Сөзжасамның қазақ тіл білімінде зерттелуі
М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Сөзжасамдық тұлға және оның бірліктерінің қолданылуы
Орындаған: Әбдімомын Аяулым
Тобы: КЯ 183
Қабылдаған: Ахаева Марал
2020жыл
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1 СӨЗЖАСАМНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.1 Қазақ тіл білімінде зерттелуі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
2 СӨЗЖАСАМДЫҚ ТҰЛҒАНЫҢ ӨЗІНДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
ЖӘНЕ ОНЫҢ БІРЛІКТЕРІНІҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ ... ... ... ... ... ... ...11
2.1 Сөзжасамдық тұлға және оның ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... 11
2.2 Сөзжасамдық тұлғаның семантикасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... 23
КІРІСПЕ
Сөзжасамдық тұлға дегеніміз сөзжасамдық ұядағы себепші негіз бен соған негізделіп жасалатын туынды сөздің жұбы. Сөзжасамдық жұпты кейбір ғалымдар сөзжасам жүйесінің негізгі бірлігі ретінде қарастырады, сөзжасамдық ұяның, сатының, тізбектің бірлігі ретінде қарастырады.
Бірқатар ғалымдар, атап айтсақ, А.И.Моисеев, Л.К.Жаналина, т.б. өздерінің еңбектерінде сөзжасам жүйесінің негізгі бірлігі ретінде сөзжасамдық жұпты көрсетеді.
А.И.Моисеев ғылыми еңбектерінде основная единица словообразования происходит в пределах словообразовательных пар; почти все ... явления словообразования можно обнаружить в этих пределах: производное слово, производящее слово, средство и способ словообразования, словообразовательное значение; а словообразовательные гнезда и типы сводимы к словообразовательной паре, т.е. могут быть равны ей ... словообразовательные в миниатюре - деген ой тұжырым жасайды.
Ал, ғалым Л.К.Жаналина өзінің ғылыми еңбектерінде сөзжасамдық жұпты сөзжасамның негізгі бірлігі деп танып, оған мынадай сипаттама береді: Словообразовательной парой называется объединение мотивированного слова на основе отношения формально-семантической выводимости, т.е. словообразовательной ммотивации, с мотивирующим. Именно словообразова-тельная пара является основной единицей словообразовательной системы, так как она отвечает всем требованиям языковой единицы. Сомнение сожет вызвать ее элементарность.
Осы мәндес тұжырымды З.Бейсембайқызының Қазақ тілін модуль негізінде оқыту деген еңбегінен кездестіруге болады. Онда: Негізгі сөзжасамдық құбылыстардың бәрі осы сөзжасамдық қосақтан тарайды. Сондықтан, сөзжасамдық қосақты шағын сөзжасам деп те атайды. Осыған орай, сөзжасамдық талдаудың да негізгі единицасы - сөзжасамдық қосақ болып табылады - делінген.
А.Салқынбай Қазақ тілінің сөзжасамы атты еңбегінде сөзжасамдық жұпқа мынадай анықтама береді: Сөзжасамдық жұп - сөзжасамдық ұяның ең кіші бірлігі. Сөзжасамдық жұпта екі ғана мүше қатысады. Себепші негіз бен соған негізделіп жасалатын туынды сөздің жұбы. Сөзжасамдық жұпты құраушы тұлғалар өзара ұғымдық, тұлғалық және мағыналық байланыста болады.
Б.Есімсейітов Қазақ тіліндегі сөзжасамдық тізбектердің құрылысын синхронды тұрғыдан сипатау деген еңбегінде сөзжасамдық жұпты: Сөзжасамдық тізбектегі синтагматикалық қатынас негізінде сөзжасамдық жұп жасалады. Сөзжасамдық жұп - негіз сөз бен одан жасалған туынды сөзден тұратын екі құрамды сөзжасамдық құбылыс - деп түсіндіреді. Яғни ғалымның еңбегінде сөзжасамдық жұп сөзжасамдық тізбектің құрылымдық бірлігі ретінде қарастырылады.
Сөзжасамдық жұп өз алдына жеке зерттеу нысаны ретінде қаралмаған, десек те кейбір еңбектерде сөзжасамдық жұпқа анықтамалар беріліп, сипаттама жасалған. Бұл ретте Н.О.Оралбаеваның, А.Салқынбайдың, Б.Есімсейітовтың, З.Бейсембайқызының еңбектері мен мақалаларын көрсетуге болады. Сөзжасамдық жұп негізінен сөзжасамдық ұя, сөзжасамдық тарам, сөзжасамдық тізбек мәселелеріне арналған еңбектерінде сөз болады. Бұл еңбектерде сөзжасамдық жұп сөзжасамдық ұя, тарам, тізбектердің қарапайым бірлігі ретінде қарастырылады.
Сөзжасам - лингвистика ғылымында жеке сала ретінде кеш дамып, жетіліп келе жатқан сала. Қазақ тіл білімінде ол жеке сала ретінде соңғы 80, 90- жылдардан бері қарай зерттеле бастады. Сондықтан сөзжасам жүйесінің зерттелмеген теориялық мәселелері де баршылық. Солардың бірі сөзжасамдық жұп. Айтып өткендей, сөзжасам жүйесінде сөзжасамдық жұпты жеке қарастырған еңбектер жоқтың қасы. Ал А.С.Тихонов: Пока не будет создана типология всех единиц словообразования, вряд ли возможно дать полное описание словообразовательной системы языка - дейді. Ғалымның бұл тұжырымынан сөзжасамдық бірліктер толық қарастырылмайынша, сөзжасамдық жүйенің, ұяның өзіндік ерекшеліктерін толық сипаттау мүмкін еместігін аңғарамыз.
1 СӨЗЖАСАМНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ
0.1 Сөзжасамның қазақ тіл білімінде зерттелуі
Қазақ тілі білімінде сөзжасам мәселесінің зерттелуі тарихына келер болсақ, қазақ тілі ғылымының корифейлері саналатын А.Байтұрсынов пен Қ.Жұбановтан бастап, тіл білімімен айналысқан ғалымдардың бәрі дерлік әр түрлі дәрежеде сөзжасамның теориялық және практикалық мәселелері жөнінде сөз қозғаған. Сөзжасамның негізгі мәселелері - туынды сөз туралы түсінік, оның жасалу жолдары мен тәсілдері, қос сөз, біріккен сөз туралы алғашқы мәліметтер А.Байтұрсыновтың 1914 жылы жарық көрген Тіл - құрал атты еңбегінде баяндалады. Сөзжасамдық негізгі терминдер де осы еңбекте жасалады. Қ.Жұбановтың 1936 жылы жарыққа шыққан Қазақ тілінің грамматикасы зерттеуінің бірінші бөлімінде сөздің жалпы құрылысы сөз болады, ал Заметки о вспомогательных и сложных глаголах, Шылаулар, қос сөздер, біріккен сөздер атты мақалаларында сөзжасам тәсілдеріне арнайы талдау жасайды. Н.Т.Сауранбаев, С.Аманжолов , М.Балақаев сияқты ғалымдар сөзжасам туралы болмаса да, сөз тудыруға қатысты мақалалар жазды.
Сөзжасамды негізгі зерттеу обьектісі етіп, жеке сала ретінде қарастыра бастау, біздіңше Ә.Төлеухановтың Словообразовательные аффиксы имен в современном казахском языке атты кандидаттық диссертациясынан басталады. Мұнда алғаш рет есімдердің сөзжасамдық аффикстері жеке зерттеледі. Сондай-ақ, автордың Қазақ тіліндегі зат есім мен сын есім тудыратын жұрнақтар, Қазақ тіліндегі сын есім мен сан есім категориясы, Проблемы синтетического словообразования имен существительных и прилагательных в казахском языке деген еңбектері түркологияда қалыптасқан дәстүрлі принцип негізінде, сол қалыпқа түсіріліп жазылған. Олардың маңызы зат есім, сын есім, сан есімдерге тән сөз тудырушы тұлғаларды сұрыптап, саралап беруінде.
А.Хасенова (Қалыбаева) Қазақ тіліндегі туынды етістіктер атты еңбегінде туынды етістік жасайтын аффикстердің мағыналық топтары мен түрлеріне жекелей тоқталып, теориялық құнды байламдар жасайды. Б.Қайымова Етістік түбірден есім тудыратын аффикстер атты еңбегінде қазіргі қазақ тіліндегі ең өнімді тәсіл болып саналатын синтетикалық тәсілдің есім тудыратын тұлғаларын саралайды. Ә.Керімов Словообразовательные аффиксы в языке памятников тюркоязычной литературы XIV в. деген еңбегінде XIV ғасыр ескерткіштер тіліндегі сөзжасамдық аффикстерді зерттеген. А.Ысқақов Қазіргі қазақ тілі. Морфология деген еңбегінде морфологиялық аспектіден сөзжасамдық мәселелер жүйелі зерттелген. Сөз тудырудың тілдің өзімен бірге жасап келе жатқан көне құбылыс екенін көрсетіп берген еңбек - А.Есенқұловтың Көне түркі жазба ескерткіштеріндегі қосымшалар атты зерттеуі. Еңбекте Орхон, Енисей жазба ескерткіштеріндегі қосымшалардың тұлғалық және мағыналық ерекшеліктері мен қалыптасу, даму жолдары пайымдалған. Ә.Ибатовтың Сөздің морфологиялық құрылымы зерттеуінде XVI ғасырдағы Алтын Орда мен Египетте жазылған ескерткіштер тіліндегі түбір сөздер мен туынды сөздердің сипаты, сөз тудырушы аффикстердің құрылымдық жүйесі айқындалады. Автор Қазақ тіліндегі туынды сөздер сөздігін (1988) шығарды. Бұл еңбектің сөзжасамның зерттелуіндегі рөлі айтулы. Ғ.Айдаров Язык орхонских памятников древнетюркской писменности VIII века деген еңбегінде жазба ескерткіштер тіліндегі сөзжасам тәсілдерінің түрлері мен жасалу жолдарын, даму тарихын нақтылы тілдік деректермен көрсетеді.
Қазақ тіліндегі сөзжасамдық мәселелер негізінен морфологияның құрамында қарастырылғандықтан, сөзжасамның теориялық мәселелері: тәсілдері мен қалыбы, типі, мағыналық қырлары туралы сөз қозғалмауы заңды еді. Түркологияда, оның ішінде қазақ тілі білімінде сөзжасамдық мәселелерді зерттеу - суффикстік тәсілді тексеру мен сөз жасушы суффикстерді түгелдеумен шектелді.
Сөзжасам - лингвистика ғылымында жеке сала ретінде кеш дамып, жетіліп келе жатқан сала. Қазақ тіл білімінде ол жеке сала ретінде соңғы 80, 90- жылдардан бері қарай зерттеле бастады. Бұрын жеке сала ретінде мән беріле қоймаған сөзжасам мәселесі грамматиканың морфология саласында, кейбір мәселелері лексикология саласында қарастырылып келгенін атап өттік. Бұдан сөзжасам жүйесінің теориялық мәселелерінің назардан тыс қалып келгендігі анық. Бұл жөнінде, яғни сөзжасам жеке сала ретінде танылмай, жеке сөз таптарының құрамында қаралып жүргенде, барлық назар сөз таптарының жасалуының төңірегінде болып, бұл сөзжасамның жеке проблемаларының зерттеліп, жалпы теориялық проблемаларының артта қалуына әкелгені жөнінде профессор Н.Оралбаева сөз қозғаған.
Қазіргі таңда сөзжасам - тіл білімінің жеке бір саласы. Сөзжасамның дербес сала ретінде танылып, теориялық дәлелдеулері белгілі бір деңгейге көтерілуі 1989-жылғы Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі - атты монографияға байланысты. Аталған монографияда ғалымдар сөзжасамды қазақ тіл білімінің жеке, дербес саласына жатқызып, сөзжасамның негізгі обьектісіне сөз жасаушы тәсілдерді, сөз жасаушы тілдік нұсқаларды, сөзжасамдық типтер мен тізбектер, сөздің жасалу үлгілерін, туынды сөздер мен олардың түрлерін, сөзжасамдық заңдылықтар мен сөзжасамның сөз таптарына қатысын жатқыза отырып, сөзжасам тілдегі сөзжасау процесімен байланысты барлық құбылыстар мен заңдылықтарды зерттейтінін көрсетті. Осы мәселелер төңірегінде алғаш мағлұматтар беріліп, тұжырымдар жасалды. Сонымен қатар, сөзжасамның жеке сала ретінде қалыптасуына ғалымдардың кейінгі екі он жылдықта жазылған еңбектерінің де қосқан үлесі көп. Олардың қатарына: Н.Оралбаеваның Қазіргі қазақ тіліндегі сан есімнің жүйесі А., 1988-ж., С.Исаевтың Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты А., 1998-ж. атты еңбектері мен Л.Жаналинаның Сопоставительное словообразование русского и казахского языка А., 1998-ж., З.Бейсембаеваның Сөзжасамды оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері А., 1998-ж. монографияларын жатқызуға болады. Н.Оралбаева Қазіргі қазақ тіліндегі сан есімнің сөзжасам жүйесі атты еңбегінде сөзжасам жүйесінен жалпы мәлімет бере отырып, сан есімнің сөзжасам жүйесін жан-жақты қарастырады. Сан есім сөзжасамның негізгі жасалу тәсілдері көрсетіліп, олардың сөзжасам жүйесінен алатын орны сипатталады.
Кейінгі кезде сөзжасам мәселелері жөнінде өзіндік көзқарасын түйіндеген бірқатар зерттеу жұмыстары қорғалды. Сөзжасамның жеке сала ретінде танылып, оның өзіндік ерекшеліктерін айқындауда бұл зерттеу жұмыстарының орны ерекше. Бұл ретте А.Салқынбайдың, Б.Қасымованың, Г.Жексембаеваның, Г.Шаһарманның, Ж.Отарбекованың, З.Умирзақованың зерттеу жұмыстарын атауға болады. А.Салқынбайдың Тарихи сөзжасам атты докторлық диссертациясында сөзжасам семантикалық аспект тұрғысынан қарастырылған. Ғалым сөзжасам жүйесінің түркологияда, соның ішінде қазақ тіл біліміндегі зерттелуіне тоқтала отырып, сөзжасам жүйесімен байланысты бірнеше мәселелерді қарастырады. Б.Қасымның Күрделі зат атауларының мағыналық құрылымы және сөзжасамдық үлгілері атты еңбегінде күрделі зат атауларының даму жолдары, қалыптасуында сапалық өзгеріске ұшырауын саралау тіл біліміндегі уәждеме, аталым теориясы тұрғысынан зерттеледі. Күрделі зат атауларының сөзжасам үрдісіндегі семантикалық аспектісі қарастырылады.
Г.Е.Жексембаеваның Қазақ тіліндегі кірме сөздердің сөзжасам қызметі атты кандидаттық диссертациясында қазіргі қазақ тіліндегі кірме сөздердің сөзжасам қызметі, тілде орнығуы, сөз тудыру ерекшеліктері қарастырылады. Маңғол, араб, парсы, орыс тілдерінің қазақ тіліндегі сөзжасамдық сипаты айқындалып, аталған тілдердің қазақ тілінің дамуына тигізген әсері сөз болады.
Г.Шаһарманның кандидаттық диссертациясында сан есім негізінде жасалған туынды сөздердің құрамы, өзіндік ерекшеліктері, жасалу жолдары жан-жақты қарастырылған. Диссертацияда сан есім сөздердің мағыналарына туынды мағыналардың қосылуы сөзжасамның мағыналық (лексика-семантикалық), синтетикалық (морфологиялық), аналитикалық (синтаксистік) тәсілдері арқылы жүзеге асатындығы туралы айтылады. Ал, Ж.Отарбекованың зерттеу жұмысының негізіне ортағасырлық (1602) түркі жазба мәдениетінің тамаша үлгісі Қадырғали Қосымұлы Жалайырдың Жами ат-тарауих атты шежіресі алынған. Зерттеуші өз еңбегінде ескерткіш тіліндегі сөзжасамды қазіргі қазақ тіліндегі сөзжасам процесімен салыстыра қараған. Шежіредегі сөздердің жасалу табиғатын, даму сипатын сөзжасам жүйесін зерттеуге арқау еткен. Аталған еңбектерде сөзжасамның теориялық мәселелері қарастырылған болса, енді бір ғалымдар өз еңбектерін әр кезеңдегі ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып келе жатқан асыл қазына, төл туынды сөздерді жинақтап, басын біріктіріп, жүйеге келтіріп, сөздік ретінде ұсынған. Қандай да бір сөздік белгілі бір мақсат үшін, қоғамдық сұраныс пен қажеттілікті атқару үшін жасалатындығы белгілі. Олай болса, мына ғалымдарды атап айтсақ, А.Ибатовтың Қазақ тіліндегі туынды сөздер сөздігі А., 1988, Р.Сыздықованың Қазақ лексикасындағы жаңа қолданыстар А., 1990, А.Алдашева, Ш.Сарыбаев, Н.Уәлиевтің Жаңа атаулар А., 1992, О.Тоққожаеваның Қазақ тіліндегі сөзжасамдық ұялар сөздігі А., 1996, Б.Қ,Қасымның Күрделі зат есімдер сөздігі А., 1999 сияқты еңбектердің сөзжасамдық ұя жасауда пайдасы мол.
А.Ибатовтың сөздігі қазақ тіліндегі туынды сөздердің жүйелі жиынтығын, сөздердің сөз тудыру мүмкіншілігін көрсетудегі арнайы жасалған еңбек болып табылады. Сөздікте 14 мыңға жуық сөз қамтылған. Автор туынды сөздердің қалай жасалғанын анықтауда туынды сөздерді түбірден қосымшаға қарай және керісінше қосымшадан түбір тұлғаға қарай қуалай отырып талдау жасау амалын қолданған. Р.Сыздықованың 1985-жылы жарық көрген сөздігі толықтырылып, 1990-жылы баспадан қайта шықты. Алғашқы сөздікте 1973-1983 - жылдар арасындағы жаңа қолданыстар қамтылса, екінші басылымда 1984-1988-жылдар аралығында пайда болған жаңа қолданыстар енгізілген. А.Алдашева, Ш.Сарыбаев, Н.Уәлиевтердің сөздігіне сөзжасам тәсілдері арқылы жасалған жаңа сөздер, жаңа мағынада қолданылған бұрынғы сөздер, қазіргі қоғам өмірі тудырған жаңа құбылыс, зат, іс-әрекет, т.б. атаулары болып келетін, мағынасын ашып беруді қажет ететін тіркестер енген. Ал, О.Тоққожаеваның сөздігі қазақ тіліндегі түбірлес сөздерді ұяларға топтастыру негізінде жасалған алғашқы еңбек. Бұнда бір буынды есім негізден тараған 511 ұяға кіретін 9 мың 980 туынды сөз қамтылған. Б.Қ.Қасымның Күрделі зат есімдер сөздігі тіліміздегі сөзжасамның аналитикалық амал-тәсілдері арқылы жасалған зат есімдерді қамтыған.
Әр жылдары жарияланып, қазақ тілі сөзжасамының қалыптасуына өз үлестерін қосқан Н.Оралбаева, Е.Жанпейісов пен С.Нұрханов, Ә.Ағманова, Е.Ағманов, Қ.Есенов, Ж.Отарбекова, А.Салқынбай, Қ.Құрманәлиев, Н.Қоқышева, т.б. ғалымдардың ғылыми мақалаларын да айта кеткен орынды. Аталған авторлардың ғылыми мақалаларында негізінен сөзжасам жүйесінің жеке сала ретінде қалыптасуы, сөзжасамның тілдегі басқа салалармен, әсіресе, морфология, лексикологиямен байланысы, айырмашылығы, сөзжасамдық ұя, тізбек, тарам, жұп, т.б. сөзжасамның құрылым бірліктерін зерттеу, олардың зерттелу тарихына шолу жасау мәселелері қарастырылған.
Сонымен, сөзжасам тілдің дамуымен бірге дами отырып, талай даму сатыларынан өтіп, әбден толығып, күрделеніп, қазіргі өте жүйелі дәрежеге жеткен. Осындай ұзақ даму жолы бар сала ғалымдардың еңбектерінде түрліше қарастырылып, зерттеліп келгендігі белгілі. Сөзжасам жүйесін ұялар арқылы сипаттаудың алғашқы тәжірибесін А.Н.Тихонов еңбектерінен көреміз. А.Н.Тихонов сөзжасамдық ұяларға қатысты жарық көрген еңбектерінде сөздерді ұялау теориясымен байланысты бірнеше мәселелерді талқылай отырып, сөзжасам жүйесін сөзжасамдық ұялардың жиынтығы ретінде қарастырады.
Тілдің сөзжасамдық жүйесін сөзжасамдық ұялар тұрғысынан зерттеуде өз теориялық үлесін Е.Л.Гинзбург, П.А.Соболева, Е.А.Земская, И.С.Улуханов, В.Н.Немченко, Л.К.Жаналина және т.б. ғалымдардың ғылыми еңбектері қосты. Е.Л.Гинзбург, П.А.Соболевалар өз еңбектерінде сөздерді ұяларға топтау мәселелері, сөзжасамның құрылымдық бірліктерінің иерархиясы, олардың сөзжасам жүйесіндегі орнын, сөзжасамдық ұялардың мағыналық құрылысын қарастырса, Е.А.Земская сөзжасамдық ұяны синхронды және диахронды аспектілер тұрғысынан қарастыра отырып, синхронды сөзжасам жүйесінің құрамды (комплексный) бірліктерін зерттейді. Ал, профессор Л.К.Жаналина сөзжасамдағы синхрония және диахрония ұғымдарына қатысты мәселелерді, сондай-ақ, мотивация, сөзжасамдық қатынастар, семантиканың негізгі бірлігі - сөзжасамдық мағына, т.б. көптеген күрделі мәселелерді зерттейді. Ғалымдардың сөзжасамдық ұя мәселесіне арналған әр жылғы құнды еңбектерінің негізінде ғалым А.Н.Тихонов 1985-жылы орыс тілінің сөзжасамдық сөздігін шығарды. Бұл сөзжасамдық ұя жайлы жазылған ең алғашқы әрі көлемді сөздік. Сөздікте сөзжасамдық ұяның ең маңызды мәселелері қарастырылып, 126690-нан астам туынды сөздер жүйелі түрде сөзжасамдық ұяларға біріктірілген.
Қазіргі қазақ тіл білімінде сөзжасамдық ұяға алғаш ғылыми анықтама Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі атты монографиялық еңбекте: Сөзжасамдық ұя деп бір негізгі түбірден тараған туынды түбірлердің жиынтығы аталады берілген. Сонымен, сөзжасамдық ұя қарапайым құрылымдық бірліктері күрделі бірліктер құрамына кіретін жүйелі иерархиялы бірліктердің жиынтығын құрайды. Яғни, сөзжасамдық жұп сөзжасамдық тізбек, тарам құрамына кірсе, кейінгі екі бірлік сөзжасамдық тізбек пен сөзжасамдық тарам бірі синтагматикалық тұрғыдан, бірі парадигматикалық тұрғыдан өзара байланысқан түрде сөзжасамдық ұя құрамына енеді. Олай болса, сөзжасам жүйесін сөзжасамдық ұяларды зерттеу арқылы сипаттау, сөзжасамдық ұяның құрылымдық бірліктерін жан-жақты қарастыруды қажет етеді. Бұл жөнінде А.С.Тихонов: Пока не будет создана типология всех единиц словообразования, вряд ли возможно дать полное описание словообразовательной системы языка - дейді. Ғалымның бұл тұжырымынан сөзжасамдық бірліктер толық қарастырылмайынша, сөзжасамдық жүйенің, ұяның өзіндік ерекшеліктерін толық сипаттау мүмкін еместігін аңғарамыз.
Кейінгі кезгі қазақ тіл білімінде сөзжасамдық жұп (кейбір еңбектерде қосақ), сөзжасамдық тарам, сөзжасамдық тізбек сөзжасамдық ұяның құрылымдық бірліктері деп танылып, жоғарыда аталған монографиялар мен ғылыми мақалаларда азды-көпті мәліметтер беріліп жүр. Ғалым Е.Жанпейісов пен С.Нұрханов Қазақ тіліндегі сөзжасам мәселелері атты мақалаларында Қазір зат есім жасайтын жұрнақтарды мынадай негізгі ұғымдармен байланыстыра зерттеу қажеттігі туып отыр. Ол ұғымдар, атап айтсақ мыналар: сөзжасамдық тип словообразовательный тип), сөзжасамдық мағына (словообразовательное значение), сөзжасамдық тұлғалық (словообразователь-ный формант), сөзжасамдық ұя (словообразовательное гнездо), сөзжасамдық қосақ (словообразовательная пара), сөзжасамдық қатынас (словообразовательное отношение), т.б. - дейді .
Сөзжасамдық жұп өз алдына жеке зерттеу нысаны ретінде қаралмаған, десек те кейбір еңбектерде сөзжасамдық жұпқа анықтамалар беріліп, сипаттама жасалған. Бұл ретте Н.О.Оралбаеваның, А.Салқынбайдың, Б.Есімсейітовтың, З.Бейсембайқызының еңбектері мен мақалаларын көрсетуге болады.
Сөзжасамдық жұп негізінен сөзжасамдық ұя, сөзжасамдық тарам, сөзжасамдық тізбек мәселелеріне арналған еңбектерінде сөз болады. Бұл еңбектерде сөзжасамдық жұп сөзжасамдық ұя, тарам, тізбектердің қарапайым бірлігі ретінде қарастырылады. Сөзжасамдық жұпты сөзжасамдық тізбектің құрылымдық бөлшектері ретінде қарастырған ғалымдар ретінде С.А.Тихонов, К.Я.Хурамшина, А.С.Какаев, М.Ю.Зуева, Р.А.Қыдырбаева, Б.Есімсейітовті тануға болады. А.И.Моисеев, Л.К.Жаналина, т.б. өздерінің еңбектерінде сөзжасам жүйесінің негізгі бірлігі ретінде сөзжасамдық жұпты көрсетеді. Сөзжасамдық жұп туралы бірер сөз қозғаған И.С.Улухонов, Е.С.Кубрякова, О.П.Ермакова, П.А.Соболева, Н.Д.Голев, М.М.Гинатулин, Е.А.Земская және т.б. көптеген ғалымдарды атауға болады.

ЖӘНЕ ОНЫҢ БІРЛІКТЕРІНІҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ
2.1 Сөзжасамдық тұлға және оның ерекшеліктері
Сөзжасамдық тұлға арнайы зерттеу нысаны болмағанмен, ол туралы ғалымдар анықтама, сипаттама бергені туралы белгілі. Осы анықтамалар мен сипаттамаларға назар аударсақ.

Ал, ғалым Л.К.Жаналина өзінің ғылыми еңбектерінде сөзжасамдық жұпты сөзжасамның негізгі бірлігі деп танып, оған мынадай сипаттама береді: Словообразовательной парой называется объединение мотивированного слова на основе отношения формально-семантической выводимости, т.е. словообразовательной ммотивации, с мотивирующим. Именно словообразовательная пара является основной единицей словообразовательной системы, так как она отвечает всем требованиям языковой единицы. Сомнение сожет вызвать ее элементарность.

Б.Есімсейітов Қазақ тіліндегі сөзжасамдық тізбектердің құрылысын синхронды тұрғыдан сипатау деген еңбегінде сөзжасамдық жұпты: Сөзжасамдық тізбектегі синтагматикалық қатынас негізінде сөзжасамдық жұп жасалады. Сөзжасамдық жұп - негіз сөз бен одан жасалған туынды сөзден тұратын екі құрамды сөзжасамдық құбылыс - деп түсіндіреді 5,32. Яғни ғалымның еңбегінде сөзжасамдық жұп сөзжасамдық тізбектің құрылымдық бірлігі ретінде қарастырылады.
Ғылыми еңбектерде сөзжасамдық ұяның құрылымдық бірліктері ретінде сөзжасамдық тізбек, сөзжасамдық тарам, сөзжасамдық саты, сөзжасамдық жұп сипатталып жүр. Әрине бұл дұрыс. Өйткені осы сөзжасамдық бірліктер сөзжасамдық ұяның құрамында орналасады. Сөзіміз дәлелді болу үшін түс етістігі негізінде жасалған сөзжасамдық ұяны талдайық.
Түс - биіктен төмендеу, жерге келіп тірелу.
1-саты
2-саты
3-саты
Түсік
Түсім
Түсіңкі
Түсір
Түсімді
Түсіңкіре
Түсірт
Түсіруші
Түсірулі
Түсіріл
Түсіріңкіре
Түсіріс
Түсімділік
Түсіңкірет
Түс
Берілген ұя құрамында тек синтетикалық тәсіл арқылы жасалған туынды түбір сөздер қамтылған. Ұя құрамында 10 сөзжасамдық тізбек, 2 сөзжасамдық тарам, 3 сөзжасамдық саты, 14 сөзжасамдық жұп бар. Олардың бәрі де бір сөзжасамдық ұя құрамынжа орналасқан.
Сөзжасамдық тұлға мен сөзжасамдық сатының сөзжасамда атқаратын қызметі сөзжасамдық тізбек пен сөзжасамдық тарамға қарағанда ерекше, өзгеше. Себебі сөзжасамдық жұп пен сөзжасамдық саты сөзжасамдық ұяға қарағанда тізбек пен тарамға тікелей қатысты. Сөзжасамдық жұп алдымен сөзжасамдық ұяның құрамына тән болса, оның ішінде ол сөзжасамдық тізбекке қатысты - деп жазады профессор Оралбаева.
Тіл білімінде сөзжасамдық ұяны зерттеп жүрген ғалымдар сөзжасамдық жұп пен саты тізбек пен тарамның құрылымды бірлігі ретінде сипаттайды. Зерттеуші С.А.Тихонов осы мәселе жөнінде: Кез-келген сөзжасамдық тізбек құрамы қарапайым құрылымдық бірлік сөзжасамдық жұптан тұрады - дейді. ғалым Л.Жаналина Сөзжасамдық жұп пен сатының ғылымды жеке қарастырылмауы олардың қарапайымдылығы деп түсіндіреді. Сөзжасамдық ұядағы түбірлес туынды сөздер ұя құрамындағы негізгі бірліктер сөзжасамдық тізбек пен тарам бойында орналасады. Сөзжасамдық жұп тізбек пен тарам бойындағы бірінің негізінде бірі жасалған туынды түбір сөздердің өзара жұптасуын, екі жақты қатысын көрсетеді. Мысалы, жоғарыда көрсетілген сөзжасамдық ұяда 10 сөзжасамдық тізбек бар екенін айтып өттік. Түс түсік екі мүшелі сөзжасамдық тізбегінде бір жұп бар. Ол: түс түсік сөздерінің жұптасуы. Түс түсір түсірт үш мүшелі сөзжасамдық тізбегінде екі жұп бар. Олар: түс түсір, түсір түсірт сөздерінің жұптасуынан құралған. Түс түсім түсімді түсімділік төрт мүшелі сөзжасамдық тізбегінде үш жұп бар. Олар түс түсім, түсім түсімді, түсімді түсімділік.
Берілген сөзжасамдық ұяда екі сөзжасамдық тарам бар дедік. Бірінші тарам төрт мүшелі, екінші тарам алты мүшелі.
1. Түс - түсік 2. Түсір - түсірт
түсім түсіруші
түсіріңкіре түсірулі
түсір түсіріл
түсіріңкіре
түсіріс
Сөзжасамдық тарам бойындағы сөздер, алғашқыда, түс етістігі мен одан тікелей жасалған төрт туынды түбір сөздің жұбын құраса, екінші тарам бойындағы сөздер түсір туынды сөзінен тікелей жасалған алты туытнды түбір сөзінің жұбын құрайды. Олар: түс түсік, түс түсім, түс түсіңкіре, түс түсір; түсір түсірт, түсір түсіруші, түсір түсірулі, түсір түсіріл, түсір түсіріңкіре, түсір түсіріс.
Тарам мүшелері алдындағы бір негіз сөзбен тікелей жұптасады. Яғни бір сөз екі немесе одан да көп бірнеше сөздермен бір тік сызық бойында тікелей жұптасады. Ал тізбек мүшелерінің жұптасуында ондай қасиет жоқ. Себебі, тізбек мүшелері бірінің негізінде бірі жасалған бір сызық бойындағы бірнеше сөздің өзара жұптасуын қамтиды.
Сонымен, осы талдаудан байқағанымыздай, сөзжасамдық ұяда бір түбірден таралған түбірлес сөздер топтасады. Сөзжасамдық ұядағы түбірлес туынды сөздер ұя құрамындағы негізгі құрылымдық бірліктер сөзжасамдық тізбек пен сөзжасамдық тарам бойында орналасады. Сөзжасамдық жұп пен сөзжасамдық сатының ұядағы қызметі тізбек пен тарамға тікелей қатысты. Яғни, сөзжасамдық саты тізбек пен тарам бойындағы сөздердің орнын көрсетсе, сөзжасамдық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz