Психологияның даму тарихы


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Психология пәнінен

Тақырыбы: Қазіргі замандағы психологияның даму жолдары

Астана, 2015

Тексерген: Орындаған:

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . .

3

5 5

1 2

2 1 2 1 2 2 2 6

2 9

3 1

І. ПСИХОЛОГИЯНЫҢ ҚАЗІРГІ ДАМУЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ

ТҮСІНІК . . .

.

1. 2

1. 1 Психологияның даму

тарихы . . .

Қазіргі кезеңдегі психология және оның ғылымдар жүйесіндегі

орны . . .

ІІ. ҚАЗІРГІ ЗАМАНДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯНЫҢ ДАМУ ЖОЛДАРЫ . . .

2. 1 Қазiргi заман психологиясының мiндеттерi . . . 2. 2 Қазіргі заман психологиясының құрылымы . . . 2. 3 Қазіргі замандағы психологияның даму жолдары . . .

Қорытынды . . . Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .

. . .

2

Кіріспе

Бүгінгі таңдағы өркениетті отыз ел қатарына қосылуды мұрат тұтқан тәуелсіз Қазақстан Республикасының қоғамы болашақ түлектерді жедел өзгерісті дүниеде өмір сүруге дайындау қажеттігінен оқу-білімдену жүйесіне жаңа да күрделі талаптар қоюда. Ал мұндай дайындық балада әрқилы ғылыми салаларға тән біршама білім-біліктер жиынтығын қалыптастырумен ғана шектеліп қоймастан, оның бойында жоғары шығармашыл және икемшіл тұлғалық мүмкіндіктерді дамытуға бағытталған нақты істерді қамтуы тиіс. Соңғы жылдарда жалпы және орта білімді гуманизациялау мен гуманитаризациялау ниеті айқын әрі мақсатты бағыт ала бастады. Ал бұл ұлағатты мақсаттың тиімді іске асуы бала тәрбиесінің қайнар көзі бастауыш мек- тепке тәуелді болатыны айдан анық. Адамға табиғаттан беріл- ген ізгілікті мүмкіндіктердің 80% осы бастапқы оқу кезеңінде қалыптасатынын ғылым дәлелдеп отыр. Қазіргі таңда психологияның алдыңғы міндеттері қоғам дамуының бағдарламаларын анықтайды. Еңбек өнімінің дамуы, техника мен технологияның дамуына білім беру мен денсаулық сақтау жүйесін жақсарту, осының барлығы адамға қатысты мәселелерді ғылыми зерттеуді талап етеді. Жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру мемлекеттің ең басты міндеттердің бірі.

Қазіргі кезде Қазақстанның жан-жақты ғылым саласында дамуының басты себебі адам білімінің нәтижесі екенін көруге болады. Адам білімін жетілдіру барысында өзін-өзі дамытудың түрлі әдіс-тәсілдерін қолданады. Бүгінде эзотерика адамзат біле бермейтін құпия сақталған адам жаны мен тәнінің сырларын психологиялық тұрғыда ашқалы отыр. Мұндай көне ілімді меңгеру әсіресе психология мамандығында оқитын студенттерге өте қажетті әрі өзекті мәселе болып табылады. Өйткені адамның күш-қуаттарының көзі чакралар арқылы психолог адамның күй -жағдайын, өзін-өзі жетілдіруінің деңгейін анықтай алатын болса, адам тәнінен шығатын аура арқылы оның эмоционалды көңіл-күйін, денсаулығын, өзін тұлға ретінде қалыптастырған деңгейін білуге мүмкіндік алады.

Курстық жұмыстың өзектілігі: Психологияның аса маңызды мәселелерінің қандайы болмасын, басқа ғылымдармен байланыспай шешілуі мүмкін емес. Психиканың пайда болуы мен дамуын зерттеу үшін биология, генетика, антропология, білімдері мен әдістерін қолдану қажет; психофизиологиялық проблемаларды шешу үшін нейрофизиология, нейроанатомия, нейрохимия, меди- цина әдістерін тартуды талап етеді;

3

психикаға орай биологиялық және әлеуметтік жағдаяттар байланысы проблемасы әлеуметтік, биологиялық, психологиялық білімдердің басын қоспай мүлде шешілмейді. Осылайша, психологияның басқа ғылымдармен, ғылым салаларымен ара қатынас түрлерін шексіз жалғастыра беруге болады. Өз кезегінде, психологиялық зерттеулер нәтижесінде алынған деректер психологиямен сыбайлас пәндер үшін өте қажет.

Сондықтанда жан-жақтан келіп, жаңа әлеуметтік ортаға бейімделудегі студенттердің оқыту-тәрбиелеу процесін тиімді ұйымдастыру үшін, олардың қарым-қатынастағы зейіндерінің деңгейлерін анықтау өзекті мәселелердің бірі.

Осы заман психологиясы - басқа ғылымдармен тығыз байланысқан қарқынды даму жолына түскен адамзат білімдерінің елеулі аймағы. Сондықтан да, дамудағы құбылыс ретінде психология үздіксіз өзгерісте болады: жаңа ізденіс бағыттары, проблемалар туындап отырады, жаңа жобалар іске асып жатады, нәтижеде психологияның соны салалары ғылым қорына ене береді. Психология салаларының бәріне ортақ құбылыс - бұл пән біртектілігінің сақталуы: психология білімдерінің бәрі де психика деректерін, заңдылықтары мен тетіктерін жағдайға байланысты, іс- әрекет барысында, даму деңгейлеріне орайластырып, зерттеп отырады.

Курстық жұмыстың мақсаты: қазіргі замандағы психологияның даму жолдарын негіздеу.

Курстық жұмыстың міндеті:

-п

-

- қазiргi заман психологиясының мiндеттерiне тоқталу;

- қазіргі заман психологиясының құрылымын анықтау;

- қазіргі замандағы психологияның даму жолдарын негіздеу.

сихологияның даму тарихына то0талу:

қазіргі кезеңдегі психология және оның ғылымдар жүйесіндегі орны;

4

1 ПСИХОЛОГИЯНЫҢ ҚАЗІРГІ ДАМУЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ

ТҮСІНІК

1. 1 Психология ғылымы және оның мiндеттерi

Талай ғасырлар бойы адам көптеген ғалымдар әулетiнiң зерттеу объектiсi болып келдi. Өз тарихы мен қалай пайда болғанын, биологиялық табиғатын, тiлi мен әдеттерiн танып бiлуге деген адамзат құштарлығының шегi болған емес. Ал осы таным жолында жантану ғылымының алатын орны аса ерекше. Адам болмысының табиғатына, оның саналы қоғам шеңберiнде өркендеуi мен қалыптасуына, төңiрегiндегi басқа адамдармен қарым- қатынасының ерекшелiктерiне деген психология дамуының негiзiнде жатқан қызықшылығу уақыт озуымен бiрге өрiстей түскен. Қазiргi кезеңде өндiрiс, ғылым, медицина, өнер, оқу, ойын және спорт салаларындағы бiрде-бiр iс- әрекет психологиялық заңдылықтарды түсiнiп, танып бiлмей тиiмдi орындалуы мүмкiн емес. Адамның даму заңдары мен оның болмысының жасампаздық мүмкiндiктерi жөнiндегi бiлiмдер жүйесi бүкiл қоғамның кемелденуi үшiн өте қажет. Адам әр түрлi ғылым тұрғысынан жан-жақты зерттелетiн объектi, ал ғылымдардың әрбiрi өзiне тән ерекше көкейкестi мәселелермен айналысады. Солардың iшiнде қоғамдық ғылымдар әлеуметтiк процестердi зерттеуде психологиялық факторларды айналып өтуi тiптi мүмкiн емес. .

Адамның ішкі жан дүниесін, оның сырттай болмыспен өзара ықпалдастық байланыстарының жалпы заңдылықтарын зерттеумен арнайы ғылым - психология (грек. -psiche, logos-ғылым) айналысады.

Психологияның негізгі даму кезеңдеріне сәйкес оған берілген анықтамаларды қарастырайық.

1-кезең - психология жан жөніндегі ғылым. Психологияға мұндай анықтама бұдан екі мың жылдай бұрын берілген. Ежелгі адамзат жан бар деген ұғыммен өзіне түсініксіз барша өмір құбылыстарын дәйектеуге тырысқан.

II-кезең - психология сана жөніндегі ғылым. XVII-ғасырда жараты- лыстану ғылымдарының өркендеуімен пайда болды. Адам өзінің ойлау, сезу және ниеттеу қабілеттерін сана категориясымен баламаластырған. Ал сананы зерттеудің негізгі әдісі адамның өзін өзі бақылап (интроспекция), одан алған деректерін баяндау болған.

III-кезең - психология әрекет-қылық жөніндегі ғылым. XX ғасырда пайда болды. Психология бұл кезеңде өз міндетіне эксперимент жасап,

5

тікелей нақты көруге мүмкін болғандарды ғана, яғни адамның мінез әрекеттерін, қылық-қимылдарын, сыртқы әсерге жауап қозғалыстарын зерттеуге алды, бірақ оларға себепші болған мотивтерді ескеруді қажет деп білмеді.

IV-кезең - психология шынайы заңдылықтарды, психика көріністері мен тетіктерін зерттеуші ғылым ретінде танылды.

Психология - психиканың дамуы мен әрекетке келуі және оның көрінісінің жеке-дара типологиялық ерекшеліктері жөніндегі, сонымен бірге адамның қоршаған ортамен өзара ықпалдасты байланыстарының жалпы заңдылықтары туралы ғылым.

Психология пәні 1) іс-әрекет субъекті ретіндегі адам, 2) өзін өзі реттеуіне қажет тұлғаның жүйелі өз сапалары; 3) адам психикасының қалыптасуы мен әрекеттік қызметке келу заңдылықтары; 4) адамның болмысты бейнелеу қабілеттері және оны тануы; 5) соның нәтижесінде өзінің сырттай дүниемен өзара ықпалдасты байланыстарын реттей алуы.

Психология нысаны: психиканың пайда болуы мен оның дамуы; психикалық іс-әрекеттің нейрофизиологиялық негіздері; психиканың ең жоғары формасы - адам санасы; сырттай болмыстың ішкі жан дүниелікке ауысу заңдылықтары; адам психикасының әлеуметтік- тарихи жағдайларға тәуелділігі; психикалық әлем бейнелерінің қалыптасуы мен сол бейнелердің адамның сырттай тұрмыстық, тәжірибелік іс-әрекеттерінде көрініп, іске асуы; биологиялық және әлеуметтік жағдаяттардың адамның өзін өзі реттеуіндегі бірлігі; адам психикасының құрылымы; тұлғаның танымдық, еріктік және көңіл-күй үдерістері мен жеке-дара психологиялық ерекшеліктерінің бейнелеу-реттеушілік мәні; адамның әлеуметтік ортадағы қылық - әрекетінің психологиялық ерекшеліктері; адамның нақты іс-әрекет түрлерінің психологиясы.

Психологияның негізгі міндеттері:

- психикалық құбылыстарды сапалық тұрғыдан зерттеу;

- психикалық құбылыстардың қалыптасуы мен даму барысын талдау;

- психикалық құбылыстардың физиологиялық тетіктерін зерттеу;

- психологиялық білімдерді адам өмірі мен іс-әрекетіне жоспарлы

ендіруге жәрдем ету.

Психология зерттеулерінің міндеттері мен әдістері қоғамдық және

жаратылыстану ғылымдарының тоғысынан туындайды.

Психологияның негізгі әдіснамалық принциптері: 1) заттасқан

болмыстағы психикалық құбылыстардың себеп-салдарлылығын мойындау; 2) психикалық құбылыстарды танудың генетикалық бағытын ұстану және оларды даму үдерісінде зерттеу; 3) психика мен іс-әрекеттің ажыралмас бірлікте болатынын қолдау; 4) адам психикасын биологиялық және әлеуметтік жағдаяттардың бірлігін ескерумен зерттеп бару.

XX-ғасырдың соңына қарай психология адами ғылымдар жүйесінде өзекті пәнге айналды, ал оның қолданбалы салалары адамзат тіршілік

6

әрекеттерінің барша тарауларындағы тиімділіктің кепілі ретінде қолданылуда.

Жетістіктерінің соншалықты ауқымды болуынан психология ғылымы бұл күнде адам жөніндегі ғылымдар жүйесінің бірінші қатарларынан орын иелеуде.

Л. С. Рубинштейн "Жалпы психология негiздерi" (1940) атты еңбегiнде ''Психология зерттеуiндегi ерекше құбылыстар ауқымы анық көрiнiп тұр: олар бiздiң қабылдауымыз, сезiмiмiз, ойларымыз, ықлас- ниеттерiмiз бен тiлектерiмiз, т. б., яғни бiздiң өмiрiмiздiң iшкi мазмұнын құрап, бiздiң жан толғаныстарымыз үшiн денiмiзге ажырамастай болып сiңген құбылыстар жиыны'', - деген. Психологиялық дүниенiң бiрiншi ерекшелiгi әр тұлғаның (индивид) өз меншiк толғанысының болуы, ол түйсiк сезiмiнен ғана көрiнедi де, оның басқаша пайда болу жолы жоқ. Мысалы, қаншалықты әдемi, нәрлi суреттеп берсең де, соқыр дүние сұлулығын сезiнуi қиын; керең тiкелей қабылдамаған соң, ән-күй әуенiн танымайды; махаббат ләззатына өзi бөленбеген адамға ол жөнiндегi әңгiме-дастан да түкке де тұрмайды.

Психология ерекшелiктерiн танудың қиындығы олардың адам ақылына сиып болмайтын, қалыптан тыс, тылсым құбылыс болуында. Себебi, әрқандай нақты заттың өзi мен оның қабылданған кейпi бiр-бiрiнен ажыратылып тұратыны даусыз. Жан ерекше, тәннен бөлек жасайтын құбылыс деген нанымның санаға терең ұялауы бұған мысал бола алады. Алғашқы адамның өзi де адамдар мен жануарлардың өлетiнiн, адамның түс көретiнiн сезiп, бiлген. Осыған орай адам ұстамға келетiн тәннен және көрiнбейтiн жаннан бiрiнен-бiрi бөлiнбейтiн дербес екi бөлiктен тұрады деген сенiм туындады; яғни адам өлмейiнше, жан оның тәнiнде жасап, өлгеннен соң тәннен шығып кетедi-мыс. Ал адам ұйқыдағы кезде, жан оның тәнiнен уақытша ажырап, қандай да бiр басқа жерге ауысады. Осылайша, психикалық процестер, қасиеттер мен қалыптар ғылыми талдауға түсiп, зерттелгенге дейiн адамдар-дың бiрiнiң екiншiсi жөнiндегi қарапайым тұрмыстық психологияға тән пайымдаулары жинақтала бердi. Адам психика жөнiндегi кейбiр түсiнiктердi өз өмiр тәжiрибесi негiзiнде топтайды. Əлеуметтiк қатынастар мен еңбек барысында түсiнiсуге, бiрлiктi тұрмыс құруға, iс- әрекет арқылы адамды тануға қажет болудан жинақталған жай психологиялық пайымдаулар ғылыми психологияға дейiнгi бiлiмдер ауқымын құрады. Осы бiршама бiлiктер әр адамға қоршаған ортада жол тауып, өзге тұлғалармен қылық-әрекетiне орай қатынас жасауға көмегiн тигiздi. Бiрақ мұның бәрi тұтастай жүйеленбеген, тереңнен танылмаған, дәлелсiз. Оларды бiз күнделiктi тұрмыстық тәжiрибемiзден ғана үйренбестен, көркем әдебиеттен, халық ауыз әдебиетi үлгi-лерiнен(мақал-мәтел, ертек, әпсана) ұғып, түсiнiп келдiк. Қазiргi заман психология теориялары мен психология салаларының бастаулары нақ осы өмiр тәжiрибесi мен атадан ұрпаққа жеткен асыл рухани мұрадан келiп шығады. Психологияның жантану ғылымы ретiнде мәнi неде? Оның ғылыми пәнi не? Бұл сұрақтарға жауапты психология ғылымының тарихынан iздеп, психологияның әр даму

7

кезеңiне орай өзiнiң зерттеу пәнiне деген көзқарасының өзгерiп бара жатқанын байқаған жөн. Психология өте ежелгi де, өте жас та ғылым. Мың жылдық тарихының барына қарамастан, оның бар болашағы әлi алда.

Психологияның дербес ғылыми сала болып танылғанына ендi ғана жүз жылдан асып барады, ал ол шұғылданған психологиялық ой, проблемалар тарих тұңғиығында бастау алған пәлсапамен бiрге келе жатыр. ХIХ ғ. соңы - ХХ ғ. басында танымал ғалым Г. Эббингауз психология жөнiнде қысқа да дәл былай деген: Психология тарих алдында ұланғайыр, ал тарихы өте қысқа.

Психика зерттеулерiнiң тарихы деп отырғанымыз психология-ның фәлсападан бөлiнiп, жаратылыстану ғылымдарымен ұштасып, өзiнiң эксперименттiк зерттеулерiн ұйымдастыра бастаған дәуiрi. Бұл ХIХ ғ. кейiнгi ширегi болғанымен, психология бастаулары көз жетпес ғасырлар тереңiнде өрiс алды. Пән атының өзi де грек тiлiнен аударғанда психология - жан туралы ғылым (психо - "жан", логос - "ғылым") дегендi аңғартады. Кең тараған түсiнiктерге жүгiнсек, алғашқы психологиялық көзқарастар дiни ұғымдарға байланысты дүниеге келген. Шынында да, ғылым тарихы көрсеткенiндей, ежелгi грек философтарының алғашқы тұжырымдары адамды практикалық тану негiзiнде бастау бiлiмдерiн жинақтаған, жаңадан қалыптасып келе жатқан ғылыми ой-пiкiр бағыттарының жалпы дүние, соның iшiнде жан жөнiндегi дiни- мифологиялық көзқарастарға қарсы күресiнде дамуын тапты. Осыдан, жан жөнiндегi зерттеулер мен түсiнiктер психологияның пәндiк аймағының кемелденуiнде бiрiншi кезең болды да психология әуел бастан ''жан'' туралы ғылым деп танылды. Бiрақ бұл жанның не зат екенiне жауап табу оңайға соқпады. Əр тарихи дәуiрлерде ғалымдар бұл сөз мағынасын сан қилы түсiндiрдi. Психика мәнiне байланысты көзқарастардың қалыптасуы мен дамуы философияның өзектi мәселесiн - материя мен сана, заттық және рухани болмыстардың ара қатынасын шешуге тәуелдi болып келдi. Дәл осы мәселенiң шешiмi төңiрегiнде бiр-бiрiне тiкелей қарсы философия бағыттары - идеализм мен ма-териализм пайда болды.

Идеалистер психиканы болмыс бастауы, өз бетiнше жасайтын, материяға тәуелсiз, белгiсiз бiр зат деп қарастырды. Ал материалистiк танымда психика - туынды, материяға тәуелдi құбылыс. Идеалистiк бағыт өкiлдерi материяға қатысы жоқ ерекше рухани бастаманың барын мойындап, психиканың әрекетi тәнсiз, мәңгi жойылмас жанның көрiнiсi деп бiледi. Ал барша заттасқан дүние мен процестер, оларша, бiздiң түйсiгiмiз бен елестерiмiздiң нәтижесi. Идеализм бастауы адамдардың өз дене құрылымы мен қызметi жөнiнде дұрыс танымы болмаған, психикалық құбылыстарды адам дүниеге келуiмен тәнге енiп, оның өлуiмен ұшып кететiн жан және рух әрекетi деп ойлайтын заманда пайда болған. Жанды бастапқыда адамның әр түрлi мүшелерiнде жасайтын ерекше бiр жұқа зат не тiршiлiк иесi деп бiлген. Дiннiң пайда болуымен жан "о дүниемен" байланысты, көрiнбейтiн әрi мәңгi жасайтын, тәннiң өзгеше бiр екiншi баламасы - рухтық зат деп танылды. Бар әлемнiң бастаушысы идея, рух, сана, ал материя осылардан туындайды деп есептеген әртүрлi идеалистiк бағыттар қанат жайды. Адам психикасы -

8

рухани өмiрдiң көрiнiсi, сондықтан ол материалдық дүние заңдылықтарына бағынбайды деп санаған идеализм мен дiни догматтар адам жан дүниесiн материалистiк тұрғыдан түсiндiруге ұмтылған ғылыми ой- пiкiрлердi көп ғасыр кейiнге ысырып тастады. Жан жөнiндегi танымдар қандай құбылыс - өзгерiс-терге енгенiмен өмiрлiк iс- әрекеттiң қозғаушы күшi - жан деген тұжырымға ешбiр шүбә келтiре алмады. Тек ХҮIII ғ. психология бiлiмiнiң дамуында Рене Декарт жаңа дәуiр есiгiн ашты. Ол адамның iшкi мүшелерi ғана емес, тiптi дене әрекетiнiң де жанға ешқандай қатысы болмайтыны жөнiнде пiкiр айтып, дәлелдедi. Бұл жантану ғылымының кейiнгi желiсiне үлкен ықпал жасады. Декарт ғылымға екi түсiнiктi - рефлекс және сананы бiрдей енгiздi. Бiрақ ол өзтағылымында жан мен тәндi бiр-бiрiне қарсы қойды, өзара тәуелсiз екi болмыс материя және рух жасайтынын уағыздады. Сондықтан да психология тарихында бұл Декарт тағылымы "дуализм" (екi тарапты) атауын алды. Дуалистер көзқарасында, психикалық табиғат ми қызметiнiң өнiмi емес, мидан тыс, оған тәуелсiз, өз бетiнше жасайтын құбылыс екенi түсiндiрiлдi. Бұл бағыт ғылымда объективтi идеализм деп аталды. Дуалистiк тағлиматты арқау етiп ХIХ ғ. психология-сында психофизиологиялық параллелизм атанған идеалистiк бағыт кең өрiс алды. Бұл бағыттың мәнi: психика және тән қатар, бiрақ өзара тәуелсiз жасайды. Мұндай идеалистiк көзқарасты дәрiптеушiлер Вундт, Эббингауз, Спенсер, Рибо, Джемс, т. б. Шамамен осы дәуiрде психология денi жөнiнде жаңа түсiнiктер қылаң бере бастады. Ойлау, сезу, қалау қабiлеттерiне сана атауы берiлiп, психика санамен бала- маластырылды. Осыдан жан психологиясы орнына сана психологиясы жүзеге келдi. Бiрақ сана көп уақытқа дейiн басқа табиғи процестердiң бәрiнен оқшауланған ерекше құбылыс ретiнде қаралды. Ендi саналық өмiр Алла жаратқан ақыл көрiнiсi немесе сананы құраған қарапайым элементтерi бар субьективтiк сезiм нәтижесi деп есептелдi. Бiрақ идеалистiк бағыттағылардың бәрiн бiрiктiрген жалпы пiкiр: психикалық болмыс - бұл ғылыми талдауға келмейтiн, себебiн түсiндiру мүмкiн емес, тек қана өзiндiк бақылаумен танылатын субъектив дүние екендiгi. Мұндай түсiнiк кең етек алып, ал бұл бағыттағы идеализм интроспекттiк (өзiн-өзi бақылау) сана тағылымы атын алды. Осыдан сана өзiмен өзi шектелiп, психика объектив болмыс пен субъектiнiң өзiнен де толығымен ара байланысын үздi.

ХIХ ғ. екiншi жартысында дербес ғылымға айналған психологияның дамуы өз алдына әртүрлi мақсаттарды белгiлеп, әртүрлi зерттеу тәсiлдерiн қолданған, бiр-бiрiн ауыстырып отырған теориялар таласында жүрiп отырды. ХIХ ғ. аяғындағы барша теориялар, ХХ ғасырдағы бiршама тағылымдар сананың осы интроспектiк психологиясы шеңберiнде зерттелдi. Бұл теориялар бойынша психологиялық зерттеулердiң бәрi қоршаған орта мен адам iс-әрекетiне байланыссыз жан толғаныстары мен көрiнiстерiне негiзделдi. Ал сана мен ми арасындағы қатынас бұл теорияларда дуализм бағытында шешiмiн тапты. Интроспекттiк психология аймағындағы теориялар-дың бiр-бiрiнен айырмашылығы сананы құрылымы, мазмұны және

9

белсендiлiк дәрежесiне қарай әрқилы сипаттаудан болды, яғни бiр сипаттама жетекшi деп есептелiндi.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қытай психологиясы тарихының архитектурасы
Қазіргі психологияның міндеттері
Психодиагностиканың даму тарихы
Психология ғылымы жайында мәліметтер
ПСИХОЛОГИЯ ҒЫЛЫМ РЕТІНДЕ ҚҰРЫЛУ ТАРИХЫ
Психология туралы жалпы түсінік және оның даму жолдары
Психология пәні туралы
Әлеуметтік психологияның мақсаттары мен міндеттері
Психология ғылымының зерттеу пәні - психика
Қазіргі замандағы психологияның даму жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz