Қалдық заттардың қоршаған ортаға әсері


қАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ғылыми жоба
Бағыты: «Жаратылыстану ғылымдары»
Секциясы: Экология
Орындаған: САятқызы Аружан
Сыныбы: 6
Жетекшісі: Турдашева А. К
2020 жыл
Жоспары
КІРІСПЕ
География пәнінде «Қалдық заттарды қайта өңдеуге байланысты зерттеулер» тақырыбы ерекше орын алады. Қалдық заттарды қайта өңдеуге байланысты зерттеулер танысу арқылы өзім көптен қызығып жүрген мәліметтерді жинақтап, өзімнің болашаққа деген сенімім мен дағдымды қалыптастыруға септігімді тигіземін деп ойлаймын.
Тақырыптың өзектілігі: Бүгінде жаһандану заманында бізге әлемдік стандартқа сәйкес білім беру мәселесі республикамызда ғылыми-педагогикалық тұрғыда ізденіспен әлемдік жинақталған тәжірибеге, отандық қол жеткен табыстарды саралай отырып, ұлттық ерекшеліктерді ескере, оқыту мен тәрбелеуді жаңаша ұйымдастыру көкейкесті мәселе болып отыр. Осыған орай ғылыми техникалық прогрессия дамыған уақытта қалдық заттарды қайта өңдеу туралы кішігірім зерттеу жұмысын жүргізбекшімін. Келешектің кез келген маманы қалдық заттарды қайта өңдеуге байланысты зерттеулер жүргізуді өз жұмысында тиімді пайдаланғысы келсе, онда ол өз саласы бойынша алға қойылатын проблемаларды тұжырымдай алуы тиіс.
Біз «Қалдық заттарды қайта өңдеуге байланысты зерттеулер» тақырыбын өмірде, яғни практикада қолданудың жолдары мен мазмұны туралы ой бөлісеміз. Қазіргі таңда, әдеттегідей, біздер үшін мектептегі оқулықтар мен басқа да оқу құралдарындағы өзекті мәселелердің, өмірге қажетті практикалық тұрғыдағы мәліметтердің аздығы қиындық тудырады.
Бұл зерттеу жұмысымда мен қалдық заттарды қайта өңдеуге байланысты зерттеулер жүргізуге тоқталдым. Мен зерттеу жұмысын жаза отырып өзімнің қалдық заттарды қайта өңдеуге аса қызығушылықпен қарайтынымды, замана талқысынан өтіп, өңі өзгерген де сөлі қалған қалдық заттарды қайта өңдеу жүйесін алудың әдістерін жинақтап, оларға толықтай сипаттама бердім. Бұл берілген жұмысты география пәнінен қосымша сабақтарда құрдастарымның пәнге деген қызығушылықтарын арттыра отырып, логикалық ойлау қабілеттерін кеңінен дамытуға қолдануға болады деген ұсыныс жасаймын.
Жобаның негізгі мәселесі: Қалдық заттарды қайта өңдеуге байланысты зерттеулерді тиімді пайдалану, қол жетімді болу шараларын жасау. Осы тақырыпты зерттей отырып қалдық заттарды қайта өңдеудің тиімділігін көрсету.
Жобаның мақсаты: Қалдық заттарды қайта өңдеу жүйесінің тиімділігімен танысу, оларды өмірде пайдалану тәсілдерінің педагогика-психологиялық теориялық негіздемесін жасап, практикады жүзеге асыруға дағдылану.
Жобаның міндеттері:
- Қалдық заттарды қайта өңдеу жүйесінің өмірдегі алатын орнын анықтау.
- Қалдық заттарды қайта өңдеу жүйелерінің өзге де түрлерімен танысу.
- Тақырыпқа сәйкес ақпараттарды іріктеу және оларды қолдану әдістерін қарастыру.
- Қосымша мағлұмат қарастыру.
Жобаның нәтижесі:
Әрбір зерттеу жасау кезінде қандай да бір нәтижеге шығу керек. Зерттеу барысында нәтижеге жету үшін:
- Біріншіден, пластиктердің шығу тарихын зерттей келе, оның қажеттілігін үйрену қажет;
- Екіншіден, қалдық заттарды қайта өңдеу жүйесінің қолдану жолдарының әдістерін үйрену қажет. Ол үшін біздің логикалық ойлау қабілетіміз жоғары болуы шарт.
- Үшіншіден, осы логикалық ойлау арқылы біз қалдық заттарды қайта өңдеу жүйесін алудың небір күрделі, жеңіл түрлерін зерделеп шығаруымыз керек.
Жобаның болжамы:
Осы зерттеп жатқан жоба екі оқу жылын жоспарланғандықтан, жұмысты әрі қарай жалғастыру, іздену, дамыту.
Зерттеу әдістері:
Әдебиеттерді зерттеу, бақылау, өлшеу, салыстыру, талдау, синтездеу.
Жобаның кезеңдері:
- өзім көптен қызығып жүрген қалдық заттарды қайта өңдеу жүйесінің түрлерін құрдастарыма насихаттаймын;
- мәліметтерді жинақтап, қалдық заттарды қайта өңдеу жүйесін алу жолдарын үйренемін, әрі құрдастарыма, ата-анама үйретемін;
- жинаған жұмысты талдаймын;
- әр түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалану арқылы айналамдағыларға қалдық заттарды қайта өңдеу жүйесінің жолдарын үйретемін;
- хабарланған талаптар бойынша жоба жұмысын жинақтап, қортындылаймын.
Гипотеза:
Егер Қазақстан елі, басым көпшілігі қалдық заттарды қайта өңдеу жүйесіне көшсе қоршаған ортаға едәуір пайдасын тигізеді, ауасы тазарады; энергия тиімділігі де артушеді.
ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ
I тарау. ПЛАСКИКАЛЫҚ ЗАТТАР - ӨНЕРКӘСІП ЖЕТІСТІКТЕРІ
1. 1 Полимерлердің құрылымдары мен қасиеттері
Жоғары молекулалық қосылыстар химиясы осы ғылымның қарқынды түрде дамып келе жатқан бағыттарының бірі. Ол үстіміздегі ғасырдың 30-жылдарында химия ғылымының өз бетінше жеке бөлігі болып өмір сүре бастаса, ал осы күнде дамудың жоғары сатысына ие болып отыр.
Полимерлерге деген ерекше назар аудару, соларға арналғаы көптеген ғылыми еңбектер, синтетикалық полимерді өнеркәсіптік өндірудің ауқымды көлемдері олардың таңғажайып физика-химиялық қасиеттеріне негізделген. Сондықтан полимерлср туралы ғылым химияның, физиканың және механиканың зандылықтарымен тығыз байланысты.
Жоғары молекулалық қосылыстарды синтездеудің жаңа тәсілдерін дамытатын полимерлер алу химиясымен қатар, олардың физикасы және механикасы дамуда, сонымен бірге жоғары молекулалық қосылыстарды химиялық түрлендіру немесе полимерлерді модификациялау саласы да кең өріс алуда.
Полимерлердің түзілу механизмдері мен жылдамдықтары, олардың катты фазадағы, ерітіндідегі және балқымадағы құрылымдары мен қасиеттері, сондай-ақ пайдалану кезіндегі қасиеттерінің өзгеруі зерттелуде. Шикізаттардан полимерлік материалдар өндіруге қажетті бұйымдар алу тәсілдері дамуда.
Жобаланған қасиеттері бар синтетикалық полимерлі материалдар алу үшін, ғылыми негізделген өңдеу тәсілдері қажет, яғни полимерлердің беріктігін арттыратын, морттығын төмендететін, созылғыштығын жоғарылататын молекуланың қолайлы құрылымын қалыптастыру тәсілдері қажет. Полимерлердің қызмет ету мерзімін арттыру үшін оларға жылу төзімділігін, динамикалық беріктігін және т. б. негізгі қасиеттерін арттыратын арнайы қоспалар қосады.
Табиғи және өндіріс газдарын органикалық синтездеуде теломеризациялану процесі негізінде пайдаланудың маңызы өте жоғары. Өйткені, қарапайым олефиндерден - этиленнен, пропиленнен іс жүзінде маңызы бар әр түрлі моно -, би-, полифункциональдық қосылыстарды теломерлену нәтижесінде алуға болады. Қазіргі кезде теломерлену реакциясын дезинфекциялағыш заттарды, жуғыш зат-тарды, талшықтарды, лактарды, еріткіштерді, диэлектриктерді, пластификаторларды, жылу өткізгіштерді, смоланы және жасанды талшықтарды алуға пайдалануда. Бұл салада көптеген ғалымдар еңбек еткен.
Теломеризациялану процесін зерттеудің алғы шарттарын мынадай ғалымдар жасаған: Тізбектей жүретін газдар реакциясының теориясы (Н. Н. Семенов) тізбектің біртіндеп түзілу механизмі (С. С. Медведев және басқа да ғалымдар), полимерлену реакциясын иницирлеу және ингибирлеу (баяулату) механизмін зерттеген (Х. С. Бегдасарьян) . Орыс ғалымы А. Н. Несмянов және басқа да ғылыми қызметкерлері олефиндердің төртхлорлы көміртекпен, хлороформмен, тетрахлорэтилен мен және кремнийгидридімен теломерлену реакцияларын зерттеп, көптеген зерттеу нәтижелерін өз еңбектерінде келтірген.
Олардың бірі-тиімді технологиялық әдістердің көмегімен жаңа заттар өндіру мәселелері болып отыр. Жаңа заттардың молынан шығарылуы халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға әсерін тигізеді.
Полис - көп деген мағынаны білдіреді, грек сөзінен шыққан. Полимер - көп звенолы, яғни мономер - бір ғана кіші молекулалы зат. Полимер бірнеше моно-мерден тұратын үлкен молекулалы қосылыс. Мономерлер, яғни кіші молекулалы заттардың тобы бір-бірімен әртүрлі қашықтықта немесе кеңістіктік тор түзе коваленттік байланыстар арқылы бірігеді. Көптеген атомдардан құралған мұндай полимерлі қосылыстарды макромолекулалар деп атайды. Макромолекуланың құрамына кіретін атомдардың түрлеріне қарай полимерлерді органикалық, бейорганикалық және элемент- органикалық деп бөледі.
Электроорганикалық полимерлер өзінің құрылысымен қасиеттеріне қарай органикалық пен бейорганикалық полимерлердің арасынан орын алады. ЖМҚ жайлы ғылым басқа химия ғылымы салаларына қарағанда кешірек дамыған деуге болады. Дегенмен, техникаға, адам өміріне, тұрмысқа қажеттілік негізінде ЖМҚ-ды зерттеу бірден дами бастады. Әр түрлі елдерде ондаған жылдардың ішінде мыңнан аса қасиеттері жағынан бір-бірінен айырмашылығы бар полимерлер синтезделді. Ал қазіргі уақытқа дейін олардың саны артып келеді. Синтезделген полимерлер санының арта түсуі оларды жүйелеу қажеттігіне әкелді.
Барлық ЖМҚ құрамына және түзілуіне қарай 3 үлкен топтарға жіктеуге болады:
1) бейорганикалық
2) органикалық
3) элементарлық.
Химиялық табиғатына байланысты полимерлер органикалық, бейорганикалық және элементорганикалық болып бөлінеді. Органикалық полимерлерге көміртектен, сутектен, оттектен және азоттан тұратын көптеген қосылыстар кіреді. Бейорганикалық полимерлердің молекуласы кремний, алюминий, стронций және басқа элементтердің атомдарынан құрылған. Элементорганикалық полимерлер екі түрлі бола алады: негізгі полимсрлік тізбектің табиғаты бейорганикалық болады да, ал қосалқы тармақтары органикалық болады және керісінше. Бейорганикалық полимерлерге кварц, алмаз, графит силикаттар т. б. жатады. (корунд, бор карбиді т. б. ) . Органикалық полимерлер табиғи және синтетикалық полимерлер болып бөлінеді.
1. 2 Қалдық заттардың түрлері мен олардың экологиялық сипаттамасы
Адам баласының кез келген шаруашылық іс-әрекеті әртүрлі қалдықтармен биосфераны ластайды, бұл халықтың денсаулығы мен өміріне, флора мен фауна түрлерінің қысқарылуына, қоршаған ортадағы тепе-теңдікке қауіп-қатер тудырады. Кен үйінділерін, өнеркәсіп тастандыларын, қоқыстарды, қала шөп-шаламдарын тек қоршаған ортаны бұзатын ластағыштар деп санауға болмайды, олар құнды шикізат көздеріне жатады. Қазіргі кездегі ғылым мен техниканың даму деңгейіне сәйкес әбден жетілдірілген технологияның жоқтығына байланысты оларды өңдеп құнды өнімдер алу әзірше жолға қойылмаған, сондықтан бұларды сақтауға, жиюға, тасуға, көмуге, зиянсыз түрге айналдыруға көптеген қаражат, энергия, уақыт жұмсалып жатыр.
Қалдықтар шығаратын негізгі көздерге өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, үй-жай шаруашылығы жатады. өнеркәсіп қалдықтарының мөлшері бір адамға шаққанда тұрмыс қалдықтарынан 20 еседен артық келеді. Төмендегі 1-2-суреттерде қалдықтардың жалпы және өнеркәсіп қалдықтарының табиғатына қарай жіктелуі берілген. Агрегатты күйіне байланысты топтастыруда сулы ерітінділер мен шламдарға араласқан (органикалық және анорганикалық), бейтарапты, сілтілі және қышқылды сұйық ерітінділер жатса, сусыздарға пайдаланылған шайырлар, мал мен өсімдік майлары, органикалық еріткіштер (өртеуге болатын мен болмайтындар) жатады.
Әр өнеркәсіп өндірістері өнім өндіруге ғана назарларын аударып қоймай қор айналымын жүзеге асыратын әдістерге көшсе, қоршаған орта ластанудан қорғалынады. Аз немесе қалдықсыз технологиялық кешендер ұйымдастыру қажеттігі айқын, яғни бір жердің шеңберінен аспайтын қалдықсыз өндірістер емес, қалдықсыз өндірістік кешендер туралы сөз көтерілгені орынды. Бұл жағдайда бір өндірістің қалдығы басқа өндіріске шикізат ретінде пайдаланылады.
Қазіргі кезде қолданылатын технологияларға байланысты бастапқы алынған шикізат мөлшерінің 10 пайызы қалдыққа айналып отырады. Осыған байланысты бос жыныстан тұратын таулар пайда болады, көп көлемді сулар жіберіледі.
Қазіргі уақытта дүние жүзі бойынша жер қойнынан жыл сайын 100 млрд. тоннаға дейін руда, құрылыс материалдары, отын беткі қабатқа шығарылып отырылады, шамамен 92 млн. тонна минералды тыңайтқыштар мен 2 млн. тонна улы химикаттар пайдаланылып, олар да жер бетіне таралады. Атмосфераға 200 млн. тоннаның үстінде көміртек оксиді, 53 млн. тоннадай азот оксидтері, 50 млн. тонна көмірсутектері, 146 млн. тонна күкірттің диоксиді, 250 млн. тонна шаң газ тәрізді қалдық ретінде шығарылынады. Ал су қоймаларына жыл сайын орта есеппен 32 млрд. м 3 тазаланбаған су, әлемдік мұхиттарға - 10 млн. тоннаға дейін мұнай тасталынады. Қалдықтардың мөлшерін азайту үшін әртүрлі халық шаруашылығы салаларының арасында байланыс ұйымдастырып, шикізатты кешенді түрде пайдалану мәселелерін шешу қажет.
Қалдықтардың түрлері:
Қалдықтар
Тұрмыстық Өнеркәсіптік Ауылшаруашылық
Газ тәрізді Қатты Сұйық
Органикалық Анорганикалық
Зиянды Зиянсыз
Пайдаға асырылатын Пайдаға асырылмайтын
Жанатын Жанатын Жанбайтын Жанбайтын
қатты сұйық қатты сұйық
- сурет. Қалдықтардың жалпы жіктелуі.
Табиғаттағыдай өнеркәсіпте де айналым болу керек. Өнеркәсіп комбинатының жанынан улағыш қалдықтарды зиянсыздандыратын немесе өңдеп пайдалы заттар шығаратын қосымша өндірістер ұйымдастырылса экономикалық тұрғыдан пайда түсірілумен қатар табиғатқа тиетін қолайсыз әсер де жойылып отырады.
Шыққан көздеріне байланысты өндірістегі қалдықтар екі топқа бөлінеді - өндіріс қалдықтарына және тұтыну қалдықтарына .
Өндіріс қалдықтарына бұйым алу процестерінде шыққан және жартылай немесе түгелімен өзінің бастапқы тұтыну сапасын жоғалтқан шикізаттың, материалдардың, шала бұйымдардың қалдықтары жатады. Бұл топқа сонымен қатар шикізатты физикалық-химиялық жолмен әңдегенде, пайдалы кендерді шығарғанда және байытқанда шыққан, бірақ та өндірістік процестің бағытталған мақсатына жатпайтын, өнімдер кіреді. Оларды шамалы өңдегеннен кейін халық шаруашылығында немесе шикізат ретінде басқа өндірісте, немесе отынға пайдалануға болады. Өндіріс қалдықтарына
сыртқа тасталынатын технологиялық газдарды немесе ақаба суларды тазалағанда шыққан қатты заттар да жатады.
2-сурет. Қалдықдықтарды агрегатты күйіне байланысты топтастыру.
Тұтыну қалдықтарына пайдалануда болғаны үшін тозып, өздерінің тұтыну қасиетін жойған бұйымдар мен материалдар жатады. Олар өндіріс жағдайында белгілі тәртіппен шығынға шығарылады, ал тұрмыста тасталынады.
Өндіріс және тұтыну қалдықтары пайдаға асырылатын және пайдаға асырылмайтын болып бөлінеді.
Пайдаға асыралындарға - өңдейтін технология болғанына байланысты өнеркәсіптің өзінде немесе халық шаруашылығының басқа салаларында шикізат, шығарылатын өнімге қосымша зат, отын, жем, тыңайтқыш ретінде пайдаланылатын қалдықтар жатады.
Тап осы кезеңде өңдеу жүргізілетін технологияның болмағанына және алынған өнімдерге тұтынушының жоқтығына байланысты экономикалық тұрғыдан қолдануға тиімсіз қалдықтарды пайдаға асырмайтындарға жатқызады.
Өндірісте шикізатты жер қойнауынан шығарғанда, оны физикалық-химиялық жолмен өңдегенде жанама немесе қоса шыққан өнімдер қалдықтарға жатпайды. Бұл өнімдерге мемлекеттік стаедарт белгіленеді және баға қойылады.
Пайдаға асырылатын және асырылмайтын қатты және сұйық қалдықтар жанатын және жанбайтын топтарға бөлінеді.
Жанбайтын пайдаға асырылмайтын қатты өндірістік қалдықтарға қоқыстар, кектер, руданы байытқанда шыққан қалдықтар және т. б. жатады. Бұларды өңдейтін технология әзірше болмағандықтан зиянсыздандыру үшін көмеді.
Жанатын пайдаға асырылатын қалдықтарға ағаш қалдықтары, макалатура, тоқыма материалдарының қалдығы, құрамында резина бар қалдықтар, пайдаланылған былғаныш, істен шыққан жарамсыз майларды, еріткіштерді жатқызуға болады. бұл қалдықтарды зиянсыз түрге айналдыру үшін камералық цехта жағады да, бөлініп шыққан жылуды өндірістік айналымдарда пайдаланады немесе жанбайтын қалдықтарды зиянсыздандыруға қолданылады. Ал жағу процесінің нәтижесінде шыққан қалдықтар көмуге жіберіледі.
Қалдықтарды жер астына, геологиялық кен орындарына (көмір шахталарының, тұз кендерінің оқпандарына, кейде арнайы жасалған орларға - полигондарға) немесе теңіз түбінің терең ойпаңдарына қайтадан шықпайтындай етіп орналастырады. Радиактивті және едәуір улы қалдықтарды мүлде қауіпсіз етіп көму амалы әлі толығымен шешімін таппаған экологиялық проблеманың бірі болып табылады.
3-сурет. Зиянды және қауіпті қалдықтардың негізгі сипаттамалары.
Улы қалдықтарды көму уақытша амалсыз қолданылатын шара, себебі бұл жағдайда қоршаған ортаның ластану қауіптілігі тұрақты сақталып отырады. Кейбір тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтарды көму арқылы олардың көлемін азайтуға болады.
Улы қалдықтардың әр уақытта қауіптілік класын негізге ала отырып, оларды көму, сақтау, жинау, тасымалдау туралы шешім қабылданады /13/.
Қауіпті қалдықтар деп құрамында зиянды заттектері бар, қауіпті қасиеттер (улылық, өртенетін және жарылатын қауіптілігі бар, жоғары радиоактивті) тән немесе жұқпалы аурулардың қоздырғыштары бар, сонымен қатар өздігінен немесе басқа заттектермен қосылғанда адамның денсаулығына және қоршаған ортаға қауіп төндіретін қалдықтарды айтады.
Қалдықтардың қоршаған ортаға әсері олардың сапалық және сандық құрамына байланысты. Қалдықтардың химиялық құрамы әркелкі, себебі олар әр түрлі физикалық-химиялық қасиеттері баркүрделі поликомпонентті заттектердің қоспасынан тұрады. Осы қалдықтардың биосфераға тигізетін зияндылығы мен қауіптілігін сипаттайтын кейбір негізгі көрсеткіштер 3-суретте келтірілген.
Қоршаған орта мен адам денсаулығына өте қауіпті қалдықтарға шамамен 600-дей заттар мен қосылыстыр жатады. Олардың құрамына кіретіндер:
- пестицидтер және олардың құрамына кіретін химия өндірістерінің қалдықтары;
- радиоактивті қалдықтар;
- сынап және оның қосылыстары, сынапты термометрлер;
- мышьяк және оның қосылыстары, құрамында мышьягі бар металлургиялық өндіріс пен жылу электр станцияларының қалдықтары;
Біздің республикамыздың Қылмыстық Кодексі экологияға қарсы қылмыстардың белгілі бір шеңберін белгілеген. Атап айтқанда, суды, жер мен атмосфераны ластау (281, 282-баптар), теңізді адам денсаулығына немесе теңіз жәндіктеріне зиянды заттармен ластау (283-бап), жер қойнауын пайдалану ережелерін бұзу (286-бап), заңсыз аңшылық (288-бап) және т. б.
Ауаның, өндірістің немесе ғылыми эксперименттердің зиянды қалдықтары мен ластануы экологияға қарсы зиянды салдарлардың нақты көрінбеуі арқылы пайда болады. Ол бұл салалардағы нормативтік актілердің бұзылу сәтінен бастап қоғамға теріс құбылыс деп танылады.
Адамдардың денсаулығына немесе басқа да теңіздің заңды ресурстары үшін зиянды заттармен теңіздің ластануының объективті жағы (ҚК, 283-бап) мынада: Қазақстан Республикасының ішкі теңіз және аумақтық суының ластануы бұл суға адамдардың денсаулығына немесе теңіздің жанды ресурстарына зиянды қоқыстардың, қалдықтардың, белгіленген нормадан жоғары зиянды заттары бар қойыртпақтардың заңсыз тасталуының салдары; аталған заттардың немесе қойыртпақтардың салдарынан болатын шығындардың алдын алатын шараларды қабылдамау; біздің республикамыз қатысатын халықаралық келісімді бұза отырып, кеме және т. б. жүзу құралдарының ашық теңіз суын ластауы.
Күні бүгін құрылыс материалдарын жасау өндірістерінде бастапқы шикізат құрамына түрлі көмірсутекті органикалық және органикалық-минералды отындарды қосқанда алынатын өнімнің экономикалық тұрғыдан тиімді болатындығын байқауға болады. Мысалы, өзіндік құнының үлесіне кіретін отынның шығыны керамзит үшін - 39, 6 % болса, ал аглопорит үшін бар болғаны - 8, 8 %-ды құрайды. Осы уақытқа дейін керамзит өндірісінде өндірістік көрсеткіштерді жоғарылату үшін және керамзиттің сапасын арттыру мақсатында, көмірсутекті органикалық қоспалар (мұнай, мазут, керосин, жағар май, пиролизді смола, сульфидті-спиртті барда) және органикалық-минералды қоспалар (антрацит, гумбрин, ағаш ұнтағы, торф, лигнин, хлорлигнин, қара топырақ) қолданып келген [1, 2] .
Сондықтан аглопорит өндірісінде мұнай шламы мен күлді шикізат ретінде қолдану қоршаған табиғи ортаның қалдықтармен ластану мөлшерін азайтып, өндіріс қалдықтарынан жасалынатын аглопориттің сапасын жоғарылатуымен бірге, қалдықтарды өңдеу тиімділігін арттырады.
Аглопорит өндірісінде мұнай шламын отын ретінде қолдану қоршаған табиғи ортаның мұнай өңдеу қалдықтарымен ластану мөлшерін азайтып, өндіріс қалдықтарынан жасалынатын аглопориттің сапасын жоғарылатуымен бірге, қалдықтарды өңдеу тиімділігін арттырады. Тау-кен өндірісінде минералды шикізаттарды өндіруге және одан пайдалы компоненттер алуға жұмсалынатын жалпы шығындардың 49-51%-ы сол шикізаттарды майдалауға және ұнтақтауға жұмсалынады. Ал күл-шлак қалдықтары майдаланған және ұнтақталған күйде арнайы күлсақтағыш қоймасында сақталынуда. Егер бұл күл-шлак қалдықтарының елімізде тапшы болып табылатын жеңіл бетон толтырғышы - аглопорит жасауға жарамды шикізат екендігін ескерсек, оны пайдалану қоршаған ортаны үлкен мөлшердегі ластау көзінен арылтумен бірге, үлкен экономикалық тиімділікке қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Ел президенті тұрғын үй мәселесі жөніндегі жолдауында өзекті міндеттердің бірі - тұрғын үй мәселесін жеделдете отырып шешу деп атап көрсеткен болатын. Осы жылғы тұрғын үй құрылысы бағдарламасын жүзеге асыру басталатындығын, онда өндірістің құрылыс саласын дамыту экономикамызды сүйреуші қуатты күш екендігіне басты назар аударған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz