МЕМЛЕКЕТ ФУНКЦИЯЛАРЫ ТҮСІНІГІ



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инженеринг университеті
Бизнес және Құқық факультеті

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Мемлекет функциялары түсінігі, түрлері

Орындаған: Сүйіндік Айзада ЮП 20-03 студенті
Тексерген: Абилишева.Р.К

Ақтау, 2020

Мазмұны
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1.МЕМЛЕКЕТ ФУНКЦИЯЛАРЫ ТҮСІНІГІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.1 Мемлекеттің мәні қызметтері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
2.МЕМЛЕКЕТ ФУНКЦИЯЛАРЫНЫҢ ЖІКТЕЛУІ ... ... ... ... ... ... .
2.1 Мемлекеттің ішкі функциясы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.2 Мемлекеттің сыртқы функциясы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ..
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ..

Кіріспе
Мемлекеттіліктің барлық институттары құрылып, экономикамыз нарықтық жолға түсті, халқымыздың әл - ауқаты жаңа деңгейге көтерілді. Мемлекеттік шекарамыз айқындалып, елдің тұтастығы, жердің бүтіндігі, мемлекеттің тәуелсіздігі мойындалды. Ата - бабаларымыздың ғасырлар бойы армандаған ұлы мақсаты жүзеге асты. Ғасырлар бойы арман болған мемлекеттігіміздің нығаюы, бүгінгі жетістіктеріміз бен табыстарымызға қол жеткізу әсте де оңай болған жоқ. Шикізат шылауына байланған, халықтар достығының лабораториясына айналған Қазақстанның болашағы кейбіреулер үшін бұлыңғыр болып көрінгендігі рас еді. Тарихты халық ғана емес, ұлы адамдар да жасайды. Айдын теңізге шыққан алып кеменің басқару тетігін қолға ұстаған Елбасы Н.Назарбаевтың сан қилы мемлекеттік қызметі мен стратегиалық шешімдерін, салиқалы саясатын тәуелсіз еліміздің шежіресі деп атасақ та болады. Мемлекеттің іргетасын қалап, керегесін керіп, оның әрбір уығын шаншып, шаңырағын көтеріп, іргесін кеңейтуде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев қолтаңбасы, қабылдаған тарихи шешімдері алдымыздан шықты. Тәуелсіз Қазақстан тарихының жиырма тоғыз жылы хронологиялық ретпен он тарауға бөлінді. Тарау бойынша бөлінген кезеңдерді тәуелсіздік тарихының тарихшылар тарапынан келісілген, мойындалған ресми кезеңдері деп түсінбеу керек. Біздің пікірімізше ттәуелсіздік тарихын үш кезеңге бөлінеді.
1) 1991 - 1995 жылдар - тәуелсіз елдің іргетасын қалау және қалыптастыру жылдар;
2) 1996 - 2001 жылдар - Президенттік институттың нығайып, нарық экономикасына көшудің аяқталу жылдары;
3) 2002 жылдан қазіргі күнге дейін - Қазақстанның тұрақты өркендеу және даму жылдары деп бөліп қарауға болады.
Тәуелсіздікті нығайту, оны сақтай білу, қадірлеу - оны жеңіп алудан қиын екендігі, орасан зор жауапкершілік жүктейтіндігі дәлелденген қағида. Сондықтан да тәуелсіздік тамырынан тағылым алып өсетін ұрпақ өсіру, тәуелсіздіктің оңай келмегендігін ұғындыру, оны көздің қарашығындай сақтауды жеткізу бүгінгі күннің басты міндеті болып табылады. Елбасы Н.Назарбаев айтқандай Біздің ұрпақ ту сыртынан тарих тынысын сезініп тұр. Ол біздің бүгінгі тәуелсіздікке қаншалықты күш - жігермен келгеніміздің айғағы болған тарих. Сондықтан да бүгінгі ұрпақ, келешек ұрпақ тәуелсіз елдің тарихын оқып үйренуге, оны құрметтеуге, өзінің де жауапкершілігін сезінуге міндетті. Ұлан-байтақ даланың иесі болған, жат жергіліктерге басын имеген ата-бабаларымыздың алдындағы, талай уақыттан кейін тәуелсіз мемлекеттердің соңында өз орнын қайта тапқан халқымыздың алдындағы ерекше жауапкершілік жүгі біздің күш - жігерімізді одан әрі жұмылдыруды, өткен тарихтан сабақ алуды талап етеді. Өәткені, қазіргі дүниеде болып жатқан оқиғалар да бүгінгі ұрпаққа ауқымды міндеттер жүктейді.

МЕМЛЕКЕТ ФУНКЦИЯЛАРЫ ТҮСІНІГІ
1.1 Мемлекеттің мәні қызметтері
Мемлекет функциялары. Функция заң ғылымында мемлекет пен құқықтың алдында тұрған мүдде - мақсаттарды, міндеттерді орындау қызметінің негізгі бағыттары және оның әдіс - тәсілдерін анықтап, іске асыруды біріктіреді. Осы тұрғыдан мемлекеттің, үкіметтің, мемлекет аппаратының функциясы деген ұғымдар қалыптасады.
Мемлекеттің функциялары туралы мәселе тек теориялық қана емес, соған қоса тәжірбиелік мәнге де ие. Функциялар арқылы мемлекет қызметінің сипатын, оның даму бағыттарын, ұйымдастырылу деңгейін анықтауға болады.
Мемлекеттің функциялары Кеңестік дәуірде өте кең түрде пайдаланылды. Функция мемлекеттің таптық мазмұнына сәйкес өзгеріп, ескеріп, жаңарып отырады. Қазіргі кезіңде Кеңес Одағы ыдырап, республикалар дүниежүзілік қауымдастыққа бет бұрып, либерал - демократиялық даму процесіне көшкенде мемлекеттің функцияларын тек қоғамның таптық мазмұнына сәйкес қарастыру дұрыс емес.
Себебі функцияның дамуына таптармен бірге халықтың рухани сна - сезімі, мәдениеті, ғаламдық мәселелер зор әсер етеді. Бұл дүниежүзілік саяси көзқарас. Кеңестік дәуірде де, қазіргі кезеңде де мемлекеттің функциясын дамытуға көп көңіл бөлінеді. Өйткені функция мазмұнын терең түсініп, білу тек мемлекеттің бүгінгі жұмысын, қызметін жақсарту ғана емес, сонымен бірге қоғамның, мемлекеттің тарихи даму процесін зерттеп, дұрыс түсінуге көп үлес қосады. Функция мемлекет пен қоғаммен бірге дамып, бірге өмір сүріп келеді. Бұл объективтік процесс. Қазіргі заманда Қазақстан Республикасының функциялары күрт өзгеріп, дамуда. Олардың негізгі бағыты - нарықтық экономиканы қалыптастыру, либералды демократиялық мемлекетті орнату.
Функция тек заң ғылымына тән санат емес. Ол физика, математика сияқты ғылымдарында да кеңінен қолданылады. Дегенмен, мемлекет және құқық тоериясында қарастырылған мемлекет функциясы ұғымы жан - жақты сипатқа ие.
Мемлекет функциялары туралы әр түрлі ой пікірлер бар. Солардың бірі функция көп өзгерісе ұшырамайды деп, оның бірнеше түрлерін келтіреді: жалпы қоғамдық, әлеуметтік, таптық, ұлттық, ғылыми - техникалық, экологиялық, интернационалдық функциялар. Функциягы түрлерге бөлудің негіздері: тұрақты және уақытша функциялар; негізгі емес функциялар; заңды қабылдау, орындау, қорғау функциялары. Мемлекеттің көпшілігі функцияны екіге бөледі: ішкі және сыртқы функциялар. Осы пікірді қазіргі заманда мемлекеттер дұрыс деп қолдануда. Мемлекеттің функциясының орындалуын мемлекеттік аппарат пен органдар қамтамасыз етеді. Әуелі функцияны орындау үшін тиісті мемлекеттік орган құрылады. Бірнеше органдар функцияның мазмұнына қарай мемлекеттік аппараты қалыптастырады.
Функцияның орындалу кезең - сатылары: функция - орган - аппарат - мемлекет. Мемлекеттің функциясы арқылы қоғамның алдында тұрған мүдде - мақсаттардың мазмұнын, оның орындалу бағыттарын толық білуге болады.
Мемлекеттің ұйымдастыру қызметінің түрлері:
Жаңа шыққан заңдарды, нормативтік актілерді насихаттау, түсінік беру;
Мемлекеттік органдарға көмек көрсету, бақылау, тексеру жүргізу;
Материалдық-техникалық операциялар жүргізу: ббаяндамалар, іс-қағаздарын дайындау, заңдарды, нормативтік актілерді басып шығару, басқа да құжаттардың толтырылуын қамтамасыз ету;
Әртүрлі жиналыстар, мәжілістер, конференциялар өткізу;
Мемлекеттік органның тәжірбиелерін жинақтап қорытынды жасау;
Қоғамдық ұйымдардың, еңбек ұжымдарының мемлекеттің қызметі туралы ой-пікірлерін, ұсыныстарын жинақтап қорытынды жасау.
Мемлекеттік аппарат тиісті мамандармен, іскер, сенімді азаматтармен толықтырылып құрылады.
Мемлекеттік аппараттың дербес бөлігі ретіндегі әрбір мемлекеттік орган келесідей белгілерге ие:
Мемлекеттің атынан оның міндеттері мен функцияларын жүзеге асырады.
Биліктік өкілеттіктерге ие болады.
Белгілі құзыретке ие болады.
Белгілі бір құрылымға ие болады.
Қызметінің аумақтық шегі болады.
Заңда белгіленген тәртіп бойынша құрылады.
Мемлекеттің мәні - мемлекеттің басты міндеті. Мемлекеттің мәні мемлекеттік биліктің қызметін, оның мазмұнын, мақсатын, міндеттерін және оған тиесілілігін анықтайды. Кез - келген мемлекетте бір - біріне қайшы келетін таптық және жалпыәлеуметтік мән болады. Мемлекеттің таптық мәнін қарастырып қарасақ. Өзін-өзі басқарудың бұрынғы органдары қауымдастық құрылымда басқару функциясын тоқтатқан кезде, мемлекет жария билік ретінде пайда болады. Қоғам әлеуметтік тұрғыдан жіктеледі, бұрын оның барлық мүшелеріне тиісті болған билік саяси сипатқа ие болады және, ең алдымен, үстем әлеуметтік топтар мен таптардың мүддесін қорғайды. Осылайша мемлекеттің таптық мәні биліктің үнемі қоғамдағы үстем топтың мүддесін жүзеге асыруы арқылы көрінеді. Дегенмен мемлекет тек дәулетті тапқа ғана емес, сонымен бірге қоғамның барлық тобына қамқорлық жасауы тиіс. Өйткені қоғам - біртұтас ағза, соған сәйкес дәулетті таптар кедей таптарсыз өмір сүре алмайды. Демек, кез-келген мемлекет жалпыәлеуметтік функцияларды жүзеге асырады және әрдайым жүзеге асыруы тиіс. Бұл мемлекеттің жалпыәлеуметтік мәні деп аталады. Мемлекетте барлық таптың мүдделері бүкіл қоғамның мүддесі үшін үйлестіріледі. Әртүрлі тарихи жағдайларда осы екеуінің арақатынасы мемлекеттерде бірдей емес, бір тараптың күшеюі басқа тараптың әлсіреуіне әкеледі. Мемлекеттік таптық мәні, негізінен, құлиеленуші мемлекетте көрінеді. Ондай мемлекеттегі құл құқық субъектісі емес, объектісі, құлиеленушінің мүлкі, жекеменшігі болып табылады. Қоғам дамуының деңгейіне қарай құлиеленуші қоғамнан феодализмге, феодализмнен капитализмге өту мемлекеттің жалпыәлеуметтік мәні қазіргі Батыс елдерінде кәсіпкерлердің жоғарғы салығы түрінде, еңбек жағдайын мемлекеттік реттеу, әртүрлі әлеуметтік бағдарламалардың кең көлемде дамыту және т.б. көрінеді. Мемлекеттің жалпыәлеуметтік рөлінің ұлғаюы әлеуметтік қайшылықтарды айтарлықтай жеңілдетеді, таптық қарсыластарды басу шараларының қажеттілігі төмендейді, қоғамда тұрақтылық артады. Қазіргі дамыған мемлекет жалпыәлеуметтік мәнін ұлғайтуға тырысады, өйткені ол қоғамның тұрақтылығына мүдделі.
Мемлекеттің мәні мемлекеттің мазмұнын, міндеттерін, мемлекеттік биліктің функциясын және оның тиесілілігін анықтайды.
Мемлекеттің мəні - мемлекеттің басты тағайыны, осы құбылыстың басты өзегі, яғни басты жемісі.
Мемлекеттің мəні оның мазмұнын, мақсатын, қызметінің бағыттарын анықтайды. Басқаша айтқанда мемлекеттегі билік пен оның құрамында болатындардың бəрі. Кез келген мемлекетте қарама-қарсы қайшы болып келетін екі мəн - таптық жəне жалпы əлеуметтік мəн болады.

Мемлекеттің мәні оның функциялары арқылы көрінеді. Мемлекеттің функциясы оның қоғамдық - саяси табиғатынан, мемлекеттің сипатынан, оның мәні мен әлеуметтік міндетінен байқалады. Мемлекеттің функциялары оның мәнін және қоғамдық өмір салаларына сәйкес негізгі бағыттарының әлеуметтік мақсатын білдіреді. Мемлекет қызметінің мын адай құрамдас бөліктерін қарастыруға болады:
Мемлекет функциясының субъектілігі;
Мемлекет функциясының мазмұны;
Мақсаттары мен міндеттері;
Өкілеттілігінің көлемі;
Мемлекет функциясын іске асырудың формасы мен әдістері.
Осы құрамдас бөліктеді қарастырсақ. Әрбір функцияның суюъектілері осы функцияны тікелей жүзеге асырумен айналысатын мемлекеттік құрылымдар болып табылады. Мемлекет функцияларын жүзеге асыруға мемлекеттік органдардың барлығы немесе көпшілігі қатысады. Жекелеген функциялар бойынша мемлекеттік органдардың шашыраңқылығы біркелкі атқарылмайды. Мысалы, жалпымемлекеттік органдар (Парламент, Президент, Үкімет) мемлекеттің барлық дерлік функциясын жүзеге асыруға қатысады, ал жергілікті, салалық органдар жекелеген қызметтермен айналысады.
Мемлекет функциясының мазмұны қоғамдық өмірдің белгілі бір саласына әсерін білдіреді. Мұндай ықпалдар әртүрлі болуы мүмкін: біріншіден, мемлекеттің көзқарасы тұрғысынан айтарлықтай тиімді, халықтың мүддесіне жауап беретін қоғамдық қатынастарды бекітуге, дамытуға және жетілдіруге ықпал етеді. Екіншіден, қоғамдықдамуды тежейтін, халық пен жекетұлғаның мүдделеріне нұқсан келтіретін қатынастарды бейтараптандыруға, мейлінше азайтуға немесе толығымен жоюға бағытталуы мүмкін. Үшіншіден, мемлекеттің әсер етуі жаңа жеке және ілгершіл бағыттарды бекітуге жағдай жасауға тырасады.
Өкілеттік - мемлекет қызметтерін орындау барысында тиісті органдарға берілетін құқықтар мен міндеттер көлемі. Өкілеттік әртүрлі болады. Олар ұйымдастырушылық, кадрлық, материлдық - техникалық, ақпараттық құралдармен қамтамасыз етіледі.
Функциялардың мақсаттары мен міндеттері. Олар тек мемлекеттік функцияға қажетті бағыт ұсынады.
Мемлекет функцияларын жүзеге асыру әдістері мен формалары дегеніміз - әдістер мен тәсілдер. Олардың көмегімен мемлекет өз билігін жүзеге асырады. Оған тыйым салу, рұқсат беру жатады.
Мемлекетік функциялар оның органдарының функцияларынын ерекшеленеді.Соңғыларының нақты сипаты бар, ол органдарының міндеттері мен мақсаттарына байланысты. Мысалы , сот қоғамдағы сот қоғамдағы сот төрелігі функциясын орындайды ,Ішкі істер министірлігі қоғамадық тәртіпті қорғайды , құқықбұзушылықпен күрес жүргізеді және т.б.

2.МЕМЛЕКЕТ ФУНКЦИЯЛАРЫНЫҢ ЖІКТЕЛУІ
2.1 Мемлекеттің ішкі функциясы
Мемлекеттің функциялары қалыптасу себептеріне қарай екі түрге бөлінеді: таптық қайшылықтарды реттеу функциясы және жалпы қоғамды реттеп, басқару функциясы. Қазіргі заманда мемлекеттердің көпшілігінде таптық күрес бәсеңдеп, демократиялық дамып, монополияның озбырлығы шектелгенде таптық қатынасты реттеу функциясы өте сирек қолданылады. Дамушы елдерде бұл функция жиі, күрделі түрде пайдаланылады.
Мемлекеттің таптық мəнін қарастырып көрейік. Мемлекет бұқара (көпшіліктің) билігі ретінде өзін өзі басқарудың бұрыңғы органдары қауымдық құрылыста басқару қызметтерін атқаруды тоқтатқаннан бастап пайда болады. Қоғам əлеуметтік жіктелуге аяқ басады, бұрынырақта қоғамның (қауымның) барлық мүшелеріне тиісті болған билік саяси сипатқа ие болады, сөйтіп ол ең алдымен қуатты əлеуметтік топтардың таптардың мүддесіне бейімділік танысу түрінде жүзеге асырылады. Сонымен мемлекеттің таптық мəні қашанда болсын билікте қоғамның қуатты тобының мүддесін жақтау жəне оны жүзеге асыру арқылы білдіріледі. Дей тұрғанмен мемлекет тек ауқатты таптың ғана қамын ойлауменайналыспайды, қайта ол бүкіл коғамның қамын да ойластыруға мəжбүр болады. Өйткені қоғам бірегей ағза (организм) болғандықтан, соған сəйкес дəулетті топтар ондағы кедей (жарлы) қаналушы топтарынсыз тіршілік ете алмайды. Сөйтіп кез келген мемлекет қашанда болсын жалпы əлеуметтік қызметтерді де жүзеге асыруға мəжбүр болады, сондықтанда, бүкіл қоғам мүдделерін де ескеріп қызмет атқаруы тиіс. Осы айтқанымыз мемлекеттің жалпы əлеуметтік мəні болып табылады. Мемлекеттің кайсысы болса да қанаудың, қандай бір əлеуметтік топтың, таптың үстемдік құруының машинасы, құралы ғана емес, сонымен бірге ол бүкіл қоғамның мүддесін де білдіреді, оны біріктіру кұралы, оны интеграциялайтын тетік болып табылады. Мемлекетте əрқашанда бір жақты таптық немесе топтық үстемдік құрушы билеуші басшы тобы мүдделерімен бүкіл қоғамның мүдделері үштастырылады, үйлестіріледі. Əртүрлі тарихи жағдайларда осы екі мəністік (мəндік) жақтардың арақатыстылығы əртүрлі мемлекеттерде бірдей емес, яғни əрқилы болып келеді, бір жағының күшеюі басқа жағының нашарлауына апарып соғады. Мемлекеттің таптық мəні жоғары дəрежеде құл иеленуші мемлекетте байқалады, онда құл (күң) құқықтың субъектісі емес, құқықтың объектісі (заты) - мүлік яғни жанды мүлік есебінде құл иеленушінің меншігі болып табылады. Қоғамның дамуы барысында, құл иеленушіліктен феодализмге, феодализмнен капитализмге қарай өту кезеңдерінде жəне сол формацияларда мемлекеттің жалпы əлеуметтік жақтары үлкен рөл атқара бастады. Əсіресе мемлекеттің жалпы əлеуметтік мəні осы күнгі батыс мемлекеттері қоғамында айқын көрінеді. Бұл көріністерді кəсіпкерлердің табыстарына салынатын салықтардың жоғары мөлшерде болуынан, еңбек ету жағдайларын мемлекет тарабының реттеуін, алуан түрлі əлеуметтік бағдарламалардың кең түрде дамуынан жəне тағы басқалардан байқауға болады. Мемлекеттің əлеуметтік рөлінің жоғарылай түсуі əжептəуір дəрежеде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқық функциялары
Құқық қағидаларының түсінігі және түрлері
Мемлекет және құқық теориясы оқу құралы
Мемлекет жəне құқық теориясының жалпы сипаттамасы
Құқық функцияларының түрлері
Мемлекеттің пайда болуы мен мәні туралы ақпарат
Мемлекеттің қызметтері
Салықтың түсінігі, элементтері және функциялары
МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯСЫНЫҢ ТҮСІНІГІ
Мемлекет туралы негізгі түсініктер
Пәндер