Дайын өнім термині кең мағынада компанияның шаруашылық қызметін байқауға мүмкіндік беретін есептік жазбалардың жиынтығы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
ҚОЖА АХМЕТ ЯССАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚ АРАЛЫҚ ҚАЗАҚ ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКА ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ
ҚАРЖЫ ЖӘНЕ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП БАҒДАРЛАМАСЫ КАФЕДРАСЫ

Академиялық ғылыми жазба пәні бойынша
ЖОБА
Тақырыбы: Түлкібас әк зауыты ЖШС дайын өнімнің есебін жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу

Орындаған: Мұсабек М.

Қабылдаған: Келесбаев Д.

Түркістан 2020
ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

Мемлекеттік басқару және экономика жоғары мектебі

Қаржы және бухгалтерлік есеп бағдарламасы кафедрасы

Қолжазба құқығында

Мұсабек Мадина Ибадуллақызы

ТҮЛКІБАС ӘК ЗАУЫТЫ ЖШС ДАЙЫН ӨНІМНІҢ ЕСЕБІН ЖЕТІЛДІРУ БОЙЫНША ҰСЫНЫСТАРДЫ ӘЗІРЛЕУ

M073 - Аудит және салық салу

7М04120-Есеп және аудит білім беру бағдарламасы

Түркістан 2020 ж.
2

Мазмұны

1. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3
2. Әдебиетке шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
3. Зерттеу әдіснамасы және бастапқы деректер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
4. Нәтижелерді талқылау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
5. Бұдан әрі зерделеу үшін қорытындылар мен ұсынымдар ... ... ... ... ... ... ... .17
6. Әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
7. ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

3
1. Кіріспе

Дайын өнімді өндіру көрсеткіштері бойынша кәсіпорынның өндірістік үрдісіндегі жұмысының нәтижелері анықталады - үнем немесе артық жұмсау өндірілген өнімнің нақты өндірістік құны мен жоспарлы құн арасындағы айырмашылық ретінде анықталады. Табиғи құрылыс материалдарын өндіру және өткізу үрдісі сатып алушыға дайын өнімді өткізу кезінде қорытындыланады. Сатып алушыларға дайын өнімді жөнелту және сату сатып алушылармен жасалған келісім-шарттардың негізінде өнімді өткізу жоспарларына және жөнелту кестелеріне сәйкес жүзеге асырылады.
Бүгінгі таңда жеткізу шарттары бойынша өнімді өткізуге кәсіпорынның шаруашылық қызметін тиімділігі мен орындылығын анықтайтын маңызды экономикалық көрсеткіш ретінде үлкен мән беріледі. Қабылданған тәртіпке байланысты өткізу көлеміне сатып алушылардың төлем құжаттарын ұсыну немесе жабдықтаушының шоттарына ақша қаражаттарын қабылданғаннан кейін жөнелтілген өнім жатқызылуы мүмкін. Демек, өткізу үрдісі кәсіпорынның шаруашылық қаржыларының айналымын қорытындылап, оны бюджет алдындағы міндеттемелерін, қарыздар бойынша банктердің алдындағы, жұмысшылар мен қызметкерлер, жабдықтаушылардың алдындағы өз міндеттемелерін орындап, өндірістік шығындарды өтеуге мүмкіндік береді.
Әрбiр кәсiпорынның негiзгi мақсаты пайда табу болып табылады және сол кәсiпорынның нәтижесi - дайын өнiм. Дайын өнiм өндiру процесiнде сапалы түрде өнiм өндiру, оның қоймада сақталуында жауапты тұлғаның болуы және қоймадан босатылуын қадағалау кәсiпорынның маңызды мәселелерiнiң бiрi.
Қазіргі уақытта өндірілген дайын өнімнің, шаруашылық субъектінің қаржылық тұрақтылығы шығаратын өнімнің бәсекелестік қабілетіне, оған деген ішкі және сыртқа нарықтағы сұранысына, сатылу көлеміне байланысты. Шаруашылық қаражаттардың айналымы, шығырылған өнімді сатумен аяқталады. Жоспарланған өнімді сату көлемін орындау, субъектіге өндірістік шығындарды өтеуге, бюджет алдындағы өзінің міндеттемелерін орындауға, несие бойынша банктер және басқа субъектілер алдында қарыздық міндеттемелерді орындауға, сонымен қатар шаруашылықты одан ары қарай дамыту үшін және өндірісті жетілдіру үшін қажетті таза табыс алуға мүмкіндік береді.
Тапсырыссыз және келісім-шартсыз дайын бұйымдарды шығару, қойманың толып кетуіне әкеліп соғады, нәтижесінде шаруашылық қаражаттардың айналымы тежеледі және қаржылық қиыншылықтарға алып келеді Сату бөлімінің оперативтік есебінің көрсеткіштері, сатып алушылар және тапсырыс берушілер арасындағы келісім-шарттар, дайын бұйымдарды шығару бағдарламасы, шығарудың жинақтаушы ведомостісінің есебі аудит жүргізу үшін ақпараттың қайнар көзі болып табылады.
Осы жұмыстың мақсаты дайын өнімнің есебін зерттеп, оны жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу.
4

2. Әдебиетке шолу

Отандық бухгалтерлік есеп пен есептілік жүйесін, оның ішінде дайын өнімнің есебін жетілдірудің негізгі мақсаттарына оны Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының және нарықтық экономиканың талаптарына сай жүргізу жатады.
Дайын өнім термині кең мағынада компанияның шаруашылық қызметін байқауға мүмкіндік беретін есептік жазбалардың жиынтығы. Ал тар мағынада ол ағымдағы есептен алынатын және компанияның белгілі бір уақыт мерзіміндегі жағдайы мен нәтижелерін көрсететін құрама мәліметтер, есептік жазбалардың ерекше түрі.
Мәселен Богаченко В.М. батыстық тәжірибеге сүйене отырып, дайын өнім-бұл толық өңдеумен аяқталған, қолданыстағы стандарттарға немесе техникалық шарттарға сәйкес келетін, қоймаға немесе тапсырыс берушіге (сатып алушыға) қабылданған бұйымдар мен жартылай фабрикаттар, сондай-ақ орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер деп есептейді.
Осы тұжырымдаманы дамыта келе, Рачек С.В. келесі анықтама береді. Дайын өнім-бұл толығымен аяқталған және осы тауарлар тобы үшін қабылданған стандарттарға сәйкес келетін өнім.
Осы пікірлерді салыстыра отырып, дайын өнім туралы түсініктері бір-біріне жақын екендерін анықтап отырмыз. Бірінші жағдайда бұйымдар мен дартылай фабрикаттар, қызметтер болса, екінші жағдайда компанияның қабылданған стандарттарға сәйкес келетін өнім деп анықталып отыр.
Мырзалиев Б.С. еңбектерінің бірінде дайын өнімге келесі анықтама берген: Дайын өнім болып технологиялық процестің барлық кезеңдерінен өтіп, бақылаушымен қабылданып және қоймаға тапсырылған өнім саналады.
Біздің ойымызша, дайын өнiм - бұл негiзгi және қосалқы цехтарының сатуға арналған өнiмi. Дайын өнiмнiң өндiрiсте жасалғаны, оның бiртұтастығы, стандартпен немесе техникалық шарттарға сәйкестiгi, техникалық бақылау (сынау) қызметiнен өткендiгi, паспорты, сертификаты (яғни сапасы) және басқадай құжаттармен куәландырылғаны, қоймаға тапсырылғаны, тапсырыс берушiлердiң қабылдап алғаны және басқа жайлары - мiндеттi түрде актiмен рәсiмделедi.
Өнеркәсіптік кәсіпорынның табысты жұмыс істеуі сұраныстың құрылымының, сипаты мен деңгейінің және оның өзгеруі қаншалықты мұқият зерттелуіне және анықталуына байланысты болады. Нарықты зерттеу нәтижелері шаруашылық стратегия мен тауарлық ассортиментті анықтауда негізге алынады. Олар өнімнің (жұмыстар, қызметтер) жаңару қарқынын, өндірістің техникалық жетілдірілуін, материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын қажеттілікті анықтайды. Кәсіпорын өндіріс көлемін жоспарлау және өндірістік қауатты анықтау кезінде қандай өнімді және қай көлемде шығаратыны, қайда және қандай бағамен сататыны туралы шешім қабылдауы
5
тиіс. Осылардың барлығына кәсіпорынның қаржылық нәтижелері және компанияның қаржылық тұрақтылығы байланысты болады.
Кәсіпорынның өндірістік үрдісінің соңғы өнімі болып дайын өнім табылады. Бұйымдар дайын болып есептеледі, егер олар толық жасақталып, нақты тәртіппен бекітілген техникалық талаптарға сәйкес келсе, дайын өнім қоймасына тапсырылып, дайын өнімнің сапасын күәландаратын сертификат немесе басқа да құжаттармен жабдықталса.
Дайын өнім кәсіпорынның өнімінің негізгі бөлігін құрайды. Сонымен қатар, дайын өнімнің құрамына қосалқы бөлшектер, егер олар құрамдас бөліктер ретінде клиенттерге жіберілсе, сондай-ақ өз өндірістік, жұмыстарды және өндірістік сипаттағы қызмет көрсетулері де кіруі мүмкін. Өндірістік сипаттағы жұмыстарға бу, су, электр қуатын, сығылған ауаны босату, автотасымалдау сияқты көмекші өндіріс қызметтерін жатқызуға болады.
Дайын өнімдер негізінен сыртқа сатуға арналған, бірақ оның бір бөлігі кәсіпорынның ішінде пайдалануы мүмкін. Өңдеудің барлық қарастырылған технологиялық сатыларынан өтпеген өнімдер және сынақ пен техникалық қабылдаудан өтпеген өнімдер дайын өнімнің құрамына енгізілмейді және де аяқталмаған өндіріс ретінде есепке алынады. Кәсіпорындар өнімнің ассортименті, саны мен сапасы бойынша белгіленген жоспарлы тапсырмаларға сәйкес дайын өнімдерді өндіреді. Осы ретте оның көлемінің ұлғаюына, ассортиментінің кеңеюіне және сапасының жақсаруына көп көңіл бөлінеді.
Бүгінгі таңда жеткізу шарттары бойынша өнімді өткізуге кәсіпорынның шаруашылық қызметін тиімділігі мен орындылығын анықтайтын маңызды экономикалық көрсеткіш ретінде үлкен мән беріледі. Қабылданған тәртіпке байланысты өткізу көлеміне сатып алушылардың төлем құжаттарын ұсыну немесе жабдықтаушының шоттарына ақша қаражаттарын қабылданғаннан кейін жөнелтілген өнім жатқызылуы мүмкін. Демек, өткізу үрдісі кәсіпорынның шаруашылық қаржыларының айналымын қорытындылап, оны бюджет алдындағы міндеттемелерін, қарыздар бойынша банктердің алдындағы, жұмысшылар мен қызметкерлер, жабдықтаушылардың алдындағы өз міндеттемелерін орындап, өндірістік шығындарды өтеуге мүмкіндік береді.
Өнімдерді жеткізу келісім-шарттарын орындауды ескере отырып, өткізу көлемін анықтауға кәсіпорынның пайдасының сомасы байланысты болады, ал ол, өз кезегінде, кәсіпорынның ең маңызды көрсеткіші болып табылады.

6
Кәсіпорындарда бухгалтерлік есеп жүйесін ұйымдастыру жүйесінде дайын өнімді өндіру, жөнелту, өткізу ерекше орын алады, оның негізгі мәселелеріне келесілер жатады:
oo дайын өнімнің (қызметтің, жұмыстың) шығарылуын көлемі, ассортименті мен сапасы бойынша үнемі бақылау;
oo қоймадағы дайын өнімнің шынайы және толық есепке алу, оның сақталуын және қорлардың жағдайын жүйелі түрде бақылау;
oo
oo жөнелтілген және өткізілген дайын өнімнің (жұмыстың, қызметтің) уақытылы және дұрыс есебін жүргізу, сатып алушылармен есеп айырысуларды нақты ұйымдастыру;
oo жасалған келісім-шарттарға сәйкес өнімдерді, орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтерді жөнелту және өткізу бойынша жоспарлардың орындалуына бақылау;
oo өнімді (жұмыстарды, қызметтерді) жөнелтумен және өткізумен байланысты коммерциялық және басқа да шығындар сметаларының орындалуын есепке алу және бақылау;
oo өнімдерді өткізуден алынған нәтижелерді уақытылы және шынайы анықтау және оларды есепке алу.
Осы мәселелерді табысты шешу үшін кәсіпорынның ырғақты жұмыс істеуі, қойма шаруашылығын дұрыс ұйымдастыру, шаруашылық операцияларды уақытылы құжаттық рәсімдеу қажет. Әдетте, дайын өнім өнддірістен қоймаға материалдық жауапты тұлғаның есебіне тапсырылуы тиіс. Ірі габаритті (көлемді) бұйымдар мен өнімдер техникалық жағдайларға байланысты қоймаға тапсырыла алмаса, олар тапсырыс берушімен өндірілген, жинақталған орнында қабылданады.

7
3. Зерттеу әдіснамасы және бастапқы деректер

Ғылыми зерттеу шеңберінде негiзгi жағдайларды іске асыру кәсіпорындардағы дайын өнімнің есебін қалыптастырудың шынайлылығын жоғарылатуға және оны есепке алу тиімділігін арттырып жетілдіруге мүмкіндік береді. Берілген ұсыныстарды дайын өнімнің есебі мен аудитін жетілдіру бағыттарын қалыптастыру үлгісін отандық кәсіпорындар кеңінен қолдана алады.
Өзіндік құнды есептеудің тәсілдерін қарастырайық.
Өзара алмасатын болып табылмайтын қорлардың, сондай ақ арнайы жобаларға шығарылған және арналған тауарлардың немесе қызметтердің жекелеген баптардың өзіндік құны оларға жұмсалған жеке шығындарды ерекше сәйкестендіру жолымн айқындалуға тиіс.
2ХҚЕС сәйкес қорлардың өзіндік құны екі тәсілмен айқындалады: бірінші түсім-бірінші жіберілім (FIFO) немесе орташа өлшенген құнның формуласы бойынша. Субьект негізгі қасиеті және оларды субъектінің пайдалану тәсілі бойынша ұқсас барлық қорлар үшін өзіндік құнды есептеудің сол бір тәсілін қолдануы тиіс. Әр түрлі негізгі қасиеттерімен немесе олардың пайдаланылуы бойынша ерекшеленетін қорлар үшін өзіндік құнды есептеудің әр түрлі тәсілдерін қолдану ақталуы мүмкін. Осы стандарт соңғы түсім-бірінші жіберілім әдісін (LIFO) пайдалануға жол бермейді.
Ал енді №2 Халықаралық қаржы есептілігінің стандарты бойынша дайын өнімнің бағалау есеп жүргізу тәртібін босалқылар бөлімінен қарастыра тырып келесі анықтамаларға сүйендік. Босалқылар міндетті түрде ең кемі екі деңгей бойынша: өткізудің өзіндік құны мен ықтимал таза құнына өлшенуге тиіс.
ХҚЕС сәйкес дайын өнімді бағалау әдістері 1-кестеде келтірілген.

8
1-кесте
Тауарлы-материалдық қорларды бағалау әдісін салыстыру
Әдіс
Артықшылығы
Кемшілігі
1.Орташа есептелген құн әдісі
Ең қарапайым әдіс. Бағаның өсуі мен мөмендеуін тұрлайды, өйткені ТМҚ барлық сатып алу бағасын есептейді.
Баға өскен кезде табыстың өсуіне алып келеді, жоғарғы табыс салығы төленеді.
2.ФИФО
Баланста ТМҚ неғүрлым нақты қүнын береді.
Баға өскен кезде ең үлкен табысты көрсетеді, бұл төленетін дивиденттердің өсуіне де алып келеді.
Баға өскен кезде табыс салығының өсуіне алып келеді, сол үшін табыс салығы бойынша жеңілдіктері бар кәсіпорындарға тиімді.
3.Арнайы ұқсастыру әдісі
Ең дәл табысты және ТМҚ баланстық қүнын көрсетеді, өйткені олардың нақты қүнына негізделген.
ТМҚ нақты бірліктерін сатып алуды және есептен шығаруды бақылау қиын және тиімсіз, әсіресе олар интенсивті келіп түскенде. Сол үшін арнайы жобаларға және тапсырыстарға тиімді, сонымен қатар мәнді қүны бар өнімнің өзіндік қүнын есептеуге тиімді.
Ескерту: Әдеби көздердің негізінде автормен құрастырылған

№ 2-ХҚЕС сәйкес қорлардың өзіндік құнына қорларды сатып алуға, қайта өңдеуге жұмсалған барлық шығындар және олардың ағымдағы жай-күйіне және ағымдағы орналасқан жеріне жеткізу мақсатында шыққан басқа да шығындар кіреді.
2-ХҚЕС бойынша сатып алуға жұмсалған шығындар:
- сатып алу бағасы- сатып алушы бағасы;
- сырт жерден әкелуге баж-импорт бажы және басқа өтелмейтін салықтар;
- делдалдық ұйымдарға төлеген комиссиялық сйыақы;
- көліктік-дайындау шығыстары - тасымалдауға, өңдеуге жұмсалған шығыстар;
- қорларды сатып алуға тіке байланысты өзге де шығыстар.
Қайта өңдеуге жұмсалатын шығындар- шығарылатын өнімдердің нақты түрлеріне тікелей байланысты шығындар :
- шикізат шығындары;
- еңбек шығындары;
- және т.б. шығындары.
Өзге шығындар-қорларды белгіленген жерге дейін және тиісті
жағдайға жеткізуге тікелей байлансыт ышығындар.

9
Кәсіпорын 1300 Қорлар шоттар бөліміне кіріске алынған құндылықтар актив ретінде танылады, консигнацияға алынған қорлар сатылғанға дейін баланстан тыс шоттарға есепке алынады, бұлар ксіпорынның меншігіне есептелмейді. Қандай да бір тиын тұратын қосалық бөлшектің болмауынан жабдық жөнделмей қалуы мүмкін. Қосалқы бөлшектер үшін сақтау мерзімінен көп дегенде 60 күнге дейін белгілеуге болады. Егер кәсіпорын коймаларда қорларды сақтаудың нормативтік оңтайлы мерзімін белгілесе,онда олардың әрбір түрі бойынша қорлардың нақты айналымдылығын есептеген жөн және жіктеу белгілері бойынша талдау жасау керек.

10
4. Нәтижелерді талдау

Түлкібас әк зауыты ЖШС есеп саясаты Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы N 234 Заңына, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен және Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік жөніндегі Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерімен әзірленген бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттарына ХҚЕС қолдану жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға сәйкес әзірленген. Тоқсан және күнтізбелік жыл Түлкібас әк зауыты ЖШС үшін есептік кезең болып табылады.
Есеп саясаты Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына, халықаралық немесе ұлттық стандарттарға және бухгалтерлiк есеп шоттарының үлгi жоспарына сәйкес, олардың қажеттiлiктерi мен қызмет ерекшелiктерi негiзге алына отырып, бухгалтерлiк есептi жүргiзу және қаржылық есептiлiктi жасау үшiн дара кәсiпкер ұйымның қолдануға қабылдаған нақты принциптердi, негiздердi, ережелердi, тәртiп пен тәжірибесін бiлдiредi.
Түлкібас әк зауыты ЖШС бухгалтериясында есепке қабылданған бастапқы құжаттарда қамтылған ақпарат бухгалтерлiк есеп тiркелiмдерiнде жинақталады және жүйеленедi, олардың нысандарын немесе оларға қойылатын талаптарды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi бекiткен. Бухгалтерлiк есеп тiркелiмдерiнiң деректерi топтастырылған түрде қаржылық есептiлiкке көшiрiледi.
Түлкібас әк зауыты ЖШС оңтүстік өңірдегі әк шығаратын бірден-бір кәсіпорын болып табылады.
Түлкібас әк зауыты ЖШС келесі әк түрін өндіріп, сатады:
ұсақталған әк - фракция 0-ден 30 мм дейін;
кесектелген әк - фракция 0-ден 120 мм дейін;
әкті ұн - фракция 1,6-дан 0,048 мм дейін;
гидратты әк.
Кәсіпорынның негізгі экономикалық көрсеткіштері 2-кестеде келтірілген.
Өткізілген өнімнің өзіндік құны көрсеткіші де артып отыр. 2019 жылы бұл көрсеткіштің мәні 241759,14 мың тенге деңгейінде болды, бұл өткен 2018 жылмен салыстырғанда 1425,78 мың тенгеге төмендеген, ал 2017 жылмен салыстырғанда 16334,65 мың тенгеге, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Айналым қаражаттарының тиімділігін талдау
Аудиттің пәні, мақсаттары, міндеттері және маңызы
Айналым капиталы
Кәсіпорын экономикалық стратегиясы мен бағдарламасын әзірлеу
КОРПОРАЦИЯНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН ТАЛДАУ ӘДІСТЕРІН ЖЕТІЛДІРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК АСПЕКТІЛЕРІ
Аудиттің фирмаішілік стандарттары
Корпорацияның қаржылық стратегиясы мен тактикасы
Аудитті ұйымдастырудың озық тәжірибесі
Дайын өнімді өткізудің негізгі жүйелері
Басқару процесінің ақпараттық сипаттамасы және ақпарат алмасу
Пәндер