Шет мемлекеттердің қаржы жүйесі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
ҚР білім және ғылым министрлігі
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Экономикалық факультеті
Мемлекеттік аудит кафедрасы

Қаржы пәні бойынша :

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Қаржының мәні мен объективті қажеттілігі

Орындаған: Айдар.А.А.
Қабылдаған: Бейсенова Л.З.

Нұр - Сұлтан 2020ж

Жоспар:

Кіріспе

1. Қаржының теориялық негіздері
0.1 Қаржы туралы жалпы түсінік, мәні және қажеттігі
0.2 Қаржылардың қызметтері,қаржының басқа құндық экономикалық категорияларымен байланысы
0.3 Шет мемлекеттердің қаржы жүйесі

2. Қазақстан Республикасынының қаржы жүйесін талдау және бағалау
2.1 Қазақстан Республикасынының қаржы жүйесіне сипаттама
2.2 Қазақстан Республикасынының қаржы жүйесін талдау

3. Қазақстан Республикасында қаржы жүйесіндегі мәселелерді шешу және жүйені жетілдіру

Қорытынды бөлім

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев экономика - бүкіл организмнің тіршілік қызметін, елдің жалпы зат алмасуын қамтамасыз етіп отыратын күре тамыры, ал қаржы, өз орайымен экономиканың қан таратушы жүйесі деген болатын.Бұдан біз қаржының экономикада атқаратын рөлінің соншалықты маңызды екендігіне көз жеткізіп отырмыз.
Қоғамдық дамудағы ең өзекті мәселелердің бірі - қаржының қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы орны мен рөлін анықтау. Қаржының мемлекеттің, жеке салалардың және әр түрлі халықтар тобының дамуына әсері ерте кезден бастап қарастырылап келе жатқан мәселелердің бірі. Өйткені қаржының қоғамдық дамуға әсер ететін өте көп қырлары бар.
Қаржы түсінігі іргелі, жинақтаушы, алуан түрлі мәнді экономикалық категория ретінде мемлекеттік қаражаттың жинақталуын, бөлінуін, пайдаланылуын, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалардың табыстары, шығындары, жинақтары қалыптасуы барысында туындайтын ақшалай қатынастарды сипаттайды.
Қаржы ұғымын түсінбес бұрын, оны ақша ұғымынан ажыратып алу қажет. Қаржының ақшадан мазмұны жағынан да, функциялары жағынан да айырмашылығы бар.
Ақша - бұл ең алдымен ассоциацияланылған өндірушілердің еңбек шығындары өлшенетін жалпыға ортақ балама, ал қаржы - ішкі жалпы өнім мен ұлттық табысты бөлудің және қайта бөлудің экономикалық құралы, ақшалай қорларды жасау мен пайдалануға бақылау жасаудың құралы.
Ақша қоры-мемлекеттің қолындағы үлкен байлығы. Сондықтан да кез-келген мелекеттің ақша жөніндегі кірістері мен қорлардың басты материалдық бүлағы-ішкі жалпы өнім, оның құрамды бөлігі үлттық табыс болып саналады. Осыдан мемлекет қаржы арқылы өз қолындағы қорларды бөлу, қайта бөлу негізінде өндіріс дамуына, өндіру мен түтынуға ықпал жасап, бүл саладағы түбегейлі мідеттерді ойдағыдай шешіп отырады. Қаржы осындай ықпалды ерекшеліктерімен өндірістік қатынастар ауқымын анықтайды, базалық категорияға қоян-қолтық қатысты буынға айналады. Материалдық өндірістің үрдіс дамуына байланысты экономикалық категория тұтқасын үстаған мемлекет қаржыны өз тарапынан реттеп, оның өрісіне кең жол ашып отырады.
Қаржының қоғамдағы рөлі өте үлкен. Қаржының көмегімен экономиканың артта қалған салаларына демеу жасалып, көмекке мұқтаж азаматтар мен мүгедектерге, жұмыссыздарға, көп балалы отбасыларына көмек көрсетіледі. Қаржының атқаратын қызметтерінің арқасында қаржының дұрыс және мақсатты жұмсалуы жүзеге асырылады. Қаржының көмегімен кірістер мен шығыстардың арақатынасы реттеліп отырады және керек емес шығындарды болдырмауға көмектеседі.
Қаржы мемлекеттің дамуында аса зор рөл атқарады. Қаржының көмегімен экономика тұрақтылыққа қол жеткізе алады. Сондай-ақ өндіргіш күштердің тиімділігі артып, осыған байланысты көптеген мәселелер өз шешімдерін табады.
Менің бұл жұмысымда қаржының қажеттілігі мен қоғамдық дамудағы рөлі туралы мәселелер қамтылған.

1 бөлім. Қаржының теориялық негіздері

3.1 Қаржы туралы жалпы түсінік, мәні және қажеттігі

Қоғамдық ұдайы өндіріс процесіндегі сан алуан өзара байланыстар ақша арқылы қауышып, жүзеге асып жатады. Сонымен бірге ақша тауарлар айналысынан бөлектеніп, біршама өз алдына қозғалыс жасайды. Осы қозғалыстың нәтижесінде, біріншіден, мемлекеттің, кәсіпорындардың, фирмалардың және халықтың ақша қорлары құрылады, екіншіден, ақша айналысының өзі түзіледі. Экономикалық қатынастардың айрықша нысаны ретіндегі қаржы ұғымы осы ақша қорларының қозғалысымен тікелей байланысты және ақша нысанындағы қоғамдық өнімді бөлу процесінде пайда болатын экономикалық қатынастардың кең көлемін қамтиды. Қаржы қоғамда нақты өмір сүретін, объективті сипаты мен айрықша қоғамдық арналымы бар өндірістік қатынастарды білдіре отырып, экономикалық категория ретінде көрінеді. Құн категориясының жүйесінде (ақша, баға, несие, пайда, жалақы т.б.) тарихи қалыптасқан экономикалық категория ретінде қаржы белгілі орын алады және өзінің ішкі ерекшеліктерімен ұдайы өндірістегі өзгешелік рөлімен сипатталады.
Қаржы түсінігі мемлекетпен бірге бір уақытта қоғамның таптарға жіктелу кезінде, мемлекеттің дамуы мен оның ресурстарға деген қажеттіліктерін қанағаттандыруға байланысты жүйелі тауар- ақша айырбасы жағдайында пайда болып, дамыды.
Қаржы аталымы тұңғыш рет ақшалай төлем мағынасымен ХІІ-XV ғасырларда Италияда кең қолданылды. Кейін ол халықаралық дәрежеде таралып кетті және ақша қатынастары жүйесімен, мемлекет өзінің әлеуметтік-экономикалық функцияларын орындауға жұмылдырылатын ақша ресурстарын жасаумен байланысты ұғым ретінде қолданыла бастады. Тауар-ақша қатынастарының жалпы қамтуындағы сипатқа ие болып отырған нарықтық экономика жағдайындағы қаржы нақтылы және үздіксіз болып жататын ақша айналымын ақша тасқынын бейнелеп көрсетеді.
Қаржының мәні, оның даму заңдылықтары, тауар-ақша қатынастарының қамту сферасы мен қоғамдық ұдайы өндіріс процесіндегі рөлі қоғамның экономикалық құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады.
Экономикалық өмірде қоғамның сыртқы көрінісі қоғамдық өндірістегі әр түрлі қатысушының қаражаттарының қозғалысы түрінде бейнеленеді. Құбылыстарда бұл құбылыстар нақты ақшамен немесе нақты ақшасыз есеп айырысу түрінде көрінеді. Алайда ақшаның кез-келген қозғалысы қаржы операциясына жата бермейді, өйткені ақша түрлі экономикалық категориялардың-бағаның, еңбекке ақы төлеудің, қаржының, несиенің көмегімен болатын қоғамдық өнімнің барлық құнының қозғалысын қауыштырады. Тікелей қаржы операцияларына мыналарды жатқызуға болады: кәсіпорынның, фирманың бір-бірімен нақты ақшасыз жасасатын есеп айырулары; негізгі капиталға жұмсалатын амартизациялық соманы есептеу; пайданы бөлу және кәсіпорындарда, фирмаларда ішкі шаруашылық арналымының қорларын қалыптастыру; мемлекеттік бюджеттің, кірістеріне салық төлемдерін аудару; қайырымдылық қорларына қаражаттар төлеу; экспортталатын тауарлар үшін кеден баждарын төлеу және тағы басқа операциялар.
Қаржының қажеттігі тауар-ақша қатынастарының болуымен байланысты. Тауар өндірісі иен дамыған нарықтық айырбас кезінде өндіріп, оны бөлу екі нысанда натуралды-заттық және құндық нысанда жүргізіледі. Қозғалыстың құндық нысаны натуралды-заттық нысандағы өнім қозғалысын жүзеге асыратын белгілі ақша қорларын жасау, бөлу және пайдалану арқылы болады. Ақша қорлары қозғалысының процесінде пайда болатын ақша қатынастары, экономикалық қатынастар қаржының мәнін құрайды. Бұдан қаржыны өндірістің объективті түрдегі қажеттілігі категориясы деп айтуға болады.
Алайда, қаржы ақша қатынастарының бүкіл жиынтығын қамтиды деп санау дұрыс болмас еді. Ақша қатынастары жалпы алғанда қаржыдан кең қаржы тек, ақша қорларының қозғалысымен байланысты болатын ақша қатынастарын ғана қамтиды. Басқа ақша қатынастары қаржы шеңберінен шығып кетеді. Қаржы қатынастарының жиынтығына, мысалы, шығындардың барлық түрлерін ақшалай есепке алу мен оларға бақылау жасау, өндірілген өнімді ақша нысанында өлшеу, өзіндік құнды калькуляциялау және өнімнің бағасын анықтау, ақшалай түсімді есепке алу мен сақтау, ақша айналасын реттеу және басқалары кірмейді. Сауда жүйесі арқылы тауарларды сатып алу және сату ( тіпті мемлекет бөлшек сауда бағаларын реттеп отырған жағдайда да ) кезінде пайда болатын ақша қатынастарында да қаржыға жатқызуға болмайды. Себебі мемлекет бұл жерде ақша қатынастарын азаматтық-құқықтық әдіспен реттеп отырады. Ақша қатынастарымен бірігіп кеткен субъектілердің теңдігі ( олардың құқықтары мен міндеттеріндегі теп -- теңдік ) бұл әдіске тең өзгеше нышан болып табылады. Сонымен бірге қалыптасқан ақша қатынасының қаржылық емес, өзіндік өзгешелігі болады.
Қаржы -- бұл ең алдымен бөлгіштік категория. Қаржының пайда болып, іс-әрекет етуінің айтарлықтай дәрежеде қоғамдық өнімді бөлу стадиясында көрінетіндігі көпшілікке мәлім. Мұнда қоғамдық өнімнің құны мақсаты арналым мен шаруашылық жүргізуші субъектілер бойынша бөлінеді, олардың әрқайсысы өзінің үлесін алуға тиіс қаржының қатысуынсыз қоғамдық өнімнің жеке бөліктерге бөлінуі мүмкін емес. Қаржы қоғамдық өнімді жасау мен пайдалану арасындағы ажырағысыз байланыстырушы буын.
Жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табысты жасау, бөлу және қайта бөлу процесінде қалыптаса отырып, қаржы қоғамның түпкілікті пайдалануға жіберетін метериалдық ресурстар бөлігінің ақшалай көрінісі болып табылады.
Қаржының қажеттігі қоғамдық дамудың қажеттіліктерін қанағаттандырып отыруға байланысты оның басты арналымы- табыстар мен ақшалай қорларды жасау арқылы мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаражаттарға деген қажеттіліктерін қамтамасыз ету және қаржы ресурстарын жұмсауға бақылау жасау.
Қаржының ақшадан мазмұны жағынан да, функциялары жағынан да айырмашылығы бар.
Ақша -- бұл ең алдымен ассоцияцияландырылған өндірушілердің еңбек шығындары өлшенетін жалпы эквивалент, ал қаржы- жалпы ішкі өнім мен ұлттық табысты бөлудің экономикалық тетігі, ақша қорларын жасау мен пайдалануға бақылау жасаудың құралы. Ол өндіруге, бөлуге және тұтынуға ықпал жасайды және объективті сипатта болады. Қаржы өндірістік қатынастың белгілі бір сферасын білдіреді және базистік категорияға жатады.

3.2 Қаржылардың қызметтері,қаржының басқа құндық экономикалық категорияларымен байланысы

Қаржының мәні, іс-әрекет механизмі және рөлі оның функцияларынан айқын көрінеді. Қаржының мәнін толық ашу оның ұғымы мен қажеттігін ғана емес, сонымен бірге қаржының қоғамдық арналымын, яғни оның функцияларын анықтауды да талап етеді.
Қаржыға қатысты функция осы экономикалық категорияға тән қызмет тобын, мәннің іс-қимылдағы көрінісін, сапаның өзіне тән категориялары кескінінің айрықшалықты әдістерін білдіреді. Функцияда категорияның қоғамдық арналымы қамтып көрсетіледі, оның экономикалық табиғаты ашылады.
Қазіргі уақытта қаржының бөлгіштік және ұдайы өндірістік тәрізді екі тұжырымдамасы танылып отыр. Бірінші тұжырымдаманың жақтаушылары қаржы қоғамдық өндірістің екінші стадиясында - ақша нысанындағы қоғамдық өнімнің құнын бөлу процесінде пайда болады, қаржының бөлігіштік сипаты оның іс-әрекет етуінің ерекшелігін көрсетеді деп санайды. Бұл тұжырымдамауға сәйкес қаржы екі функция орындайды: бөлу және бақылау.
Бөлгіштік қатынастардың ерекше сферасы ретінде қаржының мәні ең алдымен бөлгіштік функцияның көмегі арқылы көрінеді. Тап осы функция арқылы қаржының қоғамдық арналымы - шаруашылық жүргізудің әрбір субъектісін оған қажет арнаулымақсатты ақша қорлары нысанында пайдалынылатын қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету жүзеге асырылады.
Бөлу функциясы қаржы құралдарын қоғамдық жалпы өнім мен оның аса маңызды бөлігі - ұлттық табысты, сондай-ақ ұлттық байлықтың бір бөлігін (мысалы, айналым қаражаттарын, мемлекеттік мүлікті сату операцияларын шығарып тастағанда) бөлу және қайта бөлу процесінде пайдаланған кезде көрінеді. Бұл функцияны қаржы өнімді өздігінше бөле береді деген мағынада емес, қаржы тек жасалған өнімді бөлуді ғана ортақтастырып, жүзеге асырады деп түсіну керек.
Қоғамдық өнімді бөлу алғашқы және кейінгі немесе қайта бөлу болып ажыратылады.
Алғашқы бөлу кезінде жиынтық қоғамдық өнімнің жалпы көлемінен орнын толтыру (өтеу) қоры (материалдық шығындар мен амортизациялық аударымдар) шығарып тасталады және жаңадан жасалған құн - ұлттық табысты бөлудің нәтижесінде мемлекеттің, өндірістік сфераның (шаруашылық жүргізуші субъектілердің) және халықтың алғашы табыстары қалыптасады, олар бөлудің және қайта бөлудің күрделі процесінде ұшырайды, бұл процестерде маңызды рөлді қаржы атқарады. Қоғамдық өнім мен ұлттық табысты алғашқв бөлу кезінде қаржы еңбекке ақы төлеу және баға сияқтыэкономикалық категориялармен тығыз байланысты дамиды.
Қайта бөлу салалық, сондай-ақ аумақтық тұрғыдағы шаруашылық жүргізуші субъектілер бойынша қоғамдық өнімді мүшелеудің сан алуан процесін қамтиды. Мұның нәтижесінде натуралдық - заттай нысандағы өнімді түпкілікті тұтынуды қамтамасыз ету ұдайы өндіріс қатысушыларының ақшаға деген әр түрлі қажеттіліктері қанағаттандырылып отырады.
Қаржы көмегімен ұлттық табысты бөлу және қайта бөлу екі әдіспен жүзеге асырылад:
* қаржылық-бюджеттік әдіс. Ол бюджетке табыстарды алғанда және бюджеттен қаражаттарды қайтарусыз тәртіппен бергенде қолданылады;
* несиелі-банктік әдіс. Ол уақытша бос қаржы ресурстарын жұмылдыруды және қайтарымдылық негізде кредиттер беруді білдіреді.
Ұдайы өндірістік тұжырымдамасының жақтаушылары қаржы - бір стадияның емес, жалпы алғанда ұдайы өндірістің категориясы деп санайды, өйткені, олардың пікірінше:
* қоғамдық ұдайы өндірістің барлық стадиялары бір-бірімен тығыз байланысқан;
* қаржы қоғам қызметінің бүкіл сферасына - материалдық өндіріске, айналыс пен тұтыну сферасына ене отырып, ұдайы өндірістің бір стадиясына ғана емес, жалпы бүкіл бұл процеске қызмет көрсетеді;
* қаржы қоғамдық өндіріс қозғалысының барлық стадияларында пайдаланылатын бақылаудың әмбебапты құралы болып табылады.
Ұдайы өндірістік тұжырымдамасы жақтаушыларының қаржының мәнін осылай кеңінен ұғынуына сәйкес олар қаржыға мына функцияларды береді:
* ақшалай табыстар мен қорлады жасау;
* ақшалай табыстар мен қорларды пайдалану;
* бақылау функциясы.

Қаржы көмегімен мемлекет өзінің иелігіне материалдық өндіріс сферасында жасалған қоғамдық жиынтық өнім құнының бір бөлігін алады. Бұл процесс қаржының бірінші функциясын - ақша қорларын (табыстарды) жасау арқылы жүзеге асады, бұл өзінің нақты түрдегі практикалық көрінісін, ең алдымен, мемлекеттің салық саясатында табады. Нәтижесінде қоғамда дәйекті түрде сан алуан ақша қорлары - орталықтандырылған (мемлекеттік бюджет), орталықтандырылмаған (аймақтық және жергілікті деңгейдегі), мақсатты қорлар және т.б. жасалады.
Бұл ақша қорларын (табыстарды) нақтылы пайдалану қаржының екінші функциясы арқылы жүзеге асады, оның заттық мазмұны негізінен мемлекеттің шығыстары саясатын жүргізгенде көрінеді. Ақша қорларының (табыстардың) қаражаты қайта бөлу жолымен мемлекеттік аппаратты ұстауға, қоғамдық өндірістің ұтымды әрі тиәімді құрылымын жасап, қолдауға, материалдық жағынан аз қамтылғандарды қолдауды қамтамасыз етуге және т.с.с. бағытталады. Сөйтіп, бөлу процесі ақша қорларын қалыптастыру және пайдалану түрінде жүзеге асады. Қоғамдық өнімді ақша қорларын қалыптастыру және пайдалану арқылы бөлу экономикалық қатынастардың пйда болуына себепші болады.
Коммерциялық есеп пен маркетинг операцияларын жүзеге асыруға байланысты болатын қаржының бақылау функциясын барлық ғылыми тұжырымдамалардың өкілдері мойындайды. Қаржының бұл функциясы экономикалық категория ретіндегі қаржыға тән қасиет және қаржының не бірінші, не екінші функциясымен бір мезгілде жүзеге асады. Бақылау функциясы мазмұнының нақтылы көрінісі мемлекеттің қаржы саясатын жүргізетін қаржы органдары қызметінің барысында іске асады.
Қазіргі кезде қаржылық бақылыудың мынадай түрлерін ажыратады:
қаржылық-шаруашылық бақылау. Оны фирмалардың, кәсіпорындардың, бірлестіктердің, министрліктер мен ведомостволардың қаржы органдары ақша қорларын бөлу жолымен жүргізеді. Ұдайы өндірістің бүкіл барысына: өнімді шығару мен өткізудің ауқымына, өзіндік құн мен рентабелділікке, еңбекке ақы төлеуге осылайша ықпал жасалады;
қаржылық-бюджеттік бақылау. Ол кәсіпорындар табысының (пайдасының) бір бөлігін мемлекеттік бюджетке алу арқылы, сондай-ақ кәсіпорындар мен құрылыстарды қаржыландыру арқылы жүзеге асырылады. Осылайша қаржы жүйесі белгіленген төлемдердің бюджетке дер кезінде түсуін, сондай-ақ бюджет қаражаттарының бизнес-жоспардың немесе құрылыс қарқынының орындалуына қарай берілуін бақылайды;
несиелік-банктік бақылау. Ол фирмалар мен кәсіпорындарды несиелеу арқылы жүргізіледі. Бұл жағдайда қаржының бақылау функциясы несие берудің мезгілдігі, қайтарымдылығы, ақылығы қағидаттарынан көрінеді.
Қаржы ұдайы өндіріс процесіне екі түрлі ықпал жасайды:
а) сан жағынан, бұл бөлгіштік процестің үйлесімдерімен сипатталады;
ә)сапа жағынан, бұл қаржының шаруашылық жүргізуші субъектілердің материалдық мүдделеріне ықпалымен сипатталады.

Қаржының экономикалық рөлі мына бағыттардан көрінеді:
* қаржы капиталдың айналымын тездете отырып, кәсіпорындардың, фирмалардың өндірістік қызметі тиімділігінің өсуіне жағдай жасайды;
* кірістер мен шығыстарды ұдайы салыстырып отыру арқылы экономикалық өсудің ара салмағын қамтамасыз етеді;
* қаржы ұлттық табыстарға қорлану және тұтыну қорларының үйлесу тиімділігін арттырудың экономикалық негізін жасайды;
* қаржы ұлттық экономикада меншіктің сан алуан нысандарының дамуына мүмкіндік туғызады.
Сонымен бірге қаржы оңтайлы ұлттық шаруашылықтың ара салмағын қамтамасыз етуде белсенді рөл атқарады: олардың көмегімен экономикалық және әлеуметтік дамудың индикативтік жоспарының басты элементтерінің өзара теңдестірілуіне қол жетеді; қаржы тұтқаларын жоспарлы пайдалану қоғамдық ұдайы өндіріске қаржының ынталандырғыш рөлін күшейтуге арналған негізгі қаржылық көрсеткіштерді мемлекетке орталықтандыра отырып анықтауға жағдай жасайды.
Қаржы көмегімен жететін нәтижелерді бағалауға жалпы тәсілдеме қаржының рөлін үш бағытта атқаруға мүмкіндік жасайды:
* ұлғаймалы ұдайы өндірістің қажеттіліктерін қажетті қаржы көздерімен қамтамасыз ету тұрғысынан;
* қаржыны қоғамдық өндірістің құндық құрылымын реттеу үшін пайдалану тұрғысынан;
* қаржының әлеуметтік-экономикалық дамудың ынталандырмасы ретінде
* пайдалану тұрғысынан.
Қоғамдық өнімді бөлу процесі өте күрделі, мұның барысында өндірісте жасалған құн шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында, ал олардың әрқайсысында мақсатты арналым бойынша бөлінеді. Осыған байланысты ол түрлі экономикалық категориялардың көмегімен жүзеге асады, бұлардың әрқайсысы ерекше, тек өзіне тән рөлдері орындайды. Қаржы құндылық бөлу процесіне қатыса отырып, баға, жалақы, кредитсияқты категориялармен өзара тығыз байланыста болады және өзара іс-қимыл жасайды. Бұл ақша категориялары ұдайы өндіріс циклінің басқа стадияларындағыдай сонымен бірге бөлгіштік процеске де қатысады. Алайда олардың қатысу өлшемі мен нысандары бірдей емес. Жеке экономикалық категориялардың ұдайы өндіріс процесінің түрлі стадияларында қатысу дәрежесі әр түрлі. Аталған категориялардың әрқайсысы тек оған тән әдістермен қоғамдық өнім мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік салық жүйесі туралы
Сыртқы экономикалық қатынастардың валюталы – қаржылық механизмі
Сыртқы экономикалық мәмілелерді халықаралық-құқықтық реттеу: сатып алу-сату шарты, лизинг шарты және франчайзинг шарты
Екшінші деңгейлі банктердің халықаралық қарым-қатынасын дамыту
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің саяси жүйесі
Банктің активтерінің сипаты мен сапасы
Қазақстан Республикасының салық жүйесі және оны ұйымдастыру
Шет елдік шығарушылар шығарған бағалы қағаздардың айналымы жеткілікті жетілмегендігі
Жедел іздестіру қызметінің түсінігі
Дүниежүзілік қаржы нарығының жалпы түсініктері
Пәндер