрекші де оның мазмұнын барын әсірелеуге, ғажайыпты етуге күш салады. Сонымен бірге ертегідегі оқиғалар мен іс-әрекеттердің қаншалықты әсерлі болуы ертекшіге ғана емес, сондай-ақ тыңдаушыға да, ертегінің айтылу жағдайына да байланысты. Қазақ ертегілерінде хандық заманның шындығы, сол шақтағы әдеттер мен нанымдар, салт-дәстүрлер, тұрмыс кейпі көбірек көрініс тапқан.

Мектеп балаларына адамгершілік тәрбие беру мәселесін зерттеуде Ш. Амонашвилидің ауқымды үлесін және жеке тұлғаны тәрбиелеу мен оның психологиялық жағы Л. М. Божович, Л. С. Выготский, С. Т. Шацкий, С. Л. Рубинштейн, А. С. Макаренко, В. А. Сухомлинский, Л. И. Рувинский, Ю. Азаров және т. б. ғалымдардың еңбектерінде баяндалған.

Тәрбие бағыттары және тәрбие үдерісінде этнопедагогикалық оқу материалдарын пайдалануды негіздеу, жүзеге асыру жұмыстары Қ. Жарықбаев, С. Қалиев, Л. К. Керимов, С. А. Ұзақбаева, К. Ж. Қожахметова, Ж. Р. Баширова, Ә. Табылдиев, Р. Дүйсембінова, А. Қаплиева, С. Байсарина, Ш. Майғаранова, Р. Ибрагимов және т. б. педагог-ғалымдар тарапынан жүзеге асырылды.

Кәсіби іс-әрекеттегі тәрбие бағыттарына сәйкес оқу-тәрбие үдерістерін ұйымдастыруға дайындау бойынша ғылыми жұмыстарды С. А. Ұзақбаева, Қ. Бөлеев, Л. А. Байсерке, Ж. Асанов, Е. О. Омар, А. С. Магауова, Л. С. Сманов, Ұ. Әбдіғаппарова, Қ. Ералин және т. б. орындады. Біздің зерттеу жұмысымыз үшін мектепке дейінгі балаларын оқыту мәселесімен шұғылданған ғалымдардың еңбектері де қызығушылық тудырады. Олардың қатарына С. И. Архангельский, О. А. Абдуллина, Т. А. Ильина, Н. В. Кузьмина, Н. Д. Хмель, В. А. Сластенин, А. И. Щербаков, В. А. Ким, А. А. Калюжный, Ж. К. Оңалбек, А. А. Жолдасбеков, С. А. Жолдасбекова, К. М. Беркимбаев, Б. Қ. Мухамеджанов, С. С. Усенов, Р. С. Омарова, М. А. Айтбаева және т. б. ғалымдардың еңбектерін атауға болады.

Тәрбие үдерісін ізгілендіру туралы көлемді зерттеу жұмыстарын жүргізіп, өздерінің зерттеулерінде адамгершілік қасиеттердің, қарым-қатынастардың қалыптасуы мен дамуы, олардың заңдылықтары мен қалыптасу әдістерін қарастыру педагог-ғалымдардың назарынан тыс қалмады. Балаларда адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру мәселесіне қатысты А. А. Бейсенбаева мектеп білімін ізгілендірудің теориясы мен практикасы, Ш. С. Ахимбекова мектеп өмірінде мектеп кеңесін ізгілендіру іс-әрекеттері, Х. Т. Наубаева балабақша балалары іс-әрекеттерін ізгілендіру мәселесі, Қ. Т. Әтемова балаларда гумандық қасиеттерін қалыптастыруда мектеп пен отбасының бірлескен жұмысы, В. П. Карибжанова орыс тілді мектептерде қазақ әдебиетін зерделеуде балалардың гумандық сенімін тәрбиелеу, М. Таубалдиева музыка арқылы мектепке дейінгі балаларының гумандық қасиеттерін қалыптастыру, Л. К. Керімов қиын балаларды қайта тәрбиелеу арқылы адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, М. Ералиева жалпы білім беретін орта мектепте оқу-тәрбие үдерісін ізгілендіру, Г. Ерғалиева рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде балалардың өзін-өзі тәрбиелеудің педагогикалық шарттары бағытындағы ғылыми-зерттеулерде рухани-мәдени дамуымыздағы тәлім-тәрбиенің мәні ғылыми тұрғыда қарастырылған.

Сонымен, ғылыми-әдістемелік әдебиеттерге жасаған талдау жоғары білім беру жүйесінде мектепке дейінгі балаларының адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудың теориялық негіздері, мүмкіндіктері және негізгі ұғымдары мен оларды қазақ халық ертегілері арқылы балалардың адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруда толық мәнде пайдаланбауы; пәндерді оқытуда балалардың адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудың қажеттігі мен оның құрылымдық-мазмұндық моделінің жасалмауы және оның әлі де толықтай жүзеге асырылмауы; «өзін-өзі тану - педагогикалық - психологиялық» пәндер арқылы мектепке дейінгі балаларының адамгершілік қасиеттерін қазақ халық ертегілері арқылы қалыптастырудың тиімді ғылыми-әдістемелермен қамтамасыз ету қажеттілігі және оның практика жүзінде талапқа сай іске асырылмауы арасындағы қарама-қайшылықтар айқын байқалады.

Бұл қайшылықтардың шешімін іздестіру зерттеу мәселесін айқындауға және тақырыпты «Қазақ халық ертегілер арқылы ересек топ балаларының адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру» деп таңдауымызға себеп болды.

Зерттеу мақсаты: мектепке дейінгі балаларының адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру жүйесін жасау және аталған жүйені тиімді жүзеге асырудың педагогикалық шарттарын айқындау.

Зерттеу нысаны: мектепке дейінгі балаларының қазақ халық ертегілер арқылы адамгершілік қасиетін қалыптастыру үдерісі.

Зерттеу пәні: мектепке дейінгі балаларының адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру ерекшеліктері.

Зерттеудің ғылыми болжамы: егер, мектепке дейінгі балаларының қазақ халық ертегілер арқылы адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру теориялық тұрғыдан негізделіп, қазақ халық ертегілерін тиімді қолданылса, оларды тәжірибелік-эксперименттен өткізіп, қорытындысы шығарылса, онда, мектепке дейінгі балаларының адамгершілік қасиеттерін қазақ халық ертегілер негізінде қалыптастыру нәтижелі болар еді, өйткені мектепке дейінгі балаларының адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру қазақ халық ертегілер арқылы жүзеге асырылады.

Зерттеудің міндеттері:

1. Қазақ халық ертегілеріндегі адамгершілік және адамгершілік педагогикасының теориялық тұрғыларын айқындау;

2. Мектеп жасына дейінгі балалардың адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудың педагогикалық мазмұнын қарастыру;

3. Қазақ ертегілері арқылы балалардың адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудың әдістемесін сипаттау;

4. Тәжірибелік-эксперимент жұмыстарының нәтижелеріне талдау жасау.

Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері: философиялық таным теориясы, тұлғаның дамуы және өзін-өзі дамытуы жөніндегі ғылыми тұжырымдар, адамгершілік қасиеттерді қалыптастырудың, рухани-адамгершілік және өзін-өзі тәрбиелеудің теориялық қағидалары, педагогикалық, психологиялық пәндер кешені арқылы тәжірибелік жұмыстарының тұжырымдамалары; жалпыадамзаттық құндылықтар негізіндегі тәрбие тұжырымдамаларын анықтайтын құжаттар болып табылады.

Зерттеу әдістері: зерттеу мәселесі бойынша философиялық, педагогика-лық, психологиялық және ғылыми-әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау жасау, нормативтік құжаттарды, озық тәжірибелерді, педагогикалық басылымдарды зерделеу, модельдеу, салыстырмалы талдау, сауалнамалар, тестілеу, эксперимент жүргізу, талдап қорыту.

Зерттеудің негізгі кезеңдері:

Бірінші кезеңде зерттеу мәселесі бойынша материалдар жинақталды, философиялық, педагогикалық, психологиялық еңбектерге талдау жасалып, шетелдік және отандық тәжірибелер бойынша материалдар жүйеге келтірілді. Рухани-адамгершілік құндылықтар, өзін-өзі тәрбиелеу, әдістемелік құжаттар, педагогтардың озық тәжірибелері сұрыпталып, жұмыстың алғашқы ғылыми аппараты анықталып, мазмұны құрылды.

Екінші кезеңде мектепке дейінгі балаларының қазақ халық ертегілер арқылы адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделі және педагогикалық шарттары әзірленді. Тәжірибелік-эксперимент жұмысының мазмұны құрылды. Оқу пәндері бойынша арнайы семинарлар, баланың тәрбиешімен бірлесіп орындайтын өзіндік жұмыстарына тапсырмалар жасалды, оны қазақ халық ертегілері арқылы қолдану әдістемесі сынақтан өткізіліп, тәжірибеге енгізілді.

Үшінші кезең тәжірибелік-эксперимент жұмысының нәтижелері қорытындыланды және жүйеленді. Ғылыми-практикалық мәліметтер сұрыпталып, тұжырымдар жасалды. Дипломның рәсімделуі аяқталды.

Зерттеу жұмысының дәлелділігі мен негізділігі қорытындылардың әдіснамалық және теориялық қағидалар арқылы дәлелденуімен, зерттеудің ғылыми аппаратының мазмұнына сай болуымен, кешенді әдіс-тәсілдердің пайдаланылуымен, тәжірибелік-эксперимент жұмысының жоспарлылығымен және кезеңділігімен, ұсынылып отырған әдістеменің тиімділігімен, сол сияқты зерттеу нәтижелерін тәжірибелік-эксперимент жұмысы арқылы тексерумен және практикаға ендірумен қамтамасыз етілді.

Дипломның құрылымы: диплом кіріспеден, екі бөлімнен, тұжырымдар мен қорытындыдан, пайдаланылған ғылыми әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.

1. Қазақ халық ертегілер арқылы ересек топ балаларының адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудың педагогикалық-теориялық аспектілері

1. 1 Қазақ ертегілерінің тәрбиелік мәні

Ертегі - фольклордың негізгі жанрларының бірі. Ертегі жанры - халық прозасының дамыған, көркемделген түрі, яғни фольклорлық көркем проза. Қазқ ертегілерінің қалыптасуы мақсаты. Оның мақсаты - тыңдаушыға ғибрат ұсынумен бірге эстетикалық ләззат беру. Ертегінің атқаратын қызметі кең: ол әрі тәрбиелік, әрі көркем-эстетик. әдеби қазына. ертегінің бүкіл жанрлық ерекшелігі осы екі сипатынан көрінеді. Сондықтан ертегілік прозаның басты міндеті - сюжетті барынша тартымды етіп, көркемдеп, әрлеп баяндау. Демек ертегі шындыққа бағытталмайды, ал ертекші әңгімесін өмірде болған деп дәлелдеуге тырыспайды. Ертегінің композициясы бас қаhарманды дәріптеуге бағындырылады, сөйтіп, ол белгілі бір сұлба бойынша құрылады. Мұның бәрі ертегіге идеялық, мазмұндық және көркемдік тұтастық береді. Осы тұтастық бұл жанрға басқа да қасиеттер дарытады: композиция мен эстетикалық мұраттың бірлігі әрі тұрақтылығы, көркем шарттылықтың міндеттілігі, ауызекі сөйлеу тіліне сәйкестігі, тұрақты тіркестердің қолданылуы, т. т. Ертегіде қиял мақсатты түрде пайдаланылады, сондықтан ол әсіреленіп, ғажайыпқа айналады және біршама өзінше дамып отырады. ертегідегі ғажайып қиял адамның күнделікті көріп жүрген заттары мен құбылыстарын саналы түрде басқаша етіп көрсетеді, өйткені бұл жанрда ғажайыптың көркем бейнелеуіш құрал ретінде қолданылады.

Өмірдегі шынайы нәрсенің өзін әдейі өзгертіп көрсету - ертегінің өзіндік қасиеті болғандықтан, ертекші де оның мазмұнын барынша әсірелеуге, ғажайыпты етуге күш салады. Сонымен бірге ертегідегі оқиғалар мен іс-әрекеттердің қаншалықты әсерлі болуы ертекшіге ғана емес, сондай-ақ тыңдаушыға да, ертегінің айтылу жағдайына да байланысты. ертегіде қиял мен ғажайып әрі идеялық та мақсатта қолданылады, себебі классик. Ертегі адамның рухани азығы болуымен қатар идеол. та қызмет атқарған. ертегінің көркем баяндалуында сюжеттен де гөрі композицияның рөлі артығырақ. Құрылымы Ертегінің поэтикасы мен композициясы көркем әрі жүйелі. Композициясы бірнеше бөлшектен тұрады: бастама - эпикалық баяндау - аяқтау. Бастама, әдетте, өлең немесе ұйқасқан проза түрінде бас кейіпкердің ата-анасы, оның дүниеге келуі туралы айтып, тыңдаушыларды бас кейіпкермен таныстырады. Эпикалық баяндау қаhарманның өсуін, үйлену тарихын, оның бастан кешкендерін әңгімелейді. Аяқтауда кейіпкердің сүйгенін алып немесе ойлағанын іске асырып, мұратына жеткені хабарланады. Бастама мен аяқтау, көбінесе тұрақты тіркес болып келеді. Өзінің ұзақ тарихында ертегі жанры әр дәуірдің, әр қоғамның болмысы мен түсініктерінің, нанымдарының әр түрлі іздерін сақтап қалған, біздің заманымызға жеткізген. Қазақ ертегілерінде хандық заманның шындығы, сол шақтағы әдеттер мен нанымдар, салт-дәстүрлер, тұрмыс кейпі көбірек көрініс тапқан. Түрлері Ертегілері жанрлық әрі сюжеттік құрамы жағынан әр алуан. Ол іштей бірнеше жанрға бөлінеді: 1) жануарлар туралы ертегілер; 2) қиял-ғажайып ертегілер, батырлық ертегілер; 3) хикаялық ертегілер, сатиралық ертегілер; Сюжеттері тек қазақтың өзіне тән ертегілермен қатар, басқа елдермен ортақ сюжетке құрылған ертегілер де бар. Олардың көбі тарихи-типологиялық жағдайда пайда болған, біразы тарихи-генетик., яғни туыс халықтарға ортақ болып табылады, кейбірі тарихи-мәдени байланыс нәтижесінде қазақ жұртына тараған. Сол себепті қазақ ертегілерінде таза ұлттық та, халықар. та, көшпелі сюжеттер де қатар өмір сүрген. Негізгі кейіпкер мен мазмұны және қияли әдістердің қаншалықты пайдаланылуына қарай бұл салалардың әр қайсысы тағы бірнеше топқа бөлінеді. Бұлардың ішінде: хикая, өсиет, мысқыл, батырлық туралы ертегілер болады. Қалыптасу тарихы Ертегі жанрының пайда болып, қалыптасу тарихы өте ұзақ. Оның түп-төркіні - алғашқы қауымда туған көне мифтер, аңшылық әңгімелер, хикаялар, әр түрлі ырымдар мен аңыздар. Өзінің қалыптасу барысында ертегі осы жанрлардың көптеген белгілерін бойына сіңірген. Бұл жанрлардың кейбірі өз бітімін мүлде жоғалтып, толық ертегіге айналған. Солардың бірі - миф жанры. Мифтің ертегіге айналу процесі бірнеше кезеңнен өткен. Миф - алғашқы рулық қауымның қасиетті деп саналған құпия әңгімесі мен шежіресі. Оны ол кезде әркімге және әр жерде айта бермеген. Мифте қоршаған ортаның, дүниенің жаратылуы мен аспан әлемі жайында, рудың тотемдік бабасы, ілкі атасы мен жасампаз қаhармандар туралы, олардың іс-әрекеттері жөнінде фантастикалық түрде баяндалған.

Алайда ол заманда осының бәрі ақиқат деп қабылданған, мифке жұрт кәміл сенген. Бірақ уақыт өтіп, адам санасы мен мүмкіндігі жетілген сайын миф өзгеріске ұшырап, бірте-бірте «қасиетті» сипатынан айрылған, құпия болудан қалған. Осының нәтижесінде мифке сенушілік те әлсіреген, ондағы оқиғалар мен кейіпкерлер басқа сипат қабылдаған, тіпті мифті айтушы бара-бара өз жанынан да қосатын болған. Соның салдарынан іс-әрекеттердің де нәтижесі баяғы мифтік сипаттан айырылған. Мифтің себеп-салдарлық белгісі жоғалған. Бірте-бірте мифтің бұрынғы масштабы тарылып, әңгіме жеке бір адамның тағдырын баяндайтын жағдайға келеді. Сөйтіп, миф хикаяға, содан соң ертегіге айналады.

Ертегінің тағы бір тамыры - алғашқы рулық қауым адамдарының аңшылық әңгімелері мен хикаялары. Алғашында шын болған оқиғалар негізінде айтылған әңгімелер бірте-бірте ел арасына тараған сайын қоспалармен толықтырылып, хикаяға, одан ертегіге айналып кеткен. Осындай аңшы мергендер жайындағы әңгімелер қазақ ертегілерінің құрамында аз емес. Әрине, олар біздің ертегіде сол ежелгі замандағы күйінде емес, көркем фольклорға айналған формада көрінеді. Алғашқы қауымдағы мифтік ұғымдар туғызған небір ғаламат мақұлықтар (жезтырнақ, жалғыз көзді дәу, албасты, жалмауыз кемпір, т. б. ) бұрынғы аңшылар әңгімесіне кірігіп, хикая туғызады. Хикая жанры мифтің өзімен бірге ертегіге де айналады. Оның ертегі құрамында жүретіні де сондықтан. Бірақ мифтің ертегіге айналу жолында хикая мен ертегі қатар өмір сүреді, сол себепті миф, әсіресе, хикая өзінше жеке айтылып, елге жайылады. Қазaқ ертегілерінің қалыптасуы Қазақ халқы прозасында осы процесс түгел дерлік із қалдырған. Жалпы ертегілердің пайда болып, қалыптасуының алғашқы кездерінде ел оны қиял деп ойламаған, онда баяндалатын оқиғаға сенген, себебі ол шақта ертегі өз төркінінен алшақ кете қоймаған, сондықтан көркемдік қызмет те атқармаған. Ал көркем фольклорлық жанр болып қалыптасқан классик.

Қазақ ертегілерінің жиналуы мен жарияланып, зерттелуі 18 ғ-дың 2-жартысында басталды. Алғашқы жүз жылда, негізінен, Қазақстанға Ресейден келген адамдардың кейбірі қазақ жұртының тұрмыс-салты, әдет-ғұрпы туралы деректер жинап, солардың қатарында фольклор жайында жалпылама мәліметтер жариялап жүрді. ертегілердің көбірек жиналып, жарық көрген тұсы - 19 ғ-дың 2-жартысы. Бұл кезеңде қазақ ертегілерін ғыл. мақсатта жариялаған жинақтар да болды. Әсіресе, В. В. Радлов, И. Н. Березин, Ы. Алтынсарин, Г. Н. Потанин, А. В. Васильев, А. Е. Алекторов, Ә. Диваев жинақтарында ертегілердің көптеген мәтіндері жарық көріп, олар туралы азды-көпті ғыл. пікір айтылды. Аталған жинаушы-жариялаушылардың ғалымдық деңгейі, ғыл. түсінігі әр түрлі болғандықтан ертегі мәтіндері әр түрлі көзқарас тұрғысынан бағаланды. Соған қарамастан біраз ертегі жарық көрді, ғыл. айналымға енді. Соның арқасында қазақ ертегілері Потаниннің, Радловтың, А. Н. Веселовскийлердің кең масштабты ғыл. - зерттеулеріне ілікті. Бұл шақта ертегілерді қазақ оқығандары да, ақындары да жинастырып, «[[Дала уәлаятының газеті] ] нде» жекелеген мәтіндерді жарыққа шығарды. Әсіресе, Мәшhүр Жүсіп Көпейұлы ертегілерді арнайы түрде жариялап отырды. Ш. Ш. Уәлиханов бастаған зерттеу ісін Алтынсарин, Абай Құнанбаев, Ә. Бөкейхановтар жалғастырды.

Ертегілерді ғылыми әрі ағартушылық мақсатта жинап, жария ету, зерттеу жұмысы 20 ғ-да кең жолға қойылды. Бұл ғасырдың 40-50-жылдарына дейін ертегілер, көбінесе оқу-ағарату мәселесі тұрғысынан жарияланып, оқулықтарда, жекелеген мақала мен кітаптарда арнайы қарастырылды. Осы тұста А. Байтұрсыновтың, Х. Досмұхамедовтің, М. О. Әуезовтің, С. Сейфуллиннің оқулық іспетті жарық көрген кітаптары, С. Мұқановтың, Б. Кенжебаевтың, Е. С. Ысмайыловтардың мақалалары қазақ фольклортануы ертегі жанрына да арнайы көңіл бөлгенін айғақтады.

Бірақ аталған авторлар ертегіні түсінуде, талдауда әркелкі түсінік көрсетті. Әсіресе, ертегіні таза таптық тұрғыдан бағалау етек алып, оның көптеген нұсқалары талдаудан тыс қалды, тіпті мәтіндерге редакциялық түзетулер де енгізілді. Осы үрдіс 20 ғ-дың 60-жылдарына дейін жалғасып, жарық көрген мәтіндерге таптық сипат берілді, ал зерттеу еңбектер тұрпайы социологиялық бағытта болды. 1960 жылдан бастап ертегі жанрын зерттеу ғыл. негізге түсті. Бұл салада Әуезов пен Ысмайыловтың, В. Сидельниковтың, М. Ғабдуллиннің еңбектері айрықша болды. Олар ертегілердің қазақша үш, орысша үш томын жариялап, бұл жанр туралы жаңаша ой толғап, көлемді мақалалар жазды және мәтіндерге түсініктер берді. Ертегілер 1960 ж. басылып шыққан «Қазақ әдебиетінің тарихына» жеке бөлім болып енді (авторы - Әуезов) . Ертегі жанрына Ғабдуллиннің жоғары оқу орнына арналған оқулығында, Н. С. Смирнованың кітабында, орыс тілінде жарық көрген «История казахской литературы» атты 3 томдық еңбектің бірінші томында арнайы тараулар берілді (авторы - Е. Костюхин) . ертегіні сала-салаға бөліп, тереңдете, типологиялық тұрғыдан зерттеу ісі 1970 жылдан қолға алынды. С. А. Қасқабасовтың қиял-ғажайып ертегілерге, Е. Д. Тұрсыновтың тұрмыс-салт ертегілерінің шығу тегіне арналған монографиялары 1972-1973 ж. баспадан шықты. 1979 ж. хайуанаттар туралы ертегілердің тұңғыш академиялық басылымы жарық көрді.

Ертегі жанры бүкіл халық прозасы жүйесінде «Қазақтың халық прозасы» атты еңбекте зерттеліп, оған 1986 ж. Қазақстан ҒА-ның Ш. Ш. Уәлиханов атындағы сыйлық берілді (авторы - Қасқабасов) . Қазақ ертегітануы ұлттық фольклор туралы ғылымының үлкен де маңызды бір саласына айналды.

4f0c046433b42d522ddab8ea2a57fad3.jpg

Еңбекші халықтың ғасырлар бойы жасап келген өмір тәжірибесі, оның мәдениеті мен салты, әдеті мен ғұрпы, шаруашылық кәсібінің түрлері, тілінің шебер ерекшелігі қамтылған халық ауыз әдебиетінің ерекше түрі - ертегілердің бала тәрбиесінде алатын орны орасан зор. Мұны көп ғасыр бойына халықтың ұмытпай сақтап келуінің, сүйе айтып, сүйсіне тыңдауының өзі-ақ дәлелдей түседі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепке дейінгі мекемелерде халық ертегілері негізінде елжандылық сезімдеріне тәрбиелеудің ғылыми-педагогикалық негіздері жайлы
Мектепке дейінгі мекемелерде ертегілер арқылы елжандылық сезімдерін дамыту
Бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әркетін ертегі оқу барысында қалыптастыру
Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеуде қазақ халық ертегілерін пайдалану
Мектепте оқушылардың адамгершілік түсініктерін қалыптастыру
Бастауыш сынып оқушыларының қазақ балалар фольклоры арқылы эстетикалық қызығушылығын қалыптастыру моделін жасау
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ТІЛІН ДАМЫТУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ - ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Дидактикалық ойын арқылы мектеп оқушыларының танымдық белсенділігін қалыптастыру
Мектепке дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің педагогикалық жолдары
Ыбырай Алтынсарин шығармалары арқылы бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудың әдістемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz