ҒЫЛЫМЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
1)КІРІСПЕ...1бет

1.1)АНТРОПОЛОГИЯ ДЕГЕНІМІЗ-¿ ... 2-бет

2)НЕГІЗГІ БӨЛІМ ... 6-бет

2.1)АНТРОПОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ ... 6-бет

2.2)ҚАЗАҚСТАН ЖЕРІН ҚОЛА ДӘУІРІНДЕ ИЕКЕНДЕГЕН АДАМДАРДЫҢ АНТРОПОЛОГИЯСЫ ... 9-бет

2.3)ТҮРІК ДӘУІРІНІҢ АНТРОПОЛОГИЯСЫ... 11-бет

3)ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ ... 15-бет

4)ҚОРЫТЫНДЫ ... 19- бет

5)ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...20-бет

Елбасы білім беру жүйесін одан әрі жаңарту мәселесі жөнінде кеңес өткізді
Жиын барысында отандық білім беру жүйесін биылғы қазақстандықтардың әл ауқатының өсуі:табыс пен тұрмыс сапасын арттыруатты Жолдаудың бағыттарына сай одан әрі жаңғыртудың өзекті мәселелері талқыланды
-Біздің барлық даму жоспарымызда ғылым саласында зор мән беріледі. Ғылымның жағдайы білім дкңгеіне тікелей байланысты. Егер білім беру жүйесін оның алғашқы сатысынан бастап дамытсақ, елеулі нәтижеге қол жеткізе алмаймыз. Бұл үдерісте Білім және ғылым министірлігі басты рөл атқарады,-деді Қазақстан Президенті.
Мемлекет басшысы еліміздің білім беру жүйесін жетілдіру жөніндегі жұмыс нәтижелеріне тоқталды.
-Соңғы 2 жылда білім мен ғылым жүйесіне бюджеттен бөлінген қаржы көлемі 22 пайызға өсіп, 2 триллион теңгеден асты.
Мектепке дейінгі білім беру сласында 3-6 жас аралығында балалардың балабақшасымен қамтылу деңгейі 95 пайызға жетті. Орта білім беру ісінде оқушылардың 70 пайызы білім берудің жаңартылған мазмұны бойынша оқытылуда. 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап 205 мыңнан астам мұғалімнің жалақысы артады,- деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Сонымен қатар, Елбасы техникалық және кәсіптік бейіндегі 583 колледжде Баршаға тегін кәсіптік- техникалық білім беру жобасы іске асырылып келе жатқанын айтып,жоғары білім беру саласында университеттердің академиялық және басқарушылық дербестігін кеңейту үшін заң қабылданғанын атап өтті.
-Біз алдымызға студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету жөнінде мақсат қойдық. Жалпы, 2018 жылы ғылымға бөлінген қаражат көлемі 43,7 миллиард теңгені құрап отыр,- деді Қазақстан Президенті.
Мемлекет басшысы жоспарлаған шаралар білім беру жүйесінің барлық деңгейінде- бастапқы сатыдан жоғары оқу орнында оқығанға дейін көрсетілетін қызметтер сапасын арттыруға бағытталуы тиіс екенін айтты. Жиында Білім және ғылым министірі Е.Сағадиев білім саласын биылғы Жолдау бағыттарына сай жетілдіру жөнінде баяндама жасады.

АНТРОПОЛОГИЯ ДЕГЕНІМІЗ...

Антропология -- адамның шығу тегін, дамуын, дене құрылысын, нәсілдік ерекшеліктерін зерттейтін жалпы биология ғылымының қоғамдық ғылымдармен байланысты болып келеді. Антропология (грекше arthropos - адам, logos - ілім) терминін алғаш рет Аристотель енгізген. Ол адамның шыққан тегін және оның барлық кезеңде бірдей даму типін зерттейді. Әрине, адам денесінің құрылысын анатомия зерттейтіні бәрімізге мәлім. Бұл ғылымдардың бір-бірінен айырмашылығы неде?
Антропологтар анатомдарға қарағанда басқаша қарайды. Қалыпты анатомия адамды жинақтап, орталық тип деңгейінде абстракты үлгі есебінде зерттеледі. Антропологияда адамды салыстырмалы кең көлемде, әрбір адамның жеке әрекеттерін зерттейді: жыныстық, жастық, конституциялық, қызметтік, этникалық және нәсілдік. Бір қатар сұрақтар бойынша антропология, этнография және археологиямен де тығыз байланысады екен. Антропология адам тарихымен байланысты, жер қоймасынан табылған заттарды да зерттей алады екен. Этнография халықтың тұрмысы мен мәдениет ерекшеліктерін, олардың шығу тегін, таралу жолдарын және мәдени тарихи қарым-қатынастарын да зерттей алады екен.
Антропология - табиғаттануға жатады. Бірақта биологиялық пәндер ішінде алатын орыны де ерекше, себебі, адам екі қоғамның өкілі - биологиялық және әлеуметтік. Адам - қоғам мүшесі болып саналады. Адамның, адам болып қалыптасуы және оның өмірі қоғамдық ұйымда өтетіні хақ. Еңбек пен қоғам - адамның тіршілігі мен жағдайының негізі, оған әлеуметтік тарихи жағдайлар септігін тигізеді. Антропология ғылымы бірнеше бөлімнен тұратынын білеміз.Олар:
* Антропогенез - жануарлар дүниесіндегі адамның алатын орны мен адамның адам болып қалыптасуын зерттейтін ғылым.

* Морфология - әрбір адам типінің өзгерісін жасқа байланысты өзгеруін, жынысқы байланысты өзгеруі, жынысқа байланысты белгілерін және тұрмыс жағдайын зертделейді

* Этникалық антропология - өткен дәуірден және қазіргі жер шарындағы халықтың антропологиялық құрамын, нәсілдік қалыптасуын, көшіп қону тарихын зерттейтін ғылым болып саналады.
* Физикалық антрополгия - адамның физиологиялық және биохимиялық ерекшеліктерімен олардың әртүрлі өзгерістерін зерттейді. Антропологиялық зерттеу әдістері:
* Антропологияның зерттеу аймағы - адам денесі. Ол антрополгиялық және медициналық аймақ болғанымен бірдей болып келмейді екен. Антропологтар бірқатар сапалық белгілерді (антропоскопия) және адам денесінің сандық көрсеткіштерінің (антропометрия) ерекшелігін суреттейді екен. Антропологиялық әдістер арқылы морфологиялық және физиологиялық көрсеткіштерді талданылады екен. Антропологиялық зерттеулердің нәтижелері сот медицинасында, хирургияда және тағы да басқа практикалық медицинада өте кең және жиі қолданылады екен
Мысалы, киім тігуде, үй жиһаздарын дайындауда және станоктарды құрастырудың стандарттарын белгілеуде өте маңызды болып саналады. Антропоскопиялық әдіс пен антропометриялық әдіс, бірін-бірі толықтырып отырады екен. Адамның шыққан тегі туралы проблема адам баласының барлық уақытта бірдей қызықтыратын сұрақ. Бұл табиғаттанудың негізгі сұрағы және оны шешудің дүние танымдылық маңызы да бар. Адамның адам болуы туралы идиологиялық күрес ертеден келе жатқан көзқарас. Адамның табиғи пайда болуы туралы көзқарасты материалистік тұрғыдан ғана түсіндіруге болады екен. Материалистік көзқарас Римнің натурфилософы Лукреция Караның Зат тұрғысы - О природе вещей атты шығармасында берілген екен. Рим дәрігері К.Гален адамға ең жақыны маймыл деп, оның анатормиясын зерттеген деген деректер бар. 1619 жылы Италиян философы Лючилио Ваниниді адам маймыл мен туыстас дегені үшін өртеп өлтірілген. Адам жануарлар дүниесіне жатады деген ұғым зерттеушілердің ойында болғанымен, оны сол кездегі діннің дамуына байланысты идеолистік көзқарасқа қарсы шығу мүмкін болмаған екен. Бірінші болып жануарларды жіктеудің негізін қалаған К.Линней, түр өзгермейді деген ұғымнан ойын өзгертпеген екен. Оладамды жаратушы-құдай деген ұғымды ұстанған. Ол адамдарды приматтар отрядына, сүтқоректілер классына жатқызғаны екен. Осы отрядқа Линней, маймыл мен жартылай маймылдарды да кіргізгені бар. К.Линнейдің ұсынысы бойынша адам туыстық және түрлік атаққа ие бола білді. (Homo sapiens - человек разумный - ақалды адам). ХVІІІ ғасырда адам маймылдардан шықты, деген ұғымды қолдағандардың бірі натуралисті Афанасий Каверзанов екен . Ол өзінің жануарлардың қайта қалыптасуы деген кітабында барлық жануарлардың шыққан тегі біреу және олар бір-біріне сыртқы бейнесі ұқсамағанымен олардың ішкі мүшелерінің құрылысында таңқаларлықтай ұқсастықтар бар деген ойда болған.Бұл кітап 1778жылы жарыққа шыққан. Бірінші эволюцияның авторы Ж.Б.Ламарк, адамның шығу тегі туралы гипотезаларда бірінші болып Зоология философиясы деген еңбегінде көрсілген.Ламарктың бұл еңбегі 1809жылы жарық көрген. Ламарк, адамның шыққан тегі, екі аяғымен тіке жүруге бейімделген, ағашта тіршілік ететін, маймыл тұқымының біреуі деп есептеген екен. Адамның прогрессивтік ерекшеліктерінің пайда болуын, Ламарктың эволюциялық теориясы бойынша, мүшелердің жаттығуларының нәтижесі және олардың қажеттеліктерінің даму барысында ұрпақтан-ұрпаққа берілуі деп есептеп көрсеткен екен. Түрдің шығу тегі деген еңбегінде Ч.Дарвин болашақта эволюцияның ілім, адамның шығу тегін анықтауға үлесін қосады деп көрсетті. 1871 жылы Адамның тегі деген Ч.Дарвиннің жаңа кітабында шыққан екен. Осылайша, антропогенез теориясының биологиялық негізі қаланды. Бірақта Ақылды адамның шығу процесі биолигиялық проблема емес. Адам эволюциясының негізгі факторы еңбек ету болып саналады. Антропогенездің еңбекке байланысты теориясын ұсынған және дәлелдеген Ф.Энгельс болатын. Адамның шығу тегі туралы сұрақ осы күнге дейін идеологиялық күрес аренасы. Күмәні жоқ дәлелдемелердің қысылуымен адамның агроморфты бастамаларданшыққаны мойындалған болатын.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Антропология ұғымы көне грек дәуірінен бастап белгілі болғанымен орта ғасырдың аяғына дейін адамның физикалық құрылысын зерттейтін, ішінара адам психологиясы мен этнография ерекшеліктерін сипаттайтын да ғылым саласы болып саналын келген болатын.19 ғасырдың ортасынан антропологияның жалпы ғылымдағы орны мазмұны, анықтамасы жөнінде екі түрлі көзқарас қалыптасқан: оның бірі - 18-ғасырдағы Франция ойшылдарының пікірлеріне келетін болсақ, адамның тән құрылысын,тіршілік-әрекетін, тілін , мінез-құлқын, материалдық және рухани қазыналарын және тағы да басқа зерттеу деп есептеген. Қазіргі кезде мұндай көзқарасты АҚШ және көптеген Батыс Еуропа елдерінің антропологтары қолдап жатыр. Ал 2 көзқарас - адамның дене құрылысы ерекшеліктерінің уақыт, кеңістік бойынша өзгерісіне ерекше мән беру керек делінген. Қазіргі кезде антропология 3 түрлі өзекті мәселеге адамның дене құрылысы ерекшеліктеріне, шығу тегі мен оның дамуына,этникалық құрамының қалыптасуына ерекше көңіл бөлінуде. Осыған байланысты эволюциялық антропология, физикалық антропология, этникалық антропология болып бөлінеді екен. Антропология ғылымында кеңінен қолданылатын әдістің бірі - антропометрия, яғни тірі адам денесінің түрлі мүшелерінің өзгерісін өлшеу. Сонымен қатар антропологиялық мәліметтерді қолдану, биохимиялық, генетикалық, иммунологиялық, және тағы да басқа әдістер де пайдаланылады екен. Антропология ғылымына Поль Брока, Рудольф Мартин , Луис ЛИКИ, Анатолий Богданов, Дмитрий Анучин, Виктор Бунак,Яков Рогинский , Валерий Алексеев және тағы басқа ғалымдар ерекше үлес қосқан екен. Орыс ғалымы Николай Харузиннің Бөкей ордасының қырғыздары (1889) деген антропологиялық очеркінде 400-ден астам қазақтың (ерлер ғана) морфологиялық бейнесіне (фенокейпіне) алғаш рет ғылыми сипаттамалар берді. Қазақ халқының жалпы антропология типі еуропоид және монголоид тектес расалардың қосындысынан пайда болған деп тұжырымдалғаны бар. 20 ғасырдағы Қазақстан жерінен табылған палеантропологиялық материалдар, қазақтардың ежелден автохтон халық екендігін толық дәлелдеді. Ғылымда қазақтың антропология типі метистік топқа жатқызылып, оған тұрандық түр (тұраноид) деген нәсілдік атау берілді.
* Жер шарын мекендеген барлық халықтармен ұлттар өздерінің сыртқы түрлерінің ерекшеліктеріне байланысты үш нәсілдік еуропеоидтық, негроидтық және монғолоидтық деп тоқа бөлді. Кейінгі палеолитте (ерте тас дәуірінің соңғы кезеңі) Еуропада, Азияда, Африкада еуропеоидтық, негроидтық, монғолоидтық нәсілдегі адамдар қалыптаса бастады. Алайда олардың нәсілдік айырмашылығы қазіргі күнгідей онша айқын білінбеген екен. Нәсілдік айырмашылықтар мыңдаған жылдар бойы, жергілікті табиғат жағдайы ерекшелігінің адамның сыртқы түр-сипатына әсер етуіне байланысты қалыптасқан. Бұған температура, ауа дымқылдығы, жел, күн сәулесі сияқты табиғат факторының әсері маңызды болды. Монғолоидтық нәсілдің белгілері шөл далалы, күшті де ұзақ соғатын желі, күні ыстық, құмды дауылы бар Орталық Азияда тұратын адамдарда қалыптаса бастаған . Монғолоидтар құм мен тозаңнан, шақырайған күн көзінен және суықтан сақтану үшін қысық көзді, бүйрек бетті, шықшытты, тәмпіш мұрынды болып келеді. Негроидтық нәсіл тропикалық климатта,ыстық әрі дымқыл өлкеде қалыптасқандықтан адамды күннің көзінің күйдіруінен қорғау үшін түстері көмірдей қара, бұйра шашты, кең танаулы, жалпақ мұрынды, қалың ерінді, көз ұясы ашық болып келеді. Негроид нәсілінің негізгі қонысы Африка болып саналады. Әр нәсіл өз ішінде бірнеше антропологиялық топқа бөлінеді екен. Мысалы, еуропоид нәсілі үш топтан тұрады: солтүстік (блондин), орталық (шатен), оңтүстік (брюнет). Ерте уақытта түстері, тым ақшыл, селеу шашты, ұзын бойлылар Еуропаның солтүстігіне, ал қара торы өңді, бұйра шашты, орта бойлылар оңтүстігінде мекен еткен.
* Қазақтар арасында арнайы антропологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізген Ресей ғалымы Аркадий Ярхо. Оның қолжазба түрінде сақталған АЛТАЙ- саян түріктері деген очеркін антрополог Георгий Францевич Дебец өңдеп, 1947 ж. Абаканнан бастырып шығарған екен. Бұл зерттеуде Алтай-Саян өңіріндегі түркі халықтары антропологиялық тұрғыдан үш топқа (кіндік азиялық, алтайлық және оралдық) бөлініп жүйеленген. Бірігші топтың антропологиялық өкілдері ретінде моңғолдар мен буряттар, екінші топқа қазақтар мен қырғыздар, үшінші топқа - шорлар алынған да, барлығы монғолоид расасына жатқызылған. Тек 1950 жылы ғана соңғы 2 топтың антропологиялық типі аралас екені, яғни өздерінше бөлек метистік топтарға жататындығы анықталды. 1947-1948 жылдары КСРО ғалымдары Дебец,Михаил және тағы басқа арнаулы антропологиялық экспедициялар ұйымдастырып, қазақтар арасында кең зерттеулер жүргізді. Осының нәтижесінде Қазақтардың антропологиялық очеркі жарыққа шықты. Онда қазақтың антропологиялық типінің қалыптасуы қола дәуірде осы жерді мекендеген тайпалардан басталатындығы көрсетілді. Гинзбург ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әдебиеттану ғылымының ғылым салаларындағы орны мен даму тарихы туралы
Әдебиеттану ғылымының ғылым салаларындағы орны мен даму тарихы туралы мәлімет
Мұхаметжан Қожаcбайұлы Қаратаев – әдебиет сыншысы
Экологияның қалыптасу тарихы мен кезеңдері
Ғылымға даңғыл жол салған – сарабдал сынның сардары (Сындарлы сыншы – Тұрсынбек Кәкішұлы туралы бір үзік сыр)
Экология ғылымының шығу тарихы
Қазақ әдеби сынының зерттелу тарихы
Эстетикалық, әдеби ой-пікірлердің тууы, даму тарихы мен кезеңдері. Әдеби шығармашылық және әдебиет теориясының методологиясы. Қазіргі әдебиет теориясындағы ғылыми ағымдар
Саяси психологияның дамуы
Әдебиеттанудың негізгі салаларын сипаттау
Пәндер