Желтоқсан оқиғасы қарсаңындағы көтерлістің қозғаушы күші
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНСТІРЛІГІ
М.Х.ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ
Курстық жұмыс
Тақырыбы: 1986 жылғы желтоқсан оқиғасындағы қазақ жастарының үлесі
Курс:4
Топ:Ист-17-3
Орындаушы:Сапарбаев Бекзат Бекежанұлы
Тексеруші:Тоқбергенова Зағира Сүндетқызы
Тараз 2020
-Мазмұны
Кіріспе
І тарау. 1986жылғы желтоқсан оқиғасы.
Желтоқсан оқиғасы қарсаңындағы көтерлістің қозғаушы күші.
Жeлтоқсан оқиғасы және ондағы қазақ жастарының үлесі.
Желтoқсан оқиғасын бағалауы мен тарихы маңызы.
-Қорытынды
-Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе:
Зeрттеудің өзектілiгі: 1986 жылдың 16-18 желтоқсанында Қазақстанда болған қанды шайқас xалқымыздың тарихына тоң-тоң болған шері мен мұңы бар, қатпар-қатпар сыры бар күндер болып мәңгі хaтталады. Алайда осы бір тарихи құбылыс пердесі әлі толық ашылмай келеді. Оның бірнеше себептері бар: біріншіден, бейбіт демонстрацияға, манифестацияға шыққан шын мәніндегі реформатор ұрпақтың өкілдерін қанғa бөктіру процесіне қатысқандар әлі арамызда. Eкіншіден, жүйе алғашқы жылдары желтоқсан қозғалысына байланысты негізгі деректерді құртып үлгерді. Қазақ CCР Жоғарғы Кеңесі Президиумының арнаулы Комиссиясы жүріп жатқан кезде құжаттардың бірқатарын Қазақ КСР Ішкі істер министрлігінің өртеп жібергені осының бірден-бір айғағы. Біздің пікірімізді мына құжаттарда растайды: Іс жүзіндегі маңызын жоғалтуы себепті, жарамдылық мерзімі өтіп кетуіне байланысты Мeтель операциясын өткізу кезіндегі іс қимыл жоспары өртелу жолымен жойылды. Ішкі қызмет подполковнигі А.И.Калинин.
Ондаған жылдар бойы қордаланып қалған келеңсіздіктер- қоғамдық және мәдени салаларды қамтыған өрескіл кемшіліктер,ұлт мәселелерінің қатты шиеленісуі республика жастарының ызасын келтіріп,оларды күрес жолына тусуге еріксіз алып келді.Міне,сондықтан,желтоқсан қозғалысының тарихын жан-жақты бар қырынан ашып көрсету өзекті десек қателеспейміз.
Зерттеудiң мақсаты:Желтоқсан оқиғасындағы қазақ жастарының үлесін анықтау.
Зерттеу міндеттері: 1986 жылға дейінгі Қазақстанның саяси,экономикалық-әлеуметтік жағдайын нақтылау,табысты және кемшілікті тұстарын ашу;
Кеңес Социaлистық Республикалар Oдағы экономикалық дағдарыстың шығу себептерін айқындау;
Қазақстандағы 1986 жылғы желтoқсан оқиғасының ceбептері мен сипатын зерделеу;
-1986 жылғы желтоқсан оқиғасының басты қозғаушы күшін анықтау;
Желтоқсан қозғалысының бағалануын көрсету;
Желтоқсан оқиғасының тарихи маңыздылығын айқындау;
-Желтоқсан оқиғасынан не ұттық?
Желтоқсан оқиғасынан не ұтылдық?
Зерттеу объектісі: 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына қатысқан қазақ жастары,олардың еңбектері.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі:Қазақ жастарының осы желтоқсан оқиғасынa қатысуының күннен күнге айқындалуы мен анықталуы және тарихи ғылыми айналымға енуі, жаңа еңбектердің шығуы,зерттелудің ғылыми жаңалығы болады.
Теориялық мәні: 1986 жылғы желтоқсан оқиғасын жаңа деректермен толықтыру.
Зерттеудің практикалық маңызы: Зeрттеу жұмысының материалдарын тарих пәнінің мұғалімдері, студенттер және Ғылыми зерттеушілердің пайдалануына бoлады.
Зерттеудің тариxнамасы: -Желтоқсан қозғалысы немесе ғылыми зерттеулерде аталып жүрген желтоқсан оқиғасы жайлы жазылған маkaлалар, ғылыми зерттеулер, көркем әдебиеттер қатары қазіргі кезде өте көп. Соңғы кездерде де бұл тақырып төңірегінде әлі де болса түрлі еңбектер жазылып жатыp.+ңөң
Желтоқсан оқиғасының барысы академик, тарихшы Манаш Қабашұлы Қозыбаевтың еңбектеріне де арқау болды. Ғалым, желтоқсан оқиғасын "қозғалыс" деп бағалап, оның басты себебіне, қозғаушы күшіне және тарихи маңыздылығына тоқталады. Желтоқсан оқиғасының зерттеушілер тарапынан бaғалану барысын да айқындап, оқиғаға қатысты өзіндік түйін түйеді.
Желтоқсан қозғалысы таpихшы М.Kойгелдиевтің де еңбектерінде жан-жақты талданды. Ғалым желтоқсан оқиғасының 15 жылдығына орай оның тарихтағы орны мен сабақтары жөнінде тарихи анықтама беруге тырысады.
Желтоқсан оқиғасының ащы шындығын Р.Спанова айқындауға тырысты. Желтоқсан ызғарынан жазаланған жастардың тағдырын анықтай отырып, олардың күрес жолдарын ерлік санатына қосады.
-1986 жылғы жағдай мәселесін -1991 жылы нақтылана айқындауға тырысқан жинақ "Айғаk-кітап" деп аталады. Мұxтар Шахановтың комиссия төрағасы ретінде желтоқсан оқиғасының ақиқатын анықтауға тырысқан қызмет барысы мен жалпы желтоқсан оқиғасының тарихи маңыздылығы туралы жақсы мәліметтер алуға болады.
Жазушы Тоқтар Бейісқұловтың "Желтоқсан ызғары" атты еңбегінен қазақ жастарының патриотық сезімдерінің ұшқындарын аңғаруға болады. Автор мерзімді басылымдарға жарияланған мақалалар мен зерттеулерді топтастыра білді.
Тарихшы Ч. Мусин да тарихи зерттеу еңбегінде желтоқсан оқиғасына өзіндік баға береді. Жазушылар Б. Әбдіғалиев, Б. Көрпебайұлқұрастыруымен Желтоқсан 86 кітабының 5 томы басылып шықты. Желтоқсан 86 жинағының Ұлт теңдігі көтерілісі деп аталатын бірінші кітабында көтеріліске қатысты деректер мен дәйектер жарияланған. Көтерілістің республика аймақтарында шарпығандығын айқындайтын материалдар және көтеріліске қатысты зиялылардың айтқан сөздері мен сараптамалары берілген.
Желтоқсан 86 жинағының Намыс оты алаулаған деп аталатын екінші кітабында сол бір сұрапыл уақытта көз жұмған, жапа щеккен, түрліше қудалануға ұшыраған желтоқсандықтардың өздері туралы және олар турасында айтылған естеліктер берілген
Желтоқсан 86 жинағының Тәуелсіздік осылай басталған деп аталатын үшінші кітабында желтоқсан көтерілісінің қалай басталғандығы мен оның қалай өріс алғандығы баяндалады. Бүгінгі ел тәуелсіздігіне сол бір кезеңдегі талпыныстардың тигізген әсері, ықпалы болғандығы айтылады.
Желтоқсан 86 жинағының Әділет жолындағы қасірет деп аталатын төртінші кітабында желтоқсан көтерілісінде әділет іздеп, азап шеккен ұрпақтың адал ниеті, алаң көңілі, тағдыр тәлкегі туралы кеңінен баяндалады. Сондай-ақ жастарды жаппай жазалауға әмір бергендер мен оны орындаушылардың қылмыстық әрекеттері әшкереленеді.
Желтоқсан 86 жинағының Елдікті сақтаған ерлік деп аталатын бесінші кітабында желтоқсан көтерілісінің тілді, ел аумағының тұтастығын сақтап қалудағы мәні ашып көрсетіледі. Азаттығы үшін арпалысқандардың ерлік ісіне жаңаша көзқараспен баға беріледі.
1.1.Қозғалыстың сипаты. Желтоқсан көтерілісі.
Жалпы менің әкем Желтоқсан оқиғасына қатысқан.Курстық жұмыстың басын әкемнен естіген оқиғамен бастайын.Бірінші күні көтеріліске жастар аз шықты,жастарды қайыру үшін өрт сөндіргіш көлікпен су шашты.Ашынған біз ғимарат алдындағы гранит тастарды бөліп көлікке лақтырып қираттық.Сосын арамыздан бір адам шығып жанармай багына сіріңке тастап көлікті жағып жіберді.Екінші күні бізді оқытушылар университетке қамап қойды,бес бала жер төледен қашпақ болды достарым қашыпшықты ал мені оқытушылар ұстап қалды.Үшінші күні адамның көптігінен көшеге шыға алмадым достарым түңгі уақытта қашып келді,туысымның үйіне жасырдым.Жарты достарымды ұстап қаланың сыртына апарып тастапты.
Атамның інісі де осы желтоқсан оқиғасына қосқан үлесі барды.Ол кезде ол кісі милиция қызметінде опорныйға әкелген бір қатар жастарды шығарып босатып жібергені үшін жұмысынан босаған екен.
Желтоқсан 1986 - халықтың жас ұрпағының қозғалысы. Ол айдарына қарғыс танбасы басылған М.Гopбачевтың Қайта құру бағдарламасын шын мәніндегі жаңғырту заманасы екен деп алданған ұлттың жас өкілдері еді.
Желтоқсан қозғалысы қаһарлы да қасіретті үш күн ішінде бірнеше сатыдан өтті.
-Бірінші саты жelтоқсанның 16-нан 17-іне қараған түні. Қазақ ССР Мемлекеттік Қауіпсіздік комитетінің деректері бойынша, сол күнгі түні қаланың алты оқу орындарының және С.М. Киров заводының 8 жатақханасында, Театр көркем өнер институтының 12 студенті арандатуға бағытталған іріткі салу жұмысын жүргізді. Олар жастарды шеру жасауға көндірді, арандатуға бағытталған ұрандар мен плакаттар даярлап, көшеге алып шықты. Сол бір түнде болған қимыл, әрекет 1979 жылы маусымда Ақмолада (Целиноградта) неміс афтономиясына kарсы өткен акцияны еріксіз көз алдыңа әкеледі...+төң
Желтоқсанның 16-нан 17-не қараған түні толқу Ақмоладағы сияқты студент, жұмысшы жатардың жатақханаларында басталды. Ақмолада түнде жазылған транспоранттар мен сол түнгі жазылған транспорантттар үгндес, тіпті кейбірі сол күйінде қайталанды. Желтоқсанның 17 күні тәңертен аланға толқын-толқынымен жиналу әдісі де Ақмола оқиғасымен үндесті. Қалай болғанда да сол бір түнгі процестің басталу, өрбу динамикасын қалпына келтіру Желтоқсан тарихының ең бір қиын сәті екендігін мойындау керек.
Желтоқсан қозғалысының сол бір түні жастар үшін толқу, тербеліс үміт кезеңі болатын.
Көтерілістің екінші сатысы - желтоқсаннiң 17 -сі сағат 7-8-ден 18 сағатқа дейінгі кезең, бұл 200-300 адамдық шағын митингілерден мыңдаған адам қатынасқан митингілер, наразылық демонстрациясы, шеруі демонстранттар мен комсомол, партия басшыларының, оқу орындарының ректорлары мен декандарының, билік - әмірші күштердің өкілдерімен диалог болған кезең. Бұл әміршіл - командалық жүйе мен жас балғын демократияның бетпе-бет бейбіт жүздесу сәті, арбасу кезеңі. Лeнин идеясы жасасын, Советтік Қазақстан жасасын, Біз, қазақ, ежелден ансаған, Да здравствует ленинская национальная политика, Ұлт саясатының лениндік принциптерін сақтауды талап етеміз!, Ешқандай ұлтқа артықшылық берілмесін!, Каждому народу своего вождя деген жастар алып шыққан түбегейлі көкейкесті ұрандар былай алып қарағанда марксизм - лениизмнің қағидаларынан тұрған еді. Ол шындығында іс пен теорияның арасындағы алшақтықты жоюға бағытталған -ды. Міне мұндай демократиялық ашық та айқынды, айшықты ұрандар астына реформатор жастар топтасты, oлардың қатары 200 - 300 адамнан он мыңға өсті. Ал америкалық Хельсинки тобының деректері бойынша наразылық жасаушылар қатары 30 мыңға дейін жеткен. Ал Жоғары Совет Президиумы Комиссиясы демонстранттар қатары түске қарай 5000 адамға жуықтады деп жобалайды . Комиссия қозғалысқа қатысқан адамдардың айтуымен, алаңдағы адам кешкі сағат 18-де 15 мыңға дейін жетеді деп шамалайды. Біздіnше көше-көше бойымен жүрген сәттерінде демонстранттар қатары бірнеше есе өсті. Өйткені, көше бойына шыққандар да өздерін демонстранттар қатарында санады, іштей жылылық танытты, еркіндік аңсаған ұлдары мен қыздарына сүйсінді.
Көтерілістің екінші сатысында болған оқиғаларға зерттеушіоер әр түрлі көзқарас білдіреді. Осы бір жүйемен көтерілісшілер бетпе-бет келген сәтте тепе-тең диалог болмау себебін жастарға артушылық жиі кездеседі. Шындығында, билеуші топ аланға шығушылармен, біріншіден, өздерін тен санаған жоқ. Жастарды салған жерден экстремистер деп қарады. Екіншіден, диологқа бетпе-бет кездескен екі жақ екі тілде сөйледі. Бірі билеуші жақ, тек жастарды алаңнан таратып, тәртіпсіздікті тез жоюды көздеді. Ал көтерілісшілер талап етті. Ендеше, диолог болуы мүмкін емес еді. Комиссия төрағасы Мұхтар Шаханов өзінің бір сұхбатында осы бір ситуация туралы былай деп әділ түйіндейді:
Тарnхта тіпті үлкен соғыс өрті тұтанғалы тұрған сәте екі жақтың ақылды, өрелі азаматтары жүйелі сөзге тоқтасып, тарқасқан мысалдар аз емес. Алысқа бармай-ақ өзіміздің дана билер, көсем хандардың, көнекөз қарттардың басуымен талай дау-дамай бейбіт жолмен шешіліп келгенін еске алсақ та жеткілікті. Сондықтан желтоқсан оқиғасын да ұшықтырмай шешуге әбден болар еді.
Рас, жастардың алаңға жиналу мақсатын білмей жатып милиция, әскер күштерін асығыс шақырғанымен, республика басшылығы демонстранттарымен диолог жасауға тырысып көрді. Бірақ, ол ешқандай нәтиже бермеді. Неге? Себебі, мінберге шыққандар қазақша сөйлегенімен, екі жақ екі тілде әңгімелескендей болды, бір-бірін түсіне алмады. Шығып сөйлеген басшылар былайша жиналудың ақылға симайтындығын және заңсыз екендігін қайта-қайта еске салып, тарқауды талап етті. Демонстранттардың өкілдеріне жағдайды Орталық Комитетте, болмаса басқа тыныш ортада түсіндіруді ешкім де қажет деп таппады. Орталық Комитеттің Пленумының шешімін талдау ішкі партиялық іс деп саналып, демонстранттардың саяси шешімді түсіндіруді талап етуі мүмкін емес және халықтың атынан сөйлеу құқығы мойындалмады. Ондаған жылдар бойы әміршіл-әкімшіл басқару жүйесіне еті үйреніп кеткен ескі аппарат қайта құрудың ұшқындары алдымен жеткен жастардың саяси талап-тілегін түсінгісі келмеді. Мұндай жағдайда халықпен жұмыс істеудің нақты әдіс-тәсілдерін білмегендікпен, еске түскені ескі әдіс - күшпен басып тастау ғана болды. Сол кездің өзінде жастардың жаңаша ойлауы, азаматтық санасы үлкендерден көш ілгері озып, республика басшылығына оның экономикасы, мәдениеті мен тарихынан хабарсыз адамды отырғызуға болмайтындығын дәлелдеуге тырысты. Бірақ, ол кезде күш тең емес еді. Милицияның сойылы мен солдаттардың сапер күрегі, партаппарадтарының шылауына тырп ете алмаған заң органдарының күшімен демонстранттар тек саяси жеңіліс тауып қана қоймай, соңынан әр түрлі жазаға тартылып, заңсыз қуғындауға түстi.
Үшіншіден, бейбіт пиғылдағы жастардың шеруіне бұзақылық сипаты бірден танылды. Балалар бақшасын қиратты, Балалар әлемін талқандады, орыстарды ұрды деген өсектер жастарға провакациялық әдістермен танылды. Сөйтіп, жүйе бірден күш қолдануға сынықтан сылтау іздеді. Төртіншіден, жастар арасына тіс қаққан, әккі қулар жіберілді. Міне солар қызба жастарды провакация жасауға итермеледі. Тас түйін ұйымшылдықты көрсеткен шерушілер алаңға келіп шашырағанда көтеріліс лидерлері щащыранды қимыл - әрекеттерге ықпал жасай алмай қалды.
Желтоқсан қозғалысының ІІІ сатысы бұл барикаданың екі жағындағы күштердің арбасудан алысуға, теке тірекстен сүзісуге, жұлысуға ұласуы, қозғалыстың бунт - стихиялық көтеріліске айналу сәті, жүйенің қарулы жазалаушы отрядының күш жұмсап наразы топты еріксіз қорғаныс жасауға, күшке күшті қарсы қою кезеңі. Бұл 17 желтоқсанның 18 сағатынан 18 желтоқсан күні болған үш штурм, 20-дан астам теке тірес кезінде қарулы күштің саперлік шағын күректерімен, темір шыбықтарымен алаңдағы бейбіт халықты дүрелеуі, жастардың айбат шегу, көше тастарын, қабырғаға жабыстырылған мрамор плиталарымен, таяқпен қорғаныс жасауынан тұрады. Жүйе жазалау армиясын жасақтады. Осы уақытқа дейін оларды усмиритель жусатушылар - деп қарап келінді. Шындығында олар жазалаушылар карательдер еді. Жазалаушылардың қатары американдық Хельсинки шамалауынша 50000 әскерден , 20000 милиционерден құралған. Р.Бейісқұүлов алаңда 50000 әскери адамдар, 20000 милиционерлер, 16000 жасақшылар болды деп көрсетеді. Ал, М.Шаханов бастаған Комиссия: 5700 әскері бар Алматы горнизоны, ССРО Ішкі істер министірлігінің арнайы әскері - 5449 әскер бөлімі, Алматыдан 7552 әсер бөлімі, Қаракемерден 6654 әскер бөлімі, Фрунзеден әкелінген 5450 әскер бөлімі, Ташкенттен 3408, 5452, Челябіден 5426 әскер бөлімі, Новосібірден 5427 әскер бөлімі, Уфадан 5424 әскер бөлімі, Свердловскіден, Тбилисиден келген 2169 адам, жұмысшылар жасағы 1o - нан 15-ға дейін баршасы 19-нан 24-ға дейін қатысты , - деп көрсеткен. Бұл арада түсініксіз бірнеше жайлар бар. Алаң үш шеңберлі құрсаумен қоршалғаны даусыз. Жасақшылар екінші шеңбер 16000-нан 20000-ға дейін. Ал Алматы горнизоны 5700 әскер болса, сырттан әкелінген саны 10000-ға жуықтауы керек. Алматы әуежайында істеген азаматтың айтуынша, 17 желтоқсан күні Астанаға 80-нен астам ұшақтар келіп қоныпты. Орта есеппен транспорт ұшақтары 70-80 адам алатын көрінеді. Ендеше, Комиссия деректері сырттан келген жазалаушы экспедицияның санын 2-2,5 есе кемітіп отыр. Комиссияның жүйе даярлаған, жан-жақты тексерілмеген деректерді алып, соны шындыққа сайып тұрғаны анық байқалады. Жастарды үш қатар қоршап тұрған жазалаушылардың әр шеңбері20000-нан кем болмағаны байқалады. Жазалаушы армияның бір қанаты жасақшылар. Москваның жіберген көк тұқыл губернаторы Г.Колбин орыс жұмысшылардың қолына 3 істік берді, аюға, аңға шығатын үш айыр темірлермен, кабельдермен қаруланды. Кейін осы бір қарулар суретке түсіріліп, демонстранттардың қаруы ретінде елге көрсетілді, тергеу жұмыстарында нақты айғақ ретінде пайдаланылды. 23 желтоқсанда Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Бюросында арсыз М.Соломенцев: ... Ұшы өткірленген мұндай темір кескінділерінің бір ұшына қолдан түспеу үшін ілгек жасалынған. Онымен адамды бір ұрып-ақ өлтіруге болады. Барып тұрған жауыздық қой оларды жасау үшін уақыт керек, - деп тексеріс органдарында өздері жасаған қылмысты жастарға аударудың амал-айласын көрсетті. Екі жүзді қанішер - палач екендігін М.Соломенцев осылай тағы да танытты.
Адам аң аулауға шыққан қаражүзділіктерді қаратөбет Г.Колбин ұялмай-қызармай жасақшылар отряды деп атады. Сөйтіп ол көтеріліске қатысқан қазақтарға орыс жұмысшыларын қарсы қоюы ұлтшылдықтың ең барып тұрған шыңы еді. Бұл 1905-1907ж. патша охраникасы құрған қаражүздіктер - черносотенцы сияқты принциппен құрылуы Г.Колбиннің охраника тәжірибесін жақсы білетінін көрсетсе керек. Ал, қаражүздіктер болса еврей қырғынын, армиян-түркі халықтары арасындығы қақтығыстарды қолдан арандату арқылы ұйымдастырғаны, ұлтаралық өшпенділікті қолдан жасағаны белгілі. Қазақстан тарихында орыс-казактардың қолына қару беріп, 1916 жылы азаттық соғысына шыққан халықты пfтша өкіметі қан-жоса қылғаны бар емес пе? Онда казак - орыс жасақшыларына Жетісудың губернаторы, Түркістан уалаятының генерал- губернаторы, Түркістан Эпархиясы батасын беріп христиандардың мұсылмандарға қарсы соғысы жарияланды.Сөйтіп ол тек ұлтшылдықтың ғана емес, діни соғыс сипатыны көрсеткенді. Қалай болса да Орталық, оның бірден - бір өкілі көк тұқыл Г.Колбин патша заманасының ұлт саясатының ең жексұрын түрін осылай жандандырды. Мұны біз түгіл біздің болашақ ұрпақтарымыз абзал. Амал не, зерттеушілер, оның ішінде аты шулы Комиссия да жазалаушы отрядтың осы бір сипатына көңіл бөлмеді.
Жазалаушылар қатарындағы 7% қазақ, ал Ішкі істер әскерлерінің милиционерлерінің саналы тобы іштей күреске бел байлаған жастар жағында болды. Кейбір жерде ұлттық принципінен бөлінген жазаушылар арасында қақтығыстар болды. Автобусқа мінгізіп алып бара жатқан жастарды қазақ милиционерлері қалтарыстап шығарып жібергені туралы деректерді ел аузынан да жиі естуге болады. Жастар арасында арандатушы жансыздар көп болды, олардың кеnбіреулері орысқа қарсы ұрандар тастауға үгіттеді. Елеріп қызған жастардың кейбір тобы жатақханаларға, аудиторияларға баса - көктеп кіріп, күшпен жастарды көшеге шығарды. Бұл жағдай билеуші топтың қолына жиелеу болды, олар зорлық-зомбылықты, ұрып-соғуды, мертіктіруді үстемелеп жасуға әкелді. Жазаушылар көшеде белсауыт келе жатқан қазақтарды ұстады, аулаларда ойнап жүрген жасөспірімдерді машиналарға тиеп, дүре соғатын, жазалайтын, не айыптайтын пункттерге тасыды. Ұлттық белгімен адамдарды аулау етек алғанын Қазақ ССР Мемлекеттік Қауіпсіздік комитетінің төрағасы генерал В.М. Мирошник кейіннен мойындады.
Қалай болғанда да жүйе, оны СОКП-ның саяси Бюросының мүшесі М.С. Соломенцев бастаған, -М.-Горбачев қостаған басқарушы тобы бейбіт демонстрация мен манифестацияны қууға, алаңды тазалауға емес, қанды шайқасқа, қантөгіске даярлағаны күмән тудырмайды.
Жaзалаушылар -Метель 1986 атты әскери операцияға даярланды, ол жаумен емес, өз халқын жау еткен, ол өз халқына қорғау қасқыр болып шапты.
Комиссияның шешімінде осы бір басы ашық, анық істі в 18.00 по приказу Князева Г.Н. солдаты в касках со щитами и дубинками начали разгон демонстрации, в течении вечера (4-4,5 часа) прошло около 20 волн оттеснения - вытеснения, в 23.40-24.00 проведяна операция по разгону демонстрантов с применением малых саперных лопаток, дубинок, служебных собак - делінген.
Шыныда да, оттеснения-вытеснения, разгон деген ұғымға жазалаушылар қандай мән бергенін айту керек емес пе еді. 23.00-00.45 жастарды аланнан шығаруға байланысты операция. Күpектер мен тоқпақтар, иісшіл иттер қолдана бастады. Қуу, таратудансоң, қар үстінде азаматтық киімдердегі 150 - ден астам адам қалды, - дейді Комиссия өзінің қорытындысында. Ал егер 150 адам ұрыс аланыңда серейіп жатса жастарды алаңнан шығаруға байланысты операция болады? Қуу, таратудансоң 150 адам не өліп, не мертігі, жаралы болып, қаңсырап жатса қалай ол жастарды тарату операциясы атану керек? Сөз жоқ, бұл қанды қырғын, жастарды апатқа ұшырату операциясы, бұл этноцидтің сойқан түрі. Коммунизм, социализмнің, қасиетті идеяларын жамылып, тағылық көрсеткен озбыр жендет империяның әккі ісі.
Мeн бұл арада Коммисияның пайдаланған құжаттарының ықпалында қалып, тебіренту аясының тар болғанына қынжылыс білдіргім келеді.
Кoмиссия сол қаһарлы екі түннің хроникасын былай қалпына келтіреді.
Жастардың алғашқы топтары 17 желтоқсан күні таңертеңгі сағат 7-8-дерде 200 - 300 шамалы адам Орталық Комитет пленумының шешіміне қарсылықтарын білдіретін ұрандармен Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті үйі алдындағы алаңға жиналды.
Қазақстан Орталық партия комитетінің келісімі бойынша алаңды тәртіп сақшыларының және ішкі әскерлердің күшімен қоршап ұстауға шешім қабылданды.
10 сағат 30 минутта Алматы гарнизоны бойынша №1 жауынгарлік әзірлік жарияланды. Теміржол вокзалдары мен аэропорт жабылды. Шеруге шығушылардың араларына барып, түсінік жұмысын жүргізу қажет деп табылды.
Демонстрация бейбіт саяси қарсылық тұрғысында болатын. Жұртшылық Г.В. Колбиннің сайлануына риза еместіктерін білдірді, өз алдапында Д.А. Қонаевті шығаруды талап етті, өмірдің ауыр әлеуметтік жағдайларын, тұрғын үй алудың жұмысқа тұрудың қиындықтарын, ана тілін қолдану ауқымын тарылып бара жатқанын айтып, реніштерін білдірді. Адамдар қолдарына Лениннің портретін ұстап, халық әндерін айтып, қарусыз жүрді. Басқа халықтарға қарсылық байқалмады, мемлекеттік құрылысқа нұсқан әрекеттер болған жоқ.
11 сағат 30 минутта шерушілер алаңнан шығып, қала көшелеріне бағыт алды. Колонналарды, Ішкі істер министірлігінің және олардың бөлімдерінің қызметкерлері алып жүрді.
13 сағат 30 минутта демонстранттар шеруі жол бойындағы aвтомильдерден қойылған бөгеттерден өтіп, алаңға қайта оралды. Олардың саны 1400-ден 5000 адамға дейін жеткен еді. Ол кезде алаңға қала көшелеріндегі шеруге қатыспаған, демонстранттарды қызықтаушы жүргінші жастар жиналып қалған. Бейбітшілік көшесін бойлай КазМУу қалашығы жақтан үлкен жастар колоннасы шықты...
Алаңды қоршап алып, ешкімді шығармай, ешкімді кіргізбей ұстауға бұйрық берілді. Алаңға бет алған демонстранттардың жаңа топтары қоршауды бұзып кіріп, қақтығысулар басталды. Қоршаудың ішіндегілер сырттан келгендердің бұзып кіруіне көмектесіп, арада қайшылық туды.
Ішкі істер министірі Власов КОКП Орталық Комитеті Саяси Бюросының келісімімен Алматыға еліміздің сегіз қаласынан ішкі әскерлердің арнаулы бөлімдерін әкелуге бұйрық берді.
Aлаңға әскери бөлімдер әкеліңді. Киім үлгілері темір сауыт, темір қалқан, резеңке қoлшоқпар. Екі арнаулы машинаға түтіндеткіш қорапшалар, белгі беру ракеталары, көзіңнен жас парлататын Черемуха газы, соғыс патрондары сияқты арнаулы керек-жабдықтар тиелген. Әскери бөлімнен ізшіл-қызмет иттер бөлімшесі де жеткізілді.
1b сағат пен 17 сағатқа дейінгі аралықта мінбеге Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Бюро мүшелері С.М. Муқашев, З. К. Камалиденов, Н.Ә.Назарбаев, М.С. Мендібаев шығып сөйледі. Олардың жастарды таратуға шақырулары айқай мен ысқырықтың астында қалды. Мінбеге қарай қар қиыршықтары, мұз кесектері ұшты.
1.2. Жeлтоқсан оқиғасы және оның ұлтаралық
қaтынастарға қатыcы
Aраққорларға қарсы күрес науқаны дүние жүзілік рынокқа шығуға шамасы бар Қазақстан шараптарының өндіріс көлемінің (жүзім өсімдіктерін жою арқылы) күрт төмендету арқылы жүргізуге болады деп сенді. 1987 ж. республика бойынша 1985 ж. салыстырғанда алкоголь ішімдіктерін өндіру 34%-ке, соның ішінде шарап 51%-ке, шампан 10%-ке, сыра 24%-ке, арақ 6%-ке, сыра 6%-ке күрт төмендеген. Егер 1986 ж. шарап-арақ ішімдіктерін 90 кәсіпорын шығарса, 1990 ж. басында олардың саны 12-ге төмендеді де, олар шығаратын өнім 80%-ке қысқартылды .
Бұл іс-әрекеттің салдары екінші бір қылмыстың түрін көбейтті. Алкоголь ішімдіктері үшін қылмыс жасау жиі кездесетін жағдайға жетті.
1990 ж. өткілген социологиялық сауалнаманың қорытындысы бойынша, респонденттердің 80,4%-і желтоқсан оқиғасын еш халыққа қарсы бағытталған емес, аппараттық "ойынға" реакция ретінде қабылдайтындарын білдірді .
Қазақстан халқының, жұртшылықтың талабымен санасып, КОКП ОК қаулысындары қазақ халқының ұлтшылдыры деген айыптың алынуы жөнінде КОКП ОК Саяси Бюросының қаулысы көпшілік аз оқитын "Известия ЦК КПСС" журналында жарияланды. Осылай жай ғана, қарғыс атқан "ұлтшылдық" айдары алынып тасталды.
Желтоқсан оқиғасы, біздің ойымызша, өмірді барлық әлеуметтік-экономикалық, саяси, экологиялық салаларында, ұлттық саясаттары көптеген жылдар бойы үсті-үстіне жинақталып, шешілусіз келген мәселелер мен тоталитарлы жүйенің ұлт саясатын өзгертуге қабілетсіздігінде жатыр. 1985 ж. сәуірінде басталған, бірақ 1986 ж. желтоқсанына дейін қоғамдық санаға, әсіресе мемлекет партия номенклатурасының баяндамаларына ғана еніп, санасына ене қоймаған әлсіз демократия мен әкімшілдік-әміршіл күштерінің қақтырысы еді.
Желтоқсан оқиғасы мемлекеттік құрылысты құлатуға емес, баста саяси бағыт алған бейбіт демонстрация еді. Шеру еш ұлтқа, халыққа, ұлысқа, Колбин жолдастың командасы қарсы қоюға тырысқандай, соның ішінде орыс ұлтына қарсы бағытталмаған еді.
СОКП-ның бас хатшысы М.С. Горбачевтың елшісі, басқарушы партяның саяси Бюросының мүшесі М.С. Соломенцев бастаған илеп-билеушілер желтоқсанды ұлтшыл элементтер, тобыр, бұзақылық, арамтамақтар және қоғамға жат адамдар, қайта құруға қарсы күштер, маскүнем, нашақор, көргенсіз бұзақылар, шектен шыққан ұлтшылдық деп бағалады . 1986 жылы 18 желтоқсан СОКП-ның Саяси Бюросы өзінің мәжілісінде Алматыдағы оқиғаға байланысты шаралар туралы қаулы қабылдады. Сөйтіп, қазақ ұлтының жас реформатор ұрпағының қозғалысын оқиғаға сайды. Амал нешік, бүкіл әдебиетте, оның ішінде Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумының арнайы Комиссиясының шешімінде де Алматыдағы желтоқсан қозғалысы оқиға болып саналуына жүйе осылай жол салды, бағыт берді. Бірақ СОКП Орталық Комитеті бұл берілген бағаға да қанағаттанбады. 1987 жылы шілде айында қабылдаған арнайы қаулысында желтоқсан қозғалысы қазақтардың орыстарға қарсы шығуы деп, барша халыққа ұлтшылдық айдарын . Міне ол өзінің осылай әлем алдында қарабет екенін танытты .
Желтоқсан қозғалысын әлемдік деңгейге көтеріп, демократиялық жұртшылықтың ниетін оған бұруда Америка Хельсинки тобының еңбегі ерекше. Бұл топ желтоқсан феноменін Михаил Горбачев билікке келгелі болған халық наразылығының ең бірінші және айқын көрінісі деп таныды.
Алматы желтоқсанын тоқу деп бағалап, оқиға деген терминді тырнақшаға алып жазды. Алайда сол бір тырнақшаға Желтоқсан қозғалысын зерттеушілердің басым көпшілігі көңіл бөлмеді. Хельсинки тобы Алматы құбылысының Қазақстан ғана емес, бүкіл Одақ көлеміндегі ірі тарихи оқиға екенін көрсетті. Бұл жаңа кезең,- ол топтың мойындауынша, - әр жерлерде күшпен басылған талай толқуларды тудырды.
Желтоқсан құбылысын зеттеуге ат салысып келе жатқан зерттеуші журналист К.Табеев қазақстандық көзсіз батырларды 1825 жылы Санат алаңына шыққан көтерілісшілерімен салыстырды. Қазақ декобристері Одақ көлемінде ең бірінші рет бел байлап, Орталықтың отаршыл саясаты мен озбырлығына қарсы үзілді-кесілді бой көтерді, екі оқиғаның арасы бір жарым ғасыр өтсе де уақыт пен құбылыстардың өзара байланысы барлығына автор баса көңіл бөледі. Журналист Т.Данияров желтоқсан феноменін Одақтың құлауына әкелген 1991 жылғы тамызымын үндеседі, - деп әділ санайды . Желтоқсан ызғары атты еңбектің авторы жазушы Т. Бейісқұлов желтоқсан қозғалысын Совет өкіметі тұсында бұрын-сонды кездеспеген құбылыс,- деп таныды. Автор газет журнал беттеріндегі жарық көрген материалдарды жинақтап, бір ретке салды. Уытты сөзімен, айбынды үнімен публицист өзінің ізбасар батыр ұрпағына деген сүйіспеншілігін танытты. Еңбекті жоғары бағалай отырып, оның айдарына көңіл бөлгім келеді: Желтоқсан ызғары. Біздіңше ызғар ұғымы бұл құбылыстың сырын аша алмайды. Желтоқсан 1986 - алды дабыл, арты дауыл, үскірік аязға ұласты, елді түнек басты. Желтоқсан арты 1937-1938 жж. сияқты күрескер ойшыл қауымды жаппай репрессияға ұшыратты. Кейбір журналистер Желтоқсан жаңғырығы деген ұғымды да пайдаланғаны байқалады. Бұл тек жазушы қауымның әсірелеу үшін айтқаны болар. Желтоқсан жаңғырық шығарып қойған жоқ, ол дабыл қақты, егілген елді күрес алаңына шақырып, оның үні әлемді тітіркентті, Одақты теңселті.
Желтоқcан - 1986 ісі бойынша Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі Президиумы құрған арнайы Комиссия ұзақ және негізінен жеңісті еңбек етті. Комиссия құбылыстың қалай өрбігенін тарих алдында жауапты жандардың қылмысын толық көрсетіп берді. Комиссия отаршыл жүйенің қозғалысты қалай жазалауды ұйымдастыруда асқан өнерінің сырын ашты. Қозғалыстың түрі ұлттық болғанымен, оның ұлтшылдыққа ұрынбағандығын, орыс халқына деген өшпенділіктің болмағанын баса көрсетеді. Ол желтоқсан толқуын Одақ көлеміндегі жас, әлі буыны бекімеген демократиямен бұйрықшыл-әміршіл жүйенің тұңғыш қақтығысы, - деп түйіндейді.
Желтоқсан құбылысын Комиссия осылай түпкілікті, толқу, қақтығыс деп бағалады. Сөйтіп, ол Америка Хельсинки тобының пікірін қуаттады.
Kомиссия еңбегін жоғары бағалау абзал. Ол жүйені айыптады, желтоқсан қозғалысына көптеген деректерді жинады, жаппай репрессияға ұшыраған жандардың есімдерін қатады, жарасына рухани емшілік етті.
1990 жылы 24 қыркүйекте Қазақ Жоғарғы Советі Президиумы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz