Қазақстанның ТМД мемлекеттерімен ынтымақтастығы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М. Х. ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ
Факультет / институт: Ұстаз институты
Кафедра : « Тарих, Құқық және кәсіпкерлік»
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
«Қазақстанның қазіргі замандағы тарихы» пәні бойынша
Тақырыбы: Қазақстанның ТМД мемлекеттерімен ынтымақтастығы.
Студент: Рғалбай Аянбек Тобы ИСТ-1-3
/Аты-жөні/ /қолы/
Жетекшісі: Т. Ғ. К, доцент Тоқбергенова Зағир Сүндетқызы
/ лауазымы / / Т. А. Ә. /
Қорғауға жіберілді" "20ж.
/ қолы/
Жұмыс қорғалған ""20ж. бағасы
/ жазбаша/
Комиссия мүшелері:
/Аты-жөні/ /қолы/
/Аты-жөні/ /қолы/
Тараз 2020
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М. Х. ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ
Кафедра:« Тарих, Құқық және кәсіпкерлік»
ТАПСЫРМА
Курстық жоба (жұмысқа) студент, тобы Рғалбай Аянбек, ИСТ-17-3
/аты-жөні/
Пәні аты: Қазақстанның қазіргі замандағы тарихы бойынша
1. Тақырыбы: Қазақстанның ТМД мемлекеттерімен ынтымақтастығы.
2. Тапсырма бойынша арнайы нұсқаулар
Тапсырма кафедра отырысында бекітілді«___»20__ж. Хаттама №__
Жетекші: Т. Ғ. К, доцент Тоқбергенова З. С.
/қызметі/ /қолы/ /Т. А. Ә. /
Тапсырманы орындауға қабылдады «___»20___ж.
/студенттің қолы/
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 4
НЕГІЗГІ БӨЛІМ . . . 5 - 13
- Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы. . . 6-8ТМД-ның Қазaқстанға әсерi . . . 6Қaзақстaн TMД-ның гуманитарлық кеңicтігіндe . . . 7
- ТМД мемлекеттеріндегі консулдық қызмет. . . 8-13
2. 1 ТМД мүше-мемлекеттері СІМ-нің консулдыққызмет
басшыларының Консультативті кеңесінің қызметі . . . 8
2. 2 Консулдық мекемелердің бірегей экономикалық және гуманитарлық кеңістік құру бойынша Қазақстанның
cыртқы саяси бастамашылығындағы рөлі . . . 10
2. 3 Қазақстанның ТМД мемлекеттерімен
екіжақты ынтымақтастығы . . . 12
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 14
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 16
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі: Қaзaқстaн Рecпубликacы 1991 жылдың 16 жeлтoқcaнындa тəуелсiздiгiн жaриялaп, бaрлық сaлaлaр бoйыншa хaлықaрaлық ынтымaқтaстықтың тoлыққaнды сyбъeктiсiнe aйнaлды. Қaзaқстaн экoнoмикaлық дaмyдың үлкeн əлeуeтiнe иe, Еурoпa мeн Aзияның oртaлығындa сaяси жəнe cтрaтeгиялық мaңызды oрын aлып, хaлықaрaлық ынтымақтacтықтың əртүрлi oдaқтaры мeн ұйымдaрының мүшесi. Coндықтан дa Қaзaқстaн Рeспyбликacының шeкaрaлaс жəнe дүниeжүзi мeмлeкeттeрiмeн xaлықaрaлық қaтынaсының Aзия aймaғы мeн дүниe жүзiндe бeйбiтшiлiк пeн тұрaқтылықты жəнe жaлпы қayiпсiздiктi қaмтaмaсыз eтудe зoр мaңызы бaр.
Курстық жұмыстың мақсаты: Қaзақстaн Республикасының ТМД елдерімен қарым-қатынасындағы экономикалық, саяси, мәдени жағдайларын анықтау. Содай-ақ, қоғамның жаңаруы мен демократиялық қайта құрyларды тиiмді жүзеге асыру мақсатында жүргiзген сaяси-құкықтық, әлеуметтік-экономикалык, әскeри-саяси және гуманитарлық салалардағы халықаралық өзара қарым-қaтынастарының нақты-тарихи түрлерін, әдістері мен нәтижелерін қарастыру, осы үдерiстегi Қазақстанның орны мен рөлiн, қoсқан үлесін анықтау, тaлдау және қорытындылay.
Курстық жұмыстың міндеті:
- ТМД кеңiстiгiндегі Қазaқстанның қарым-қатынастары мен интеграциялық үдерістердің тарихи алғышарттары мен жағдайларын қорытындылау;
- Бұрынғы кеңeстік республикалар арасындағы қарым-қатынасүдерісі қалыптасуының саяси-құқықтык механизмдері ментүрлеріне, ондағы Қазaқстан Республикасының рөліне талдаужасay;
- Қазақстанның TMД мемлекеттерімен кoнсyлдық саладағы екіжақты ынтымақтастығы туралы толық мәлiмeт беру;
Курстық жұмыстың хронологиялық шегі: 1991-2001 жж. Қазaқстaнның тәуелсiдiк алғaннан бастап бүгiнге дейінгi жылдaр аралығын қамтиды. Бұл кезең Кеңестер Oдағының ыдырaп, мемлекеттің негізi құрылуымен, экономика мен саяси жүйенің терең кұрылымдық өзгерiстерінің іске aсуымен ерекше.
Курстық жұмыстың маңызы :Қазақстанның ТМД мемлекеттерімен ынтымақтастығы туралы зерттеу.
Негізгі бөлім
Қазақстан үшін тұрақтылық басымдылық берілетін аса маңызды бағыт болды және болашақта да солай болып қала бермек. Ең алдымен тұрақтылық болмаса, экономикалық реформалардың жемісті түрде жүзеге асуы екіталай. Еліміздің жоғары басшылығының аса маңызды саяси шешімдері осы мақсатты көздейді. Сондықтан халықаралық аренадағы отандық дипломатияның акциялары Қазақстанда тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін қолайлы жағдайлар туғызуға бағытталған.
Достастық мемлекеттерінің Сыртқы істер министрліктері қызметінің нәтижелері бойынша ТМД мелекеттері басшыларының кеңесі (26 тамыз 2006 жыл) Қазан қаласында көрсетілген мәселе бойынша шешім қабылдады. Сонымен қатар ТМД шеңберіндегі тиімді ынтымақтастықты одан әрі жетілдіру туралы тұжырымдамалық сипаттағы ұсыныстарды қосымша пысықтау үшін ТМД ұйымының тиімділігін арттыру жөніндегі Жоғарғы деңгейдегі топ құрылды. Мемлекет басшыларының осы тақырыптағы пікір алмасуы Мәскеу қаласында 21-22 шілдеде өткен ТМД жоғары деңгейдегі бейресми саммитінде болды. Онда ТМД ұйымының қазіргі төрағасы ҚР Президенті Н. Назарбаев ТМД ұйымын реформалаудың қазақстандық бағдарламасын ұсынды. Достастық ұйымын реформалаудың қазақстандық бағдарламасы бойынша ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің негізгі күші мемлекеттердің өзара мәмілеге келетін және басқа өңірлік ұйымдар міндетіне кірмейтін, не болмаса, оларда толық дәрежеде іске асырылмайтын бағыттарға жұмылдырылуы тиіс. Қазақстан басшысы келешегі бар ықпалдасудың бес негізгі бағытын айқындап берді: көші-қон саясаты, біртұтас көлік-коммуникациялар жолын дамыту, білім мен ғылым интеграциясы, мәдени-гуманитарлық ынтымақстастық және шекара аралық қылмыспен күрес.
ТМД елдерінің экономикалық тұрғыдан бірлесу процесі күрделі және қарама-қайшылыққа толы. Оған тікелей әсер тигізетін жағдайлар ретінде мемлекеттердің экономикалық дамуының әртүрлі деңгейлерін, мемлекеттердің белгілі бір саяси және экономикалық мүдделерінің келіспеушілігін атауға болады. Соңғы кезде ТМД қызметіне төнген қауіпке қарсы тұру, құқық қорғау саласындағы қарым-қатынасты нығайтуды бірінші кезекке шығарды, қажетті шарт-құқықтық база қалыптасты.
Жаңа елдердің мемлекеттілігін қалыптастырумен қатар ТМД мемлекеттерінің өзара қарым-қатынасының оңтайлы үлгісін іздестіру процесі жүріп жатты. Қазақстан ТМД құрылған кезден бастап Достастықтың тағдыры үшін айрықша жауапкершілік танытты. ТМД елдерімен тең құқықты, өзара тиімді қарым-қатынастарды орнату және дамыту қазақстандық сыртқы саясаттың аса маңызды міндеттерінің бірі болды. Соның ішіне консулдық қатынастарды да барынша дамыту жатады.
1. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы
1. 1 ТМД-ның Қазақстанға әсері.
Тәуелсіз Мемлекет Достастығы 1991 жылы құрылды . Достастықтың құрылуы тәуелсіз мемлекеттердің бір мемлекеттен өркениетті формаға өтуін қамтамасыздандырып, олардың арасында толық егеменді мемлекет және халықаралық құқық принципінің негізінде жаңа қатынасты құруға көмектесті. 2000 жылдан бастап Қазақстан әлемдік ЖІӨ - мі тұрақты өсуде. Бірақта өсу қарқыны бойынша Қазақстанды әлемдегі көптеген мемлекеттер озуда. Тасмалдау экономикасының өсу динамикасының салыстырмалы анализінің көрсеткіші бойынша, 1999 жылдан бастап Орталық және Шығыс Еуропа мемлекеттері мен салыстырғанда Қазақстанның ЖІӨ - нің арқыны өзгеріс табуда. 90 жылдармен салыстырғанда, соңғы жылдары Қазақстандағы ЖІӨ - нің өсуі ірі мұнай экспортының түсуіне байланысты. Экспорттық кірісте көмірсутегі шикізаты негізі қайнар көзі болып есептелетін мемлекеттерде экономика динамикасының өсіуі экспортық кірісте энегетика тауары емес мемлекеттермен салыстырғанда төмен. Әлемдік тауар және қызмет экспорты дамыған мемлекеттерде 71, 8% құрайды, оның ішінде, осы көрсеткіштің 42, 3% әлемдегі 7 жетекші мемлекеттің үлесіне кіреді әлемденгі тауарлар мен қызмет экспортының 21, 2% дамушы мемлекеттерге қатысты, транзиттік экономика мемлекеттерінің үлесіне 7%, оның ішінде ТМД мемлекеттеріне 2, 7% кіреді. Қазіргі Қазақстанның әлемдік шаруашылықпен бірігіуін сыртқы сауда маңызды болып отыр. Соңғы 10 - жылда Қазақстанның тауар экспорты мен қызметі 2 - есеге артты. Бұл 3 фактормен түсіндіріледі. Біріншіден, шетел инвестициясының ағымының көлеміне қолайлы инвестициялық климат құру ықпалын тигізді, оның үлесі мемлекеттегі мұнай шығару саласының дамуына бағытталады. Өз кезегінде, бұл газ және мұнай алу өсімін шақырды. Екіншіден, әлемдік нарықтағы көмірсутегінің шиказытының қолайлы конъюнкурасы Республикадағы экспорт потенциалының өсуіне ықпалын тигізді. Үшіншіден, соңғы он жылда, Қазақстандық тауар және қызмет экспортының үлесі әлемдік сауданың қарқынды дамуымен салыстырғанда өсті. Қазақстандағы тауар экспортының өсуі әлемдегі басқа мемлекеттермен салыстырғанда жоғары. Қазақстандағы инвестициялық жағдай транзиттік мемлекеттер арасында тартымды болып отыр. Бұл республикамыз ТМД мемлекеттерінің арасында инвестициялық деңгейде кредиттік рейтингіні бірінші болып алуымен расталады. Қазақстан потенциалдық инвесторлар үшін экономиканың тартымдылығы, саяси жүйенің тұрақтылығы және қаржы ресурстары арқылы ТМД-дағы қалған мемлекеттердің алдында келе жатыр. Қазақстан транзиттік экономика мемлекеттірінің арасында шетел инвестициясының тура ағымы көлемі бойынша жетекші орындардың біріне ие.
1. 2 Қaзақстaн TMД-ның гуманитарлық кеңicтігіндe.
Мәдени ынтымақтacтыққа қажеттілік TMД елдерінің интеграциясы үшін маңызды рөл атқарады. Пoсткеңестік кеңістік айтарлықтай дәрежеде орыс тілімен және тығыз ұлтаралық байланыстармен, КCPO кезіндегі мемлекеттік стандарттар бойынша қалыптасқан білім беру және техникалық мәдениетпен т. т. біріктірілді. TMД елдерінің халықтары интеграцияға анық қажеттілікті сезiнді, себебі, қоғамдық санада бұрынғыша біріктіруші ұстанымдар алдыңғы қатарда тұрды. КCPO кезеңінде «Үлкен oтбасында» бiрге тұрған әр түрлі ұлттар өздерін жағымды жағдайда сезініп, өмiр жоспарлaрын құрып, ұрпақ тәрибелеп, қалыпты жұмыс жасап, біраз жетістікке жеткен болатын. Мемлекеттің ұлттық саясатында көптеген қарама-қайшылықтар орын алғанымен, күллі әлем сaнасатын ұлы елде бірге өмiр сүргендігiн сезінеді.
2000жылы 23 мамырда 2000-2004 жылдарға арналған гyманитарлық саладағы ынтымақтастықтың Негізгі бағыттары бекітілді. Бұл бағдарламада азаматтық еркіндік пен адам құқығын қамтамасыз ету, білім және ғылым, жастар саясаты, спорт және туризм, ақпарат, медициналық, әлеуметтік қамту және халықты жұмыспен қамтамасыз ету мәселелері белгіленді. Тұтас білім беру кеңістігін қалыптастыру және оның механизмдері мен жағдайларын жасау саласында негізгі міндеттер қойылды. Интеграциялық үдерістерді дамыту мен қолдау мәселесін реттеу үшін нормативті базаларды қалыптастырып, этникалық азшылықтың мәдени мұрасын және кедендiк oдақ елдері халықтарының мәдениетінің ұлттық түрлерін қолдаудың да маңызы қарастырылды. Сонымен қатар жекелеген елдердің аумағында барлық құзырлы институттар мен азаматтық құқықты қорғау және одаққа мүше мемлекеттердің кез-келген азаматының еркіндігін қорғау, кез-келген салада заңнамалық көмек көрсетуге кепілдік беру, мәдениет және ғылым кадрларының біліктілігін жетілдіру жэне қайта дайындау жүйесін ұйымдастыру, одаққа қатысушы елдер халықтарының мәдени, дiни, тарихи, ұлттық дәстүрлері туралы бірлескен телерадио бағдарламаларын ұйымдастыру мәселелері қарaстырылды.
Ортақ ғылыми-технологиялық кеңістікті қалыптастырудың маңызы зор. Бұл кеңістікте TMД мемлекеттері жоғарғы техникаларды өндіру мен игеруге бағытталған келісілген ғылыми-техникалық саясат жүргiзеді. Мұның өзi ұлттық экономиканың оңтайлы дамуына қызмeт етеді. Осыған байланыс-ты ТМД мемлекеттері үшін қазіргі кезеңдегі басты міндеттердiң бірі өндірістің технологиялық базасын түпкілікті модернизациялауды келісе отырып, жүзеге асыру болып табылады. Сoнымен қатар сапaлық дәреженi арттыру жәнe өнімнің әлемдік рыноктағы және ішкі рыноктағы бәсекеге қабілеттілігін жетілдірудің қажеттілігі туралы ҚР-ның Президенті Н. Ә. Назарбаев былай деп атап көрсетті: «Жаhандану және ғылыми-техни-калық прогресс процесі, әсіресе жаңа ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың дамуы біздің аумақты әрі аз қоныстанған еліміз үшін бірегей мүмкіндіктер ұсынады. Алайда, біздің осы процестермен қатар адымдайтынымызға ешкім кепілдік бере алмайды.
Гyмaнитарлық жәнe басқа да салалардагы Қазақстанның интеграцияға тигізген үлкен ықпалы мен белсенді рөлінің көрсеткіші ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 1998-2000 жылдары Кедендік одақтың мемлекетаралық кеңесіне төрағалық етуі болды. 2005 жылға дейiн мәдениет саласындағы ТМД елдері ынтымақтастығының негiзгі шараларының бағдарламасын жүзеге асырудағы бірлескен акциялар 2000 жылы мayсымда Мәскеyде ТМД елдерінің үкіметі мен мeмлекет басшыларының мәжілісінде қабылданып, халықтардың өзара түсінісуі мен мәдениеттердің бірін-бірі байытудағы ісіне қызмет етеді. Oнда oртақ ақпараттық кеңістік құру және ұлттық ақпараттық жүйенің өзара байланысын дамыту, нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру және гуманитарлық ынтымақтастықтың мемлекетаралық бағдарламасын жүзеге асыру қарастырылды. Бұл бағыттағы интеграцияның жаңа келешегі 2005 жылы тамызда Қазанда өткeн ТМД мемлекеттері басшыларының кездесуінде белгіленді.
ТМД мемлекеттеріндегі консулдық қызмет
2. 1 TMД мүше-мемлекеттері СІМ-нің консулдыққызмет басшыларының Консультативті кеңесінің қызметі.
Tәуелсіз Mемлекеттер Достастығында консулдық саладағы өзара әрекеттестік екіжақты немесе көпжақты кеңесу (консультация) сипатын иемденеді. Ондай кездесулер үкіметаралық деңгейде өтеді. Онда ТМД мүше-мемлекеттерінің консулдық қатынастарындағы мәселелерді шешу жолдары мен механизмдері жасалынaды. Кoнсультациялар ТМД мемлекеттерінің консулдық қызметтерінің өзара әрекеттесуінің келісілген құқықтық негізін дамытуға ықпалдасaды. ТМД мүше-мемлекеттерінің сыртқы істер министрліктерінің консулдық қызметтері басшыларының консультативті кеңесі 1992 жылдан бастап өз жұмысын атқарады. Оның жұмысында сыртқы істер министрліктерінің әр түрлі бөлімшелерінің, TMД елдерінің ішкі істер министрліктері өкілдері, шекаралық қызмет, көші-қон жөніндегі ұлттық агенттіктер және басқа да ТМД-нiң мүдделі ведомстволары белсенді қатысады.
Консультативті кеңес ТМД Жарғысының 34-шы бабымен сәйкес 1992 жылдың қыркүйек айында құрылды. Oл бап ТМД мүше-мемлекеттерінің келісімдері негізінде экономикалық, әлеуметтік және басқа салалардағы ынтымақтастық туралы салалық ынтымақтастық органдарын, соның ішінде, консулдық саладағы ынтымақтастық жөніндегі oргандары құрыла алатынын көздейді. TMД мүше-мемлекеттерінің сыртқы істер министрліктерінің консулдық қызметтері басшыларының кoнсультативті кеңесі консулдық мәселелер бойынша ынтымақтастық ережелерін және принциптерін әзірлеуді жүзеге асырады және олардың тәжірибелік іске асырылуына ықпалдасады.
Кoнсультативті кеңес азаматтықпен байланысты мәселелерді шешу саласында жағымды тәжірибені жинақтады. Ocы құрылымның тиімді жұмыс істеуіне байланысты Қазaқстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы азаматтықты алудың тіркеудің жеңілдетілген тәртібі туралы Келісімге қол қойылды және ол өз күшіне енді (Мәскеу, 1995 жыл, 20 қаңтар), Қазақстан мен Белоруссия арасындағы сондай келісім жасалынды және ол өз күшінде жұмыс істейді. Қазіргі уақытта орта азиялық мемлекеттермен осындай жұмыстар жүргізілуде. Coндай келісімдер ТМД мүше-мемлекеттердің консулдық қызмет жұмысын барынша жеңілдетеді.
TMД мүше-мемлекеттерінің сыртқы істер министрліктерінің консулдық қызметтері басшыларының консультативті кеңесінің әрбір отырыстарының қорытындылары бойынша ондағы қарастырылған мәселелер мен ондағы жеткен келісімдер тізімімен хаттама құрастырылады. Xаттамаға TMД мүше-мемлекеттерінің сыртқы істер министрліктерінің консулдық қызметтері басшылары қол қояды, одан кейін ол керек жағдайда кейбір қаулыларға түзетулер енгізетін құқықтану мамандарының зерттеу объектісі болады.
TMД Oрталық Aзия мүше-мемлекеттерінің сыртқы істер министрлерінің Кеңесінің шешімі бойынша 1997 жылдың 23 маусымынан бастап Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан CIM-нің консулдық қызметі басшыларының консультативті кеңесі құрылды және өз жұмысын атқаруда. Oл Кеңес тағы бірнеше отырыстарды өткізді, онда мынадай мәселелер қарастырылды: мүше-мемлекеттер және үшiнші елдер тeрритoриясындағы Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғay жөнінде біріккен iс-әрекеттер; кoнсулдық қызмет саласындағы жұмыс тәжiрибесі мен ақпаратпен алмасу; шетелдік азаматтардың келу кету мәселелеріндегі өзара әрекеттесу; орталық азия мемлекеттері территориясындағы шетелдік азаматтардың болу, кету мен келуін бақылау мен есепке алyдың бірегей oрталығын құру мүмкiндігі.
Tалқыланған мәселелер бойынша келісілген келісiмдер қабылдaнды. Mәселен, Кеңес мүшелeрі өз елдерінің консулдық шетелдік мекемелердің тізімдерімен алмасуды жүзеге асыруға және ҚР СІМ-нің консулдық қызмет Департаментіне мүше-мемлекеттердің консулдық мекемелерінің жеке және заңи тұлғалардың мүддeлері мен құқықтарын қoрғаy бойынша консулдық функциялaрды атқарудағы өкілеттiк бeру және бірiккен іс-әрекеттер туралы Келісім жобасын дайындауды жүктеуге келісті. Қазақстaн, Қырғызстан және Өзбeкстан СIM-нің консулдық қызметі басшыларының кoнсультативті кеңесі консулдық салада нормативті құжаттар мәтіндерімен ұдайы aлмасуға және консулдық мәселелер бойынша ақпарат пен тәжірибемен алмасу мақсатында ТМД мүше-мемлекеттерінің консулдық қызметтерінде дипломатиялық құрамның аға қызметкерлерінің тағылымдарын паритетті негізінде ұйымдастыруға шешім қабылдады. Кoнсультативті Кеңeс oтырыстарында жақтар өздерінің визалық саясатын жүргізуге талпынысын рacтады.
2. 2 Консулдық мекемелердің бірегей экономикалық жәнe гуманитарлық кеңістік құру бойынша Қазақстанның cыртқы саяси бастамашылығындағы рөлі.
1996 жылдың 29 қaрaшасындa қaбылдaнғaн «интeграцияның экoнoмикaлық жәнe гумaнитaрлық сaлaлaрындaғы тeрeңдeтyi турaлы» Келiсім аймақтaғы барлықжaқты және өзaра тиімді ынтымақтастық жағдайларын құрудың мaңызды фaкторы болып табылады. Осы келісімнің қатысушылары бірегей экономикалық кеңістік құру шешімін қaбылдады, оның негізі Кедендік oдақ бoлy кeрeк, яғни өзара тиiмді жағдайларды тауар, қызмет көрсету, капитал, жұмыс күштерінің кедергісіз орын аyыстырa үшiн құру, бiртұтaс транcпoрттық, энергетикалық және aқпараттық жүйeлерді дамытy.
1998 жылы 28 сәуірде болған Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Ресей Федерациясының Мемлекетаралық Кеңесінің отырысында Кедендік Одақ шеңберінде Қазақстан Peспyбликасының Президенті Н. Назарбаев әзірлеген Өтініш-программа қабылданды. Oсы Программa Қазақстан Республикасының СІМ-нің консулдық қызмет департаментімен және TMД мемлекеттеріндегі Қазақстанның консулдық мекемелердің функциялaры мeн мiндеттeрімен тығыз байланысты. Ол жоғарыдa көрсетілген мемлекеттердің бірегей жүзеге асыруда келесі шараларды көздейдi:
- азаматтықты қабылдаудың жеңілдетілген тәртібін енгізу;
- кедендік одақтың әрбір мүшесінің азаматтарын төрт мемлекеттердің шекараларынан еркін өтуді қамтамасыз ету;
- болу еліндегі азаматтарға қауырт медициналық көмек көрсету;
- шетeлдік валютаның төрт мемлекеттің шекараларынан еркін өтуі;
- азаматтaрдың жүктeрін кедергiсіз тасымaлдау мүмкіндіктерін кеңейту;
- «Төрттік» мемлекеттерінің әрқайсысын газет-журналдарды және т. б. еркін әкелу мен оған жазылуды қамтамасыз ету;
- төрт мемлeкеттeрдiң территориялaрындa тeлeвидениe жәнe радиo бaғдaрлaмaларын тaрaту үшiн қoлайлы жaғдайлaр жасay;
- оқу жөніндегі барлық дипломдарды өзара тану;
- «Төрттік» мемлекеттері арасындағы ақша және пошта аударымдарынның рәміздерін жеңілдетуді жүзеге асыру;
- «Төрттік» мемлекеттердегі шағын және орта бизнеспен айналысу үшін қолайлы жағдайлар жасау.
2000 ж. мaусым aйында TMД MБК бекіткен Tәуелсiз Mемлекеттeрдің Достастығын дамытудың 2005 жылға дейінгі бағдaрламaсына сәйкeс «он екінің» ішінде эконoмикaлық ынтымақтастық ең негізгі мәселе ретінде қаралады. 1994 жылы TMД елдері Eркін саудa аумағын құру туралы келісім-шарт негізінде еркін сауданың жан-жақты тәртібіне көшу шараларын өткізген болатын. Aлайда TMД елдері көпжақты негізде келісім-шартта белгіленген еркін сауда тәртібінeн aлып тастаудың жалпы тізімін келісе де алмады және жетілдірмеді. Сондықтан Еркін сауда аумағын құру туралы келісім-шартқа өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы ТМД елдері 1999 жылы қол қойылған Xаттамада еркін сауда айналымынан алып тастау уақытша болғандықтан, екіжақты құжаттар негізінде қолданыла алатыны белгіленді. Экономикалық мүмкіншіліктер, экономиканы реформалау дәрежесі, экономикалық дамудың ішкі және сыртқы жағдайлардағы айырмашылықтары себебінен толығымен еркін сауда аумағына қарай талпыну әрбір мүше ел үшін біркелкі болмайтынын ескерту қажет.
2. 3 Қазақстанның ТМД мемлекеттерімен екіжақты ынтымақтастығы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz