Биология оқыту әдістемесі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті
Жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебі
«Биология» кафедрасы
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Биологияны оқыту технологиясының педагогика, психология, биология және т. б. ғылыми пәндермен байланысы.
Курс 3
Тобы: ХБ-18-1
Пәні: Биология оқыту әдістемесі
Орындаған: Карамурзаева Жулдыз
Қабылдаған: Шаймерденова Гулсана
Тараз 2020
Мазмұны
КІРІСПЕ . . . 3
I. ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ . . . 4
1. 1 Биологияны оқыту әдістемесі пәні, мақсаты, міндеті . . . 4
1. 2 Биологияны оқыту әдістемесінің пайда болуы мен даму тарихы . . . 9
1. 3 Биологияны оқыту әдістемесінің басқа пәндермен байланысы . . . 13
II. ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ . . . 15
2. 1 Мектеп пәнінде биологиялық ұғымдарды дамыту теориясы мен әдістемесі . . . 15
2. 2 Биологиядан оқу жұмысын ұйымдастыру. Биология сабақтарының түрлері . . . 19
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 23
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 24
КІРІСПЕ
Біз бұл курста, Биолгия оқыту әдістемесінің жалпы бір қарастырып өтіп және оның басқа ғылымдар мен пәндермен қандай байланысы бар екендігін анықтаймыз.
Биология оқыту әдістемесі - мектепте өтілетін пәндерді оқыту және тәрбиелеу процесі туралы ғылым. Яғни бұл сабақ биология оқыту әдістемесі деп аталғаны мен жалпы мектепте өтетін пәндерімізге де тікелей байланысты. Айтып отқанымыздай, Биология оқыту әдісі педагогикалық ғылымдар саласына жатады, сондықтан пәннің құрылымы оқытудың жалпы білім беру және тәрбиелеу міндеттеріне сай жүреді. Биология оқыту әдістемесі пәнінің мақсат, міндеттерін соны мен қатар даму тарихын. Бұл пәнді кім жарыққа шығарғаны жайлы бәрін қарастырып өтеміз. Биология оқыту әдістемесінің мектепте теорияда қалай өтілетіндігі жайлы және бұл сабақтан жұмыстарды қалай ұйымдастыру керек екенін анықтап өтетін боламыз. Шыны керек биология оқыту әдістемесінің пәндермен қандай байланысы бар екендігі жайлы мәліметтер аз қарастырылғаныменен тақырыпты ашуға тырыстым. Енді тағы бір қысқаша айта кететін болсақ.
Биологияны оқыту барысында тәрбие беру элементтерінің жүйесі казіргі коғамның жалпы талаптарына сай келеді. Бұл жүйе тәрбиелеудің бірнеше элементтерінен тұрады. Біз ол жайлы курстық тақырып арасына қарастырып өтеміз.
Биологияны оқыту әдістемесінің пайда болуы мен даму тарихы. Жаратылыстану ғылымын оқытудың әдістемесінің даму тарихы ХVIII ғасырдан басталады. Біз бұл жайлы нақты қалай болғанын бастан аяқ толығымен зерттеп қарастырып өтетін боламыз.
Ұғым - білімнің жинақталған түрі және сонымен қатар биологияны меңгеру үрдісінде оқушылардың ойлау формасы. Яғни, мектеп пәнінде биологиялық ұғымдарды дамыту теориясы мен әдістемесі және ұғымдарды дамыту әдіснамасы принциптері, ұғымдарды дамыту теориясы жайлы толығы мен ашап қарастырып өтеміз.
Биологияны оқытудың теориясы мен практикасында оқушылар еңбегімен байланысты оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру формаларының әр түрлерінің қажеттілігі негізделген уақытка дейін сыныптағы сабақ - оқу жұмысын ұйымдастырудың формасы, өйткені пәндерден берілетін материалдардың көбі осы сабақтар түрінде өтеді. Біз жалпы бұл курстық жұмыста қандай тақырыпты қарастыратынымызды және бұл бөлімде тақырыпқа жалпы шолу жасап түсіндріп өттік. Енді тақырыпты толық оқып шыққын кезде нақты толығы мен түсіне аласыздар.
I. ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ
- Биологияны оқыту әдістемесі пәні, мақсаты, міндеті.
Биологияны оқыту әдістемесі - мектепте өтілетін пәндерді оқыту және тәрбиелеу процесі туралы ғылым.
Методика - оқу пәнінің мазмұнын оқыту мен тәрбиелеудің формасын, әдісін қарастырады. Методика - оқу жұмысына керекті құрал-жабдықтарды анықтайды.
Биология пәндерін дұрыс оқыту үшін жақсы жабдықталған бөлме, тірі табиғат бұрышы, мектеп жанындағы оқу -тәжірибе алаңы керек.
Биология оқыту методикасы - жалпы методика және жеке пәндердің методикасы деп екіге бөлінеді.
Жалпы методика лекция түрінде беріледі, бұл жаратылыстану пәнінің шығу тарихын, алғашқы шыққан оқулықтар, методиканың даму тарихын, түрлі тәрбиелер, оқыту әдістерін, сабақ-оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы екендігін, биологияға арналған сыныптан тыс жұмыстарды (үйірме жұмыстары және көпшілік-қоғам жұмыстары т. б. ), биология кабинетін жабдықтау, тірі табиғат бұрышын ұйымдастыру, жабдықтау, мектеп жанындағы оқу-тәжірибе алаңын жоспарлауды қарастырады.
Жеке пәндердің методикасы - зертханалық сабақтар түрінде жүргізіледі және олар: оқытудың әдісін анықтау, оқу материалының мазмұнын толық меңгеріп, оған қажетті көрнекі құралдарды іріктеп алу және қосымша материалдарды пайдалану, тәжірибесін қою, жасау, тақтаны пайдалану т. б.
Оқушылардың дүниетанымын ғылыми негізде қалыптастыруда мектептегі биологиялық білімнің маңызы зор.
Табиғаттың біртұтастығы, оның дамуының үздіксіздігі, өзара байланыстарының күрделілігі, табиғи құбылыстардың үздіксіз байланыстары дүниетанымын калыптастыратын түсініктерге жатады.
Биологиялық білімнің тәрбиелік құндылығы оқушылардың жан-жақты дамуын қамтамасыз етуінде. Жеке тұлғаның жан-жакты қалыптасуына тірі табиғат туралы білімдер үлкен үлес қосады.
Биологияны оқыту барысында тәрбие беру элементтерінің жүйесі казіргі коғамның жалпы талаптарына сай келеді. Бұл жүйе тәрбиелеудің мынадай элементтерінен тұрады:
1. Ғылыми дүниетанымды калыптастыру;
2. Патриотттық тәрбие;
3. Еңбек және экологиялық тәрбие;
4. Гигиеналық, жыныстық және дене тәрбие;
5. Эстетикалық және әдептілік тәрбие.
Оқу материялының мазмұны және оны оқыту әдістері мен формаларына, танымдылық процессіне сәйкес тәрбие беру жқйелі түрде іске асырылады. Бұндай тәрбие тек қана бүкіл педагогикалық процесстің бір бағыттылығымен жүзеге асады.
Биологияны оқытуда мұғалім жан-жақты тәрбиелеудің барлық мүмкініктерін қолдана алады. Сонымен бірге мұғалім өз пәнінің спецификалық ерекшеліктерін ескере отырып, тәрбие жұмысын жүргізді. Оған көптеген мүмкіншіліктер бар. Мысалы, биологияны оқытудағы көптеген түрлі формалар: сабақ, сабақтан тыс және сыныптан тыс жұмыстар, мектепіші және мектепаралық жұмыстар, топсеруендер, оқу-тәрбие учаскесіндегі жұмыстар, оқушылырдың жзғы экологиялық лагерлерде демалумен қатар табиғаттағы құбылыстарды, тірі организмдерді зерттеу жұмыстары т. б
Оқыту мен тәрбиелеу бір-бірімен байланысты күрделі процесс. Сондықтан да, оны жүзеге асыру мұғалімнен көп біліктілік пен шеберлікті талап етеді. Тәрбие беру дегеніміз - оқушының пәннен алған білімінің сенімге айналуы, ал сенім одан әрі жүйеге, көз қарас қалыптасады.
Сенім әр бір жеке тұлғаның адамдарға, қоршаған әлемге қарым-қатынасында, әдетінде жүріс-тұрысында және іс-әрекетінде айқындалады.
Биологияны оқыту арқылы тәрбиелеудің барлық мүмкіндіктерін бір-бәрәмен байланысқан белгілі элементтерге жатқызуға болады.
Патриоттық тәрбие . Оқушыларға потриоттық тәбие беруде сабақта және сыныптан тыс жұмыстарға ғылыми жаңалықтардың тарихымен, өз елінің және басқа елдердің көрнекті ғалымдарының ғылыми қызметімен, ғалымдарың отандық және әлемдік ғылымның дамуына қосқан үлестерімен танысу және оқушылардың туған жерінің табиғатын қорғауда қосатын үлесі т. б. үлкен мәні бар.
Патриоттық сезім, сондай-ақ туған өлкеге деген сүйіспеншілік сезімі сыныптан тыс жұмыстарды қызықты ұйымдастырғанда арта түседі. Мысалы, VI-VII сыныптың жас натуралистер станциясында атқаратын жұмыстың мақсатын былай белгілеуге болады: мектеп оқушылары мен жергілікті халық арасында туған табиғатты байыту және қорғау идеясын насихаттау; мектеп оқушыларын табиғаттың сұлулығын сақтап, оны өзгерту, қайта жасау, түсіну және көре білуге үйрету; оқу-тәжірибие учаскесінде және тірі табиғат жүйесінде жұмыстар жүргізу, туған өлкеге жорықтар, экскурсия жасау кезінде өсімдіктер мен жнуарлар әлемін терең оқып үйрену жолдары арқылы табиғатты сүюге тәрбиелеу болып табыладыны анық. Осы негізде мына тақырыптарды жоспарлауға болады:
- Туған өлкенің табиғатын қорғау: қорғауға жататын заттарды айқындау ұзақ жасайтын емен, сирек кездесетін өсімдіктер немесе жануарлар, бақ архитетурасының ескерткіштерімен танысу тақырыбы;
- Құстарды, балықтарды, аңдарды және пайдалы жануарларды қорғауды ұйымдастыру, жемшарлар даярлау және қысқы уақытта құстарды қосымша жемдеуғ браконьерлерді айқындап, үлкендерге көмек беру, құстардың пайдасы және оларды қорғау және т. б. туралы бастауыш сынып оқушылары мен әңгіме өткізу, “Жасыл ел” бағдарламысымен жұмыс істеу.
- Туған - өлкенің табиғатын байыту пайдалы жануарларды бағалы терілі аңдарды, балықтарды жазда мекенге жерсіндіруге көмектесу; мектеп орналасқан аймақта әлі таралмаған халық шарушылығына ерекше маңызы бар сүректі, бұта жіне шөптесін өсімдітерді өсіру; туған өлкені көгалдандыру мектеп орналасқан елді мекенге және мектептің айналасына бақтар мен парктер, скверлер, гүлзарлар жасап қою.
- Туған өлкенің табиғатын зерттеу мақсатында туған өлкеге топсеруен ұйымдастыру өткізу жылдың әр маусымында - күзде, қыста, көктемде және жазда жүргізіледі; туған өлке табиғаты туралы әдеби мағлұматтар жинау және оны оқып үйрену; мектептің өлке тану музейін құру. \
Еңбек және экологиялық тәрбие . Биологиялық білім берудің маңызды мәселелерінің бірі - оқушылырды өмірге, мамандық таңдауға және еңбек етуге баулыйды.
Өнірісті тек материялдық жағынан, ал еңбекті физикалық заттар мен операция жасау жиынтығы ретінде түсінік беру соңғы кезде осы мәселенің шешімінің методологиялық негізі болып есептеледі. Осыған орай рухани өндіріс ескерілмей, л кәсіптік бағдарлану жалпы мамандықтармен танысумен шектелген. Бұл жағдай оқушылардың интеллектуалды потенциялының төмендеуіне де себепкер болды.
Биологияны оқыту барысында оқушы барлық өндіріс ортасының (материялды, рухани) технологияларымен танысып, өзінің күшін эмпирикалық, теориялық және конструктивті мәселелерді шешуде байқаған жөн. Сонда ғана оқушы өзінің таңдаған болашақ мамандығына психологялық жағынан дайын болады. Бұл өте маңызды шарт болып есептеледі.
Еңбек тәрбиесн беру - адамның бүкіл өмірін қамтитын бітұтас жүйе болуы тиіс.
Экологиялық тәрбие берудің басты мақсатына келер болсақ - адамның табиғатпен бірлестігінде және оның мәдениеті мен барлық практикалық іс-әрекетінің табиғатты пайдалануңа емес, тіпті оның алғашқы түрін сақтау да емес, табиғаттың қоғамдық дамуына ықпал етуіне негізделген адамның жаңа ой көзқарасының қалыптасуы, әр бір адамның өнегелі қасиетін нығайту болып табылады. Мұндағы принцип адмзаттың әрі қарай дамуы тек табиғаттың дамуы мен, оның көптүрлілігі мен байлығына байланысты болашағына негізделген.
Экологиялық тәрбие беру ерте жастан басталу керек. Отбасында және мектепке дейінгі тәрбие бертін мекмелерде бала қоршаған әлем, табиғат туралы алғашқы түсініктер алып, өсімдіктер мен жануарларды қорғаудың, сулардың, ауаның, жердің тазалығын сақтаудың қажеттілігі және пайдалығын түсінетін болады.
Экологиялық тәрбие беруде орта мектептің мүмкіншіліктері ерекше. Өйткені, мектеп табалдырығынан аттап бастағаннан оқушы жүйелі білім алуымен қатар тәрбиеленіп, оның әлемге деген көз қарасы дамиды. Мекепті бітіріп, кәмелетке жеткен кезде қушының әлемге деген көз қарасы біршама қалыптасады.
Оқушының экологиялык мәдениетін калыптастыруда сабақтан тыс және сыныптан тыс тәрбие беру жұмыстарының аса зор ықпалы бар. Бұл жұмыстың табысты болуы мынадай жайларға тәуелді:
- оқушыларды тәрбиелеудегі қойылған максатты айкын жете түсіну;
- экологиялық тәрбие беру процессінің құрылымының компоненттерін анықтау тұрғысында: мақсатын, міндетін, принциптерін, мазмұнын, әдістерін пайдалану жағдайлары, нәтижелерді анықтау әдістері.
- дәстүрлі және активті формалар мен әдістерді, теориялық және практикалық жұмыстарды тиімді үйлестіріп қолдану;
- экологиялык тәрбие беру процессіне ата-аналарды белсендіре қатыстыру;
- оқушылардын, практикалық жұмыстарын нығайту;
- оқушылардың белсенді азаматтық позициясын қалыптастыру және жергілікті және халықаралық экологиялық ұйымдар жұмысына тарту.
Мектептегі экологиялық тәрбие берудің соңғы мақсаты -білім негізінде оқушылардың өнегелік касиетін нығайту. Ол қасиеттерге: адамның табиғат жайында, ондағы өзара күрделі байланыстарды, адамзатпен табиғат арасындағы қарым-қатынастары жайында білімі, табиғатка және оны корғау мәселелеріне ықыласы; өнегелі сезімдер (сүйіспеншілік, аяныш, т. б. ) және эстетикалық (масаттану, тандану, сүйсіну, т. б. ) коршаған ортада адамның өзін әдепті ұстауы жатады.
Мұндай жұмыстың табысты болуы мүғалімнің біліміне, шеберлігіне байланысты. Биология мұғалімнің экологиялык тәрбие беру жұмыстарын жүргізуде барлық мүмкіндіктері бар. Тәрбие жұмысын жүргізу мектептің барлық мұғалімдерінің міндеті. Басқа пән мұғалімдерінің бұл істі жүзеге асыруға базалық білімі жетісе бермейді. Сондыктан, кез келген мектепте экологиялық тәрбие беру жұмысы биолог-мүғалімге арттырылады: мектепшілік, мектептен тыс жұмыстарды ұйымдастыру (танымдылық, практикалык, танымдылық-көңіл көтеретін, қайырымдылық, т. б. ) және басқа пән мұғалімдеріне кеңес беріп, жәрдем көрсету. Биологиялык білім берудің мәселелерінің бірі - гигиеналық және жыныстық тәрбие беру.
Оқушылардың биология сабағында алған білімдері өздерінің өмірін бағалап, гигиеналык талаптардың маңызын терең түсінуге мүмкіндік туғызады. Гигиеналық тәрбиенің денсаулык сактауға пайдалығын түсіну адамның өзінің денсаулығына қатынасы өзгеріп, өмірін гигиеналык тұрғыдан дұрыс ұйымдастыруға әкеледі.
Гигиеналык дағдының қалыптасуы адамның өзін-өзі тәрбиелеумен тікелей байланысты.
"Тәнтану" және басқа да биологиялык курстарды оқыту барысында оқушыларға гигиеналық тәрбие берудің негізгі мәселелері: тамақтану, ұйқы, еңбек, демалыс, дене, киім, аяқ киім, т. б. гигиенасымен ғылыми тұрғыдан таныстыру және дағдыландыру болып есептеледі.
Гигиеналық және әдептілік тәрбие берудің киын бір саласы - жыныстық тәрбие.
Жыныстык тәрбие - бұл жыныстык дамудың физиологиялык және психологиялық ерекшеліктерімен байланысты гигиеналык және әдептілік дағдының қалыптасуы.
Биологияны окыту барысында окушылардың жыныстық мәселелерге дұрыс қарым-қатынасының қалыптасуына биологиялық білімдер және ұл мен қыз арасындағы карым-қатынастың әдепті-этикалық нормада болуы жәрдемдеседі. "Тәнтану" курсын оқығанда оқушылар адамның ұрықтарының мәнімен, баланың жас организмінің жетілу ерекшеліктерімен және дене шынықтыру мен спорттың маңызымен танысады.
Өсімдіктану және зоология курстарын окығанда окушылар биологиялық түрді сақтауды қамтамасыз ететін, организмдерінің көбеюінің жалпы биологиялық маңызымен танысады.
Оқушылардың биология сабақтарында алған білімдері әдептілік-гигиеналык тәрбие алуына жеткіліксіз. Сондыктан, биолог-мұғалім басқа пән мұғалімдері және медицина кызметкерлерімен бірігіп сыныптан тыс жыныстық тәрбиелеу жұмыстарын ұйымдастыруы тиіс.
Жыныстық тәрбие беру процессінде оқушыларға дұрыс өмір сүру принциптері, жыныс гигиенасы, жыныстык қатынастан жұғатын соз ауруларының себептері мен зардабы, СПИД жайлы білім беріп, жыныстық катынастардың моральды-әдептілік негіздерін талқылау қажет.
Жыныстык тәрбие беру әдептілік тәрбиенің қиын саласы болып есептеледі, сондықтан да бұл мәселені жан-жакты қарастыру керек.
Дене тәрбиесі әр бір мектепте, оқыту жүйесіне байланысты, дене шынықтыру сабақтарында, күнделікті жаттығу кезінде, спорттық үйірмелер мен секциялардың сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстарында, спорт мектептерінде жүргізіледі.
Дегенмен, дене тәрбиесінің міндеті тек оқушыларды жаттықтыруда емес. Оған коғамдық, еңбектік және тұрмыстык жеке гигиенасы және күнделікті еңбек тәртібімен байланысты қарастырылады. Осы айтылған мәселелердің барлығы адам организмімен танысқанда ғылыми негізделуі керек.
Эстетика - көркемдік, әсемдік зандылыктарын, жағдайларын және элементтерін зерттейтін ғылым.
Эстетикалық тәрбиелеу эмоцияның, көркемдікті ұнату, әсемдік сезімнің дамуына бағытталған.
Мейірімділік (этика) сезімді және әсемдік (эстетика) сезімді тәрбиелеу тығыз байланысқан процесс.
Табиғат әдептілік нормаларға тәуелсіз болғанымен, оның объектілерін зерттеу және қорытындылау оқушының әдептілік тәжірибесін арттырып, дамытады.
Алғашында әдептілік адамның адамға қатынасындағы адамгершілік сезімімен анықталады. Бірақ адам табиғаттың тек бір бөлігі ретінде бірінші орынға өзінің табиғатқа қатынасын қою керек.
1. 2 Биологияны оқыту әдістемесінің пайда болуы мен даму тарихы
Жаратылыстану ғылымын оқытудың әдістемесінің даму тарихы ХVIII ғасырдан басталады. Ежелгі Русьтің мектептерінде табиғат туралы пәндер оқытылмады. Мектептерде жаратылыстануды оқыту ХVIII ғасырдың аяғында енгізілді. Табиғат байлықтарын және экономиканы дамыту үшін мемлекетке білімді адамдар керек болды. ІІ Екатерина халық училищесін және мұғалімдер семинариясын (1783) ашты. Халық училищесі мен мұғалімдер семинариясында алғаш рет жаратылыстану оқытыла бастады. Жаратылыстанудан оқулық құрастыруға, мұғалімдер семинариясында дәріс оқуға академик Василий Федорович Зуев (1754-1784) келді. 1786 жылы Зуев фамилиясын көрсетпей «Ресей империясындағы халық училищелеріне арналған жаратылыстану тарихының сызбалары» атты оқулық шығарды. Осы жылдан бастап жаратылыстануды оқытудың авторы барлық негізгі әдістемелік міндеттерді шешуге тырысты. Оқулықта В. Ф. Зуев жаратылыстануды оқытудың бірізділігін қалыптастырды. 1. Қазбалар патшалығы (өлі табиғат) 2. Өсімдіктер патшалығы (ботаника) 3. Жануарлар патшалығы (зоология) В. Ф. Зуев оқу пәні ретінде жаратылыстанудың негізін қалады. Ол жеке жеке өсімдіктерге, жануарларға, олардың биологиясына сипаттама беріп, оларды адамның қолдануы туралы, өсімдіктің «жасушалық» құрылымы туралы айтылып кеткен. «Жаратылыстану тарихын » оқытудың практикалық мәселелерін шеше отырып, В. Ф. Зуев әдістеменің негізгі мәселелерін шешуге тырысты: ғылым және оқу пәні, ғылымилығы, мазмұнының жүйелігі және бірізділігі, оны берудің тиімділігі, табиғи және бейнелеу көрнекіліктердің орны, оқушылардың білімдерінің мәні, жаратылыстану тарихының білім берудегі практикалық рөлі. Сонымен, ХVIII ғасырдың аяғында академик Василий Федорович Зуев орыстың жаратылыстануды оқытудың әдістемесінің бастамасын қалап, оның негізін салушы болып есептеледі. ХІХ ғасырдың басында халық ағарту министрлігі және негізгі (губерниялық) халық училищелері гимназия болып құрылды. Мұғалімдер семинариясы Педагогикалық институт болып қайта ұйымдастырылды. В. Ф. Зуевтің ізбасары ретінде А. М. Теряев көрнекі құралдарды қолдану және мектепте таратуды қамтамасыз ету идеясын ұстазынан алды. 10 Биология ғылымында систематика (жүйелеу) кең тарала бастады, сондықтан да К. Линнейдің «Табиғат жүйесі» үлкен назарға ілінді. ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы ғылыми әдістемелік нұсқаулар оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай келмейтін сипатта болды. Оқушылар үйінде оқулық мәтінін механикалық түрде жаттап алып жүрді. Мектеп оқулықтарының университет оқулықтарынан айырмашылығы болған жоқ. Жаратылыстануды оқуда ойлау қабілетін және танымын тәрбиелеу туралы терең ойлар айтқан атақты ботаник профессор А. Н. Бекетов (1825-1902) болды. Ол бірден догматикалық оқытуға қарсы шықты. Ол «Дедуктивті оқыту оқушыларды джайын білім мен қорытындылармен қамтамасыз етеді, бірақ ойлау әрекетін дамытпайды, тек есте сақтау қабілеті ғана жұмыс атқарады. Бұл жаратылыстанудың білім берушілік мәнін төмендетеді»-деді. Өзінің «гимназияларда жаратылыстану тарихын оқытуда ойлаудың индуктивті әдісінің мазмұны» атты мақаласында (журнал МНП, 1863, №12) А. Н. Бекетов оқу материалының орналасуына, сабақ өткізу барысында өзіндік ойлаудың және танымның дамуына өз көзқарасын білдірді. А. Н. Бекетов құнды әдістемелік қағиданы ұсынып, яғни оқушыларды өз беттерімен оқып үйрету мақсатты түрде болу керек деді. Ең алдымен бақылап және салыстырып үйрену керек, яғни жаратылыс тарихы бақылау мен салыстыруға ең көп мәліметтерге толы екеніне ешкім қарсылық білдірмейді. Бақылау оңай ғылым емес, затты бақылап қарап, бірақ та оның негізгі қасиетін таба алмауымыз мүмкін. Сондықтан да терең де жан жақты бақылау жүргізу үшін тәжірибелі бақылаушының жетекшілігмен, ұзақ уақыт жаттығу керек, деді
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz