Жаңа сабақты оқып үйренуге оқушыларды қатыстырудың тағы бір жолы - дидактикалық материалдармен, тарих дәптерімен жұмыс істеу



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М. Х. ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ

Факультет институт Гуманитарлық ғылымдар жоғарғы мектебі

Ұстаз институты

Кафедра Тарих,құқық және кәсіпкерлік

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тарихты оқыту әдістемесі пәні бойынша

тақырыбы: Оқу процесін ұйымдастыру формалары

Студент Жарылқасын Береке Әділбекқызы Тобы Ист 18-3
Аты-жөні қолы
Жетекшісі Садыкова Асем Кайратовна лауазымы Т. А. Ә.
Қорғауға жіберілді"_____"_______________20__ __ж. _______________________
қолы
Жұмысқорғалған "_____"_______________20____ж. бағасы ___________________
жазбаша
Комиссия мүшелері: ______________________________ _________________
Аты-жөні қолы

______________________________ ______________________
Аты-жөні қолы

Тараз 2020

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М. Х. Дулатиатындағы Тараз өңірлік университеті

Кафедра
ТАПСЫРМА

курстықжоба (жұмысқа) студент, тобы_______________________________ __
аты-жөні
Пәні аты: ___________________________________ ______________________
___________________________________ _________________бойынша
1.Тақырыбы___________________________________ _________________________________________________________ _________________________________________________________ _________________________________________________________________
2. Тапсырма бойынша арнайы нұсқаулар__________________________ ____
___________________________________ _________________________________________________________ _________________________________________________________

3. Есептік-түсіндірмежазбаның (жұмыстың) негізгібөлімдері)
Орындаукестесі

көлемі, %
орындаумерзімі

4. Графикалықматериалдыңтізбесі (сызбалардыңмасштабынкөрсетеотырып)

5. Жобаны (жұмысты) ресімдеу)

6. Қорғау

Тапсырма кафедра отырысындабекітілді ____________20___ж.Хаттама №_____

Жетекші:___________________________ ___ __________________ ____________ ________________
қызметі қолы Т.А.Ә.

Тапсырманыорындауғақабылдады ________________20___ж. _______________________
студенттің қолы

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
I Қазақстан тарихын оқытудың негізгі формаларына тоқталу
1.1 .Қазақстан тарихын оқытудың типтері және олардың құрылымын баяндау
1.2 . Түгел немесе түгелге жуық жаңа материалды оқытып үйрету
II Оқу процесін ұйымдастыру формаларын анықтау
2.1.Оқу түрлерін сабақ барысында қолдану ерекшеліктері
2.2. Қазақстан тарихын оқытуды ұйымдастырудың сабақтан басқа түрлері

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі:
Курстық жұмыстың сипаттамасы;
Курстық жұмыстың өзектілігі
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеті
Курстық жұмыстың хронологиялық шегі
Курстық жұмыстың маңызы

I Қазақстан тарихын оқытудың негізгі формаларына тоқталу
1.1 .Қазақстан тарихын оқытудың типтері және олардың құрылымын баяндау
Қазір тарих сабағы оқытуды ұйымдастыру формалары арасында ең жиі қолданылатын түрі.Оның да бірнеше түрі бар.Олар:оқытудың барлық негізгі элементтері бар немесе аралас сабақ; түгел немесе түгелге жуық жаңа тарихи материалды оқытып үйретуге арналған сабақ;түсіндірмелі оқыту сабағы;біліктерді қалыптастыруға арналған сабақ;қайталау және қорытып-қайталау сабақтары.
Қазақ мектептерінің ерекшелігін,олардың басым көпшілігінің ауылдық жерлерде орналасқанына,бағдарламада көрсетілген сабақ санының қысқаратынын ескерсек әрбір сабақ сайын жаңа материал өтуге тура келеді.Сондай-ақ қайталау сабақтарына уақыт тым аз қалатындықтан немесе уақыт жетіспейтіндіктен сол сабақтың үстінде өтілген жаңа материалды пысықтау-күрделі мәселелермен,ұғымдармен,терминдерме н арнайы жұмыс жүргізіп,олардың бұрын меңгерген біліктерін жетілдіре түсу,жаңаларын меңгерту қажет болады.Сонымен бірге әрбір кезекті сабақ сайын өткен сабақтардың материалы,үй тапсырмасы қайталанып,сұралып отырады.Осы жағдайға байланысты сабақтың бұл түрі қазақ мектептері үшін тарих сабағының негізгі типі болып табылады.
Сабақтың бұл типі өз дәрежесінде өту үшін оның төмендегідей элементтері-буындары болғаны дұрыс.
Дұрыс ұйымдастырылған жағдайда бұл кезеңнің де пайдасы бар.Ол бүкіл сабақтың ойдағыдай өтуіне әсер етеді.Сондықтан бір-екі минут жұмсалатынына қарамастан сабақтың бас кезінде басқа кабинеттен,сабақтан жүгіріп,ентігіп келген оқушыларды қалыпты жағдайға түсіріп,алдағы сабаққа жұмылдыру қажет.Осы аз ғана уақыт ішінде оқушылар түгенделеді,шәкірттер қажетті құралдарын-оқулығын,картасын,дәптер ін,дидактикалық материалын,күнделігін т.б дайындайды,жұмыс орныны тәртіпке келтіреді және алдағы сабаққа белсене қатысуға психологиялық жағынан әзірленеді.Сабақ уақытын өте тиімді пайдалану мақсатында және қолайлы жағдай жасалған болса ұйымдастыру кезеңі міндетті емес.Олар үшін сабаққа кіруге қоңырау болысымен сыныптағы барлық оқушы өз орындарына келіп,қажетті құрал-жабдықтарын дайындап отыруға және кезекші арнайы қағазға сабақта жоқ оқушыларды тізіп,себептерін көрсетіп қоюға дағдылануы тиіс.
Әр сабақ сайын үй тапсырмасын тексеріп отыру қажет.Мұның өзі оқушылардың қаншасының өтілген материалды қандай дәрежеде білетіндігін,олардың біліміндегі кемшілік пен олқылықты анықтауға,онымен қатар шәкірттердің білімін есепке алып,бағалауға мүмкіндік береді.Үйге берген тапсырманы сабақ сайын сұрамау оқушылардың тапсырманы орындауға немқұрайлы қарауына,тіпті орындамай келуге итермелейді.Үй тапсырмасын сұрау тәсілі көп.Жеке оқушылар тақтаға,картаға шығып,берілген сұрақтың жауабын ауызша баяндайды,оның жабуына бүкіл класс белсене қатыстырылады,орындап келуге берілген түрлі жазба жұмыстары-конспект,хабар,жоспар жасау,таблица,схема-сызу т.б тексеріледі.Ұй тапсырмасынсұрауды алдын ала ойластырып,ең тиімді тәсілді пайдаланған дұрыс.
Оқушылар өтілетін жаңа маиериалдарды жақсы меңгеру үшін оларды дайындау қажет.Ол үшін,үй тапсырмасын тексеріп болғаннан кейін бұрын өтілген материалды қорытып,оның есте сақтайтын негізгі мәселелерін тағы да оқушылардың есіне салып,өткен тақырып пен жаңаны байланыстырып,бүгінгі сабақтың тақырыбын хабарлаған дұрыс.Саабақтың бұл кезеңінде жаңа материалдың оқушылар бұрыннан білетін білім элементтері ,оларды қай пәндерден,курстардан білетіндері,сондай ақ оқушылардың осы сабаққа байланысты мерзімді баспа сөзден,көркем әдебиеттен білетіндері естеріне түсіріледі.Материалдың мазмұнына қарай кейде оның негізгі немесе күрделі мәселелері,неге көңіл аудару қажеттігі,немесе мазмұнының ерекшелігі ескертіледі.Сондай ақ оқушыларды жаңа сабақты оқып үйренуге белсене қатыстыру үшін олардың таным қызметін дамытудыкөздейтін сұрақтар да осы кезде беріледі.Яғни,оқушылар осы сабақты оқып үйрену немен аяқталады,олар қандай білімдерді меңгеріп,қандай біліктерді үйренуге тиіс,мұғалім жаңа сабаққа байланысты олардан не талап етеді.Осынығ бәрін алдын ала біліп,өздерінің жаңа материалды оқып үйрену қызметін осыған бейімдеп жоспарлауы керек.
Жаңа оқу материалы өтілетін сабақ типінің қайсысында болса да шешуші рөл атқарады.Сабақ уақытының көбі жаға материалды оқып үйренуге және оны саналылықпен меңгеруге жұмсалады,сабақтың бұл элементі дұрыс ұйымдастырылған жағдайда оқушыларды ңбасым көпшілігі негізгі материалды ұғып алады.Мұнда мұғалім жетекші рөл атқарады.Ол материалдың мазмұнын ескере отырып ,оны оқытып үйрететін негізгі әдіс,тәсілдерді белгілейді.Жаңа материалды шәкірттерге берік меңгертудің басты шарты - оны оқып үйренуге оқушылардың өздерін белсенді қатыстыру.Мұғалім қаншалықты қызықты,тартымды,тіпті көркем,бейнелеп сөйлегенмен оның 15-20 минуттай айтқан әңгімесін бакрлық оқцшы бірдей ынта қойып тыңдамайды,ал ықыластанып тыңдап отырған оқушылардың өзі де айтылған әңгіменің бәрін қабылдап меңгере алмайды.
Жаңа материалды оқытып меңгерудегі басты міндет-оның қиындау,күрделілеу мәселелерінің негізін барлық оқушыларға сабақ үстінде үйретіп жіберу.Ол мәселелерді мұғалім оқулықтағыдан әлдеқайда толығырақ,түсініктірек етіп әңгімелейді,бірақ артық ештеңе қоспайды,талдап түсіндіреді.
Сабақтың қиындау мәселелерігің бірін мұғалім 4-5 минут әңгімелеп тұрып,тақтаны,тарихи картаны,оқулықты және оның иллюстрацияларын,тарихи құжаттың т.бүзінділерін,бояулы суреттер немесе техникалық құралдарды пайдаланып,сол өтіліп отырған материалға немесе,қолданып отырған құралдарға байланысты сұрақ қойып,оқушыларды тікелей қатыстырып отырады.
Сабақтың алғашқы күрделі мәселесінің қалған бөлігін,немесе екінші күрделі мәселе бойынша алдымен оқушылар өздігінше жұмыс істеп, оқулық,тарихи құжат,сызбалар,кестелер т.б, соңынан сұрақтар қойып әңгімелесіп,мұғалім қорытынды жасаса тиімді болмақ.Жаңа сабақты оқып үйренуге оқушыларды қатыстырудың тағы бір жолы-дидактикалық материалдармен,тарих дәптерімен жұмыс істеу.Оқушыларға арналған мұндай жинақтар қазір 5-7 сыныптар үшін Атамұра баспасының көп тиражбен шықты.Оқушылар мұғалімнің басшылығымен тарих немесе Жұмыс дәптері мен үнемі жұмыс істесе олардың білімінің берік болатыны белгілі.Шәкірттерді 5-сыныптан бастап тарих дәптерімен жұмыс істеуге бірте бірте үйрете отырып жоғары сыныптарда сабақтың ең қажетті мәліметтерін:тақырыбын,негізгі мәселелерін,ұғымдары мен терминдерін және олардың анықтамаларын,негізгі даталарды,кісі аттары мен атауларды өздігінше жазып отыратын дәрежеге жеткізген дұрыс.Жоғары класс оқушылары тарих дәптеріне өтіліп отырған мәселенің толық жоспарын,тезисін,конспектісін де жаза алады.
Мұғалім қаншалықты жақсы түсіндіргенімен жаңа материалды оқушылар бір айтқаннан түгел меңгере алмайды.Оны ойдағыдай ұғындыру үшін,әсіресе негізгі мәселелерін,ұғымдарын ,кейбір теориялық қағидаларын,терминдерін,атауларын,д аталарын т.б берік есте сақтауы және де оқушылар көп уақытқа дейін бұл білім негіздерін ұмытпауы үшін жаңа материалдарды міндетті түрде пысықтау және саналылықпен ұғындыру қажет.Мұны жаңа сабақты түгелдей немесе оның әрбір мәселесін түсіндіріп болысымен өткізіп отыруға болады.Егер жаңа сабақтың әр мәселесі жаңа тарихи құбылысты,оқиғаны,фактіні немесе теориялық қағиданы баяндайтын болса,оның негізгі мәселелері мазмұны жөнінен бір-бірімен онша тығыз байланысты болмаса және жаңа сабақтың негізгі мәселелері күрделілеу болып,оқушылардың түсінуіне қиындық келтірсе,жаңа материалды пысықтауды әрбір мәселені түсіндіріп болғаннан кейін,яғни ілестіре жүргізіп отырған дұрыс.Ал,басқа жағдайда,яғни,жаңаматериал онша күрделі болмасасабақтың бұл элементін бүкіл сабақ материалын түсіндіріп болғаннан кейін ұйымдастырған пайдалы.
Пысықтауға мүмкін болғанша оқушыларды көбірек қатыстырып,әсіресе орташа үлгеретін оқушылардыбасқалардың жауаптарын иолықтыруға жиі-жиі шақырып отырған дұрыс.Жаңа бағдарламаларда біліктерді қалыптастыруға айрықша мән берілгенін ескере отырып,оған әр сабақ сайын назар аударған дұрыс.
1.2 . Түгел немесе түгелге жуық жаңа материалды оқытып үйрету
Көптеген тарихшы мұғалімдердің тәжірибесімен танысу,жүргізілген зерттеу жұмысынығ нәтижесі сабақтың осы түрін қазақ тілінде оқытатын мектептер үшін тарих сабақтарының екінші типі етіп ұсынуға мүмкіндік беріп отыр.Сабақтың бұл түрімен 8-10 сыныптардағы Қазақстан тарихы сабақ арының 15-20 пайызы оқытылады.Бұл типтің қажеттілігі жоғары сыныптардағы тарих оқулықтарында көлемі мен мазмұны жөнінен оқушылардың меңгеруіне қиындық келтіретін оқу материалының барлығынан. Осы жағдайдан келіп сабақтың түгел немесе түгелге жуық жаңа материалды оқып үйренуге арналатын типінің қажеттігі туады.Сабақ негізінен төмендегідей элементтерден құралады: ұйымдастыру кезеңі,үй тапсырмасын тексеру,өткен материалды қорыту және оны жаңа сабақпен байланыстыру,оқушыларды жаңа материалды оқып үйренуге дайындау,жаңа материалды оқытып үйрету және оны саналылықпен меңгерту,үй тапсырмасы,сабақты қорытып нәтижесін шығару.Бұларға сабақ уақытын щамамен төмендегіше бөлген дұрыс.Ұйымдастыру-1-2 минут,үйтапсырмасын тексеру-6-10 минут;өткенді қорытып жаңа сабақпен байланыстыру,оны оқып үйренуге сыныпты дайындау-3 минут;жаңа материалды оқып үйренуге және оны саналылықпен үйренуге -30 минут;үйге тапсырма беруге-1-2 минут;және сабақты қорытып,нәтижесін шығаруға -1-2 минут.Сабақ осы типпен ұйымдастырылған жағдайда үйге берілген тапсырманы тексеру мына екі бағыттың бірімен жүргізілгені дұрыс.Мұғалім оқушыларға сұрақ қойып,олардың тапсырманы қаншалықты орындап келгенін анықтап алады да,тапсырмаға берілген материалдың негізгі мәселелері бойынша оқушылармен әңгімелеседі.Немесе үй тапсырмасының
Белгілі бір күрделі сұрағы бойынша 1-2 оқушының жауабын толық тыңдайды да,тапсырманың қалған мәселелері бойынша бүкіл сыныпты қатыстыра отырып,шолып әңгімелеседі.
Біліктерді қалыптастырудың білімдік ,тәрбиелік және дамытушылық маңызы аса зор.Оқушы белгілі білікті меңгеруге байланысты өздігінше жұмыс жасай отырып,тарихи мәтін бойынша жай не толық жоспар жасау,хронологиялық не синхрондық кесте сызу,тарихи оқиғаларды салыстыра отырып,ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табу т.б,өтілген тарихи материалды қайта есіне түсіреді,оның негізгі мәселелерін ой елегінен өткізіп,ең қажеттілерін пайдаланады.Бұл негізгі білімді оқушы көп уақытқа дейін ұмытпайды.Оқушы өткенді еске түсіріп,оны талдап,салыстырып және қорытысын белгілі логикалық жүйемен қағаз бетіне түсіру үшін барынша ойланады,бірнеше ойлау операцияларын жасайды.Мұның бәрі оқушының таным қызметін,ойын және ойлауын дамытады.Берілген тапсырманы орындай отырып ,оқушы бұрыннан меңгерген біліктерін одан әрі жетілдіріп,бекіте түседі.Олар бірте-бірте тез және сауатты жазатын ,сызатын болады.Қойылған сұраққа дәл және шапшаң жауап беруге жаттығады,жоспар,хабар,тезис,конспе кт жасауға машықтанады.Мұның бәрі оларға келешекте еңбек ете жүріп,түрлі практикалық жұмыстарды қиналмай орындауға,өз білімін үнемі өздігінше толықтырып отыруға мүмкіндік береді.

II Оқу процесін ұйымдастыру формаларын анықтау
2.1.Оқу түрлерін сабақ барысында қолдану ерекшеліктері
Оқу процесі əрқилы ұйымдастырылуы мүмкін. Оның ұйымдастырылу формалары да сан түрлі: сабақ (дəстүрлі түсінімде), дəрісбаян, семинар, конференция, зертхана-практикалық дəріс, практикум, факультатив, оқу саяхаты, курстық жоба, дипломдық жоба, өндірістік практика, өзіндік үй жұмысы, кеңес, емтихан, сынақ, пəн үйірмесі, шеберхана, студия, ғылыми қоғам, олимпиада, конкурс жəне т.б.
Қазіргі заманда еліміз мектептері тəжірибесінде оқушыларға келелі тəлім-тəрбие берудің бірден-бір формасы да, құралы да - сабақ өз маңызын жойған емес.
Сабақ - оқу процесін ұйымдастырудың ең тиімді формасы. Бұл оқу барысында педагог дəл белгіленген уақыт аралығында оқушылардың тұрақты тобымен (сыныбымен) шəкірттерге игерілуі тиіс пəн негіздерін қабылдауына тиімді жағдайлар жасап, қажетті жұмыс түрлерін, құрал-жабдықтары мен əдістерін қолданып, танымдық жəне басқа да іс-əрекеттерді ұйымдастырады, онымен бірге оқушыларды тəрбиелеп, олардың шығармашыл қабілеттері мен рухани күштерінің көзін ашып, жетілдіріп, дамыта түседі.
Əр сабақ негізгі бірліктерден құралады.Олар - жаңа материалды түсіндіру, бекіту, қайталау, білім, ептілік, дағдыларды тексеру. Бұлардың əрбірі мұғалім мен оқушының қандай да өзіндік сипатына ие іс-əрекетімен ұштасады. Аталған бірліктер сан қилы байланысқа түсіп, сабақ құрылымының, оның кезеңдері арасындағы көптеген сан жəне сападағы көрініс береді.
Сабақ құрылымы - бұл белгілі бірізділікті жəне өзара қарым-қатынасқа келген дəріс бірліктерінің байланыс тұтастығы. Құрылым əрқашан дидактикалық мақсатқа, оқу материалының мазмұнына, оқушылардың жас айырмашылықтары мен ұжым сипатындағы сынып ерекшеліктеріне тəуелді. Сабақ құрылымының көптүрлілігі сабақ типтерінің де сан алуандығына жол ашады.
Бүгінгі дидактикада сабақ типтерінің жалпылай қабылданған нақты классификациясы жоқ. Мұның басты себебі - сабақта мұғалім мен оқушы арасындағы өзара байланысқа түсетін ықпалдас іс-əрекеттердің алдын ала болжамға келе бермейтін күрделілігі мен көп тараптылығында.
Бүгінгі дидактика сабақ типтерін олардың басты сипатына орай төмендегіше топтастырады:
дидактикалық мақсаттарға байланысты сабақ типтері:
- жаңа білім материалын хабарлау;
- білімді бекіту;
- ептіліктер мен дағдыларды қалыптастырып, бекіту;
- қорытындылау;
- білім, ептілік жəне дағдыларды тексеру (бақылау) сабағы.
Оқу дəрістерін өткізу тəсілі бойынша сабақ типтері:
- оқу саяхаттары;
- кино-теле-сабақтар;
- өзіндік жұмыс сабақтары жəне т.б.
Дəріс бірліктерінің басымдылығын негізге алған арнайы сабақ типтері:
- жаңа материалды игеру;
- бекіту;
- қайталау;
- білімді бақылау, тексеру.
Егер арнайы сабақ типтерінің мақсаттары мен жұмыс түрлері не олардың элементтері бір дəрісте тоғысатын болса, ондай сабақты аралас сабақ деп атау қабылданған.
Сабақтан басқа да, жоғары да айтылғандай, оқуды ұйымдастырудың əртүрлі формасы баршылық. Солар арасында аса ерекше көзге түсетіні - дəрісбаян (лекция).
Дəрісбаян - оқу процесінің өзіндік анайы құрылымымен танылған тəлім-тəрбие формасы. Дəрістің басынан ақырына дейін оқытушы жаңа оқу материалын баяндап, ұсынады, ал оқушылар сол материалды белсенділікпен қабылдайды. Дəрісбаян оқу ақпаратын ұсынудың ең тиімді тəсіл жолы, себебі оқу материалы қисыны нақтыланған формада шоғырландырылып беріледі. Мұндай сабақ аяқ асты, суырып салмалыққа мүмкіндік береді, осыдан дəріс тыңдармандардың белсенділік көтеріңкілігіне дем беріп, сабаққа араласып отыруына қолдау-қуаттау көрсетеді, сонымен бірге оқу процесіне шығармашыл сипат ендіріп, сабақ ақпаратына болған қызығушылықты арттырады.
Дидактикалық мақсаттарына жəне оқу процесіндегі орнына байланысты дəрісбаян: кіріспе, айқындау (установочная), ағымдық , қорытындылау жəне шолу- түрлерімен ажыралады.
Оқу дəрістерін өткізу əдіс-тəсілдеріне орай дəрісбаян түрлері төмендегідей:
- ақпараттық дəрісбаян - түсіндірме-көрнекілік əдіспен өткізілетін дəстүрлі, ежелден келе жатқан оқу түрі;
- проблемді дəрісбаян- оқу материалының ұсынылуы шешімі қажет болған сұрақтар, мəселе-міндеттер, жағдай-ситуациялар қолданумен өтілетін оқу формасы. Таным процесі-ғылыми ізденіс, диалог, талдау, əрқилы көзқарастарды салыстыру жəне т.б. жолдармен орындалатын оқу шарты;
- көрнекілі (визуалды) дəрісбаян - оқу материалын техникалық оқу құралдарын, аудио, теледидар қолдану арқылы, түсіндірме бере отырып, оқыту жүйесі;
- бинарлы дəрісбаян (диалогты дəрісбаян) - оқу материалын екі оқытушының - бірі ғалым, екіншісі - практик немесе екі ғылыми бағыт өкілдерінің сұхбаты негізінде жеткізу формасы;
- шатастыру дəрісбаяны (лекция провокация) - мұндай дəрістер алдын ала жоспарланған қателіктермен беріледі. Мұндағы мақсат - оқушылар ынтасына дем беріп, ұсынылып жатқан материалға бақылау қоюға жəне көзделген олқылықтарды байқауға үйрету. Дəрісбаян соңында тыңдаушылар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан тарихын оқытуды ұйымдастырудың сабақтан басқа формалары
Қазақстан тарихын оқытуды ұйымдастыру формалары
Ана тілі сабақтарында бекіту кезеңі
7-8 сыныптардағы араб тілі сабақтарында жаттығуларды ұйымдастыру жолдары
6-сынып. ежелгі дүние тарихынан дәрістер
Информатиканы оқыту әдістемесі
Бастауыш сыныптарда оқушыларды оқыту барысында пәнаралық байланысты жүзеге асыру жолдары
Төменгі сыныпта информатиканы оқыту әдістемесі
Сабақтың түрлері және ұйымдастыру жолдары
Бейнелеу өнерінен үйірме жұмыстарында оқушыларды табиғатты бейнелеуге үйрету
Пәндер