Қаржылық есептілік аудиті


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

  1. Аудиторлық компания мен аудиттелетін компания жайлы жалпы мәлімет3
  2. Аудит жүргізу жоспары 5
  3. Компанияның аудиторлық компанияға жазған өтінім хаты . . . 6
  4. Аудиторлық хат (Аудиторлық компанияның өтінім хатқа жауабы) . . . 7

4. Қаржылық есепке (бухгалтерлік) жасалған талдау

4. 1 Компанияның жалпы жағдайына талдау (бухгалтерлік есеп) . . . 8 4. 2 Пайда мен шығын туралы есебіне талдау . . . 10 4. 3 Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есебіне талдау . . . 11

4. 4 Өз капиталындағы өзгерістер туралы есебіне талдау . . . 13

4. 5 Есеп саясаты туралы ақпарат және түсіндірме жазбасына талдау . . . 11

  1. Аудиторлық қорытынды. . . . 19

Қорытынды . . . . . . 20

ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР

1. Аудиторлық компания мен аудиттелетін компания жайлы жалпы мәлімет

1994. «Экономист» Ғылыми-өндірістік бірлестігі «Центраудит» Аудит және сараптаманың тәуелсіз шаруашылық есепті орталығы етіп қайта құрылды. Клиенттердің қаржылық есеп аудиті мен аудиттің қосалқы қызметтерін көрсету кәсіпорын қызметінің басты бағытына айналады. Оған қоса, бұлжылдары Компания жекешелендіру процесстеріне белсенді түрде қатысып, клиенттердің мүліктерін, соның ішінде елімізге жаңа келген бағалы қағаздарды бағалаумен айналысады. 1995. Азаматтық Кодекс талаптарына сәйкес Компания негізгі қызметтері болып қаржылық есеп аудиті, мүлікті бағалау, кеңестік қызметтер болып қалған «Центраудит» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болып қайта құрылады. Сол жылдың желтоқсан айында ҚР Президенті заң күшіне ие «Бухгалтерлік есеп туралы» Үкіміне қол қойып, Компания өзінің қызметкерлерін бухгалтерлік есеп пен аудиттің жаңа әдістеріне, ұстанымдарына, әдістемелеріне белсенді түрде үйрете бастайды. Республика кәсіпорындарында Компания қызметкерлері Қазақстандық бухгалтерлік есеп стандарттарын белсенді түрде енгізіп, жүздеген қазақстандық кәсіпорындарды кеңестік есеп жүйесінен Қазақстандық бухгалтерлік есеп стандарттарына іс жүзінде ауыстыру жүзеге асырыла бастады. 1998. Радостовец Владимир мырзаның дүниеден кетуіне байланысты, компания қайта құрылып, қазіргі таңда «Центраудит-Қазақстан» Тәуелсіз аудиторлық компаниясы» ЖШС деп аталады («Центраудит-Қазақстан» ТАК» ЖШС) .

«Центраудит-Қазақстан» Тәуелсіз аудиторлық компаниясы» ЖШС - өз қызметін 1992 жылдан бастап жүргізеді және бүгінгі таңда Қазақстандағы дамып келе жатқан ірі аудиторлық компаниялардың бірі болып табылады. Компанияның Қазақстан Республикасының аумағында мерзімі шектеусіз аудиторлық қызметпен айналысуға Мемлекеттік лицензиясы МФЮ № 17, 1999 жылдың 27 желтоқсанында берілген.

http://www.centeraudit.kz/cms/uploads/images/image001(2).png

Компания мен оның қызметкерлерінің аудиторлық қызметі келесілермен реттеледі:

  • Мемлекеттік лицензиясымен
  • Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңдары мен
  • Халықаралық аудит стандарттарымен
  • Кәсіпқой бухгалтерлердің этика Кодексімен

Компания міндеті

Кәсіпқой, есті, объективті, негізді және тәуелсіз пікір негізінде білікті аудиторлық қызметтер көрсету жолымен қоғам мүдделеріне қызмет ету.

Компания ұстанымдары

Компания мен оның қызметкерлері аудиторлар мен бухгалтерлер этикасының негізгі ұстанымдарына берілген:

  • кәсіпқой жауапкершілік пен лауазымдық ұқыптылыққа
  • жоғары біліктілік пен объективтілікке
  • шынайылық пен тәртіптілік
  • міндеттілік пен құпиялылыққа
  • этикалық дауларды дер кезінде және дұрыс шеше білуге клиентке жеке дара және құрметпен қарай білуге.

Бүгінгі таңда Компанияда сексен жетістікті, біліктілігін бірнеше мәрте дәлелдеген, жауапты кәсіпқойлар қызмет атқаруда: түрлі жекеменшік түріндегі және қызмет түрімен айналысатын кәсіпорындармен жұмыс істеудің көп жылдық тәжірибесіне ие бухгалтерлер, экономисттер, заңгерлер, басқарушы мамандар. Компаниямыздың әр қызметкері ортақ жұмыстағы маңызды білік болып табылады

Қызметкерлердің кәсіпқой біліктілігін қолдау -Компания саясатының маңызды құрамдасы: мамандардың 80 % астамы білімі мен машықтарын клиенттерге жоғары дәрежелі кәсіпқой қызмет көрсету үшін қажетті деңгейде сақтап, жақсарту мақсатымен жыл сайын қайта дайындаудан өтіп, семинарлар мен тренингтерге қатысады.

Қатарымызда:

  • 2 экономикалық ғылым кандидаттары; 17 білікті аудиторлар;
  • 12 маман қаржылық есептің халықаралық стандарттары (ДипИФР) бойынша АССА диплом иегерлері,
  • 7 маман CIPA (куәландырылған халықаралық кәсіпқой бухгалтерлердің),
  • 18 маман
  • Кәсіби бухгалтер сертификаты,
  • 23 маман САР (білікті - бухгалтер-тәжірибеші) куәліктерінің иегерлері,
  • 9 маманның
  • «Салықтық кеңесші» біліктілігі бар.

«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ

«Үлбі металлургиялық зауыты» акционерлік қоғамы («ҮМЗ» АҚ) Қазақстан Республикасы Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласында орналасқан.
1997 жылдан бастап Қазақстан Республикасының мүдделерін атом өнеркәсібінде ұсынатын «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық Атом компаниясының құрамына енеді. Үлбі металлургиялық зауытының ресми туған күні 29 қазан 1949 жыл. Бұл күні кәсіпорын қоймасына алғашқы өнім түсті. 70-жылдардың басында ҮМЗ әлемнің уран, тантал және бериллий өнімдерін өндірушілердің аса ірі қатарына енді.
«Үлбі металлургиялық зауыты» акционерлік қоғамы - әлемдік деңгейдегі өнімдерді өндіріп, жеткізуде 60 жылдық тәжірибесі бар бірегей кәсіпорын.

«Үлбі металлургиялық зауыты» акционерлік қоғамының тауарлық белгісі тіркелді:

  • Қазақстан
  • Ресейде,
  • Болгарияда,
  • Ұлыбританияда,
  • Германияда,
  • Қытайда,
  • Польшада,
  • Словакияда,
  • АҚШ,
  • Чехияда,
  • Францияда,
  • Жапонияда.

Бүгінгі күні кәсіпорынның құрамында:

  • ТМД елдеріндегі атом энергетикасына арналған ядролық отынның ірі өндірісі;
  • Еуразиялық континентте бериллий қосылған өнімдердің қара құймаметалдан дайын бұйымдарға дейін барлық түрлерін өндіруші жалғыз өндірісі;
  • ТМД елдерінде заманға лайық қуатты жабдықтармен жарақтанған, тантал-ниобий қосылған шикізаттың барлық түрлерін қайта өңдеуге қабілетті жалғыз тантал өндірісі;
  • заманына сай балқытқыш қышқылының өндірісі;
  • металл өңдейтін жаңа жабдықтарда аса жоғары дәлдікте бұйымдар жасауға, жабдықтар дайындау бойынша бай тәжірибесі бар көлік жасау кешені;
  • қуатты ғылыми-зерттеу база;
  • ірі конструкторлық-жобалау институты;
  • қуатты қосымша өндіріс инфрақұрылымы.

Біздің мақсатымыз: өнеркәсіпті ураннан, бериллийден, танталдан, нибийден жоғары сапалы өнім өндіру және оларды қайта өңдеу бойынша қызметтердің қажеттілігімен қамтамасыз ету. «Үлбі металлургиялық зауыты» акционерлік қоғамының тауарлық белгісі Қазақстан Республикасында, Ресей Федерациясында, сонымен қатар Болгарияда, Қытайда, Ұлыбританияда, Германияда, Польшада, Словакияда, АҚШ, Чехияда, Францияда, Жапонияда тіркелген.

«ҮМЗ» АҚ сапа жүйесі халықаралық TUV-CERT органымен МС-ИСО-9002 стандарты бойынша келесі салаларда сертификатталған:

  • атом энергетикалық реакторлары үшін уран қосылыстарынан (оның ішінде қайта жаңғыртылған) өнім өндірісі;
  • уран қосылыстарының өндірісі;
  • бериллий, оның құймалары мен қосылыстарының өндірісі;
  • тантал, оның қосылыстары мен олардан жасалған өнімдер өндірісі.

Бүгінгі күні зауытта қандай да болса күрделі мәселелерді шешуге қабілетті 6000 астам жұмысшылар, техниктер, инженерлер еңбектенуде. 1999 жылдың соңында, әлемдік рынокта өз орнын тапқаннан кейін, зауыт тарихында барлық өндірістерді дамытатын ірі инвестициялық бағдарлама әзірленді. «ҮМЗ» АҚ мен «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК алдында осы кезде үлкен мәселе тұр: әлемдік уран қорының 25 пайызына ие болған Қазақстанның зор әлеуетіне сүйене отырып, атом саласын сапалы жаңа деңгейге жеткізу. Бериллий шикізатының маңызды қорына ие бола отырып, ұжым өзіне сапасы жағынан жаңа технологиялар базасында дайындалатын бериллий өнімдерін өткізу көлемдерін кеңейту және әлемдік тұтыну үлесінің 20 пайызына дейін ие болу бойынша міндет жүктейді. Бүгінгі күні бұл мәселені зауыт мамандары мен басшылары табысты шешуде. "Үлбі металлургиялық зауыты" - ірі зауыт, былайша айтқанда, Қазақстан мен Ресейдің мақтанышы, сондықтан мен бар ынтаммен бүгін алдыңғы қатардағы ғылыми жетістіктерден негізделген Қазақстанның осы зор кәсіпорнына келдім.

II. Аудит жүргізудің кезеңдері

Аудит жүргізу барысы компанияның таңдалған аудиторлық фирмаға аудиторлық қызмет көрсетуге жазбаша өтінішпен жүгінуінен басталады. Аудиттің негізгі мақсаты - қаржылық (бухгалтерлік) есептіліктің қалыптасу сенімділігін тексеру болып табылғандықтан, оны тиянақты, дұрыс жоспарлау қажет. Аудит барысында аудиторлар заңнамаға және ішкі аудит стандарттарына сәйкес аудиттің нысандары мен әдістерін анықтайды. Аудит келесі негізгі кезеңдерді қамтиды:

Дайындық (алдын-ала) кезеңі

Бұл кезеңде аудитор клиентпен танысады. Аудитор әлеуетті тапсырыс берушінің қызметі туралы неғұрлым толық және шынайы ақпаратты алуы керек. Бұл, ең алдымен, тапсырыстың орындалу мүмкіндігін бағалау үшін (компания да білікті кадрлардың болуы немесе аутсорсинг), аудиттің уақыты мен материал дықшығындарын есептеу үшін қажет. Бұл ақпараттар аудиттің көлемін, мүмкін болатын тәуекелдерді және сәйкесінше аудиттің құнын анықтау үшін қажет. Әрі қарай, аудитор болашақ аудиттелетін компанияның мекен-жайына аудит туралы хат жібереді, яғни өтініш білдірген компанияға аудитордың жауабы болып табылады. Хаттың нысаны мен мазмұны алдағы аудиттің ерекшеліктерімен анықталады. Сайып келгенде, аудитор мен тексерілетін компанияның басшылығы аудиттің шарттарына қатысты белгілі бір келісімге келуі керек. Келісілген шарттар аудиторлық қызмет көрсетуге арналған келісімшартта көрсетілген.

Қаржылық есептілік аудиті

Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына (ХҚЕС) және басқа да ұлттық стандарттарға сәйкес дайындалған қаржылық есептілікке аудиторлық тексеру жүргізу.

Қаржылық есептілік аудиті-қаржылық есептілікті ұсынудың белгіленген тұжырымдамалық негізіне (ҚЕХС, ҚЕХС) сәйкес барлық елеулі аспектілер бойынша қаржылық есептілік дайындалды ма деген пікір білдіру. Аудиторлық қызметтер мүлдем объективті және кәсіби түрде ұсынылатын болады. Аудиторлық қызметтер Аудиттің халықаралық стандарттарына (ХАС) сәйкес аудит бойынша бекітілген әдіснаманың негізінде жүргізілетін болады.

Аудиторлық тексерулердің ұзақтығы мен құны қызмет ерекшелігіне және клиенттің бизнес жүргізуі мен бухгалтерлік есебінің жеке ерекшеліктеріне, оның ішінде::

  • құжат айналымының көлемі
  • бухгалтерлік есеп ұйымдары
  • Бухгалтерия қызметкерлерінің құрамы мен тәжірибесі
  • есепке алуды автоматтандыру дәрежелері

тексеру жүргізу үшін қажетті сағат саны (яғни жұмыс көлемі), сондай-ақ құжаттармен танысқаннан кейін алынған клиент туралы деректер негізінде

  1. Компанияның аудиторлық компанияға жазған өтінім хаты

Кесте 1. Өтінім хат

«Центраудит-Қазақстан» Тәуелсіз аудиторлық компаниясы» ЖШСкомпаниясының басшысыВиктор Владимирович РадостовецСізден 2017 жылдың қаржылық есеп құжаттарын тексеруді сұраймыз.Біздің тараптан:мамандарына аудиторлық тексеруге қажетті барлық құжаттаманы ұсынуға;мамандарының сұранысы бойынша тексеру мәселелеріне қатысты түсініктемелерін «Алель агро» АҚ компаниясының лауазымды адамдары ауызша және жазбаша түрде уақтылы және толық қамтамасыз етулеріне;мамандарына қажетті аудиторлық іс-шаралар мен рәсімдерді жүргізуге және өткізуге көмектесуге, сондай-ақ аудит барысында анықталатын мәселелер шеңберін шешу мақсатында шаралар қабылдауға мүмкіндік беруге;мамандарына уақытылы және сапалы аудит жүргізу үшін қажетті жағдайлар жасауға;ұсынған шоттарды уақытында және толық көлемде төлеуге;Аудит барысында анықталған бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептіліктің бұзушылықтарын жоюға;Аудит немесе аудиторлық қызметтерді көрсету кезінде анықталатын мәселелердің ауқымын шектеу үшін ешқандай әрекет жасамауға міндеттіміз.Бас директорБежецкий Сергей Владимирович«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ:

«Центраудит-Қазақстан» Тәуелсіз аудиторлық компаниясы» ЖШС

компаниясының басшысы

Виктор Владимирович Радостовец

Сізден 2017 жылдың қаржылық есеп құжаттарын тексеруді сұраймыз.

Біздің тараптан:

  • мамандарына аудиторлық тексеруге қажетті барлық құжаттаманы ұсынуға;
  • мамандарының сұранысы бойынша тексеру мәселелеріне қатысты түсініктемелерін «Алель агро» АҚ компаниясының лауазымды адамдары ауызша және жазбаша түрде уақтылы және толық қамтамасыз етулеріне;
  • мамандарына қажетті аудиторлық іс-шаралар мен рәсімдерді жүргізуге және өткізуге көмектесуге, сондай-ақ аудит барысында анықталатын мәселелер шеңберін шешу мақсатында шаралар қабылдауға мүмкіндік беруге;
  • мамандарына уақытылы және сапалы аудит жүргізу үшін қажетті жағдайлар жасауға;
  • ұсынған шоттарды уақытында және толық көлемде төлеуге;
  • Аудит барысында анықталған бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептіліктің бұзушылықтарын жоюға;
  • Аудит немесе аудиторлық қызметтерді көрсету кезінде анықталатын мәселелердің ауқымын шектеу үшін ешқандай әрекет жасамауға міндеттіміз.

Бас директор

Бежецкий Сергей Владимирович

«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ

  1. Аудиторлық хат (Аудиторлық компанияның өтінім хатқа жауабы)

Кесте 2. Аудиторлық хат

«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚбас директорыБежецкий Сергей Владимирович мырзағаҚұрметтіБежецкий Сергей Владимирович!Осы хатпен біз «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ -ның2017 жылдың қаржылық есеп құжаттарынааудиттік тексеру жүргізу туралы сіздің ұсынысыңыздың қабылданғанын ресми түрде растаймыз.Аудиттің мақсаты: Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамасына сәйкес жүргізу және пікір білдіру. Аудиторлық құпияны сақтауға, аудиторлық есеп пен аудиторлық есепті уақытында ұсынуға, аудиторлық процедуралардың таңдауы мен сипатына байланысты елеулі қателіктерді анықтамау қаупіне қарамастан аудит мақсаттарына қол жеткізуді қамтамасыз етуге міндеттенеді.Өз кезегінде, сізден қажетті құжаттаманы ұсыну, борышкерлер мен несие берушілерге сауалдар жолдау, компьютерлік мәліметтер базасына ақысыз кіру, сондай-ақ аудиторлық тексеру барысында туындайтын барлық мәселелер бойынша түсініктемелер беру талап етіледі. Көрсетілетін қызметтердің құны аудиторлық фирма қолданған сағаттық тарифтерге сүйене отырып, аудитті өткізу уақытына байланысты анықталады. Есептеу тәртібі мен мерзімі аудиторлық келісімде анықталады.«Центраудит-Қазақстан» Тәуелсіз аудиторлық компаниясы» ЖШСкомпаниясының басшысыВиктор Владимирович Радостовец:

«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ

бас директоры

Бежецкий Сергей Владимирович мырзаға

Құрметті Бежецкий Сергей Владимирович !

Осы хатпен біз «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ -ның

2017 жылдың қаржылық есеп құжаттарынааудиттік тексеру жүргізу туралы сіздің ұсынысыңыздың қабылданғанын ресми түрде растаймыз.

Аудиттің мақсаты: Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамасына сәйкес жүргізу және пікір білдіру. Аудиторлық құпияны сақтауға, аудиторлық есеп пен аудиторлық есепті уақытында ұсынуға, аудиторлық процедуралардың таңдауы мен сипатына байланысты елеулі қателіктерді анықтамау қаупіне қарамастан аудит мақсаттарына қол жеткізуді қамтамасыз етуге міндеттенеді.

Өз кезегінде, сізден қажетті құжаттаманы ұсыну, борышкерлер мен несие берушілерге сауалдар жолдау, компьютерлік мәліметтер базасына ақысыз кіру, сондай-ақ аудиторлық тексеру барысында туындайтын барлық мәселелер бойынша түсініктемелер беру талап етіледі. Көрсетілетін қызметтердің құны аудиторлық фирма қолданған сағаттық тарифтерге сүйене отырып, аудитті өткізу уақытына байланысты анықталады. Есептеу тәртібі мен мерзімі аудиторлық келісімде анықталады.

«Центраудит-Қазақстан» Тәуелсіз аудиторлық компаниясы» ЖШС

компаниясының басшысы

Виктор Владимирович Радостовец

Шоғырландырылған бухгалтерлік баланс 2017 жылғы "31" желтоқсан жағдайы бойынша

мың теңге

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
РПК Бектау ЖШС
Классикалық ұғымда аудит - кәсіпорында жұмыс істемейтін маманданған тәуелсіз аудитор жүзеге асыратын ешкімге тәуелсіз сырттай қаржылық бақылау
Қысқа мерзімді инвестициялардың құндарының төмендеуі
«РПК Бектау» ЖШС-нің шаруашылық - қаржылық қызметі
Бухгалтерлік есеп пен аудиттің жалпы құрастырылу принципі
Ұзақ мерзімді активтерді жиынтығы
Табыс пен шығыстың есебі мен ішкі аудиті
Шығындар есебінің аудиті
Шаруашылық қызмет аудиті
Қаржылық есептілік нысандары пайдаланушы үшін ақпарат ретінде
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz