Оқушыларға натюрморт жанрын меңгерту әдіс тәсілдері анықтау



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі: Бейнелеу өнерінің мән-мағынасы адам дамуындағы маңызы ол руханилықтың иесі болып табылатын жанды тұлғаның өздігінен ізденуіне, жаңарып отыруына, өз өмірін шығармашылыққа айналдыруға мүмкіндік береді. Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі пәнін оқып, меңгерту арқылы оқушыларға өткен дәуірлердегі құндылықтар туралы біліп қана қоймай, оның маңызды және қажетті деген элементтерін өз бойына сіңіріп, өзінің рухани мұратына, мақсатына айналдырып отырады.
Курстық жұмыстың мақсаты: Қазіргі әлеуметтік, экономикалық күрделі дамуды басынан өткізіп отырған егеменді еліміз нарықтық қоғамның талап тілектеріне толығымен сәйкес келетін, шығармашылық белсенділігі мен адамгершілік болымысы бірдей үндеске, өзіндік дара мүмкіндіктерін, интеллектуалдық қабілеттерін іс-әрекетінде зерделі қолдана алатын тұлға даярлау мәселесі туындап отыр.
Курстық жұмыстың міндеттері:
Қазіргі қоғамдағы бейнелеу өнерінің алатын орны, оның даму деңгейі зерттеу;
Оқушыларға натюрморт жанрын меңгерту әдіс тәсілдері анықтау;
Натюрморт жанрының композициялық тұрғыдан берілуін талдау;

Курстық жұмыстың нәтижесі: Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері жүзеге асырылды; Оқушыларға натюрморт жанрын меңгерту әдіс-тәсілдері анықталды; Натюрморт жанрының композициялық тұрғыдан берілуін талдау жасалынды;

І. БЕЙНЕЛЕУ ПӘНІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
1.1.Бейнелеу өнерін оқытудың маңызы мен оның басқа көркем пәндермен тығыз сабақтастығы
Қазіргі кезеңде Қазақстанда әлемдік білім беру кеңістігіне кіруге бағытталған жаңа білім беру жүйесі қалыптасуда және бұл үрдіс педагогикалық теория мен оқу - тәрбие процесінің практикасында мәнді өзгерістермен ұштасу үстінде. Білім берудің өлшемдері мен белгілері жаңаша қалыптасуда. Жаңа мазмұн, жаңаша әдіс-тәсіл, жаңа педагогикалық қатынастар қалыптасуда. Педагогикалық білім мазмұны жаңа іскерлік ұстанымдарды, ғылыми проблемалардың шығармашылық шешімдерін, нарықтық-практикаға бағытталған білім беру бағдарламасын қамтиды. Бұрын ақпараттық деректер шектеулі болса, қазіргі заманда қабылдануы жағынан ғаламдық масштабты қамтып отыр. Педагогикалық үрдісте мұғалім мен оқушы арасындағы байланыс жеке тұлғалық сапалы өзгерістерге бағытталған мәнді міндеттерді шешуге тиіс. Осы жағдайда ерекше рөл жеке тұлғаның рухани тәрбиесіне, оның адамгершілік-ізеттік қалыптасуына беріледі. Педагогикалық жаңа әдіс-тәсілдерді қалыптастыру барысында психологиялық, педагогикалық жағдайларды ескерсек, оның негізгі тұжырымдық бағыттары шығады:
- балаға ақпараттық мағлұматтар бере отырып, олардың есте сақтау қабілетін арттыру және одан әрі осы мәліметтерді пайдалануға бағытталған олардың ақыл-ойын дамыту;
- білімнің тұрақты моделінен динамикалы құрылымдық жүйеге өту арқылы оқушының ойлау қабілетін дамыту;
- бұрын орта деңгейде оқитын балаға көбірек көңіл бөлінген болса, енді өзіндік ойы бар, озық ойлы оқушының дамуын жетілдіруге бағытталған іс-әрекет негізінде сабақ жүргізуге мүмкіндік тудыратын білім беру бағдарламасының жасау міндеті тұр деп айта аламыз;
- бұрын оқушының сыртқы мүмкіндіктеріне, яғни нақтылы іс-әрекетпен айналысу, білімін жетілдіру, есте сақтау қабілетін дамыту, дағдысын қалыптастыру секілділерге ерекше мән берілсе, және ойлану арқылы шешілетін үрдістерге, шығармашылыққа ұмтылдыратын өзіндік іс - әрекетін жетілдіру арқылы білім беру әдісіне көңіл бөлінеді. Осы жағдайда бұрыннан қалыптасқан ескіше оқыту әдісі қазіргі заман талабына сәйкес келе бермейтіндігін, бүгінгі мектепте жаңа әдіс-тәсілдерге, идеяларға бағыттаған жаңа тұжырымдама қажеттігі туындайды. Біздің жағдайымызда бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі пәнін оқытудың дүниетанымдық мәселелерімен байланысты. Олай дейтініміз өнер тарихы мен әлемдік көркем мәдениет жөнінде әңгіме қозғаған уақытта Қазақстан бейнелеу өнер тарихы пәнін оқытуда оның дүниетанымдық мәселелері ұмыт қалмауға тиіс. Алдымен бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі пәнінің педагогикалық шарттары және оның эстетикалық тәрбиедегі рөлі қандай нәрселермен анықталады деген сұрақтарға жауап беріп көрейік. Бейнелеу өнеріне Қазақстан өнерінде негізінен ХХ - ғасырда қалыптасқан живопись, графика, мүсін өнері секілді бейнеге қатысты белгілермен анықтайтын өнердің түрлері жатады. Олардың негізгі ерекшелігін айқындайтын белгі қоршаған ортамен, бейнеленген адаммен, сурет салынған натюрмортпен және сюжеттік сарында орындалған әртүрлі оқиғалардың шындықпен ұқсастықта бейнеленуі. Бұл оның басты критерийі. Әрине, ХХ - ғасырда бұл түсінікке қайшы келетін модернистік бағыттағы ізденістер, абстракциялы композициялар жеткілікті болды. Дегенмен біз бұл жерде жоғары көркемдік талғамда орындалған классикалық реалистік шығармалар жөнінде айтып отырмыз. Сондықтан біз де оны бейнелеу өнері түрлері мен іс-әрекет ерекшеліктеріне қатысты төмендегідей бөлімдерге ажыратып көрейік: - жазықтықта бейнелеу. Ол живопись пен графика өнері түрлеріне байланысты нұсқаға қарап сурет салу, композиция құрау, еркін тақырыпта сурет салу секілді шығармашылық түрлерін қамтиды;
- мүсін өнері. Мұнда үш өлшемді жұмыр денелі композиция құрау, модельдеу іс-әрекет түрлері қамтылады;
- сәндік қол өнері. Бұл өнерді көптеген бағдарламалар мен оқулықтарда. Сәндік қолданбалы өнер деп атап жүр. Біздіңше бұл дұрыс атауға ие емес. Себебі біз атап өткендей қол өнері бұйымы қолданылатын, функционалды міндет атқаратын зат және бұйым. Дегенмен оның міндеті функционалды қасиетімен шектелмейді. Ол әшекелей қызмет атқаратындықтан, оның көркемдік қасиеті жоғары. Сондықтанда оны біз оны - қол өнері деп атаймыз. Сәндік қолданбалы өнер деген түсінік орыс тілінде қолданылатын декоративно прикладное искусство деген түсініктің дәл аудармасы болса керек. Қол өнерінің осындай қасиеті жөнінде, кейбір ғалымдардың еңбектерінен көруге болады;
- сәулет өнері. Мұнда сәулет өнерінің түзілімдік ерекшелігі, оның тарихи аренада алатын орны, оның әлеуметтік функциясы және көркем стильдік ерекшелігі қамтылады;
- әңгіме сабағы. Әңгіме сабағын кейбір бағдарламаларда --көркемдік қабылдау және --көркемдік түйсіну сабағы деп те атайды. Өзінің жүктейтін міндетіне қатысты оны осындай етіп әр түрлі атауға болады. Өнер шығармаларын таныстырумен шектеліп, ол жөніндегі баяндамалар жасасақ, оны --әңгіме сабағы‖ деп атауға болады. Егер сабақ барысында картинаға терең талдау жасалып, оның көркемдік мүмкіндіктерін ашып, көркемдік тілін ұғуға міндет етсек, мұндай сабақты -- көркемдік қабылдау сабағы деп айтуға болады. Егер талдауды одан ары тереңдеп көркем шығарманың немесе объектінің эмоционалды, образды бейнесін және оның интуициялық мүмкіндіктерін тереңірек меңгеруге талпынсақ, ол сабақ -- көркемдік түйсіну сабағына айналар еді. Біздің жағдайымызда --көркемдік қабылдау сабағының маңызы зор. Осы жағдайда репродукциямен, фото-материалмен, компьютермен, әр-түрлі дайын бұйымдармен әңгіме сабағын әр түрлі деңгейде ұйымдастыруға болады. Негізінен алғанда бейнелеу өнерін ғылыми тұрғыда тануда адам баласы ғылым арқылы өнерді түсінеді және сезіне алады. Сондай-ақ өнердің қандай да саласы болмасын ғылыми тұрғыда зерттелініп танылмаса, өнердегі теориялық терминологияны түсіну мүмкін емес. Сонымен қатар өнер эстетиканың негізгі құралы болып қаралады. Яғни, бейнелеу өнері адам баласының эмоцияналды - эстетикалық сана-сезімін, талғамын оятатын бір құралы болып есептелінеді. Өйткені өнер мен эстетиканың арасындағы байланыс бейнелеу өнеріндегі көркемдік нақыштың терминін түсінуде тек өнертану саласында ғана емес, сонымен қатар ғылыми мәдениеттану, этнография, өнер философиясы тұрғысында эстетиканың негізгі өнер категориясы заңдылықтарында қарастырылып, терең ұғынуға, кең түсінуге ықпал жасайды. Жалпы бейнелеу өнеріндегі эстетиканың заңдылығы бүкіл салаға тән болып табылады. Бейнелеу өнері пәні арқылы оқушылардың біліктілігін арттыру, машықтығын, икемділігін, дағдысын жетілдіру, оның көркем эстетикалық көзқарасы мен көркемдік талғамын дамытып қана қоймай, сонымен бірге өнер жолында өз бағытын табуға да бір мүмкіндік ала алады. Егер қоғамдық қатынас сатылы дамиды десек, Қазақстан бейнелеу өнері әрбір жаңа сатыда сақталумен қатар, өзгеріп, жаңарып отырады. Қазақстан бейнелеу өнері арқылы қоғамда өнерге деген жаңа көзқарас пен жаңғырту пайда болады. Ол арқылы заманы өтіп бара жатқан ескі қатынас түрлерінен өз заман талап-тілектерін қанағаттандыратын жаңа формалар жүйесі қалыптасып, болашақтағы қатынас түрлеріне жаңаша қуат беріледі.

1.2. Бейнелеу өнерін жалпы және жоғары мектепте жүргізу

Қазіргі кезде жоғары мектепте бейнелеу өнерін оқыту әдістеме курсынан студенттерге білім беруде әдістеменің ғылым ретіндегі даму тарихымен, жас ұрпақтарымыздың эстетикалық білім мен тәрбиесіне қатысты тапсырмаларды беру, пәнді оқыту әдістемесіндегі қазіргі жаңа заман талаптарымен, бейнелеу өнері пәнін оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдерімен таныстырады. Әдістеме педагогиканың арнайы бөлімі сияқты, ең тиімді әдістер мен оқыту тәсілдерін үйретумен қатар, тәрбиелеуді де зерттейді. Барлық пәндерде оқытудың заңдылықтарын жалпы әдістеме қарастырады. Белгілі бір оқу пәніне тән сабақ беру тәсілдерін зерттеумен жеке әдістеме айналысады. Оқыту әдістемесі арқылы біз ұстаздың оқушылармен жұмыс жасау тәсілін түсінеміз. Бір әдістеменің шеңберінде ұстаз әр түрлі тәсілдерді қолдана алады. Оқыту әдістемелердің мазмұны мен тәрбиесі қоғамның итеріп шығаратын жалпы мақсаттары мен тәрбиелеу міндеттеріне әрқашанда бағынышты болады. Қоғамда тарихи шарттарының өзгеруімен қатар оқыту әдістемесі де ауысады. Мектепте бейнелеу өнерін оқытуда екі басты оқыту әдістемесін белгілеп қоюға болады. Олар: түсіндірмелі-иллюстративтік және проблемалық. Олар сабақтың мазмұнына және оқушылардың жастық топтарына байланысты түрленеді. Бастапқы оқыту сатысында ұстаз заттардың түрлерінің пластикалық ерекшеліктерін түсіндіргенде, сурет салудың тәсілдерін және сонымен қатар бейнелеу өнерінің қандай да бір шығармасын көрсеткенде басты әдістемесі - түсіндірмелі-иллюстративті болады. Ал, енді оқушылардың білімдерінің әбден толық жетілу шамасына қарай, көбірек орынды алатын көркемдік міндеттерді шешуде оқушылардың өз бетінше талап ететін келелі оқыту әдістемесі алға шығады. Ұстаз балалардан белсенді ойлауды және жұмысқа көркем шығармашылық қатынаста болуды мәжбүр етеді. Бейнелеу өнеріне оқыту барысында көркем қабылдау міндеттері және бейнелеп сурет салу бір уақытта дамып, жүзеге асуы қажет. Бала егер де затты ерте кезде аңғарып көрмесе немесе дұрыс қабылдамаса, онда ол затты және оның түрінің ерекшеліктерін бейнелей алмайды. Осыдан оқушыларда бейнелеу міндеттерінің дамуы және ұйымның бақылау мақсаттылығы да өте маңызды. Әдістемелік тәсілдерде, балалардың жас және психологиялық ерекшеліктерін есепке алса, тек сол жағдайда ғана оңтайлы нәтиже болады деп ойлаймыз. Сабақ берудің жаңа тәсілдерінің ізденісі пәнаралық байланысты ұстану және де оқушылардың эстетикалық бағыттағы пәндерді өздігінше меңгеру кезінде игерілген білім жұмысын басқару мен және ол икемділіктің негізінде жүзеге асуы мүмкін: бейнелеу ӛнерінің, әннің, әдебиеттің, тарихтың және т.б.с.с. Бейнелеу ӛнерін оқыту барысында ұстаз тек өзінің жеке көркем тәжірибесіне ғана сүйенбеу қажет. Әрдайым педагогика, психология, эстетика және өнертану ғылымдары бойынша әртүрлі ғылыми мәліметтерге сүйеніп отыру қажет. Бұл бейнелеу өнері мұғалімдерінің тәжірибелік сынағын дұрыс жалпылауға, дұрыс тәрбиелеу әдістемесін табуға және өсіп келе жатқан ұрпақтарымызды жан-жақты оқытуға көмектеседі. Мектепте бейнелеу өнерін оқытудың басты мақсаты - тек қана өмірдің және өнердің әсемдігін көркемдеп қабылдай алу ғана емес, сонымен қатар белсенді, шығармашылық еңбек ете алатын жанжақты үйлесімді дамыған адамды қалыптастыру керек. Оқушылардың эстетикалық және адамгершіліктік көзқарастарын дамыта отырып, бейнелеу өнері пәні түрлі аймақтардағы еңбек қызметіне қажетті пайдалы білімдерге және дағдыларға оқытады. Өзінше дамыған кеңістік ойлауы мен елесі аулақ қазіргі заманғы инженерконструкторды көз алдына елестету қиын. Эстетиканың өнеркәсіпке аса көп кіруі, суретші-конструктордың өндірісте өсуі ұстаздарды жаңа қазіргі заманғы оқыту әдістемесін терең қарастыруды талап етеді. Сабақ кезіндегі әрекеттің барысында сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстарда оқушылардың саяси-идеялық, адамгершілік, еңбек және эстетикалық тәрбиелері қалыптасады. Мектеп бағдарламасына қосылған әрбір пән оның ішінде бейнелеу өнері оқушылардың эстетикалық-идеялық тәрбиесі үшін үлкен де зор мүмкіншіліктер береді.
Оқушылар алдарында сыныптық өнер мінездемесі және оның адамдардың тұрғылықты өмірімен тығыз байланысы ашылады. Бейнелеу өнерінің көрнекті кӛркем туындыларын талдай отырып, ұстаз өткен және осы кездегі ең танымал суретшілерінің өнер туындыларымен адамзат баласының жоғарғы идеяларын қорғайтынын және гуманизмге тәрбиелеуін көрсетеді. Осылайша өнерде тамаша түсінік және адамгершіліктік-эстетикалық идеалы ақырындап іске асып қалыптасады. Әңгімелер, саяхаттар кезінде кӛркем қызмет тәжірибе барысын-да балалардың өнерге деген сүйіспеншілігі дамып, олардың қоршаған әлемге деген эстетикалық қабілеттілігі әбден жетіледі. Орта мектеп тек жалпы білім беретін міндеттерді шешеді. Бейнелеу өнері сабағында балалар бейнелеу өнерінің негіздерімен танысып оқытылады, түрлі дәуір мен замандардың және әртүрлі халықтардың ең жақсы өнер үлгілерімен танысады, айқындық пен шынайылықтың кӛркемдік құралдарын тануға мүмкіншілік алады. Оқушылар тікелей заттың өзіне қарап графика және кескіндеме құралдарымен оңай қойылымдарды орындай алуды білу керек: сәндік композицияларды құрастыру, материалда қиын емес бұйымдарды орындау және т.б. Оқушылар ойша немесе елестете отырып өз түсініктері бойынша тақырыптық композицияларды сала білулері қажет. Айқын бейнелеудің заңдылықтарын меңгерудің арқасында шыншылдығын шынайы көрсете және өзінің қоршаған ортаға әсерлі қатынастарын білдіре алады. Көзбен шолып ойлаудың дамуы - пәннің ең басты міндеттерінің бірі. Көзбен көру ақпараттың үлкен ағым арасында оқушы көркем шығармашылық тапсырмаларды шешуде ең бастысын, ерекшесін таңдап алуды үйрену қажет және көретін формаларды пайдалана алуы қажет. Жалпы білім беру мектебінде бейнелеу өнерін оқытудағы басты міндеттерінің бірі - балалардың көркем шығармашылық қабілетін дамыту болып табылады. Осы мәселе қазіргі кезде белсенді, әрекетшіл және адамның жеке басының шығармашылығын тәрбиелеу міндеттерімен тығыз байланысты. Көркем әрекетшіл қабілеттердің дамуы туралы әңгіме жүргенде, ең алдымен шығармашылық елестеу мен ойлаудың дамуы ойда тұрады. Оларсыз шындықтың қайта ойлануы және өзінің пікірін бейнелі формада жеткізе білу мүмкін емес. Көркем қабілеттер санына көз қапері және өмір мен өнер құбылыстарына деген қызба қатынасы қатысты. Көркем қабілеттердің байқалуы бейнелі ойлану, ондағы бастысын белгілей отырып бейнені тұтастай қабылдау, затты дәлме-дәл жеткізе білу болып табылады. Шығармашылық қабілеттер тәсілдердің тез және оңай меңгеруінде сурет салудың дағдылары байқалады. Оқушылардың көркем шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған жұмыс нұсқадағы және оны бейнелеуді оқыту қабілеттерін меңгеруімен тығыз байланысты. Осы байланыстар көп қырлы. Елестету тек қана өмірлік байқаудың негізінде ғана дами алады. Сол уақытты бейнелі ойлаудың дамуы бейнелеу сауаттылығы негіздеріне оқытудың нәтижелігі көмектеседі. Оқушылардың бейнелі ойлай білуі олардың жұмыстарының мәнерлігінде байқалады. Балалардың көркем-шығармашылық қабілеттерін дамытудағы ең маңызды шарт - олардың жұмысқа деген қызығушылығы, оған әсерлі қатынасын да анықтайтын осы немесе басқа да тапсырмалардың орындауы болып табылады. Басқа жағынан қарасақ, осы қатты әсерлі күйзеліс қызығушылықтың және бейнелеу қызметімен айналысу ынтасы басты түрткі болған себептері болуы мүмкін. Бейнелеу өнері бойынша оқу жұмысының түрлері немесе басқа қабілеттердің дамуына көмектеседі. Оқушылардың көркем-шығармашылық қабілеттерінің дамуындағы ең басты мәселе - тақырыптық сурет салу, мысал келтіру, сәндік сурет салу сияқты оқу жұмысы түрлеріне жатады. Осы сабақтарда оқушылар өзіндік қызметтік мүмкіншілігіне ие болып, ал тапсырмалар мінездемесі олардың шығармашылық ойлауын қарқындатады. Бейнелеу өнері бойынша оқу сабақтардың барлық түрлерінің дұрыс үйлесімді болуы және кең дамыған сыныптан тыс жұмыстардың жүйесі оқушылардың көркемдік қабілеттерінің дамуына қажетті негізді қалыптастыратынын белгілеп қойған жөн. Бейнелеу өнері пән ретінде оқушыларды бейнелеу сауатының негіздерімен және бір уақытты айқын, жеке басының дамуына тәрбиелейді. Ол педагогикалық процесте орындалады және ол педагогиканың объективті заңдарына оқытудың дидактикалық принциптеріне сүйенетін педагогикалық процесс кезінде жүзеге асады. Олардың ішіндегі аса маңыздысы - оқытуда саяси-идеялық бағдарды тәрбиелейтін принцип. Эстетикалық тәрбиелеуде тәрбиелеудің ажырамас құрама бөлігі ретінде қарастырады. Бейнелеу өнер пәні өнердің ең жақсы салттарында, ұстаз-гуманисттерді оқытуда негіздей отырып, көркем формада озық уақыт идеялары бейнеленетін, тәжірибелік жұмыста өнердің үздік шығармалары кең қолдану қажет. Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінің негізгі принципі болып ғылыми принципі болып саналады. Әсіресе, осы принцип тікелей заттың өзіне қарап сурет салу сабақтарында жарқын жүзеге асады, шынайы сурет пен кескіндемені меңгеру барысы қоршаған әлемнің объективті заңдылықтарын білуді талап етеді. Әр пән сурет объектісі сияқты ӛзінің табиғи ортасында талданады. Қатал ғылымилық принциптеріне негізделе отырып, мұғалім сызықтық пен әуе перспективалар, түстану, анатомия жөнінде мәліметтер береді. Қателерді талдау кезінде мұғалім оның себебін, басқа форманың қандай заңдылықтардан құралатынын анықтап көрсетуі қажет. Бейнелеу өнері үшін кӛрнекілік принципі табиғи болып табылады. Әлі қағазға тимей тұрып, оқушы мұғалім жетектеуімен көрімді заттарды талдайды және оны салыстырады. Осы принцип денелердегі ең негізгісін шығару мақсатымен нұсқа қойылымында өтілу шарт. Яғни, мағына барлығын білдіреді: түпқойманың биіктігі де, жарық та, түс, көрініс, денелердің формалары да. Жаңа мәліметті түсіндіруді мұғалім кестелермен, модельдермен және тақтадағы суреттерге сүйенеді. Оқу барысының тиімділігі көрнекі оқытудың түрлі құралдарынан, ТОҚ-н (техникалық оқыту құралдары) қосқанда, құрама қолданудың көбісінен бағынышты. Оқу барысына техникалық құралдарды және жаңа оқыту әдістемелерін, сонымен қатар шет тілін меңгеруінде де белсенді енгізу қажет. Лабораторияларды, оқу-әдістемелік кабинеттерді, шеберханалардың жабдықталуын қазіргі жаңа заманғы жабдықтармен, аспаптармен, құрал-саймандармен, оқу құралдарымен толықтыру қажет. Сабақ барысында слайдтарды, диафильмдерді, кинофрагменттерді кең қолдануымен қатар, мұғалім суретті кезеңділпен салудың белгілі кезеңдерін сақтайтын кестелерді қолданады. Осындай құралдар оқушылардың суретке деген саналы қатынасын тәрбиелеуге көмектеседі. Нашар дайындалған оқушы жалпы форманы көрмей, жеке бөлшектерді келістіре алмай отыратыны белгілі. Кестелер суреттің орындау кезеңдерін анықтауға көмектеседі. Мұғалімнің түсіндіруінде ең біріншіден натураны белсенді қабылдауы, суретті натурамен әрдайым салыстырып тұруы жақсы нәтиже береді. Балалардың көңілдерін қарқындату тәсілдері көп: әңгіме, жұмыс тәсілдерінің көрсетілуі, көрнекі құралдардың сәтті қолданылуы және т.б. Оқушымен жеке-дара жұмыс жасап, уақытында көрсетілген көмек өте маңызды. Оқу барысын мұғалімнің жетектеуші рөлсіз өзіңе елестету қиын. Бейнелеу өнерінің оқытушысы мақсатты бақылауды ұйымдастырады, балаларды белсенді ойлануына, қоршаған ортаның заттарын терең талдауға үйретеді, суретте және кескіндемеде жұмыс дағдысын қалыптастыруға көмек көрсетеді. Мұғалім өнер жайлы білімнің белгілі артықшылығына ие болу керек. Бейнелеу қызметінің барлық түрлерін кіргізетін қазіргі заман мектеп бағдарламасы, оны өзінің білімі мен іскерліктерінің жүзеге асуымен әрдайым жұмыс істеуге мәжбүр етеді. Осыған әдістеме мен психологиядан білім қорын молайту керек, онсыз оқу барысын дұрыс өту мүмкін емес. Тәжірибелі мұғалім кез-келген тапсырманы белгілі көркем міндеттері шешу арқылы жеткізеді, сабақта шығармашылық атмосфера қалыптастырады. Ол тақтада бормен, көмірмен немесе бояу жаққышпен батыл жұмыс жасайды. Оның сөйлегені белгілі жастағы оқушылардың түсінуіне қолайлы бола тұра, сонымен қатар оқушылардың жеке-дара қабілеттілік шама шарқын және олардың әрқайсысына дифференцияланған тәсілін сәтті жүзеге асыруға көмектеседі. Тәжірибелі мұғалімнің сабағында балалардың суретке деген қабілеттері жоғары, сынып дайындығының жалпы деңгейі жетерліктей биікте болады. Сабақтан тыс уақытта, үйірмеде және факультативті сабақтарда, мұғалім бейнелеу өнеріне қызығушылық танытқан балалармен шығармашылық ұжымын ұйымдастырады. Оқушылар бейнелеу сауатын өздерінің жұмыстарында сәтті шыққанын көргенде, олардың саналылық пен белсенді принциптері шынай болып, сонымен қатар сабаққа деген қызығушылықтары мен оң қатынастары аңғарылады. Сабақты жобалауда балалардың ертеде алған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Натюрморт бейнелеу өнерінің ерекше жанры
Пейзаж өнердің дербес жанры ретінде
Бейнелеу өнерінің пейзаж жанрының жасалу барысы
Бейнелеу өнері пәніндегі Натюрморт тақырыбы
Бейнелеу өнерінде натюрморт жанры
Кескіндеме өнерінде натюрморт жанрын салу
Әңгіме жанрын оқытудың негізгі әдістері
Мектепте бейнелеу өнері пәнін оқыту
Оқушыларға кескіндеме жазу арқылы шығармашылық қабілетін дамыту. Натюрморт
Бейнелеу өнері сабағында оқушылардың шығармашылық ойлау қабілетін дамыту әдістері Натюрморт
Пәндер