Біреу - біреуге сүйеу


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

ЭССЕ

Тақырыбы: Отбасының толыққанды болмауы бала психикасына қаншалықты әсер етеді?

Орындаған : Акжол С. С

Тексерген : Болтаева С. Ж

Алматы 2020

Жоспар:

1 Кіріспе бөлім:

Отбасы бар жылудың ошағы

Отбасы дегеніміз мемлекеттің кішкетай ғана бөлшегі. Баршамыз да қазақ атты үлкен ұяның мүшелеріміз. Істеп жатқан әрбір әрекетіміз Отанымыздың айнасындағы көрінісі болмақ. Кез келген адам үйінде сыйластықтың, күлкінің, жақсылықтың, махаббаттың, татулықтың болғанын қалайды. «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны ілетін» бала үшін әке-шешенің барлық іс-әрекеті маңызды.

2 Негізгі бөлім:

Отбасының толыққанды болмауы бала үшін қаншалықты маңызды?

Неге қоғамда әкесі немесе анасы жоқ балаларға сыни көз қараспен қараймыз? Оларға тағдырдың берген сынағымен қатар, өмірде де аяушылық танытпайтын жауыздар да кездеседі. Жастайынан осынша қысым көріп өскен баланың болашақтағы психикасы неге ешкімді алаңдатпайды? Жастар біздің болашағымыз. Кішкентай кезінде мейірім көріп өспеген бала ертең қалай басқаға мейірім бере алмақ? Әрбір тұлғанын қалыптасуына бірінші отбасы, екінші қоғам жауапты.

3 Қорытынды бөлім:

Біреу - біреуге сүйеу.

Болашақтың тәрбиесі жайлы қазірден ойлана берген жөн. Қазіргі көзіміз ашық, көкірегіміз ояу заманда, психологияның қоғамдағы рөлі қаншалықты маңызды екенін байқап жатырмыз. Жақсы сөз - жарым ырыс. Сондықтан, сөзбен болса да айналамызға жылу шашып жүрсек, біреу болмаса біреуге пайдамыздың тиетініне көзім анық жетеді.

Жетімін жылатпаған, жесірін қаңғыртпаған халық, “Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер” деп айтып кеткен бабаларымыздың бұл даналық өсиеттері қазіргі таңда қаншалықты сақталуда? Толық емес отбасының әрқайсысының өз ерекшеліктері мен бала дамуындағы әсері әр түрлі болады:

  • Ажырасқан отбасыларда жасөспірім көп жағдайда ата - анасының конфликтті қарым- қатынасына куә болады.
  • Жалғызбасты ана немесе әкелердің толық отбасы болған кездерін еске түсіру, әке немесе ана жақтан жылудың жетіспеуі, сағыныш сезімі, ананың атқаратын қызметін әке немесе әкенің қызметін ана орындай алмауы балаға тікелей әсер етеді.
  • Ата - ананың нақты, реалды отбасылық қызметтерін сезінбеуі
  • Қыз бала ана тәрбиесін, яғни қыз балаға лайықты қасиеттерді бойына жинай алмауы, көрмей өсуі, ер баланың да нағыз ер жігітке тән қасиеттерді бойына жинайтын әкесінің болмауы бала психикасына өте ауыр

«Толық емес» немесе «ажырасқан отбасы»бұл сөзді естіген құлаққа үйреншікті дүниедеп қабылданатын болды. Алайда, осындай отбасында тәрбие көрген баланыңпсихологиялық денсаулығы, өмірді қабылдауы ерекшеленетіні сөзсіз. Бала үшін отбасы - ол жылулық пен мейірімділіктің, махаббаттың көрінісі, баланы ол жерде әрдайым күтеді, кез-келген жағдайда балаға қамқорлық көрсетеді.

Бұл - идеалды көріністегі отбасы. Толық отбасынан толық емес отбасына айналу - ата-анаға да, балаға да ауыр соққы. Алайда, ата-ана қалыптасқан тұлға ретінде өз істеріне жауап бере алады. Ал бала даму үстінде, оның жан дүниесіне, өмірге деген көзқарасына кез-келген нәрсе әсер етеді. Толық емес отбасындағы бала үшін ең бірінші соққы, ол - ата-ананың жиі ұрыс-керісі, әкенің не ананың ішімдік ішуі, әкенің анасына қол көтеруі. Бұл жағдайда отбасы өзінің қамқоршы функциясын жоғалта бастайды. Ашу үстіндегі ата-ана өз өшін балаға ұрсу, балағаттау арқылы шығарады. Келесі соққы ол - ажырасу. Бала үшін ана - жарық күн болса, әке - асқар тау. Жанына жақын екі адамның бір-біріне деген ренішін көрген бала, екі оттың ортасында қалғандай болып өз-өзін кінәлі сезінеді. Қолынан ештеңе келмейтіндей сезініп, өз ойын ашық жеткізуге жүрексініп, жасық болып өседі. Толық емес отбасындағы балалар толық отбасындағы балаға қарағанда, өзін кем санай бастайды. Сондықтан баланы ақыл- оймен, төзімділікпен, психологиялық тәрбиемен бағыттау қажет. Тәрбиелікке жету оңай емес. Балаға ең бірінші әділетті қоғам мен өмір сүрген ортасының имандылық тәлімі қажет. Тәрбиелі адам - шынайы парасат пен мінезге бай болатыны белгілі. Екінші бір бала тәрбиесіндегі тәрбиелікке үйретудің пәрменді тәсілі - адамдардың балаға тәлім етер жеке бастарының үлгісі, олардың өзара сүйіспеншіліктері, айналасындағы жандармен сыйластықтары, тіпті олардың табиғатқа деген көзқарастары. Сондықтан да халық даналығы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлы Дала — ұлы Перзенттерімен көрікті
Қазіргі заманғы күнделікті әдептілік
Пайғамбар хадистері
Айбек Қалмағамбетов. Жоғалған қыз туралы аңыз
Исламда сауда-саттықтың орны
Кәсіпкерлік туристік фирма жоспары
Тест сұрақтарының саны
Шығармаларға әлеуметтік талдау
М.Мақатаев поэзиясындағы анафора мен эпифора
Ахмет Байтұрсынов — лингвист ғалым
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz