Бастауыш мектеп математикасын оқыту мәні менерекшеліктері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Курстық жұмыс
Ф 11.01-2020
1-баспа 25.06.2020

Қазақстан Республикасының білім жӘне ғылым министрлігі
М.Х. ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ

ҰСТАЗ ИНСТИТУТЫ

Мектепке дейінгі және бaстaуыш білім беру кафедрасы

КУРСТЫҚ Жұмыс

Математиканы оқыту әдістемесі пәні бойынша

Тақырыбы: Бастауыш мектеп математикасын оқыту

Білімгер: Тынышбек Аяулым Есенбекқызы. Тобы: ПМНО18-3
_____________
қолы

Жетекші:Сарыбекова Қ.Н.п.ғ.к., доцент
аты-жөні қызметі

Қорғауға жіберілді ____________________2020ж. ____ _________________

қолы

Жұмыс қорғалды __________________2020ж. бағасы __________________

жазбаша
Комиссия мүшелері: _________________________ ____________________
аты-жөні қолы

______________________________ ___ ________________
аты-жөні қолы

______________________________ ___ ________________
аты-жөні қолы

Тараз 2020
Курстық жұмыс
Ф 11.01-2020
1-баспа 25.06.2020

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.Х. ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖӘНЕ БAСТAУЫШ БІЛІМ БЕРУ кафедрасы

ПМНО 18-3 тобының білімгеріне Тынышбек Аяулым Есенбекқызы. Курстық жоба (жұмыс)
ТАПСЫРМА
МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ пәні бойынша
1. Тақырыбы:БАСТАУЫШ СЫНЫП МАТЕМАТИКАСЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕСЕПТЕРІН ШЫҒАРУ ӘДІСТЕРІ

2. Тапсырманың арнайы нұсқауы - курстық жұмысты университеттің талаптарына сай рәсімдеу

1.Курстық жұмыстың негізгі тараулары
Көлемі
Орындаумерзімі
Кіріспе
5%
26.09
I Бастауыш мектеп математикасын оқыту жүйесінің мазмұны
20%
30.09
1.1Бастауыш мектеп математикасын оқыту мәні мен ерекшеліктері
10%
05.10
1.2Математиканы оқытудың ғылыми әдістері
5%
13.10
1.3Математиканы оқытудың
мақсаттары
5%

14.10
1.4Математиканы оқыту қағидасы туралы
ұғым
5%
15.10
II Бастауыш мектеп математикасын оқытудағы есеп шығаруды үйрету негіздері
10%
19.10
2.1Математиканы оқытудағы есептердің
мәні
10%
20.10
2.2 Математикадағы оқытудағы есептің рөлі
10%
21.10
2.3 Математика есептерін шығаруды үйретудің жалпы әдістері
10%
26.10
Пайдаланылған әдебиеттер
5%
29.09
Жұмысты безендіру

Қорғалды

Кафедра мәжілісінде бекітілген 24.092020 ж. хаттама № 2
Жетекшісі:п.ғ.к., доцент ______ Сарыбекова Қ.Н
қызметі қолы аты-жөні
Тапсырманы орындауға қабылдадым _______
МАЗМҰНЫ:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

І Бөлім. Бастауыш мектеп математикасын оқыту жүйесінің мазмұны ... 7
1.1. Бастауыш мектеп математикасын оқыту мәні менерекшеліктері ... ... ... 7
1.2.Математиканы оқытудың ғылыми әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
1.3. Математиканы оқытудың мақсаттары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...18
1.4. Математиканы оқыту қағидасы туралы ұғым ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20
II Бөлім. Бастауыш мектеп математикасын оқытудағы есеп шығаруды үйрету негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
2.1. Математиканыоқытудағыесептердіңмәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21
2.2. Математиканыоқытудағыесептің ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
2.3. Математика есептеріншығарудыүйретудіңжалпыәдіс тері ... ... ... ... 23

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
Пайдаланғанәдебиеттер тізмі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25

КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі:Қазақстан Республикасының тұңғыш Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан-2050 стратегиялық бағдарламасымен барлық қазақстандықтардың өсіп өркендеуі, қауіпсіздігі және әл ауқатының артуы туралы Қазақстан халқына жолдауында айқындалған негізгі бағыттар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін, білім мазмұнын жаңартумен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдерін қолданудың тиімділігіне арттыру қажет деп атап көрсетілген болатын.
Сондықтан қазіргі кездегі бастауыш мектеп математикасы негіздерін меңгерту жас ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеудің негізі болып табылатындығы туралы Қазақстан Республикасы орта білім мемлекеттік стандартында көңіл аударылған.
Көптеген елдерде математикадан жүйелі де сапалы білім беруге аса назар аударылып отырғаны белгілі. Бұл жөнінде дүниежүзілік тәжірибеде үш тенденция байқалады:
барлық оқушыларға математикадан бір дәрежеде білім берудің қажеттілігі және оған сәйкес ғылыми-зерттеу жұмыстарды кеңінен жүргізу;
математиканы негізгі курс ретінде жалпы білім беретін мектептердің барлық сатысының оқу жоспарларына енгізу;
мектептің жоғарғы сатысында математикадан білім беруді жеке даралау мен топтау әдістері арқылы іске асыруды кеңінен енгізу.
Осы орайда математиканы оқытудың негізгі мақсаттары болып оқушылардың дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру, табиғатты ғылыми тұрғыдан танудың негізгі заңдылықтарының математикадағы көрінісін бейнелеп, оқушылардың алған теориялық білімдерін практикада қолдана білуге, практикалық есептерді шығаруға, сондай-ақ математиканы басқа пәндерге қолдана білуге үйрету,оқушылардың өздігінен білім алуына көмектесу негізгімақсаттары болып табылады.
Бастауыш мектепте математиканы оқытудың білімділік мақсаты барлық оқушыларды математика ғылымының негізі болатын білімдер жүйесімен және ол білімдерді саналы түрде шығармашылықпен қолдана алудың іскерлігі мен дағдыларын берік қалыптастыру мен ой-өрісін дамыту болып табылады.
Курстық жұмыс нысаны: Бастауыш мектеп математикасын оқытудағы есеп шығаруды үйрету негіздері.
Курстық жұмыстың мақсаты -- Бастауыш сынып математикасын оқыту арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру жолдарына талдау жасау.
Курстық жұмыстың міндеттері:
Бастауыш мектеп математикасын оқыту жүйесінің мазмұны;
Бастауыш мектеп математикасын оқыту мәні мен ерекшеліктері;
Математиканы оқытудың ғылыми әдістері;
Математиканы оқыту қағидасы туралы ұғым;
Математиканы оқытудың мақсаттары;
Бастауыш мектеп математикасын оқытудағы есеп шығаруды үйрету негіздері;
Математика есептерін шығаруды үйретудің жалпы әдістері.
Курстық жұмыс болжамы: Курстық жұмыстың тақырыбына байланысты әдебиеттерімен танысып, оларға ғылыми-әдістемелік тұрғыдан шолу жасау.
Математиканы оқыту әдістемесі - математика пәнінің ерекшеліктеріне негізделген оқу-тәрбие жүйесі жайындағы ғылым. Бұл жүйені меңгеру арқылы оқыту мен тәрбиелеу ісін ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Математиканы оқыту әдістемесі - қоғамның алға қойған мақсаттарына сай математиканы оқытудың заңдарын зерттейтін педагогикалық ғылымның бір саласы.
Сондықтан педагогика ғылымы анықтап берген білім беру мен тәрбиелеудің мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес құрылады және математикалық тақырыптарды оқып үйренудің ерекшеліктеріне қарай, ортақ педагогикалық қағидаларға негізделген.
Зерттеу әдiстерi: Тақырыпты зерттеуде салыстырмалы талдау, жүйелеу, жинақтау, тұжырым әдістері қолданылды.
Курстық жұмыстың құрылымы:кіріспеден, 2 бөлімнен, қорытындыдан,пайдаланған әдебиеттерден тұрады.

I БАСТАУЫШ МЕКТЕП МАТЕМАТИКАСЫН ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІНІҢ МАЗМҰНЫ
1.1. Бастауыш мектеп математикасын оқыту мәні мен
ерекшеліктері

Оқушылардың ақыл-ой дамуының негізін олардың меңгеретін Білімдерінің жүйесін қалайды. Оқушылардың санасында белгілі бір білім қоры болмайтын болса, онда олар ойлай да алмайдьі. Егер оқушы мәселені өз бетінше шешуге үйренбесе, тек қана белгілі бір үлгілер бойынша жұмыс істеуге ғана дағдыланған болса, жаңа жағдайлардың тууына байланысты олар алғатт білімдерін ррменсіздік танытып жатады.
Мектеп практикасында оқушылар теоремаларды кітаптағы немесе оқытушының көрсеткен үлгісі бойынша еркін дәлелдеп береді де, егер сызбадағы әрптерді басқа әріптермен ауыстырып қоятын болса, не болмаса сызбаны басқаша орналасқан жағдайда теореманы дәлелдей алмай қалады. Бұл оқушыларды улгілср арқылы жұмыс істеуге дағдыланып, ойлаудың жалпы логикалық нәтижесі болса керек. Сондай-ақ мектептегі оқушылардың білімділігін оқу пәнінің ұғымдарын, анықтамалармен теоремалардың тұжырымдамаларын, формулалар, ережелер т.б. мазмұны мен көлемінің игерілу дәрежесіне қарай бағалайды да, ал ондай ақыл-ой әрекеттері арқылы нәтижелерге жететіні ескерілмейді[2;34-36б].
Оқушыны жеткілікті білім қорымен қаруландыру және өз етінше ойлауға үйрету мәселесі, егер оқушының өзінің білім алуға ынта-жігері, құмарлығы, қызығушылығы, білімдерді меңгеру әдістерін білуге құлқы болмаған жағдайда түпкілікті шешілуі мүмкін емес. Міне сондықтан да В.Ф. Паламарчук оқушылардың ойлау қабілетін дамыту процесінде оқытудың мынадай үш құрамды бөліктерін ескерту қажет деп есептейді: мазмұндық, амалдық, мотивациялық. Оқытудың мазмұндық құрамдас бөліктеріне оқушылардың білуіне тиісті ұғымдар жүйесі, ережелер, зандылықтар т.б. жатады. Оқытудың мазмұндық бөлігі оқу бағдарламалары мен оқулықтарда баяндалады. Оқытудың амалдық құрамдас бөліктеріне ақыл-ой қызметінің тәсілдерін меңгеру жатқызылады. В.Ф. Паламарчук оларға оқу материалындағы ең бастыны ажырата алуды, деректерді, құбылыстарды салыстыру, сәйкестендіру мен жалпылауды, өз ойын дәлелдей алуды, яғни ойлаудың операциялық құрамды бөліктерін жатқызады.
Оқушыларға не мақсатпен, не үшін оқиды, білім мен дағдылар не үшін қажет деген мәселелерді түсіндіру оқытудың мотивациялық аспектісін құрайды.
Оқушылардың ойлау дамыту оқыту материалының мазмұны арқылы, оқушылардың оқу іс-әрекетін ұйымдастыру құралы мен тәсілдері арқылы жүзеге асырылады.
1-4 сынып оқушыларының ойлау әрекетін дамытуда мазмұнды есептермен жұмыс істеудің жалпы тәсілдерін үйрету негізгі орын алады.
Мектеп тәжірибесінде мазмұнды септерді практикалық. графиктік, арифметикалық және алгебралық тәсілдермен шығарады. Негізінен кеңінен қолданылатын - арифметикалық және алгебралық тәсілдерге көп назар аударады.
Математикалық мазмұнды есептер шығару кезінде оқушылардың ойлау әрекетін дамыту мақсатында есептерді талдаудың жалпы тәсілдерін қалыптастыру жұмыстарын жүргізу орынды.
Бастауыш сынып оқушыларының мазмұнды есепті талдай білу іскерліктерін меңгеруі олар келесі сыпыптарда бұл іскерліктсрді мазмұнды есептерді алгебралық тәсілдермен шешкенде пайдалануға мүмкіндік береді.
Бастауыш сыныптарда математика есептерін шығару кезінде оқушылардың есептерді талдай білу іскерліктерін қалыптастыру оқушылардың ойлау әрекетін дамытуға ықпал етеді.
Ойлау-баланың таным әрекетінің ең жоғарғы түрі. Ойлау арқылы оқушылар көзге көрінбейтін заттар мен құбылыстардың арасындағы күрделі себептік байланыстарды, зандылықтарды ұғады. Ойлау, сөйлеу әрекеті арқылы іске асады. Ойлау нақты сұрақтар қоюдан, соларға жауап іздеуден басталады. Ойлау-белгілі бір міндетті, теориялық немесе практикалық мәселелерді шешуге бағытталады.
Оқушылардың танымы-өзіне тән ерекшелігі бар күрделі психикалық үрдіс. Оқушының нәтижелі оқуына әсер ететін сыртқы және ішкі күштер немесе себептер болады. Танымдық әрекеттің негізінде оқушыларды танымдық белсенділік дегеніміз-оқушының оқуға, білімге деген ынта ықыласының, қүштарлығының ерекше көрінісі[3;107-110б].
Жалпы орта білім беру жүйесінде іргетасы бастауышта білім беруден басталады, ал жалпы білім беру жүйесінің алғашкы маңызды сатысы. Бастауыш мектепте баланың оқу мен психикалық негіздері қалыптасады.
Оқуды өзінше әрекеттің бір түрі дегенде бәлендей мазмұнды сөз, не нақты бейне арқылы, белсенділікпен үғьтнуды, айтады. Оқу әрекеті тек білім алумен шектелмейді осыған ептілік пен дағдылануда керек. Бастауыш мектептегі оқу жұмысының әр салаларына бейімделу балада бірден қалыптаспайды. Осыған біраз мерзім үйрену керек. Сонымен қатар оалалардың оқуға белсенділігі сабақтарда әр түрлі.
Жеке пәндерден сабақтарды ойдағыдай үлгеру үшін алдымен баланың осыған ықыласы болуы шарт. Оқу ойынға қарағанда қиын болғандықтан балалардың кейбіреулерінің оқуға ықыластары болып дарымайды. Оларды оқуға үгіттеу арқылы тарту қиын. Сондықтан оқуға деген ықыласты тудыру үшін тапсырмаларды орындата отырып осыдан нәтиже шыққанда мақтау керек. Орындалған тапсырма үшін қуану кейін алдағы тапсырманы орындау түрткі болады. Әдетте, ықыластың тікелей, және жанама түрі бар. Тікелей ықылас оқушының бәлендей нәрсеге қызығуынан болады, Ал, жанама ықылас сол нәрсе қызық болмаса да, жалпы сабақ үлгерімін жаксарткысы келгендіктен бопапы Ықыластың соңғы түрі кіші оқушылардың өмірінде негізгі роль атқаруы тиіс.
Бастауыш мектеп оқушылары көпке дейін тапсырманы қалай орындаудың тәсілін жақсы білмеиді. Мысалы, бұлар берілген тапсырманы жаттап алғысы келіп тұрады. Солай болуы олардың жаттауға икемділігінің молдығынан емес, оқуға әлі төселмегендігінен, қалай, жұмыс істеуге ешкім оны үйретпегенінен кездеседі[1;255 б].
Бастауыш мектепте тапсырма балаларга мынадай скі түрлі жолмен беріледі.
Біріншіден, берілген тапсырманы орындау үшін жауапты бала өздігінен іздестіреді.
Екіншіден, тапсырма жауап іздестіру ретінде берілмейді. Оны орындау үшін соның үлгісі (образец) беріледі. Мысалы, тақпақты жаттау үшін соның тексті беріледі. Осы текске өзгере енгізуге рұқсат етілмейді. Сол текске сүйене отырып балаоны жаттап алады. Ал тапсырманың соңғы түрі өте сирек кездеседі. Баланың оқу әрекеті деп - тапсырманы орындаудың оірінші тұрін және проблемалық мәселелерді орындай білуді айтады. Осыған әр түрлі пәннен айталық грамматикалық, географиялық, математикалық т.б. есептер шығару жұмысы жатады [4;51-56с].
Әдётте оқу өзінше бала үшін әрекеттену, яғни проблемалық мәселені, шешу дегенде, осының мынадай үш сатыдан тұрататын. айтады: біріншіден, берілген тапсырманың шартымен танысудан, екіншіден, соны орындаудан, үшіншіден, осының қалай дұрыс, не бұрыс орындалғанын тексеруінен.
Пәндер неше түрлі болғандықтан, осы сатыларды орындау түрліше кездеседі. В.В.Давыдовтың айтуынша, оқу әрекеті мынадай бөлшектерден құрастырылады.[2;34-36 б]
1) тапсырмадан, яғни оқу ситуациясынан;
2) тапсырманы орындаудан;
3) орындаған тапсырманы тексеру кезеңінен,
4) баға қоюдан.
Мысалы, біздің әуелгі схемадағы тапсырманың шарты мен танысу дегенді мұнда оқу ситуациясы деп атайды. Себебі бала үшін тапсырма өзінше проблемалық ситуация болатыны екендігі жөнінде айтылып отыр.
Ал соңғы саты баға бұл өзінше баланың тапсырманы қалай орындағаны дәрежесін оған білдіру. Бұл мектептің күнделікті өмірінде кездеседі.
Математиканы оқытудағы негізгі міндеттер оқушылардың өздігінен анализдей, синтездей білу, математикалық қорытындыларды кеңейтіп, дамыту болып есептеледі.
Бұл үшін:
1) Оқушыларды жаңа материалды қабылдауға әзірлеу.
2) Математиканы оқытудын көрнекілігі және өмірмен
байланысты болуы.
3) Баяндалған теориялық мәселелер практикамен
ұштастырылғанда ғана терең де тиянақты болады.
4) 0қушылардың өздігінен жұмыс істеуін дұрыс қоя білу. Яғни, осы 4 міндетті өз деңгейінде толық шешу үшін оқу процесін рымдастыру барысында, бір жүйемен келе, академик В.М.Монахов[5;25-26б] ұсынған казір көптеген мектегттерпе копаныи жүрген педагогикалық технологиясын зерттеп, кейбір өзгерістер Бастауыш сынып баланың логикалық ойлауын дамытудың негізгі кезеңі деп есептеледі. Өйткені логикалық ойлау кейінірек бейнелік ойлаудың негізінде қалыптасады, ауқымы кеңірек мәселелерді шешуге, ғылыми білімдерді меңгеруге мүмкіндік береді. Әйтсе де бұл баланы қайткенде де неғұрлым ертерек логикалық жолға шығару дегенді көрсетпейді. Біріншіден, ойлаудың логикалық формаларын игерудің өзі ойлаудың жетілген бейнелі формалары рстіпдс нгсрілмсйіишс, толық құнсыз күйде қалып отырады. Дамыған көрнекі схеманы ойлау баланы логика табалдырығына жеткізеді. Екіншіден, шогикалық ойлауды игеріп болғаннан кейін, бейнелік ойлау өзінің ешбір мәнін жоғалтпайды.
Бастауыш оқушыларының ойлауын дамытуда екі негізгі саты байқалады. Бірінші сатыда (ол шамамен І-ІІ сыныптағы .оқытуларға тура келеді). Олардың ойлау әрекеті көбіне әлі мектеп жасына дейінгі баланың ойлауын еске түсіреді. Оқу материалдарын талдау бұл жерде көрнекі әсер ету жоспарында басым болады.
Ойлауды дамытудың екінші кезеңі осы өзгерістермен байланысты І-ІІ сыныпта-ақ мұғалім балаларға игерілетін мәліметтердің жекелеген элементтері арасындагы болатын байланысты көрсету үшін ерекше қам жасайды[5;25-26б].
Оқу материалдарын балалардың ойлау қабілеті жетерліктей жас ерекшеліктерін ескере ұйымдастырса ғана, оның ойлау қабілетінің дамуына мүмкіндік туады.
Сондықтан да мұғалім балаларды үнемі ойланып оқуға бағыттауға тиіс, бұған оқу үрдісін жүйелі ұйымдастыру, сабақта бала логикасын дұрыс дамыта алатын мүмкіндіктерді мол пайдалану арқылы жетуге болады.
Оқушыларға өз бетінше жасаған ой операцияларыныц дұрыс-бұрыстығын тексерткізу, оларды бір мәселенің өзін түрлі жолдармен шешуге үнемі бағыттап отыру (тапқырлық пен зеректік), логикалық ойлауды қажет ететш мысалдар құрастыру, есептер шығарту - баланың логикалық ойлауын тәрбиелеудің тиімді жолы.
Баланың ой операциясын дамытып талдау, жинақтау, топтау және жіктеуге арналған мынадай жаттығулар жүргізуге болады. Балаға бірнеше заттардың бейнесі көрсетіледі. Бала сол суреттерге қарап талдап, топтап, жүйелеп логикалық ой қорытындысын шығара білу керек. Мысалы: 4-5 түрлі бас киімнің ішінде 1 етіктің суретін көрсетіп, мына суретте не артық деп сұрасақ, бала артық заттың атын атайды. Мына жерде етік артық, өйткені басқалары бас киімдер.
Балаға бірнеше геометриялық фигураларды көрсетіп, осы фигуралардан бір зат құрастыр (құс, жануар, балық т.б.) Құрастырған фигураларыңды боя десең, бетінше ойланып, тек сол фигуралардан құралған бейнені бояйды.
Мысалы, Сағыз сатып алу үшін Ерланға 1 теңге жетпейді. Ал Темірланға екі теңге. Сонда Ерлан Темірланға екеуміз қосып бір сағыз алайық десе, бәрібір олардың бір теңгесі жетпей тұр. Бұлардың әрқайсысында неше теңгеден ақша болды? Сонда сағыз қанша тұрады?
Осындай ой толғауларын әр сабақта тиімді қолдану мұғалім шеберлігіне байланысты.Сабақтың сапалы ұйымдастырылуының өзі - табыс кілті. Сабақ сапасына, сабақ үстінде оқушылардың логикалық ойлауын дамытуға көбірек көңіл бөлуді талап етеді. Логикалық есептер - кеңірек ойлануды қажет етеді. Есеп жауабы бір немесе бірнешеу болуы мүмкіы. Есептің бұл түрі мұғалімнен де, оқушыдан да аңғарымпазды болуды талап етеді. Логикалық есепті шешу қатаң дәлелге сүйеніледі. Сондықтан мұнда қысқа есептей салу, көрнекілікпен астарластыру болуы ықтимал. Мұндай есептер логикалық ойлауға, қиялдауға, ұстамдылықка, еңбектене білуге тәрбиелейді.
Арнайы формула қолдануға келмейтін, әрқайсысына өзіншеталдау жасауды кажетсінетін есептерді логиалық есептер дейміз[6;22-25б].

1.2 Математиканы оқытудың ғылыми әдістері

Математиканы оқытудың ғылыми әдістері. Математиканы оқыту теориясы мен оқыту әдістемесінде оқытудың ғылыми әдістері айрықша орып алады. Математиканы оқытудың ғылыми әдістерін игеру, оқыту процесінің тиімділігін арттыруға көмектеседі. Пән ретінде математика тек өзіне тән белгілеріменерекшеленеді. Ол белгілердің ең бастысы окыгі үйренетін ұғымдардың неғұрлым жалпылығы, мұның өзі алғашқы математика сабақтарында-ақ бой көрсетеді. Сондықтан оқу процесінде математикалық ұғымдарды қалыптастырғанда да, сол ұғымдарды іс жүзінде қолданғанда да осы ерекшеліктерді бейнелейтін әр алуан әдістерді пайдалану қажет. Сонымен бірге, оқытудың ғылыми әдістерін қолдану шәкірттердің ойлауын дамытатынын, олардың жалпы мәдениетін көтеретінін, математика сабақтарында қалыптасқан тәсілдер мен ұғымдарды кәдеге жарату қабілетін шыңдайтынын айрықша атап өткен жөн. Математика оқытудың ғылыми әдістеріне :
бақылау мен тәжірибе;
салыстыру мен аналогия;
абстракциялау мен нақытлау;
анализ бен синтез жатады.
1. Бақылау мен тәжірибе. Бақылау деп коршаған ортаның табиғи жағдайда қарастырылатын жеке объектілері мен құбылыстарының қатынастарын және қасиеттерін бәз қалпында зерттеу, айқындау әдісін айтады.
Бақылаудың кабылдаудан өзіндік ерекшелігі бар. Қабылдау әдеп объектінің біздің сезім органдарымызға әсер ету кезінде санамызда тікелей бейнеленетін құбылысты айтады. Ал объектіні бақылау сол объектіні қабылдауды қамтиды.
Тәжірибе деп - объектілер мен құбылыстардың табиғи күйі мен дамуына жасанды жағдайлар туғыза отырып, оларды нысанды түрде бөліктерге мүшелеп, басқа объектілермен жәнеқұбылыстармен біріктіру арқылы зерттеу әдісін түсінеді.
Кез келген тәжірибе бақылаумен тығыз байланыста болады.Тәжірибе жасаған адам тәжірибенін барысын, яғни объектілер мен құбылыстарды зерттегенде тиісті жасанды жағдайлардағы олардың күйін, өзгеруін және дамуын бақылайды.
Бақылау мен тәжірибе арқылы алгебралық зандылықтарды тағайындауға болады[7;16-19б].
Есеп: Мұраттың қолындағы екі қапшықтың бірінде 2 кг картоп, екіншісінде 3 кг қияр бар. Келесі дүкенде помидор сатылып жатқандықтан ол қапшықтың біреуін босатуға мәжбүр болды. Қапшықты неше тәсілмен босатуға болады?
Бір қапшықты екі тәсілмен босатуға болады. Бірінші картоптың үстіне қиярды (5кг+3кг) екінші, қиярдың үстіне картопты (Зкг+5кг) салу ксрск. Екі жағдайда да қапшықтағы картоп пен қияр 8 кг болып шығады. Демек,
5кг+3кг=3кг+5кг=8кг.
Осындай бірнеше мысалдар (тәжірибе) келтіру арқылы қосылғыштардың орнын ауыстырғаннан қосынды өзгермейтінін тағайындауға (байқауға) болады. Бұл ережені қорыта отырып, жалпы жағдайда (индукция арқылы) а+в=в+а екеніне көз жеткізуге болады. Бақылау мен тәжірибе математикалық зандылықтардың тек ең қарапайым түрлерін ғана көрсете алады, ждықтан оны математикалық фактілердің қатаң негіздемесі ретінде қабылдауға болмайды.
2. Салыстыру мен аналогия. Салыстыру деп оқып үйренетін өбъектілердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ойша гағайындау әдісін айтады. Салыстыру әдісін қолданғанда мына принциптерді басшылыққа алған жөн:
а) салыстырылатынобъектілербіртекті болуышарт.
Мәселен, екіфункцияны, екіөрнектінемесеекікөпбұрышты
салыстыруғаболады. Ал дененің массасы мен көпбұрыштың
ауданын салыстырудың ешқандай мағынасы жоқ;
ә) оқып үйренетін объектілер айрықша мәні бар белгілері бойынша салыстырылуы тиіс. Мәселен, көпбұрыштар бұрыштары, қабырғаларының орналасуы, периметрі және ауданы бойынша :алыстырылады;
б) объектілерді салыстыру толық аяқталуы тиіс.
Есеп шығарғанда салыстыруды қолданудың пайдасы бар. Мәселен, кейбір есептерде артық немесе кем тіркестері жиі кездеседі. Мұндай есептерде бірсыпыра оқушылар қосатын жерді азайтып, берілген мәлімет пен ізделетін шаманы шатастырып алады. Бұл жағдайда берілген есеп пен оған жанама есепті салыстыра шығарған жөн. Мынадай есеп қарастырайық.
а) Шынар бірінші күні 7 есеп шығарды, ал екінші күні бірінші күнгіден 3 есеп артық шығарды. Екінші күні Шынар қанша есеп щығарды?
ә) Шынар бірінші күні 7 есеп шығарды. Бұл оның екінші күні шығарған есептерінен 3 есеп артық. Екінші күні Шынар қанша есеп шығарды?
Екі есепте де 3 есеп артық тіркесінің көрінуі кейбір оқушыларды екі жағдайда да косу амалын пайдалануға итермелейді. Мұнда есептің шартын қысқаша жазып көрсету тиімдірек[8;20-22б].
а) Iкүні -- 7 есеп, IIкүні -- х есеп, 3 есеп артық
ә) Iкүні -- 7 есеп, бұл 3 есеи артық,
IIкүні -- хесепмұндажетекшісұрақтарберуарқылы , есепшығарудыоданәріөрбітіп, алыпкетужөн. Осы тектес ісептерді шығаруға оқушыларды машықтандыру, олардың шыстыра білу іскерліктерін дамытады.
Сонымен бірге, салыстыруды пайдалану аналогияны зайдаланудың беташары міндетін атқарады. Салыстыру іналогиямен тығыз байланысты.
Аналогия бойынша алынған пікірлерді тексеріп, зерттеп, щелдеу керек. Аналогияда ұқсастық нышаны оап
Аналогия жай лоне таралған аналогия болып екіге бөлінеді. Жай аналогияда объектінің кейбір белгілерінің ұқсастығы бойынша, оның басқа белгілерінің ұқсастығы жөнінде пікір қозғалады.
Таралған аналогияда құбылыстардың ұқсастығынан себептердің ұқсастығы жөнінде қорытынды жасайды.
Математиканы оқыту процссіпдсаналогияны қолдану үшін.
а) берілген әртүрлі объетілер мен қатынастардың
аналогтарын құру керек;
э) аналогияда болатын сөйлемдердің сәйкес элементтерін табу керек;
б) берілген сөйлемге аналогияда болатын сөйлем кұру
керек;
в) берілген есепке аналогияда болатын, яғни берілген
есептің мәліметтеріне ұқсас шарты мен қорытындысы бар
есеп құру керек;
г) аналогия бойынша есеп шығарғанда есептің
шығарылуына ұқсас талдау жасау керек.
Математикалықсөйлемге ұқсас сөйлем құру іскерліктерін қалыптастыруда да аналогия елеулі роль аткарады.
Мәселен, санның 3-ке бөлінгіштік белгісінен саннын 9-ға бөлінгіштік белгісін тұжырымдау сияқты, санның 5-ке бөлгіштік белгісінен аналогия бойынша санның 25-кебөлінгіштік белгісін шығарып алуды тапсырма ретінде ұсынуға болады.
1. Егер санның цифрларының 1. Егер санның цифрларының
қосындысы 3-ке бөлінсе, онда қосындысы 9-ға бөлінсе, онда
олсан 3-ке бөлінеді. сан 9-ға бөлінеді.
2. Егер санның соңғы цифрлары 2. Егер санның соңғы екі
цифры немесе 5 болса, онда ол сан 25-бөлінетінсан болса, онда ол
5-кебөлінеді. 25-ке бөлінеді.
Алайда аналогия бойынша жасалған ұйғарымдарды ұдайы тексеру керек. Себебі, кейбір жағдайларда аналогия бойынша жасалған ұйғарымдар жалған пікір туғызуы мүмкін. Мысалы; 3. Егер санның соңғы екі цифры 3*. Егер санның екі соңғы цифры нөл немесе 4-ке бөлінетін сан болса, нөл немесе 8-ге бөлінетін сандар онда ол сан 4-ке бөлінеді. болса, онда ол сан 8-ге бөлінеді. Осы мысалда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Білім беру мазмұны және оқу жоспары, бағдарламалар, оқулықтар
Фараби шығармаларындағы есептердің бастауыш сыныптағы тәрбиелік мәнін анықтау
Бастауыш мектеп математикасын оқыту
Бастауыш сынып математикасын оқытуда көрнекілік принципін теориялық жағын қарастырып, оны жүзеге асыру
Ауызша есептеуге үйрету тәсілдері
Бастауыш мектеп математика сабақтарында модульдік технологияны қолдану
Оқушыны есеп шығаруға үйрету
Білім берудегі оқу жұмысын ұйымдастыру
Математиканы басқа пәндермен байланыстыра оқытудың ерекшеліктері
Бастауыш мектепте математиканы оқыту
Пәндер