Көру ақаулықтары бар балаларды мектепте оқыту



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.Х. ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ

Кафедра: Арнайы және әлеуметтік педагогика

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Көру бұзылыстары бар балалардың таным процестерінің қалыптасу ерекшеліктері:зейін

Курс: 2
Топ:Л19-1
Орындаған: Муратбекова Райля
Қабылдаған: Аға оқытушы-Боранбаева С.Т.

ТАРАЗ 202

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1 ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.1Көру бұзылыстары бар балалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2Көру бұзылыстары бар балаларды зерттеген ғалымдар ... ... ... ... ... ... ... ... .7
1.3Таным процесінің қалыптасу ерекшеліктері:зейін ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
2 ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
2.1 Көруі бұзылған балалардың зейінінің қалыптасуы мен дамуы ... ... ... ... 16
2.2Арнайы мектептерде көру бұзылыстары бар балаларға инклюзивті білім беру жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 26

КІРІСПЕ

Жұмыстың өзектілігі. Нашар көретін балаларды оқыту-тәрбиелеу жұмысының басты міндеті- еңбек тәрбиесіне үйрету болып табылады. Көру кемістгі белгілі бір мөлшерде балалардың еңбекке деген мүмкіншілігін және еңбек қабілеттілігін төмендетеді. Нашар көретін балаға өзін-өзі күту дағдысына байланысты тәжірибелік іс-әрекеттің әр түрлі түрлері тән. Еңбекке оқыту жүйесі тұлғаның жан-жақты дамуының ең басты құралы болып саналады .Еңбек нашар көретін балаға өзінділікті, жауапкершілікті, өмірге дайындықты тәрбиелеу құралы ретінде үлкен роль атқарады. Көру қабілеті бұзылған балаларды тәрбиелеу өзінің міндеттері мен мақсаттары бойынша педагогиканың жалпы принциптерімен сәйкес келеді. Тәрбиелеудің жалпы міндеті баланың дамуында бірінші және екінші ауытқуларды толықтыру мен түзетудегі арнайы міндеттермен сәйкстендiрiледi.
Тәбие жеке тұлғаның санасына, мiнез - құлқының дұрыс қалыптасуына әcep eтeтін құрал. Тәрбие процесiнде жеке тұлғаның сана сезімі мен акыл-ойына жүйелi түрде әcep етіп, оның дүние танымын калыптастырады, ерiк - жiгерi мен моральдық бейнесiнiң қалыптасуына оң ықпал етеді. Күнделiктi iс-әрекет күрделi және көп қырлы, ол кеңiстiкте бағдарлану, коршаған ортаны қабылдау, өзiн-өзi бақылаумен байланысты. Бұл баладан нақты зейiндi, оперативтi ойды, есте сақтауды, жылдамдық пен реакцияның тұрақтылығын және басқа да қасиеттердi талап етедi. Кейде бұл талаптар көруі бұзылған және нашар көpeтін балалардьң психологиялық және физиологиялық мүмкіндіктерінің көрінісі.
Ағзаньң психологиялық қасиетiнiң талабымен сәйкес келмесе балаға көрсетiлетiн оқу, еңбек, ойын әрекетi жүйке жүйесiнiң ауруына әкеледi. Осыларды тәрбие жұмысын ұйымдастыру кезiнде ескеру керек. Тәрбие жұмысын дұрыс ұйымдастыру кезiнде баланьң дамуы дұрыс қалыптасады. Балаға педагогикалык әcep етудiң мақсаты таным мүмкiндiктерiнiң дамуына қабiлеттi өмip талабымен тығыз байланысты. Ic-әрекеттiң әp түрлi түpiмeн қамтамасыз ету, бiлiмдi меңгерумен қамтамасыз ету, дағдымен бiлiктiлiктi қалыптастыру, оларды еңбек және оқу әpeкeтінің әлеуметтiк мағынасын түciну деңгейiне дейiн көтеру. Бұлардың бәрi көруі бұзылған және нашар көpeтiн балалардьң мүгедектiк жағдайын тольқтырады. Көру бұзылысы бар балаларды адамгершiлiк, эстетикалық физикалық, еңбектiк тәрбиелеуге болады.
Көруі бұзылған және нашар көретіндерді эстетикалық тәрбиелеу мәселесі оқу, еңбек, ойын әрекетінде маңызды болып келеді.Қазіргі уақытқа дейін сабақ мазмұнын меңгеруге басты көңіл бөлінетін.

Курстық жұмыстың мақсаты: жас ұрпақты өмірдің барлық саласындағы адамның өмірімен, тұрмыстағы, еңбектегі, көркемөнердегі, табиғаттағы сұлулық пен әсемдікті көре білетін, ұға білетін және оларды өзі де жасай алатын азамат етіп тәрбиелеу. Іс-әрекеттің барлық түрінің ішкі қажеттілігін ояту үшін мәдени эстетиканың атқарар қызметі үлкен. Ол адамның өмірге, өнерге деген көзқарасының өзгеруіне әсер етуін анықтау.
Курстық жұмыстың міндеті: Көруі бұзылған және нашар көретін балаларды оқыту мен тәрбиелеуде танымдық және тәрбиелік жағы және сезімдік - эмоционалды, эстетикалық жағы аз көрсетілген. Соңғы уақытқа дейін оқу, еңбек, ойын әрекетінің эстетикалық мазмұны сипап сезу арқылы қиын беріледі деп санаған. Көруі бұзылғандар мен нашар көретіндер үшін эстетикалық қабылдаудың көрнекі құралы жөнінде меңгерілмеген. Біздің байқауымыз және зерттеуіміз баланың ақпаратты жеткізудің әртүрлі тәсілдеріне, түсіне қарым - қатынасы іс-әрекеттің мағыналық жағына үлкен әсер етеді деп көрсетті. Көруі бұзылғандар мен нашар көретіндер қоршаған ортаның әртүрлі тәсілмен қабылдағанына қарай ойын, еңбек, оқу әрекетінде эстетикалық баға беруге қабілетті. Көруі бұзылғанлар мен нашар көретіндерде таным әрекетінің ерекшелігімен байланысты спецификаның эстетикалық қабылдауы.
Зерттеу нысаны: Көру қабілеті нашар балалардың жалпы қасиетін оқыту әдістемесі.
Зерттеу орны: Жалпы орта мектеп

1 ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ
1.1 Көру бұзылыстары бар балалар
Арнайы педагогикада көруі бұзылған тұлғаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселесін зерттейтін ғылымды - тифлопедагогика деп атайды.Тифлопедагогика грек сөзінен алғанда tiflus - соқыр деген мағынаны білдіреді,педагогика-тәрбиелеймін деген мағынада.Көруі бұзылған тұлғалар,соқырлар және нашар көретіндер тұлғалар арнайы педагогикада психоденелік бұзылысты қамтиды.Бұларда көріп қабылдаудың шектеулілігі анық байқалады.Болу себептері көруі бұзылған тұлғалардың бұзылу себептері мынандай:туғаннан соқыр,көруі бұзылған,жүре бара пайда болу.Туғаннан ішкі даму жағдайы тұқым қуалаудан,зақымдану әсерінен созылмалы ауруға шалдығудан болады.Жүре бара:көру мүшесінің ауруға ұшырауы,организмнің жалпы асқынып ауруы,мидың трамвалық соққыға ұшырауы(әсіресе көру аймағы) мұнда (бастың жарылуы,көздің жарақаттануы,көзге тиген қатты соққы).Көруі бұзылған тұлғалардың жалпы қоршаған ортамен қарым-қатынаста өзіндік сипаты анық байқалады.Көруі бұзылған тұлғалар соқырлар,нашар көретін.Көру ақаулығының болуы жалпы жеке тұлғаның қалыптасуына өз ықпалын тигізеді.Соқырлар- көру қабілетінен мүлдем айырылған тұлғалар немесе толықтай көру түйсігі мүлдем бұзылған тұлғалар.Бұлар бұзылу дәрежесіне қарай абсолюттік және практикалық соқыр.Абсолюттік соқырларды кей әдебиеттерде тотальдік деп атайды.Бұл екі көзі соқыр көрмейтін көру түйсігі мүлдем болмайтындар (түсті ажырату және жарықты түйсінуі болмайды).Ал практикалық соқыр бұлар жарықты және түсті аз да болса түйсініп қабылдай алады.Жарықты қараңғыдан айыру зат пішінін ажырату,оны қабылдай алу аз да болса саңылау болады.Нашар көретіндер- көруі бұзылған тұлғалар,бірақ көзілдіріктің көмегімен көре алатын тұлғалар.Бұларға кеңістікті бағалау қиынға түседі.Жалпы көру анализаторы іс-әрекетте(ойын,оқу,еңбек) және айналадағы ортамен қарым-қатынаста негізгі орын алады.Көруі бұзылған тұлғаның айналадағы ортамен қарым-қатынас жағдайы қалыс қалады,кеңістікті бағдарлай алуы бұзылады.Ұғым түсініктер жайындағы білімнің қалыптасуы заттармен іс-әрекеттік қызметі,эмоциялық ерік сапасы,еңбекке бейімделу әлеуметтік комуникациясы бұзылып келеді.Бұл тұлғалармен арнайы жұмыс жүргізу қажет болып табылады.Көруі бұзылған тұлғалардың оқу және жазу әрекетінде қиындыққа ұшырауы байқалады.Дер кезінде көру бұзылысын түзету бойынша алдын-ала шаралар өтілмесе,көру ақаулығы асқына түседі.Көруі бұзылған тұлғалармен түзету жұмычсын жүйелі жүргізуді қажет етеді.Тифлопедагогика көру мүшесі бұзылған адамның оқыту және тәрбиелеу туралы ғылым.Олар өз кезегіенде нашар көретін және мүлдем көрмейтін болып 2-ге бөлінеді.Соқыр-бұл адамдарда көру мүшесі,түйсігі мүлдем жоқ.Тек жарық түйсігі бар.Бұлар негізінде екіге бөлінеді:1) екі көзі мүлдем көрмейді;2)жарықты,түсті,бейнені қабылдай алады.Нашар көретіндер- бұл көрудің бұзылуы көру өткірлігі 0,05-0,02 дейін түзету көзілдірік көмегі арқылы нашар көретін басқа көру қызметінің ауытқуы болуы мүмкін.Тифлопедагогика арнайы педагогиканың бөлігі болып табылады.Тифлопедагогиканың негізін салушы француз ғалымы В.Галюи және Д.Дидро болып табылады.19ғ. бойынша соқыр балаларға арналған мектептер ашылды.1917 ж. Қазан революциясынан кейін соқыр балаларға арналған халықтық білім беру жүйесінің қосымша бөлігі болды.
1928ж. 1-ші советтік соқыр балаларға арналған мектеп программалары шығара бастады.30ж.ж басында нашар көретін балаларға арналған топтық жалпы білім беру мектептерінде алғаш кластар пайда болды.Ал,30ж аяғында нашар көретін балаларға арналған тұңғыш мектептер ашылды.Бұл жаңа бағыттың дамуына Ю.Жаринцова өз үлесін қосты.30ж.осы мектептерде физика,математика,жаратылыстану пәндері оқытыла басталды.Жалпы осы тифлопедагогикаға өз үлесін қосқан және де көптеген әдістемелерін өңдеуде. Б.И.Коваленконың маңызы зор.
Тифлопедагогика (грек сөзі typhlos - соқыр) - көруі бұзылған тұлғаларды оқыту мен тәрбиелеу туралы ғылым.Олар көруі бұзылу деңгейіне қарай соқырлар және нашар көретіндер болыпбөлінеді.Соқыр және көруі нашар болуы арнайы педагогикада психоденелібұзылысты қамтиды, көріп қабылдаудын шектеулілігі байқалады немесе олтіпті болмайды. Бұл жалпы жеке тұлғаның қалыптасуына өз әсері тигізеді . Мұндай тұлғадағы балалардың қарым-қатынас жағдайы қалыс қалумен қатар,өлардың өзіндік белсенді қозғалысы бұзылады кеңістікті бағдарлай алуы ,ұғым түсініктер жөнінде білімінің қалыптасуы, затың-іс-әрекеттік кызметі ,эмоц-қ ерік сапасы еңбекке бейімделуі ,әлеуметтік коммукациясы бұзылады. Көрудің бұзылу себептері ;1.туғаннан, 2.жүре бара пайда болады.Туғаннан: ішкі даму жағдайында тұкым қуалаудан,зақымдану әсерінен ,созылмалы ауруға шалдығу .Жүре бара көру мүшелерінің ауруға ұшырауы ,орталық жүйне жүйесінің ауруға ұшады ,орғанизмнің жалпы асқынып ауруы, мидың травмалық соққыға ұшырауы. (бастың жарылуы,көздің жарақатталуы).Соқыр балалар - толықтай көру түйсігі бұзылған тұлғалар.Көруі бұзылған дәрежесіне қарай абсолюттік (тотольдік) - екі көзі соқыр көрмейтін, көру түйсігі (жарықты түйсіну және түсті ажырату ) толықтай болмаған ;практикалық соқыр, яғни жарықты түйсіну, жарықты қаранғыдан айыру ,зат пішінін ажырату, аздап қарай отырып жарық, түс,затпішінін қабылдай алуы.Нашар көретіндер; көруі бұзылған бырақ қарапайым түзету көзілдіректердің көмегімен көре алатын тұлғалар.Көзі нашар көретіндерге кеңістікті бағдарлау қиынға соғады. Оқу әрекетінде әсіресе оқуда және жазуда көру анализаторы негізгі орын алады. Қазіргі кезде көруді тузетуге арналған арнайы оптикалық құралдар пайдалануда .Контакт линзолар, лупа ,проекторлар, жарықты күшейту .

1.2 Көру ақаулықтары бар балаларды мектепте оқыту

Көру ақаулығы бар балаларды мемлекет жүйесінде арнайы білім беру және тәрбиелеу аркылы ерекше қажетті жағдайда білім беру ,оқыту барысында принциптер негізінде ісие асыралады .Арнаулы оқытудың өзіндік принциптерімен ерекше келген міндеттері негізінде тәрбиелеп және оқытаотырып түзетуге бағыттала отырып,жүргізіледі.Сондықтан да соқыр және көзі нашар балаларды оқытуға арналған мектепкелесі қызметтерді орындайды оқу - тәрбие,түзету ,дамыту,санитарлық-гигиеналық,емдеу - қалпына келтіру әлеуметтік-бейімделу,бағдарлау.Бұла р көруі бұзылған балаларды қалыпты тәрбиеге келумен (қамтамасыз етеді)оларды қоршаған ортамен (табиғат әлеуметтік)бұзылған байланыстарын қалпына келтіру қамтамасыз етеді.Мұндай тұлғадағы балалардың психикалық дамуының қалыптасуы ең алдымен білім беруге байланысты болып келеді. Мектептің арнаулы жұмысы мынадай:денсаулығын және сақталған жағдайын сақтай отырып балалардың дамуышың, жалпы заңдылығын және бірлесулі ерешектілігін есепке алу.Оку жоспарыларымен бағдарламаларының түрін өзгертушілік, оқу мерзімінің ұзарту ,
Оқу материалын қайта болу және оның өтілу темпің қорқының өзгертубалаларға салыстырма қарау. Балаларды топқа және класстарға бөлуде жұмыстың арнайы қызметін және әдістерін тифлотехника құралдарын көрмей құралдарды пайданалану.Тәрбиелеу топтарында және кластарда балалардың қамталуышын аз болу қамтамасыз етеді .Оку кластары мен болмелері арнайы жабдықталып санитарлық-гигиеналық жағдай қүрылады,емдеу жұмыстары ұйымдастырылады.Түлектерді әлеуметтік - еңбек бейімделулігі жұмысты күшейту .Көруі бұзылған балаларды арнайы мектептерде оқытып, білім береді, арнайы дәптерлер пайдалану ,бір орында парталармен қамтамасыз ету. Көру обьектілерің көзден белгілі бір орақашықтықта орналастыру ескеріледі.Арнайы мектеп 3 сатыдан тұрады. 1-бастауыш ,2-негізгі ,3-орта мектеп сатысы. Мектептің сатысы балалардың дамуының 3 кезеңіне сәйкес келеді, балалық, жасөспірім, жастық. сатыда, баланың жеке тұлғалық жағын қамту, оның қабілеттілігіне қарай толықтай қамту, емдеу, көруін сақтау, оқушылардыңоқуға деген тілегін және іскерлігін қалыптастыру.Бастауыш мектепте көріп қабылдауын,түйсінуін дамыту, логопедия, ырғақ, әлеум-тұрмыстың бағдарлау сабағы өтіледі.Баст.-мектеп оқушылары оқу қызметінің іскерлік дағдыларын жинақтай отырып ,көрнені-бейнелік және теориялық ойлау элеметтерін меңгереді ,жеке басының гигиенасының негізін,өзіне-өзі қызмет көрсете білудің тәсілдерімен жолдарың білуді үйренеді .Оқыту жұмысы арнайы жоспар бағдарлама бойынша жүргізіледі.Негізгі сатыда білімдерің жалғастыра отырып ,қоғамдық өмірге толық түрде елеуге қамту, еңбек етуге әзірлеу .Танымдық жеке түлғалық,денсаулығын нығайту ,көруін сақтау және қорғау бойынша түзету жұмыстары жалғастырыла түседі.
Орта мектеп сатысында жалпы білім әзірліктерін жинақтауқоғамдық өмірге белсенді түрде қатысуға ,қоғамға пайдалы еңбек етуге қызығушылық оқу жоспары қалыпты оқушының тілегі бойынша жағдай жасау факультатив сабааққа қатыстыру, арнайы дәптерлер пайдалану, бір орынды парталармен қамтамасыз ету ,көру обьектілерін көзден белгілі бір арақашықты орналастыру ескерілуде.
Көруі бұзылған тұлғаларды түзету,тәрбиелеу жұмыс мазмұны арқылы жүргізіледі.Көру ақаулығы бар балаларды оқыту арқылы іске алады.Мұнда ранаулы оқытудың өзіндік принциптерімен ерекше келген міндеттері негізінде тәрбиелеу,оқыту,түзетуге бағытталады.Ал мектептік кезеңнен бастап мұндай тұлғалар арнайы мектеп интернаттарда тәрбиеленеді. Мектептің негізгі міндеті- бұл оқыту тәрбие,түзету-дамыту жұмысын жүргізу,санитарлық-гигиеналық жағдайды сақтау,көру ақаулықтарын емдеу,оны қалпына келтіру,көруі бұзылған тұлғаны әлеуметтік ортаға бейімдеу,кеңістіктік бағдарлауға үйрету.Бұл міндеттерді толықтай жүзеге асыру жүйелі,жауапты жұмыс жүргізуді қажет етеді.Сондықтан да мұндай тұлғаны балалардың психикалық дамуының қалыптасуы ең алдымен білім беруге неізделген.Сондықтан да мектептің арнаулы жұмысы мынадай:
1.Денсаулығын сақтау,сақталған ақаулығын сақтай отырып,баланың дамуын есепке алу;оқу жоспарлары мен бағдарламаларын қорғау;оқу мерзімін ұзарту,оқу материалын бөлу,оның өтілу темпін,қарқынын өзгерту.
2.Балаларға салыстырмалы қарау,оларды топқа бөлу,тифлотехника құралдарын және көрнекі құралдарды пайдалану.
Тәрбиелеу топтарында және кластарында баланың қамтылуы аз болады.Оқу кластары мен бөлмелері арнайы түзету мақсатына қарай жабдықталады,санитарлық - гигиеналық жағдайы сақталуы тиіс.Емдеу қайта қалпына келтіру жұмысы ұйымдастырылады.Арнай мектеп жұмысы көруі бұзылған тұлғаларды түзетуге арналады.Көруі бұзылғандарға арнайы мектеп 3 сатыдан тұрады:
1.бастауыш
2.негізгі
3.орта мектеп
Мектеп сатысы баланың дамуының 3 кезеңіне сәйкес келеді: балалық,жасөспірім,жастық.Бастауыш мектепте-балалардың жеке тұлғалық жағын қамту.Оның қабілетіне қарай толықтай қамту.Емдеу, оның көруін сақтау,оқушылардың оқуға деген тілегін,іскерлігін қалыптастыру.Әсіресе бастауыш сыныпта баланың көріп қабылдауына,түйсінуін дамыту.

1.3Таным процесінің қалыптасу ерекшеліктері:зейін

Зейін - арнайы бір уақытта, қандай да бір обьектке баланың іс-әрекетінің шоғырлану процесі.
Егерде зейін сыртқы ортадағы обьектке шоғырланса онда оны сыртқы зейін деп атайды, ал егерде субьективті әлемдегі обьекттерге бейнелеп, талқылап шоғырланса онда оны ішкі зейін деп атайды.
Зейінде өзіндік мазмұн болмағанымен таным процестерімен тығыз байланысты (қабылдау, есте сақтау, ойлау). Бірақ ол психикалық процестерге емес оның серпінді құрылымына қатысты. Жеке тұлға зейін қойған уақытта оның сана сезімі таңдаулы түрде обьектке бағытталаған және мақсатты түрде шоғырланады. Зейін нейрофизиологиялық механизімдерден таралған күрделі психофизиологиялық процесс. Когнитивті процестерді зертеуде негізгі теориялық мәселе ретінде зейіннің механизімі мен заңдылығын зерттеу болып табылады.
Тәжірибе жүзінде зерттеулердің анықтауы бойынша зейіннің дамуы таным процестерінің, ерік жігердің және эмоционалды психикалық аймақтардың қалыптасуымен тығыз байланысты. Кіші мектеп жасындағы балалардың зейінінің қалыптасу деңгейі танымдық іс-әрекеттінің дамуына және білім алудың тиімділігінің дамуынак әсерін тигізеді және балалардың тек қарапайым әдіс арқылы оқытуды ғана емес сонымен қатар жаңа ақпараттық технологияларды жақсы қабылдай алады.Ерте онтогенез дамуында тума немесе жүре пайда болған көрудің естудің төмен дәрежеде болуы зейіннің жетіспеушілігіне алып келеді.
Қазіргі таңдағы ғылымда зейіннің бұзылуы мен түзету мәселелерінің бірнеше аспектілері бар. Олар психолгия, психофизиология, нейрофармакалогия, нейрофизиолгия. Психологияда зейін адамның психикалық әрекетінің шоғырлануы және бағыты ретінде анықталған. Зейіннің өзіндік жеке мазмұны жоқ және ол адамның іс-әрекетінің белсенділігімен байланысты. Көрудің бұзылуында белсенділіктің төмендеуі байқалады, себебі, көру анализаторлары арқылы қабылдау мүмкін емес. Балада көру арқылы әсерлердің болмауы сыртқы әрекет стимулдарының деңгейін төмендетеді, бұл сыртқы ортамен байланысын бәсеңдетеді. Шет елдің бір қатар тифлопсихологтары
(H. Schauerte, J. Zeuten, J. Hatwell, Ann-Mary Sandeers, т.б.) соқыр балалрдың ерте даму кезеңінде жалпы белсенділіктің бәсеңдегенін және қимыл-қозғалыстың азаятындығы жайлы атап өткен. Бұл іс-әрекетті бағдарлы-іздестіруде де байқалады. Сыртқы әсерлердің шектеулі болуынан олар өзіндік Меніне үлкен көңіл аударады, жақсы көретін адамдармен салыстырғанда нашар көретін адамдардың арасында интроверт адамдар басымкеледі және олар өздеріне жақсы таныс шағын топпен ғана қарым-қатынас жасайды.
Барлық зейінді атап өтсек, белсендісі ретінде (ырықты және ырықсыз), бағыттылқ (ішкі және сыртқы), оның кеңдігі (көлемі, таралуы), ауысуы (қиын, оңай), қарқынды, шоғырланған (жоғары, төмен), тұрақтылығы (тұрақты немесе тұрақсыз) көрудің бұзылуынан өзгеріске ұшырайды, бірақ жоғары дамуларға қабілетті, қалыпты адамдардың даму деңгейіне жете алады, кейде тіпті лоардан асып түседі.
Сыртқы әсерлердің азаюы зейіннің сапасының қалыптасуына кері әсерін тигізеді. Қабылдау процесі төмендейді. Көруі бұзылған сезім мүшелері сипап сезу арқылы қабылдай бастайды, ол зейіннің ауысу жылдамдығына да байланысты; бейнелерді толық көре алмау, зейіннің көлемі мен тұрақтылығын төмендетеді. Іс-әрекеттің әр түрлілігіне және оны табысты аяқтауына байланысты зейіннің әр түрлі қасиеттерін дамыту қажет. Тура осылай оқу процесінде тапсырмаға зейінін шоғырландыру арқылы ырықты зейінін дамыту маңызды.
Соқыр мен нашар көрушілерге көрудің жетіспеушілігінің ақпараттарды белсенді түрде қолдану мен ауыстыру қажет, барлық қалған сезім мүшелерін қолдану, бір рецептор түрінен толық бейнелі ақпарат алу қиын, сол себептен де еңбек және дәл бағдарлай алу әрекетінің төмендеуіне алып келеді.
Сол себептен де мұндай категориядағы адамдарда да, қалыпты көру мүмкіндігіне ие адамдарда да зейіннің дамуы ерік жігерді, интеллектуалды және эмоционалдық қасиеттер белсенді іс-әрекетте зейін дамиды. Қалыпты және көруі өте нашар балалардың зейінінің дамуы ми қалыптасуының жалпы заңдылығына ортақ. Бірақ көру қызметінің бұзылуы күрделі немесе тіптен соқыр болса онда заттың бейнесін және қоршаған ортаның шынайылығын қабылдауы қиын немесе тіптен мүмкін емес. Зейін соқыр адамдардың психикалық қызметтің бір жағы сияқты және нашар көретін балалар және ересектер жайлы аз зерттеген. Барлығы тифлопсихологтар және тифлопедагогтар көру кемістігінің салдарын түзетуде зейіннің маңыздылығы жоғары екендігін атап өткен.Соқыр балаларды бақылағанда олардың зейіні төменгі деңгейде екендігін және бұл қоршаған ортаға деген енжарлықты байқатады. Сонымен қатар көруі бұзылғанда сыртқы қоздырғыштардың аздығынан зейіннің тұрақтылығы төмендейді. Соқыр адамдардың есту тітіркендіргіштері арқылы ұзақ уақыт тыңдау жалығуға әкеп соғады., сонымен қатар зейіннің шашырауын туғызады.
К. Бюрклен, П. Виллей, А.А. Крогиус, Ф. Цех атты тифлопсихолгтардың айтуынша соқыр адамдарда танымдық сезімтал аймақтардың қысымы зейінге кері әсер береді, сонымен бірге, ол көруі қалыпты адамдарда да болуы мүмкін деген. Мұндай психикалық қызметтер жағдайлар ырықты зейінмен оның жоғарғы түрімен байланысты. Баланың зейіні қалыпты көру жағдайда қандай болмасын іс-әрекет түрінде болмысын-байқау, тыңдау, ойлану- ым-ишараны білдіру, үлкендердің ым-ишарасына еліктеу арқылы арнайы ойын рөлін ойнайды. Соқыр балаларда көру арқылы әсем қимыл-қозғалыстар, бет әлпеттің, ым-ишарасын қабылдау мүмкін емес. Сол себептенде оларда еліктеуге деген мұқтаждық жоқ. Сонымен қатар соқыр балаларда қозғалыс аймағы бір қатар спецификалық ерекшеліктері бар. Оларда қозғалыс шектеулі, жеке қозғалыстар өте жоғарғы абайлықпен, әлсіздікпен, ақырын ғана жәй жүзеге асады. Дене құрлысы біршама бүгінкі, сенімсіз тқозғалыстармен әрең жүреді. Соқыр адамдарда сонымен қатар маторлы қозғалыс жеткіліксіз. Соқыр адамдардың бет әлпеттеріндегі бұлшықеттердің ырықты қозғалысының ерекшелігі байқалған.Соқырлармен қалыпты көретін адамдардың өсу графикасын жасағанда бұлшық еттерінің жұмыс істей алу қабілеті тексерілгенде соқыр балалрда бұлшық еттерінің күші мен жұмыс істеу қабілеті төмендігі анықталады. Көру арқылы бақылап отыратын қозғалыстарды соқырлар өте нашар орындайтындықтары байқалғын. Маторлды қозғалыстың жетіспеушілігі адам қай жастан бастап соқыр екендігіне де байланысты. Тума соқырларда ол өте жылдам байқалады. Соқыр адамдарда зейінді аударуға арналған бет-әлпет қозғалыстары: қабақты түйю, маңдайды жиыру, қас-қабақ, арнайы бір позада тұру, обьектке бұрылу және т.б. оларда жоқ немесе өте әлсіз байқалады.Тифлопедагогикада А.Г. Литвактың айтуынша соқыр адамдарда ым-ишараға зейін қойып отырған адамның қимыл-қозғалысын үйретуге көптеген күш жұмсалған бірақ барлығы осы уақытқа дейін олардың бәрі сәтсіздікпен аяқталады.
Көрудің кемістігіндегі зейіннің ролі.
Зейін, жеке психикалық процесс емес, ішкі қабылдау, есте сақтау, ойлау және басқа да процестердің сана-сезім бір обьектке бағытталатынына байланысты. Зейіннің таңдамалы бағыты еркеше құндылыққа ие зейіннің қандай да, бір обьектке бағытталуы оның түрленуіне әкеп соғады. Осылайша қабылдау бақылауға айналады, кездейсоқ ой ағымы-ойлануға, бейнелер мен ойды ырықсыз қайта жаңғырту-еске түсіру процесімен алмасады және т.б. Осылайша психикалық әрекетке зейіннің таңдамалылық бағытын береді. Л.С. Рубенштейн айтуынша әсерлерді, ойларды әрекетті қабылдаудың психикалық сенсибилизациясы тиімділік береді деген.
Көру қызметінің әлсіреуі немесе бұзылуында соқырларда сыртқы ортаны көруі арқылы қабылдауы қиындай түседі, нәтижесінде сезу сезім мүшелерінен көптеген белгілер ағымы адамға заттың қасиеті мен маңыздылығы жайлы ақпарат беріледі. Мұндай белсенділікте зейіннің оөлі маңызды бола түседі. Соқыр балалардың психикалық әрекеті ретінде зейін әліде кең көлемде зерттелмеген. Бірақ көру кемістігіннің маңыздылығы жайлы тифлопсихологтармен педагогтар айтып өткен.ХIХ ғасырдың басында ХХ ғасырда тифлопсихологияда соқырлық зейіннің барлық қасиеттері автоматты түрде-жағымды өзгерістерәкеледі деген ой кеңінен тараған. К. Штумпф көру зақымдық әкеледі деп жазған. Көру арқылы қабылдау бір уақытта көп көлемдегі қабылдаулар әкеледі осыған орай сана сезімді шатастырып, бір обьекттен екіншісіне көшіп қай жерде тоқтап ойын шоғырландыру керектігін білмейді.
Зейіннің алғашқы түрі субьекттің іс-әрекетінен тәуелсіз дамитыны анық, сонымен қатар зейіннің сапасы сыртқы қоздырғыштардың қарқындылығында болады. Сол себептен де сыртқы әсерлердің азаюы көру сезімінің біртіндеп немесе толық қысқаруымен түсіндіріледі және қабылдау зейіннің дамуына емес қайта кері дамуына себеп болады. Сенсорлы бөліну жайлы тәжірибелер бойынша сыртқы әсерлердің жылдам жоғалып кетуі сенсорына ұшырайды және зейіннің тұрақтылығына , шоғырлануына және т.б. қасиеттеріне кері әсер етеді. Соқыр балаларда зейінділіктің өте төмен деңгейі байқалады. Сонымен қатар сытқы қоздырғыштардың төмендігі соқыр балалардың есту зейінділігі шаршағыш келеді.Зейіннің нәтижелі дамуы үшін соқырларда анық рельефті қабылдауының көп жақты қасиеттерін және нышандарының сигналдары бірінші орынға шығады. Көру кемістігі бар балалар танымдық және еңбек әрекетіндегі қиыншылықтарын сезінеді. Осының арқасында зейін кейбір операцияларға зейінділік артады. Согл себептен де зейін әр іс-әрекетке деген бақылауы артады. Көруінде кемістігі бар балаларда зейіннің рөлінің жоғарлауы тек адам іс-әрекетті жоғары белсенділігімен орындаса ғана. Тек осындай жағдайда қабілет ырықты түрде сана сезімге бағытталуы толық және жартылай соқырлықта адекватты бейнеленуш мүмкіндік береді.
Соқырлардың зейінінің ерекшелігі
Байқап, тыңдап, ойланып және есте түсіру арқылы адам зейін жағдайын бет, дене қимыл арқылы ым-ишара, дене қозғалысы арқылы береді. Көрікті қимыл-қозғалыстар көру арқылы қабылдаумен және еліктеу іс-әрекеті арқылы бала үлкендердің қаншалықты қабылдағанына байланысты. Балада көрудің бұзылуында үлкендердің іс-қимылын көру арқылы қабылдауы қиындай түседі. Сол себептен де үлкендердің іс-әрекетіне еліктеу мүмкін емес болады. Қимыл-қозғалыс еліктеуден пайда болатынын мына жағдайлар арқылы байқауға болады. Соқыр балалардың ым-ишараға, қимыл-қозғалыстарға кедей болуынан байқалады. Тифлопсихологияда соқыр балалардың ым-ишараға үйретулер нәтижесіз аяқталған жағдайлары көп кездеседі. Бірақ соқыр балалардың зейінінің шоғырлануы; мысалы: сөйлеп тұрған адам жаққа қарау соқыр бала үшін оңай игеретінпроцесс және оқыту мен тәрбиелеу процесінде қалыптаса түсуі керек. Зейін соқыр адамдардың психикалық қызметін бар жағы сияқты немесенашар көретін балалар және ересектер жайы аз зерттелген.
Зейін бір қатар қасиеттермен (көлем, шоғырлану, тұрақтылық, ауытқушылық және т.б.) зейіннің кейбір қасиеттерінің дамуы соқыр балаларда ерекше, Мысалы, қабылдаудың қиыншылығы зейін көлеміне, зейіннің ауысуына және тұрақтылығына кері әсер етеді. Қабылдаудың бәсендеуі қабылдаудың түрлілігіне, әрекетіне және зейіннің тұрақтылығына; жылдамдығына, ауысуына соқыр адамдар кеңістікті бағдарлай алу зейіннің жақсы таралуын қажет етеді. Бұл заңдылық қалыпты көретін балалар үшін, ал соқырларға бұл зиян шынында да көру сезгіш мүшелерінің төмендеуі тек басқа қалған рецепторлардың қозуы арқылы орнын толықтыруға болады, тек бір ғана рецептірлердің жұмыс істеуі кеңістікті бағдарлаудың дәлдігін төмендетеді.Қорыта келгенде соқырлық зейіннің дамуына спецификалық өзгерістер әкеледі. Бірақ соқыр балалардың зейіні де кәдімгі қалыптағы баланың зейіні сияқты заңдылықпен дамиды. Бұл дегеніміз зейін ешқандай арнайы психикалық процестерін және қандай бір сезім мүшелерінің қызметімен байланысты болмаса да адам бойындағы эмоционалды, ерік жігерлі интеллектуалды қасиеттердің қызметіне, адамның белсенділігіне байланысты міне осындай себептермен зейінді қабылдау және зейіннің қалыптасуы жеке тұлға қасиеттерінің негізі.
Зейінің бұзылуы
Көре алатын және көре алмайтын, нашар көретін және жартылай көретін балалрда аурудың әсерінен немесе жалығушылықтан зейіннің бұзылуы мүкін. Ауру уақытысында екінші самотогенді қорғаныш механизм қосылады, ал жалыққанда біріншісі қосылады екен. Емдеу кезінде немесе демалғанда аурудың, жалығудың нышандары біртіндеп физиологиялық механизімдердегі бұзылулардың қайтуы байқалады. Ал жазылғанда зейін және оған тән қасиеттер қалпына келеді.
Зейіннің әлсіреуі көбіне астеникалық жағдайда, жалпы әлсіреулерде, жоғары жалығушылықта әсіресе жүйке жүйесінің тозуында, қатты қобалжулардың нәтижелерінде, ұзақ уайым-қайғы болғанда немесе ақыл-ойға шамадан тыс күш түскенде байқалады. Астениялық жағдай бас жарақат алғанда, жұқпалы аурумен ауырғанда уланған жағдайлардан кейін пайда болу мүмкін.
Оқушыны зерттегенде сабақ соңынан оның зейінділігі төмендей ме, оқу жылының аяғында ше? Ұзақ демалыс күндерден кейін зейінділігі жақсарады ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дефектология негіздері
Дефектология пәнінің негізі
Білім беруді ұйымдастыру
Инклюзивті білім беруді регламеттейтін дамытуға бағытталған құқықтық құжат
Инклюзивті білім беру
Дефектология негіздері пәнінен лекция тезистері
«Ақыл-ой кем балалармен коррекциялық түзету әдістерін жүргізу»
«Жалпы тіл кемістіктері бар балалармен жүргізілетін логопедиялық жұмыстың ерекшеліктері»
Арнайы психология
«Дефектология және логопедия негіздері»
Пәндер