Партия мүшелерінің әрекеті мен бағдарламасы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ АКАДЕМИК Е.А.БӨКЕТОВ АТЫНДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Тарих факультеті
Археология, этнология және
Отан тарихы кафедрасы
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Қазақстандағы саяси партиялар: Үш жүз
Орындаған: Ги-33 тобының студенті
Бегендік К.М.
Тексерген: т.ғ.м., аға оқытушы Бөдеев Қ.Т.
Қарағанды-2020
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1.Үш жүз партиясының құрылу тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ..7
1.1 Үш жүз партиясының құрылуының басты мақсаты ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
1.2 Үш жүз партиясының саяси рөлі және Үш жүз газетінің шығуы ... ... 11
2 Үш жүз партиясының әлсіреуі мен оның мүшелерінің тағдыры ... ... .13
2.1 Үш жүз партиясы мен Алаш партиясы арасындағы қарама-қайшылық.13
2.2 Үш жүз партиясының жойылуы және оның жетекшілерінің тағдыры ... 16
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі. XX ғасырдың бас кезінде қазақтардың әлеуметтік-экономикалық жағдайы өте ауыр болды. Қазақ интеллигенциясының алдыңғы қатарлы бөлігі Ресейдегі 1905 жылғы бірінші орыс революциясы идеяларының және сол кездегі қазақ қоғамының әлеуметтік ықпалымен қалыптасты. Ә. Бөкейханов, А.Байтұрсынов бастаған зиялылар қазақ елін отарлық езгіден құтқарып, ұлт-азаттық жолындағы күресте көшбастаушы болды. 1917 жылдың күзінде М. Әйпенов пен К. Төгісов бастамаларымен Үш жүз партиясы құрылды. Бұл партия да Қазақстанның қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешу жолдары үшін күресті. Үш жүз партиясы әуел бастан Алаш партиясымен бірлесе әрекет жасау мүмкіндігі туралы мәлімдегенімен, ол ойынан тез қайтты да көп кешікпей Қазақстанның қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық мәселелері жөнінен Алаштың басты сынаушысына (оппонентіне) айналды. Үш жүз саяси ұйымындағы жетекшілік рөлдерді бұрынғы қорғаушы адвокат, журналист және драмматург Көлбай Тоғысов, фельдшер және тілмаш Шаймерден Досов, жүк тасушы жұмысшы Ысхан Кабеков, журналист Мұқан Әйтпенов атқарды. Алайда партия өмірі өте қысқа және оның мүшелерінің тағдыры да қайғылы болды.
Курстық жұмыстың зерттелу деңгейі. С. Бейсембаевпен П. Пахмурныйдың басшылығымен 1973 жылы шыққан Под знаменем ленинских идей кітабында Үш жүз партиясы әлеуметтік құрамы жағынан әртекті, Алаш партиясына қарама-қарсы құрылған партиялардың бірі деп дұрыс тұжырым жасалынды Тарихшы-ғалым П.Пахмурныйдың пайымдауы бойынша, Yш жүз ұсак буржуазиялық партия болып, солшыл эсерлердің позициясын ұстанды [1, 47 б.].
1990 жылдары Үш жүз партиясының тарихын арнайы зерттеген тарихшы, Бабан Елксевтің мақалалары Қазақстан коммунисі, Жұлдыз, Алматы ақшамы басылымдарында жарық көрді. Алаш партиясымен бір мезгілде дүниеге келген партияның негізгі бағыт-бағдарын талдап, Үш жүз жетекшілерінің бірі K. Төгісовтің саяси қызметіне тоқталды [2, 19 б.].уш жуз и ее деятельность в период установление советской власти в казахстане макалалар жинагы
Алаштанушы К. Нүрпейіс Алаш һәм Алашорда [3, 53 б.] еңбегінде Үш жүз партиясының құрылуы, олардың көтерген экономикалық мәселелері, Үш жүз бен Алаш арасындағы автономия, ұлтаралық қатынас маселе жөніндегі көзқарастары бірде қайшы бірде жақын екендігін, Үш жүз партиясы басшыларының бәрі жүргізген қызметі жөнінде нақтылай көрсете келе: Үш жүз 1917 жылғы Қазан-қараша айларында пайда болды. Әуел баста ол Алашпен бірлесе әрекет жасау мүмкіндігі туралы мәлімдегенімен, ол ойынан тез қайтты да, көп кешикпей Қазақстанның қоғамдық-саяси мәселелері жөнінен Алаштың басты сынаушысына айналды, деп жазады.
Тарихшы-ғалым М. Қойгелдиев Ұлттық саяси элита. Қызметі мен тағдыры [4, 81 б.] атты зерттеулер жинағында Үш жүз өзінің пайда болу негізі жағынан да, әлеуметтік жағынан да толық қалыптасып үлгермеген, бірақ ықпалды саяси күшке айналу ниеті бар ұйым деп көрсетті. Ресей мұсылмандарының тарихын С.М. Исхаков Российские мусульмане и революция [5, 61 б.] кітабында Үш жүз партиясы қазақ интеллигенттерінің идеялық нәтижесінде құрылды деп атап өткен.
Қошке Кемеңгерұлы Қазақтың ешкімге бағынбастан бұрынғы өмірін шолып өтіп, бағынғаннан кейінгі өміріне көбірек тоқталады.Орыс патшалығының қазаққа жасаған зорлық зомбылықтары және де сол кезеңдегі саяси әлеуметтік жағдайды, құрылған саяси партияларды қарастырады.Тарихта болған оқиғаларға өз пікірін толығымен жеткізген Таңдамалы [6, 71 б.] атты кітабын атап өтуімізге болады. Кешегі түкірігі жерге тимей тұрған Кеңес өкіметі тұсында Алаш партиясы туралы ауызға алынбаса, оған қарсы бағыттағы Үш жүз партиясы жайында аз да болса мәліметтер бүгінге жетіп отырды. Мәселен, кезінде
Үш жүз партиясын зертеуге Зиманов С., Богачев А.К., Бурабаев М.С.,Т. Елеуов., Елкеев Б.сияқты тағы да басқалары қалам тартқан.
Т. Елеуовтың Установление и упрочения Советской власти в Казахстане [7, 103 б.] еңбегі, С.З.Зимановтың Ленин и Советская национальная государственность в Казахстане [8, 91 б.] кітабы, Бурабаетың Общественная мысль Казахсана в 1917-1940 годах [9, 55 б.] еңбегін атап айта аламыз. Брайнин С. пен Шафиро Ш. - Үш жүз партиясын қазақтардың ұсақ буржуазиясының оппозициялық фракциясы, ұлттық саяси ұйым немесе қозғалыс, қазақ кедейлері мен жалшыларының одағы деп келді.
Үш жүз партиясы туралы Қ.Есмағамбетов өзінің Қазақтар шетел әдебиетінде атты еңбегінде: Уақытша үкіметтен көңілі қалған кейбір қазақтар Бүкілқазақтық конгресс шешімдерінен бас тартты. Олардың көпшілігі Көлбай Тоғысов есімді кісінің айналасына топталды, ол құрылған күнінен бастап Бірлік тобының белсендісі болды. Ақпан төнкерісінен кейінгі кезде қазақ тілінде шығатын Алаш газетінің редакторы бола жүріп, Оңтүстік Қазақстандағы Түркістан қазақтарын ұйымдастыруға қызу араласқанымен, Бөкейханов пен Қазақ тобының қызметіне еш уақытта тартылмаған болатын. 1917 жылғы 12 наруызда Тоғысов Ташкентте жиналыс ұйымдастырады, оған бұған дейін Ташкент кеңсесіндегі қызметімен көрінген Тұрар Рысқұлов қатысады. Жиналыс Тоғысов үшін жайлы болмағанға ұқсайды, айдың аяғында ол өзінің саяси белсенділік орталығын асығыс түрде Қазалыға көшіреді, онда 27 наурызда 5000-дай қазақ, өзбек және татар қатысқан (бұларды кейінірек кеңес деректері мұсылман солдаттары деп дұрыс көрсетпейді) жиналысқа төрағалық етеді. Қолдары бос болмағанына қарамастан, олар 1917 жылғы мамырда болатын бүкілресейлік мұсылмандар конгрессіне үш татар, үш қазақ және үш өзбек делегатын сайлайды, [10, 127 б.] - деп жазды.
Партияның басты құрамы турасында зерттеуші-ғалым В.К. Григорьев Противосостояние (Большевики и непролетариские партии в Казахстане 1917-20 гг.) еңбегінде былай деп жазды: Руководящее партии составили М.Айтпенов - малоимущий интеллигент, К.Тогусов - журналист адвокат, Ш Альджанов - переводчик, А. Досов учащийся, И. Кабеков - грузчик. Двое из них - К.Тогусов Ш. Алжанов в 1911-1915 гг. сотрудничали в журнале Айкап [11, 147 б.].
Курстық жұмыстың мақсаты. Үш жүз партиясының қалыптасу тарихы мен бағдарламалары, көтерген проблемалары мен оны шешу жолындағы оқиғаларға зерттеу жүргізу.
Осы мақсатқа жету жолында бірнеше міндеттер қойылды.
oo ----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Үш жүз партиясының құрылу тарихы мен саяси аренадағы орнын анықтау;

Үш жүз газетінің шығу тарихы және саяси маңызын көрсету;

Үш жүз партиясы мен Алаш партиясы арасындағы қарама-қайшылықты анықтау;

Үш жүз партиясының жойылуы және оның мүшелерінің тағдырын қарастыру;
Зерттеу нысаны: Үш жүз партиясы.
Курстық жұмыстың зерттеу пәні: Үш жүз партиясының қызметі. Партия мүшелерінің әрекеті мен бағдарламасы.
Курстық жұмыстың дерекнамасы: Үш жүз партиясы туралы Сарыарқаның 26-шы нөмірінде былай делінеді және мұны 260-шы нөмірінде Қазақ көшіріп басқан. Газеттен: Қазақтан шыққан арамзалар. Үш жүз партиясы - содырлы-сойқанды, жүзі қаралар партиясы. Бұл жұртқа келген үлкен дерт. Сөзіне құлақ қоймай, өздерінен аулақ болып, сақтану - алаш балаларына борыш. Қазақтың баяғыдан бері аяқ астына басылып, көрген қорлығы, көрген зорлығы мен зомбылығы аз емес. Енді Үш жүздің қуларына айтарымыз: Елімізді ертпеңіздер, ел қылып ұстау сендердің қолдарыңнан келетін іс емес. Ел де есін біледі, сендердің соңдарыңнан еріп, жарға жамалып жығылмайды. Халықты әуре қылмай, өлген мұжықтың қойнында қалаш табылатын болса, соны іздеп қараңдар!-делінеді. [12, 27 б.].
1918 жылы, 12 январда хабар ретінде былай деген: Мұхтар Сматұлы басқармаға телеграмма берді: 26-31-ші декабрьде болатын сайлауға керекті нәрселер жетпей қалды. Сайлау кейін болуын сұранып тұрмыз. Үш жүз партиясы көрсеткен Ақмола кандидаттарының бәрі тасқа түспейтін болды...
Бұларды қуаттап, Көлбайды жаптырған Омбыда большевиктер жағына шыққан казак-орыс офицері - Прудов деген белгілі казак-орыс. Ол Көлбайды жамандап, Байтұрсынұлын, Бөкейханұлын мақтап газетке сөз жазып шығарды... [12, 29 б.].
Семейдегі Алашорда, Сарыарқа газетіне телеграммалар соқты, Сарыарқа газетінің 1918 жылы, 9 апрельдегі 38-ші нөміріндегі басылған Омбыдағы Жас алаштардың телеграммаларының түрі мынадай еді:
Күндіз 11 апрельде Омбыдан Сарыарқа басқармасына тағы екі телеграмма алынды. Бірі Көлбайға қосарланып, Шаймерден Әлжанұлы, Сүлеймен Тоғызұлдары да абақтыға жабылды. Көбекұлының да жабылатын ыңғайы бар. Көлбай бұрын қандай жұмыс істеп жүрген кісі екенін айтып беруге Ермекұлы мен Сәрсенұлын жіберіңіздер. Бірлік болды деген телеграмма беруші Кашарский.
Алаштың қулары Көлбайдың соңынан сонша түсіп, ескі атқа мінер әкелерінің әдетінше жан-жақтан қаралау қағаз жинап телергамм соққанда шын аттарын жасырып, Кашарский деп қол қояды.
Көлбай Тоғысовтың кезінде қандай қызмет істеп, түрмеге қалай түскендігі туралы соңғы дерек мынау: 1918 жылдың басында Көлбай Омбы губерниялық кеңесінің атқару комитетіне мүше болып, басқа да қызметтермен бірге Заң комиссары міндетін де атқарады. Осы кезде Батыс Сібірде Колчак өкіметі орнап, олар Үш жүз қайраткерлерін қуғындап, қамайды. Ол 1919 жылы Колчак түрмесінде қазаға ұшырайды.
1917 жылы Қазақстанда екі саяси партияның, атап айтқанда, шовинистік көзқарастағы Алаш ұлттық партияның және коммунистік бағыттағы интернационалдық Үш жүз партиясының болғандығын Президент мұрағатында сақталған Бөкей ордасындағы қазақ революциялық комитеттің мүшелері С.Жақыпов пен М.Өтегенов және А.Сейітовтардың баяндамаларында айтылды. Онда Алаш партиясын белгілі кадет Әлихан Бөкейханов басқарып, Алашорда үкіметін құрғандығын, олар сол бағыттағы Үш жүздің әрекет етуші кедергі жасап баққандығы, екі партия арасындағы айтыс-тартыс 1918 жылы күшейіп, оның ақыры Үш жүздің ак гвардияшылар тарапынан талқандалғандығы келтірілді. [13,3 б.].
Үш жүз партиясының бағдарламасы, құжаттары көпшілік қауым талқысына салынды. Партия жөнінде іле-шала Алаш партиясының органы Қазақ, Х. Ғаббасов, И. Әлімбеков, Р. Мәрсековтердің ұйымдастыруымен Сарыарқа, Қызылжарда шығатын жастар, Жас азамат газеттерінде әртүрлі пиғылда бірнеше мақала жарияланды. Әрине, көпшілігі Үш жүзді мақтай емес, даттай жазды. [13,3 б.].
Семей уездік земствосының А. Андамасов, А. Болатов, C. Дүйсенбин, И. Қазанғапов, Р. Мәрсеков, Ж. Шөлембаев және т.б. мүшелері Қазақ газетінде Үш жүз партиясының құрылғанына ашық қарсылық білдірді. Түрі адамға ұқсағанымен пиғылы айуан сияқты сұмдар Үш жүз партиясы деп атақ байланып, бар қазаққа ұйытқы болған Алаш партиясының адамдарын арам аузымен былғамақ болып жүр. Төрт аяқты қасқырға у салушы еді, мыналарға деген у мынау: Үш жүз партиясы - содырлы, сойқанды жүзі қаралар партиясы. Бұл жұртқа келген үлкен дерт. деп сөзіне құлақ коймай, өздерінен аулақ болып, сақтану алаш балаларының борышы деп келетін мақалаларын жариялады [14,71б.].
Омбыда шығып тұрған Революционная мысль газетінің 1917 жылғы 23 қарашадағы нөмірінде Қазақстан социалистік партиясы - Үш жүздің құрылғаны жазылды. Партияның Орталық комитетінің төрағасы - Мұқан Әйтпенов, оның жолдасы (орынбасары) болып Көлбай Тоғысов сайланды. Кейін ол партияның төрағасы болды. Партияның баспа органы Үш жүз газеті шықты. Редакторы - Көлбай Тоғысов болды. [14, 91 б.].
Курстық жұмыстың хронологиялық шеңбері 1917-1919 жылдар аралығын құрайды.
Курстық жұмыстың құрылымы: Кіріспеден, 2 тараудан, 4 бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебитеттер тізімінен тұрады.
1.Үш жүз партиясының құрылу тарихы.
1.1 Үш жүз партиясының құрылуының басты мақсаты мен саяси қызметі.
1917 жылғы Ресейдегі революция қазақ даласындағы қоғамдық-саяси жағдайды түбірімен өзгертті. Қазақстанда бұрындары құрылған және Ақпан революциясынан кейін құрылған саяси партиялар қызу қызметке кірісті.
Үш жүз партиясы - Қазақстанда 1917 жылы қазан-қараша айларында дүниеге келген ұлттық-саяси ұйым. Үш жүз саяси ұйымындағы жетекшілік рольдерді бұрынғы қорғаушы адвокат, журналист және драматург Көлбай Төгісов, фельдшер және тілмаш Шаймерден Әлжанов, Әбілқайыр Досов, Ысқақ Көбеков, Мұқан Əйтпенов атқарды. ОК-тінің алғашқы төрағасы М.Әйтпенов, орынбасары К.Төгісов, хатшысы Ы.Көбеков болды. Орталық органы Үш жүз гәзеті, оған Төгісов редакторлық етті. Өзінің әлеуметтік тегі жағынан ұсақ буржуазияшыл демократтардың саяси ұйымы болды. Қазіргі уақытта көп тараған пікірге қарамастан, Үш жүз саяси ұйымы құрылған күнінен бастап социалисттік партия болған жоқ. 1917 жылы Мұқан Əйтпенов партия төрағасы болған кезде, партия өз гәзетінде русофобтық ойлар айтса, 1918 жылы Мұқан Əйтпенов қызметінен босатылып, орнына К.Төгісов тағайындалғаннан кеін Сталинмен тілдесудің нәтижесінде эсерлерді қолдап, олармен бірігуге ұмтылады. [1,20 б.].
Партияда әрдайым идеялық күрес жүрді. 1917 ж. қараша-желтоқсаны күрт тербеліс, шатасқан және қарама-қайшы шешімдер қабылдау кезеңі болды. Оның қызметі екі кезеңнен тұрады. Біріншісі-1917 жылғы қараша мен желтоқсан айын қамтитын ұйымдастыру кезеңі, Қазанның азаттық идеяларының ықпалы арқылы ұсақ-буржуазиялық революциялық-демократиялық ұйым ретінде пайда болды және қалыптасты. Осы кезеңде оның төрағасы М. Әйтпенов болды. Ол түркі-татар халықтарының мүдделерін қорғауды ұсынды. Тарих ғылымдарының докторы В. Григорьевтің мәліметінше, партия саны шамамен 1000 адам болған, оның ішінде Омбы қаласында - 450 адам, Петропавлда - 200 адам. Оның әлеуметтік құрамы: мұғалімдер, оқушылар, фельдшерлер, мекеме қызметкерлері, сондай-ақ ұсақ малшылар, шаруа-егіншілер, бұталар, жұмысшылар өкілдері. Оған феодалдық-бай шыңының кейбір өкілдері уақытша мүше болды.Екінші - ұзақ кезең-қаңтар айынан 1918 жылдың ортасына дейін, бұл кезеңде партия Қ. Төгісовтың басшылығымен кеңес өкіметіне жақындады. Үш жүз қазақ социалистік партиясының бағдарламалық тезистері 1917 жылы 24 желтоқсанда үш жүз газетінде жарияланды. Жалпы олар шашыраңқы болды, оларда большевиктер партиясының бағдарламасымен сәйкестік аз болды. Бірақ олар еңбекшілердің талаптарын бейнелейтін бірқатар демократиялық тармақтардан тұрды: Империалистік соғысты дереу тоқтату.Соғысушы елдер арасындағы аннексия мен контрибуциясыз бейбіт келісңм. Алаш-Орда партиясының контрреволюциялық қызметін соттау.Ресей құрамында Қазақстан-Орта Азия автономиясын құру. Ресейде түркі-татар автономиясын құру болды.
Алаш партиясының соңынан іле-шала құрылған саяси партиялардың бірі - Үш жүз. К. Төтісовтің қоғамдық-саяси қызметі Үш жүз партиясымен тығыз байланысты. Қазақтың тұңғыш социалистік партиясы атанған Үш жүз партиясының қоғамдық-саяси қызметі, іс-әрекеті мен олардың жетекші қайраткерлерінің нақтылы қызметтері өлі де болса толықтай зерттеліп, нақтылы тұжырым жасала қойған жоқ. Тарихымыздын ақтаңдақ беттері болып келген бұл тақырыпты кеңес өкіметі кезінде қозғаудың өзі мүмкін емес еді. [1,23 б.].
Ғылыми зерттеулерде, саяси әдебиеттер мен көркем шығармаларда Үш жүз партиясы жөнінде буржуазиялық ұлтшылдар деп жаппай қаралаған пікірлер жазылып келді. Негізінде Үш жүз партиясының құрылуы, оның саяси және экономикалық, әлеуметтік мақсат-мүддесі, бағыты жөнінде сол кездің өзінде-ақ әртүрлі тілде баспасөз беттерінде мақалалар жариялана бастады. Омбы кеңес депутаттарының органы болған Революционная мысль газеті бірінші болып: Қазақ социалистік партиясы Үш жүз құрылды, ол өзінің орталық комитетін сайлады, тұрағы Омбы қаласы, - деп жазды [1,27 б.].
Алашорда төрағасының орынбасары Х. Ғаббасов Семейден Мәскеуде жүрген Халел және Жаһанша Досмүхамедовтерге социалистік Үш жүз партиясының әрскетін айыптап жеделхат жіберген. Онда К. Төгісов Алаш партиясын, халық милициясын ақ гвардиялық топ деп айыптауда деп көрсетілген [2, 61 б.].
М. Дулатов та Үш жүз партиясына қарсы пікірде болды. Ол Үш жүздің қулары деген мақаласын жариялап, Үш жүз партиясын құрушы, басшылары М. Әйтпенов пен К. Төгісов және партияға мүше болған Ш. Әлжанов, Қ. Торсанов, Y. Қасабаевтардың қадамдары Алашқа қарсы жүргізіліп жатқан істер деп сынға алса, Үш жүз партиясының қандай партия екендігін қазақ зиялыларының бірі Қошке Кемеңгерұлы: Үш жүздің адал саяси партия емес екеніне мынадай дәлел қоямын: 1) Партияға мүшелікке қырып сал байларды, жуандарды алды; 2) Бұқарашыл, кедейшіл болып отырып, сізге қазақтың нағыз байларынан, жемқорларынан бадырайтып отырып атын атап, уәкілдерді шақырды; 3) Ұлт айырмашылығына карсы болышевик партиясымен тізгіндесіп отырып, сары орыстың бәрі - бір орыс, хахолды ердің алдыңғы қасына отырғызбаңыз деп програм қойды; 4) Діншілдік ұранын көтер деп жазды.
Осылайша қазақ интеллигенттері бірден-ақ К.Төгісовті әр қырынан сынауға тырысты. Бірсулері оның жеке басына кінә тақса, екіншілері Үш жүз партиясына қатысты қызметін сынға алды.
Үш жүз партиясы мен Алаш партиясының саяси бағыттары бір еді. Олардың негізгі мақсаты езуші, ескіні көксеген үкімет билігін толығымен жойып, қазақ халқының өз алдына бөлек ел болуын жүзеге асыру болды. Сондықтан осы мақсатты орындау жолында бұл екі ұлттық партияның арасында күрес туындады. Алаш мүшелері Үш жүздің ісін жақтырмады, Үш жүз де Алашты өз газеттерінде ғайбаттап жатты.
Үш жүз бен Алаш партиясының арасындағы тартысты казак зиялыларының қатарынан шыққан алғашқы большевиктердің бірі С. Сейфуллин өзінің хол, кешу деп аталатын тарихи-публицистикалық толық сипаттап, партияның жүргізген әрекеттерін, оған басшы болған Әйтпенов, және басқа мүшелерінің саяси портреттерін ашық көрсетуге тырысты.
Бөкейханов қазан айында Семейге келіп Алаш партиясының облыстық комитетін ашқаннан кейін Омбы қаласына қазақ жастарымен кездесуге жүрін кетеді. Бірлік ұйымымен (қауымымен) болган кездесу облыстық басқарма үйінде өткен еді. Ә. Бөкейханов қазастарына Том қаласында өткен Сібір автономистерілің съезі тураты есеп беріп, ал екінші жартысын Алаш партиясының бағдарламасына, күрес әдкіне арнайды. Бұл кездесуге Үш жүз партиясының басшысы Мұқан Әйтпенов пен мүшесі Шәймерден Әлжанов та қатысып, пікірсайысқа түседі. Ә.Бекейханов ұлттық Алаш партиясын құру қажеттігін айтса, ал III Әлжанов Алаш емес, қазақ үш ордаға, үш жүзге бөлінеді, сондықтан Yш жүз партиясын құру керектігі жөнінде ұсыныс түсіреді. Алайда кездесу барысында Ш. Әлжанов үсынысынан гөрі Ә. Бөкейхановтың пікірін қолдаушылар көптел табылып, Алаш партиясына мүше болуға ықылас білдіреді. [1,65б.].
Қазақ зиялылары Қошке Кемеңгерұлы мен Біләл Малдыбаевтың басшылығымен Петропавлда шыққан Жас азамат газетінде Көлбай бастаған күні кеше діншілдікті, түрікшілдікті көксегендердің ұлтқа қас большевиктер қатарына қосылып жатқандығы жазылды.
Үш жүз партиясынын қандай мақсатта құрылғандығы жөніндегі пікірлерде әр алуан. Мәселен, Үш жүз партиясын ғалым Т. Елеуов панисламдық пен пантүрікшілдердің көзқарастарын ұстанушы ұлтшыл, ұсақ-буржуазияшы партияның бірі деп есептеді [2, 134б.].
Ресейдің буржуазиялық партиясының тарихын зерттеген Л.М. Спирин бұл партия Ұсақбуржуазиялық демократиямен келісімге келе отырып, революцияның міндеттеріне кедергі жағдайларға жеткізбеуге тырысты деп есептелді. Шындығында, 1917 жылы қараша-қазан айларында Мұқан Әйтпенов, Көлбай Төгісовтердің басшылығымен құрылған Үш жүз ұсақ буржуазияшыл демократтардың саяси партиясы болды. Партия құрамында зиялы қауым өкілдері, революцияшыл-демократиялық бағыттағы жартылай жұмысшылар мен кедей шаруалар бар еді.
C. Сейфуллин бұл партия құрамында Омбы мен Петропавлда тұратын қаланың сауатсыз кедейлері, жұмысшылары болған деп көрсетті.
Үш жүз партиясының құрылу мақсаты жөнінде М.Әйтпенов пен Ы. Кәбеков Сарыарқа газетіне: Белгілі кадет Бөкейханұлы ашқан Алаш партиясының программасымен қанағаттанбай қазақтар өз алдына Үш жүз атты социалист партиясын ашты. Партияның мақсаты федерацияны жақтау, жаңа түрік-татар қауымдарын біріктіру, учредительное собранияға жеке списокқа кіргізу, деп жазылған жеделхат жібереді [3,59б.].
Үш жүз пaртиясы өз қызмeтін Кeңeс өкiмeтiнiң бaғыт-бaғдарын қoлдaумeн бaстaды. Мысaлы, кeңeс өкіметі дүниеге келген сәттен-ақ жарияланған Декреттері жер туралы, бейбітшілік туралы болған болса, оның бәрі Үш жүз партиясы жағынан қызу қолдау тапты. Сонымен қатар, үшжүзшілер Кеңес өкіметіне және жергілікті жердегі жұмысшылар, солдаттар және шаруалар кеңестеріне толық сенім білдіретіндігін жариялады. Партия басшылығына К.Тоғысовтың келуіне байланысты үшжүзшілер арасында халықтар достығы, әсіресе, қазақ пен орыс халықтарының арасындағы достық қарым-қатынас туралы көзқарас қалыптаса бастады.
Сөйтіп, Үш жүз партиясы буржуазиялық-демократиялық Алаш партиясымен бір мезгілде дүниеге келді. Бірақ осы екі партияның қазақ автономиясы туралы көзқарастарының айырмашылығы болды. Ә.Бөкейханов көп ұлтты Қазақстан жеке автономия болса, ішіміздегі орыстар оны қолдайды деп үміттенді, ал үшжүзшілер көп орыс аз орысты қазаққа бауырлата қоймайды деп есептеді. Сонымен бірге Үш жүз партиясы көп мәселеде Алашпен тоқайласып тұрды. Айталық, дін, сот ісі, құқық мәселелерінде, земство, жер, соғыс пен бейбітшілік мәселелерінде де бір сөзге келмеді. Үш жүз партиясы мұсылман дініне үлкен құрметпен қарады. Қазақтың болашақ заң жинағына шариғаттық әділдік пен адалдық жөніндегі қағидаларын енгізуді ұсынды. Партияның жетекшілері қазақ даласында өкімет билігін халыққа беріп жергілікті жердегі басқару жұмысын халық сайлаған қазақ комитеттерінің өз қолына алуын талап етті. Үшжүзшілер пролетариат диктатурасын мойындамады, коммунистер партиясының қоғамдағы басшылық рөлін танымады.
Дегенмен қазақ социалистік партиясы, Үш жүздің өмірі тым қысқа болды. 1918 жылғы мамыр-маусым айларынан бастап, Еділ, Сібір және Қазақ өлкесінің солтүстік, шығыс облыстарын ақ гвардияшылар басып алып, Колчак бастаған Сібір үкіметі құрылды. Осыдан бастап Үш жүз басшыларына қарсы ақ террор басталды. Көп ұзамай К.Тоғысов, Ш.Әлжанов, Ы.Қабенов, С.Төленгітовті Колчак жендеттері азаптап өлтірілген болатын. [4,31б.].
Үш жүз партиясының қалған белсенді мүшелері оның ішінде Ә.Досов, Ж.Сәдуақасов, Қ.Дүйсекеев, М. Мусин, Т.Арыстанбеков, С.Аманжолов, Қ.Жүнісбеков кейіннен кеңестік социалистік қоғам құрушылар қатарынан орын алды.
Өздерін саяси партия ретінде жариялаған алғашқы күннен бастап-ақ үшжүздіктер Алаш партиясына қарсы ұстанымда болды. Бүкілресейлік Құрылтайға депутаттар сайлау науқанына дербес тізіммен түсіп, сайлауда бірде-бір өкілін өткізе алмады. Үш жүздіктердің қазақ қоғамы арасында беделінің жоқтығы басшылығында ел мойындаған саяси тұлғаның болмауына, сондай-ақ партияның халықты соңына ерте аларлық нақты бағдарлама ұсына алмауына байланысты еді.
Үш жүз партиясының құрылуындағы мақсаты патша үкіметі билігін толығымен жойып, Қазақ халқын егеменді ел ету болды. Үш жүз бағдарламасының негізгі мәселелері жер, земство, дін, сот, автонмия, бейбітшілік еді. Империалистік соғысты дереу тоқтату, соғысушы елдер арасындағы аннексия мен контрибуциясыз бейбіт келісім орнату, Алаш-Орда партиясының контрреволюциялық қызметін тоқтату, Ресей құрамында Қазақстан-Орта Азия автономиясын құру және Ресейде түркі-татар автономиясын құру болды. Үш жүз қазақ арасындағы мұсылмандықты қолдайтындығын және қорғайтындығын айта отырып, сонымен бірге атеистік ұстанымдағы большевиктермен тығыз жұмыс істеуге күшін салған партия болды. Сол себеті де бұл партия туралы пікірлердің көбі негативті болды. Өз ретінде большевиктер бұл партияны Алаш партиясының беделін түсіру мақсатында пайдалануға тырысқан болатын. Үш жүз партиясы мұсылман дініне үлкен құрметпен қарады. Қазақтың болашақ заң жинағына шариғаттық әділдік пен адалдық жөніндегі қағидаларын енгізуді ұсынды. Партияның жетекшілері қазақ даласында өкімет билігін халыққа беріп жергілікті жердегі басқару жұмысын халық сайлаған қазақ комитеттерінің өз қолына алуын талап етті. Үшжүзшілер пролетариат диктатурасын мойындамады, коммунистер партиясының қоғамдағы басшылық рөлін танымады.
1.2 Үш жүз партиясының саяси рөлі және Үш жүз газетінің шығуы
Жаңа партияның Орталық комитетінің төрағалығына Мұқан Әйтпенов, төрағаның жолдасы (яғни орынбасары) болып Көлбай Төгісов, хатшылыққа Ысқақ Кәбеков сайланса, ал қазынашы қызметін Әбдірахман Қылышбаев атқарды.
Үш жүз партиясының органы ретінде Көлбай Төгісовтің басшылығымен Үш жүз газеті 1917 жылдың желтоқсанынан 1918 жылдын мамырына дейін шығып отырды, оның 10 нөмірі жарық көрді Бұл нөмірлердің барлығы да Жасасын түрік-татар баласы деген ұранмен шықты.
Бұл газеттің Омбыда шыққандығы жөнінде Қазақ газетінде шағын хабарлама басылып, оның редакторы K. Төгісовтің болғанына риза еместіктерін білдірді. Қазақтың газеті көбейгенін жек көрмейміз. Бірақ Көлбайдың кім екенін, қандай газетші екенін жұрттың көбі білгендей болған. Жалпы жұрт надан болса, көзі ашылар. Бірақ басшылық қыламын деген кісі соқыр болса, ия өзі жарға жығылар, ия соңынан ерушіні жарға жығар. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz