Ғимаратқа қолданылған құрылымдық шешімдер


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   

Аннотация

Мен СМ-17-5К2 тобының студенті Бабахан Айдана курстық жұмысты жоспарлау және оны орындау үшін Сәулеттік жобалау ІХ пәні бойынша «Көп қабатты тұрғын үй кешенін» жобалауға арналған электронды жүктемелер және кафедрадағы жұмыстармен таныстым.

Курстық жобада «Көп қабатты тұрғын үй кешені». Көлемдік жоспарлау шешімдерінің негізгі принциптері ғимаратқа байланысты.

Тұрғын үй кешені монолитті конструкциямен жоспарланған. Ғимарат композициялық бас жоспарда ерекше пішінде жобаланған.

Ғимарат сейсмикалық тұрғыдан зілзалалы құрылыс ауданында салынатын болғандықтан, сейсмикаға қарсы шаралар келтірілген.

Ғимаратты жобалау барысында тиісті нормативтік құжаттар қарастырылып, типтік шешімдер де бойынша жобаланған. Ғимарат дефицит емес құрылыс материалдарынан тұрғандықтан ғимарат құрылысы өте тиімді десе де болады. Жобада жасап шығаруда, монтаждауда қиындық туғызатын және жобаның құнын жоғарылататын мәселелер жоқ.

Курстық жобасында сәулет - құрылыс, есепті - конструкциялық және өндірістік бөлімдер бойынша инженерлік шешімдер қабылданып есептелінген. Жобаның толық техникалық-экономикалық көрсеткіштері анықталып, тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау бөлімдері бойынша шешімдер қабылданған. Жобаның түсініктемесі 18 беттен тұрады. Графикалық сызба А1 форматында орындалған, 2 -толық сызба-нұсқадан тұрады. Форматта атаулар мен шартты белгілер көрсетілген.

Мазмұны

Аннотация

Мөлшерлік сілтемелер

Анықтаулар

Белгілер мен қысқартулар

Кіріспе . . . 10

Негізгі бөлім . . . 11

1. Сәулеттік бөлім . . . 11

1. 1 Аналитикалық шолу . . . 12

1. 2 Көлемді-кеңістікті шешімдер . . . 13

1. 2. 1 Шығармашылық ізденіс кезеңі . . . 14

1. 2. 2 Шығармашылық жұмыс кезеңі . . . 15

1. 3 Бас жоспарды орындау . . . 16

2. Құрылымдық бөлім . . . 17

2. 1 Ғимаратқа қолданылған құрылымдық шешімдер . . . 19

2. 2 Қолданылған құрылыс материалдары тізбесі . . . 20

Қорытынды . . . 22

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 23

Қосымшалар . . . 24

Мөлшерлік сілтемелер

Курстық іс-тәжірибе жобасында келесі мөлшерлік құжаттарға сілтемелер жасалынған:

1. ҚМ және Е 1. 03. 03-2013 «Құрылыстағы геодезиялық жұмыстар» Қазақстан Республикасының құрылыс нормалары

2. ҚМ және Е СНиП 41-01-2003 Жылу, вентиляция және желдету.

3. ҚМ және Е 35-01-2001 Халықтың аз қамтылған топтарына арналған ғимараттар мен құрылымдардың қолжетімділігі

4. ҚМ және Е 31-110-2003 Тұрғын және қоғамдық ғимараттардың электр құрылғыларын монтаждау және жобалау

5. ҚМ және Е 5-101-2001 Халықтың аз қамтылған топтарын ескере отырып ғимараттар мен құрылымдарды жобалау. Жалпы ережелер.

6. ҚМ және Е ҚР 3. 02-13-2003 Қонақ үйлерді жобалау.

7. ҚМ және Е ІІ-4-80 Құрылыстағы қауіпсіздің техникасы

8. ҚМ және Е 12-01-2004 Құрылысты ұйымдастыру

9. ҚМ және Е 11-03-2001 Типтік жобалау құжаттары

10. ҚМ және Е 12-03-2001 Құрылыстағы еңбек қауіпсіздігі 1-бөлім. Жалпы талаптар

11. СНиП 31-01-2013г. Здания жилые многоквартирные

Анықтаулар

«Берілген курстық жобада» келесі терминдер мен анықтаулар колданылған; (жабын, негіз, күн тартарлар, қалқалар, шуды техникалық нормалау, жабындар, конструкциялық негіздер, инфильтрация, аэрация т. б. ) .

Құрылыстың есептік құны - құрылыстың алдын-ала жобалық құжаттарын өңдегенде ірілендірілген сметалық мөлшерлер бойынша анықталатын нысын құрылысының құны.

Жабын плиталары - ғимараттың ішкі кеңістігін сыртқы ортадан тұйықтайтын конструктивті жабын панелдері.

Жабын (кровля) - ғимаратты атмосфералық жауын-шашыннан қорғайтын төбежабынның жоғарғы элементі. Көтергішқұралымдар үстіне немесе жылуұстағыштар үстіне (шатырсызтөбелерге) төселетін су оқшаулағыш қабаттан және негізден (торламадан, тұтас төсемеден, тұтастырғыштан) тұрады.

Күн тартарлар (фонарьлар) деп арнайы конструкцияларды атайды. Олар бөлмелерді жарықтандыру және желдету үшін (егер бұл мәселе терезелер көмегі арқылы шешілмесе) жабында орналастырылады. Негізінен күн тартарлар бір қабатты өнеркәсіп және салыстырмалы сирек азаматтық ғимараттарда құрылады.

Қалқалар деп салыстырмалы, бір қабат шектерінде ішкі кеңістікті бөлуге қызмет етуге арналған жіңішке қабырғаларды атайды. Қалқалар әрбір қабатта жабындарға сүйенеді және өзіне меншікті салмақтан басқа, ешқандай жүктеуді алып жүрмейді.

Инфильтрация, яғни саңылау арқылы, қоршау конструкциясының тығыз еместігінен және сол қоршауды дайындауда қолданылған материалдардағы кеуектері арқылы өтуі.

Шуды техникалық нормалау - санитарлы-гигиеналық нормалауды орындайтын машина, қондырғылардың, құрылыс және басқа объектілердің сипаттамаларының шектеулерінің жүйесі. Санитарлық нормаларға қарағанда машиналардың барлық түрлеріне бірыңғай техникалық нормалауды енгізу мүмкін емес, себебі бұл нормалауды нақты техникалық сипатын ескере отырып бекітеді.

Аэрация немесе басқарылуы ұйымдаспаған табиғи ауа алмасу. Егер ғимараттар капиталды қабырғамен немесе тұйық бөлулермен жабындыға дейін жететін қосқан кезде жеке бөлмедерге бөлінсе, аэрация жұмысы қиындайды.

Белгілеулер мен қысқартулар

Е1 . . . - есік маркасы

Т1 . . . - терезе маркасы

АС - сәулеттік құрылыс орны.

1 . . . - бөлмелер атауы.

М - масштаб.

см. - сантиметр.

ГП - бас жоспар.

п. - пункт.

им. - аты.

АР - сәулеттік шешімдер.

мм. - миллиметр.

с/у - санитарлы түйін.

БМЖ - біріңғай модульдік жүйе.

МЕМСТ - Мемлекеттік стандарт.

сур. - сурет.

ЭС - электр желілері.

Кг. - килограмм.

РК СТ - Қазақстан республикасының стандарты.

м. - метр.

м2 - ауданы.

№ - нөмірлеу.

% - пайыз.

Кіріспе

Тұрғын үй кешенін жобалауда ғимарат құрылысы - жалпы ұлттық сипаттағы өте маңызды мәселелердің бірі болып, Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясының басым бағыттарының бірі.

Пән сипаттамасы:

«Сәулеттік жобалау ІХ» пәні күндізгі оқыту түріндегі 5B042000 «Сәулет» мамандығы бойынша бакалаврлерді дайындаудағы базалық пәндерінің циклына жатады.

Пәнді оқыту мақсаты оқытудың келесі нәтижелеріне қол жеткізу болып табылады:

Курстық жобалау жұмыстарының негізгі мақсаты ерекше ғимарат типіндегі нысандарды дайындау мысалында сәулеттік ғимарат туралы жаңа кәсіби түсініктерін меңгеру болып табылады. Жұмыс барысында жобалау әдістемесімен танысып, қарапайым сәулеттік элементтерді, пішіндерді талдау әдістемесін және стильдік ерекшеліктерді меңгереді. Бұнда берілген ғимарат жобаланатын сәулеттік ортаны зерделеуге, қоғамдық үй салушылық жағдайларды ескере білуге ерекше маңыз беріледі.

Құрылыс және өңдеу материалдарын әртүрлі шартты және мүмкіндігінше қолдану керек. Теориялық және практикалық білімдер кешені негізінде сәулеттік жобалудың әдістері, мақсаттары және міндеттері пәнді оқып білудің объектісі есептеледі. «Тұрғын үй кешенін» жобалау курсы бағдарламасы негізінде практикалық білім беруге бейімделген. Практикалық білім - кіріспе лекцияда қойылған көлемді-жоспарлы және композициялық тапсырмаларды орындау. Өзіндік шығармашылық жұмыстары оқытушының жүйелі және жеке басшылығы арқылы тапсырманы орындауға болжамдалған.

Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2010 жылғы «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауында басты бағыттардың бірі ретінде «Қоғамдық үй құрылысы» атты жолдауына негізделген.

Қазіргі таңда ғимараттар құрылысының дамуына орай қала аймақтарындағы құрылысқа жарамды жерлердің кемуі байқалуда, бұл өз кезегінде қала жерлерін тиімді пайдалану және құрылыс тығыздығын арттырудың тиімді жолдарын іздеуді талап етуде.

Жобада жасап шығаруда, монтаждауда қиындық туғызатын және жобаның құнын жоғарылататын мәселелер жоқ.

Оңтүстіктегі ғимаратты жобалау барысында, барынша жайлы микроклимат жасауда, пәтердің ең алдымен қоршаған ортамен тікелей байланысы, бірінші болып- ішкі алаңшамен байланысы ескерілуі қажет. Ішкі алаңша оңтүстіктегі ұлттық үйлердің негізі элементі болатын.

Негізгі бөлім

1. Сәулеттік бөлім

Курстық жобада:

Құрылыс салу ауданы мына төмендегі климаттың табиғат ауа-райымен ерекшеленеді:

  • Жер сілкіну күші 5-7 балл;
  • 170С ең суық бескүндіктердегі орташа температура;
  • 250С ең суық тәуліктердегі орташа температура;
  • 38 кгс/м2желдің жылдамдық қысымы (ІІІ-аудан) ;
  • 50 кгс/м2қар қабатының салмағы (І-аудан) .
  • климаттық аудан - ІV-A

Құрылыс салынатын жердің рельфі салыстырмалы тегіс.

Зерттелген инженерлік-геологиялық деректерге сүйене отырып, құрылыс орнының топырақ құрамы анықтап алынды. Топырақтың негізгін құрам құм араластырылған тасты топырақ құрайды.

Топырақтың нормативті қату тереңдігі -0, 82 м.

Топырақтың максималды қату тереңдігі -1, 10 м.

Құрылыс учаскесінде жер асты сулары жер бетінен 13-13, 5м тереңдікте жатады. Өсімдік өсетін топырақтың қалыңдығы-0, 2м.

Аумақтағы желдің басты бағыты-солтүстік-шығыс.

Қорытындылай келгенде құрылыс салынатын жердің инженерлік-геологиялық деректері санитарлық-техникалық талаптарға сай келеді. Осы жобаның құрылысын, алынғын аймаққа салуға болады. Бас жоспар берілген территориямен толық байланыстырыла отырып шешілген.

Ғимараттардың биіктікке байланысты шеішімдері берілген территориядағы биіктік шамасына орайластырылған және атмосфералық жауын шашындарды есепке ала отырып шешілген. Ауданның жер бедері оңтүстікке иілімді болып келген түрден бірқалыпты күйде. Ауданның жер бедері оңтүстікке бейімді бірқалыпты күйде. Желдің жиі қайталану бағыты шығыс жақтан болады. Рельеф жобасын ұйымдастыру ғимараттың айналасындағы суларды табиғи түрде бұруға мүмкіндігін береді. ҚМ және Е ІІ-3-03 «Құрылыстық жылутехника» Жобалау мөлшерлері.

Ғимараттың биіктікке байланысты шешімдері берілген территориядағы биіктік шамасына орайластырылған және атмосфералық жауын шашындарды есепке ала отырып шешілген. Ауданның жер бедері оңтүстікке иілімді болып келген түрден бірқалыпты күйде. Үй ғимаратында келушілер жүретін жолдар, автомобиль жолдары қауіпсіздік ережелерін ескере отырып қарастырылған. Бас жобаның сәулет-жоспарлық шешімдері осы тұрғын үйдің салынуына сәйкестендірілген.

Бас жоспар жасу кезінде «Ғимарат» және ҚМжЕ 2. 09. 02 «Өндіріс жабдықтары» деген нормаларға сәйкес санитарлы-техникалық және өртке қарсы күресу шаралары болып кең көлемде жауаптар тақтасы.

Ғимараттың территориясы көгалдандырып, жел бағыты бойынша талдар, ағаштар отырғызылған, әдемілік түр болуы үшін мольустра талдары қоршалып, ғимарат алды және басқа да байланысты объектілеріне баратын жолдар асфальтталған. Осы мақсаттарды шешу барысында бас жоспарда ескерілген. Қарастырып жатқан ғимарат бір-бірімен байланысты екі түрлі блоктан тұратын тұрғын үй жиынтығы. Олардың негізгі пішіні тік төрт бұрышты. Тік төрт бұрыш негізгі модуль ретінде алынып, оның өлшемдері өзгермей қайталанып отырады. Бұрыштың негізгі өлшемдерін, бөлмелердің инстоляциясымен қамтамасыз негізінде алынған. Оның негізгі геометриялық өлшемдері:

Төрт бұрыш

Сыртқы қабырға ұзындығы 67, 60 м

Қабат биіктігі еденнен келесі үстінгі қабат еденінің деңгейіне дейінгі:

Қабат 4, 1 м

Еденнен слем қабатына дейін: -0, 90 м

Ішкі аула - орта қабатты үйдің композициялық орталығы болып табылады. Ол тұрғын үйдің жайлы көлемді жоспарлы құрамының қалыптасуына септігін тигізіп мыналарды қамтамасыз етеді:

  • жайлы микроклимат
  • сыртқы ортамен тікелей байланыс және тұрмыстық шараларды ұйымдастыру
  • Үш түрлі блоктың ортақ ерекшеліктері: бір өлшемді тік төрт бұрыштардан құралған.

Жобада мына төмендегі бөлмелер қарастырылған:

Жалпы бөлме, сауда бөлме, асхана, дәліз, санитарлық түйін, каридор, баспалдақ.

1. 1 Аналитикалық шолу

Оңтүстік Қазақстан облысындағы Шымкент қаласының Ескі қала мөлтек ауданындағы жерлерге орналастыратын Ерекше сауда үйді орналастыру үшін, мен алдымен аналитикалық шолулар жасадым. Шымкент қаласының жерлері тегіс келеді. Ескі қала мөлтек ауданының жер дөңестігін зерттей келе, зерттелген инженерлік-геологиялық деректерге сүйене отырып, құрылыс орнының топырақ құрамы анықтап алынды. Құрамы - қызыл құм. Шымкент қаласының климаттық температурасы - жылы.

Курстық жұмыс ретінде алынған жобаға жалпы сипаттама.

Жоба 1есікті, 5 қабаттан тұрады. Жобаның орналасу аймағы Шымкент қаласы Ескі қала мөлтек ауданында бой көтереді деген ойдамын. Бұл ғиарат тұрғындарға арналған тұрғын үй кешені.

Ғимараттың табаны және іргетасы, темірбетон арқылы құрастырылады. Жер деңгейінен 0, 90 метр.

Сыртқы қабырға оңтүстік стандарты бойынша 510мм өлшемде алынды. Қабырға қыш материалдан қаланады, М-75 маркалы қыш.

Аражабын - зауыттан арнайы дайындалған темірбетон плитасы арқылы қойылады. Зауытта арнайы өлшемдер арқылы дайындалады, сол өлшемдер жоба осьтеріне байланады.

Сауда орталығы жер деңгейінен биіктігі +35100 метр. Сауда үйге берілетін жалпы аумақтың ауданы - 2533м2. Құрылыс аумағы -1108м2. 2 есікті сауда үйдің жалпыға арналған, балалар ойын алаңшасы бар.

Көгалдандыру аумағы - 1140м2 жерді алып жатыр.

Ерекше сауда үйдің жер төлесі - көлік тұрағы ретінде қолданылады. Көлік тұрағы, жер деңгейінен -4100м тереңдікте орналасқан. Көлік тұрағында 28 - көлікке арналған орын бар.

Ғимарат орталығының тұрғын үйдің қасбеті - солтүстік-батысқа қаратылған.

Қорытындылай келгенде құрылыс салынатын жердің инженерлік-геологиялық деректері санитарлық-техникалық талаптарға сай келеді. Осы жобаның құрылысын, алынғын аймаққа салуға болады. Бас жоспар берілген территориямен толық байланыстырыла отырып шешілген.

1. 2 Көлемді-кеңестікті шешімдер

Шымкент қаласына арналған «Тұрғын үй кешенін» жобалау кафедра тапсырмасы бойынша жоспарланған. Көлемдік кеңістікте орналасқан Сауда үйдің ғимараты 2-есікті, 5-қабаттан тұрады. Сауда үйдің жалпыға ортақ ауласы бар. Бұл ғимараттың ішінде адамдар отырып тамақтанатын үлкен қонақ бөлме, ас бөлмесі, бутиктер, санитарлық бөлме орналасқан.

Менің жобалаған сауда үйім, барлық нормативтік талаптарға сүйене отырып жобаланған. Жобаланған сауда үй адамдардың өмір сүруіне қолайлы етіп жасалынған. сауда үй келесі бөліктерден тұрады: ас бөлмесі, қонақ бөлмесі, санитарлық бөлме және бутик бөлме.

Бес қабатты сауда үйде барлық бөлмелер бөлек орналасқан конструкциядан тұрады. Ас бөлмесінен санитарлық бөлмеге тіке шығуға жол берілмейді. Екеуінің арасы барынша алшақ болғаны жөн.

Бөлме ауданы:

  1. Санитарлық бөлме - 2, 6 - 3, 0 - 2, 5 - 2, 5 - 2, 8 м2
  2. Ас бөлмесі - 26, 5 - 14, 7 - 73, 7 - 10, 2 - 68, 7 м2
  3. Холл-737, 6м2
  4. Бутик-1214, 42м2

Терезелер бөлмелерді табиғи жарықпен жарықтандыруға және оларды желдетіп алуға қолайлы. Терезелер маркалары мен өлшемдері кесте-1 де көрсетілген. Бөлмені желдету үшін терезеде порточка болуы керек. Есіктер болса, шектес бөлмелер арасындағы немесе сыртқы кеңістік аралығындағы қатынастарға қызмет етеді. Есіктер маркалары мен өлшемдері кесте-2 де көрсетілген.

Маркіленуі:

Кесте-1

Терезе
Өлшемдері
Терезе: Т1
Өлшемдері: 1, 2х1, 5м
Терезе: Т2
Өлшемдері: 0, 35х1, 5м

Кесте-2

Есік
Өлшемдері
Есік: Е1
Өлшемдері: 1, 3х2, 1 м
Есік: Е2
Өлшемдері: 1, 2х2, 1 м
Есік: Е3
Өлшемдері: 0, 9х2, 1 м
Есік: Е4
Өлшемдері: 0, 8х2, 1 м
Есік: Е5
Өлшемдері: 0, 75х2, 1 м

1. 2. 1 Шығармашылық ізденіс кезеңі

Шымкент қаласында арналған сауда орталығын жобалау кезінде өндірістік және әкімшілік ғимараттың жоспары төтенше жағдайлар кезінде адамдарды эвакуациялау үшін ұтымды және қолайлы жағдай туғызылуы қажет. Төтенше жағдайлар, ереже бойынша табиғи және техногендік сипат алуы мүмкін. Табиғи сипат алған төтенше жағдайларға өнеркәсіптік, транспорттық және т. б. мекемелер тудырған төтенше жағдайлар жатады. Аталған кәсіпорындарда азаматтық қорғаныс бойынша практикалық дағдылар, іс-шаралар жүйелі түрде орындалуы қажет. Оның мақсаты жұмысшылар мен қызметкерлерге азаматтық қорғаныс бойынша іс-шаралар, практикалық дағдылар алдыру болып табылады.

Бөлмелер мен ғимараттардың ішінен адамдардың эвакуациясын қамтамасыз ету үшін адамдарды эвакуациялаудың есептік уақыты осы үшін қажетті уақыттан аспауы қажет. Адамдарды эвакуациялаудың есептік уақыты адамдар ағынының жекелеген учаскелері бойынша қозғалысының қосынды уақыты ретінде анықтайды.

Ауданның жер бедері оңтүстікке иілімді болып келген түрден бірқалыпты күйде. Желдің жиі қайталану бағыты шығыс жақтан болады. Рельеф жобасын ұйымдастыру ғимараттың айналасындағы суларды табиғи түрде бұруға мүмкіндігін береді. ҚМ және Е 3. 02-02-2001 «Қоғамдық ғимараттар» Жобалау мөлшерлері

1. 2. 2 Шығармашылық жұмыс кезеңі

Бүгінгі таңда кәсіпкерліктің өркендеп дамуына қоршаған ортаны қорғауға мейлінше көңіл бөлініп, өзекті мәселенің біріне айналды. Сондықтан күннен-күнге көбейіп, көркі жағынан артып келе жатқан ғимараттар мен үймереттерді тұрғызған кезде қоршаған ортаға бірден - бір әсері бар. Құрылыстың қоршаған ортаға кері әсері құрылыс болып жатқан кезде немесе құрылыс орнын дайындаған кезде органикалық және бейорганикалық шаңдар түзіледі. Ол адам денсаулығына зиянды. Жерді тегістеу барысында техникадан шығатын түтін, шаң және шу сол құрылыс алаңының жан-жағындағы қоршаған ортаға әкелетін зияны үлкен проблема болып отыр. Техникадан шығатын улы және зиянды газдар қоршаған ортаға да тигізетін зияны едәуір. Ғимараттарды тұрғызу кезінде туатын шу, діріл де зиянды ықпалын тигізеді, сонымен қатар сол аймақтың ауасын ластайды.

Атмосфераны қорғау және оны аздап болсада қалпына келтіру мақсатында үлкен көлемде құрылыс аймағына және ғимаратты тұрғызып болған соң, көгалдандыру іс шаралары жүргізіледі. Осындай іс шаралардың арқасында оттегінің жанасуы оның зияндылығын азайтады. Бұл шаралар техникадан шығатын зиянды заттардың адам денсаулығына, қызмет етуші адамдарға олардан басқа өсімдіктер әлеміне, табиғатқа зиянын келтірмеу үшін кәсіпорындарда, ол жерден газдар қоршаған ортаға жайылады, ол зиянды газдардың концентрациясының азайуына себеп болады. (6) Белгілі бір реттілікте қоршаған ортаны шаралары жүргізіледі, заманға сай қалдықсыз технологияны енгізу, тазарту жүйелері түйіндерін жаңарту, қалдық және ағын сулардың залалсыздандыру т. б. Осы жобаға енгізілетін негізгі талаптар - құрылысы салынатын объекті мен жеткізілетін коммуникациялар және жолдардың ауданындағы табиғаттың, ландшафтың, жер бедері мен ағаш-өсімдіктердің сақталуын қамтамасыз ету болып табылады. Ерекше ғимаратты жобалау құрылысы экологиялық тепе-теңдікті сақтау мақсатында келесі шаралар жүзеге асырылуы қажет: Құрылыс аймағының рельефі жасағанда, топырақтың мейлінше табиғи қасиетін сақтап, келеңсіз жерлерін сумен тазалаған. Аймақта қоқыс салатын екі контеинер орнатылған 10 м3 и 20 м3. Контейнерді аптасына 3 рет арнайы транспортпен тазалап тұрады. Егер қоқыс жарамды болса заводқа апарады, ал жарамсыз болса қала шетіндегі қоқыс тастайтын жерге тастайды. Уақытша жолдар ағаш-өсімдіктерге залал тигізбеу талаптарын ескере отырып орналастырылады.

Құрылыс алаңы автотранспорттарды жуу мен тазарту орындарымен жабдықталады; Құрылыс алаңында құрылыс материалдарының қалдықтары мен қоқыстарын өртеуге болмайды, әсіресе битумды мастиктегі рулон, изоляциялық материал, бояу және т. б., қатты қалдықтар қоймаға жиналып, шығарылып, содан кейін жойылуға жатады.

1. 3 Бас жоспарды орындау

Бас жоспар. Ғимарат Шымкент қаласы Ескі қала мөлтек ауданында қазіргі таңда 1-2 қабатты тұрғын үйлер, қоймалар және әкімшілік тұрмыстық кешені және қасында жанастырылған көгалдандыру аймақта орналастырылған. Ғимараттың орналасуы судың жиналу, желдің күші мен бағытына қарай қарастырылған. Бас жоспардың орналасу шешімдері А1-2 форматында көрсетілген.

Кіші аудандыққалаға немесе басқада қалаларға арналған жанастырылған тұрғын үйлердің бас жобансы және сәулет-жоспарлық шешімдері осы тұрғын үйдің салынуына сәйкестендірілген.

Жанастырылған тұрғын үй ғимараттының территориясы әр отбасыға арналған және жеке бау-бақша бөлініп көгалдандырып берілген, жел бағыты бойынша талдар, ағаштар отырғызылған, әдемілік түр болуы үшін мольустра талдары қоршалып, ғимарат алды және басқа да байланысты объектілеріне баратын жолдар асфальтталған. Осы мақсаттарды шешу барысында бас жоспарда ескерілген.

Бас жоспардың техникалық-экономикалық көрсеткіштері.

3-кесте

1
Ғимараттың жалпы ауданы
1102
м 2
1: 2
Ғимараттың жалпы ауданы: Құрлыс ауданы
1102: 1408
м2: м 2
1: 3
Ғимараттың жалпы ауданы: Құрылыс көлемі
1102: 18623, 8
м2: м 3
1:

4-кесте

Көлемдік-жоспарлық көрсеткіштер (Басты өндірістік ғимарат)
Көлемдік-жоспарлық көрсеткіштер (Басты өндірістік ғимарат): 1
Құрлыс ауданы
1408
м2
Көлемдік-жоспарлық көрсеткіштер (Басты өндірістік ғимарат): 2
Құрылыс көлемі
18623, 8
м3
Көлемдік-жоспарлық көрсеткіштер (Басты өндірістік ғимарат): 3
Жалпы ауданы
2533
м2

2 Құрылымдық бөлім

Ғимарат жартылай қаңқалы конструкция үлгіден тұрады. Ғимараттың қаңқасы - монолит құймалы конструкциялық үлгіден және кірпіштен тұрады.

Іргетастар - құрастырмалы монолитті жасалынған және ленталы, олардың орналасу тереңдігі жерасты суларына, алаңның геологиялық ерекшеліктеріне т. б. қабылданған. Іргетас конструкциясы, өлшемдер есептеу бөлімінде келтірілген, ал іргетасын жоғарғы деңгейі еденнен 150 мм төмен орналасқан. Іргетас астына қалыңдығы 100 мм В 12, 5 классты дайындық қабат қарастырылған. (4)

Іргетас арқалықтары олардың баспалдақтарына орналасады. Ал бұл аралықтар сыртқы қабырғалардан түсетін күш салмақтарды қабылдайды.

Аралық жабын және жабын монолиттен тұрады.

Қабырға панельдерінің ішкі және сыртқы беттері маркасы 200 құмды цемент ерітіндісімен қалыңдығы 20 мм етіп сыланады. Қабырға 75 маркалы кірпішпен қалап, М-25 маркалы ертіндімен сылайды.

Бу өткізбейтін қабаттың материалы -қуысты бетон (немесе көбікті бетон) =600кг/м 3 . Жылытқыштың үстіне тегістеуіш қабат орналасады -15 мм, ол цемент ерітіндісінен жасалынып, оған қарақағаз төселеді. ккк.jpg

Сурет1.

Шатырдың еңістігі жабын арқалығы еңістігімен бірдей болады. Орама қарақағаз жабынға паралель жоғарыдан төмен Құнқағар қосымша орама (қағазбен) қабатпен жапсырылып, цинктелген болат қаңылтырмен алады. Төсеніштің жоғарғы ұшы тік қабырғамен қиылысқан жері цинктелген каңылтырмен болат жапқыштың төменгі жағы қабырғаға цемент ерітіндісімен бекітіліп толтырылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Демалыс орталықтары
Монофункционалды ғимараттар
Рельефті жерлерде құрылған блокталған пәтер
Ғимараттардың құрылыс технологиясы
Көлемдік - жоспарлау шешімі
Коммуникалық бөлмелер
Демалыс сауық орнын салу
Сәулетшілік - құрылыс шешімдер
Жаңа технологияларды қолданатын жол бойындағы инфрақұрылымдық кешен
Курсттық жұмыс Атырау каласы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz