Тәрбие процесын ұйымдастыру


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   

Тәрбие процессіндегі сынып жетекшінің ролі

Мазмұңы

  1. Кіріспе

Кіріспе

Бәрімізге белгілі, біздің қоғам аса күрделі жағдайларды бастан кешірді. Өтпелі кезеңге тән өмірдің ауыртпалықтарын ешкім жоққа шығара алмайды. Бірақ адам қандай жағдайда да өзінің биік адамгершілік сипаттарын, кісілік қасиеттерін сақтап қалуға тиіс. Тәрбиенің осы жақтарын қазақ жастарының санасына кішкентайынан терең енгізу қажет. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында мектеп оқушылары бойында адамгершілік және тұрмыс негіздерін қалыптастыру, азаматтыққа тәрбиелеу және олардың ақыл - ойын айқындау басты міндет екендігі айтылған. Олай болса, қоғам болашағы- жас ұрпақтың бойына адамгершілік, ізгілік, мейірімділік, ақыл-ой, сана-сезім қалыптастыратын салауатты тәрбие беру болып тұрғаны айдан анық. . Жасөспірімдерді азамат етіп тәрбиелеу, қоғамдық пайдалы еғбекке даярлау процессі қоғамның барлық азаматтырының міндеті, отбасы, мектеп пен барлық жұртшылық бірлесіп атқаратын ортақ мүдде. Дегенмен де ата-аналар мен жұртшылық әрекетін қадағалап, бағыт бағдар, олардың бала тәрбиесіндегі жұмыстарын бірынғай бағытта ұйымдастырып отыратын ол- ұстаздар тобы. Оның орталығы- мектеп. Мектеп құрылымындағы ең негізгі буын ол - сынып. Мұнда оқушылардың таным әрекеті ұйымдастырылып, олардың өзара әлеуметтік қатынасы қалыптасады. Балалардың болашақ әлеуметтік жағдайға бейімделуі, олардың демалысына қатысты міселелері, алғашқы ұжым болып қалыптасу дәрежесі, соған сәйкес сыныптың жағымды көңіл күй жағдайы жүзеге асырылады. Яғни, бұл жұмыста, оқушылардың оқу- тәрбие әрекетін ұйымдастыру, тәрбиелік шараларды үйлестіру сынып жетекшілердің құзырындағы өзекті мәселеге айналғанын жан -жақты, тыңғылыкты көрсетілмек.

Жұмыстың мақсаты:

1. Сынып жетекшісінің оқу- тәрбие процессіндегі негізгі міндеттерін, жұмыс жүйесін айқындау

2. Сынып жетекші -жалпы адамзаттық мәдениетті меңгеруде оқушы мен қоғамның арасындағы рухани жалғастырушы тұлға екенін көрсету.

3. Сынып жетекші, сонымен бірге, оқушы тұлғасының қалыптасуына жағдай жасау мен бірге, олардың дамуын бақылаушы, қажет болған жағдайда өзгеріс еңгізуші, мектеп психологімен бірігіп, оқушының қоғамдық өміріне кейбір түзетулер еңгізуші екенін дәлелдеу.

Тарихтан

Дұрыс тәрбие балаға өмір бойы азық. Сол дұрыс тәрбиені ұйымдастыратын мектептегі басты тұлға сынып жетекшісі

Кеңес өкіметі орнағанға дейін патшалық Ресейдегі оқу мекемелерінде арнайы тәрбие жұмысын ұйымдастырушылар болмады. Ол тек 20-шы ғасырдың 70-ші жылдары ғана пайда болды. Дегенмен, тәрбие мәселесімен кәсіби айналысушы адамдар ертерек пайда болды. Олар ақсүйек және ауқатты отбасыларында бастапқы кезде «күтушілер» няньки, кейінен «гувернанткалар» ретінде қызмет етті. Ал оқу мекемелерінде, 1804 жылғы «Университеттік мекеме Жарғысына » сәйкес оқушыларды тәрбиелеу ісі үйретуші ұстаздарға (ерлер гимназиясында), ханымдарға (әйелдер гимназиясында) өз оқушыларын бақылап, олардың тәртібіне жауап беру міндеті жүктелген. 1818 жылы гимназия және училище туралы Жарғыда, оқушыларды таңдау мақсатында олардың жеке басын танып білу қажеттілігі де баса көрсетілген. Дегенмен, орта оқу ұйымдарында балаларды тәрбиелеу ісін ұйымдастыру мәселесі оқытушылармен қатар, оқушыларды қадағалаушыларға да «надзиратели» жүктелген. Олардың негізгі міндеттері тәрбиеленушілердң тәртібін қатаң бақылау. Оқушылардың жетістіктерін, теріс қылықтарын, не нәрсеге бейімділігін, мнез-құлықтарын белгілеу үшін кунделік жүргізу тапсырылған. Сонымен қатар, олар тәрбиенушілердің бос уақытында кітап оқуын қадағалауға міндетті болатын.

Сынып тәрбиешісі қызметі 1871 жылғы «Гимназиядағы сынып тәрбиешісі» Жарғысында ресми түрде бекітілді. Соған сәйкес сынып тәрбиешілері мұғалімдер есебінен тағайындалып, олар білім беруменде айналысты. Сынып тәрбиешілерінің міндеттерінің ауқымы кең болды: сабақта тәртіпті сақтау, сабаққа қатысуды қадағалау, мектеп іс-қағаздарын жүргізу, оқушылардың дамуын, таным қабілеттерін бақылап зерттеу, сол сыныптағы оқушылармен ай сайын мәжіліс өткізу. Сонымен қатар мемлекеттік заңдарды сыйлауға, Отанға және мемлекетке берілгендік сезімдерін тәрбиелеуге міндетті болды. Бірақ, іс жүзінде сынып жетекшілерінің әрекеті тек тәрбиеленушілерді бақылау және тәртіп сақтаумен ғана шектелді. Себебі, оқу мекемелеріндегі мұндай қызметтің мәртебесі онша жоғары болмады. Негізінен көңіл оқуға көбірек бөлінетін, сондықтан сынып жетекшілерінің тәрбие жұмысымен айналысуға уақыттары аз болды.

20-шы ғасырдың басында оқушылардың сабақтан тыс жұмыстарын, демалысын, әртүрлі пәндер бойынша қосымша сабақтарын және әдеби кештер мен дене қимылы үйірмесін ұйымдастыру жұмысына көңіл бөліне бастады, оқушылармен тәрбие жұмысын ұйымдастыру мұғалімдердің бәріне бірдей жүктелді. Кеңес дәуірінің алғашқы кезеңдерінде де сынып жетекші деген қызмет болмады. Оларды топ жетекшілері деп атады. Негізігі міндет- коммунистік идеология аясында оқушылардың саяси тәрбиесіне көптеп көңіл бөлу болатын. Оқушылардың бастауыш ұжымдарында жалпы мектептің өзін-өзі басқаруды ұйымдастыруды көздеді. Бірақ іс жүзінде тәрбие жұмысына айтарлыұтай көңіл бөлінбеді. Мұғалімдердің қызметі оқушылар және олардың ата-анасы жайында мәліметтер жинастыру сабаққа қатысуын қадағалау т. с. с. б

1928 жылы сынып тәрбиешісі қызметі ресми түрде жойылып, оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымына басымдылық берілді. Дегенменде бұл бағытта оң нәтижеге қол жеткізу мүмкін болмады. 20-шы жылдардың ортасында оқушылар ұйымы дағдарыс жағдайында болды, ондағы себеп, балаларды ұйымдастыру жұмыстарына қатысты тәжірибенің жетіспеушілігі, олардың мүмкіндігін артық бағалау және өзін-өзі басқару ұйымдарына жетекшілік ету, оқу-тәрбие процессін ұйымдастыру, оқушылардың жеке басын және өмір жағдайын зерттеу, ата аналармен жұмыс істеу болды.

1930 жылдары отандық мектепте өте маңызды өзгеріс болды: оқу процессіне сыныптық сабақ жүйесін еңгізу, оқушылардың жеке дара білімдерін жүйелі түрде есепке алу, тұрақты оқу бағдарламалары мен оқулықтарды жасау, т. б. Осыған байланысты топ жетекшілерінің де жағдайы өзгерді. 1934 жылы «Жалпы еңбек мектебінің» Жарғысы мен Ережесінің қабылдануы, мектептердің оқу-тірбие процесін топтап оқыту тіртібіне көшіруі, сыныптық сабақ жүйесіне өтуге байланысты, топ жетекшісі, сынып жетекшісі деп өзгертіліп, олардың тәрбиешілік қызметтірінің міндеттері мен мазмұңы, формалары мен әдістері жаңа сипатқа ие болды. Соған байланысты сынып жетекші туралы Ережені 1934 жылы 28 маусым күні РСФСР Халық ағарту Комиссариаты бекітті. Осы ережемен сынып жетекшісінің қызметі бекілді. 1947 жылы сынып жетекшісі туралы жаңа ереже қабылданды. Онда сынып жетекшілерін тағайындаудың жаңа тәртібі белгіленіп, олардың қызметі нақтыланды. Сонымен бірге тәрбие жұмысын жоспарлау және есеп беру формалары туралы нұсқау берілді. Бастауыш сынып ұжымын ұйымдастыру және оны қалыптастыруға, ондағы тәрбие жұмысының негізі оқушылардың идеялық-саяси тәрбиесіне аса мән берілді. Пионер және комсомол ұйымдарымен жұмыс істеу, оқушылардың «Оқушылар ережесін» үйренуі міндеттелді. Осыдан 1971 жылғы «сынып жетекшісінің ережесіне» дейінгі мерзімде сынып жетекшілерінің міндеттеріне айрықша өзгеріс болмады. Соңғы жылдары кейбір мектептерде «сынып жетекшісінің» орнына тек тәрбие мәселерімен айналысатын дербес «Сынып тәрбиешісі» деген қызмет пайда болуда. Оның себебі, біріншіден, бүгінгі таңдағы әлеуметтік өмірдің барлық саласындағы маңызды өзгерістердің ықпалы. Олар қоғамдық және тұлғалық қатынастарға кең көлемде ықпал етуде. Бір жағдайда бұл қатыстар субъект ретінде бәсекеге төтеп бере алатын барлық оған қатысушыларға тым қатаң талап қойса, екінші жағдайда, адамның қоғамдағы өз тағдырын өзі еркін шешуге, әлеуметтік міселелердің тәсілдерін таңдауға оған мүмкіндік береді. Мұндай көзқарас мектептегі педагогикалық процеске қатысушылардан жаңа іздемпаздыздықты талап етеді. Соған орай, тек білім беру саласында ғана емес, сонымен бірге ұсаздар мен оқушылар, мектеп әкімшілігі мен педагогикалық ұжым арасында қызықты жобаларды қарастыру, оларды педагогикалық процеске ендіру қажеттілігі басымдылық танытуда. Олардың негізінде ынтымақтастық және тең құқықтық серіктестікті жатқызу көзделіп отыр. Екіншіден, білім беру жүйесінде жаңа сипаттағы оқу орындарының пайда болуы: гимназия, лицей, т. с. с. Соның барсында кейбір классикалық тұрғыдағы білім беретін жалпы орта мектептерінің педагогикалық әрекеті өзгеріске ұшырауда. Соған сәйкес сынып жетекшісі қызметінің мазмұңы мен сипаты өзгеруде:

  • Пән мұғалімі, бір мезгілде сынып жетекшісінің қызметін атқарушы
  • Сынып жетекшісі, аз мөлшерде оқу жүктемесі бар пән мұғалімі
  • Сынып жетекшісі, тек тәрбие жұмысымен айналысатын адам
  • Сынып жетекшісі кейбір оқу мекемелерінде пайда болған жаңа қызмет

Осындай жүктеуге қарамастан, сынып жетекшілерінің, тәрбиешісінің қызметі, құқығы мен міндеттері өзгеріссіз қалып отыр. Себебі, мектептің педагогикалық қызметі оның Жарғысы бойынша әрекет етеді, яғни сынып жетекшісінің тәрбие қызметі де осы құжатқа негізделген. Дегенмен, баланы тәрбиелеу қызметі оның әлеуметтік ортамен өзара тікелей белсенді әрекеті жағдайында жүзеге асады. Мұндай жағдайда сынып жетекшісінің қызметі оқушылардың әлеуметтік өмірде өздерін-өздері тани білуіне көмектесе отырып олардың дамуына қолайлы жағдай жасау.

Бүгінде қоғамды реформалау жағдайында мектепке оқушылар мен мұғалімдерге қойылатын талаптар да жаңа сипатқа ие. Дегенмен сынып жетекшісі қызметінің маңыздылығы жойылған жоқ. Ол жаңа жағдайға сай өзара байланысты 3 қызметті орындайды: әр бағытта сыныптағы оқушылардың әрекетін ұйымдастыру, ондағы әрбір тұлғаның дамуына жағдай жасау, сыныпта туындаған мәселелерді шешуге балаларға көмектеседі.

70-80-шы жылдардағы мектептің өзгешелігі, тәрбиенің ықпал ету күші негізінен баладан тысқары байланыста болғаны. Бүгінде көптеген сынып жетекшілер ол жөнінде көзқарасы басқаша. Яғни, тәрбиені баланың ішкі жан дүниесін дамытуға жағдай жасау деп түсінеді. Осыдан барып тәрбие жұмысының бағыты мен жүйесі өзгереді. Мұндай көзқараста баламен жеке жұмыс жасау мұмкіндігі күшейеді. Ол әрбір баланың дене және психикалық дамуын қамтамасыз етумен байланысты болады. Мұндай жағдайда, бірінші кезекте, негізінен сыныптың ішкі көңіл күйін көтеруге, онда жағымды психологиялық жағдай туғызуға, балалардың өзін-өзі басқаруын қалыптастырып, дамытуға, әрбір жеке баланың өзін-өзі танып, қоршаған ортаға қатысты ашылуына жағдай жасау, оқушылардың шынайы әлеуметтік өмірімен қарым-қатынас жасауға аса көңіл бөлінеді.

Мектеп өмірінде мұғалім - басты тұлға. Мектеп мұғалімі балаларды оқытып қана қоймайды, сонымен бірге оларды тәрбиелейді, Ол белгілі бір сыныпта оқушылардың оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырушысы әрі ұстазы, ақылшысы, кеңесшісі болып саналады. Тәрбие - күрделі әрі ұзақ процесс. Оған белгілі бір дәрежеде білім, тәжірибе, шеберлік қажет. Ондай болмаған жағдайда тәрбие саласында белгілі бір нәтижеге қол жеткізу қиындық тудырады. Сондықтан да ол қиын әрі жауапты іс. Соған қарамастан мұғалімдердің кейбіреуі бұл міндетті өздерінің білім беру қызметіне қосымша іс ретінде қараса, ал басқалары оны негізгі педагогикалық әрекетретінде қарастырады. Дегенмен, сынып жетекшінің тәрбиелік қызметі қаншалықты қиын болғанымен де, әрине ол балаларға өте қажет. Тәрбие педагогикада бірнеше қырларымен танылған: - әлеуметтік мағнада- бұл аға буын жинақтаған тәжірибені жас ұрпақ өкілдеріне өткізу. Тәжірибе дегеніміз - адамзаттың өз тарихи даму барысында жасаған рухани мұрасы, дәлірек айтсақ, адамдарға белгілі болған білімдер, ептіліктер, ойлау тәсілдері, адамгершілік, құқықтық және б. с. нормалар.

Тәрбиенің мәнісі, біріншіден қоғам үшін саналы, ізгіленген, белсенді, іскер азаматты қалыптастыру, екіншіден жеке адам үшін - оны өмір сүре білуге, өзін қоршаған ортамен қарым- қатынас жасай білуге үйрету. Олай болса тәрбие процессі деп қоғамның талап- тілектеріне сай әр бір тұлғаның ақыл ойын, сана-сезімін, ерік-жігерін, мінез-құлық ерекшеліктерін жүйелі түрде қалыптастырып, дамытудағы тәрбиешілермен тәрбиеленушілердің өзара бірлескен әрекетін айтамыз. Сынып жетекшісі жұмысының негізгі мақсаты - мектеп оқушыларының қоғамның белсенді және саналы азаматы етіп тәрбиелеуге барынша ықпал жасау. Сыныптағы әрбір жеке тұлғаның ғылыми дүние танымының қалыптасуын, адамгершілік қасиеттерін, еңбекке деген сүйіспеншілігін қамтамасыз етіп, жан-жақты жарасымды дамуына жағдай жасау. Сондықтан оның жұмысының мазмұны мен тәрбиелік шараларының бәрі осы мақсатқа бағытталуы тиіс. Атап айтқанда тәрбиенің негізгі салалары: ақыл -ой, адамгершілік, эстетикалық, еңбек және дене тәрбиесіне, елжандылық т. б. тәрбие міндеттерін мектеп пен сыныптың нақтылы өмір жағдайларына байланысты қарастыру.

Тәрбие мақсатты процесс. Тәрбие мақсаты нақты әрі айқын берілсе ғана нәтижелі болмақ.

Тәрбие бітұтас процесс. Себебі тұлға жеке адам ретінде тәрбиеленеді. Тұлғаның кісілік қасиеттерін қалыптастыру жеке - дара атқарылмайды, керісінше бір мезгілде, бірінғай жағдайда жүзеге асырылады.

Тәрбие ұзақ әрі күрделі процесс. Жеке адамның қалыптасуы ұзақ уақытты қажет етеді. Адам баласы туылғанынан бастап ержеткенше тәрбиенің ықпалында болса, кейінгі уақытта ол өзін өзі тәрбиелеу процесімен жалғасып отыратын болады. Қойылған мақсаттың нәтижесін жуық арада байқауға болмайды, себебі әр бір жеке дараның мінез-құлқында дара ерекшеліктері, қабілеттері, дүниетанымы бірынғай қалыптасып дамымайды Оған әсер ететін ішкі және сыртқы факторлардың да ықпалы зор

Сынып жетекшінің міндеті - сан алуан. Сол себепті ол жүргізетін тәрбие жұмысы өзінің психологиялық мазмұны жағынан өте күрделі әрі көп ізденісті талап етеді.

Сынып жетекшінің негізгі міндеттері:

  1. Сыныптағы оқушылардың талап-тілектері мен мүдделеріне және олардың жеке басының ерекшеліктерін жан-жақты зерттеп білу
  2. Сыныптағы оқушылардың не нәрсеге бейімділігін анықтап, оларды ынтымағы жарасқан, белсенді, саналы ұжымға ұйымдастыру
  3. Сыныптағы пән мұғалімдері мен мектеп әкімшілігінің және оқушылардың ата-аналарының тәрбиелік ықпалын үйлестіру, оқушыларға міндеттейтін педагогикалық талаптардың бірлігін қамтамасыз ету
  4. Тәрбие үрдісіне мектептің, отбасы мен жұртшылықтың тығыз қарым-қатынасын қамтамасыз ету
  5. Оқушылардың ата-аналарымен үнемі байланыс жасап, отбасындағы бала тәрбиесіне педагогикалық оқу, насихат жұмыстарын жүргізу.
  6. Оқушыларды тәрбиелеуде сыныптан және мектептен тыс түрлі бағыт тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру.
  7. Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудің бірлігін қамтамасыз ету.
  8. Тәрбие қызметінің тұтастығын, жүйелігін, тәрбиелік шаралардың бірлігін қамтамасыз ету.
  9. Тәрбиенің негізгі бастауы - ұлттық тәлім тәрбиені сынып жетекшісі қызметінің мағызды бір саласы ретінде қарастыру.

Тәрбие процессін дұрыс, нәтижелі ұйымдастыру үшін алдымен тәрбие заңдылықтарын жете түсінуді қажет етеді.

Тәрбие заңдылықтары:

  1. Баланың үнемі жетілуі, даму жағдайында болуы бұл- табиғи процесс
  2. Баланың түрлі әрекетінсіз және оның сыртқы орта мен табиғи қарым-қатынасынан тыс тәрбиенің болмауы
  3. Тәрбие мен дамудың бірлігі жіне өзара байланыстылығы
  4. Тәрбие мен өз өзін тәрбиелеудің бірлігі
  5. Тәрбиеде бірінғай рецептің болмауы және оны қолдану мүмкін еместігі
  6. Қоғамның үнемі өркендеп дамуы, онда өмір сүріп жатқан әрбір жеке адамның күш-қуатымен өмірлік ұстамына тәуелді екендігіне, сондықтан тұлға тәрбиесі, заңды құбылыс

Сынып жетекшісінің қызметі.

Мұғалім белгілі бір сыныпқа балалар ұжымының жетекшісі ретінде тағайындалып, жұмысқа кіріскен жағдайда, өзінің қызметін сынып ұжымына әрі жекелеген оқушыға қатысты жүзеге асырады. Соған сәйкес онық қызметі 3 бағытта қарастыруға болады

  1. Педагогикалық және әлеуметтік- гуманитарлық. Оның бұл қызметі балаға барлық бағытта көмектесу: оның әлеуметтік қалыптасуы мен дамуына жағдай тудыруға, баланың тұлғалық өзекті мәселесін шешуге, оны әлеуметтік өмірге араластыру және өз бетінше өмір сүре білуіне көмектесуге бағытталған.
  2. Ұйымдастырушылық қызметі. Тәрбие процесын ұйымдастыру. Балалардың орынды талап-тілектерін қолдай отырып, ынтымағы жарасқан, саналы да белсенді, әрі іскер сынып ұжымын қалыптастыру. Олардың танымдық, еңбек, эстетикалық әрекеттерін және демалыс мен еркін қарым-қатынасын ұйымдастыру. Сыныптағы өзін-өзі басқаруды дамыту.
  3. Оқушылардың жалпы әрекетін атқару. Оған: диагностикалық мақсат қоюшылық, жоспарлау, болжам жасау немесе жобалау, бақылау және түзету еңгізіп отыру қызметін жатқызуға болады.

Сынып жетекшісі іс-әрекетінің мазмұңы оқушылардың белгілі бір тобындағы педагогикалық үрдістің жетекшісі ретіндегі қызметімен анықталады. Р. Х. Шакуров жасаған басқару тұжырымдамасына сәйкес үш деңгейлі функция бөліп көрсетілген. Бірінші деңгей педагогиканың және әлеуметтік гуманитарлық функциялары жатқызылады. Бұл функциялар оқушыларды әлеуметтік тұрғыдан дамыту үшін жағдай жасауға бағытталған, балалардың қезекті жеке тұлғалық мәселелерін шешу, оларды өз беттерінше өмір сүруге даярлау бағытында көмек көрсетуге бағдарланған. Олардың ішінде оқушыларды дамыту; балаларды қоршаған ортаның қолайсыз әсерінен әлеуметтік тұрғыдан қорғау, қойылған тәрбиелік мәндеттерді орындау үшін барлық педагогтердің күшін біріктіру деп аталатын сынып жетекшісінің іс-әрекетінің негізгі мазмұңын анықтайтын үш түрге бөліп көрсету қажет. Ал оның баланы әлеуметтік тұрғыда қорғау функциясы шешуші болып табылады.

Баланы әлеуметтік қорғау бойынша сынып жетекшісінің іс-әрекеті тікелей орындаушы ғана емес,, балаларға және олардың ата-аналарына әлеуметтік көмек және әлеуметтік қызмет етуге көмектесетін үйлестіруші.

Сынып жетекшісінің іс-әрекетіндегі әлеуметтік қорғауды кең және тар мағнада қарастырған орынды. Бұл іс-әрекет ерекше қиын жағдайға қалған балаларды қорғауға бағытталады. Ондайларға басқаларға қарағанда шұғыл әлеуметтік қамқорлықты қажет ететін көп балалы отбасынан шыққан балалар, мүгедек балалар, жетім балалар, босқын балалар және т. б. жатады. Ал кең мағнада әлеуметтік қорғауды, әлеуметтік кепілдіктің белгісі ретінде шығу тегіне, ата-аналардың және жағдайларының болу-болмауына тәуелсіз барлық балалар алынады. Біраз балалардың әр түрлі категорияларына саралау ұстанымы қолданылатыны даусыз.

Балаларды тәрбиелеу және әлеуметтік қорғау мақсатында жету үшін сынып жетекшісі оқушылардың құрбыларымен дұрыс қарым-қатынас жасауына қатысты жеке мәселелерді шешіп алуы тиіс (ұжымды құру, оны ұйымдастыру, белсенділігі, өзін-өзі басқарудың дамуы) . Бұл міндеттерді оны ұйымдастыру деп аталатын екінші деңгейлі әлеуметтік- психологиялық ұызметі анықтайды.

Сынып жетекшілердің оқушылармен атқаратын жұмыстарының түрлерін әр түрлі негіздемелер бойынша жәктеуге болады:

-іс-әрекет бойынша - оқу, еңбек, спорт, көркем және т. б.

-педагогтық ықпал ету тәсілі бойынша - тікелей және жанама

-өткізу мерзімі бойынша- қысқа (бірнеше минуттан бірнеше сағатқа дейін) , ұзақ мерзімді (бірнеше күннен бірнеше аптаға дейін), дәстүрлі (үнемі қайталанып отыратын)

- дайындау мерзімі бойынша - алдын-ала дайындықсыз оқушылармен өткізілетін жұмыс, даярлау жұмыстары, оқушылардың дайындығы ескерілетін жұмыс түрлері

- ұйымдастыру субъектілері бойынша - балаларды ұйымдастыруға педагогтер, ата-аналары және басқада ересек адамдар қатысады, балалар іс-әрекеті ынтымақтық негізінде ұйымдастырылады, бастама және оны жүзеге асыру балалар тарапынан болады.

- нәтиже бойынша- түрлері, нәтижелері ақпараттық алмасу, жалпы шешім қабылдау, қоғамдық маңызды өнім болуы мүмкін

-қатысушылар саны бойынша- жеке (тәрбиеші-тәрбиеленуші), топтық (тәрбиеші- балалар тобы), көпшілік (тәрбиеші- бірнеше топтар, сыныптар)

Жеке жұмыс түрі топтық ұжымдық түрлерге әсер етеді және соңында олардың табыстылығын анықтайды. Бұған әнгімелесу, сырласу, ақыл кеңес, пікір алмасу, тапсырманы бірігіп орындау, нақты бір жұмыста жеке көмек көрсету, мәселенің шешімін бірлесіп іздестіру жатады. Әрбір оқушымен тығыз өзара қарым-қатынастың жеке жұмыс түрлерінің тәрбиелеу мүмкіндіктері мол.

Жұмыстың топтық түріне іс кеңестеріне, шығармашылық топтарды, өзін-өзі басқару ұйымдарын, микроүйірмелерді жатқызуға болады. Бұл түрлерінде сынып жетекшілері өздерінің қатардағы қатысушы немесе ұйымдастырушы ретінде көрсетеді. Сынып жетекшінің топтық жұмысқа ықпалы балалардың арасындағы өзара ізгілікті қарым-қатынасты дайындауға бағытталады.

Сынып жетекшінің оқушылармен жүргізген жұмысының ұжымдық түрлеріне әр түрлі байқаулар, спектакльдер, концерттер, үгіт бригадаларының жұмыстары, саяхаттар, турлар, слеттер, спорттық жарыстарды т. б. жатқызуға болады.

Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес және басқа да жағдайларға байланысты сынып жетекшілері қатысушыларды алып жүруші, ұйымдастырушы, өзі жеке үлгі көрсететін қатардағы қатысушы, білімді адамдардың тәжірибесін игеруде оқушыларға үлгі болатындай әрекеттерімен ықпал ететін жаңа қатысушы, тиісті іс-әрекеттерді ұйымдастыруда кеңес беруші, көмекші сияқты ролдерді атқаруы мүмкін.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұйымның қаржы қызметі жұмыстарымен танысу
ӘДЕБИЕТ САБАҚТАРЫН ЗАМАНАУИ КӨРНЕКІЛІКТЕР МЕН ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰРАЛДАР АРҚЫЛЫ ОҚЫТУ
Белсенді оқыту әдістеріне сипаттама
Бастауыш сыныпта информатика пәнінің оқыту ерекшелігі
Әдебиет сабақтарында көрнекілікті пайдалану жолдары
Заттардың типтерін анықтау
Оқытудың психологиялық мәні
Электржетектің жұмыс режимі
Оқу іс-әрекеті -оқушылардың дүние танымын қалыптастырудың алғышарты
Табиғи сулардың химиялық құрамы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz