Қазақ тіліндегі кейбір сөздердің этимологиясы жайында



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАРЫ:

КІРІСПЕ

1
Ғ. МҰСАБАЕВ ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІНІҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ РЕТІНДЕ

1.1
Ғ. Мұсабаевтың өмірбаяны мен еңбек жолы
5
1.2
Ғ. Мұсабаевтың ғылыми зерттеулері мен еңбектері
8
1.3
Ғ. Мұсабаевтың лексикологиялық саласына қосқан үлесі
11
2
Ғ. МҰСАБАЕВТЫҢ ФИЛОЛОГИЯЛЫҚ МҰРАСЫ

2.1
Қазақ тіліндегі кейбір сөздердің этимологиясы жайында
15
2.2
Ғ. Мұсабаевтың тіл тарихына қатысты зерттеулері
20

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. Тіл ғасырлар бойы ата - бабамызбен бірге жасасып келеді. Тіл қатынас құралы болудан айрылған жұрт ұлт болудан қалады. Бұны адамзат тарихы дәлелдеген. Тілдің құдіреті оның міндетті қызметінде. Қазіргі таңдағы әлеуметтік жағдайларды ескере отырып, жеке тұлғаны қалыптастыруда білім мен тәрбие ұштасқан тұста ғана оқу үрдісі нәтижелі болады. Жас ұрпақты ұлтжандылыққа тәрбиелеуде ұлттық санасын оятып, тілін дамытып және білім беруді тиімді әдістемемен жандандыра түсіп дамыта оқу керектігі туындап отыр. Оқушының тілін дамыту - қазіргі кезде оқу - тәрбие ісіндегі басты мәселе. Қазақ тілін нәтижелі үйрену үшін оның оқыту әдістемесін жетілдіре түсіну - бүгінгі күннің кезек күттірмейтін маңызды мәселесі.
Туғанына 100 жыл толып отырған көрнекті тіл маман - да - ры - ның тағы бірі - Ғайнетдин Мұса - баев. Оның ғылыми-зерттеу ең - бектері негізінен қазақ тілінің лек - сикасы мен лексикографиясына, сондай-ақ тіл тарихы мәселелеріне арналды. Ынта-жігердің молдығы, ерекше еңбексүйгіштік оның бойындағы басты қасиет - тер - дің бірі еді. Сондықтан да ол ірі-ірі жұмыстарды қолға алудан жүрек - сінген емес. Осы қасиет - те - рі - нің арқасында ол қазақ лек - сик - ографиясының дамуына өз үлесін қосып, ізін қалдыра білді.
Төңкерістің текетіресін, отыз екінің аштығын, отыз жетінің ойранын, қырқыншы жылдар - дың қырғынын көріп, зобалаңды жылдардың зардаптарын халық - пен қатар сезінді. Сондықтан да ол ерте есейіп, жастайынан шың - далып өсті. Қысталаң өмір - дің қыспақтарынан өте жүріп, құрыштай шынықты. Содан да болар, оның бойында қиын - дық - тан қаймықпайтын қай - сар - лық пен бейнеттен безініп, ізденуден жалықпайтын еңбек - сүйгіш - тік, ізденімпаздық, төзім - ділік қасиеттер мол болды. Ғайнетдин Мұса - баев екі тілді сөз - діктермен қатар ол қазақ тілінің ор - фо - графиялық, түсіндірме сөз - діктерін жасауға, қазақ тілінің грам - матикасын жазуға да қа - тысқан авторлардың қатарында бол - ды.
Сонымен, зерттеу тақырыбының өзектілігі Ғайнетдин Мұса - баевтың өмірбаяны мен шығармашылығын, филологиялық мұраларын айқындау ретінде қарастырылды.
Зерттеу мақсаты - Ғайнетдин Мұса - баевтың филологиялық еңбектері мен ғылыми зерттеулерін қарастыру.
Зерттеу міндеттері:
- Ғ. Мұсабаевтың өмірбаяны мен еңбек жолын зерттеу;
- Ғ. Мұсабаевтың ғылыми зерттеулері мен еңбектерін қарастыру;
- Ғ. Мұсабаевтың лексикологиялық саласына қосқан үлесін айқындау;
- Ғ. Мұсабаевтың тіл тарихына қатысты зерттеулерін қарастыру.
Зерттеу нысаны: мектептегі (колледж) оқу-тәрбие үдерісі.
Зерттеу пәні:
Зерттеу болжамы. Оқыту жұмысында балалардың Ғайнетдин Мұса - баевтың филологиялық еңбектерімен таныстыру, сөздік қорларын дамыту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану, әрі оны күнделікті іс-әрекет кезіндегі тілдік қарым-қатынаста қолдана білуге жаттықтыру жолдары анықталады. Балалардың Ғайнетдин Мұса - баев туралы танымдары артады.
Зерттеудің көздері: Ғайнетдин Мұса - баевтың, оқытушылардың, ғалымдардың ғылыми зерттеу еңбектері.
Зерттеу әдістері: зерттеу тақырыбына қатысты ғылыми - теориялық әдебиеттерді талдау; мерзімді баспа материалдарымен танысу; оқушылармен, мұғалімдермен сауалнамалар жүргізу, әңгімелесу; эксперимент жұмысын ұйымдастыру және алынған қорытынды нәтижелерді өңдеу; білім беруге қатысты материалдарды жүйелеу және оларды толықтыру.
Курстық жұмыстың құрамы. Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Практикалық маңыздылығы. Ұсынылған жұмыстардағы жазба деректерді тәрбиешілер мен оқытушылар, студенттер білім көзі ретінде пайдалана алады.

1. Ғ. МҰСАБАЕВ ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІНІҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ РЕТІНДЕ
1.1 Ғ. Мұсабаевтың өмірбаяны мен еңбек жолы
Қазақ тіл білімінің негізін қалаған А.Байтұрсынұлы мен оның замандас, ізбасарлары Е. Омарұлы, Қ. Кемеңгерұлы, Т. Шонан - ұлы, Қ. Жұбановтардан кейінгі буынның ірі өкілі, туған - дарына 100 жыл толып отырған тілші ғалымдардың бірі - Ғ. Мұсабаев.
Көрнекті ғалым Ғайнетдин Ғалиұлы Мұсабаев 1907 жылдың 17 қыркүйегінде бұрынғы РСФСР-дің Омбы қаласында жұмысшы отбасында дүниеге келген. Ол бала кезінен-ақ өмірдің тауқыметін көріп өсті, тоғызға келгенде əкесі, он бір жасқа келгенде анасы да қайтыс болып, бес бірдей жетім бала атасы Мұсабайдың қолында тəрбиеленеді. Жетім қалған балалардың ең үлкені болғандықтан, Ғайнетдин жасынан қара жұмысқа түсіп, кісі есігінде жүреді. Жұмыс істей жүріп ара-арасында оқиды, осы қалада екі кластық білім алады. 15 жасынан бастап отбасының бар ауыртпалығы Ғайнетдиннің мойнына түседі, өйткені 1922 жылы атасы да қайтыс болады. Омбыдағы атақты кулак Буряковқа жалданып, жер жыртып, егін салады, шөп шабады, малын бағады. Омбы теміржол депосында теміржолшы, Қарағандыда, Степнякта шахтер болып істейді [1].
Омбыда дүниеге келген Ғай - некең 1936 жылы Абай атындағы Қа - зақ мемлекеттік институтын бітір - геннен кейін еңбек жолын 1937-1939 жылдары КСРО ғылым ака - демиясының Қазақстандағы бөлім - шесінің Тіл және әдебиет сек - торында ғылыми қызметкерліктен бас - тады. 1939-1941 жылдары аспиран - тураны аяқтағаннан соң Отан соғысына аттанды. Ұлы Отан соғысы басталғанда аспирант Ғ. Мұсабаев бітіп тұрған кандидаттық диссертациясын тоқтатып қойып, өзі сұранып ел қорғауға аттанады. Қатардағы жауынгер əскери саяси училищені бітірген соң танк батальоны командирінің орынбасары болып, капитан дəрежесіне дейін көтеріледі. Шайқастарда талай рет ауыр жараланып, екі рет контузия алады. Елге кеудесін ордендер мен медальдарға толтырып, майданнан мүгедек болып қайтқанына қарамастан, қаламын қолға қайта алып, өнімді еңбек етіп, ана тілінің қыр-сырын зерттеуге, күн тəртібінде тұрған өзекті мəселелерді шешуге өзіне тəн қайсарлықпен белсене араласып, ғылыми зерттеулерінде үлкен табыстарға жетеді.
Отан соғы - сынан оралғаннан кейін 1946-1948 жылдары ҚазССР ҒА Тіл және әдебиет институтының бөлім меңгерушісі, 1948-1952 жылдары директордың орынбасары қызмет - те - рін атқарды. 1952 жылдан бастап өмі - рінің соңына дейін Тіл білімі инс - титутының екі тілді сөздік бөлі - мінің меңгерушісі болып еңбек етті. Осы бөлімді басқарған отыз жылдай уақыт ішінде ол қазақ лекси - ко - гра - фия - сының дамуына, екі тілді сөздік жасау ісіне елеулі үлес қосты. Үл - кенді-кішілі бірқатар қазақша-ор - ысша, орысша-қазақша сөздіктердің жа - рық көруіне өзі тікелей бас - шы - лық жасады, құрастырушы авторлар қатарында болды.
Сөздік жасау - аса ыждағатты - лық - пен қатар еңбекқорлықты, жыл - дар бойы ерінбей-жалықпай із - денуді, төзімділікті қажет ететін жұ - мыс. Ал екі тілді сөздік жасау екі тілге бірдей жетік болуды талап ете - тін күрделі іс. Ғайнекең осындай жа - уапты да күрделі іске батыл кірі - сіп, көп еңбек етті. Оның жалпы ре - дак - торлығымен 1978-1982 жыл - дары орысша-қазақша екі томдық үл - кен сөздік жарық көрді. Бұл сөз - дік 1954 жылы Н.Сауран - баевтың ре - дак - тор - лығымен жа - рыққа шық - қан үл - кен сөз - діктен кейінгі көлемді еңбек ретінде күні бүгінге дейін жұртшылық қа - жетін өтеп, қол - данылып келеді. Екі тілді сөз - діктермен қатар ол қазақ тілінің ор - фо - графиялық, түсіндірме сөз - діктерін жасауға, қазақ тілінің грам - матикасын жазуға да қа - тысқан авторлардың қатарында бол - ды [2].
Орда бұзар отызында ел қор - ғауға аттанып, майданда шың - дал - ған қайсар жан Ғайнекең қиын - дықтан қаймығу, жұмыс - тың жеңілін таңдауға ұмтылу дегенді білмейтін. Ынта-жігердің молдығы, ерекше еңбексүйгіштік оның бойындағы басты қасиет - тер - дің бірі еді. Сондықтан да ол ірі-ірі жұмыстарды қолға алудан жүрек - сінген емес. Осы қасиет - те - рі - нің арқасында ол қазақ лек - сикографиясының дамуына өз үлесін қосып, ізін қалдыра білді.
Аласапыран ХХ ғасыр саяси оқиғалар мен өзгерістерге толы бол - ғаны белгілі. 1917 жылғы Қазан төңкерісі, 1932-33 жыл - дар - д - ағы ашаршылық, 1937-38 жыл - дардағы жаппай қуғын- сүр - гін, 1941-45 жылдардағы екінші дүние - жүзілік соғыс біз сөз етіп отырған тіл білімпаздарының балалық, жастық, жігіттік ша - ғына тұспа-тұс келді. Олар осы аталған елеулі тарихи оқиғалар мен ғасыр нәубеттерінің бәрін де көріп ержетті, куәсі болды. Төңкерістің текетіресін, отыз екінің аштығын, отыз жетінің ойранын, қырқыншы жылдар - дың қырғынын көріп, зобалаңды жылдардың зардаптарын халық - пен қатар сезінді. Сондықтан да олар ерте есейіп, жастайынан шың - далып өсті.
Ғайнетдин Ғалиұлы 1948 жылы "Қазақ тіліндегі сын есімнің шы - райлары" деген тақырыпта кан - ди - д - аттық, ал 1960 жылы "Қазақ тілі - нің лексикасы" деген тақырыпта док - торлық диссертация қорғады. Ұлт - тық ғылым академиясының кор - респондент-мүшесі болып сай - ланды. Оның ғылыми-зерттеу ең - бектері негізінен қазақ тілінің лек - сикасы мен лексикографиясына, сондай-ақ тіл тарихы мәселелеріне арналды.
Ғайнетдин Ғалиұлы ғылыми-зерт - теу жұмыстарын жүргізумен бір - ге мектеп оқулықтарын жазуға да белсене қатысқан ғалым - дардың бірі. Ол автор - лар - дың бірі ретінде орыс мек - теп - терінің 5-6 және 8-10 сы - ныптарына арналған қазақ тілі оқу - лықтарын жазуға қатысты. Ал ға - лымның жоғары оқу орындары фи - лология факультеттерінің сту - денттеріне арналып жазылған оқулығы Білім министрлігі ұсынған негізгі оқулық ретінде ұзақ жылдар бойы оқу про - це - сінде пайдаланылып, мамандар дайындауға қызмет етті.
Қорыта келе, Ғайнетдин Ғалиұлы қысталаң өмір - дің қыспақтарынан өте жүріп, құрыштай шынықты. Содан да болар, оның бойында қиын - дық - тан қаймықпайтын қай - сар - лық пен бейнеттен безініп, ізденуден жалықпайтын еңбек - сүйгіш - тік, ізденімпаздық, төзім - ділік қасиеттер мол болды. Ұсақ-түйек пендешілік қылықтарға бой алдырмай, кесек мінез көр - сетіп, кісілік келбетіне кір жуыт - пағандығының сырын олар - дың өткен өмір мектебінің өзі - нен іздеу керек шығар. Ол ірі тіл маманы ретінде ар - тына мол лингвистикалық мұра қал - дырды. Оның еңбектері ғылыми құн - дылығын жоғалтпай, қазір де қол - - данылып келеді. Ғалымның хаты өлмейтіндігіне тағы бір куә болып отырмыз [3].

1.2 Ғ. Мұсабаевтың шығармашылық еңбектері мен ғылыми зерттеулері
Ғалымның ғылыми шығармашылығы сан салалы, ол кең тынысты филолог. Проф. Ғ. Мұсабаев қазақ тілі тарихы, диалектология, этногенез, қазақ əдеби тілі (негізі, қалыптасуы, дамуы т.б.), тарихи лексикология, этимология, семасиология, грамматика, лексикология мен тіл тарихының оқулықтары, лексикография, жазба ескерткіштер, көркем шығарма тілі т.б. мəселелерге қалам тартты. Яғни, ғалым араласпаған, пікір айтпаған қазақ тіл білімінің саласы кемде-кем. Атап айтқанда, ол қазақ тілінің морфологиясын зерттеуші алғашқы ғалымдардың бірі болды. 1948 жылы Қазақ тіліндегі сын есімнің шырайлары деген зерттеуі үшін филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дəрежесін алады. Из истории аффиксов казахского языка, Қазақ тіліндегі кейбір кішірейткіш жұрнақтар, Қосымша -дай, -дей, -тай, -тей туралы т.б. мақалаларында грамматика мəселелері қарастырылады.
Ғ. Мұсабаевтың көп жыл уақытын бөліп зерттеген саласы - тіл тарихы. Оның Қазақ тілі мен грамматикасы тарихынан (1-бөлім), Қазақ тілі тарихынан деп аталатын тіл тарихына, қалыптасу кезеңіне, түркі-моңғол тілдерінің бір негіз тілден шыққандығына қатысты ой-пікірлері қазіргі зерттеулерде жалғасын табуда. Тіл тарихына байланысты еңбектерінде ол түркі тілдеріне қатысты ортақ мұраларға, тұлғаларға, көне таңба, жазуларға өзіндік көзқарасын айқын білдіріп отырады; түркі тілдеріндегі бір буынды сөздің барлығы тұйық буынды болған деп тұжырымдайды; тарихи дыбыстық сəйкестіктерге назар аударып, нақты фоно-морфологиялық талдауларжасайды. Мəселен, жұрнақ, жалғаулардың генезисі қазір кезде түсініксіз болғанмен, бұрын дербес сөз болғаны, одан шылауға ауысқаны, одан əрі жұрнақ болып өзгеріп кеткендігі жөнінде қисынды пікірлер айтады.
Тіл білімі үшін көне тілдің сарқыншағы, оның сөйлеу тіліндегі көрінісі ретінде сақталып қалған ертедегі ру-тайпа тілдерінің қалдықтары, көнеленген қат-қабаттары бар жергілікті тіл ерекшеліктерін жинап, зерттеудің маңызы зор. Ғалымның экспедиция материалдары негізінде жазған зерттеулері Маңғыстау ауданының сөйлеу тілінің ерекшеліктері, Маңғыстау сөзінің семантикасы, Ж. Досқараевпен бірлесіп жазған Қазақ тілінің жергілікті ерекшеліктері атты монографиясы қазақ диалектологиясын дамытуға қосылған үлкен үлес деп бағаланады. Осындай еңбектеріне байланысты ол тарихи лексикология мен қазақ диалектологиясының негізін қалаған ғалымдардың бірі деп саналады.
Проф. Ғ. Мұсабаев қазақ тіл білімінде алғашқылардың бірі болып əдеби тіл туралы, оның қалыптасып, даму жолдары туралы ойлы пікір айтқан ғалымдардың бірі. Бұл ретте Қазақ əдеби тілін дамытқан эпопея, Об изучении истории казахского языка, О литературном языке, Қазақ əдеби тілінің кейбір мəселелері туралы атты мақалалары мен Становление и развитие казахского литературного языка и вопросы казахской диалектологии атты көлемді еңбегінің орны ерекше, бұлар қазақ тіл білімінің елеулі табыстарының біріне жатады. Зерттеушінің тіл тарихына, оның даму барысына қатысты еңбектерінде тілдің əлеуметтік-қоғамдық, танымдық қызметіне ерекше көңіл бөлініп, көптеген тұрақты тіркестердің шығу негіздері анықталады.
Ғ. Мұсабаевтың аса мəн беріп зерттеген, қазақ тіл білімінде құнды мұра қалдырған саласының бірі - қазақ тілінің лексикологиясы. Қазіргі қазақ тілінің лексикасы атты филология ғылымдарының докторы ғылыми дəрежесін алу үшін жазылған еңбегі, Қазіргі қазақ тілі. Лексика деп аталатын қазақ, орыс тілдерінде шыққан көлемді кітаптары сол кезеңдегі лексикология мəселелерін толық, жан-жақты қарастырған алғашқы зерттеу болды. Бұл еңбектердің қазақ тіл білімі үшін мəні мен маңызы айрықша. Кезінде оқырмандар мен ғалымдар тарапынан жоғары бағасын алған ғалымның осы зерттеулері мен оқулықтары қазақ лексикологиясын шын мəнінде ғылыми пəн дəрежесіне көтерді. Ғалымның лексикология саласындағы зерттеулері мен оқулықтары қазіргі күнде де жоғары оқу орындарында пайдаланылып келе жатыр. Оқулық жазуда өзінің алдында қалыптасқан мектебі болмағандықтан, оқулықтар ғылыми база жасалмай тұрып жазылғандықтан, заман талабының асықтыруынан туған кейбір кемшіліктеріне қарамастан, Ғ. Мұсабаевтың оқулықтары қазіргі жоғары оқу орындарында лексикология курсы бойынша оқытылып жүрген оқулықтардың негізін қалағаны даусыз шындық. Бүгінгі күнде де көптеген ғалымдар арасында дау туғызып жүрген семасиология мəселесі тұңғыш рет ғалымның оқулығында сөз болады. Сөз мағынасының түрлері, семантикалық үштік, ұғым мен мағынаның қатынасы сияқты мəселелерді арнайы қамтуы нəтижесінде ол қазақ семасиологиясының негізін салушылардың бірі ретінде танылады. Жоғары оқу орындарына арналған оқулықтармен бірге мектеп оқулықтарын, бағдарламалар жазуға да атсалысты. Осы орайда Учебник казахского языка для 8-10 классов русских средних школ, Учебник казахского языка для 5-6 классов русских школ, Қазақ тілінің программасы атты оның қатысуымен, авторлығымен жазылған кітаптар орта білім беру жүйесінің қажетін өтеген оқу құралдары болды [1].
Өткен ғасырдың қырқыншы жылдарынан бергі уақытта жарық көрген орысша-қазақша, қазақша-орысша, орфографиялық, терминологиялық, түсіндірме сөздіктердің жасалуына да проф. Ғ. Мұсабаев көп үлес қосты. Бірсыпыра екі тілді сөздіктер мен тілашарларды жасауға қатысса, Түсіндірме, Абай тілі, Орфографиялық, Диалектологиялық, Үлкен орысша-қазақша сөздіктердің редакциясын қарады, жауапты редакторы болды. Ғалым құрастырған жəне редакторлық етуімен жарық көрген сөздіктер бүгінгі күнге дейін өз құндылығын жойған жоқ, олар арнайы зерттеуге тұрарлық еңбектер болып табылады. Ғалымның қазақ тіл біліміндегі, түркологиядағы орны, қосқан үлесі, қазақ тілі лексикологиясының семасиология саласын қалыптастырудағы сіңірген еңбегі мен ғылымда ұстанған бағытбағдарының бүгінгі қазақ тіл біліміндегі сабақтастығына байланысты ғалым мұрасы арнайы зерттеліп, кандидаттық диссертация жазылды. Қазақ тіл білімінің антологиясы сериясымен ұсынылып отырған бұл жинаққа ғалымның бүгінде тек кітапханаларда ғана кездесетін іргелі еңбектері мен ғылыми мақалалары енгізілді.
Қорыта келе, ғалым мұрасын оқырман қауым ғылымның бүгінгі қол жеткізген биігінен қарай отырып, ой елегінен өткізіп қабылдағаны жөн деп білеміз.

1.3 Ғ. Мұсабаевтың лексикологиялық саласына қосқан үлесі
Ғ. Мұсабаевтың ғылыми-зерттеу ең - бектері негізінен қазақ тілінің лек - сикасы мен лексикографиясына, сондай-ақ тіл тарихы мәселелеріне арналды.
1952 жылдан бастап өмі - рінің соңына дейін Тіл білімі инс - титутының екі тілді сөздік бөлі - мінің меңгерушісі болып еңбек етті. Осы бөлімді басқарған отыз жылдай уақыт ішінде ол қазақ лекси - ко - гра - фия - сының дамуына, екі тілді сөздік жасау ісіне елеулі үлес қосты.
Ғ. Мұсабаевтың аса мəн беріп зерттеген, қазақ тіл білімінде құнды мұра қалдырған саласының бірі - қазақ тілінің лексикологиясы. Қазіргі қазақ тілінің лексикасы атты филология ғылымдарының докторы ғылыми дəрежесін алу үшін жазылған еңбегі, Қазіргі қазақ тілі. Лексика деп аталатын қазақ, орыс тілдерінде шыққан көлемді кітаптары сол кезеңдегі лексикология мəселелерін толық, жан-жақты қарастырған алғашқы зерттеу болды. Бұл еңбектердің қазақ тіл білімі үшін мəні мен маңызы айрықша. Кезінде оқырмандар мен ғалымдар тарапынан жоғары бағасын алған ғалымның осы зерттеулері мен оқулықтары қазақ лексикологиясын шын мəнінде ғылыми пəн дəрежесіне көтерді [5]. Ғалымның лексикология саласындағы зерттеулері мен оқулықтары қазіргі күнде де жоғары оқу орындарында пайдаланылып келе жатыр. Оқулық жазуда өзінің алдында қалыптасқан мектебі болмағандықтан, оқулықтар ғылыми база жасалмай тұрып жазылғандықтан, заман талабының асықтыруынан туған кейбір кемшіліктеріне қарамастан, Ғ. Мұсабаевтың оқулықтары қазіргі жоғары оқу орындарында лексикология курсы бойынша оқытылып жүрген оқулықтардың негізін қалағаны даусыз шындық. Бүгінгі күнде де көптеген ғалымдар арасында дау туғызып жүрген семасиология мəселесі тұңғыш рет ғалымның оқулығында сөз болады. Сөз мағынасының түрлері, семантикалық үштік, ұғым мен мағынаның қатынасы сияқты мəселелерді арнайы қамтуы нəтижесінде ол қазақ семасиологиясының негізін салушылардың бірі ретінде танылады.
Ғ. Мұсабаевтың ғылыми-зерттеу қазақ тілінің лек - сикасы мен лексикографиясы ең - бектерінде: теориялық еңбек белгілі бір дəрежеде ғылыми топшылауды керек етеді. Ал сөздік атаулының көпшілігі тілдегі əрқилы сөздерді жіпке тізіп, əр сөздің өзіне ғана тəн семантикалық, кей уақыт стилистикалық қасиетін сипаттайды. Күллі сөздердің негізінде лексикология курсын жасау қазақ тіл білімі түгіл, жалпы тіл білімінде əлі күнге сəтті болмай жүр. Жеке құнды деген еңбектердің қайқайсысында да ғылыми талдау, теориялық топшылау кемде-кем ұшырайды. Сапасы тым-ақ жақсы деген еңбекте лексикологиялық мəселелердің кейбірі айтылады да, дені қаға берісте қалып қояды. Мұның басты себебі сан алуан сөздердің əрқайсысына тəн өзіндік заңына, жеке-дара семантикалық сырына байланысып жатыр.
Лексика - көне гректің lехіkоs (сөздік) деген сөзі. Лексика деген сөз жер жүзіндегі халықтар тілінің көпшілігінде термин болып қалыптасып кеткен. Біздің тілімізге ол орыс тілі арқылы келіп орнықты. Бұл термин - бір тілдегі барлық сөздердің жинағы деген ұғымды білдіреді. Осы лексика деген терминнің ұғымына тілдің жергілікті ерекшелігі де, сол бір тілдің говорлары да, диалектілері де енеді. Кейде бұл термин жазушының немесе жеке шығарманың тілі яки ғылымның бір саласының тілі деген мағынада да қолданылады. Мұның сөздік құрам (инвентарь) деген ұғымның мағынасына да жақын болуымен қатар, одан гөрі өзгешерек, өзіне тəн ерекшелігі де бар. Өйткені лексика сөздік құрам мен негізгі сөздік қорды түгел қамтиды, бірақ олардың арасындағы айырмашылықтарын ажыратпайды. Лексиканың құрамына сөздің құрылымын тексеретін - лексикология, мағыналарын тексеретін - семасиология, шыққан төркінін тексеретін - этимология, сөздік жасау, сөздерді жүйелі түрде жинау ісін тексеретін - лексикография кіреді. Бұған фразеология да іргелесіп отырады.
Батыс лингвистері осы жағдайды ескере келе, сөздің семантикалық қасиеті тіл білімі қарауына (компетенциясына) жатпауға тиіс деп те ойлайды. Лексиканың ерекшелігіне үстіртін қараған кісіге батыс ғалымдарының бұл концепциясы ақылға қонымды болып та көрінуі ықтимал. Олай дейтін себебіміз: белгілі бір лексикологиялық монографияда лексикалық құбылыстың архаизм, неологизм, т.б. кей салалары өзінше жүйелі түрде баяндалады да, тілдегі ең көп сөздер (əсіресе нейтраль сөздер), халықтық қасиеті күшті сөздер атүсті аталып, жүрдім-бардым талданады [6].
Осының салдарынан лексикологиялық зерттеулер көңілдегідей шыға бермейді. Қай тілдің болса да лексикасына арналған еңбекте бұл тəрізді ойсыраған олқылық түгелімен бірдей кездеседі деуге болады. Бұл - қиын да қызық мəселе: тілтілдің өзіндік заңы болуымен қатар, көп тілдерге ортақ қасиеттер кездеспей қоймайды. Ол ортақ қасиет тілдердің лексикалық құбылысынан жиі кездеседі.
Совет лингвистикасының көрнекті өкілдерінің пікірінше, лексика заңдылығы жеке-дара сөзбен ғана емес, сөздердің жүйелі тобымен ұласып жатады; екінші сөзбен айтқанда, тілдегі (немесе тегі бір əлденеше тілдердегі) лексикалық типтермен ұласып жатады. Сол лексикалық ережеқағидаларды жан-жақты тани білгенде ғана лексикалық монография ойдағыдай шыға алады. Бұл жөнінде тағы бір ескеретініміз: шын мəнінде лексикологиялық еңбек тарихи аспектімен тығыз байланысты болғанда ғана ғылыми еңбек тууы даусыз. Белгілі бір сөздің төркінін іздегенде, ол сөздің біздің тілімізге қай тілден тікелей келгендігі, қай тілден жанамалап келгендігі айқындалуы жөн. Бұрынғы жазба (əдеби) тілімізде шаһар сөзі бізге иран тілдерінің бірі тəжік тілінен ауысты дейміз. Арғы төркінін тексере келсеңіз, бұл сөз парфян тілінен ауысқанын аңғарасыз. Бұл жəйт қазіргі əдеби тілімізден де айқын көрінеді. Мысалы, əрқилы интернационалдық сөздер тілімізге орыс халқының тілінен ауысып жатыр. Ал ол сөздердің түп нұсқасы өзге батыс немесе шығыс тілдеріне апарып соғады (мəселен, социализм, коммунизм, республика, т.б.), бірақ бұл ретте сөз ауысушы тікелей тіл - орыс тілі болып есептеледі. Тілдегі бұл процесті ескермеуге, елемеуге болмайды. Бұл - тіл-тілдің бəрінде дерлік кездесетін ақиқат факт. Сөз ауысудың басқа да толып жатқан жолы бар. Лексиканың осы тəрізді құбылыстары тарихи тұрғыдан зерттелсе ғана жүйелі топшылау болмақ; шын мəніндегі ғылыми курс тарихи лексикология, тарихи фонетикамен ұласып жатады [7].
Тіл ғылымының этимология, лексикология, семасиология, лексикография деген тараулары лексиканы тексереді. Сонымен қатар лексика грамматиканың объектісі, негізгі базасы болып табылады. Грамматикалық категорияларды, сөздің грамматикалық өзгерістерін, түрленуін, бір сөз бен екінші сөздің байланысын - оның негізгі объектісі болатын - сөзден бөліп қарауға болмайды; мысалға морфология саласындағы сөз таптарын алайық; онда зат есім, сын есім, септік жалғаулары, тəуелдік жалғаулары дегендерді сөзден бөліп қарауға мүлде болмайды. Олардың мағыналық түрленуін сөзсіз түсіну немесе түсіндіру мүмкін емес. Солай бола тұрса да, грамматика - грамматикалық категорияларды тексеруге, зерттеуге бейімделген ғылым болғандықтан, лексиканы кең қамтымайды.
Грамматика сөзді дайын күйінде алады, ал ол сөздің шығуын, дамуын, т.б. тексермейді. Лексикология тілдегі барлық сөздердің жиынтығын, сөз байлығын зерттейді, тілдің негізгі сөздік құрамының келелі мəселелерін түгел қамтып, оны егжей-тегжейлі түсіндіруді мақсат етеді. Сөзді саралап тексеріп, олардың ішкі заңдылықтарын, сыртқы (дыбыстық) көріністеріндегі ерекшеліктерін қарастырады, яғни сөзді негізгі екі тұрғыдан алып қарастырады. Олар: ішкі мағына мен сыртқы дыбыс.
Қорыта келе, тіл - ғасырлар бойы қалыптасқан халықтың ортақ қазынасы. Қазақты ұлт ретінде ұстап тұрған тіректің өзі - көнеден келе жатқан тілі. Шынында да, тіл - халықтың тарихы, шежіресі, халық өмірінің жаңғырығы мен ізі. Одан сол тілді жасаушы халықтың арманы мен үміті, қайғысы мен қуанышы, күллі рухани өмірінің үні естіліп тұрады. Ендеше, қолымыздағы жалғыз асылымызды көзіміздің қарашығындай сақтауымыз керек деп ойымды түйіндегім келеді[8] .

2. Ғ. МҰСАБАЕВТЫҢ ФИЛОЛОГИЯЛЫҚ МҰРАСЫ
2.1 Ғ. Мұсабаевтың тіл тарихына қатысты зерттеулері
Тілдің тарихын зерттеу əдісі жөнінде лингвистика ғылымында күні бүгінге дейін диахрония, анахрония, синхрония, ахрония, панхрония, т.б. сияқты бірнеше көзқарас қатар өмір сүріп келеді. Əрине, арғы тегі лингвистика теориясындағы абстракциялардан туған талас-тартыc болатын. Ол - тілді тарихи категория деп тани отырып, оның тарихын теориялық абстракциямен шешуге талпыну еді. Бұл əдістердің ешқайсысы да маркстік тілтану методологиясына қабыспайды. Сондықтан тілдің тарихын сол тілдің иесі, жасаушысы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ топонимдерінің фоносемантикалық сипаты
Қазақ тілінің этимологиялық сөздігінен мысалдар жинақтау
Қазақ тіліндегі фразеологизмдердің аударма тіліндегі көріністері
Сан есiмдердiң даму эволюциясы
Сленг ұғымының анықтамасы
Тілдің құрылымы
Этимологияның зерттеу объектісі және оның шығу тарихы
Батырлар жырындағы көнерген сөздер
Эпостық жырлардағы топонимдер
Фразеологизмдердің мағыналық категориялары
Пәндер