Саяси режимдегі саяси партиялар



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Байшев университеті
Бизнес және құқық жоғарғы мектебі
Экономика және басқару кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Мемлекеттік басқару ісінде саяси режим түсінігі және оның түрлері

5В051000-Мемлекеттік және жергілікті басқару

Орындаған: Кушниязов К.С.
МжЖБ-302 топ студенті

Ғылыми жетекеші: Калмагамбетова С.Р.
Аға оқытушы,магистр

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1.Мемлекеттің сипаттамасы басқару ісінің теориялық сипаттамасы
1.1. Саяси режим түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2. Саяси режимнің түрлері, ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...7
1.3. Саяси режимдегі саяси партиялар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 0
2.Саяси ісі жүйедегі мемлекеттің басқару ісі
0.1. сипаты Саяи режимдегі мемлекеттің сипаты ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...13
0.2. басқару Саси режимдегі заңдылықтары мемлекеттің басқару ісінің заңдылықтары ... ... ... ...17
0.3. басқару Саяси режимдегі мемлекетті басқару қағидаттары ... ... ... ... ... ... ... .20
3.Мемлекеттің режимнің басқару ісіндегі реттеу саяси режимнің саяси қалыптасуын реттеу қызметін мен саяси партиялар қызметін жетілдіру ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Саясатқа бет бұрғанымызда билік қарым-қатынасы жағынан оған ерекше мән бергенімізде осы екеуінің түйісетін жері саяси партия екені белгілі. Қазіргі заман түсінігінде саяси партияның саясат сахнасына шығуы да ертерекке бара қоймайды. Сонымен қатар, бұл ұйымдар өте жылдам дами отырып барлық елдерде саяси өмірдің негізгі элементі мен басты демократиялық, автократиялық немесе тоталитарлық, қазіргі заман қоғамының бәрінде партиялар бірінші дәрежеде ерекше роль ойналуда. Бүгіндері партиясыз режимдер тек дәстүрлі қоғамдардан ғана көруге болады. Бұл жағынан саяси партиялардың әртүрлі құндылықтардан бұрын, заманауи мемлекеттің қалыптасуындағы бастапқы факторы ретінде қабылдануда.
Шындығында қандай да бір саяси жүйенің функциясы тек қана конституцияға сүйенген институттарға қарап та түсінудің мағынасы қалмады. Бір елдегі режимнің шын мәніндегі сипатын белгілеу үшін, конституциялық ееркшелік пен қалыптардан тыс, елдегі саяси негіздерін және ішкі құрылымдарын білу керек.
Адам қоғамы дамып, өмірге келген күннен бастап міндетті түрде оның бағдарламасы, саясаты, биліктің түрі анықталады. Бұл жұмыстармен шұғылданатын қоғамның саяси жүйесі. Ең алдымен қоғамның мүддесі мен мақсаты анықталады. Қоғамдық бағдарламаны жасап, саяси биліктің мазмұнын толықтырып, олардың орындалу бағыттарын, жолдарын анықтап, іске асыру механизмін белгілейді.
Саяси жүйе қоғамдық обьективтік даму процесінде қалыптасып өмірге келеді. Саяси жүйенің негізгі міндеті экономикалық рухани мәдени базисқа сәйкес қоғамдық биліктің мазмұнын анықтап, сол билікті орнату, дамыту нығайту. Қоғам өзгерсе, саяси жүйе де өзгереді. Адам қоғамы өзінің диалектикалық даму процесінде де бес формацияны бастан асырып отыр. Соған сәйкес саясаттың бес түрі бар. Өйткені осы оқиғалардың бәрі де қажеттіліктен қоғамның материалдық өмірі жағдайларынан туады. Қоғамдық заңдылық қоғамдық дамудың негізгі бағытын анықтайды, кездейсоқтықтың біразын қамти отырып заңдылық өзіне қажеттіліктен жол табады. Қоғамдық заңдылық абсолюттік идея түрінде қоғамға сырттан тағылмайды, адм қызметі және оның әлеуметтік жағдайлары. өндіргіш күштер, өндірістік қатынастар өндіріс өнімдері тағы басқа рухани мәдениет қосындысынан туады.
Курстық жұмыстың мақсаты: Қазақстан Республикасындағы саяси партиялардың ерекшеліктері мен қозғалыстарды түгелдей қарастыру болып табылады. Сонымен қатар саяси партиялардың, қозғалыстардың жүйелі сипатын анықтау қарастырылады.
Курстық жұмыстың міндеттері:
oo берілген тақырыпқа теориялық шолу жасау;
oo саяси партиялардың өміршеңдігі мен қызмет бағыттарын айқындау,
oo саяси партиялардың Қазақстан дамуындағы орнын көрсету;
oo саяси партиялар мен қозғалыстардың негізін көрсету,
Курстық жұмыстың құрылымы: бұл жұмыс кіріспеден, ІІІ тараудан, қорытынды мен қолданылған деректер көздерінен тұрады.




1.Мемлекеттің басқару ісінің теориялық сипаттамасы
1.1. Саяси режим түсінігі

Мемлекеттік (саяси-құқықтық) режимнің түсінігі дегеніміз - қоғамдағы мемлекеттік билікті іс жүзіне асыру жолдарының әдістерінің жиынтығы.Саяси режимде көпшілік, бірақ олар демократиялық (консервативтік, либералдық) және антидемократиялық (диспотиялық, тоталитарлық, авторитарлық, расистік) режимдер қалпында белгіленеді. Мұнда мемлекетті бөлудегі негізгі ерекшелік сол белгі бойынша адам мен азаматтың құқығы мен бостандығының кепілдік деңгейі, сонымен бірге мемлекеттік билікті іс жүзіне асырудағы демократизм мен әдісі, яғни мемлекеттік билікті қалыптастыру мен тексеру процесіне халықтың қатысуындағы белсенділігі мен белсенді еместігін көрсетуші.Антидемократиялық режим - монархиялық, сондай-ақ республикалық басқару нысанында белгіленуі мүмкін. Олар мынадай белгілерімен сипатталады: толық түрде мемлекетті, яғни қоғам өмірінің барлық аясын: экономиканы, саясатты, идеологияны, әлеуметтікті, мәдени ұлттық құрылымдарды тексеруге тырысады; мемлекеттік билікті шексіз бір ортаға біріккен билік түрінде, шын мәніндегі бір өкілдіктегі органға не бірнеше органға біріктіру; бар өкілетті органдардың шын мәніндегі биліктің және органдар жүйесінде жоғары тұратын мемлекеттік биліктің атқару органдары жоқ, сол сияқты жазалау және әскери ұйымдар жоқ; барлық қоғамдық ұйымдарды мемлекеттендіру (кәсіподақты, жастар ұйымын, спорттық, т.б.); шын мәнінде жеке адамдарды субъективті құқықтарынан айыру, формалды түрде, тіпті конституцияда да жариялануы мүмкін.[1.25]
Авторитаризм - демократиялық емес саяси режимдерге тән билік жүйесі, мемлекеттік биліктің бір адамның не органның қолына жиналуымен, негізгі саяси бостандықты тежеуімен, қысым жасауымен (сөз, басылым, жиналыс, т.б.), саяси оппозицияны басуымен сипатталады. Басқару әдістерінің үйлесуімен байланысты бір қалыпты авторитарлық режимнің түрін өзгертуге мүмкіндік бар, классикалық диктатураның демократиялық белгісін формалды түрде сақтау, дегенмен оның террорсыз және қуғын-сүргінсіз.Демократиялық режим - жеке адамның дұрыс өмір сүріп, барыншы толық дамуын қамтамасыз етуге керек. Мұндағы саяси режимде азаматтардың құқығы мен бостандығы тек мойындалып қоймай, кепілдік беріледі, қамтамасыз етіледі және халықтың қатысуымен құрылған мемлекеттік органда-рымен тікелей және өкілеттік демократияның көмегімен қорғалады.
Демократиялық режим мынадай белгілерге тән: жеке адамға экономикалық деңгейде бостандық беру, себебі ондай жағдай қоғамның материалдық жақсылығын құрайды; шын мәніндегі азаматтардың құқығы мен бостандығына кепілдік береді, олардың мемлекеттің саясаты туралы өз пікірлерін айтуға, белсенді түрде мәдени және басқадай қоғамдық ұйымдарға қатынасуға мүмкіндігі; ел тұрғындарының мемлекеттік билікке тікелей ықпал ететін тиімді жүйе құруы; жеке адамның бассыздық пен заңсыздықтан қорғалғандығы, себебі, оның құқығы тұрақты құқық қорғау органдарының қарамағында; биліктің бір деңгейдегі, көпшілік пен азшылықтың мүдделерін қамтамасыз етуі.Мемлекеттік режим заңдарға негізделеді, жеке адамның және қоғамның объективтік қажеттілігін көрсетеді.Саяси режим - бұл мемлекеттік билікті жүзеге асыруға жәрдемдесетін тәсілдер мен әдістер. Мемлекеттік биліктегі тәсілдер мен әдістердің жиынтығына қарай екі түрлі режимді бөліп атауға болады - демократиялық және антидемократиялық режимдер.
Демократиялық режимнің белгілері:
1) халық мемлекеттік билікті жүзеге асыруға тікелей (азаматтардың референдумға қатысуы) және өкілдік (халықтың билікті өзі сайлаған өкілдік органдар арқылы жүзеге асыруы) демократия арқылы қатысады;
2) шешімді көпшілік азшылықтың мүдделерін ескере отырып қабылдайды;
3) мемлекеттік биліктің орталық және жергілікті органдарының сайланбалылығы және ауыспалылығы, олардың сайлаушыларға есеп беруі, жариялылық;
4) сендіру, келісу, келісімге келу әдістері жиі қолданылады;
5) қоғамдық өмірдің барлық салаларындағы заңның үстемдігі;
6) адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары жарияланады және шын мәнінде қамтамасыз етіледі;
7) саяси плюрализм, соның ішінде көппартиялылық;
8) биліктің тармақтарға бөлінуі және т.б.
Антидемократиялық режимнің бірнеше түрі болады: тирания, деспотизм, фашизм, тоталитарлық және авторитарлық режимдер. Антидемократиялық режимге мына белгілер тән:
1) бір саяси партияның үстемдігі;
2) бір ресми идеологияның болуы;
3) бір меншік түрінің болуы,
4) саяси құқықтар мен бостандықтарды жоққа шығару;
5) қоғамның сословиелік, касталық және т.б. белгілер бойынша бөлінуі;
6) халықтың төмен экономикалық деңгейі,
7) мәжбүрлеу мен жазалау шараларының үстемдігі;[2.31]

1.2. Саяси режимнің түрлері, ерекшеліктері

"Саяси режим" ұғымы саяси билік проблемаларымен тікелей байланысты. Саяси режим (тәртіп) дегеніміз - мемлекеттік билікті жүзеге асырудың тәсілі, қоғамдағы азаматтардың еріктері мен құқықтарының деңгейі. Саяси режим деген түсінікті мемлекетті басқару түрлерімен шатыстырмаған жөн, себебі демократиялық мемлекет жағдайындағы саяси тәртіптің де әртүрлі сипаттары бар. Бұл ұғым мемлекет басқарудың түрін емес, оның сапасын айқындайды, қоғамның саяси өміріне сипаттама береді. Саяси тәртіп түсінігінің шеңберіне мемлекеттік билікті қалыптастыратын тәсілдер, сол үшін қолданылатын құралдар, саяси биліктің іс-қимылдарының түрлері және т.б. жатады.
Саяси тәртіп ұғымымен танысу барысындағы ерекше байқалатыны - мемлекеттегі билік жүйесін қалыптастыру мәселесі. Билік сайлау арқылы қалыптасады ма, әлде өзара сыбайластықпен тағайындала ма? - деген сұрақ. Мысалы, кейбір жағдайда сөз жүзінде мемлекет жүйесіндегі барлық басшылар сайланады деп айтылғанмен, іс жүзінде оларды жоғарғы органдағылар бекітеді немесе жариясыз түрде тағайындап отырады. Бұл шенеуніктердің іс жүзінде билікке қатысты мәселені бір-бірімен келісіп өз мақсатына сәйкес шешуіне ықпал етеді. Бұндай іс-әрекет көп жағдайда қоғамдағы азаматтардың еріктері мен құқықтарына қайшы келіп мемлекеттік биліктің заңдылығына (легитимдігіне) нұсқан келтіреді, демократияға кедергі жасайды. Қоғамның саяси өмірінде сыбайластық, жағымпаздық қаншалықты орын алса, мемлекет соншалықты ескірген саяси тәртіпке айнала бастайды.
Саяси білімдер әдебиетінде саяси тәртіптерді демократиялық және демократияға қарсы (антидемократиялық) деп үлкен екі топқа бөледі. Демократиялық немесе саяси әртүрлілік (плюрализм) тәртібі дегеніміз - саяси билік органдарының халықтың бақылауында болуын қолдайтын қоғамның саяси және экономикалық құрылысының түрі. Саяси әртүрлілік коғам мүшелерінің құқығы мен бостандығын жоғары бағалаушы саяси тәртіп. Бұл режимде мемлекеттік биліктің көзі толығымен халық болып саналады.
Саяси әртүрлілік тәртібінің негізгі белгілері:
-заңсыз үстемдік етуші биліктің қоғам өмірінен аластатылуы;
-қоғамның саяси жүйесінің жалпыадамзаттық құндылықтар жолын
ұстануы;
-экономикадағы демократиялық принциптердің орнығуы;
-азматтарды әлеуметтік қорғау жүйесінің дамуы;
-қоғам мүшелерінің мәдени-рухани дамуына толық жағдай жасау.[3.15]
Адамзат тарихында орын алатын монархиялық, тоталитарлық билік тұсында және авторитаризм кезеңінде демократиялық тәртіптің орнатылуына мүмкіндік болған жоқ. Әлем халықтары демократияға соңғы кезеңдерде ғана жете бастады.Сол себептен қазіргі кездегі саяси тәртіпке сипаттама жасау үшін демократиялық емес саяси тәртіптердің тарихи түрлерін білудің маңызы зор. Адамзат тарихында саяси тәртіп бірнеше түрлерден және кезеңдерден өтті.Саяси тәртіп көп жағдайда бір қалыпта емес, аралас түрдекездеседі.Солардың ішіндегі негізгі үш түрін атауға болады. Олар империя,тоталитарлық және авторитарлық режим.
Империяның негізгі белгілері:
-жер көлемінің орасан зор болуы;
-құрамындағы халықты күшпен бір орталыққа бағындырып отыратын биліктіңорнығуы;
-әрдайым өз жерін кеңейтуге бағытталған саясат ұстануы;
-саяси орталық пен шет аймақтардың өзара шиеленісте болуы;
-орталық саяси биліктің қоғамдағы әртүрлі әлеуметтік топтардың мүдделерімен сұраныстарын ескермеуі;
-мемлекеттің әртүрлі мәдени және этностық құрамнан тұруы.
Империялар ерте заманнан бастап қалыптасты, ал қазіргі уақытта олар таза күйінде кездеспейді. Тарихтан белгілері: Рим империясы, Қытай, Латын, Осман империялары, Араб халифаты, Британ, Ресей империялары, КСРО. Империялар тарихын терең зерттеген ойшыл, ғалым -- Цицерон болды. Империя жөнінде ол былай деген: Империяның ыдырауы айқын, себебі империя барлық уақытта орталық билік пен бағынышты халықтардың арасындағы қайшылыққа негізделеді. Цицеронның осы пікірінің ақиқат екенін тарих дәлелдеп отыр. Бүгін әлемде таза күйінде кездесетін империя жоқ және адамзаттың интелектуалдық сана-сезімінің жоғары дамуына байланысты ол тарихқа қайта оралмауы тиіс.
Тоталитарлық тәртіп дегеніміз - қоғамның барлық саласындағы әрбір адамның өмірі мемлекет тарапынан толық бақылауға алынған мемлекеттік-саяси құрылым түрі. Экономика саласында жеке меншікке шеек қою; саяси салада қоғамдық ұйымдар мен саяси партиялар қалыптастыруға тиым салу; бір ғана басқарушы партияға мүше болуға мәжбүр ету; рухани салада бір идеологияға бейімделу т.с.с.
Тоталитарлық тәртіптің негізгі белгілері:
- қоғамдағы саяси-әлеуметтік тәртіптің күшпен орнатылуы;
- әлеуметтік топтардың бостандығының шектелуі;
- мемлекеттік немесе жалғыз басқарушы партияның идеологиясының
жүргізілуі;
- бейімделушіліктің (конформизм) қалыптасуы: іштей келіспесе де, билік
басындағы адамдардың ығына жығылып, бейімделу.
Авторитарлық тәртіп дегеніміз - қоғамдағы толық жетілмеген демократияға негізделген жеке адамның немесе саяси биліктің бір тармағына сүйенетін мемлекеттік-саяси құрылым.
Авторитарлық тәртіп көбінесе өтпелі кезеңде қалыптасады, әсіресе қоғам тоталитарлық тәртіптен демократиялық тәртіпке ауыса бастаған жағдайда қалыптасады. Себебі осындай кезеңде алда тұрған мақсаттарды демократиялық тәсілдермен (сайланбалы органдармен) ғана іске асыру қиындыққа түседі. Мысалы, ТМД елдерінің көбінде орын алған авторитарлық тәртіп, жеке тұлғаның билігі немесе атқарушы биліктің күшеюі осы әлеуметтік-экономикалық қиындықтарға тікелей байланысты.
Авторитарлық тәртіптің негізгі белгілері:
- жеке адам билігінің немесе саяси биліктің бір тармағының күшеюі;
- қоғамдық саяси ұйымдардың құқықтары мен еркіндіктерінің шектелуі;
- мемлекеттік жүйедегі қызметкерлердің билікпен мүдделес саяси
партиялармен бірігуі;
- парламент ролінің шектелуі немесе кейбір жағдайда жойылуы.
Мемлекеттің саяси өмірінде авторитарлық тәртіп көбінесе монархияға, бір адамның шексіз билігіне ұқсас болады. Қазіргі кезеңде негізінен бұл көптеген дамушы мемлекеттер үшін объективті процесс, өтпелі кезеңге қажет саяси тәртіп болып саналады.
Сонымен, саяси тәртіп саяси биліктің және саяси жүйенің сапасын анықтап, қоғамның саяси өміріне сипаттама береді. Қорыта келгенде, әлемдік тарихи тәжірибе - демократиялық билік негізінде қоғам құру, қоғамдық өмір салаларына демократиялық ұстаным енгізу ең дұрыс шешім болып табылатынын көрсетеді. Демократиялық билік орнату үшін төмендегідей негізгі міндеттер атқарылуы қажет, олар:
- билікті бөлу және бөлісу (заң,атқару, сот билігіне ажырату), олардың бір-біріне үстемдік етпеуі және бір-бірімен сыбайластыққа бармауы;
- меншік түрлерінің теңдігі мен еркіндігін қамтамасыз ету;
- азаматтардың заң алдындағы теңдігін қалыптастыру, азаматтық қоғам орнату.[5.12]
Қоғамның саяси жүйесінің басқа қоғамдық жүйелерден сапалық айырмашылығы бар, оған тән негізгі сипаттамалар: оның қоғамдағы жоғарылығы. Қоғамның саяси жүйесінің салыстырмалы дербестілігі бар. Олардың көмегімен қоғамды билеу және басқару іске асырылады. Қоғамның саяси жүйесі өзінің ауқымы жағынан аса кең ұғым. Бұл ұғымға саяси институттардың және ұйымдардың, саяси идеялардың, көзқарастардың, саяси және праволық нормалардың, әдет-ғұрыптардың жүйесі, адамгершілік (мораль), саяси өмірдің этикасы, қоғамдық пікірлермен және басқа арнаулы элементтер жатады. Саяси жүйе теориясы ХХ ғасырдың 50 жылдарында Давид Истон жасады. Қоғамның саяси жүйесі деп билік жүргізіп, қоғамда тұрақтылық пен тәртіпті қамтамасыз ететін, әлеуметтік топтар, таптар, ұлттар, мемлекеттер арасындағы саяси қатынастарды реттейтін ұйымдар мен мекемелердің жиынтығын айтады.

1.3. Саяси режимдегі саяси партиялар
Саяси жүйеге мемлекетпен қатар саяси партиялар да кіреді."Партия" деген сөз латын тілінен шыққан,бөлу,бөлшек деген мағынаны білдіреді.
Саяси партиялардың бүгінгі күнге дейін әртүрлі анықтамасы жасалған. Бұлардың бірнешеуі сайлау және еркін жарыс сияқты элементтерге мән берген тек көп партиялы демократиялық жүйелер үшін қажеттілік тудыруда. Бұл болса, авторитарлық және тоталитарлық жүйедегі партияларды саяси партия деп санамау шындыққа жанаспайды. Біздің ойымызша әртүрлі түрлерін қамтитын шеңберде функциялық анықтамаға арқа сүйеу қажет. Осыған байланысты саяси партияларды бір бағдарлама төңірегінде бас қосқан, саяси билікке жету үшін немесе бірге бөлісу мақсатында әрдайым ұйымдасқан бір ұйым деп атауға болады. Бұл жерде назар аударатын ең керекті элемент саяси билікті қолға алу немесе ең болмаса басқа партиялармен бөлісу мақсаты. Барлық партиялардың ортақ мақсатына айналған бұл элемент оларға басқа да әлеуметтік топтардан ажыратуға себеп болатын басты шарт болып табылуда. Оның қасында екінші шарт саяси партиялар уақытша ұйым емес, тұрақты және ел ішінде жеткілікті дәрежеде танымдылыққа ие болулары. Бұл болса партияларды парламентте құрылған топтар, фракциялар арқылы саяси мүдделер үшін күресетін ұйымға жетелейді.
Тарихта белгілі алғашқы саяси партиялар Ежелгі Грецияда пайда болды.Олардың негізінен, жөнді ұйымдаспаған шағын топтар болатын. Олар, негізінен, құл иеленушілердің әр түрлі ағымдарының мүдделерін қорғады.
Мұндай партиялар феодалдық қоғамда болды. Бірақ шексіз әкімшілік билеген дәүірде олардың айтарлықтай маңызы болмады.
Еңбекші топтар болса экономикалық бытыраңқылық пен рухани езгінің астында еді. Сондықтан олардың саяси партиялар құруға мүмкіндіктері жоқ болатын. Олардың мүддесін ара-тұра билеуші топтың алдыңғы қатарлы мүшелері қорғады.
Қазіргі біздің түсінігіміздегідей саяси партиялар Еуропада ХIX ғ. екінші жартысында пайда бола бастады. Бұған сол кезде болған буржуазиялық революциялар тікелей ықпал етті. Мемлекеттік биліктің ұйымдастырылу түрі жіне жүзеге асырылуы ретінде парламенттер мен парламентализм дүниеге келді.
Жалпыға бірдей сайлау құқығының енгізіліу бұқара халықтың саясатқа қатысу аясын одан әрі кеңейте түсті. Жұмысшы табының ұйымшылдығы күшейді. Олар парламентте өз мүдделерін қорғайтын көпшілік партияларды құра бастады.
Саясатқа көптеген адамдар тартылып, әлеуметтік қайшылықтар шиеленіседі. Осыған байланысты саяси партиялардың рөлі одан әрі өсті. Олар саясаттың негізгі субъектісіне айналды.
Бірақ саяси партиялар бірден көпшілік партия бола қалған жоқ. Оның ұзақ тарихы бар. Мысалы, немістің көрнекті саясаттанушысы Марк Вебер саяси партияталардың дамуында мынадай кезеңдерді атап көрсетті:1) аристократиялық үйірмелер, 2)саяси клубтар, 3) көпшілік партиялар.
Саяси клубтардың аристрократиялықүйірмелерден айырмашылығы- олар ең алдымен буржуазиялық мүддесін білдірді
Олардың тұрақты идеологиялық байланыстары мен дамыған ұйымы болды. Мұның бәрі оларға қоғамдық жұмысты кең өрістетуіне мүмкіндік береді.
Ал көпшілік партиялардың саяси клубтардан ерекшелігі олар жұмысын тек сайлау кезінде ғана емес, сонымен қатар әдеттегі, дағдылы уақытта да көпшілікке ықпал етуге тырысты. Өз қатарына барынша көбірек адамдарды тартты.
Өздерінің үгітнасихат жұмысында саясиағартушылық, үгіт, тәрбие, мәдени қызмет т. с. с. саяси әсер етудің бай мүмкіндіктерін пайдаланды.
Дегенмен, көрсетілген үш кезеңді толығымен Ұлыбританияның екі партиясы ғана кешірді. Олар либералдық және консервативтік партиялары.
Ал қазір өмір сүріп отырған партиялардың көбінің даму жолы қысқа. Олардың біразы екі сатысынан өтсе, біразы бірден көпшілік партия болып қалыптасты.
Бірінші саяси көпшілік партия болып 1861 жылы Англияда либералдық партия құрылды. Сонымен қатар мұндай партиялардың дамуына жұмысшы қозғалысы да зор әсер етті. Жұмысшылардың өзіндік жарғысы, кең тараған жергілікті ұйымдары бар, жазба түрде мүшелік жарна төлейтін, мерзімінен съездерөткізетін партиялары ұйымдасады.
Бірінші көпшілік жұмысшы партиясы болып 1863 жылы Жалпы Германияның Жұмысшы Одағы құрылды. XIX ғ. Аяғына қарай Батыс Еуропа елдерінде түгелге жақын көпшілік партиялар пайда болды. Мұндай партиялар басқа континенттерде құрыла басталды.
Американдық белгілі саясаттанушысы Дж.Ла ПАломбараның ойынша партиялар мынадай 4 белгімен сипатталады: 1)партия белгілі бір идеялогияны қорғайды немесе кем дегенде адамды, дүниені ерекше көре біледі, 2)партия- адамдарды жергілікті ұйымнан бастап, халықаралық дәрежеге дейін саясаттың әр түрлі деңгейде әжептәуір ұзақ біріктіретін ұйым, 3) партияның мақсаты- билікті қолға алып, жүзеге асыру , 4) әр партия өзіне тән халықтық дауыс беруінен бастап, мүше болуына дейінгі қолдауын қамтамасыз еткісі келеді.[7.20]
Саяси партия тапты немесе әлеуметтік топты ұйымдастырады, олардың саяси сауаттылығын арттырады, жұмысына ұйымшылдық жіне мақсаттылық сипат береді. Оның белгісі бір идеологиясы болады. Ол идеология саясаттың басты принциптерін белгілеуге, саяси партияның ұйымдық құрылысы мен практикалық іс - әрекетін анықтауға негіз болады. Олар партияның бағдарламалары мен жарғыларында айқындалады.
Саяси жүйеде партиялар үлкен әлеуметтік жіктердің мүддесін көздейді. Партиялардың өмір сүруінің өзі сол жіктеудің арасында дау- жанжалдардың тууы мен оларды шешу қажеттігінен шығады.

2.Саяси жүйедегі мемлекеттің басқару ісі
0.1. Саяси режимдегі мемлекеттің сипаты
Саяси режимнің сипаты негізінде саяси жүйелерді демократиялық, тоталитарлық және авторитарлық деп бөлу барынша кең тараған. Саяси жүйелерді дәстүрлік және модернизациялық (жаңартушылық) деп жіктеу де кең тараған. Саясаттанушы Ж. Блонделдің саяси жүйе типологиясын бес категорияға бөлуі кеңінен тарап отыр. Либералдық демократиялық жүйе, саяси қарарларды қабылдауда либерализмге (ымырашылдық, бостандық) сүйенеді. Радикалдық авторитарлық немесе коммунистік жүйелерде либерализмнен гөрі әлеуметтік игілікті бөлудегі теңдікті артық көреді. Дәстүрлік жүйе, олигархия мен консерватизмнің әлеуметтік теңсіздіктің үстемдігін қорғаумен ерекшеленеді. Соғыстан кейінгі дамып келе жатқан елдердегі қалыптасқан популистік (әйгілілік, даңқтылық, мәлімділік) жүйе авторитарлық құралдардың көмегімен игілікті бөлуде үлкен теңдікке жетуге тырысады. Авторитарлық консервативтік жүйеде, теңдік пен саясатқа қатынасуды кеңейтуге қарсы тұратын, қалыптасқан теңсіздікті сақтауға бағытталған белсенді саясатты жүргізеді. Г. Алмондтың ұсынған типологиясында түрліше саяси мәдениетке сүйене отырып саяси жүйені төрт түрге бөледі: ағылшын - американдық, континенттік - европалық индустрияға дейінгі және бірен сарандаған индустриялық, тоталитарлық саяси жүйелер. Тұрақтылыққа немесе ауыспалылыққа бағыталуына байланысты саяси жүйелерді орын алып отырған тәртіпті сақтау мен қолдаушы консервативтік (кертартпалық) және қоғамдық өзгерістерді жүргізуші трансформаторлық (өзгертушілік, ауыстырушылық) деп бөлінеді. Үнемі өзгерістегі құрылымы бар және ортамен кең көлемде өзара байланысты ашық және қатал белгіленген құрылымы бар және ортамен минимум (аса аз көлемде) байланысты жабық саяси жүйелер деп бөлінеді. Сондай-ақ аяқталған және аяқталмаған саяси жүйелерді бөліп қарауға болады. Соңғысы дамып келе жатқан елдерге айрықша тән, бұл елдерде мемлекет бар, бірақ партиялар жоқ, саяси реттеудің құралы ретінде хұқықтар бар, бірақ саяси дәстүрлер жоқ. Биліктің шоғырлануына немесе бөлінуіне байланысты орталықтандырылған және орталықтандырылмаған (бытыраңқы) саяси жүйелер деп топтастырылады. Саяси жүйелер өздерінің қызмет, іс-әрекетін жасауының деңгейіне, ауқымына қарай микроскоптық, аймақтық, макроскоптық (бүтін бір елде), глобалдық -- халықаралық, планетарлық дәрежедегі деп бөлінеді. Типологияның көп түрлілігі саяси дүниенің көп қырлылығын, оны әр түрлі белгілері тұрғысынан талдауға, топтастыруға мүмкін болатындығын дәлелдейді. Бұл тұрғыдан осы немесе басқа елдегі өмір сүріп тұрған әр бір нақтылы саяси жүйені -- түрлі көрсеткіштердің көмегімен сипаттауға және түрліше анықтамалар мен бағалар беруге мүмкін болады. Жоғарыдағы белгілер мен типологияларды пайдалану, белгілі бір елдегі нақтылы саяси жүйені талдаудың шеңберін (көлемін) кеңейтіп, зерттейтін құбылыстардың мәнін терең түсінуге мүмкіндік береді.
Поляктың белгілі саясаттанушысы А. Боднардың көрсеткеніндей, қазіргі қоғамда саяси партиялар мынандай қызметтерді атқарады:
а) қоғамның ірі топтарының мақсат - мүдделерін анықтау, тұжырымдау және негіздеу;
ә ) олардың белсендігін арттырып, жинақтау;
б ) саяси идеология мен саяси ілімдерді жасау;
в) саяси жүйелерді, оның жалпы принциптерін, элементтерін, құрылымдарын қалыптастыруға қатысу және т. б ;
г ) мемлекетте билік үшін күреске қатынасу және оның жұмысының бағдарламасын жасау;
д ) мемлеттік билікті іске асыруға қатынасу;
е ) қоғамдық пікірді қалыптастыру;
ж ) жалпы қоғамды, яғни оның белгілі бір бөлігін ( топты, тапты, жікті ) саяси тәрбиелеу;
и ) мемлекеттің, кәсіподақтарының, қоғамдық ұйымдардың аппараты үшін кадрлар даяларлау иен ұсыну және т.т.
саяси партиялар жайында салыстырмалы зерттеулерге зер салатын болсақ партиялардың нені түсіндіретіндігін байқай аламыз:
1) Саяси партиялар жеке немесе ұжым ретінде өздерін саяси көзқараспен біріктірген азаматтардың бір ортаға топтасу құбылысы (демократ немесе жұмысшы сияқты)
2) Осы азаматтардың кейбіреуі үкіметт немесе одан тыс партияның мақсатын орындауға атсалысады.
3) Бұл азаматтардың ұйымдасу құқы мен партия мақсаты үшін жұмыс жүргізуі заңды. Осы жағынан ресми түрде тыйым салынған және билік үшін күрескен топтарды, партия деуден бұрын жасырын ұйым деп аату дұрыс болар.
4) Саяси партиялар үкіметің жұмысын қадағалайды, билікке келу үшін өз үміткерлерін дайындайды, электораттың қолдауына ие болу үшін атсалысады. Сондай ақ сайлау болмаған жерде саяси партиялардың өмір сүруі неғайбыл.
Саяси партиялар жайлы соңғы пікірталасқа тақырып болған мәселе кімдерді партия мүшелері деуге болады деген сұрақ. Бұл пікірталас Еуропалық және Американдық саясаттанушылар өздерінің саяси жүйелерінің ортаға шығарған көзқарастарын айтуда. Саяси партияның пайда болуына әсер ететін факторларды қарастыру арқылы мүшелердің қалай пайда болатындығын байқай аламыз.
1) лидерлер
2) белсенділер
3) жай мүшелер
4) алдыңғы электорат (бұл тек АҚШ та бар)
5) қолдаушылар
6) сол партияға симпатия танытатындар
Қандай елде болмасын алғашқы үш элементті барлық саяси ғылымды зерттеушілер пікірталассыз қабылдауда. Бұлар: лидерлер, белсенділер, жай мүшелер. Еуропалық саясаттанушылар жалпы партияны анықтағанда осы үш категорияға мән беріп, басқа үш категорияны есепке алмауда. Бұған қарсы пікірде болған Американдық саясаттанушылар соңғы үш категорияны назарда ұстауда.Сонымен саяси партияға нақты анықтама беретін болсақ Дюверженің сөзімен қазіргі заман партиялары бағдарламаларымен немесе мүшелерінің әлеуметтік таптық ерекшеліктерінен бұрын, ұйымдасу қабілетімен ерекшеленеді. Саяси партия белгілі бір құрылымға ие аадмдар қауымдастығы. Заманауи партиялардың негізгі ерекшеліктері, оның анатомиясында. Өткен ғасырларда жалғыз жасушалы тіршіліктің орнына, күрделі және әртекті құрылымдарымен, жиырмасыншы ғасыр партиясы пайда болған.
Сонымен қатар партиялар сайлау науқанын дайындаумен өткізу, өз мүшелерінің санын көбейту, орталық және жергілікті ұйымдардың материалдық ақуалын күшейту, өз еліндегі және шетелдердің мақсаттары жақын партияларымен байланысты нығайтумен үнемі айналысады.
Қазіргі демократиялық қоғамдағы партияның маңызды міндеті - азаматтық қоғаммен мемлекеттің арасындағы байланысты баянды ету. Партиялар арқылы әртүрлі әлеуметтік топтар өздерінің саяси талаптарын мәлімдейді. Бұрынғы әлеуметтік - экономикалық саясатты одан әрі жүргізу немесе оны өзгерту керектігі жөнінде өздерінің көзқарастарын білдіреді. Соның арқасында қоғамның саяси саласындағы қайшылықтардың басы ашылады, әлеуметтік қопарылысқа соқтырарлық өткір, ойда жоқ жиеленістердің мүмкіншілігі азаяды.
Қоғамның қай жігіне партияның ықпалы күшті жүріп, олардан ұзақ уақыт қолдау тапса, сол топ партияның әлеуметтік негізін қалайды. Ал оған сайлау кезінде әрдайым даусын беруші сайлаушылар оның электоратын құрайды. Еуропалағы социал - демократиялық партиялардың дәстүрлі әлеуметтік негізіне жұмысшылар жататын. Либералдық - демократиялық партияларды орта жіктегі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саяси партиялар және қоғамдық қозғалыстар
Қазақстаңдағы мемлекеттік басқару жүйесіндегі орталықтаңдыру
Саяси партиялар туралы теория
Мемлекет нысанының соңғы элементі - саяси режим
Қазақстан Республикасындағы сайлау құқығы принциптері
Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі әлемдегі халықаралық жағдай
Демократиялық басқару
Саяси мәдениеттің типтері
Азаматтық қоғам және құқықгық мемлекет туралы теориялар
Мемлекет және азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет туралы және оны қалыптасуы, дамуы бойынша мәліметтер жинақтап, тақырыптың мәнін ашу
Пәндер