Бастауыш сыныптарда оқушыларды грамматикалық талдауға үйрету



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Павлодар Педагогикалық Университеті
Педагогика Жоғары Мектебі
Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Алғашқы грамматикалық мағлұматтарды меңгерту

Жетекшісі:Абдырова А
Орындаған:Бектұрсын Т
ПМНО-31 тобының студенті

Павлодар 2020 ж

Мазмұны :
I Кіріспе бөлімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1.Бастауыш сыныпта грамматиканы оқыту ... ... ... ... ... ... ... 5
II Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
2.1Грамматиканы оқытудың негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26
2.2 Бастауыш сыныптарда грамматикалық талдауға үйрету ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28
III Қорытынды бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... . ... .32
3.1 Грамматиканы оқытудың қазіргі таңдағы көрінісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
IVҚолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... 34

I. Кіріспе бөлімі
Бастауыш сынып оқушыларына грамматикалық ұғымдарды меңгерту үшін түсіндіргенді қайталап айтып беруге баулу әдісі ойдағыдай нәтиже бермейді. Бұл әдіске машықтанған оқушылар көбінесе грамматикалық ұғымдарды жаттап, еске сақтауға бейім болады.
Ал жаттап алынған білім мен дағды көп уақыт өтпей-ақ ұмытылады.
Грамматикалық материалдарды пайдалану
Грамматикалық ұғымдарды ұмытпау үшін:
1. Оқушылардың белсенді ойлау қызметін іске қосу, яғни проблемалық әдістерді пайдалану. Кез келген грамматикалық ұғымды меңгерту барысында оқушылардың психологиялық-физиологиялық қабылдау мүмкіндіктеріне қарай проблемалық жағдай туғызу мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Әсіресе берілген грамматикалық ұғымды пысықтау үшін орындалатын жаттығуларды немесе топтамаларды қызықты әрі түрліше етіп пайдалануға болады.
2. Өтілген грамматикалық ұғымның айқын және көмескі белгілерін меңгерту. Мысалы, "Кім? He?" сұрақтарына жауап беретін сөздер тақырыбын өткенде, оқушылар бұл сұрақтарды нақтылы заттардың немесе адамдардың атын білдіретін сөздерге дұрыс қолдануда, дерексіз атаулар кездескенде шатастырып қалады. Мысалы: уақыт, жел, күн, дауыл, т.б. "Немесе? He істеді? Неғылды? Қайтті?" сұрақтарына жауап беретін сөздер" тақырыбын өткенде нақтылы қимыл байқалатын сөздерге бұл сұрақтарды қоймайды. Сондықтан осындай дерексіз сөздердің белгілеріне арнайы тоқталып өту қажет.

3
3. Жаңа меңгерген грамматикалық ұғымды бұрын өтілген ұғымдар жүйесімен байланыстырып отыру. Бұл әдісті берілген білімді жинақтап отыру әдісі деп те айтуға болады. Мысалы, "Сөз таптарын" оқып-үйрену барысында негізгі есімдердің (төмендегідей) сызбасын оқушылардың естеріне салып қою керек.
4. Жаңа грамматикалық ұғымды түсіндіру үшін оқушылардың бұрынғы білімдері мен дағдыларына сүйене отыру. Жаңа тақырыпты меңгертудің бұл әдісі, оқушылардың өткен сабақтардағы мағлұматтарды ұмытпауына, оны жаңа ұғыммен байланыстыра білуіне жағдай туғызады. Және жаңа тақырыпты игеруді жеңілдетеді.
5. Грамматикалық ұғымдарды көрнекі құралдар көмегімен меңгерту. Бұл әдіс те мұғалімнің ерекше шеберлігін талап етеді. Тақырыптың сипатына байланысты көрнекі құралдарды түрлендіріп пайдалану қажет. Көрнекі құралдар қандай мақсатқа арналса да, айқын, әдемі, қолдануға ыңғайлы болғаны дұрыс.
Емле ережесін түсіндіру
Емле ережесін түсіндіруде мүмкіндігінше оқушыларды мысалдарды талдауға, қорытынды шығаруға еркін қатыстырып отыру керек. Ол үшін мұғалім, мысалдар мен көрнекі құралдар дайындап, қорытынды шығару үшін оқушыларға қоятын сұрақтарды әзірлеп келуге тиіс.
Бір грамматикалық құрам төңірегіндегі сөздерді фонетикалық және графикалық ерекшеліктеріне қарай екшелуі тиіс. Мысалы: тәуелдік жалғауларына байланысты алдымен жалғау жалғанғанмен, түбірдің өзгермейтіні өтіледі, содан кейін түбірдің соңындағы қ.к.п дыбыстарының ғ,г,б болып өзгеріп айтылып, өзгеріп жазылатыны түсіндіріледі. Оқушыларға емле ережесін есте сақтауға мынадай жаттығулар ұйымдастыруға болады.
4

1. Өтілген емле ережесіне қатысты, объектілерді жеке беріп, оқушылардан оның қиыншылығын сұрау.
2. Берілген сөйлем ішінен жаңа өтілген емле объектілерін тауып, жазылу ережесін түсіндіру, тексті көшірту.
Оқушылардың өздеріне өтілген емлеге сай мысал таптырып, оларды жаздыру, жазылу ережесін айтқызу.
Емлені меңгерту бірнеше кезеңнен тұрады:
Бірінші кезең - емле ережесін тану, білу.
Екінші кезең - емле ережесін жазу кезінде пайдаланып, жаттығу.
Үшінші кезең - емле ережесін пайдалануда еркін, ырықсыз әрекет дәрежесіне жеткізу, яғни ережені оқушы автоматты түрде пайдаланатын ету.
Емле ережелерін есте сақтап, сауатты жазуға машықтандыру үшін, қателер бойынша жұмысты дұрыс ұйымдастыра білу керек. Қате бойынша істелетін жұмыстардың түрлері:
1. Қате жіберген сөзді көшіртіп, қате жазылған әріптің, буынның астын сызғызу.
2. Қате жіберген сөзді көшіртіп, сөзді дұрыс жазуға қатысы бар емле ережесін қайталату, ауызша айтқызу, оқулықтан қайталату.
3. Қатені түзетпей, тек астын сызып көрсетіп, оны оқушылардың өзіне жөндету, емле ережесін айтқызу.
Грамматикалық материалдармен оқушыларды таныстыру барысында балалар әрбір жаңа материалдың негізгі, басты ой түйінін ұғына алатындай болуы керек. Ол үшін алдымен тақырыпқа көңіл аударылады. Оқушылар әрбір тақырыптағы
5

тақырыпшалардың мәнін, тақырыпшалардағы әрбір абзацтың мәнін аңғарып, сол әрбір абзацтағы айтылған мәселелердің негізгі ойы тақырыпшаны, әр тақырыпшалардың барлығына ортақ негізгі ойдың тақырыпты құрастырып тұрғанын айыра алатындай болуы керек. Грамматикалық ережелердің көпшілігі оқулықтарда анықтама ретінде беріледі. Оқушыларға осы сияқты анықтамалардың әрқайсысының қандай бөліктерден тұратынын көрсеткен жөн:
1. Әрбір анықтаманың міндетті түрде термині болады.
2. Әрбір анықтамада сол ұғымның өзіне тән басты белгісі көрсетіледі.
Бұл басты негізгі белгі арқылы ол ұғым басқа ұғымдардан ерекшеленеді.
3. Кей анықтамаларда түсіндірілетін ұғымның қандай топқа жататыны көрсетіледі.
4. Анықтамаларда әрбір категорияның негізгі мағыналарынан басқа формалық белгілері де көрсетіледі.
Формалық белгілерді жинақтап, топтап сол категорияның басқалардан семантикалық, морфологиялың және синтаксистік ерекшеліктерін көрсету үшін пайдалану керек.
Әрбір анықтаманы оқушылар саналы меңгеру үшін мұғалім:
1. Оқушының грамматика оқулықтарынан ғана мысал келтіріп қоюмен қанағаттанбай, өз ойынан немесе "Ана тілінен", оқыған кітаптарынан ойланып мысал айтуын талап етеді.
2. Анықтама өтілгеннен кейін дайын мәтін береді де, соның ішінен анықтама бойынша қажетті сөзді немесе сөз тіркестерін тапқызады, кейде өздері ойлап тапқан мысалдарды талдатқызу арқылы пікірлерін дәлелдеуді талап етуге де болады. 6
3. Анықтама бойынша берілген ұғымның негізгі белгілерін санап беруді ұсынады.

4. Анықтамалар мен ережелерді дәл, анық, толық айтуға үйретеді.
ІІ. Негізгі бөлім.
2.1. Грамматиканы оқытудың ғылыми негзідері.
Грамматиканы оқып үйренуде тілдің сан қилы сырларына қанығамыз. Тілдің түрлі құбылыстары тіл ғылымының әр саласында қарастырылады. Мәселен, тілдегі сөздер, олардың барлығының жиынтығы -- лексикология саласында, тілдің дыбыстық жүйесі фонетика саласында, сөздердің формалары морфология, ал сөз тіркестері мен сөйлем синтаксис саласында қарастырылады. Қазақ тілі методикасы қазақ тілін зерттейтін тіл ғылымы деректеріне сүйенеді. Сондықтан тілдің методикасы тіл ғылымымен, ғылыми грамматикамен өте тығыз байланысты.
Оқушылар бастауыш сыныпта грамматика жөнінде қарапайым ғана мағлұматтар алады. Әрине бұл мағлұматтар ғылыми жағынан толық дәлелденген деректер.
Мектепке алғаш оқуға келген кезде балалар заттар мен құбылыстарды әлде де болса, тұтас күйінде қабылдайды, оларды талдап, ішкі заңдылықтарын, себептерін, байланыстарын ажырата қабылдауға әлі машықтанбағандықтан, объектіні қабылдау қиындау болып бара жатса, ол дереу екіншісіне ауыса қояды. Тіпті олар заттардың жеке бөліктерін және белгілерін тізбектеп айтып та береді, бірақ онда жүйе, мән жоқ, негізгі жағдайын айыра алмайды.
Мектепке келумен байланысты бастауыш сынып оқушылары грамматиканы жүйелі түрде оқып үйренуге кіріседі, қазақ тілінің әдеби нормасымен таныса бастайды.
7

Бұл жұмыстарды ұйымдастыру барысында осы жастағы балалардың дүние таным ерекшеліктерін естен шығаруға болмайды. Мысалы, грамматикада берілетін түсініктер балалар ұғымына сай келе қоймайды. Зат, сын, қимыл т. б. с. с. сөздер олар үшін дерексіз (абстракты) болады да, ондай ұғымдарды әлсін-әлсін нақтылап түсіндіріп отыру арқылы ғана бірте-бірте меңгере бастайды. Немесе бастауыш сынып оқушыларына ұйықтау, қайғыру, ойлау сияқты сөздерді етістіктер деп түсіндіру де оңайға түспейді.
Бастауыш сынып балалары сөздердің тек нақты лексикалық мағынасын қабылдап үйреніп қалады да, грамматикалық мағынасын мүлде елемейді. Ал грамматикада сөздердің ең әуелі грамматикалық мағынасы ескеріледі.
Грамматикалық мағына грамматикалық формалар арқылы беріледі. Сөздің грамматикалық мағынасы мен грамматикалық формасы бір-бірімен тығыз байланыста, бірлікте болады. Мысалы, жақсылық, адамгершілік деген сөздер заттың сапасын, соған тән белгіні білдіреді. Грамматикалық жағынан алып талдағанда бұл сөздер дерексіз ұғымдарды білдіреді де, зат есімге жатады. Осы сияқты сөздердің өз мағынасы мен грамматикалық мағыналарының арасында кездесетін қайшылықтарды оқыту барысында жойып, бір-бірін нақтылай, саралап айқындай түсетіндей, әдіс-тәсілдер тауып қолдану қажет. Мұндай әдіс-тәсілдерді және оны қандай жағдайларда, қалайша колдану жолдарын грамматиканың методикасы белгілейді.
Мұнда грамматиканың методикасы психология ғылымының деректеріне сүйенеді.
8

Сонымен қатар бастауыш сынып оқушылары жазу барысында өздері оқып үйренген ережелерін пайдалана білмейді, олар бір орфографиялық құбылысты екіншімен шатастырады. Психологтар бұл фактілерді зерттеу арқылы анықтай отырып, балаларды ақыл-ой әрекетін үйрету қажеттігі жөнінде мәселе кетеруде. Ақыл-ой әрекеті балаларға бір құбылыстан екінші құбылысты ажырата білуге және жалпылай білуге көмектеседі. Осыған орай, қазіргі кезде методика балаларға сауатты жазуды меңгерудің анағұрлым тиімді әдіс-тәсілдері мен жолдарын зерттеуде, яғни ережені білуден сол ережеге сай, баланың бойында дағды, шеберлік жасалатындай жаттығу жүйесін белгілеуді талап етіп отыр.
Грамматиканың методикасы тіл білімі және психология ғылымдарына сүйенумен қатар, педагогика ғылымының принциптерін басшылыққа алады. Совет дидактикасының негізгі принциптері бойынша оқу материалы оқушылардың ұғымына сай болуы керек.
Грамматика мен емле сабақтары үшін іріктеліп алынатын материалдар оқушыларға тәрбие беру жағынан да маңызды, бағалы болуға тиіс. Ал сабақ жүргізу процесінде қолданылатын методикалық әдіс-тәсілдер тақырыпты оқушылар жақсы түсіну үшін жағдай жасап қана қоймайды, соған сәйкес, балалардың жан-жақты дамуына да әсер ететіндей болғаны жөн. Дағды мен шеберлік әрдайым жаттықтыру жұмыстарын талап етеді, мұғалім балалардың алдарына белгілі бір мақсат қойып, соған жету жолдарын қарастырады; күрделі жұмыстарды бөлшектей отырып, қандай да болмасын бір әрекетті орындаудың тәсілдерін көрсетеді. Балалар мұғалімнің тапсырмасын орындау барысында оның айтқан, көрсеткен тәсілдерін шеберлікпен қолдануға үйренеді, дағдылана түседі.
9
Грамматика мен жазудың методикасында қазіргі кезде мектепте сабақ беріп жүрген озат мұғалімдердің шеберлікпен қолданған әдіс-тәсілдері де ескеріледі. Мектептерде үлгермеушілікке қарсы күрес барысында көптеген мұғалімдер тиімді методикалық жүйе жасады. Бірқатар мұғалімдер қазақ тілін үйрету саласында зерттеу жұмыстарын жүргізді. Міне, сондай жұмыс нәтижелері методиканы дамытуға косқан үлес болып табылады да, грамматика мен емле методикасын жоғары сатыға көтере түседі.
2.2. Бастауыш сыныптарда оқушыларды грамматикалық талдауға үйрету

Тіл пәні мектепте оқылатын пәндер ішіндегі ең қиыны. Грамматика арқылы оқушылар тілдің құрылысын, заңдылықтарын үйренеді. Грамматиканы оқып үйренбей тұрып, сөйлеу мен жазу мәдениетін меңгеру туралы айтудың өзі қиын. Ол жөнінде бастауыш мектеп бағдарламасында былай деп дұрыс атап көрсеткен: "Грамматикалық элементтермен" танысу үстінде оқушылар тілдік фактілерді бір-бірімен салыстыруды, жинақтауды, жүйелеуді, түйінді мәселені таба білуді меңгереді. Оқушылардың грамматикалық заңдылықтарды білуге құмарлығы артып, өздігінен еңбек ету дағдылары қалыптасады.
Лингвистикалық талдау жөнінде зерттеулер, ғылыми еңбектер аз болғандықтан, мектепте оқушыларды грамматикалық талдауға үйрету әлі де дұрыс жолға қойылмағандықтан, біз курстық жұмыстың тақырыбын "Бастауыш сыныптарда оқушыларды грамматикалық талдауға үйрету" деп алдық.
Грамматикалық талдау ұғымы мен түрлері: Әр халықтың ең басты игілігі ұлттың жаны, оның тілі екендігі белгілі. Ұлттың болашағы тілінің дамуымен, оның қоғамдық қызметімен, қолдану аясының деңгейімен тығыз байланысты. Сондықтан да қазіргі таңда ұлттың ұлттығын, тұрақты қауымдастығын аңғартатын негізгі белгі - тілді сақтап қалуды оның қолдану аясын кеңейту шарасы ғана емес,
10
мемлекеттік тіл статусын алған қазақ тілінің мәртебесін көтеру, ата-бабамыздан қалған асыл мұраларды өз тілімізде оқып-үйрену, зерттеу жұмыстарын өз дәрежесіне жеткізу мәселесі көтерілуде. Алдымызда тұрған мұндай күрделі міндетті шешуде қазақ тілін оқып-үйренуді дұрыс жолға қоюдың ең негізгі сатысы болып табылатын бастауыш мектептің орны ерекше. Өйткені, бастауыш мектеп сатысына бала 6 жастан қабылданады. Бұл уақытқа дейін мектепке дей - інгі мекемелерде берілетін тіл дамыту жұмыстары мен аздаған сауат ашу дайындықтарын қоспағанда, балдырғандар, негізінен оқу мен жазуға дағдыланбай келеді.
Грамматикалық категориялардың табиғатына сай әдістер мен тәсілдемелер қолданылып отыратыны белгілі. Қазақ тілі бөлімінің әрбір тараудағы тақырыптар бір-бірімен үнемі тығыз бірлікте болады. Оны тек қана талдау, дәлелдеу жұмыстары жүйелі жүргізілгенде ғана оқушының қызығушылығын тудырып, ынтасын арттырады. Өздері күніне сан рет қолданып, айналымда жүрген сөздер мен сөз тіркестерін талдау кезінде жаңа қырынан таниды. Сондықтан әрбір оқушы ереже жаттамай, түсініп оқып, мысалдар келтіру арқылы дәлелдеп, жазбаша түрде де, ауызша түрде де талдай берулері керек. Грамматикалық талдау жалпы түрде де, белгілі бір тақырыпқа байланысты жеке де, сондай-ақ ауызша, жазбаша түрде де жүргізіледі. Ауызша талдауда балалар бұрын оқылғандарға тоқталады, сөйлемдегі грамматикалық формаларды көрсетеді, оқытушының сұрауларына жауап береді, өз бетімен мысалдар келтіреді. Ауызша талдау арқылы оқушылардың ойлауы мен сөйлеуінің жүйелілігін, сөздерді қолдана білуін, сөз байлығын байқауға мүмкіндік туады.
Жазбаша талдауда балалар жазылған мәтіннен грамматикалық форманың астын сызады немесе оларды айырып жазады, тиісті формаларын көрсетеді, сұраулар қояды, т.б. Талдаудың бұл екі түрі де пайдалы. Жазбаша талдау тақтаға, оқушының дәптеріне түседі. Жіберілген қатені, жазу емлесінен кеткен қатені, оқушы каллиграфиясын түзету үшін де жазбаша талдау пайдалы. 11
Мұғалім әр түрлі жазбаша талдау жасатып оқушыларды жан-жақты бағалауға да қол жеткізе алады. Мазмұн жағынан талдауды лингвистикалық және аралас талдау деп, көлемі жағынан талдауды толық не ішінара талдау деп бөледі.
Лингвистикалың талдау - тіл ғылымының тарауларына, бөліктеріне талдау. Оның өзі фонетикалық, морфо - логиялың, синтаксисттік, лексикалық және орфографиялық талдау болып бөлінеді. Бастауыш сыныптарда грамматикалық талдауға (фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік, орфографиялық) үйретеміз. 1-сыныптан бастап балалар грамматикалық жаттығуларды орындай отырып, талдауға үйренеді.
1-сыныптың әліппе оқулығы - көпдеңгейлік, дамыта оқытылатын, ұлттық ерекшелігі бар, дәстүрлі мектеп деңгейіне арналған төл оқулық.
Әліппе кезеңі сауат ашудың ең негізгі бөлігі болып саналады, өйткені тілдегі дыбыстар мен олардың әріптерін жеке-жеке таныту, оқуға үйрету, әріптердің баспа және жазба түрлерін салыстыра отырып меңгерту, сөздерді, жеңіл сөйлемдерді дұрыс жазуға үйрету жұмыстары осы кезеңде жүзеге асырылады, әрі бұған уақыттың да негізгі бөлігі беріледі.
Сауат ашудың негізгі объектісі - сөз. Балаларға сөздің дыбыстық құрылысы туралы түсінік беріп, әріп танытамыз, әуелі буындап, содан сөзді, тұтас сөйлемді дұрыс оқуға үйретеміз, сауатты жазу негізін қалыптастырып, балаларға сөзді айтып, оны оқып, оны жазуға баулимыз. Жазуды ауада жазып үйретіп, дыбыстық талдау жасаймыз. Буын оқумен қатар меңгеріледі. Буындап оқи отырып, буындап жазуға үйренеді. Сауат ашу кезеңінде талдау-жинақтау кең қолданылады. Талдау және жинақтау - сөз ішіндегі дыбысты танудың бірден-бір жолы. Сауат ашу тарихындағы дыбыстық талдау-жинақтау әдісін ағартушы педагог Ы.Алтынсарин орыстың ұлы педагогі К.Д.Ушинский
12

тәжірибесінен алып, өзінен кейінгі мектептерге тиімді әдіс ретінде ұсынған болатын.
Әліппе оқулығын аяқтаған әрбір бала дыбыстық талдау жасай білуі керек. Мысалы "Н" дыбысы мен әрпін таныту үшін алдымен талдау әдісін қолданамыз. Сол төмендегідей жұмыс түрлері жүргізіледі.
Ана бейнеленген суретті көрсетіп, атын атау. Мұғалімнің ана деген сөзді анық, буындай айтуы. Оқушылардың алақанын иек астына қойғызып, мұғаліммен бірге қосылып, ана сөзін айтқызу. 3-4 балаға жеке-жеке осы сөзді созып айтқызу; неше бөліктен, яғни буыннан тұратынын және әр буынды жеке атату.
Таныс емес дыбыс қай буында екенін тапқызып, сол буынды мұғалімнің, содан кейін оқушылардың созып айтуы: на.. на..
Жаңа дыбысты бөліп атау нн, нн, нн.
Артекуляциялық жаттығу жасату (тіл алдының таңдайға жабысуынан).
Неліктен дауыссыз дыбыс болып тұрғанын айтқызу. Себебі ауа мұрыннан шығады, тіл таңдайға жабысып, ауаның өтуіне кедергі жасайды, ауа ауыз қуысынан кедергіге ұшырап, өте алмайды. Н дыбысының таңбасын көрсету, қима әріптерден баспа түрін тапқызу, қалташықтарына салғызу.
Дыбыс пен әріпті анық танытып, толық меңгеру үшін тек талдау ғана емес, артынша жинақтау әдісін жүргізу керек. Жинақтау әдісі оқушы білімін онан әрі тиянақтап, есте сақтауын қамтамасыз етеді. Енді "н" дыбысы мен әрпіне байланысты жинақтау жұмысының барысына тоқталайық.

12
- Нанның суретін көрсету, атын атату. Оқушыларға алфавиттік текшеге "н" әрпін орналастыру.
- "на" буынын оқытып, нан сөзі шықты ма, жоқ па соны сұрау.
- "на" буынына тағы қандай әріп тіркеу керектігін сұрау, сол "н" әрпін текшеге салдыру, шыққан сөзді тұтас оқыту.
- Нан сөзі шығу үшін неше дыбыс аталғанын, жазғанда неше өріп көріп отырғанын сұрап, бекіту.
- Жазған сөздерін буындатып оқытып, бір буынды сөз екенін ұқтыру.
Қорытындылай келгенде, талдау-жинақтау әдісімен төмендегідей көптеген жұмыс түрлері жүргізіледі.
1. Кез келген дыбысты сөз ішінен талдау әдісімен бөліп алып, созып айту.
2. Дыбыстың артикуляциясын байқатып, дауысты не дауыссыз екенін ажыратқызу.
3. Дыбыстың тұрған орнын таныту үшін сөз басындағы не аяғындағы дыбыстарды түсіріп айтқызу, не осы әріптерді тіркеп қойғызу.
4. Жуан және жіңішке дыбыстар мен әріптерді салыстыра отырып, өтілетін дыбыс, әріп ерекшелігін таныту (ұн-үн, доп-топ, тыс-тіс, т.б.).
5. "Жоғалған буын", "Жоғалған әріп", "Менің орным қайда?", "Адасқан әріптер", т.б. ойындар ойнау арқылы білімді білікке айналдыру.
6. Дыбыстың орнын ауыстырып, жаңа сөздер жасату (бала-қала, дала, шала, кеше, кесе, шеше, апа, аға, ара, аса).

13
Сауат ашу жұмысы бірінші жарты жылдықта аяқталады. Бұл ретте баланы қысқа мерзім ішінде сауаттандыра отырып, олардың сөздік қорының мол болуы, тез арада көп сөз оқу, жазу мүмкіндігіне ие болуы көзделіп, буындап біртіндеп тұтас оқу әдісі басшылыққа алынады.
Жаңа дыбыстармен таныстырғанда өтілген дыбыстарды пысықтау әрі оларды жаңа дыбыспен байланыстыру үшін сөздер жүйесі белгілі бір алгоритм бойынша түзілуі керек. Мүның ішінде ұлтымыздың тарихын, мәдениетін, өнерін, т.б сипаттайтын шұрайлы сөздерді жаңғыртып, олардың мағынасын балаға саналы түрде ұғындыру үшін сөздік жұмысын жүргізіп отыру қажет.
Бірінші сыныптың екінші жарты жылдығында тіл және оқу материалды кешенді-интегративті оқытылады. Бастауыш сыныптағы сауат ашу үрдісінен кейін оқытылатын қазақ тілі бағдарламасы мынадай бөлімдерден тұрады."Тіл және сөйлеу","Дыбыс және әріп".
"Сөйлем", "Сөз", "Сөз таптары" Балалар ана тілі дыбыстарының ерекшелігін мектепке дейін-ақ сөйлеу практикасы арқылы едәуір меңгерген болады. Бірақ олар жеке сөзді, әрбір дыбысты саналы түрде ажыратуды білмейді. Әліппені өту кезінде сөзді, буынды талдау жолымен дыбыстарды ажыратып үйренеді. Сонда да тіл дыбыстарының бір-бірінен өзгешілік белгілерін толық тани қоймайды. Сондықтан қазақ тілі сабағында оқушылардың айтылған дыбыстарды дұрыс тыңдай білуіне, сондай-ақ жеке дыбыстар мен дыбыстар тізбегін дұрыс айта білуіне ерекше мән беріледі. Ал мұны білудің сауат ашу үшін де, грамматика мен емлені жетік меңгеру үшін де, сөйлеу, жазу, тіл дамыту үшін де маңызы зор.
" Дыбыс және әріп". Бұл туралы алғашқы түсінік сауат ашу кезінде-ақ беріледі. Дыбыстардың фонемалық қасиетіне ерекше назар аударылады.
14

Оқушылар әр дыбысты дұрыс таңбалай, дыбыстай білуге дағдыланады.
Дауысты, дауыссыз дыбыс, дауыстылардың жуан, жіңішке болып келетіні, дауыссыз дыбыс түрлері, олардың емлесі, туралы түсінік алады. Буын, тасымал жайында білім алады.
Әрбір халықтың дыбыстық жүйесін, тіл дыбыстарының жасалу ерекшеліктерін, өзгешелігін, оқылу, жазылуын зерттейтін бөлімі - фонетика деп аталады. Қазақ тілінің фонетикасын практикалық жолмен оқыту 1-сыныптан басталады.
Сондықтан, біздер, болашақ мұғалімдер алғашқы "а" дыбысын үйреткен күннен бастап, әр дыбыс қалай аталады, қалай аталады дегенді практикалық жолмен дұрыс түсіндіріп, үнемі қадағалап отырар болсақ, сынып жоғарылаған кезде де оны оқушылар ұмытпайды. Әліппедегі "а" дыбысын алғаш таныстырғанында:
1. а-а-а...созылып айтылады;
2. а-а-а...ауыз қуысы кең ашылады;
3. а-а-а...ашық, анық естіледі;
4. а-а-а...жуан естіледі;
5. а-а-а...а-ны айтқанда тілдің ұшы сәл кейін жиырылады. Сол себепті "а" дауысты дыбыс дейміз. Яғни, барлығын дыбыс артикуляциясымен көрсетіп, бірнеше балаға қайталатып, хормен жаттықтырып, әр түрлі жұмыс түрін ұйымдастырады. Көрнекілігімен, мысалмен, техникалық құралдармен жұмыс жүргізе білсе, ойнатып отырып ойландырса, балалар тіл дыбыстарының оқылу, жазылу, айтылуын, жасалуын ұмытпайды.
Балалар біздің күн сайын сөйлеп жүрген сөздеріміз тек қана осы 37 дыбыстың сан рет қайталанып келіп, сөз жасап жатқанын сол бастауыштан білуі керек. 15
Оқушы ұғымына жүйелі түрде қалыптасатын жұмыс түрлері ешқашан ұмытылмай, біліміне білім қосып, қызықтыра түседі.
Алфавитті өткен кезде оны есте қалдыру үшін мынадай жұмыс түрлері жүргізіледі:
■ Алфавитті жатқа жазу. Тақтаға екі оқушыны қатар шығарып, біріне "А"-дан "М"-ға дейін, екіншісінен "М'-дан "Я"-ға дейін ретімен жазғызу:
■ Ауызша алфавитті ретімен айтқызу:
■ "Орныңды тап" ойыны арқылы оқушыларды алфавиттік қатарға қосу . ■ Кітапханашымен әңгіме (алфавитті реттіліктің пайдасы туралы).
■ Жан-жануарлар дүниесіне, географиялық атауларға, өсімдіктер дүниесіне арналған алфавиттік карталар жасату.
Осылайша әрбір дыбыс пен әріптерге байланысты жүргізілетін талдаулар оқушылардың ойлауы мен сөйлеуін бірдей дамытады.
Оқушылар дауысты, дауыссыз дыбыстардың қалай жасалып, қалай айтылатынын түсініп меңгерсе, келесі тақырыптарды түсінуіне оңай жол ашылады. Мұғалім әрбір дыбысты артикуляциясымен өзі жасап, айтып, дәлелдеп тұрса, дыбысты жеке де, сөз ішінде де талдау дәрежесіне көтере алса, жаттығуларды түрлендіріп жүргізе алса ғана жұмыс жемісті болады.
Тілдегі дыбыстардың құрамын, жасалу, жүйеленуін игергеннен кейін дауысты дыбыстардың буын құрайтыны жалғасады. Сөзді буынға дұрыс бөлу жазуда да, оқуда да, салауаттылыққа үйретеді. Сөзді буындап үйрену арқылы жазып келе жатқанда сөз жолға сыймай қалғанда дұрыс тасымалдауға болады. Сөйлемдегі сөздерді түгел буындап, талдағанда сызықша арқылы бөлі - неді.
16
Дауысты дыбысты созып оқыса, буынмен екінші буын араласып, оқуда, жазуда, тасымалдауда қате кетеді. Мысалы: Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін, деген сөйлемді алсақ: Мен - бір буынды сөз, тасымалданбайды. Жаз-баймын, жазбай-мын, жаз-бай-мын - үш буынды сөз, екі жолмен тасымалданады;
Ө-леңді, өлең-ді - үш буынды болғанмен, бір жолмен ғана тасымалданады;
Ер-мек - екі буынды болғанмен, тасымалдауға келмейді, себебі у жалаң.
Жалпы фонетикалық талдауға дыбыстық, буын құрамына талдау, буын түрлеріне, дыбыс үндестігі мен буын үндестігіне қарай және екпін қойып талдау кіреді. Фонетикалық талдауда балалар дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажыратады, жазылған сөздердегі дауысты, дауыссыз дыбыс әріптерінің астын сызып қояды, сөздің ауызша және жазбаша буын жігін, дыбыс құрамын айтады. Сөздердегі дыбыстарды мүлтіксіз айыра білу арқылы әріп қалдырмай жазуға төселеді. Фонетикалық тақырыптарды толық игергенде толық талдау жасатып, оқушы білімін бекітуге болады. Толық талдауға білімділік, тәрбие мәні бар тұтас сөйлемдер алынып талданады. Толық талдау дегеніміз - сол тақырыптан алған білімді жинақтау, жүйелеп дәлелдеу. Оқушы толық талдауды жүргізгенде әуелі тұтас сөйлемді буындап оқып, буындап жазады. Тасымалдау үлгісін көрсетеді, асты сызылған бір сөзге толық дыбыс құрамына талдау жасайды, дыбыс үндестігі мен буын үндестігіне бағынып бағынбай тұрған сөздерді дәлелдейді, екпін түсіреді. Оқушы берілген сөзге дыбыстық талдау үшін берілген сөзді жазады, сөзде қанша буын барын анықтайды, сөзге неше дауысты, неше дауыссыз дыбыс барын жазады, дыбыстарды түрлеріне қарай ажыратады. Үлгісі: "жеміс" сөзі. Же-міс 2 буын, 5 әріп, 2 дауысты, 2 дауыссыз бар, ж-дауыссыз, үяң; е-дауысты, жіңішке; м-дауыссыз, үнді; і-дауысты, жіңішке; с-дауыссыз, қатаң.
17
Негізінен, оқушыларға толық талдау жасату үшін екі-үш сөзден тұратын фонетикалық талдау жасатып, жи - нап алады. Мұғалім сол арқылы кіммен әлі де көбірек жұмыс істеу керектігін анықтап біледі.
Фонетикамен тығыз байланыста жүргізілетін келесі талдау түрі - морфологиялық талдау. Морфология - (грек тілінен аударғанда түр, ұғым, ілім) жеке сөздерге қатысты грамматикалық мағыналарды тексеретін ғылым. Сөздің формасы, мағынасы, қызметі сөйлемде айқын ашылатындықтан, морфология сөздің морфологиялық құралын, түрлерін, жасалу тәсілдерін, лексика-грамматикалық сипаттарын айқындау деп есептейді. Морфологияның анықтауынша, қазақ тіліндегі сөздер морфологиялық құрамы жағынан түбірден, қосымшадан тұрады. Түбір сөздің түпкі мағынасын білдіреді, жалғанатын әр қосымша түбірге өзіне тән мағына үстейді. Сөзде түбір ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Грамматиканы оқытудың ғылыми негіздері
Бастауыш сыныптарда грамматиканы оқыту әдістемесі
“Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту теориясы мен технологиясы” пәнінен дәрістер
Грамматиканы тілдің басқа салаларымен байланыстыра оқыту
БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА АНА ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту теориясы мен технологиясы
Әдебиеттік оқытудың тәрбиелік, дамытушылық мақсаты мен міндеттері
Грамматикалық анықтамалардан кейін қолданылатын жаттығулар
Cауат ашу әдістемесі пәнінен дәрістер
Грамматика мен жазу методикасының ғылыми негіздері
Пәндер