Психология ғылымының зерттеу пәні - психика



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М.Х.ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ

Институт Ұстаз Институты
Кафедра Педагогика және практикалық психология

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Психологияны оқыту әдістемесінен
Тақырыбы: Психология ғылымының мән-мағынасы және зерттеу саласы

Студент: Әлімжанова Дамира Тобы ПИП18-1Қолы
Жетекші: Махашова Патима
Қорғауға жіберілді 20 ж. Қолы
Жоба қорғалды __ 20 ж. бағасымен Қолы
Комиссия мүшелері Қолы
Қолы

Тараз 2020

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1 ПСИХОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ МӘН-МАҒЫНАСЫ ЖӘНЕ ЗЕРТТЕУ САЛАСЫ
1.1 Психология ғылымының пəнi жəне мiндеттерi ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Казiргi заман психологиясының мiндеттерi ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..7
1.3 Психологияның ғылымдар жүйесiндегi орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
2 ПСИХОЛОГИЯ ҒЫЛЫМ РЕТІНДЕ ҚҰРЫЛУ ТАРИХЫ
2.1. Психология ғылымының даму тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 12
2.2 ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы психология дағдарысы ... ... ... ... ... .15
2.3 Қазақстанда психология ғылымының даму мәселесі ... ... ... ... ... ... ... ... ..28
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...21


КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектілігі: Қазақстан Республикасының білім беру заңында, 2020 жылға қарай Қазақстан - білімді мемлекет, ақылмен құрылған экономика және біліктілігі жоғары жұмыс күші. Білім берудің дамуы еліміздің болашақ экономикалық, саяси және әлеуметтік-мәдени өркендеуі сүйенетін тұғырнамасы болуы тиіс деп көрсетілген болатын. Бұл тұғырнаманы мықты етіп орнатудың басты кепілі - білімді,зияткер ұрпақ болып табылады. Білім беру жүйесінде жас ұрпақтың бойындағы тиісті қабілеттерді дұрыс анықтай отырып, және оны одан әрі жақсы бағытта дамытатын болсақ, 2020 жылға қарай еліміз алдына қойылған міндеттердің барлығы орындалатын болады[1].
Психологиялық ой көптеген ғасырлар бойы қиын-қыстау кезеңдерін басынан кешті, ол өзгерістері қаншалықты толықтырылып, терминдері ауысса да (жан, сана, психика, іс-әрекет және т.б.) психология пәнінің өзіндік ерекшеліктері бар.
Психологияның пәні болып субъектінің табиғатпен әлеуметтік мәдени әлеммен заңды байланысы, олар сезім және ақыл-ой жүйесінде бекітілген, мотивтері, яғни әрекетке итермелейтін, сонымен қатар іс-әрекеттің өзі және де адамның өзіне қатынасы, басқа адамдармен қарым-қатынасы жеке адам немесе тұлғаның ерекшеліктер жүйесі болып табылады.
Психология - жалпы алғанда психиканың және ерекшелеп алғанда адамның нақты тарихи және адам ретіндегі сананың пайда болуы, даму және көрніс беру заңдылықтары туралы ғылым. Психология ғылым ретінде психиканың әр түрлі кұбылыстарын зерттеу және түсіндіруден ғана емес, сондай- ақ олардың мәнін қорта талдау және ашып көрсету, яғни солардың негізінде психологиялық құбылыстар мен процестердің себептердін, олардың болашақта көрніс беретіндігін болжауға болатын белгілі бір зандылықтарды ашып анықтаумен шұғылданады.
Психология ғылымының зерттеу пәні - психика.106

Психика туралы түсінік. Психика - матария қасиеті, мидың қызметі болуымен психика дамуының алғы шарты бейнелеудің ерекше формасы. Психиканың қызметі, бірініден қоршаған дүние заттары мен құбылыстарының қасиеттерін, байланыстардын бейнелеу, екіншіден осының негізінде адам қылығы мен қызмет әрекетін ретестіру.
Психологияның пәні болып субъектінің табиғатпен әлеуметтік мәдени әлеммен заңды байланысы, олар сезім және ақыл-ой жүйесінде бекітілген, мотивтері, яғни әрекетке итермелейтін, сонымен қатар іс-әрекеттің өзі және де адамның өзіне қатынасы, басқа адамдармен қарым-қатынасы жеке адам немесе тұлғаның ерекшеліктер жүйесі болып табылады.
Психологиялық ой көптеген ғасырлар бойы қиын-қыстау кезеңдерін басынан кешті және ол өзгерістері қаншалықты толықтырылып, терминдері ауысса да (жан, сана, психика, іс-әрекет және т.б.) психология пәнінің өзіндік ерекшеліктері бар. 105
Оның биологиялық компоненттері жануарларда да кездеседі (ортаны сезіну, жүріс-тұрыс мотивациясы, инстинктивтік және жүре пайда болған). Бірақ адамның психикалық ұйымдасуы оның биологиялық формаларынан әлдеқайда өзгеше. Әлеуметтік мәдени өмір сүру адамның санасын оятады. Адамаралық қатынастар тіл арқылы сөзбен немесе өзара әрекеттесу барысында, индивид өзін басқа адамдарға қарау арқылы психикалық өмірдің субъектісі екендігін тани алуға қабілеттенеді. Алдын ала мақсат қою, оны әрекетке айналдыру өзіндік жүріс-тұрысты іштей жоспарлайды. Осындай жоспардың барлық компоненттері саналы тілге ауыса алмайды. Сондықтан курстық жұмысымыздың тақырыбын Психология ғылымының мән-мағынасы және зерттеу саласы деп алдық.
Зерттеудің мақсаты: психология ғылымның дамуы жағдайларындағы негізгі ерекшеліктерін анықтау.
Зерттеудің обьектісі: психология ғылымының мəн-мағынасы
Зерттеудің пәні: психология ғылымның дамуы
Зерттеудің міндеттері:
- Психология ғылымының мəн-мағынасын және зерттеу саласы мен және түрлерін анықтау;
- Психология ғылымының даму кезендерің анықтау;
- Психологияның ғылымдар жүйесiндегi орнын анықтау;
Зерттеудің болжамы: егер психология ғылым ретінде психиканың әр түрлі кұбылыстарын зерттеу түсіндіруден ғана еместігін анықтаса, сондай- ақ олардың мәнін қорыта талдау және ашып көрсету, яғни солардың негізінде психологиялық құбылыстар мен процестердің себептердін, олардың болашақта көрініс беретіндігін болжауға болатын белгілі бір зандылықтарды ашып анықтаумен шұғылданса мүмкіндік берер еді.
Зерттеудің әдістері: психологиялық әдістердің негізгі топтары: обьективті және субькетивті. Обьективті әдістер: бақылау, өзін-өзі бақылау, араласа бақылау, сырттай бақылау. Психикалық құбылыстарды сандық бағалаудың субьективті әдістері. Психоолгиялық тесттердің негізі типтері. Проективті тестер мен эксперимент.
Зерттеудің теориялық-әдіснамалық мәнділігі: Зерттеу жұмысына Л. С. Рубинштейн , Г. Эббингауз, Б. Ф. Ломов, К. Д. Ушинский теориялары, көзқарастары, зерттеулері негіз болды.
Зерттеудің құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 ПСИХОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ МƏН-МАҒЫНАСЫ ЖӘНЕ ЗЕРТТЕУ САЛАСЫ

1.1 Психология ғылымының пəнi жəне мiндеттерi

Адам болмысының табиғатына, оның саналы қоғам шеңберiнде өркендеуi мен қалыптасуына, тәң iрегiндегi басқа адамдармен қарым-қатынасының ерекшелктерiне деген психология дамуының негiзiнде жатқан қызықшылығы уақыт озуымен бiрге өрiстей түскен. Қазiргi кезеде өндiрiс, ғылым, медицина, өнер, оқу, ойын жəнеде спорт салаларындағы бipi iс-əрекет психологиялық заңдылықтарды түсiнiп, танып бiлмей тиiмдi орындалуы мүмкін емес.
Адамның даму заңдары мен оның болмысы жасампаздық мүмкiндктерi жөнiндегi бiлiмдер жүйесi бүкiл қоғамның кемелденуi үшiн те қажет. Адам əр түрлi ғылым тұрғысынан жан-жақты зерттелетiн объектi, ал ғылымдардың əрбiрi өзi не тəн ерекше көкейкестi мəселелермен айналысады. Солардың iшiнде қоғамдық ғылымдар əлеуметтiк процестердi зерттеуде психологиялық факторларды айналып өтуi мүмкiн емес. Л. С. Рубинштейн "Жалпы психология негiздерi" (1940) атты еңбегiнде ''Психология зерттеуiндегi ерекше құбылыстар ауқымы анык; Keiлiп тұр: олар бiздiң қабылдауымыз, сезiмiмiз, ойларымыз, ықлас-ниеттерiмiз бен тектерiмiз, т.б., яғни бiздiң өмiрiмiздiң iшкi мазмұнын құрап, бiздiң жан толғаныстарымыз ушып денiмiзге ажырамастай болып сінген құбылыстар жиыны'', - деген. Психологиялық дүниенiң бiрiншi ерекшелiгi əр тұлғаның (индивид) өз меншк толғанысының болуы, ол түйск сезiмiнен ғана көрiнедi де, оның басқаша пайда болу жолы жоқ. Мысалы, қаншалықты əдемi, нəрлi суреттеп берсең де, соқыр дүние сұлулығын сезiнуi қиын; керең ткелей қабылдамаған соң, əн-күй əуенiн танымайды; махаббат лəззатына өзi бөленбеген адамға ол жөнiндеп эңгіме-дастан да түкке де тұрмайды[2].
Психология ерекшелiктерiн танудың қиындығы олардың адам ақылына сиып болмайтын, қалыптан тыс, тылсым кұбылыс болуында. Себебi, əрқандай нақты заттың өзi мен онық қабылданған кейпi бiр-бiнен ажыратылып тұратыны даусызАдам психика жөнiндегi кейбiр түсiнiктердi өз өмip тəжiрибесi негiзiнде топтайды. Əлеуметтiк қатынастар мен еңбек барысында түсiнiсуге, бiрлктi тұрмыс құруға, iс-əрекет арқылы адамды тануға қажет болудан жинақталған жай психологиялық пайымдаулар ғылыми психологияға дейiнгi бiлiмдер ауқымын құрады.
Осы бiршама бiлктер əр адамға қоршаған ортада жол тауып, өзге тұлғалармен іс-əрекетiне орай қатынас жасауға көмегiн тигiздi. Бiрақ мұның eқі тұтастай жүйеленбеген, тереңнен танылмаған, дəлелсiз. Оларды бiз күнделктi тұрмысты тəжiрибемiзден ғана үйренбестен, көркем əдебиеттен, халық ауыз əдебиетi үлгiлерi нен (мақал-мəтел, ертек, əпсана) ұғып, түсiнiп келдік. Қазiргi заман психология теориялары мен психология салаларының бастауларынан осы тəжiрибесi мен атадан-ұрпаққа жеткен асыл рухани мұрадан келiп шығады.
Психология өте көне де, өте жас ғылым. Мың жылдық тарихының барына қарамастан, оның бар болашағы əлi алда. Психологияны дербес ғылыми сала болып танылғанына ендi ғана жүз жылдан асып барады, ал ол шұғылданған психологиялық ой, проблемалар тарих тұңғиығында бастау алған пəлсапамен бiрге келе жатыр.
ХIХ ғ. соңы - ХХ ғ. басында танымал ғалым Г. Эббингауз психология жөнiнде қысқа да дəл былай көрсеткен: Психология тарих алдында ұланғайыр, ал тарихы өте қысқа. Психика зерттеулерiнiң тарихы деп отырғанымыз психологияның фəлсападан бөлiнiп, жаратылыстану ғылымдарымен ұштасып, өзiнiң эксперименттiк зерттеулеріін ұйымдастыра бастаған дəуiрi. Бұл ХIХ ғ. кейiнгi ширегi болғанымен, психология бастаулары көз жетпес ғасырлар тереңiнде өрiс алды.
Пəн атының өзiде грек тiлiнен аударғанда психология - жан туралы ғылым (психо - "жан", логос - "ғылым") дегендi аңғартады. Кең тараған түсініктергетерге жүгiнсек, алғашқы психологиялық көзқарастар дiни ұғымдарға байланысты дниеге келген. Шынында да, ғылым тарихы көрсеткенiндей, ежелгi грек философтарының алғашқы тұжырымдары адамды практикалық тану негiзiнде бастау бiлiмдерiн жинақтаған, жаңадан қалыптасып келе жатқан ғылыми ой-пiкiр бағыттарының жалпы дүние, соның iшiнде жан жөнiндегi дiни-мифологиялық көзқарастарға қарсы күрес iнде дамуын тапты. Осыдан, жан жөн iндегi зерттеулер мен түсiнктер психологияның пəндк аймағының кемелденуiнде бiрiншi кезең болды да психология əуел бастан ''жан'' туралы ғылым деп танылды. Бiрақ бұл жанның не зат екенiне жауап табу оңайға соқпады. Əр тарихи дəуiрлерде ғалымдар бұл сөз мағынасын сан қилы түандайды [3].
Психика мəнiне байланысты көзқарастардың қалыптасуы мен дамуы философияның өзектi мəселесiн - материя мен сана, заттық жəне рухани болмыстардың ара қатынасын шешуге тəуелдi болып келдi.
Дəл осы мəселенiң шешiмi тәңiрегiнде бiр-бiрiне ткелей қарсы философия бағыттары - идеализм мен материализм пайда болды. Идеалистер психиканы болмыс бастауы, өз бетiнше жасайтын, материяға тəуелсiз, белгiсiз бiр зат деп қарастырды. Ал материалистк танымда психика - туынды, материяға тəуелдi құбылыс.
Идеалистк бағыт өкiлдерi материяға қатысы жоқ ерекше рухани бастаманың барын мойындап, психиканың əрекетi тəнсiз, мəңгi жойылмас жанның көрiнiсi деп бiледi. Ал барша заттасқан дүние мен процестер, оларша, бiздiң түйсiгiмiз бен елестерiмiздiң нəтижесi.
Идеализм бастауы адамдардың өз дене құрылымы мен қызметi жөнiнде дұрыс танымы болмаған, психикалық құбылыстарды адам дүниеге келуiмен тəнге енiп, оның өлуiмен ұшып кететiн жан немесе рух əрекетi деп ойлайтын заманда пайда болған. Жанды бастапқыда адамның əр түрлi мүшелерiнде жасайтын ерекше бiр жұқа зат не тiршiлiк иесi деп бiлген. Ойдын пайда болуымен жан "о дүниемен" байланысты, көрiнбейтын әpi мəнiң жасайтын, тəні өзгеше бiр екiншi баламасы - рухтық зат деп танылды. Бар əлем бастаушысы идея, рух, сана, ал материя осылардан туындайды деп есептеген əртүрлi идеалистiк бағыттар қанат жайды.
Адам психикасы - рухани өмiрдiң көрiнiсi, сондықтан ол материалдық дүние заңдылықтарына бағынбайды деп санаған идеализм мен дiни догматтар адам жан дүниесiн материалистік тұрғыдан түсiндiруге ұмтылған ғылыми ой-пiкiрлердi көп ғасыр кейiнге ысырып тастады.
Психикалық құбылыстың органикалық материя қасиетi ретiнде сапалық ерекшелiгi[4].
Барша материя бейнелеу қасиетiне ие. Психика - материя қасиетi, мидың қызметi болумен психика дамуының алғы шарты бейнелеудiң ерекше формасы. Психика материяның даму желісінде және оның бір қозғалыс формасынан екіншісіне өзгерiп барады. Биологиялық эволоция барысында заңдылықты пайда болып, психика сол эволюцияның маңызды фактор бiрлiгiне айналады. Бейнелеу қасиетi негiзiнде организмнiң қоршаған ортамен кең салалы жəне сан алуан байланыстары түзiледi.
Сонымен бipгe ескеретiн жəйт, заңдылық байланыстарды бiлу өздiгiнен заңдылықтарды iске асыратын нақты тетіктердi ашып бере алмайды. Осыдан психологияның мiндетi - психологиялық деректер мен заңдылықтарды аша отырып, психологиялық iс-əрекеттi қозғаушы механизмдердi де анықтап бiлу. Ал ендi сол механизмнiң қандайда да психологиялық процестi орындайтын нақты анатомия-физиологиялық аппаратты iске қосуына байланыстылығынан, ол механизмнiң табиғаты мен əрекетiн психология басқа ғылымдармен бiрлкте зерттейдi.
Қорыта келе, жантану ғылымы психология - психика деректерiн, заңдылықтарын жəне механизмдерiн зерттейтiн бiлiмдер саласы.

1.2 Қазiргi заман психологиясының мiндеттерi

Қазiргi кезеңде психология ғылымы алдында тұрған теориялық жəне практикалық мiндеттердiң сан қилылығына орай үлкен қарқынмен дамуда. Психологияның негiзгi мiндетi психикалық iс-əрекеттi оның даму барысымен байланыстыра зерттеу. Соңғы он жылдықтарда психологиялық зерттеулер аймағы бiршама кеңейiп, жаңа ғылыми бағыттар мен салалар дүниеге келдi. Психология ғылымының түсiніктер қоры өзгердi және жаңа болжамдар мен тұжырымдар үздксiз өрiстеуде, психология бұрын кезікпеген эмпирикалық деректермен толығуда. Б. Ф. Ломов "Психологияның методологиялық жəне теориялық проблемалары" атты еңбегiнде қазipгi заман ғылымының жағдайын сипаттай келе, "бүгiнгi күнде психологияның əдiснамалық проблемалары мен оның жалпы теориясын бұдан да былай тереңдетiп зерттеудiң қажеттiгi күрт жоғарылады", - деп жазады. Психологияның зерттейтiн құбылыстар əлемi ұланғайыр. Оның iшiне күрделiлiгi əр деңгейдегi адам қалпы мен қасиеттерi, процестерi, яғни сезiм мүшелерi не əсер етушi объектiнiң қарапайым жеке белгiлерiнен бастап, жеке адам мотивтерiнiң тайталасы кiредi[5].
Жантану ғылымы үшiн ең маңызды мəселелердiң бiрi - зерттелушi құбылыстардың мəн-мағынасын ашып беру. Осыған байланысты əдiснамалық мəселелер туындайды.
Психикалық құбылыстардың мəнiн тануда Б. Ф. Ломов өзiнiң еңбегiнде психология ғылымының тeк категорияларын, олардың жүйелi өзара байланысын, жалпылығын, сонымен бiр бұл категориялардың өзiндк дербестікте екенiн айқындап берген. Ғалым психологияның келесi тiрек категорияларын атайды: бейнелеу категориясы, iс-əрекет категориясы, жеке адам категориясы, тiл-қатынас категориясы, сондай-ақ жалпылық мағынасына орай категория санына жататын түсiнiктер - "əлеуметтiк" жəне "биологиялық". Адамның əлеуметтiк жəне табиғат қасиеттерiнiң объектив байланыстарын, оның дамуындағы биологиялық жəне əлеуметтiк себеп-салдарлық қатынастарды айқындау ғылым мiндеттерiнiң ең бip қиыны.
Алғашқы он жылдықтарда психологияның теориялық (дүниетанымдық) тарапы басымдау болды. Ал қазiргi кезеңде оның қоғамдағы рөлi көп өзгерiске ұшырады. Ол ендi бiлiм жүйесiндегi, өндiрiтeгi, мемлекеттiк басқару, медицина, спорт жəне т.б. кəсiбi практикалық қызметтiң ерекше саласына айналып барады. Психология ғылымының практикалық мiндеттердi шешуге араласуынан оның теориясының даму жағдайлары да бiршама өзгердi. Шешiмi психологиялық бiлiктiлiктi қажет еткен мiндеттер адамдық фактор маңызының жоғарылауынан қоғам өмiрiн барша тарапында əрқилы формада пайда болуда. "Адамдық фактор" дегенiмiз әр азамат тұлғаға тəн болып, олардың нақты iс-əрекетiнде көрiнiс беретiн əлеуметтiк психологиялық, психологиялық жəне психо-физиологиялық қасиеттердiң кең ауқым [6].
Бiз бұл жерде осы күнгi қоғамдық тəжiрибенiң психология алдына қойған талаптарының бəрiн талдау мiндетiн алмай (өйткенi, адам араласқан жердiң бəрiнде мың сан мiндет), бала психикасының дамуына байланысты психологияның маңызын қысқа атап өтпекпiз. Халықты бiлiмдендiру жүйесiнiң барша бөлктерiнде (мектепке дейiнгi, орта, жалпы бiлiм берушi, орта арнаулы, жоғары мектеп) психологиямен сабақтас проблемалар шексiз. Психикалық құбылыстардың жүйесiн түгелiмен қарапайым түйсіктен бастап, жеке адам психикалық қасиеттерiне дейiн - оларды басқарушы объектив заңдылықтарды ашу үшiн зерттеу, оқу мен тəрбиенiң теориялық негiзiн, қоғамдық мiндеттерiн, ұйымдастыру формаларын анықтап белгiлеуде орасан маңызға ие.
Психология ғылымының қолданбалық мəнiн қоғам түсiнiп, қабылдауынан халыққа бiлiм беру мекемелерiнде психологиялық қызмет тармақтарын iске қосу идеясы өз қолдауын тапты. Қазiргi күнде бұл қызмет қалыптасып, дамуда, ол келешекте ғылым мен оның нəтижелерiн практикаға ендiруде дəнекер жүйе болуы кəмiл.

0.3 Психологияның ғылымдар жүйесiндегi орны

Психологияның басқа ғылымдар жүйесiндегi орнын тануға орай психологиялық деректердің басқа ғылымдарда пайдалану мүмкiндктерiн жəне керiсiнше, психология олардың нəтижелерiн өзi не қалай қолданатынын жете түсiнуге болады. Əр түрлi тарихи дəуiрлердегi ғылымдар арасындағы психологияның орны жантаным бiлiмдерiнiң даму деңгейi мен сараптау схемасынан келiп шығады. Атап айту керек, қоғамның рухани даму тарихында бiрде-бiр бiлiм саласы ғылымдар жүйесiндегi өз орнын психология сияқты жиi өзгертiп тұрған емес.
Қазiргi күнде академик Б. М. Кедров ұсынған сарап əдiсi қабылданған. Бұл əдiс ғылымдар арасындағы мазмұндық жақындыққа орай көп тарапты байланыстарға негiзделген. Ұсынылған схема - шыңдарына жаратылыстану, əлеуметтiк жəне философиялық ғылымдар қонақтаған - үш бұрыш формасында. Ғылымдардың негiзгi тобының мұндай орналасуы олардың пəнi мен əдiстерiнiң психология пəнi мен əдiстерiне нақты жақындығынан. Зерттеу барысында қойылған мiндеттерге орай психология өз бағытын бұрыш шыңдарының бiрiне бұрып отырады[7].
Психологияның жалпы ғылыми бiлiмдер жүйесiндегi қызметi - зерттеу объектi адам болған барша ғылым салаларының жетiстктері кiрiктiрiп, байланыстыру.
Психологияның негiзгi мiндетi психикалық iс-əрекет заңдарын даму барысында зерттеп, тану. Осы заңдар арқылы объективті дүниенiң адам миында қалай бейнеленетiнiн, осыған орай оның əрекеттерi қалай реттелетiнi, психикалық қызметтiң дамуы мен жеке адамның психикалық қасиеттерi қалай қалыптасқаны айқындалады. Психиканың объективті шындық бейнесi екенi белгiлi, сондықтан психологиялық зерттеулер ең алдымен психикалық құбылыстардың адамның объектив өмiр шарттары мен қызметiне тəуелдiлiгiн тануға бағытталуы тиiс. Сонымен бiрге, адамдардың əрқандай iс-əрекетi барлық уақытта адам өмiрiн объектив жағдайларымен байланысып қалмастан, оның субъективті мезеттерiмен де қатынаста болады. Ғылыми психология барша психикалық құбылыстардың (қаншама күрделi болмасын) материалдық негiзi бас миы қыртысындағы уақытша байланыстар жүйесi болатындығына арқа сүйене отырып, субъективті жəне объективті жағдайлардың өзара ықпалды болатынын шынайы заңдылықты дəлелдеуге негiздеп бере алады. Осы байланыстардың түзiлуi жəне олардың қызметтес болуынан психикалық құбылыстар адам iс-əрекетiне ықпал жасап, оны реттеп, бағыттайды, шындықты санада бейнелеуде адамға өз əсерiн тигiзедi.
Сонымен, психикалық құбылыстардың адам өмiрi мен əрекетiнiң объективті жағдайларына тəуелдi заңдылықтарын аша отырып, психология осы əсерлердiң мидағы бейнелену механизмдерiн де айқындайды. Осыған орай, психология физиологиямен, дəлiрек айтсақ, жоғары жүйке қызметi физиологиясымен өте жақын байланыста болуы сөзсiз.
Психологияның дербес ғылымға айналуында оның ХIХ ғ. Басталған жаратылыстану ғылымдарымен бiрлікте зерттелуi үлкен маңызға ие болды.Осы байланыстың нəтижесiнде психологияға экспериментальдық əдiс ендi.(Г. Фехнер), рефлекторлық теория ашылды (И. М. Сеченов, И. П. Павлов). Қазiргi заман психология проблемаларының зерттелуiне Ч. Дарвиннiң эволюциялық теориясы да үлкен ықпалын тигiзiп, тiршiлiк иелерiнiң құбылмалы орта жағдайларына икемделудегi психиканың рөлiн анықтауға, жоғары психикалық əрекет формаларының қарапайым түрлерден туындайтынын түсiнуге мүмкiндк берді [8].
Психолог жеткiлiктi дəрежеде өсiмдктер мен жануарлар тiршiлiг iндегi ерекшелктердi айыра бiлуi қажет. Əсiресе, бiртектi сулы ортада жасаған бiр жасушалылардың клеткалы өмip тұрпатынан қоршаған ортада белсендi бағдар-бағыттылықты талап ететiн құрылықтағы тiршiлiк иесi - көп жасушалылардың күрделi өмiр формасына өтудегi өзгерiстерiн анықтап бiлген жөн. Жəндiктер дүниесi мен жоғары омыртқалылардың тiршiлiк принциптерi арасындағы айырмашылықтарды да бiлгеннің маңызы үлкен. Икемделудін жалпы биологиялық принциптерiн бiлмей, жануарлар қылық-əрекеттерiнiң ерекше бiтiстерiн дəл түсiну мүмкiн емес, ал онсыз адамның күрделi формадағы психикалық əрекеттерiн ұғу биологиялық тұғырынан айырылады. Сонымен бiрге естен шығармайтын жəйт, психология ғылымының пəндік негiзiн құрайтын деректердi ешуақытта биологиялық деректермен баламаластыруға болмайды.
Психология үшiн оның қоғамдық ғылымдармен байланысы үлкен маңызға ие. Тарих, экономика, этнография, əлеуметтану, өнертану, заң жəне т.б. зерттеулерiндегi проблемалар əрдайым психологиямен тікелей байланысты. Көп жағдайда адамдардың жеке жəне ұжымдық əрекеттер механизмi, əрекет, əдет, əлеуметтік бағыт, тəртiп-талап стереотиптерiнiң қалыптасу задылықтары жөнiндегi бiлiм-дердi пайдаланбай, кəйiп, сезiм, психологиялық климатты танып бiлмей, жеке адамның ерекшелiктерi мен психологиялық қасиеттерi, қабiлетiн, сезiмiн, мiнезiн, адам аралық қатынастарын зерттемей, əлеуметтiк процестер мен құбылыстардың мəнi толық ашылмайды, яғни, ықшамдап айтсақ, əлеуметтiк процестердi зерттеуде психологиялық факторды ескеру заңды қажеттiлк. Психологиялық факторлар өздiгiнен əлеуметтiк процестердi бағыттай алмайды, керiсiнше, олардың өзiн осы қоғамдық процестердi талдау арқылы түсiну мүмкiн.
Адамның психикалық iс -əрекеттер негiзгi формалары қоғамдық тарих шарттарына орай туындап, дəстүрлi объективті iс-әрекет жағдайында өрiсiн тауып, еңбекке, еңбек құралдары мен тiлдi қолдануға байланысты қалыптасады. Келтірiлген пiкiрлер психологияның қоғамдық ғылымдармен болған байланысының маңыздылығын дəлелдеп тұр. Егер жануар қылық-əрекетін қалыптасуы тiршiлiктің биологиялық жағдайларына түбегейлi тəуелдi болса, адам қылығының қалыптасуы қоғамдық тарих шарттарымен ажырамас байланыста. Ең алдымен психикалық əрекет-қылықтық адамға тəн ерекшелктерiн зерттейтн психология ғылымы қоғамның негiзгi заңдарын қорытушы əлеуметтiк ғылымдар деректерiн сiз бiр қадамда iргерiлей алмайды. Адамның психикалық əрекетіне арқау болатын қоғамдық шарттарды зейiндiлікпен көре бiлу психологияның берік ғылыми тұғырға орнығуына мүмкiндік бередi.
Психологияның педагогикамен байланысына аса назар аударған жөн. Əлбетте, бұл сабақтастық бұрыннан да белгiлi, кезiнде К. Д. Ушинский: "Адамды жан-жақты тəрбиелеу үшiн оны жан-жақты зерттеу қажет", - деген едi. Бұл арада психологияның практикалық маңызы нақты көрiнiп тұр. Егер педагогика психологиялық құбылыстарды табиғаты жөнiндегi бiлiмдерге сүйенбесе, онда ол қара-дүрсiн педагогикалық кеңестер мен көрсетпелер жиынтығына айналып, шын мəнiнде ғылым болудан қалып, мұғалiмге ешқандай жəрдем бере алмайды[9].
Педагогиканың барша салаларының (жалпы теория, дидактика, пəн əдiстемесi, тəрбие теориясы) даму барысында психологиялық зерттеулердi қажет ететiн проблемалар туындап отырады. Психикалық процесс жүру заңдылықтарын, бiлiм, ептiлiк жəне дағдылардың қалыптасуын; адам қабiлеттерi мен мотивтерiн, оның психикалық дамуын тұтастай бiлу оқудың əр сатысындағы бiлiм мазмұнын анықтау, оқу мен тəрбиенiң ең тиiмдi əдiстерiн нақтылау жəне т.б. сияқты өзектi педагогикалық проблемаларды шешуде келелi мағына мен маңызға ие.
Қазiргi кезеңде нарықтық қоғам оқушысын неге үйрету керек? Ғылым топтаған асқар тау ақпарат қорынан мектеп үшiн нендей бiлiмдi жəне оны қалай алу керек? -дегендей мың сан проблема асқақтап тұр. Бұлардың бəрiне шешiм табу, адамның əр жас деңгейiндегi психикалық даму мүмкiндіктерiн жəне олардың жедел шешімдерiн белгiлеу педагогикалық-психологияның мiндетi.
Психологияның аса қажеттiлігi педагогиканың тəрбие проблемаларына орай байқалады. Тəрбиенің мақсаты даму жолындағы қоғам талаптарына сай жеке адамдарды қалыптастыру. Ал бұл мақсатқа жету жеке адамның қалыптасу заңдылықтарын: бағыт-бағдар, қабiлет, қажеттiлк, дүниетаным жəне т.б. зерттеудi қажет етедi. Айтылғандар қазiргi заман психологиясының ғылымдар тоғысында тұрғанының дəлелді, яғни психология бiр жағында философия ғылымдары, екiншi тарапында жаратылыстану ғылымдары, үшiншi жағында əлеуметтiк ғылымдар болған аралықта орналасқан.
Солай болса да, барша ғылымдармен байланыса, психология өз пəнiне, өзiнiң теориялық принцптеріне жəне өзiнiң зерттеу əдiстерiне иелiгiмен дербестенетiнiн ұмытпау керек. Дербес ғылым ретiнде психология аймағында өзара байланысы сырт көзге байқала бермейтiн бiршама ерекше бiлiм салалары ұштасып жатады, мысалы, психофизиология мен əлеуметтiк психология. Бұлар, сырттай қарағанға "сыйыспайтындай" болғанымен, бiрақ ғылым саласынан, себебi олардың түпкi де түбегейлi мiндетi бiр- психикалық кұбылыстың мəнiн зерттеу. Психология қай ғылым саласымен байланысса да, оның зерттеу объектсi жалғызақ : ол - адам, оның психикалық процестерi, қалыптары жəне қасиеттерi.
2 ПСИХОЛГИЯ ҒЫЛЫМ РЕТТІНДЕ ҚҰРЫЛУ ТАРИХЫ
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Психологияның ғылымдар жүйесіңцегі орыны
Психология пәні және міндеттері.Психология ғылымының қолданбалық (прикладной) мәні
Психолгия ғылым реттінде құрлу тарихы
Писхология мән-мағынасы және оның барша ғылымдар
ПСИХОЛОГИЯ ҒЫЛЫМ РЕТІНДЕ ҚҰРЫЛУ ТАРИХЫ
Психологияға кіріспе
Ғылыми психологияның принциптері мен жалпы зерттеу әдістері
Қазіргі заман психологиясы және міндеттері
Психологияның даму тарихы
Психология ғылымының тарихы
Пәндер