ЖСТД балалардың сөздік қоры


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ

МИНИСТРЛІГІ

ТАРАЗ МЕМЛЕКТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Тарих және әлеуметтік педагогика факультеті

Арнайы педагогика кафедрасы

ЖАЛПЫ СӨЙЛЕУ ТІЛІНІҢ ДАМУЫНДА БҰЗЫЛЫСЫ БАР МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ СӨЗДІК ҚОРЫНЫҢ ДАМУЫН ЗЕРТТЕУ

Орындаған:

Ғылыми жетекшісі :

Тараз 2018

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

І ЖСТД СӨЗДІК ҚОРЫНЫҢ ДАМЫМАУЫ 1. 1 ЖСТД зерттеген ғалымдар сөздік қорлары туралы . . . 6 1. 2 ЖСТД бар балалардың сөздік қорларының қалыптасуы . . . 11

1. 3 Сөйлеу бұзылыстары бар балалардың сөздік қорларын түзете дамыту әдістері . . . 16

ІІ ЖСТД БАР БАЛАЛАРДЫҢ СӨЗДІК ҚОРЫНЫҢ ДАМУЫН ЭКСПЕРИМЕНТАЛДЫ ЗЕРТТЕУ 2. 1 Анықтау әдістері . . . 18 2. 2 Түзете дамыту жұмыстары . . . 30

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 35

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 37

КІРІСПЕ

Мәселенің өзектілігі: Соңғы жылдары сөйлеу тілінің жалпы дамымауы бар балаларға арналған логопункттар мен логопедиялық кабинеттер қарқынды түрде ашылуда. Бірақ қазақ тілінде оқытатын арнайы мектепке дейінгі мекемелерінде және бастауыш сыныптарында бағдарламалық және әдістемелік қамтамасыздандыру жоқтың қасы. Мектепке дейінгі арнайы ұйымдарында және мектептерде сөйлеу тілінің жалпы дамыту бойынша қазақ тілінде оқу материалдары тапшылық сипатында. Оқу-тәрбие үдерісі қажетті бағдарламаларымен қосымша (екіншілік) ауытқулар пайда болуы мүмкін. Мәселен сөйлеу тілінің жалпы дамымауы, яғни дыбыс айтуының бұзылуы, сөздік қорының мардымсыз толығуы және байланыстыра сөйлеу тілінің қалыптаспауы, қарым-қатынасқа түсуге қиналу т. с. с. Екіншілік, басқаша айтқанда туынды ауытқулардың негізгі көрінісі балалардың толыққанды сөздік қорының қалыптаспауы болып табылады, ал оның өз кезегінде байланыстыра сөйлеу тілінің және қарым-қатынастың дамымауына әкеп соғады. Нәтижесінде cөйлеу тілінің дамымауы бар балалардың әлеуметтенуі қиындай түседі, олардың қоршаған орта туралы түсінігінің жеткіліксіздігіне себеп болады, оқу материалдарын меңгеруге кедергі жасайды. Арнайы педагогикадағы оқыту мен тәрбиелеудің басты мақсаты мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік бейімдеу болғандықтан, оқу-тәрбиелеу үдерісінің басты назарындағы негізгі міндетті жүзеге асыру керек.

Ұлт тілінде жұмыс істейтін балалар мекемелерін құруды қамтамасыз ету мәселесі Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» заңында айтылады. Сөйтіп, оқу тәрбие жұмысын ана тілінде жүргізуді мектепке дейінгі ұйымдардан бастау керектігін атап көрсетті. «Білім туралы» Заңының 23 - бабында үздіксіз білім беру саласының алғашқы баспалдағы - балабақшаның мақсаты мен міндеттері айқындалған [1] . Жоғарыда келтірілген деректерге назар аударсақ, үкімет тарапынан жарық көрген құжаттарда балалардың тілін дамытуға баса көңіл бөлініп отырғанын көреміз.

Бала тілін неғұрлым ерте бастан дамыту арқылы олардың жеке басының қалыптасуына жағдай жасау оқу-тәрбие мәселесіндегі көкейтесті тақырыптарының бірі. Бала өз ойын тіл арқылы жеткізеді. Ал бала тілінің дамуы, оның сөйлеу мүмкіндігінің қалыптасуы бірден пайда болмайтын күрделі психологиялық процесс. Ол жүйелі жүргізілетін жұмыс түрлерінің негізінде жүзеге асады.

Сөйлеу тілінің жалпы дамымауы бар мектеп жасына дейінгі балаларды жан-жақты дамытуда заттық-тәжірибелік іс-әрекеттің маңызы зор. Арнайы ұйымдастырылған ойындар балалардың сөйлеу тіліндегі бұзылыстарын түзетіп, сөздік қорын байытып, таным іс-әрекетінің жетіспеушілігін дамыту үшін арнайы ұйымдастырылып белсенді пайдалануды қарастырады.

Ойын іс-әрекеті барысында сөйлеу тілі бұзылған балалардың ұжымшылдық, еңбексүйгіштік, өздігінен жұмыс жасау сияқты жеке тұлға қасиеттері, өзін-өзі бақылау біліктілігі қалыптасады. Педагог-дефектологтың немесе логопедтың, тәрбиешінің жетекшілігімен жүзеге асатын бұл үдеріс кезінде балалардың интеллектуалды дамуында, танымдық, қоғамдық және т. б. қажеттіліктер мен қызығушылықтарының туындауында едәуір жағымды өзгерістер болады.

Логопедиялық жұмыста түрлі ойындарды қолдануды Г. С. Оразаева, Г. М. Қасымовалар зерттеді және оларды қолдану әдістемелерін ұсынды. Қазіргі кезде осы идея арнайы білім беру ұйымындағы жұмыс жүйесінің айырмас бөлігі болып табылады. Сондықтан, мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту, дамыту, тәрбиелеу мәселесімен айналысқан барлық зерттеушілер олардың еңбектік даярлығына зор мән берген. Сөйтіп, Л. С. Выготский « . . . барлық тығырықтан жол табады. Ең бастысы: тәжірибелік іс-әрекет өмірге деген ең жақсы жол; ол алғашқы жылдардан бастап өмірге белсене қатысудың кепілі болмақ, сондықтан ол кемтар бала үшін барлығын қатамасыз етеді - қарым-қатынасын, сөйлеу тілін, ой-санасын» - деп өз сөздерінде зерттеушілік пен ізденушіліктің адамға әсер ететін көпқырлы ықпалын айқын ашады [2] . XX ғасырдың басында ұйымдастырған алғашқы арнайы мектептің бағдарламалары негізінен еңбекке баулуды қарастырған. Сонымен бірге, арнайы педагогикада белгілі дефектолог-ғалымдар, мысалы Г. А. Каше, В. А. Ковщиков, Р. Е. Левина, Р. И. Лалаева, Л. Ф. Спирова, Т. Б. Филичева, Г. В. Чиркина, А. Ю. Захаров [3] жасаған әдістемелер бар, олардың көмегімен түрлі іс-әрекеттер сөйлеу тілін дамыту үшін үздік қолданылады.

Біздің елімізде сөйлеу тілінің жалпы дамымауы бар балаларды оқыту, дамыту және тәрбиелеу мәселесі М. С. Грушевская [4], Қ. Қ. Өмірбекова, З. А. Мовкебаева, Г. М. Коржова, И. А. Денисова [5], Г. С. Оразаева, Г. Н. Төлебиева сияқты дефектолог ғалымдардың және Г. М. Қасымова [6] сияқты психолог, К. М. Метербаева сияқты педагог ғалымдардың зерттеулерінде орын алған [7] .

Сөйлеу тілінің жалпы дамымауы бар балаларға арналған білім беру және түзету ұйымдарда тәрбиеленушілердің сөздік қорын байыту мақсатында, жетіспеушіліктерін түзету үшін, таным процестерін дамыту үшін, жеке тұлға қасиеттерін тәрбиелеуде заттық-тәжірибелік іс-әрекетінің мүмкіндігі өте мол. Мысалы, бұл категория балаларына жалпы сөйлеу тілінің дамымауы тән. Сөйлеу тілінің барлық жағының дамымауы олардың айналасындағы адамдармен қарым-қатынасын шектейді, ал ол болса танымдық жетілуіне кері әсерін тигізеді. Тіл кемістігі бар балалардың сөйлеу тілін қалыптастыру логопедияның көкейкесті мәселесінің бірі. Дегенмен, қазақ тілді арнайы білім беру мекемелерінде бұл мәселенің кейбір қырлары әлі жеткіліксіз зерттелген. Арнайы мектепке дейінгі ұйымдарда оқыту жүйесінің жалпы негіздері жасалған. Бірақ, олар ары қарай жетілдіруді, нақтылауды және түзетушілік, дамытушылық ықпалын арттыруды қамтамасыздандыратын қосымша әдіс-тәсілдерді қажет етеді.

Демек, сөйлеу тілінің жалпы дамымауы бар балалардың сөйлеу тілін жетілдіруде, нақты айтқанда сөздік қорын молайтуда ойын іс-әрекеттің ролін анықтау мәселесі қосымша тереңірек ғылыми зерттеуді талап ететіндігін анық көреміз. Себебі, сөйлеу тілі дамымаған балаларды жан-жақты дамыту үшін ойын іс-әрекетін пайдалану тақырыбына байланысты зерттеу жұмыстары барлық саланың мамандарымен жүргізілген десек те, сөздік қорын дамыту үшін іс-әрекеттің бұл түрін кеңінен қолдануға арналған мәліметтер мен материалдар арнайы әдебиетте жеткіліксіз түрде берілген. Яғни, осы ғылыми зерттеу жұмысы аса маңызды болып отыр. Осыдан келесідей қарама-қайшылық туындайды: арнайы білім беру жүйесінде бүгінгі ғаламдану жағдайында әлеуметтік өмірге бейімделген, қарым-қатынас жасай алатын тұлғаны даярлау қажеттілігі мен бұл жұмысты жүргізудің теориясы мен әдістемесінің жеткіліксіздігі арасындағы қарама-қайшылық. Осы қарама-қайшылықты шешу жолдарын іздестіру біздің зерттеу тақырыбын «Сөйлеу тілінің жалпы дамымауы бар балалардың сөздік қорын дамыту» деп таңдауымызға негіз болды.

Зерттеу мақсаты: Сөйлеу тілінің жалпы дамымауы бар балалардың сөздік қорын молайтуда ойын іс-әрекетінің ықпалын арттыратын әдістемелік тәсілдерді өңдеп жасау.

Зерттеу міндеттері:

- сөйлеу тілінің жалпы дамымауы бар балаларға арналған мектепке дейінгі ұйымдарындағы түзету сабағының ерекшелігін және ойын іс-әрекетін қолдану деңгейін анықтау;

- сөйлеу тілінің жалпы дамымауы бар балалардың сөздік қорын молайтудағы ойын іс-әрекетін арттыратын әдістемелік тәсілдерін іріктеп алу, жүйелеу;

- ойын іс-әрекет барысында балалардың сөздік қорын молайтатын әдістемелік тәсілдердің тиімділігін тәжірибелік тұрғыдан дәлелдеу.

Зерттеу жұмысының болжамы:

Егер сөйлеу тілінің дамымауы бар балалардың сөздік қорын молайту кезінде ойын іс-әрекеті арнайы бағытталған түрде ұйымдастырылса, онда оның түзете-дамытушылық ықпалы едәуір артады.

Зерттеу нысаны: ЖСТДбалалардың сөйлеу тілін дамыту үдерісі.

Зерттеу пәні: . ЖСТД балалардың сөздік қоры.

Зерттеу жұмысының теориялық- әдіснамалық негізі:

Л. С. Выготскийдің сөйлеу тілі мен практикалық іс-әрекет арасындағы байланысы туралы теориясы; А. Н. Леонтьевтің, Д. Б. Элькониннің еңбектерінде компенсаторлық және даму заңдылықтары, бала дамуының қозғағыш күштері туралы ілімдері.

Зерттеу базасы: Интеллектуальді дамуы бұзылған балаларға арналған мектеп.

Зерттеудің теориялық және практикалық маңыздылығы: Ойын іс-әрекеті барысында сөйлеу тілінің дамымауы бар, яғни дамымаған балалардың сөздік қорын молайтуға бағытталған жұмыс жүйесі қазақ тілінде қызмет ететін мамандарды әдістемелік жағынан қамтамасыз етуге үлесін қосады; коррекциялық жұмысты жүйелеуге, жетілдідіруге септігін тигізеді.

Зерттеу әдістері: 1. Арнайы әдебиеттерді талдау; 2. Бақылау; педагогикалық тәжірибе өткізу; 3. Тәжірибе нәтижелерін талдау, қорытынды шығару.

Зерттеу кезеңдері:

1. Сөйлеу тілі бұзылған балаларды оқыту және дамыту мәселесіне арналған арнайы әдебиеттерді талдау. Ғылыми-зерттеу тақырыбының ғылыми-теориялық негіздемесін дайындау.

2. Сөйлеу тілінің жалпы дамымауы бар балалардың сөйлеу тілін дамытуда ойын іс-әрекетті қолдану деңгейін анықтау.

3. Сөздік қорын молайтуға ықпалын арттыратын әдістемелік тәсілдерді өңдеп жасау, тәжірибелік тұрғыдан тексеру.

Жұмыстың құрылымы мен көлемі. Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды және әдебиеттер тізімінен тұрады.

І ЖСТД СӨЗДІК ҚОРЫНЫҢ ДАМЫМАУЫ

1. 1 ЖСТД зерттеген ғалымдар сөздік қорлары туралы

Мүмкіндігі шектеулі балаларда сөйлеу тілінің түрлі кемістіктері кездеседі. Олардың ішіндегі күрделісінің бірі - ол сөйлеу тілінің жалпы дамымауы. Сөйлеу тілінің жалпы дамымауы - есту қабілеті мен зияты қалыпты дамыған балалардың дыбыстық, мағыналық жағына қатысты сөйлеу тілі жүйесінің барлық компоненттерінің қалыптасуының бұзылуынан болатын әртүрлі күрделі тіл кемістіктері.

Орыс балаларында кездесетін сөйлеу тілінің жалпы дамымауын Ресейлік дефектология ғылыми зерттеу институтының Р. Е. Левина бастаған ғалым қызметкерлер (Н. А. Никашина, Г. А. Каше, Л. Ф. Спирова, Г. И. Жаренкова және т. б. ) 50-60 жылдары мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалардың тіл кемістіктерін жан-жақты зерттеулердің қорытындысының нәтижесінде ғылыми тұрғыдан негіздеді.

Дыбыстарды айтуының бұзылуы, фонематикалық есту қабілетінің дамымауы, сөздік қоры мен грамматикалық сөйлем құрылымының артта қалуы жалпы сөйлеу тілі дамымаған балалардың барлығына тән кемшілік.

Сөйлеу тілінің дамымауы әртүрлі деңгейде кездеседі. Алғашында Р. Е. Левина сөйлеу тілінің жалпы дамымауын үш деңгейге бөледі. Кейіннен Т. Б. Филичева 4-ші деңгейді сипаттап қосады.

Кейінгі кезде Қазақстандық ғалымдар Қ. Қ. Өмірбекова, М. С. Грушевская, Г. Б. Ибатова [9] т. б. мектепке дейінгі жастағы қазақ тілді балалардың сөйлеу тілінің ерекшеліктерін анықтауға бағытталған зерттеулер жүргізді. Зерттеу нәтижесінде қазақ тілді сөйлеу тілінің дамымауы бар балалардың сөйлеу тіліне тән көптеген кемшіліктер, қателер кездесетіні анықталды. Ол кемшіліктер сөйлеу тілінің құрылымдық компоненттерінің барлығына қатысты, атап айтсақ: фонетикалық, лексикалық, грамматикалық (сөзжасам, сөзөзгерту, сөйлем құрау) жағы.

Сөйлеу тілінің жалпы дамымаудың пайда болу себептері, яғни этиологиясы әртүрлі болады. Сөйлеу тілінің дамымау себептері көп жағдайда акустикалық-гностикалық процестердің әлсіздігінен болады. Бұндай жағдайларда есту қабілеті сақтаулы болғанда сөйлеу тілінің дыбыстарын қабылдау қабілетінің төмендігі байқалады. Естіп қабылдау бұзылуының нәтижесі: біріншіден, фонемаға тән акустикалық белгілерді дұрыс ажырата алмауы, екіншіден, дыбыс айту бұзылыстары және сөздің буындық құрамын қайталаудағы қателер болып табылады.

Сөйлеу тілінің тежелуі немесе жалпы дамымауы орталық жүйке жүйесінің белгілі бір бөлімдерінің органикалық зақымдануларымен немесе жетілмеуімен байланысты зақымдану салдарынан пайда болады.

Сөйлеу тілінің дамымауы әлеуметтік себептерге де (екі тілдік, көптілділік, естімейтін ата-аналарда тәрбиеленуі), баланың дене дамуындағы әлсіздік және жиі созылмалы ауыратындығы, уақытынан ерте туылғанына (шала тууына) байланысты пайда болуы мүмкін. Мұндай жағдайда сөйлеу тілінің тежелуі (кешеуілдеп дамуы) туралы айтылады. Басқа жағдайларда сөйлеу тілінің жалпы дамымауы орталық жүйке жүйесінің органикалық зақымдануының белгісі болып табылады.

Сөйлеу тілінің бұзылуы төмендегідей сипатталады:

1. өз бетінше пайда болады, жоғалмайды, кайта бекиді;

2. сөйлеушінің жас мөлшеріне сәйкес келмейді;

3. оның ерекшелігіне байланысты нақты логопедиялык ықпал жасауды талап етеді;

4. баланың одан әpi дамуына жағымсыз әcepiн жиі тигізеді;

5. тіл бiлмeйтiндік-диалектизм-тiл кемістігі болып саналмайды;

6. сөйлеу тілінің психофизиологиялық механизмінің ақаулықтарымен байланысты.

Аталған ерекшеліктер тіл кемістіктерінің айырмашылығын көрсетеді. Логопедияда «сөйлеу тілінің дамымауы», «сөйлеу тілінің бұзылуы», «тіл кемістігі» деген ұғымдар кездеседі.

Сөйлеу қабілетінің немесе сөйлеу жүйесінің құрамдарының төмен деңгейде қалыптасуы сөйлеу тілінің жетілмеуі деп саналады.

Сөйлеу тілінің құрамының әр түрлі бөлімдерінің сөздік қоры, грамматикалық құрылысының мөлшерден ауытқуы және тілдің негізгі функциялары - қарым-қатынас, ойлау қабілеттерін атқара алмауы тіл кемістіктері деп саналады. Әрине, ол ауытқулар әрқалай және әртүрлі мөлшерлерде кездесуі мүмкін. Сөйлеуші кейде тек бір дыбысты бұзып айтуы немесе мүлдем айта алмауы мүмкін. Әрине мұндай жағдайда тіл өзінің нeгiзгі функцияларын жоғалтпайды, дегенмен кейбір жағдайда ыңғайсыздық туғызуы мүмкін. Тіпті жеңіл тіл кемістіктері адамдардың актер, диктор, мұғалім т. б. мамандықтары бойымша жұмыс істеулеріне бөгет келтіреді.

Тіл кемістігінің себебі деп сыртқы және ішкі зиянды факторларының немесе екеуінің бірдей ағзаға жағымсыз әсер етуін түсінеміз.

Баланың сөйлеу тілі патологиясының негізгі себептері:

1. Іш құрсақ кезіндегі әртүрлі патологиялар. Ол нәрестенің іштей дамуына зиян тигізеді. Сөйлеу тілінің ең ауыр кемістіктері іштегі нәрестенің 4 апталық пен 4 айлық аралығындағы дамуының бұзылуынан пайда болады. Нәрестенің іштегі дамуының бұзылуына анасының екіқабат кезіндегі токсикоз және т. б себеп болады.

2. Босану кезіндегі вирусты және эндокринді аурулары, жарақат алуы, резус факторы бойынша қанның сыйымсыздығы, жарақаттану және босану кезіндегі асфиксия (оттегінің жетіспеуі) .

3. Баланың алғашқы сәбилік шағындағы әр түрлі аурулар (әсіресе вирустык, инфекциялық аурулар) .

4. Бас сүйегінің жарақаттануы.

5. Тұқым қуалаушылық факторлар.

6. Әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларының қолайсыздығы.

Сөйлеу тілі баланың барлық психикалық үрдістеріне әсер тигізіп, жеке дамуына тікелей ықпал етеді. Сөйлеу тілі мен баланың барлық психикасының байланысын Л. С. Выготский [11], А. В. Запорожец, А. Н. Леонтьев [12], Р. Е. Левина [13], А. Р. Лурия, А. А. Люблина және басқа көптеген ғалымдардың зерттеулерінде дәлелденген. Бала сөйлеу тілінің көмегімен тек мағлұматты алып қоймай оны кеңінен меңгереді. Ауызша сөйлеу тілі адамның жалпы мәдениеттілігінің көрсеткіші болып келеді. Бұл тек өз ойын дұрыс, нақты құрау емес, сонымен дұрыс жеткізе білу. Сол үшін балада қарым - қатынас тілінде сөздік қорын молайтып, грамматикалық жағын және дыбыстарды дұрыс айтуын қалыптастыру керек. Ереже бойынша сөйлеу тілі туған тілінің нормасына сәйкес келеді. Бірақ, әртүрлі фактілердің әсерінен сөйлеу тілінде ақаулықтар пайда болады. Соның бірі, сөйлеу тілінің жалпы дамымауы. Бұл дыбыс айтуда, сөздік қорында, сөйлеу тілінің граматикалық жағын меңгеруде қиындықтармен сипатталады.

Сөйлеу тілінің дамымауы бар балалар өз ойларын тыңдаушысына жеткізу үшін дене мүшелерінің қимылын және дауыс мәнерлігін пайдаланады. Олар өзінің сөйлеу тілінің кемшілігіне сын көзімен қарап, оны қалайда түзетуге бар ықыласын салады.

Сөйлеу тілінің жалпы дамымауы бар балалардың сөйлеу тіліне тән белгілер:

  • сөйлеу тілінің кеш басталуы;
  • дыбыстарды бұзып айтуы;
  • фонематикалық есту қабілетінің дамымауы;
  • грамматикалық сөйлем құрылысы мен сөздік қоры артта қалуы.

Сөйлеу тілінің бұзылыстары эмоциональды - ерік сферасының тежелуіне әкеледі, бұл баланың қоршаған ортамен қарым - қатынасына мектептегі оқу үрдісіндегі сауат ашуына кедергісін тигізеді. (Л. С. Выготский, Н. И. Жинкин, Р. Е. Левина, М. А. Никашин) [14] .

Сөйлеу тілінің жалпы дамымауы алалия, афазия, ринолалия, дизартрия, сияқты күрделі сөйлеу потологияларының түрлерінде байқалуы мүмкін.

Сөйлеу тілінің дамымау кезінде қабылдау үдерісі төмендейді, ойлау іс-әрекеті баяулайды, ал ойлау қабілетінің кемшіліктері сөйлеу тілінің дамуына кері әсерін тигізбей қоймайды (Л. С. Выготский, Г. М. Дульнев, Р. Е. Левина, А. Р. Лурия және т. б. ) [15] .

Сонымен сөйлеу тілінің ұқсастық жақтарына қарамастан ой-өрісі сөйлеу тілінің даму жағынан бір - біріне ұқсамайды.

Сөздік қоры шамадан тыс шектелген болғандықтан, балалар заттардың және қимыл-қозғалыстардың сыртқы түрлеріне немесе олардың шығатын дыбыстардың ұқсастығына қарап өздерінің былдырлаған тілімен барлығына бір сөзбен ат қойып алып түсіндіреді. Мысалы: биби - машина, нә-нә - тағам және т. б. сонымен бірге қимыл - іс әрекеттерді білдіретін сөздерді заттың атымен орын алмастыра беретін жағдайлар да байқалады. Мысалы: «адас» - қарындаш, жазу, сурет салу, «тәй» - шәй, ішу, тамақ ішу.

Сөйлеу тілі дамымаған баланың кейде бір сөзді сөйлемде де пайдаланатын ерекшелігі болады. Н. С. Жукованың [16] ескерткеніндей, бір сөзді сөйлемдегі сөздің түбірі бұзылып тұлғасыз айтылатын жағдай, сөйлеу тілі дұрыс дамымаған балада да байқалуы мүмкін. Бірақ ол тек 5 - 6 ай ғана созылады, оның үстіне ондай сөздер онша көп те болмайды. Сөйлеу тілі қатты тежеліп өте баяу дамығанда бұл мерзім ұзақ уақытқа созылады. Сөйлеу тілі дұрыс дамыған бала сөздерді байланыстырып сөйлем құрап айтуды ерте пайдалана бастайды. Сөздердің ішінде тұлғасыз сөздер де араласып айтылып кетуі мүмкін, бірақ оларды біртіндеп түзетіп дұрыс айтуға дағдыланып кетеді. Сөйлеу тілінің жалпы дамымауы бар баланың да сөйлемінің көлемін 2 - 4 сөзге дейін кеңейтетіндігі байқалады, бірақ мұнда құрылыс бұзылған сөз тіркестері бұрынғы қалпында өзгеріссіз сақтап қалады.

Сөйлеу мүмкіндігі төмен баланың өмірден алған тәжірибесі аз және айналасындағы өмір тіршілігі туралы мағлұматы жеткіліксіз болады (әсіресе табиғатқа байланысты құбылыстар) . Дыбыстардың қолданылуы тұрақсыз, құбылмалы келеді. Сөйлегенде көбінесе бір - екі буыннан тұратын сөздерді ғана қолданады. Буындары көбірек қиын сөздерді айтқан кезде оның екі - үш буынына дейін қысқартылып, түсіп қалады. Мысалы: жұмыртқа - ұтқа, домбыра - дома, кастрөл - каст. Фонематикалық түйсігі бұзылғандықтан аттары бір - біріне ұқсас, мағынасы әртүрлі сөздерді сұрыптай алмай қиналады. Мысалы: бала - балға, жаға - жаңа. Бұл деңгейдегі балалар дыбыстық талдау жолын түсінбейді.

Сөйлеу тілінің ақаулақтарының пайда болу немесе дамымау себептерін дұрыс анықтау үшін логопед (басқа маман) баланың сөйлеу тілі қалай дамығанын көз алдына елестетуі керек. Баланың сөйлеу тілі неше жастан шыққанын, бірінші сөзді қашан айтқанын және сөздің басын құрап сөйлеуді қашан бастағанын, жалпы сөйлеу тілінің қандай сипатта қалыптасқанын, яғни мектепке барар кезінде сөзік қоры мен грамматикалық құрылымының ерекшелігін т. с. с. мәліметтерді ата-аналарынан сұрай отырып, жинау қажет.

Ата-аналарымен әңгімелесу кезінде баламен күнделікті араласып жүрген адамдардың сөйлеу тілінің даму деңгейі, ерекшелігі, қай тілде сөйлейтіндігі туралы біліп, өскен ортасының ықпалы анықталады. Ең бастысы бала өзінің сөйлеу тіліндегі жетіспеушілікті сезінеді ме, оған көзқарасы қандай екенін білу керек.

Сөйлеу тілінің дамымауы есту қабілетінің нашарлауына тікелей байланысты. Есту қабілеті қалыпты бала сөйлеушінің дауыстап айтқанын 6-7 метр, ал сыбырлап айтқанын 3 қашықтықтан естиді. 1 метрге жетпейтін қашықтықтан сыбырлап айтқанды естімейтін баланың құлағында мүкістігі бар екенін көрсетеді. Баланың сөйлеу тілінің дамуы туралы қорытындыны маман толықтығына, анықтылығына, ырғақтығына, жатықтығына тәуелді жасайды [17] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорының даму деңгейін анықтау
БАЙЛАНЫСТЫРЫП СӨЙЛЕУ ТІЛІ
Мектеп жасына дейінгі III деңгейдегі ЖСТД бар мектеп жасына дейінгі балалардың байланыстырып сөйлеу тілінің дамуы
Жалпы сөйлеу тілінің дамымауы бар мектеп жасына дейінгі балалардың байланыстырып сөйлеу тілі
Мектеп жасына дейінгі жалпы сөйлеу тілі дамымаған балалардың сөздік қорын дамыту мәселелері
Мектепке дейіңгі ересек жастағы СТЖЖ бар балалардың оқу мен жазудың алдын алу және түзету-педагогикалық жұмысының теориялық негізі
Сөйлеу дамуының ЖТСД III деңгейі
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тілінің даму ерекшеліктері
Сөйлеу - акустикалық, жазбаша немесе пантомимикалық белгілер арқылы мәліметті жеткізудің жоғары деңгейлі тәсілі
Жалпы сөйлеу тілі дамымауының себептері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz