Оқыту құралдарының жүйесі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.Х. ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ

Кафедра: Химия-география

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Оқыту құралдарының жүйесі. Көрнекілік құралдарының классификациясы. Тарауға, тақырыпқа сәйкес көрнекіліктер таңдау.

Курс: 3
Топ: ХБ-18-1
Орындаған: Толегенова А.Б
Қабылдаған: Шәймерденова Г.З.

ТАРАЗ 2020

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1 ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.1 Оқыту құралдарының жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.2 Оқыту құралдарының дидактикалық мүмкіндіктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... .9
2 КӨРНЕКІЛІК ҚҰРАЛДЫРЫНЫҢ КЛАССИФИКАЦИЯСЫ ... ... ... ... ... 13
2.1 Демонстрация ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
2.2 Иллюстрация ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
2.3 Бақылау әдісі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
2.4 Тәжірибелік әдістер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
2.5 Зертханалық тәсілі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
2.6 Графикалық әдіс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
2.7 Бейне әдіс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
3ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21
3.1 Өсімдіктер селекциясы 10 сынып ҚМЖ сабақ жоспарын құру ... ... ... ...21
3.2 Модификациялық өзгергіштік. Зертханалық жұмыс №6. ҚМЖ сабақ жоспары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...29

Жұмыстың өзектілігі. Көрнекі құралдарды пайдалана отырып, биология сабақтарын жоғарғы деңгейде өткізу
Курстық жұмыстың мақсаты: Биология сабақтарында сабақтарында көрнекі құралдарды қолдану әдістемесін ұсыну.
Курстық жұмыстың міндеті: Орта мектепте қарастырылатын биологиялық оқыту құралдарын пайдану
Зерттеу нысаны: Орта мектеп курсындағы металдардың жалпы қасиетін оқыту әдістемесі.
Зерттеу орны: Жалпы орта мектеп

КІРІСПЕ
Оқыту құралдары - оқыту міндеттері мен мақсаттарына сәйкес оқыту әрекетінің пәменділігінің көтерілуіне әсер ететін әртүрлі заттар, құбылыстар, деректер және оқытушы бағдарламалары. Биологияны оқытудың сапасын арттыру үшін оған қолайлы жағдай туғызу қажет, ол дегеніміз оқытудың материялдық базасын ұйымдастыру биология кабинеті, оқу тәрбие алаңы және тірі табиғат мүйісі, бұлар бір-бірімен өте тығыз байланысты және оқыту мен тәрбие міндеттерін кешенді түрде жүзеге асыруда бірін-бірін өзара толықтырып отырады.[11] Оқытудың негізгі түрі сабақ болғандықтан, ол негізінен сыныпта өтеді. Оқыту мен тәрбиелеудің материалдық базасын жасау және ондағы жабдықтарды тиімді орналастыру көпшілік жағдайда білім мен біліктілікті игеруге және биология ғылымына деген танымдық қызығушылықтың дамуына әсерін тигізеді. Оқыту құралдары: кейінгі жылдары педагогикалық әдебеттерде көрнекі оқу құралдары терминінің орнына оқыту құралдары термині қолданылып жүр. Себебі көрнекі оқу құралдары деген түсінік оқу процесіндегі құралдардың барлық тізбесін анықтай алмайды, ал көрнекілік болса олардың жалғыз ғана қасиеті емес. Олардың көрнекіліктен де бөлек эргономикалық, дидактикалық бағыттарын т.с.с. айтуға болады. Былайша айтқанда олардың мүмкіндіктері өсіп, көрнекілік аясы өрістеп отыр. Сонымен оқыту құралдарына мұғалімнің (өндірістік оқыту шеберінің) сабақ барысында информация беруін, оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруын сабақ барысында тексеру жұмыстарын жүргізе алатын оқу жабдықтарын жатқызамыз. Қолданылып жұрген оқыту құралдарының информация беру мүмкіндігі бойынша бір-бірінен айырмашылықтары бар. Оларды төмендегідей топтарға бөлуге болады.
1. Баспасөз әдісімен жасалған - оқулықтар, анықтамалар, есептер мен жаттығулар жинағы, нұсқаулар, нұсқау технологиялық картталар плакаттар карточкалар, оқыту программалары.
2. Экранды құралдар - диапоизтивтер дияфильмдер транспоранттар кинофильмдер бейнежазбалар, телехабарлар.
3. Дыбысты құралдар - грамжазбалар радиохабарлар магнит лентадағы жазбалар.
4. Көлемді құралдар - нақты обьектілер модельдер макеттар, муляждар және тенажерлар.[3]
Кейбір жағдайда экранды оқыту құралдарын дыбыстылар қатарына да жатқызуға болады ( дыбысты кинофильм не телехабар, дыбысталған дияфильм)
Оқыту құралдарының негізгі қолданылған мақсаты әрине, оқушылардың сабақтағы іс-әрекетін ұйымдастыру, себебі сабақ барысында ғана оның дұрыс ұйымдастырылуына байланысты керекті білімділікті шеберлікті, дағдыны қалыптастыруға болады. Мұғалімнің (өндірістік оқыту шеберінің) әрбір оқыту құралының дидактикалық мүмкіндіктерін білуіне байланысты оқу процесінің маңызы да арта түспек. Шынында да кез келген оқыту құралының дидактикалық мүмкіндігі оның оқу тәрбие жұмысындағы рөлін анықтайды.[11]

1 ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ
1.1 Оқыту құралдарының жіктелуі
Оқыту құралдары - адамның табиғи тұрғыдан ойлап тауып, білім берудің алға қойылған мақсаттарына жету ұшін және оқушыларды оқытып-тәрбиелеуді жүзеге асыру үшін мұғалім мен оқушылардың қызмет құралы мен оқу информациясы ретінде оқу-тәрбие процесінде қолданылатын материалдық объектілері мен табиғаттың табиғи заттары.
Оқыту құралдары мазмұндылық, әдістер, ұйымдық формалар сияқты оқу жұйесі (жобадағы ұлгі) мен оқутәрбие процесінің, сонымен бірге кез келген оқу орнының материалдық-оқу базасының басты базасының да компоненті болып есептелінеді.
Педагогикалық ғылым мен тәжірибедегі сансалалы жүйелік құрылымдардың компоненті болып саналатын білім берудің материадық құралдары барлық басқа компоненттерге де ерекше ықпал етеді.
Мысалы, жаңа информациялық технология құралдарының кеңінен қолданылуы - дәстұрлі сабақтың аясында тұрып қалмай, оқушылардың өзіндік қызметінің тұрлі формаларын (жеке, топтық) жан-жақты қарастыратын зерттеу, жобалау және проблемалық әдістерді тәжірибе жұзінде кеңінен қолдануға міндетті тұрде алып келеді.[2]
Сонымен қатар білім берудің мақсаты да, оның мазмұны да белгілі бір өзгерістерге ұшырайды. Дәлірек айтсақ, жаңа құралдар мен техникалық жаңалыктардың туындауына байланысты ғана оқу бағдарламаларына оқушылардың бұрынғы кездерде танысып-білуге мұмкіндік ала алмаған ғылым салаларының материалдары батыл түрде енгізілуде. Ал бұгінгі танда оқушылар жаңа техниканың аркасында білім алудың жаңа әдістері мен технологиясын меңгере отырып, өздерінің шығармашылық потенциалының көзін ашуға, табиғи қасиеттері мен қабілеттерін одан әрі дамытуға толық мұмкіндік алып отыр.
Сонымен, дидактиканың категориялық аппаратында материалдық кұралдар (еңбек құралдары) білім берудің мақсатымен, әдістерімен, ұйымдық формаларымен қоса өзіндік статусқа ие болды.
Сонымен қатар оқу тәрбие қызметінің құралы ретіндегі оқу құралдарының рөлі қоғамдық өмірдің барлық салаларының техникаландырылуына байланысты одан әрі арта түсуде.[9]
Оқыту құралдарын жасау мен қолдану мәселесін көтерген ғылыми-зерттеу жұмыстарында оны жіктеудің (классификациялаудың) екі әдісі қамтылған: педагогикалық және инженерлік әдістер. Педагогикалық әдіс оқу процесінде тұрлі дидактикалық әдістерді жұзеге асыруға негізделген. Осы орайда, ең бірінші кезекте оқушылардың білім алу мен танымдық қызметінің сан алуан тұрлерін ұйымдастыруға, оқытушының оқу-тәрбие, мотивациялық және бақылаушылық және т.б. қызметтерін жұзеге асыруына ерекше мән беріліп отырады. Ал инженерлік әдіс болса оқу құралдарының конструкторлық-технологиялық өзгерістерін, өндіріс тәсіліне байланысты оларды топқа бөлуді, оқушылардың білім алуына жағымды әсер ету жолдарын, эргономикалық мінездемелерді және т.б. үнемі ескеріп отырады. Дидактикалық тұрғыдан алып қарастырғанда, біздің ойымызша, оқу құралдарын жіктеудің С.Г.Шаповаленко ұсынған жобасы көңілге қонымды сияқты.
1.Табиғи обьектілер нақты зерттепбілу мақсатында объективтік шындықтың заттарын қамтиды. Олар: тұрлі материалдардың, шикізаттардың, кұралдардың, бөлшектердің, өсімдіктердің, гербарийлердің, жануарлардың, тұлыптардың (чучело), микропрепараттардың, реактивтердің және т.б. үлгілері мен коллекциялары. Оқу кұралдарының бұл тобына табиғи көрнекі кұралдар, өндірістік-оқу, демонстрациялык, зертханалық кұралдармен қоса оқушылардың кәсіби тәжірибелері мен шеберліктері шындалатын өндірістік-оқу құрал-жабдықтарын да жатқызуға болады.
2. Материалдық объектілерді суреттеу мен бейнелеу тобына жататындар: ұлгілер, муляждар (бедерлер), макеттер (ұлгілер), кестелер, иллюстрациялық материалдар (фотосуреттер, суреттер, портреттер), экрандық-дыбыс құралдары (диафильмдер, диапозитивтер (слайдтар) сериялары, кинофильмдер, транспаранттар, дыбыс және видео жазбалары, күй табактары, радио және теледидар хабарлары).
Мысалы, үлгілер:
1) түпнүсқаны ауыстыру тәсілі бойынша - материалдық және идеалдық (саналық, белгілік және рәміздік);
2) объектінің ішкі құрылымы бойынша (құрылымдық, функционалдық және аралас);
3) функционалдық қызметі бойынша (демонстрациялық, таратушылық);
4) затты бейнелеу тәсілі бойынша (динамикалық, көлемдік, аралас, статикалық, жазыктық).
3. Заттарды және объективтік шындықтың құбылыстарын шартты құралдармен (сөз, белгі, графика) көрсететін оқу құралдары тестік кестелерді, схемаларды, графикаларды, диаграммаларды, жоспарларды, карталарды, оқу кітаптарын: оқулықтар мен оқу құралдарын, есептер жинақтарын, өзіндік жұмысқа арналған нұскауларды, дидактикалық материалдарды және т.б. қамтиды.
Өз кезегінде білім берудің техникалық құралдары ерекше топты құрайды. Бұл оқу құралдары оқу процесі барысындағы хабарларды тарату кұралы болып табылады және ол үшін арнайы техникалық жабдықтар қажет болады. Оларға жататындар: транспаранттар, диафильмдер және кинофильмдер, видеофильмдер, дыбыстық таспа жазбалары, компьютерлік бағдарламалар және т.б.
Техникалық құралдар тобына сонымен қатар тұрлі проекциялық және дыбыстық аппаратуралар (кинопроекторлар, диапроекторлар, графапроекторлар, магнитофондар, бейнемагнитофондар); тренажерлар, әмбебап техникалық құралдар, лингафондық кұралдар, электрондық есептеу техникасы жатады.
Біздің ойымызша, сан алуан информациялық ортаны да жеке алып қарастыру керек сияқты. Мысалға, шын мәнісінде оқу кұралдарының санатына қосылмаса да, өзіндік ортаға тән жағдайды туындата алуға қабілетті және белгілі бір педагогикалық технологияны қолданған кездерде таным процесі, оқушылардың интеллектуалдық дамуы жүзеге асырылатын телекоммуникацияны (электрондық почта, электрондық конференциялар, информациялық ресурстар, интернет, жүйенің мультимедиасы) болады.
Бұл классификация- факторларды жіктеу теориясындағы даму факторы сияқты ең маңызды факторды ескере отырып жасалған. Сондықтан да ол оқу кұралдарының мүлде жаңа түрлерінің пайда болуына байланысты туындайтын классификациялық белгілерді бөліп алып қарастыруға мүмкіндік бере алады. Осы жіктеу жайындағы ғылыми тұжырымдар жарияланғаннан кейін біраз уақыт өткізіп пайда болса да видео жазбалары, электрондық есептеу техникасы, тренажерлар сияқты неше түрлі оқу кұралдары білім беру жүйесінде өзіне лайықты орнын таба білді.[11]

1.2 Оқыту құралдарының дидактикалық мүмкіндіктері
Оқу кұралдары жүйесінің қалыптасуы - білім беру құралдарының тұріне өзіндік белгілері бойынша классификациялық тұрғыдан жатқызуды ғана емес, сонымен қатар олардың дидактикалық қасиеттері мен қызметтерін білуді де қажет етеді.
Дидактикалық қасиеттер дегеніміз - оқу құралдарының басқалардан айырмашылықтарын көрсететін белгілері мен дидактикалық функцияларында (қызметінде) көрініс табатын өзіндік ерекшеліктері. Дидактикалық қасиеттер тек қана оку құралдарына тән болып келетін мұмкіншіліктерді ғана қамтиды. Оқу-тәрбие жұмысында тұрлі әдістерді қолданудың объективтік тенденциялары (бағыттары) ретінде қарастырылатын дидактикалық мұмкіндіктер дидактикалық функциялар мен дидактикалық қасиеттердің өзара байланыстарына дәнекер болып отырады. Дидактикалық қасиет пен дидактикалық мүмкіндік ұғымдарының өзара жақындығынан да болар, педагогикалық әдебиетте оларды бірге қарастыру дәстұрге айналған.
Оқыту құралдарының дидактикалық қызметтерінің әр-тұрлі болып келетіндігіне қарамастан, олар ортақ қызметтер атқарады. Атап айтқанда:
- оқушылар қабылдаған хабарларды ұғынып тұсінуді, тұсініктер мен ұғымдарды қалыптастыруды қамтамасыз ете алатын көрнекілік қызмет;
- хабарлау қызметі, өйткені оқу құралдары білімнің нақты көздерінің бірі болып саналады, яғни белгілі бір хабарларды жеткізушінің рөлін де аткара береді;
- орнын толтырушылық қызмет оқу процесін жеңілдетеді, көздеген мақсатқа көп күш, денсаулық, уақыт жұмсамай жетуге бағытталған;
- бейімделушілік қызмет оқу процесіндегі қолайлы жағдайлар туғызуға, демонстрацияларды, өзіндік жұмыстарды ұйымдастыруға, оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты ұғымдар мазмұнының бірдей болуына, білімнің бір қалыпты сабақтастығына бағдар алған;
- интеративтік қызмет белгілі бір объектіні немесе кұбылысты тұтастай да және оның бір бөлшегі ретінде қарастыруға мұмкіндік береді. Бұл қызмет (функция) оқу құралдарын комплексті тұрде қолдану мен жаңа информациялық технологияның құралдарын қолдану арқылы жұзеге асырылады.
Жалпы қызметке (функцияға) оқушылардың іс-әрекеттерінің, қызметінің, операциялардың белгілі бір түрлерін жүзеге асыру мен алға қойған мақсатқа жетуді қамтамасыз етуге бағытталған инструментальдық функция мен оқу процесінің сыртқы тұрақты мотивациясын қалыптастыру мақсатын көздейтін мотивациялық қызметті жатқызуға болады. Оқыту кұралдарының барлық функциялары бір-бірлерімен тығыз байлаыысты болып келеді және оқу-тәрбие процесіне комплексті тұрде әсер ете отырып, оның ұйымдастырылуының дұрыс жолға қойылуы мен басқарылуын ұнемі қамтамасыз етіп отырады.
Жоғарыда біз жалпы дидактикалық тұрғыдан оқу құралдарының қалай жіктелетіндігін атап өттік. Ал сол белгілердің ішіндегі ең мәндісі - - - бізді қоршаған ортаның заттарын бейнелеу тәсілі арқылы ғана олардың жалпы дидактикалық функцияларын белгілі бір дәрежеде көрсетіп бере алған сияқтымыз. Ендігі жерде өзіміз атап өткен оқу құралдарының топтарына сипаттамалар беріп көрелік.
Табиғи объектілер. Табиғи объектілерге, әдетте оқушылар таратылған материалдар немесе көрсету арқылы таныстырылатын табиғаттың сан-салалы жанды және жансыз объектілерін жатқызады.
Көрнекілік - компоненттер ретінде жанды объектілерді қамтитын табиғи объектілерді таңдаудағы немесе көрнекіліктің әр тұрлерін жобалаудағы басты талаптардың қатарына жатады.
Дәл осы мақсатқа сай оқылатын ұғымдардың мазмұнын ашып-көрсетуге қажетті өзіндік белгілері айқындалған объектілер таңдап алынады. Табиғи объектілердің көрнекілігін одан әрі күшейте түсу мақсатында кодтың әр тұрлі әдістері қолданылады. Атап айтқанда: түспен, сандармен, әріптермен белгілеу (кодтау). Оқу процесінде табиғи объектілерді қолдануда олармен жұмыс істеудің ең басты әдісі - бақылау мен тәжірибе (эксперимент) болып табылады.
Көрнекі құралдар ретінде пайдаланудағы ең бірінші кезектегі табиғи объектілер болып табылатын нәрсе, ол -- құрал-жабдықтар және оның бөлшектері. Ал оларды арнайы дайындайды және өңдеуден өткізеді: кесіп, қиылады, жекелеген бөлшектерді арнайы бояулармен бояйды, қапқаларына, сыртқы жақтарына (корпустарына), қаптарына көрінетін арнайы терезелер ойылады, ішкі қуыстарына жарық тұсіріледі, белгі беретін шамдар (лампочкалар) орнатылады және т.б.
Оқу үлгілері, муляждары (бедерлері), макеттері. Үлгілер - табиғи объектілерді жасанды түрде қабылдап және оның құрылымын, өзіндік қасиеттерін, байланыстарын және т.б. бере алатын көрнекілік-оқу бейнелеу құралдары болып саналады. Бұл арада атап өтетін бір жайт, нақты объектіні бейнелеп беруде шарттылыққа (ұлкен және кіші әлем) да жол беріліп отырады: оның көлемін ұлкейту немесе кішірейту, объектілердің құрылымын берудегі схематизация, олардың тұстерінің шартты тұрде алынуы және т.б.
Ұлгілердің ең типтісі және көп таралғаны материалдык, (заттық) үлгілер болып есептелінеді. Олар көлемдік және жазықтық болып екіге бөлінеді. Олардың арасындағы аралық жағдайды рельефтік кестелер алады.
Көлемдік ұлгілер жиналатын (кескіш, жонғыш, атомдардың өзекті жиынтығы, (түтік) муфта), статикалық (таңба салатын құралдар комплектісі) және динамикалық (су тартатын аспап (насос), іштен жанатын двигательдің ұлгісі) болып бірнеше түрге бөлінеді.
Муляждар (макеттер) деп табиғи объектілерді өздеріне өте ұқсас етіп көрсететін көрнекілік құралдарды атаймыз. Муляждар мен макеттерді жасаған кезде нақты объектілер нақты бейнеленеді, яғни шартылыққа жол берілмейді. Дәлірек айтқанда олардың көлемі, тұсі, формасы және құрылымы өте дәлдікпен берілуі қажет.[5]
Муляждар мен макеттер бізді қоршаған ортаның кұбылыстары мен заттарының сыртқы қасиеттері мен өзіндік белгілерін жан-жақты зерттеп білу мақсатында қолданыс табады. Үлгілер зерттелетін объектілердің ішкі құрылысын және олардың іс-әрекеттерінің принциптерін, одан қалды машина мен механизмдердің кинематикасьн және т.б. зерттеп білуге мұмкіндік береді.
Өздерінің қалай қолданылатындығына байланысты ұлгілер, муляждар (макеттер) табиғи объектілер сықылды демонстрациялық (көрсетілетін) және үлестірілетін болып екіге бөлінеді.
Түрлі үлгілерді жобалаған уақытта дидактикалық мұмкіндіктері мен оқу құралдарының белгілі бір тұрінің функцияларына негізделген жалпы педагогикалық-экономикалық талаптарды ескеріп отырған жөн. Ал олар төмендегідей болып келеді: информативтілік, белгілі бір қызметке бейімделушілік, инструменталдылық, комплементарлылық (жетпейтін белгілердің орнын толтыруға тырысушылық) және т.б. Сонымен қатар бұлардың қатарына оқу пәнінің өзіндік ерекшеліктеріне және оқушылардың көңілінен шығатын көрнекілік құралдарды тандауға байланысты туындайтын талаптарды да жатқызуға болады.
Үлгілердің құрамы, оларды жасаудың ерекшеліктері, көрнекілік сипаты, үлгісі жасалынатын объектінің немесе оның жекелеген жақтарының өздеріне ғана тән ерекшеліктеріне тығыз байланысты болып келеді. Мысалы, жанды және жансыз объектілер заттарының құрылымы, зерттелетін аппараттардың, механизмдердің, электротехникалық бұйымдардың, құрал-жабдықтардың, технологиялық байланыстардың жұмыс істеу принципі, зерттелетін объектідегі компоненттердің өзара байланыстарының ерекшеліктері, информациялық қабылдау кұралдары және т.б. оқу кезінде үлгілердің сан алуан түрлері арқылы берілуі мүмкін.
Оқу кестелері (плакат, схема, диаграмма, графика және т.б.). Бұлардың барлығы да білім берудің жазықтықтық сипаттағы материалдық құралдары болып саналады. Олар зерттелетін объектілер және құбылыстар жайында, дәлірек айтқанда олардың құрылымы, өзіндік қасиеттері, белгілі бір ұғымдарды, дағдыларды, тәжірибені калыптастыруға қажетті түрлі операциялар мен іс-әрекеттерді орындау кезіндегі қолданатын әдістері мен тәсілдері жайындағы толып жатқан ғылыми мәліметтерді нақты көрнекілік тұрғыдан бере алады.[1]
Оқу кестелеріне қалыптасқан дәстүр бойынша оқу барысында көрсетілетін құралдарды жатқызамыз, алайда соңғы уақытта үлестірілетін материалдар түріндегі кестелер сериялары (әсіресе, анықгамалық мазмұндағы) кеңінен қолданыс таба бастаған сияқты.
Қажетті хабарларды беруге байланысты кестелерді бірнеше түрге бөледі: түрлі табиғи объектілер мен құбылыстарды бейнелейтін (суреттер, фотосуреттер) және олардың өзара ұйлесімділігін бейнелейтін (плакаттар) объектілік-композициялық; графикалық (чертеждар, графикалар, диаграммалар, схемалар және т.б.); белгілер, формулалар, әріптер, жасанды және табиғи тілдердің сөздері арқылы берілетін белгілік (рәміздік).
Іріктелуіне қарай кестелерді жекелеген және сериялық деп екіге бөлеміз. Кестелердің ең соңғы тұрінде жекелеген тақырыптар бойынша жасалған кестелер сериясын, анықтамалық және нұсқаулық кестелерді жатқызуға болады.
Соңғы кездерде тұрлі пәндердің оқу тәжірибесінде электрлендірілген кестелер (стендтер) барған сайын жиі қолданылуда. Оларға, ең бірінші кезекте анықтамалық және нұсқаулық кестелер (әсіресе, техника қауіпсіздігі бойынша) жатқызылады.
Кәсіби білім берудің тәжірибесінде кестелердің ең көп тараған тұрі - плакаттар болып табылады. Олар кей жағдайларда (жаппай мамандықтарға оқыту кездерінде) бір орталықтан шығарылады. Алайда плакаттарды мұғалімдер мен өндірістік оқу шеберлерінің өздері немесе олардың басшылығымен оқу орнының өзінде де дайындап, жасайтын кездер аз болмайды. Ал мұндай оқу плакаттарының мазмұнын жасау мен оларды дайындау барысында төмендегі талаптар ескеріліп отырады:
oo плакаттың мазмұны оның атауында көрсетілген тақырыптарға сәйкес, ал мазмұны мұмкіндігінше түсінікті және көрнекілік жағы басымдау болуы керек; плакатка салынған бейнелерді оқушылар оқу бөлмесінің кез келген жерінен көре алатындай ұлкен болуы керек;
oo иллюстрациялардың (бейнелердің) объектілері плакаттарда өздерінің табиғи қалыптарында бейнеленулері қажет;
oo плакатгардағы бейнелерді жасаған кезде олардың бөліктерінің көлемдік сәйкестіктерін дәл сақтауға тырысып отыру керек (әсіресе, бұл талап мәнді бөлшектерге байланысты болып келген сәттерде);
oo бейнелердің ең мәнді бөлшектерін бояу арқылы бөліп көрсетуге де болады. Мұндай жағдайда тым ашық бояуларды қолдануға болмайды;
oo іс-әрекеттердің принципін немесе объектілер мен иллюстрациялардың конструкциясын ашып көрсететін элементтер мен сол бейненің бөлшектерін ашық тұске, ал қалғандарын ашық емес түстерге де бояған дұрыс болады;
oo плакаттардағы жазулар ірі, анық жазулар арқылы берілуі керек: плакатты текстермен (әсіресе, ұсақ әріппен жазылған) толтыра бермеу керек;
oo плакаттың мазмұнын анықтаған кезде оған салынатын суреттердің санын мұмкіндігінше 3-4-тен асырмаған жөн;
oo ал егер ұсақ бөлшектер өте маңызды болатындай жағдай туындаса, оларды ұлкейтіп қосымша көрсетуге де болады;
oo плакатқа соншалықты көп бейнелерді орналастыру қажет бола қалатындай болса, оларды оқытылу ретімен орналастыру қажет.[5]
2 КӨРНЕКІЛІК ҚҰРАЛДЫРЫНЫҢ КЛАССИФИКАЦИЯСЫ
2.1 Демонстрация
Оқытуда нақты білім алу көрнекілікке, сезінуге, бақылау әрекетіне негізделеді.
Көрнекілікті қолдану бала психологиясының ерекшеліктеріне, әсіресе образдық ойлауға байланысты болады.
Көрнекілік әдістер оқу материалын оқушылардың көзімен көріп, нақтылы түсінулеріне мүмкіндік береді
Бұған демонстрация, иллюстрация және бақылау тәсілдері жатады.
Демонстрация (көрсету) оқушыларды құбылыстар, процестер және заттардың нысанасымен табиғи жағдайда таныстыру барысында қолданылады. Әдістің бұл түрі оқылып отырған құбылыстың қозғалысын анықтау, заттың ішкі құрылысы және сыртқы көрінісімен немесе бірыңғай заттардың орналасу жағдайымен таныстыруды көздейді.
Табиғи нысананы көрсету негізінен сыртқы көрінісінен басталады (көлемі, түсі, формасы, өзара байланысы т. б). Келесі кезекте оның ішкі құрылысы немесе жекелеген құрамы бөлініп көрсетіледі. Заттың үлгісі және көркем туындылар оқушылар тарапынан біртұтастық жағдайында қабылданады.
Демонстрациялау көбінесе оқушылардың практикалық оқу әрекетімен ұштаса жүргізіледі. Приборлар мен нысандарды демонстрациялау нәтижесінің табысты болуы бірнеше жағдайға байланысты болады:
oo ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқытудың техникалық құралдарының оқу процесіндегі орны мен рөлі
Электрондық оқыту құралдарын жасаудың ақпараттық архитектурасы
Білім берудегі электронды басылым мен ресурстардың әдістемелік талаптары Мұғалімдердің ақпараттық-коммуникациялық біліктіліктерін көтеру
Білім беру жүйесінде ақпараттық техникалық құралдарды қолдану
Математикадан көрнекі құралдардың жіктелуі
Химияны оқыту құралдарын топтастыру
Білімді ақпараттандырудың техникалық құралдары
Бастауыш сыныпта дүниетануды оқыту әдістемесі
Кәсіптік білім беру мекемелерінің сабақтарында оқытудың жаңа техникалық құралдарын қолдану ерекшеліктері
Эксперттік жүйелер пәні бойынша электрондық оқулық
Пәндер