Ежелгі дәуір әдебиеті жалпы қазақтың емес күллі Түркі жұртынның мәңгі мұрасы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Әдебиет тарихы мен мәдениет тарихы - егіз арна. Басқаша айтқанда, бір халықтың ерте дәуірлердегі әдебиетін зерттеу дегеніміз, сол халықтың тарихын, мәдениетін, этнографиясы мен фольклорын кешенді түрде қарастыру барысында ғана толыққанды жүзеге асырылатын ғылыми үдеріс. Әлбетте, бүгінгі күні қазақ әдебиетінің тарихы атты пән осы айтылған күрделі мәселені шешудің ғылыми жолдарын қарастыру бағытында үнемі ізденумен келеді. Кенжелеп дамыған қазақ әдебиеті тарихының өзекті мәселелері аз емес. Кеңес кезеңінде, әсіресе, ұлттық сөз өнері тарихын дәуірлеу бағытында біржақтылық орын алып, ғалымдарымыздың көпшілігі коммунистік идеологияның ықпалынан аса алмады. Расында қазір қазақ эпостары мен ежелгi түркiлердiң арғы ата-тегi саналатын сақтардың батырлық жырлары арасындағы мазмұн, түр, стиль бiрлiгi көркемдiк дәстүр жалғастығы тұрғысынан ғылыми негiзде дәлелдендi. Сонау б.з.б. дәуiрлерде шығарылған Алып Ер Тоңға, Шу батыр, Атилла, Көк бөрi және Ергенеқон дастандары бүгiнгi қазақ әдебиетінiң қайнар-бастаулары болып табылады. Аталған қаһармандық дастандар өзiнен кейiнгi тарихи кезеңдердегi Түрiк қағандығы тұсындағы (VIII ғ.) әдеби жәдiгерлердiң (Күлтегiн, Тоныкөк, Бiлге қаған жырлары) жазылуына өнеге-өрнек, негiз болуы да мүмкін. Жартылай көшпелі түрiк халықтарының ортағасырлық жазба әдебиеті де өзiнен бұрынғы сақтар мен ғұндардың ауыз әдебиетi үлгiлерiмен тарихи-типологиялық байланыста, дәстүр жолымен үндестiкте көрініс тапты. Түркі қағанаты дәуiрiнде туған ерлiк пен елдік эпостарының қатарында Оғыз қаған, Қорқыт ата кiтаптарын атаймыз. Оғыз қаған дастанын зерттеуде бірқатар Еуропа, Түркия ғалымдары көп тер төкті. Оғыз қаған дастанының ұйғыр әрпімен жазылып, Париж ұлттық кітапханасында сақталып келген нұсқасын тілдік тұрғыдан зерттеп, оған ғылыми түсініктеме берген ғалым - көрнекті түркітанушы А.М.Щербак болатын. Ол Оғыз қаған дастанының мәтініне транскрипция жасады және оны орыс тіліне жолма-жол аударып, маңызды қызмет атқарды. Сондай-ақ, бұрындары ғылыми еңбектері бізге беймәлім Н.Атсыз, Н.Банарлы, Ф.Көпрүлузаде, Б.Аталай, Б.Рифат сияқты түрік ғалымдарының оғыз-қыпшақ дәуірінен жеткен дастандар жайындағы толымды зерттеулері қолымызға тиді. Оғыз қаған, Қорқыт ата дастандары мен қазақтың батырлық жырлары арасындағы типологиялық, әдеби және фольклорлық байланыстың ғылыми аспектілерін зерттеуге Ә.Дербісәлин, М.Жармұхамедұлы, Ш. Ыбыраев, Ө.Күмісбаев сияқты қазақ ғалымдары да атсалысты. Сонымен бірге, ағылшын, неміс, француз және орыс зерттеушілері де түркітану саласында үлкен жетістіктерге жеткені мәлім. Ал, бұдан кейiнгi Қарахан мемлекетi тұсындағы түркi халықтарының қоғамдық-мәдени даму тарихындағы алтын белесті Қайта өркендеу дәуiрi деп атаса да болады. Ежелгі дәуір әддебиеті қазақ халқының тамыры тереңде екенің, ұлтты ұлықтаған бабалар келешекке мол мұра қалдырғанын дәлелдейді. Түркiлердің атағын әлемге танытқан Әбу Наср әл-Фараби, Әбу Райхан әл-Бируни, Махмұт Қашқари, Жүсiп Баласағұни, Ахмет Йүгiнеки, Қожа Ахмет Йасауи, Сүлеймен Бақырғани, т.б. ойшылдар осы ежелгі дәуір әдебиетінде ғұмыр кешіп, соңдарына өлмес мұра, өшпес даңқын қалдырды. Олар өздерiнiң ғылыми және көркем туындыларында гуманистiк идеяларды, адамгершiлiк пен қайырымдылықты, т.б. iзгi қасиеттердi ту етіп, діл мен дінді тазалыққа үндеді, өнер мен ғылымда тың жаңалықтар ашып, рухани дүниені жаңа биіктерге көтердi. Атап айтқанда, әл-Фарабидiң Риторика, Поэзия өнерi туралы, ибн-Синаның Даныш-намесi (Бiлiм кiтабы), әл-Бирунидiң Хикметтерi (Даналық сөздерi), Махмұт Қашқаридiң Диуани лұғат ат-түрiк (Түркi сөздерiнiң жинағы), Баласағұнидiң Құтты бiлiгi, Иасауидiң Диуани хикметi (Ақыл кiтабы), Бақырғанидың Бақырғани кiтабы, т.б. еңбектері осыған толықтай дәлел.
Зерттеу жұмысының өзектілігі; Әдебиет,мәдениет бір адамды емес, тұтас бір қоғамды тәрбиелейді. Қазақ тарихының тамыры тереңде. Тәуелсіз мемлекеттермен тереземіз теңескенге дейін тарихымыз елеулі оқиғаларға толы. Ұлт қалыптаса бастағанда ол ұлттың жаңа тарихы,әдебиеті қалыптасып.келешек ұрпаққа мұра болып, тамырын тереңге жая бастайды.
Курстық жұмыстың өзекті мәселесі болып табылатын ежелгі дәуір әдебиеті меңгертудің тиімді жолдарын ғана ұсыну емес,келешек ұрпақты отансүйгіштікке, еңбексүйгіштікке, азаматтыққа,ұлттың ұлықтауға, тарихын меңгеруге дәріптейді. Ежелгі дәуір әдебиеті оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, ұлттың сүюге,адамгершілік құндылықтарды, ұлттық өнерді бойына сіңіруге зор себептігін тигізеді. Сонымен қатар өз елінің тарихын, өз елінің әдебиетін оқыған әр ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ әдебиттану ғылымында көне түркі ескерткіштерінің әдеби тұрғыдан зерттелуі
Ежелгі дәуір әдебиетінің қазақ әдебиетінде алатын орнын анықтау
Қазақ поэзиясындағы батыр ақын бейнесі
Қазақ даласындағы ислам әдебиеті
Ежелгі түркі әдебиетінің ескерткіштері (мектеп бағдарламасы бойынша)
Қорқыт ата туралы
Күлтегін жазбасы және фольклорлық дәстүр
М.Әуезов қазақ әдебиетінде драматургия жанрының негізін салушы
Ежелгі дәуір әдебиеті туралы ақпарат
Б.КЕНЖЕБАЕВ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ТАРИХЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Пәндер