Қазіргі театр өнері
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.ӘУЕЗОВ атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
РЕФЕРАТ
Заманауи қазақ өнерінің негізгі жанрлары: әдибиет,кескіндеме,театр,сәулет өнері,музыка,кино,телеведение.
Орындаған: Назарбекова Аружан
Тобы: ЕП-20-4к
Қабылдаған: Тасполтаева Меруерт
Жоспар:
* Қазақ өнері
* Заманауи музыка
* Қазіргі театр өнері
* Заманауи би саласы
* Архитектура,сәулет өнері
* Кескіндеме
* қазақ кинематографиясы
* Көркем әдибиет саласы
Өнер -- көркем образдар жүйесі арқылы адамның дүниетанымын, ішкі сезімін, жан дүниесіндегі құбылыстарды бейнелейтін қоғамдық сана мен адам танымының формасы.
Өнер өмірде болған оқиғаларды қаз-қалпында алмай, өзгертіп, түрлендіріп, көркем образдарды типтендіру арқылы сомдайтын эстетикалық құбылыс. Оны қоғамдық сананың өзге формаларынан даралайтын белгісі де адамның шындыққа деген эстетикалық қатынасы болып табылады. Өнердің мақсаты - дүниені, адам өмірін, қоршаған ортаны көркемдік-эстетикалық тұрғыдан игеру. Көркем шығарманың бел ортасында нақты бір тарихи жағдайда алынған жеке адам тағдыры, адамдардың қоғамдық қатынастары мен қызметтері тұрады. Олар суреткер қиялы арқылы өңделіп, көркем образдар түрінде беріледі. Шығарманың суреттеу тәсілі, құрылымдық келбеті, көркем бейне жасаудың материялдық арқауы өнер түрлерінің ерекшеліктерін айқындайды. Осыған сай өнердің:
* көркем әдебиет,
* музыка,
* мүсін,
* кескіндеме,
* театр,
* кино,
* би,
* сәулет өнері, т.б. түрлері бар.
Өнердің қызметін, қоғамдық сананың, адам танымының айрықша формасы ретіндегі ерекшелігін айқындайтын белгілі бір анықтама беру немесе оның адам өміріндегі маңызы мен мәнін анықтау жайлы тартыстар бүкіл мәдениет тарихында тоқталған жоқ. Өнер жайлы: "табиғатқа еліктеу", "Құдайды тану", "шындықты бейнелеу", "сезім тілі", т.б. анықтамалар берілді. Көптеген теорияшылар өнердің күрделілігі мен санқырлылығына сай оның мән-маңызын тек танымдық немесе идеялдық, яки эстетикалық деп біржақты қарастырушылар да болды. Осындай көзқарастарға қанағаттанбай өнертанушылар өнердің бойында таным да, шындықты көре білу де, жасампаздық та, көркем бейне де, рәміз сияқты көптеген мәселелер келісті үйлесімде, тығыз қарым-қатынаста деген тоқтамға келді. Өнер жеке тұлғаның жан-жақты дамып жетілуіне, оның эмоционалды күйіне, интеллектуалды өсуіне ықпал етіп, адамзаттың қордаланған сан ғасырлық мәдени тәжірибесінен, даналығынан сусындауға мүмкіндік береді.
Өнер туындысы адам сезіміне қозғау салумен бірге, баяндалған оқиғаны басынан өткізгендей тебіреніске, кейіпкердің қуанышына сүйінген, қайғысына күйінген толғанысқа әкеледі, эстетикалық ләззәтқа бөлейді. Ол ерекше көркем образды рәміздер жүйесі арқылы, айрықша көркем тіл ретінде көрініп, адамдардың санасына жол табады. Адамның көркем шығармашылдық әрекеті сан алуан қалыпта дамып, ол өнердің түрлері, тектері, жанрлары ретінде таратылады.
Өнер теориясы бойынша көркем шығармаға негіз болған матерялдық арқауына байланысты өнер түрлерінің негізгі үш тобы туындайды:
1. мекендік немесе пластикалдық (кескіндеме, мүсін, графика, көркем фото, архитектура, т.б.) яғни, көркем бейнені кеңістікте түзетін өнер түрлері,
2. мезгілдік (сөз және музыка өнері), яғни көркем бейнелерді уақыт кеңістігінде құратын өнер түрлері.
3. мекенді-мезгілдік (би, актерлік өнер және осыған негізделген аралас түрлер - театр, кино, телевизия, эстрада, цирк, т.б.), яғни көркем бейнені белгілі бір уақыт кеңістікте түзетін өнер түрлері.
Сөз өнері іштей - жазба әдебиет, ауыз әдебиеті болып бөлінсе, музыкылдық өнер - вокалдық, аспаптық музыка түрлеріне бөлінеді. Сахналық өнер - драмалық, музыкалдық, қуыршақ, эстрада, цирк, т.б. болып жіктеледі. Ауыз әдебиеті - эпос, лирика, драма сияқты тектерге бөлінуімен қатар, бейнелеу өнері - портрет, пейзаж, натюрморт, сахна өнері, комедия, трагедия, водевил, т.б. жанрларға бөлінеді.
Би де сол секілді гимнастика, халықтық, заманауи би деп бөлінеді. Өнер, жалпы алғанда, әлемді игерудің тарихи қалыптасқан көркем әдісі ретінде өзіне тән ерекшеліктер мен өзіндік сипатқа ие. Өнердің эстетикалық қызметі арқылы танымдық табиғаты мен тәрбиелік сипаты айқындалады. Әрбір тарихи кезеңнің, сондай-ақ әрбір халықтың өзіне тән эстетикалдық талап, талғамдары болады. "Өнер алды - қызыл тіл" деген қазақ мәдениетінде сөз өнерінің орны ерекше болған. Бұны да осы секілді халқымыздан мұра болып қалған мақал-мәтелдерден көруге болады. Қазақ фольклорының шағын жанрлары - мақал-мәтел, жұмбақ, лирикалдық ән-өлеңдер, билер институты тудырған шешендік сөздер табиғатының эстетикалдық сипаты басым. Халық музыкасында қалыптасқан әншілік, күйшілік дәстүрлердің де өзіндік болмысы анық. Кең тынысты лирикалдық әндер арқылы халық өзінің ішкі сезімдерін сыртқа шығарған болса, күмбірлеген күй арқылы өздерінің эстетикалдық әр филосиялдық ой-толғамдарын жеткізіп отырған. Осы белгісіне орай өнерді әрі эстетикалдық, әрі этникалдық құбылыс ретінде қарастыруға да болады. Халық мұрасы тұсында оның этникалдық арқауы басым болса, кәсіби өнерге келгенде эстетикалдық сипаты үстем. Өнер туындылары арқылы өмір шындығын көрсетудің әр түрлі тарихи кезеңдерге тән өзіндік көріністері бар. Соларды саралай отырып, адамзат баласының көркем қиялмен ойлау жүйесінің даму, жетілу жолдарын аңғарамыз.
Өнер терминін екі мағынада анықтауға болады. Кең мағынасында өнер адам баласының жасампаздығын білдіреді де, "ендіру", "жасау", "құру" деген негізден өрбиді. Мысалы, көне гректердің өнерді білдіретін ұғымы "poiesis" -- адам қолынан шыққан, өндірілген заттар әлемі ретінде табиғи әлем -- "physiske" қарама-қарсы қойылған. Tap мағынасында "өнер" деп көркем шығармашылық үдерісін және оның нәтижелерін (бейнелеу, поэзия, әуен, би және т.б.) айтуға болады.
Музыка- әлемдік өнердің бір түрі. Орыс жазушысы Антон Чехов айтқандай музыка әлемді жадыратады, әрбір тірі жанға шаттық, бақыт сыйлайды,қиял ғажайып әлемге самғауға көмектеседі. Сондықтан өмірде музыканы сүймейтін адам жоқ шығар. Адамдар ежелден қазірге дейін музыка арқылы өлеңнің әуенін, музыкалық инструменттерін өзгерте отырып жетті.
Қазақтар ежелден музыканы жақсы көрген. Оған домбыра, қыл-қобыз, сазсырнай,дабыл сияқты музыкалық инструменттері, Біржан сал, Құрманғазы сияқты күйші - әншілері дәлел бола алады. Құдай қазақтың жанына дүние есігін ашқан сәтінен бастап күйдің бір бөлшегін салған деген аңыз бар. Бәлкім, қазіргі кезде де музыканы жақсы көретініміз осы себептен болар.
Егер қазақтың бұрынғы музыкалық өмірі мен қазіргі таңдағы өмірін салыстырайық. Біріншіден, қазір елімізде батыс елдерінің музыкалық жанрлары көптеп кездеседі. Екіншіден, бұрынғы уақытта әндер мен өлеңдерді ұлттық музыкалық аспаптармен сүйемелдеп жазған, ал қазіргі кезде аспаптармен қоса, заманауи технологияның көмегімен жазылады. Үшіншіден, біздер музыканы тек қазақ тілінде тыңдамай, сонымен қатар өзге тілдерде де тыңдаймыз. Төртіншіден, ежелде дәстүрлі әндер ғана болса, қазіргі кезде эстрадалық әндер де кең қолданысқа ие.
Өкінішке орай, қазіргі таңда көптеген адамдар эстрадалық әндерді кең көлемде тыңдайды. Дәстүрлі әндерді көп жағдайда ересек және қарт адамдар тыңдайды. Экстрадалық әндер шоу бизнесте көп қаражат табады. Осы себептен, көптеген әншілер дәстүрліден экстрадалық түрге бет бұрды. Тағы бір мәселе, қазақстандықтар әртүрлі тілдегі әндерді тыңдайды. Әсіресе жасөспірімдер, жастар, тіпті балалар да. Кейбіреулер қазақ әндерін тыңдаудан қалып, ұнатпайтындары да бар. Дәстүрлі әндер жақсы жағынан тәрбиелеп, салт - дәстүрлерін, өздерінің тарихын ұмытпауға ықпалын тигізеді. Егер дәстүрлі музыкаларды тыңдауды тоқтатсақ, өзіміздің дәстүрлерімізді, өзіндік ерекшеліктерімізді ұмытып, оған қалай болса солай, салғырт, немқұрайлы қарайтын боламыз. Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев айтқандай, Туғанда дүние есігін ашады өлең, өлеңмен жер қойнына кірер денең. Шыныменде, сәбиге жарық дүние есігін ашқан сәтінен бастап анасы Бесік жыры секілді өлеңдер айтады, ал адамдар қайтыс болғанда, жақын адамдары жер қойнауына Жоқтау әнімен шығарып салады. Бұл жерден музыканың адам өміріндегі маңыздылығын көре аламыз.
Қорыта келгенде, музыка - қазақ халқы үшін үлкен рөл ойнайды. Музыка өнері елімізде ежелгі кезден бастап осы күнге дейін сақталған. Және біздер оны келешек ұрпағымызға сақтауға міндеттіміз. Бұл сөз , өзге елдердің әндерін мүлдем тыңдамау керек деген сөз емес. Өзге елдегі әндерді тыңдаған дұрыс, ол адамның ой - өрісін кеңейтеді. Бірақ өзіміздің дәстүр - тарихымызды, өзіміздің кім екенімізді ұмытпауымыз керек.
Театр - қазақ театры және қазақ театр сынына байланысты көптен бері ойда жүрген бұл тақырыпқа құлшына келуіміз қордаланған мәселелердің бар екендігін көрсетеді. Бұл мәселе бүгінгі жиында, дөңгелек үстелге жиналған баршаны толғандырған, өзекті мәселелердің бірі. Қазақ драматургтері уақыт талап еткен өткір тақырыптарға батыл назар аударады. Театр көрермендері тарапынан болатын сұраныстың алдында болуға тырысып бақты. Драматургтерді қамшылай отырып театрлар көрермен қажет еткен тақырыпты тауып қоюға бет бұрады. Таза драматургия жанры кешеуілдеп жатқанда прозалық, поэзиялық шығармалар негізінде жасалған сахналық түзілім - исценировкалар қажетке жарап сахнада сұранысқа ие тақырыптар жиі көрініс береді. Бұл спектакльдері қоғам өмірінің қаны сорғалаған өзекті тақырыптарын, әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерін өткір көтерген, көрерменге ерекше ой салған спектакльдер болғанын атап өтеміз.
Кезінде бірнеше мәрте кеңестік жазалау машинасының құрбанына айналған Алаш қайраткерлері ақталып, олардың шығармалары сахнадан көрсетіле бастады. Еліміздің тәуелсіздік алуы бізге өз тарихымызды өзгелер емес, өзіміз айтуға, өзіміз жазуға мүмкіндік берді. Бұл үлкен жетістігіміз. Театр сахнасына қойылған тарихи тақырыптағы спектакль, қалам тербеген драматургтеріміздің басым бөлігі ерлік пен жеңіске толы өткен тарихымызды саралады. Отан сүйгіштік, елдің тұтастығын сақтау, бірлікке дәнекер болу тұрғысынан жырлады. Сөзсіз, бұл туындылардың әр қайсысы тарихымызға жаңа көзқарас қалыптастырған маңызды шығармалар. Бұл бағытта отандық театрларымыз бен драматургияның әлі қаузайтын, көтеретін толық ашылмаған қызықты тақырыптары жетерлік.
Бірақ, осыншама пьесалар жазылып қойылғанына қарамастан театр мен драматург арасындағы тандемінің ылғи бұлтсыз ашық болғандығы жайлы деректі күні бүгінге дейін кездестіре алмайды екенбіз. Бұл қарым-қатынаста екі жақтың да айтар уәждері, өзара қояр шектер мен шарттары бар.
Ал енді жазылған, бірақ қойылмаған пьесалар жайында ойланатын тұстар бар. Жүлде алғандар талай пьесаларымыз театр сахнасына қойылмай шаң басып жатыр. Оны сахнаға қоюға міндеттейтін министрліктің жоғарыдан жіберетін нұсқаулығы, тетігі болмағасын әркім өз білгенін, қалағанын қоюда. Мемлекеттік деңгейде аталынып өтетін мерейтой немесе тарихи датаға байланысты іс-шаралар, пьеса жазу ісі алдын-ала қарастырылып, театрларға жыл, жыл жарым бұрын жоспарланып ұсынылуы керек. Онысыз дер кезінде жазылған, бірақ қойылмайтын пьесалар санын көбейтуден әрі қадам баспаймыз.
Драматургтеріміз туындыларын жазуда, жүлде алған пьесалардан кенде емеспіз. Десекте, театрларымыз бен режиссерлер қауымы пьеса жоқ деуден танбай келеді. Бүгінгі таңда еліміздің театрларын біріктіріп, бағыты айқын, көздеген мақсаты бар жүйелі жұмыс жасау кемдік етіп келеді. Республиканың 60-қа жуық театрлары әр түрлі мекемелерге бағынып, әр түрлі көздерден қаржыландырылатындықтан әттеген-айларымыз жетіп артылады.
Алдымен театрларымызды бір орталықтан басқарып, республика кеңістігіндегі театрларға бір ізді саясат ұстанудың жоқтығын көреміз. Театрлардың ресми мәртебесі - мемлекеттік қазыналық кәсіпорын, ал жұмыс істеу тәсілі - жекеменшік серіктестік сияқты еркіндікте. Тәуелсіздік бұл театрлардың адымын аштырмай келеді. Тіпті, театрлардың шығармашылығында теріс көзқарастағы үдеріс пайда болды. Театрлар пьесаны өздері жазып, өздері қабылдап, қаламақысын да өздері алып, сахнаға да өздері қояды. Жаңа қойылымды да өздері қабылдап, сыншы ретіндегі бағасын да өздері береді. Осының салдарынан театр кәсіби деңгейі ақсап, аяғы таптауырындыққа ұрынуға әкеліп соқты. Сырт көз пікір, сын айтылмайды, айылса да қабылданбайды, театр ешкімге тәуелді емес, толықтай тәуелсіздік.
Тәуелсіздік кезеңіндегі ұлттық драматургияда көрініс берген құбылыс бұл театр режиссерлері, актерлері және директорларының пьеса жазуға белсенді араласуы. Бұл жоғарыда келтірген пьеса жоқ деген оппоненттердің уәжі. Драматургияны кәсіп еткен қаламгерлердің орнын жаза алатыны бар, шала жазатыны бар театрдың практиктері: режиссерлер мен актерлер, әдебиет бөлімінің меңгерушілері басты.
Көбінесе режиссерлеріміз драматургтердің жазған пьесаларына көңілдері толмай өздері пьеса жазумен айналысып кетсе, енді біреуелері осы салада беріле бастаған қаламақының соңына түсіп өздері жазған пьесаларын өздері сахнаға қоя бастады. Бұл таза бәсекелестік пен шығармашылық еркіндікті шектеген теріс құбылыстарға алып келді.
Бүгінгі таңда республика театры сахналарында жиі қойылып жүрген режиссер-драматургтер деп: Әубәкір Рахимов, Ерсайын Төлеубай, Талғат Теменов, Болат Ұзақов, Мұрат Ахманов, Әлімбек Оразбеков т.б. атаймыз. Ә.Рахимов секілді режиссердің жазған Шәкәрім пьесасы Республикалық Тәуелсіздік толғауы бәйгесіне түсіп жүлделі бірінші орынды иеленсе, немесе Ә.Оразбековтың Бір түп алма ағашы пьесасы секілді барлық театрларда сұраныс тауып жатса дауымыз жоқ. Мәселе, жаза сала өз театрының сахнасына арнайы сараптаудан өткізбей қоятындарда. Театрдың репертуарлық саясатына өзі би, өзі қожа болған бұл театрдың репертуарының көркемдік сапасы сын көтермейді.
Бұл аз болғандай, соңғы кезде бұл ерекше топ - театр қайраткерлерінің қатарын жазушы-депутат, жазушы-қоғам қайраткерлері толықтырып жатыр. Драматургияға бұл ағалардың бел шеше кіріскенінен қазақ драматургиясы алға озды деу артық айтқандық. Лауазымды ағаларымыздың атағы мен атынан үріккен театрлар, өнер ұжымдары демін ішіне тартып, қан тамырлары білеуленіп жоғарыдан келген нұсқаулықты орындауға мәжбүр. Ішінара талантты шығармалар да көрініп қалады. Десекте, бұл ел ағаларының депутаттық белгі тағып креслода отырған кезде театрға драматург болып келе қалуы көптің кекесінді күлкісін келтіреді, қазақ кәсіби драматургиясының шарасыздығын көрсетеді. Өкінішті. Ішкі мәдениеттен айырылып, сырттың айтарын сырыққа іліп қойған тәуелсіздік әкелген демократияның бұл бір көрінісі демеске шара жоқ. Талай театр фестивалінде осы мәселе төңірегінде театр сыншылары тарапынан сыни пікірлер айтылды.
Драматург пьеса жазады, режиссер пьесаны қояды, актер орындайды, сыншы бағалайды. Әркім өзі маманданған кәсіби ісімен айналысады. Басты баға беруші қалың көрермен десекте, театр сыншысының кәсіби талдауынсыз спектаклдің көркемдік сапасын ажырату, тұщымды бағалау қиындық тудырады. Енді келіп кәсібіи театр өнерінің төрт тағаны болуға тиіс театр сынын бүгінгі қазақ театр процесінен шеттетілуі, көп жағдайда түсінбестікпен кейде әдейі қатыстырылмауы ұлт театрының алға қарай даму үдерісіне ықпал етпей қоймайтыны анық.
Театрды, драматургияны, орындаушылық өнер мен озық режиссураны дөп басып көре білу, оның артық-кем тұстары жайлы айтып, жаза алатын мамандардың қызметінің қазақ театры үшін артық болуы ойлантады. Өркениетті елдерінің бәрінде театрдың шығармашылық деңгейін, ондағы әрбір жаңа қойылымның көркемдік сапасын ең алдымен театр сыншылары анықтап, нақты бағасын солар береді. Кеңестік дәуірде кез келген жұмыс орнында жарнама ретінде ілініп тұратын Мамандар бәрін шешеді деген ұран бүгінгі таңда да күн тәртібінен түспеген секілді еді.
Ал қазір біздің театрлар сыншыларды мүлдем керек етпеуге айналған. Тіпті, соңғы уақытта театр сыншылары театр фестивальдеріне сирек шақырылады. Театрдың фестивальде көрсеткен спектаклі жайлы түбегейлі пікірді мәдениет департаментінің шенеунігі, журналист, қоғам қайраткері, жазушы, ақын, мәдениеттанушы, режиссер, драматург, соңында 1 театр сыншысы айтады. Қазылар алқасын шамамен осындай құрамда бекіту бүгінде республикалық, аймақтық театр фестивальдерінің тұрақты көрінісіне айналды. Қызғаныш жоқ отырсын, қазылық етсін театрлар жұмысын сараптасын. Тек, тауық сойылса да қассапқа сойдыру дегенді естен шығармағанымыз жөн. Мұндай келеңсіз жайлар, кәсіби театрды құрайтын барлық компоненттерді, драматургияны да қоса шайқалақтатып тамырына балта шабады. Кәсіби театрдың шығармашылық жұмысын бағалауға кәсіби театртанушы мамандар тартылып, олардың айтқан ескертпелері өнер ұжымының келешек даму траекториясының сызылуына көмектесу керек. Онысыз кәсіби театр сапасы көркемөнерпаздар деңгейіне түсіп, оның жұмыстарын, шығармашылық жетістіктерін талдау үрдісі экраннан жұлдыз таңдаған ток-шоуға айналады.
Ойымызды қорытындылай келгенде, қаламгерлер дүниеге алып келетін қазақ драматургиясы кең қолданысқа енуі, сұранысқа ие болуы, оларға жан-жақтан арнайы тапсырыстардың көбейуі үшін ауқымды, кең ойластырылған арнайы жоспар қажет. Театрға, оның оң бағытта дамуы, сапалы репертуары, замануи болуына жазушы драматургтер, театр ұжымы, сыншылар қауымы тікелей жауапты.
Төмендегі ұсыныстар осы бір мәселелерді шешуде
1. Бүгінгі заманға сай жаңа форматтағы драматургтер қалыптастыру үшін арнайы маман театр сыншылар, драматургтер, режиссерлердің қатысуымен семинарлар, шеберлік сыныптары, жаздық лагерьлер ұйымдастыруды қолға алу керек;
2. Театрлардың мемлекеттік саясатты жүргізудегі маңызы мен қажеттілігі бұл айтылған салалардың ешқайыссынан да кем емес. Сондықтан да драмалық маңызды шығармаларға мемлекеттік сатып алу жөнінде арнайы конкурс өткізіліп, грант беріліп тұруға тиіс. Тәуелсіздік толғауы конкурсы бойынша жыл сайын үш-төрт пьесаға бәйге берумен ғана шектелу еліміздегі алпысқа жуық театрлар үшін мүлдем аз екендігі анық.
3. Пьеса жазудың, сахнаға арналған туындыны өмірге әкелудің басқаша, жаңа механизмдерін іске қосу керек. Бұл жұмысты жергілікті қоғамдық ұйымдар мен театрлардың әдебиет бөлімі белсенді араласуымен жасау, олардың көмегінсіз жергілікті белсенді авторларды пьеса жазушылар қатарына ендіруі арқалы театр процесінің барысына қызу араластыру керек.
4. Республикалық деңгейдегі құзіретті мекемелер еліміздегі барлық театрлар жұмысына қажетті ықпалын күшейтудің заңдық-құқықтық ереже-тәртіптерін жасап, бекіту керек. Бұл еліміздегі мемлекет қарауындағы барлық театрлардағы шығармашылыққа қатысты кадр мәселесін шешуге, репертуарлық саясатты түзуге, жаңа қойылымдардың көркемдік сапасына арнайы театртанушы мамандардан құрылған эксперттік кеңес жұмысы ақылы баға беріп отыруға құқылы болғаны жөн. Бұл мәселе Мәдениет туралы заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізу барысында да назарда болғаны абзал.
5. Қазір жаңа пьесаларды қабылдауды театр жүзеге асырады. Бұл - театр өнерін де, драматургияны да алға бастырмайтын, болашағы күмәнды мәселе. Өйткені, мұндай жағдайда театрларға сапасыз шығармалардың қаптап келуі ешқашан тоқтамайды және сыбайлас жемқорлыққа жол ашыла береді. Сондықтан да кез-келген жаңа пьеса ең алдымен бейтарап сыншылардың талдап-талқылауынан өтіп, кемшін тұстары жөнделіп, сахнаға содан кейін ғана шығуға тиіс. Осыған орай, Министрліктің Репертуарлық саясат жөніндегі басқармасының жұмысы барынша күшейтіліле отырып, театрлардың еркін шығармашылық жұмыс жасауына да кедергі келтірмейтінде тетіктермен қамтамасыз етіп ұйымдастырылуы қажет.
6. Театрлардың шығармашық беталысын, жетістік-кемшілігін дер кезінде анықтап, сараптама жасап, бағыт-бағдар беріп отыруды да жүйелі түрде қолға алу қажет.
Театрлар қандай қойылымдар қойып жүр, олардың сапасы қай дәрежеде, көрермендердің ынта-ықласы қандай, оған жұмсалған шығын қаншалықты ақталды деген сияқты зерттеулер жасалып, мониторинг жүргізудің де ереже-шарттары жасалынса дейміз. Бұған бірінші кезекте М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институы мен Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының, Астанадағы Өнер университетінің театр мамандары белсенді тартылуы керек.
Би - Адам билей бастағаны белгісіз, бірақ би адамзат тарихының ажырамас бөлігі болды. Ұрпақтарға беріліп отырған салт-дәстүрлерден көретініміздей, би - адамның ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz