Өлшеу шамалары


1. ДӘРІС
Кіріспе
Берілген курс студенттерді метрология, стандарттау және сертификаттау облысында дайындаудың базалық курсы болып табылады.
Метрология - өлшеулер туралы ғылым. Өлшеу өте ертеде пайда болған. Мысалы, асыл тастардың салмағы каратпен (бұршақ), ал дәріханаларда - гран деп аталатын (дән) өлшем бірлігі қолданылған.
Табиғи өлшемдердің кең тараған түрі, ол уақыт өлшемі болады: жыл, ай, сағат т. б.
Ағыпшын физигі Гюйгенс маятниктің тербелуі мен оның ұзындығының арасындағы байланысты былай тапты:
мұнда L - ярд деп аталатын секундты маятниктің ұзындығы.
Д. И. Менделеев 1893 ж. ”Өлшемдер мен ауырлықтың негізгі палатасын” құрды.
1918 ж. Кеңес үкіметі “Халықаралық метрикалық өлшемдер мен ауырлықтар жүйесін енгізу туралы” декрет қабылдады.
1941 жылға дейін 8600-дай стандарттар енгізіліп, мемлекеттік ГОСТ стандарттар категориясы қабылданды.
1968 ж. “Мемлекеттік стандарттау жүйесі” (МЖЖ) бекітіліп қолдануға берілді және онда белгілі тәртіп орнатылды.
Халықаралық стандарттау жүйесі және сапаны басқару енетін ғылым саласы табиғаттың іргелі заңдары мен заңды түрде және нормативті актілермен орнатылған ережелерге сүйенеді.
Өлшеу нысандары
Қоршаған ортаның нысандары мен құбылыстары біз үшін танып білетін пәндерге жатады. Оларды зерттеу арқылы біз сандық ақпарат аламыз. Сонымен, өлшеу процесі танып білу процесіне жатады, ал өлшеу ақпараты танып білу процедурасы болып табылады.
Өлшеу шамалары
Бізді қоршаған ортаның ең негізгі қасиеттерінің бірі болып, оның созылмалылығы роль атқарады, демек үзындығы. Сонымен бірге аудан, көлем, бұрыш т. б. өлшемдер бар.
Кез келген құбылыс лезде болмай, белгілі бір мерзімге созылады, ал оның өлшемі ретінде уақытты алуға болады.
Денелердің сыртқы күштің әсері жоқ кезіндегі тыныштық сақтау қасиетін инерттілік деп атайды, ал оның өлшемі масса деп атаймыз.
Денелердің алдыңғы күйіне қарағандағы қыздырылуы молекулалардың жылулық қозғалысымен сипатталады, ал оның өлшемін термодинамикалық температура деп атаймыз.
Әртүрлі денелердің сипаттамаларын, ал сандық жағынан бөлек шамаларды физикалық шамалар деп аталады.
Жоғарыда көрсетілген шамалардан басқа оларға күш, қысым, үдеу, электр кернеуі, индуктивтілік, жарықтылық, жазық және денелік бұрыштар т. б. жатады.
Осы сандық сипаттамалар жөнінде мағлұматтар алу өлшеу міндеті болып табылады.
Өндірісте өнімнің сапасына аса көп көңіл бөлінеді. Олардың өлшемі ретінде сапа көрсеткіші роль атқарады. Метрологияның сапаны өлшеуге арналған квалиметрия деп аталатын бөлімі бар. Өнім сапасының көрсеткіштерінің мынадай түрлерін атауға болады:
1) өнімнің тағайындалу көрсеткіші - бұл өнімнің тағайындалу функциясы мен қолдану облысы;
2) сенімділік көрсеткіштері - бұл бас тартпай жұмыс істеу, ұзаққа шыдау және сақталыну;
3) шикізатты, материалды, энергияны және еңбек ресурстарын үнемді пайдалану көрсеткіштері;
4) эргономикалық көрсеткіштер - “адам-өнім” жүйесін сипаттайды, адамның өндірістегі және тұрмыстағы гигиеналық, антропометриялық, физиологиялық және психологиялық қасиеттерін кешенді түрде есепке алу;
5) эстетикалық көрсеткіштер - форманың рационалдығы, композицияның бүтіндігі және жасалыну деңгейін көрсетеді;
6) технологиялық көрсеткіштер - өнімнің қасиеті мен құрамын және құрылымын, өнімнің берілген сапасының қайта қалпына келуі мен пайдалануын сипаттайды;
7) тасымалдану көрсеткіші - өнімнің кеңістікте орын ауыстыру қасиетін, демек тасымалдануын сипаттайды;
8) стандарттау және унификацилау көрсеткіштері, демек өнімнің стандартты және унификациялы бөлшектермен қанығу дәрежесі;
9) патентті-құқықтық көрсеткіштер - техникалық шешімдердің жаңалануы, олардың патенттік қорғалуы және өнімді шет елдерге сату мүмкіндігін сипаттайды;
10) экологиялық көрсеткіштер - өнімнің қоршаған ортаға тигізетін зиянды әсерін сипаттайды;
11) қауіпсіздік көрсеткіштері - өнімнің пайдалануы кезіндегі қызмет көрсету персоналына қауіпсіздігін сипаттайды;
12) интегралды сапа көрсеткіші - өнімді пайдаланудағы қорытынды және қосынды тиімділік көрсеткіші.
Сонымен, өнім сапасы көпөлшемді шама болып табылады.
Интегралды сапа көрсеткіші мына формуламен табылады:
мұнда - қосынды пайдалы эффект; - өнімді жасауға және пайдалануға жұмсалынған шығындар.
Негізгі шамаларды еркін түрде таңдап алуға болады және олар материалды дүниенің іргелі қасиеттерін сипаттау қажет.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz