Мәселенің актуальдігіне қарамастан, құқық қорғау органдарының әрекетсіздігі

Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Шымкент қаласы
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
физика-математика бағытындағы
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Назарбаев Зияткерлік мектебі
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Қазақстан тарихы (ҚӘҚ)
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Курстық жұмыс

Бөлім:
Тақырып: Карантин жағдайында қоғамда тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарының санының артуы және оның шешу жолдар қандай?
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Тақырыпша:
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
( 2600 сөз)

Орындаған: Тұрған Мөлдір Бахтиярқызы _________________
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
(қолы)
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Қабылдаған: Сүлейменова Гүлжамила Марқабайқызы ___________
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
(қолы)
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Ішкі модератор__________________________ __________________
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
(аты-жөні, қолы)

Шымкент 2020
Мазмұны

Карантин жағдайында қоғамда тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарының санының артуы және оның шешу жолдар қандай? 3
Кіріспе 3
А) Негізгі бөлім 4
В) Тəжірибелік зерттеу əдістерін талдау 6
C) Зерттеу қорытындысы 9
Д) Зерттеу нəтижелерін De Bono's Six Thinking Hats арқылы талдау 10
Қорытынды 10
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ƏДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 12

Карантин жағдайында қоғамда тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарының санының артуы және оның шешу жолдар қандай?
Кіріспе
Соңғы жарты жылда еліміздегі зорлық-зомбылық тақырыбы БАҚ-та жариялануына байланысты ең танымал мәселелердің бірі болды. Бірақ бұл уақыттан алдын көлеңкеде қалған зорлық-зомбылық жағдайлары өте көп, өйткені бұл тақырып туралы жариялау біздің менталитет үшін ұят болып саналады. Жыл сайын Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылықтан 400-ге жуық әйел қайтыс болады, ал әрбір алтыншы отбасында тұрмыстық зорлық-зомбылық орын алады, құрбандар негізінен әйелдер мен балалар. Бұл тек ресми мәліметтер бойынша және осы себептен де бұл бүгінгі күннің ең актуальді мәселелерінің бірі [1].
Тұрмыстық зорлық -- зомбылық дегеніміз бұл отбасының ең күшті мүшелері -- физикалық тұрғыдан мықты немесе әлеуметтік мәртебесі мен биліктің күші бар адамдар отбасының әлсіз мүшелеріне шабуыл жасауы. Күйеулер әйелдерін ұрып-соғады, өйткені олар мұны жасауға күші және құқығы бар деп санайды, әсіресе егер әйел "дұрыс емес әрекет жасаса". Кейбір кезде, әйелдер де ер адамға қол көтеретін оқиғалар да кездеседі. Бұл тек күштердің айырмашылығын анықтау ғана емес, бұл отбасындағы билік пен үстемдік үшін күрес. Бұл өте өзекті мәселелердің бірі болып табылады, себебі адамдар бұл зорлықтың кесірінен қайтыс болып жатыр. Егерде тарихқа жүгінсек, тұрмыстық зорлық -- зомбылық тек біздің заманымызда емес, бұрынғы заманнан келе жатыр. Бұл аргументке алдынғы ғасырда өмір сүрген жазушылар мен ақындардың шығармалары дәлел бола алады. Мысалы, Дулат Исабековтын "Тіршілік" атты әңгімесінде шалдың әйеліне қол қөтеретін моменттер көрініс табады [2]. Елімізде карантин кезінде тұрмыстық зорлық -- зомбылық 4 есе көбейген, яғни, "қорғаумен бірге қорлау да" деп айтуға болады. Жалпы отбасыдағы дау жанжал тек біздің елде ғана емес, күллі әлемде күрт өскен БҰҰ мәлімдемесі бойынша. "Соңғы аптада экономикалық және әлеуметтік қысым мен үрей күшейген кезде, біз отбасылық зорлықтың-зомбылықтың куәгері болып табыламыз", - деп Біріккен Ұлттар Ұйымының бас хатшысы Антаниу Гутерриш айтып кеткен [3].
Курстық жұмыстың мақсаты Қазақстандағы тұрмыстық зорлық -- зомбылықтың себептері, потенциалды агрессор мен құрбанның белгілерін анықтау, төтенше жағдайда зорлықтың күрт өсу себептерін зерттеу және отбасыда осы оқиға болған жағдайда, жәбірленушілердің іс әрекеті туралы білу.
Тақырыпты ашу үшін зерттеу барысында осы зерттеу сұрақтарына жауап табамыз:
1) Неліктен Қазақстанда тұрмыстық зомбылық құрбандарының саны жыл сайын артып келеді және қазіргі карантин жағдайында бұл мәселенің масштабы қандай?
2) Отбасыдағы зорлық зомбылық бала психологиясына қаншалықты әсер етеді?
3) Неге тұрмыстық зомбылық құрбандары құқық қорғау органдарынан көмек пен қолдау алудың орнына виктимблеймингке (жәбірленушіні кінәләу) ұшырасады және бұл проблеманы шешуге бола ма?
Осы сұрақтарға жауап табу аркылы бұл мәселенің өзектілін біліп, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандар саның азайту үшін шешім таба аламыз.
А) Негізгі бөлім
ҚР Конституциясына сәйкес, адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмау керек, ешкімнің азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, қатыгездік танытуға құқығы жоқ. Бұл адамның отбасындағы қауіпсіздігіне де қатысты. Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа кінәлі тұлғалар "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 73-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін, ал олардың әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылық құрамы болған жағдайда, олар Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 109 (ұрып-соғу), 110-баптарына (азаптау), 131-баптарына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тартылады [4]. Бірақ іс жүзінде бәрі басқаша. Бүгінгі таңда тұрмыстық зорлық-зомбылық- ең өткір әлеуметтік проблемалардың бірі. "Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы" ҚР Заңының 4-бабының анықтамасы бойынша [5], зорлық тек дене немесе психологиялық ғана емес, сексуалдық және (немесе) экономикалық зорлық-зомбылық түрінде де көрсетілуі мүмкін. Отбасының кейбір мүшелері үнемі қысымның, ұрып-соғудың, қорлаудың зардап шегеді. Кез - келген адам тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны бола алады- күйеуі ұрған әйел; әкесінің жыныстық қудалауынан зардап шеккен қыз; анасы ұрған бала. Дегенмен, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың гендерлік сипаты ерлер тарапынан әйелдерге қатысты зорлық - зомбылық саны айтарлықтай көп.
Карантин уақытында бұл мәселе өршігіп түсті. 2020 жылдың басынан бастап Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша 241 құқық бұзушылық тіркелген. Нәтижесінде 33 қазақстандық отбасылық зорлық-зомбылықтан қайтыс болды. Наурыз-маусым аралығында 237 құқық бұзушылық тіркелді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 41% артық, - деді Арман Матжан ОКҚ-дағы онлайн-брифинг барысында. [6].
Карантин жағдайында бүкіл әлемде тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты шағымдар санының күрт өсуі байқалды. Испанияда оқшаулаудың алғашқы екі аптасында сенім телефонына қоңырау шалу саны 18% -- ға, Францияда-30% - ға, Ресейде 24% - ке дейін өсті, бірақ сарапшылар бұл тек бастамасы және эскалация жалғасады деп санайды [7]. Зорлық-зомбылық жағдайларының көбеюі коронавирус инфекцияның таралуына байланысты үйді мәжбүрлеп оқшаулаумен тікелей байланысты. Біріншіден, төрт қабырғаға бекітілгенде, агрессорға серіктеске қатысты зорлық-зомбылықты қолдану жеңіл. Екіншіден, қозғалысқа шектеу мен үйден кетуге тыйым салуды ескере отырып, зорлық-зомбылық құрбандарға көмекке жүгіну әлдеқайда қиын. Үшінші маңызды фактор-бұл көптеген бизнестердің жабылуымен (тоқтатылуымен) және жұмыс орындарының қысқаруымен байланысты экономикалық дағдарыстың басталуы, бұл көптеген отбасылар мен ерлі-зайыптылардың қарым-қатынасына әсер ететі. Сондықтан, көптеген әйелдер (және балалар) серіктестерімен немесе күйеулерімен қамауға алынып, үй соққыларының құрбаны болды.
Виктимблейминг деген не?
Виктимбламинг (ағылш. victim-жәбірленуші және blame-айыптау) қылмыстың құрбаны қылмыскердің арандатуымен, дәл осы құрбан болуға деген ұмтылыспен байланысты болған кезде пайда болады. Көбінесе, құрбанды кінәлау туралы тұрмыстық немесе жыныстық зорлық-зомбылық сияқты қылмыстар аясында айтылады [8].
Зорлық-зомбылықтың құрбаны әртүрлі кезеңдерде айыптауға ұшырауы мүмкін. Алғашқы кезде әйел абьюзердің (зорлық - зомбылық жасайтын адам) болжамды арандатушылық мінез-құлқына қатысты басқалардың келіспейтіндігін байқайды: "өзінді жеткілікті дәрежеде ұстамадың, айтпадың, салқын түскі ас бердің",- деген айыптауға ұшырайды.
Белгілі себептермен, зорлық-зомбылықтан зардап шеккендердің барлығы өз оқиғаларын басқалармен бөлісуге дайын емес. Себебі, кейде ең қиын нәрсе бастан өткен оқиғаны жақын адамдармен талқылауға салу болуы мүмкін.
Ал ең жаманы зорлық-зомбылық құрбанының құқық қорғау органдарына жүгінуге тырысқанда болады. Адвокат пен әйелдер құқығы жөніндегі сарапшы Мари Давтянның айтуынша, полиция үйдегі зорлық-зомбылық пен зорлау қылмыстарын мүмкіндігінше аз тіркеуге тырысады, сондықтан жәбірленуші өтініш бермеуі үшін бәрін жасайды. Полицияның бұл үшін өте қарапайым әдістері бар: қорлау және кінәлау. "Мәлімдемені қабылдағысы келмейтін басты себеп -- жәбірленушіге деген көзқарас, яғни виктимбламинг ", -- дейді Мари .
Отбасыдағы зорлық зомбылық бала психологиясына қаншалықты әсер етеді?
Балаға қатысты зорлық-зомбылықтың кез-келген түрі оның дамуы, физикалық және психикалық денсаулығы үшін зардаптарға әкеледі. Отбасындағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен немесе отбасының басқа мүшелеріне қиянат жасаудың куәсі болған балалар бұл тәжірибені өз өмірлеріне өткізеді. Мұндай отбасы қоғам үшін болашақ құрбан немесе агрессорды тәрбиелейді. Отбасындағы зорлық-зомбылық құрбандарының балаларына бірқатар ерекшеліктер тән, атап айтқанда: психоневрологиялық бұзылулар (ұйқысыздық, энурез, энкопрез, жүйке тикасы және т. б.); психосоматикалық аурулар; сезімдер мен мінез-құлықтың амбиваленттілігі: отбасындағы зорлық-зомбылықтан зардап шегетін балалар ата-аналарға деген қорқыныш, реніш және ашу-ызамен сипатталады, оларға эмоционалды тәуелділікпен үйлеседі; импульсивтілік пен шыдамдылық; өзін-өзі бағалаудың төмендігі, эмоционалды тәуелділік; жалғыздық пен оқшаулану сезімі, басқалармен жақын және сенімді қарым-қатынас орнатудағы қиындықтар; болашақтан қорқу, пессимизм; зорлық-зомбылық оқиғаларына кінә сезімі; депрессияға бейімділік; импульсивтілік, жанжал, құрдастарымен жиі төбелес; эмоционалды сфераның тұрақсыздығы, истерикалық көріністер; алкоголизация мен наркоздың жоғары қаупі; мектептегі үлгерімнің төмендігі [9].
Бұл туралы шетелдік тәжірибе не дейді?
Біз қазір дамыған қоғамда өмір сүретінімізге қарамастан, отбасыларда тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайлары өте жиі кездеседі. Көбінесе бұл туралы ашық айту қиын. Қазақстан Республикасының Конституциясы адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайтындығын, әркімнің өз ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғауға құқығы бар екенін регламенттейді.
Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі бөлімшелер қызметінің құқықтық негізін адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы және БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылдаған әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы Конвенция, адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы, Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қылмыстық Кодекс, Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексі, Қазақстан Республикасының "Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы" Заңы, Қазақстан Республикасының "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодексі, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары, өзге де нормативтік құқықтық актілер. Алайда бұл заңның ешқайсысы әлсіздерді құтқарып жатқан жоқ [10].
Ал бізбен көршілес Ресей Федерациясында бұл проблема өршіп тұрғанымен, оқыға саның азайту және тұрмыстық зорлық-зомбылықты жою үшін ешқандай заң қабылданбаған. Мысалы, Мемлекеттік Дума Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексіне түзетулер қабылдады, оған сәйкес енді отбасылық зорлық-зомбылық үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылмайды [11].

В) Тəжірибелік зерттеу əдістерін талдау
Зерттеу жұмысы бараысында мәліметтер ресми сайттардан, кітаптардан және мақалалардан алынды. Мысалы, Дулат Исабековтын "Тіршілік" кітабы, Қазақстан Республикасының Конституциясы және т.б.
Отбасылық зорлық-зомбылық мәселесіне арналған сауалнама жүргізілді. Оның міндеті мәселенің маштабын өлшеу емес, халықтың тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы қалыптасқан ойын зерттеу болды: қандай әрекеттерді зорлық-зомбылық деп айта аламыз және үйдегі зорлық-зомбылықтан зардап шеккен құрбандарға қайда бару керек. Сауалнаманың жалпы қатысушылар саны -29. Оның 26 әйелдер болса, үшеуі еркек.

Сурет -1. Сауалнама нəтижелері
Жалпы, респонденттердің 26%-ы қоршаған орта арасында, соның ішінде өз отбасыларында физикалық күш қолдану (ұрып-соғу, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Себепті байланыс және қылмыстық нәтиже
Парақорлық қылмыстарын саралау
Құқықбұзушылық түсінігі
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ МҮДДЕЛЕРІНЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН ҚҰРАМДАРЫ
ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ НЕГІЗДЕРІ
Лауазымды адамның өкілеттігін иемдену
Әкімшілік құқық бұзушылық және әкімшілік жауаптылық
ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ БЕЛГІЛЕРІ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ БЕЛГІЛЕРІ
Парақорлық қарсы күрестің қылмыстық құқықтық қырлары
Кісі өлтіру нәтижесінде қызғаныш
Пәндер