Қазақ этнолингвистикасының қалыптасуы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШОҚАН УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Курстық жұмыс
Қазақ филологиясы кафедрасы

Пәні:Қазіргі қазақ тілі
Тақырыбы:Қазақ этнолингвистикасының дамуы және қалыптасуы
Студент:Бектемір Динара Қызырбекқызы
Тексерген:Капбасова А.М

Көкшетау 2020
Мазмұны
1.Кіріспе ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
2.Қазақ этнолинвистикасының қалыптаса бастауы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
3.Қазақ этнолингвистикасының өзіне тән ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...

Кіріспе
Eліміздің тәуелсіздікке қол жеткізуі қазақ тілінің білімінің жан-жақты көркейіп,дамуына үлкен әсерін тигізді.Жалпы тіл білімінде ертерек пайда болсада, бізге белгісіз немесе азырақ белгілі болып жүрген тіл ғылымын зерттеудің жаңаша бағыттары қазақ тіл білімінде де кеңінен,молырақ қарастырыла бастады. Онымен қоса , қазақ ғалымдарының бұрыннан қалыптасып кеткен дәстүрлі іздену бағыттары мен әдістерін жаңаша көзқараспен қарауға көңіл бөлуде. Мысалы, бұрыннан адамдардың қатынас құралы деп саналып келген сөйлемнің өзі тек грамматикалық құрылымы тұрғысынан қарастырылып,оның қызметі де осындай тұрғыда айқындалып келген болса, қазіргі кезде ойдың жемісі ретінде саналып, оның қатынас құралы болу қызметі ой және тілдің бірлігі тұрғысында белгілеу қолға алынды. Сонымен қатар, сөз төркіні қалай пайда болды немесе тілді халықтың тұрмыс-тіршілігімен, мәдениетімен байланыстыра отырып зерттеу назарға алынды. Қазақ тіл білімінде кейіннен қолға алына бастаған бағыттардың бірі - этнолингвистика саласы. Бұл бағыт бұрын болмаған деп айта алмаймыз. Тек,бір жүйеге түсуі ХХ ғасырдың ортасынан бастап жүзеге асты.
Этнолингвистика- - этностардың болмысын тілдері арқылы тану,білу мақсатынан туған линвгистиканың жаңа әрі дербес,жеке саласы. Тіл әлемінде өзіне тән табиғаты мен даму заңдылығын толықтай зерттеулердің аясында жіктеле отырып, пайда болған әлеу. лингвистика, статолингвистика, психолингвистика, паралингвистика секілді этнолингвистика да - этностану және тілтану ғылымдарының мәселелерінің шеңбері нәтижесінде пайда болған жаңа сала.
Этнолингвистиканы әр қырынан, әртүрлі деңгейде зерттеп келе жатқан ғалымдар (В. Гумбольдт, B. Вундт, Г.Шухардт, Ф. де Соссюр, Бодуэн және т.б.) әуел бастан этнолингвистиканың Этнос және эт - нос тілі негізінде қалыптасуын мойындағанмен, олардың өзара қатыстылықтары мен үйлесімдерін анықтауға келгенде ойлары бір жерден шыға алмағандығы мәлім. Мысалы, этнолингвистиканың бір бөлшегі -- этносты кей кезде этнос деп атаудан қашып, сан саққа жүгіріп, бірде мәдениет, бірде тарих пен әлеуметтік жағдай деп, оның өрісін кішірейтіп, бүтінді бөлшектеп көрсетулері ерекше байқалды.
Ф. де Соссюр этнолингвистика ғылымын этностар тарихы мен сол этностар тілі тарихының бір-біріне тигізетін әсерін зерттейтін ғылым саласы ретінде қабылдап, өзінің ойын халыктың салт-дәстүрі оның тілінде көрінсе,ал, тіл, сол халықтың өзін қалыптастырады деп тұжырым жасады.
Тiл - тұнған тарих. Себебi, сан түрлi заттың, құбылыстың аты,түрі,сипаты, әдет-ғұрып, салт-дәстүрлер туралы мәліметтердің бәрi келешек буынға тiлдік деректер арқылы, яғни сол халықтың сөздері мен сөз тiркестерi, фразеологизмдері ,мақал-мәтелдері, аңыз-ертегiлерінің арқасында ғана жетуi мүмкiн. Халықтың өмiрiн, сан ғасырлық тағылымын, салт-санасын, елдiк қадір-қасиетiн, ұлттық болмысына қатысты сөз қазынасын қайта жандандыруда айырықша орын алатын лингвистканың (тіл білімі) салаларының бiрi - этнолингвистика.
Өйткенi этно, тұрақты тіркестердiң пайда болуы, қолдану ерекшелiктерi, сол халықтың өмiр жайлы түрлі пайымдарынан, ойға түйген-білгендерінен түрлi қарым-қатынастардың барысында көрінетін сезiмі, айшықты ойлары, психологиялық жай-күйi т.с.с. факторлардың негiзiнде пайда болуына этнолингвистика ғана толық ,жан-жақты жауап бере алады.
Этнолингвистиканың зерттейтін объектісі-этностық тіл дейтін болсақ,ал оның алдына қойған мақсаты -- тіл көмегімен этностарың болмыстарын танып,білу дейміз.Дегенмен, бұл барлығына түсінікті дүние ретінде қалыптасқанымен, бір қарағанда, бұл жайлы сантүрлі көзқарастардың барлығы да, әр кімнің әртүрлі әрекет жасауы көрінеді. Бір шетінен бұл - қалыпты құбылыс. Себебі,қандай да мейлі бір ғылымның саласы болсын, оның қалыптасу кезеңінде ең алдымен оның бағытын,бағдарын, өзіне тәне концепцияларыы мен қағидаларын, зерттеудегі әдіс-тәсілдерін анықтауға тырысады.Сол себепті де, этнолингвистиканың обьектілері мен мақсатын анықтаудағы осы секілді түрлі ше көзқарастарды сондай бір ізденістің жолдары ретінде қабылдаған жөн.
Осы тұста, қазақ этнолингвистикасының қалыптасуы барысында нақтылана бастаған өзіне тән дәстүрлері,үрдісі,зерттеу обьектісі мен тәсілдері, ұстанатын қағидалары жоқ та емес. Оларға тоқталып өтетін болсақ,этнолингвистиканың зерттеу обьектісі -- қашан да сол этностың тілі екендігі жайлы айтылады. Бірақ,ғылым,білім салаларында тілге қатысты, оны әртүрлі тұрғыдан зерттейтін, арқа сүйеуші салалар,пәндер бар. Ол пәндерді І) этностар тіліне қатысы бар (м:педагогика,мифология,мәдениеттан у,өлкетану,фольклор этнография, этнология, дінтану, дидактика т. б. секілді) қоғамдық - әлеуметтік пәндер, сонымен қоса ІІ) этностар тілінің өзіндік тіл табиғатын айқындауына қатысты (м: диалектология этимология, терминология, ,ономастика, лексикография, фразеология, т.с.с.) лингв. пәндер деп екіге бөліп қарауымызға болады. Этнолингвистика , социолингвистика , экстралингвистика мен психолингвистика да, сол соңғы топқа жатады.
Егер пайымдайтын болсақ, аталған пәндердің этнолингвистикаға қатысы қоғамдық-әлеуметтік топтағы пәндердің зерттеу объектілеріне байланысты болатын болса, лингвистикалык топтағы пәндердңң зерттеу әдіс-тәсілдеріне байланысты болады екен. Яғни, сол обьектіге (этнос тіліне) қатысы бар екі топқа да ортақ обьект пен өзара мүдделестігі бір деген сөз, дегенмен олар бір-бірін алмастырмайды, себебі олардың өз алдыларына қойып отырған максат мүдделері бар болғанмен,олар бірдей емес.Осылай бола тұра, этнолингвистика екі топпен де ыңғайласып үйлесе,, этностың болмысын тануға,білуге қажетті пәндердің өз тұсын айқындап, саралап үлгерген ақпараттарын өз сұрыптамасынан өткізіп, пайдалануға барынша тырысады.

2.Қазақ этнолингвистикасының қалыптасуы

Қазақ тіл білімінде этнолингвистика бағытының қалыптаса бастауы 20ғасырдың 80 ж. басталады. Осы саланың дамуына, өсуіне,өркендеуіне Ә.Қайдар, Б.Момынова, Б.Қарағұлова ,И.Копыленко, Қ.Ғабитханұлы ,Е.Жанпейісов, Р.Шойбеков,Н.Уәлиұлы, Б.Қалиев, Ж.Манкеева, Г.Смағұлова, , Ғ.Аронов, Р.Сыздық, , Ш.Сейітова, секілді ғалымдар өздерінің үлестерін қоса,зерттеп келеді. .
Жалпы лингвистикада бұл сала және оның мақсаты теориялық тұрғыда біраздан белгілі болғанмен, іс жүзіне келгенде, әсіресе түркі халықтарының тілдерінде кеңінен қолданыла алмай келе жатқандығын білеміз. Қазақ тіл білімінде осы мәселелермен алғаш (1970-жылдан бері)айналыса бастаған ғалым Ә.Қайдар болған болатын деп айта аламыз. Қазіргі таңда қазақ этнолингвистикасы-өзінің ғылыми негізні қалыптастыра бастаған,түрлі ізденістер нәтижесінде өзіндік ерекшеліктері мен үрдістері айқындалып келе жатқан, дербес те перспективті ғылымның бір саласы ретінде танылып жатыр. Бұны белгілі ғалым проф. М.Копыленко Этнолингвистиканың негіздері [17] деп аталатын еңбегінде атап әрі айқын көрсетіп отыр. Қазақ этнолингвистикасына қатысты мәселелермен шұғылданушылар үшін бұл еңбектің берері мол. Онда, мәселен, қазақ топырағында дүниеге келген этнолингвистика ғылымының төңірегінде ғылыми мектеп қалыптасқандығы және бұл салада көп жылдар бойы үздіксіз жүргізіліп келе жатқан ізденістердің нәтижесінде нақтылана түскен оның бағыт-бағдары, өзіндік үрдістері, зерттеу объектілері және тәсіл-әдістері кеңінен сөз болады. Мәселен, оның бұл кітапта жалпы проблема мен қазақ этнолингвистикасының нақтылы мәселелеріне қатысты 1044 еңбектің тізімін (библиографиясын) беруі зерттеудің құндылығын арттырумен қатар, казақ этнолингвистикасымен шұғылданамын деген жас талапкерлер үшін жасалған үлкен қамкорлық.
Бүгінгі таңда жеке дербес ілім болып қалыптасып, теориялық, ғылыми негіздері қалыптаса бастаған этнолингвистика саласында атқарылып жатқан жұмыстарды белгілі бір орталықтармен байланыста қарастыруға болады. Орыс тіл білімінде бұл айқын екі бағытта орындалады: біріншісі - В.В.Топоров пен В.В.Иванов есімдерімен, ал екіншісі - Н.И.Толстой мектептерімен байланысты. Белгілі бір көлемдегі шарттылықпен бұл екі бағытты этимологиялық және диалектологиялық деп ажыратуға болады. Себебі, алғашқысы мәдени лексикада көрінетін көне онтологиялық, космологиялық, әлеуметтік танымдарды айқындап, қайта құруға, мифтік сипаттағы сөздердің этимологиясын анықтауға, мәдени феномендердің ареалдық ерекшеліктерін, диалектілік сипаттарын ескере отырып, мәдениет пен салт-дәстүр, әдет-ғұрып лексикасының мейлінше толық қалыбын тануға бағытталса, Н.И.Толстой мен көптеген шәкірттері славян халықтарының танымын, мифтері, әдет-ғұрыптары, т.б. дәстүрлі славян мәдениетінің құрамдас бөліктерін зерттеу нысаны етіп алып, славян фразеологизмдерінің этнографиялық сипаттары, славян этнотілдік қауымдастығының лингво және этнографиялық бөліктері қарастырады.
Сол уақыттан бері осы салада ірі-ұсақты көптеген еңбектер жазылып, қазақ тілінің өзіне тән табиғаты мен көркем ерекшелігіне сай қазақ этнолингвистикасының бағыты,бағдары, мақсат-мүдделері айқындалып, ғылыми тұжырымы жасалды. Біршама кандидаттық ,докторлық диссертациялар қорғалды. Мінекей, осындай қыруар істердің ұйытқысы болып әрі бағдарлап, басқару жасап отырған Қазақ тіл білімінде этнолингвистика саласының негізін қалаушы, теориялық-ғылыми айналымын қалыптастырған көшбасындағы академик-ғалым Ә.Қайдар екендігі зиялы қауымыға бесенеден белгілі.
Бұл саланың Қазақ топырағында жарық көріп, қалыптасуында өзінің де шәкірттерінің де қосқан үлесін, этнолингвистикалық нысан мен зерттеу әдіс-тәсілін ғылыми-практикалық мәніне арнайы зерттеу жасай келіп, "Основы этнолинвистики" (Алматы, 1995, c. 180) атты кітапты жазған атақты ғалым, проффесор М.М.Копыленко академик-ғалым . Ә.Қайдардың төңірегінде "қазақ этнолигвистикалық мектебі қалыптасты" деп түйіндеме жасады.
Шынымен де, соңғы 15-20 жылдың көлемінде осы мәселеге қатысты жазылған еңбектердің жалпылама саны (М.М.Копыленконың есептеуі бойынша) мыңнан асады. Осы еңбектердің біразы академик Әбдуәли Қайдар ұсынған тақырыптар мен этнолингвистиканың мәселелері болып табылады. Қазақ этнолингвистикасы туралы акад.Әбдуәли Қайдар: Қазақтың тiл бiлiмiнде ғылымның бұл саласы бұрын-соңды арнайы сөз болған емес. Сондықтан да бұл бiздер үшiн әрi жаңа, әрi тың проблема болып саналады. Ана тiлiнiң ұшан-теңiз байлығын, ғасырлар бойы толассыз толығып, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып, мұра болып келе жатқан қымбат,асыл қазынасын, мүмкiндiгiнше, толық меңгерiп, ел игiлiгiне айналдыруды мақсат ететiн ғылым салаларының бiрi - осы этнолингвистика болса керек - дей отырып,мақсатын, тиiмдi тәсiлдерiн ең алғаш талдап, Этнолингвистика - этностың болмысынан туындап, санасыларында сараланып, тарихи жадыларында сақталып, ғасырлар бойы қалыптасып, рухани құндылық,мәдени мұра саналып атадан-балаға, әулеттен-әулетке ауысып келе жатқан мирасты жаңғырта отырып, жанжақты зерттеп, танымдық тұлғасын ашып, келешек ұрпаққа беру мақсатында жарық көрген тiл бiлiмiнiң күрделi саласы , - деп нақты ,тұжырымдалған анықтама жасады.
Қазақ тіл білімінде этнолингвистикалық ізденістер кең етек алып, ғылым ізденімпаз жастардың көптеп ден қоюы, оқырман қауымның көңілінен шығып, оларға деген сұраныстың көбейе түсуінің өзіндік біршама сыры бар деп санаймыз. Біріншіден, этнолингвистикалық зерттеулерден олардың тұрақты мақсатына байланысты таза лингвистикалық категорияларды емес, сол этностың өзін түсінуге қажет тілдік (лексикалық,фразеологиялық, т.с.с) фактілердің ішкі мазмұндарын терең әрі жан-жақты ашуға бағытталатынын көреміз.
Яғни, бұл мақсаттың рухани да ,мәдени де танымдық мәні орасан зор деген сөз.
Екіншіден, этнолингвистикалық зерттеулергге тіліміздегі кез-келген құбылыстар, деректер, тақырыптар (фразеологизмдер, мақал-мәтелдер, ономастика, жұмбақтар, т.б.) объектісі бола алады. Себебі, бұл фактілердің барлығы дерлік этносбейнесін,этнос болмысын тануда қатысы бар және оларды лингвистік- формальдық тұрғысынан ғана емес, әлде қайда тереңдете,жан-жағын індете зерттейді. Мысалы, фразеологизмдер мен мақал-мәтелді этнолингвист ғалым оны бұрынғысынша қоғамда қалыптасқан ауыспалы мағынасында ғана анықтап қоймай, сонымен қоса сол мағынасының қалыптасуында негіз болған әуел бастағы әр түрлі мотивтерін анықтауға да тырысқан. Демек, тіл туралы деректері тек өзінің комм. қызметі шеңберінде ғана емес, сонымен қатар рухани,-мәдени қазыналарды өз бойында сақтайтын мұра ретінде сырын ашады.
Үшіншіден, тіліміздің лексикалық-фразеологиялық байлығын әліппе тәртібімен түзелген алуан түрлі лексикографиялық (сөздіктер, энциклопедиялар т.б.) еңбектердің көмегімен үйрену мүмкін емес. Этнолингвистикадағы зерттеулердің басты ерекшелігі - барлық деректердің тақырыптық, логикалық,мағыналық жүйелердің негізінде қарастырылуында.
Міне, осындай әдіс-тәсілдерге байланысты этнолингвистикалық еңбектер, зерттеулер тіліміздің ішкі дүниесін толықт ақтарып көрсетуінің арқасында оның небір керемет танымдық мүмкіншіліктерін пайдаға асыра алады. Осының бәрі академик Ә.Қайдар ұсынған, кеңейтіп дамытып келе жатқан этнолингвистикалық білімнің негізгібасты принциптері болып табылады.Ә.Қайдардың бұл салада бірсыпыра еңбектері жарыққа шықты. .

2.1Е.Жанпейісов этнолингвистка мен басқа аралық пәндердің байланысы туралы
Тіл - әр елдің, әр ұлттың тарихын , мәдениетімен қоса тұрмыс-тіршілігін, тіпті сол ұлттың өз болмысын танытатын, оны сақтап қалатын, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін асыл қазына ретінде біздің қоғамымыздағы ең маңызды қажетті дүниелердің бірі. Сол себепті, қазіргі таңда тіліміздің құрылымдық және коммуникациялық қызметінен басқа да қасиеттерін,қырларын анықтау тиянақты да терең зерттеуді талап етіп отыр.
Атап айтсақ, тіл мен адам арасында өзара тығыз қарым-қатынасына қарай анықталып отырған салаларды былайша атап көрсетуге болады: адамның тілі және рухани белсенділігі; тіл және адам физиологиясы; тіл және ойлау, сананың әрекеті; тіл мен оның мәдениеті; тіл және адам қарым-қатынасы; тіл мен қоғам; тіл мен адам құндылықтары; тіл және таным. Адамның тілге, тілдің адамға өзара ықпал етуінен туындаған осы салалардың әрқайсысының өзіндік зерттеу нысаны, тәсілдері, қолданылу аясы бар. Қазіргі тіл білімінде әлеуметтік лингвистика (тіл мен қоғам арақатынасын зерттейтін сала), психолингвистика (индивидтің тұлғалық мінез-құлқы мен ұғымды қабылдау, оны санада өңдеу қасиеттерінің тілде көрініс табуы),лингвомәдениеттану (тіл мен мәдениеттің өзара қатынасы негізінде ұлт мәдениетінің тілде сақталуы, тілде көрініс табуы, сол тіл арқылы ұлтты, оның мәдениетін таныта білу ерекшеліктері), этнолингвистика (тілдегі ұлттық бірліктердің мазмұны мен мәнін ұлттың тарихынан, халықтың рухани мәдениетінен, халықтың менталитетінен, халықтың шығармашылығынан іздеу) салалары тілді антропологиялық бағытта қарастыруда.
Тілді зерттеудің антропоцентристік бағыты тіл біліміндегі адамның тілдік факторы мәселесін, тілдің адамға қызмет ету мәселесі, тіл арқылы адамның табиғатын мәселесін тану қазақ тіл білімінде алғашқы болып ғалым Ербол Жанпейісовтің де зерттеу еңбектерінің негізгі тағаны, діңгегі болып келді. Ғалымның көп жылғы зерттеулерінің нәтижесінде 1989 жылы Этнокультурная лексика казахского языка атты докторлық диссертация қорғалды. ХХ ғасырдың соңғы онжылдығында қазақ тіл білімінде жаңа бағыт деп танылған этнолингвистикаға қатысты негізгі тұжырымдарды 1994 жылғы 20 қаңтардаға Ана тілі газетінің санында берілген Этнолингвистика атты ғылыми мақаласында жеткізеді [14]: Этнолингвистика - психолингвистика мен социолингвистика сияқты тіл біліміндегі жаңа бір бағыт. Бұл үшеуі бір-бірімен байланысты болғанымен, әрқайсысының дара ерекшеліктері де жоқ емес. Этнолингвистика тілді этносқа қатысы тұрғысынан сөз етсе, психолингвистика адам психикасына қатысты жағынан, ал социолингвистика тілді қоғам дамуына қатысы тұрғысынан алып зерттейді. Этнолингвистика мен социолингвистика белгілі дәрежеде тіл біліміндегі тұтас бір саланың құрамды екі компоненті деп қарауға болады. Біріншісі этностың ұлттық, халықтық, тайпалық ерекшелктерін негізге алса, екіншісі оның тілдік процестерге байланысты кейінгі даму сатысындағы әлеуметтік құрылымына табан тірейді. Этнолингвистика мен социолингвистика өздерінің хронологиялық сипатына байланысты кейді бір-біріне қарама-қарсы қойылады. Олай ету бір жағынан орынды сияқты. Себебі бұл екеуінің алдыңғысы негізінен тарихи мәнді деректерін пайдаланады, яғни әр түрлі тіл материалын тарихи тұрғыдан жүйелеуге келетіндерін ғана іріктеп тауып алып, оларды тек сол ыңғайда зерделеуге ұмтылады. Екіншісі таза бүгінгі күннің тілдік материалына арқа сүйейді. Мұндай талдау үлгісі сондай-ақ этнолингвистикаға да тән. Өйткені ол көнелікті айғақтайтын деректермен шектеліп қалмайды, бүгінгіні нышандайтын деректермен де айналысады. Е. Жанпейісов этнолингвистика саласының негізгі ерекшеліктерін баса көрсетіп, ажыратады, өзіндік қасиеттерін даралайды, сонымен бірге этнолингвистиканың этносты тануға бағытталған негізгі мүддесі мен мұратын айқындайды, тіл мен этностың байланысын ғылыми тұрғыдан зерделейді: Тіл білімі өзі қаншалықты көне болса, тіл мен этностық ара қатынас мәселесі де соншалықты әріден келе жатқан, ежелден бар құбылыс. Тіл - этностың тұрақты, ең бір басы ашық негізгі көрсеткіші. Ал тұрақтылығы бұған қарағанда осалдау, өзгеруге бейім территориялық бірлік, экономикалық-шаруашылық және мәдениет тұтастығы, т.б. этностың қосалқы белгілеріне жатады. Демек, тіл тағдыры мен этнос тағдыры қашанда бір-бірімен тығыз байланысты.
Қазақ этнолингвистикасы - бүгінгі күні жаңа ғылыми бағыт емес,жек-бөлек ғылым саласына айналып отырған дербес пәндердің қатарында. 2000 жылдары Этнолингвистика бөлімі ұйымдастырылып, ғылыми қызметтері мен зерттеу нысандарының ауқымы кеңейе түсті. Егемен Қазақстанның байрағын биік ұстар ұлт жанды ұрпақ, білікті де білімді мамандарды дайындау - еліміздің білім берудегі бағдарламасында алдыға қойған басты мақсат. Осыған сай Этнолингвистика пәні еліміздегі ЖОО-ныі филология факультеттерінде оқытылып келе жатыр.

3.Қазақ этнолингвистикасының өзіне тән ерекшеліктері
Сөздер мен сөз тіркестерін төркіндете зерттеу этимологияның төл міндеті болса да, бұған кейде этнолингвистиканың да мұқтаж екендігін көреміз. Мұндай жағдайда, әсіресе, мағынасы күңгірттенген бірліктердін мәнін ашып, жасалу мотивтері мен қолданыс шеңберін айкындауда этнолингвистиканың этимология көмегіне жүгінуіне тура келеді. Сөз төркінін айқындаудың тағы бір қажеттігі тіл практикасында мұндай фактілерді халықтық этимология (оны жалған этимология деп те атайды) тұрғысынан түсіндіру жиі кездеседі. Мұндай жағдайда бұл тәрізді еркін жоба-жорамалдарға дұрыс бағыт-бағдар беру қажет тәрізді.
Кейде этнолингвистикалык түсініктеме дәлелсіздеу көрінгенде де этиимологиялык бір деректін өзі-ақ оны айқындай түсуі мүмін. Мысалы, көне де байырғы бөрі сөзінің эвфемистік баламасы деп көрсетілетін, қарышқыр сөзін үлкен ғылыми этимологияға бармай-ақ, кырғыз тілінде мойны мен жақ сүйектерінің қарысып қалуына байланысты қарышқыр деп аталуы арқылы түсіндіруге де болады.
Айта кету керек, этимологиялық зерттеулерде кейде этнолингвистикалық факторларды пайдалану да жиі кездеседі. Мұндай жағдайда, керісінше, этнолингвистикалык деректер этимологияның негізгі үш -- фонетикалық, семантикалық және морфологиялык, -- принципіне қосымша дәйектеме ретінде пайдаланылып, этимология обьектісін уақыт-мезгіл кеңістігі мен тарихи дәлдігі түрғысынан айқындай түсуде өз үлесін қосып отырады.
Бұл -- лингвистикалық пәндердің этнолингвистика аясында болатын өзара табиғи байланысы. Дәл осы тәрізді астарлас байланысты біз этнолингвистика мен қазақ диалектологиясы арасынан да айкын көреміз. Өйткені этнолингвистика әдеби тіл аукымымен ғана шектелмей, жалпыхалықтық тіл фактілерін мүмкін болғанша түгел қамтуды мақсат етеді. Міне, осыған байланысты этнолингвистика жергілікті (жанды, ауызекі, жаргон т. б.) тіл ерекшеліктерін зерттейтін диалектологиямен де мүдделес. Бұл -- этнолингвист ғалымдар этнос болмысын танып-білуге қатысты жарияланған диалектологиялықматериалдарды да, өз тұсынан жинаған фактілерді де пайдаланады деген сөз.
Міне, қазақ этнолингвистикасы осы тәрізді басқа да лингвистикалық пән салаларымен (фразеология, паремиология, ономастика, терминология, социолингвистика т. б,) тығыз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Этнолингвистиканың зерттеу объектілері мен мақсат - мүдделері
Энтнолингвистика және этимологияның өзара байланысы
Этнолингвистиканың теориялық негіздері
Этнолингвистика және этнографйя
Этнолингвистика
Тіл мен мәдениет мәселесінің этнолингвистиканы қалыптастырудағы ролі
Қазақ ұлттық тағам атауларының этнолингвистикалық ерекшеліктері
Тілдің құрылымы
Түркі сөзінің тамыршысы
Адамның жас ерекшелігімен қатысты атаулар
Пәндер