Қазақстанның сыртқы экономикалық қызметі


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны:

  1. Қазақстанның сыртқы экономикалық қызметінің түсінігі және кедендік тарифтермен сыртқы сауда түсінігі. Қазақстандағы Кедендік тарифтер түрлері . . . 4. Сыртқы экономикалық қызметінің және сыртқы сауда түсінігі . . . 8.

1. 3 Сыртқы экономикалық қатынас жүйесіндегі

  1. Кедендік тарифтердің қолдану тәжірибесі.

2. 1 Сыртқы экономикалық қатынас жүйесіндегі сыртқы

сауда саясаты . . . 11

2. 2 Қазақстан ДСҰ-на кіру ерекшеліктері . . . 20-23

2. 3 Сыртқы экономикалық қызметтің тауарлық номенклатурасы . . . 14.

2. 3 Сыртқы саудадағы тарифтік преференциялар және жеңілдіктер . . . 15-16.

  1. Қазақстандағы кедендік тарифтерді қолдану

ерекшеліктері . . . 17-19.

  1. Кедендік тарифтік реттеудегі әлемдік тәжірибе. . . 24-29.

Қолданылған әдебиеттер.

Кіріспе

ХХ ғасырдың 90 жылдары әлемдік сахнада болған үлкен өзгеріске Кеңес Одағының құлауы жатады. Соның нәтижесінде 15 жаңа тәуелсіз мемлекет пайда болды. Солардың бірі - Қазақстан Республикасы. Еліміз 8 жыл ішінде өзін барша әлемге тәуелсіз әрі экономикасы өтпелі демократиялық мемлекет екенін танытты. Қазақстан мемлекеті толық тұрақты даму үшін біржағынан өнеркәсібі дамыған мемлекеттермен, екінші жағынан ТМД бойынша әдеттегі серіптестермен белсенді сыртқы сауда саясатын жүргізуі қажет.

Сонымен қатар, Қазақстан өзінің транспорттық жүйесін, яғни теңіз, өзен, теміржол, автомобиль және құбыр сияқты көлік түрлерін транспорттық инфрақұрлымын дамыту керек.

Сыртқы сауда операцияларын кеден тарифтік реттеу әлемдік экономикада маңызды орынға ие, өйткені түрлі елдердің тауарларымен қызметтері арқылы экспорты мен импортының азаюына да, өсуге де нақты әсер етуге болады.

Қазақстанның сыртқы сауданы реттеуде әлемдік тәжірибемен танысуы, одан сабақ алуы оның болашақта өз саясатын белсенді және тиімді жүргізуіне жол ашады.

Әлемдік қауымдастықтағы елдердің қазіргі кездегі тәжірибесіндегі сыртқы экономикалық байланыстарды кеден тарифтік реттеу бір - бірімен өзара байланысты қалыптасқан екі түрлі реттеуден тұрады. Халықаралық немесе көп жақты жеке ұлттық реттеулер.

  1. Кедендік тарифтердің түрлері және сыртқы сауда түсінігі.

1. 1. Кедендік тарифтер түрлері және іс-әрекеті.

Кеден тарифтік жүйесі көптеген элементтерді қамтиды. Кедендік тарифтік шаралар дегеніміз - сыртқы экономикалық қызметті реттеуге бағыталған және мемлекеттік органдармен заңға көрсетілген реттерде жүзеге асырылатын ұйымдастырушылық, экономикалық, құқықтық шаралардың жиынтығы. «Кеден тарифтері және баж» туралы ҚР-ның Заңы 1991 ж. 24 желтоқсанда белгіленді.

Кеден тарифтік реттеу дамуындағы жаңа кезең - «Кеден тарифтері және баж» туралы заңның қабылдануы. Бұл заңға сәйкес сыртқы экономикалық қызметті реттеудің негізінде тарифтік шаралар жатады.

Кеден тарифтері механизмді пайдалану барысында келесі негізгі мақсаттарда шешілені: реттеуші, сауда-саяси, фиксальды. Оның тиімділігі көбінесе реттеудің нормативтік тәртібіне және ережелеріне байланысты. Мұндай реттеудің заңдылық негізіне 1995 ж. 20 шілдедегі Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы Кедендік іс туралы»
Қаулысы жатады.

- Қазақстан Республикасында мынадай кедендік төлемдер қолданылады:

  1. Кедендік баж
  2. Кедендік алымдар
  3. Алымдар
  4. Алдын ала шешім үшін төлемақы.

- Төлеушілер, кедендік төлемдерді есептеу, төлеу, қайтару және өндіріп алу тәртібі, сондай-ақ кедендік төлемдер бойынша жеңілдіктер ҚР-ның кеден кодексімен айқындалады.

- Қазақстан Республикасының кеден органдары демпинге қарсы, қорғау және өтемдік баждарды ҚР-ның заңдарында бекітілген тәртіппен алуы шарт.

- Төлеушілер, салықтарды есептеу және төлеу тәртібі ҚР-ның салық заңына сәйкес айқындалады.

- Жеке тұлғалар тауарларды оңаңтылған тәртіппен өткізу кезінде кедендік төлемдер және салықтар Қазақстан Республикасының Үкіметі белгіленген жиынтық кедендік төлем түрінде төленуі мүмкін.

Кедендік төлемдер ставкаларының мынадай түрлері бар:

  1. Салық салынатын тауарлардың құнына процентпен есептелінетін - адваларлық ;
  2. Салық салынатын тауарлардың бірлігі үшін белгіленген мөлшерде есептелінетін - ерекшелікті;
  3. Кедендік төлемдер ставкаларының аталған екі түрін де ұштастыратын - құрамдас болып бөлінеді.

Қазақстан Республикасының кедендік төлемдеріне толықтай тоқталып өтетін болсаң:

  1. Кедендік баждар.

Кедендік баждар тауарларды кедендік режимдерде декларациялау кезінде төленеді, бұларға орналастыру жағдайы Қазақстан Республикасының кедендік тарифіне сәйкес кедендік баждар төлеуді белгілейді. Кедендік баждардың ставкаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейлі және оларресми жарияланғаннан кейін күнтізбеліп отыз кү өткен соң күшіне енеді.

  1. Кедендік алымдар.

Кедендік алымдарға:

Кедендік ресімдеу үшін кедендік алым; кедендік ілесіп алып жүру үшін кедендік алым; тауарларды сақтау үшін кедендік алым жатады.

Көрсетілген іс-әрекеттерді орындағаны үшін кеден органдары шығындарының құны кеден алымдарының мөлшерін айқындау үшін негіз болып табылады.

3. Алымдар Кеден органдары алатын алымдарға: лицензия бергені үшін алым; кедендік ресімдеу жөніндегі маманның біліктілік аттестатын бергені үшін алым жатады.

Осы белгіленген алымдардың бірінші тармағын алымдар мөлшерін ҚР-сы Үкіметі айқындайды.

4. Алдын ала шешім үшін төлемақы.

Тауарлардың жіктемесіне, шығарылған елін және құнын айқындау әдіснамасына қатысты алдын ала шешім қабылдағаны үшін ҚР-ның үкіметі белгіленген мөлшерде алдын-ала шешім үшін төлемақы алынады.

Күрделі кеден тарифі - айрықша жеңілдік салығы болып табылады, жабық экономикалық одақ қалыптасқан нақты елдерге ғана таралған, сондай-ақ, оған дамушы елдер де кіреді. Жеңілдіктер мөлшерлеме салықтың шын мәніндегі нөлдік маңызын көрсетеді, яғни бұл салықсыз әкелу деген сөз. Күрделі кеден тарифі қосымша демпипке қарсы және өтемақылық салықтың түрлерін әкелуді қарастырады, оның деңгейі максималды тариф мөлшерлемесінің деңгейін біраз көтереді. Конго, Венесуэлла, Мали елдерінде күрделі тариф қолданылады.

Кедендік тариф - тариф ретінде өзінің экономикалық мағынасы мен сипаты жағынан сыртқы сауда процесі нарықтық реттеуге жатады. Кеден салығы - ақша жинағы ретінде не салық ретінде тауарға және басқа байлық түрлеріне елдің шекарасынан өткенде мемлекет тарапынан салынатын салық. Барлық басқа салықтар сияқты ол тауардың бағасын көтереді.

Кедендік ресімдеу үшін кедендік алым.

Тауарлармен көлік құралдарын негізгі кедендік ресімдеу кезінде кедендік ресімдеу үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген мөлшерде кедендік алым алынады.

Тауарларды сақтай үшін кедендік алым.

Иелері кеден органдары болып табылатын кеден қоймалары мен уақытша сақтау қоймаларында тауарларды сақтау үшін ҚР-ның үкіметі белгілеген мөлшерлерде кедендік алымдар алынады.

Кеден тарифтері - тауарлардың жүйеленген тізіміне төленетін ақының мөлшерін айқындайтын мөлшерлеме жүйесі.

Тариф - түрлі қызметтер ресми түрде белгілейтін ақы төлеу жүйесі. Мысалы: көлік тарифі, комуналды қызмет тарифі, кеден тарифтері.

1. 2. Сыртқы сауда қызметінің түсінігі.

Сыртқы сауда - тауарлармен қызметті ішке енгізуден (импорттан) және сыртқы шығарудан (экспорттан) тұратын елдер арасындағы сауда. Сыртқы экономиканың басты көздерінің бірі - сыртқы сауда. Ал сыртқы сауда саясатына келетін болсақ - белгілі бір елдің немесе елдер тобының сыртқы сауда қатынастарын дамыту жөніндегі экономикалық, саяси, ұйымдық шаралар жүйесі және де экспортпен импорттың географиялық және тауарлық құрылымының көлемін анықтауды қамтиды. Сыртқы сауда айналымы - сыртқы сауда дамуының жинақталған көрсеткіші, алыс-беріс арқылы жүзеге асырылады.

Жалпы сауда саясаты бұл - ұлттық өнеркәсіпті шетелдік бәсекелестерден қорғау, экспортты ынталандырумен диверсификациялау, елде жұмыс орындарды құру сондай-ақ т. б. елдің дамуын жетілдіретін шараларды іске асыру жөніндегі саясатты айтамыз.

Сыртқы экономикалық қызмет - сыртқы экономиканың байланыстарды реттеу тәртібін анықтау және елдің халықаралық еңбек бөлінісіне қатысуын оңтайландыру бойынша мемлекет пен оның органдарының нысаналы түрде бағытталған іс-әрекеті.

Сыртқы экономиканың негізін құраушыларға жататындар:

  • сыртқы сауда саясаты (құрамына экспорттық және импорттық саясат кіреді)
  • шетел инвесторларын тарту және шетелдегі ұлттық капитал салымдарын реттеу саласындағы саясат.
  • Валюталық саясат.

Сонымен бірге, сытқы экономикалық саясат жекелеген мемлекеттермен,

аймақтармен сыртқы экономикалық операцияларды жүргізудің географиялық теңестірілуі міндеттерін де шешеді, бұл іс елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысқан.

Сыртқы экономикалық саясат - сыртқы экономикалық қасиетті де (СЭҚ) реттейді, оның айрықша белгілеріне мыналар жатады:

  • тауарлар мен қызметтердің халықаралық сауда саттығы.
  • Материалдық, ақша, еңбек және интеллектуалдық ресурстардың халықаралық қозғалысы.

Сыртқы экономиканың құраушыларының бірі болып сыртқы сауда саясатытабылады.

Ал сыртқы сауда саласындағы саясатты жүзеге асыру құралдарына: кедендік тарифтер, шеттен әкелу және шетке шығаруды реттеудің бейтарифтік шаралары; саудалық эмбарго; кедендік одақтар және еркін сауда аймағы; валюталық қатынастар саласын: валюталарды сатып алу - сату операциялары, коммерциялық және басқа мақсаттардағы валюталық операйияларға шектеулік белгілеу жатады. Төлемдік қатынастар мен несиелік саясат сферасында займдар (қарыз) экспорттық несиелер және экспорттық несиелерді сақтандыру бойынша есептеу мөлшерлемелері мен проценттерінің деңгейлері реттеледі.

Көптеген мемлекеттерде сыртқы экономикалық саясат құралдарының кең ауқымды жиынтығының болуы - өздерінің сыртқы экономикалық байланысының құрылымымен даму бағыттарын құруға ғана емес, сонымен бірге басқа елдермен сыртқы экономикалық байланысы мен сыртқы экономикалық саясатына да белсенді түрде ықпал етуге мүмкіндік береді. Сыртқы экономикалық саясат құралдарының бұл жиынтығын саудалық саяси механизм ретінде қарастыруға болады.

Қазақстан Республикасының қазіргі кездегі дамуы өзара бағыныштылық және өзара араласу процесінің күшейген кезеңінде жүріп жатыр. ҚР-ның геосаяси орны, жалпы шекарасы, басқа аймақтармен байланыс жасайтын көлік қатынасы, сондай-ақ бай табиғи ресурс қуаты өндірістік өнеркәсіпті кооперацялауға, біріккен кәсіпорындар ұйымдастыруға, агроөнеркәсіптік кешендердің қызметінің дамуына алғы шарттар жасайды. Айта кететін жәйт, жаңа жағдайда бұрынғы одақ мемлекеттерінің арақатынасындағы стиль де өзгереді. Қазақстан ТМД елдері мен сауда-экономикалық байланыстарында дүние жүзінде белгіленген сауда-құқық негіздеріне, сауда және тариф жөніндегі бас ассосация ұйымының принциптеріне сүйенеді. Саудадағы әртүрлі лицензия түрінде квота, баж салығы, т. б. кедергілерден құтылуға алғашқы қадамдар жасауда.

Қазіргі кезде жалпы экономикалық бірігудің әртүрлі жолдары бар екені белгілі болды: ТМД елдерімен екі жақты келісімдер негізінде, көпжақты келісімдерді тереңдету, аймақтық интеграциялық бағдарламаларды іске қосу (Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан) . Сыртқы сауданы либерализациялау және оның еркін іс-әрекетіне жағдай жасау сыртқы сауда айналымының дамуына ықпал етеді. Шетел мемлекеттерімен сыртқы сауда саясатын іске қосу құралдарына мемлекетаралық комиссиялар жатады, олар екі жақты байланыстардың дамуы мен ұйымдастыру жұмыстарын, сондай-ақ ынтымақтастық көлемінде туындаған кезек күттірмейтін мәселелерді.

Сыртқы экономикалық қызметті әрі қарай либерализациялау Қазақстан экономикасына шетел инвесторының қатысуы, Қазақстанның интеграциялық мүддесі және тағы басқалар кедеңдік саясат құралы мен кеден мақсаттарын сақтай отырып, кеден ісінің элементтерін унификациялауды, жетілдіруді қажет етеді.

Мемлекеттік жоғарғы билік органдарының кеден саясаты мен сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік реттеу саласында дұрыс шешім қабылдауы үшін оның макроэкономикалық жағдайларын зерттеудің, сыртқы сауда динамикасына, құрылымына, деңгейіне негізделген нақты талдаудың маңызы зор.

Кеден статистикасын құруға кіретін мемлекеттерге тауарларды декларантпен рәсімдеуде толтырылған кеден декларациясындағы жүк жөнінде белгіленген ақпарат жатады.

Сыртқы саудадағы кеден статистикасы ережелерін жүйелеу мақсатында Қазақстан Үкіметімен (1995 жылғы 6 шілдедегі Примьер Министрдің №238 қаулысы бойынша) барлық министрліктер мен ведомстваларға, облыс басшыларына өз қызметі барысында әлем елдерінің топтарын қоса алғанда, ТМД мемлекет қатысушыларының сыртқы саудадағы кедендік статистикасының бірыңғай әдістемелерін басшылыққа ала отырып, қолдануға тапсырма берілді.

2. Кедендік тарифтердің қолдану тәжірибесі.

2. 1. Сыртқы экономикалық қызметтің тауарлық номенклатурасы.

ҚР кедендік шекарасы арқылы тасымалданатын тауарлар сыртқы экономикалық қатынастардың тауарлық номенклатурасы арқылы тауар кодтарының сәйкесінше өткізіледі.

Сыртқы экономикалық қызметтің тауарлық номенклатурасы дегеніміз - сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік реттеу мақсатында тауарлардың жүйелік тізімі, бұған тауарлардың толық атауы, қажеттілігі және өлшем бірлігі берілетін кодтар кіреді.

Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы - цифрлық белгі немесе цифрлық белгілер тобы ( кодтары) түріндегі тауар топтарын, позицияларын, кіші субпозицтяларын қамтитын тауарлар жіктеушісі. Жіктеудің кезкелген деңгейіндегі позицияларға ескертулер, сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасын түсіндірудің негізгі ережелері Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының ажырамас бөлігі болып табылады.

Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы тарифтік және тарифтік емес реттеу ҚР кедендік статистикасын жүргізу үшін қолданылады. Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасын ҚР үкіметі бекітеді. ҚР қолданылатын сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы Дүниежүзілік кеден ұйымының тауарларды сипаттаумен кодтаудың үйлестірген жүйесіне және ТМД-ның Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес келеді.

ЕврАзЭҚ елдерінің сыртқы экономикалық тауарлық номенклатурасы ТМД елдерінің тауарлық номенклатурасының негізінде құрылған. Ал ТМД елдерінің сыртқы экономикалық қызметтің тауарлық номенклатурасы Гармониялық жүйенің негізінде құрылған. Гармониялық жүйе туралы халықаралық конвенцияға 1988 жылы 1қаңтарында қол қою күшіне енген бұл құжатқа қосымша болып гармониялық жүйенің номенклатурасы болып табылады. Сыртқы экономикалық қызметтің тауарлық номенклатурасы Сыртқы экономикалық қызметті мемлекетті реттеу үшін статистика ақпаратты жинау үшін қолданылады. Сонымен қатар ҚР кедендік шекарасы арқылы тасымалданатын тауарлар декларациялау мемлекеттік маңызы бар тауарлардың экспортын және импортын бейтарифтік реттеу шараларын қолдану.

Кеден ісі мәселелері жөніндегі өклетті орган сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасын жүргізуді жүзеге асырады.

Кеден ісі мәселелері жөніндегі өклетті орган:

  1. Халықаралық ұйымдарда халықаралық негізді әзірлеу, өзгерту, толықтыру, түсіндіру және қолдану бөлігінде Қазақстандық тараптан өкілдік етеді. Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы халықаралық негізінің өзгерістерімен толықтыруларын, бұл негізді түсіндіру жөніндегі халықаралық анықтаулар мен шешімдерді қадағалауды қамтамасыз етеді.
  2. Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасын оның халықаралық негізіне сәйкес келтіру жөнінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс енгізеді, мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасын әзірлеу, өзгерту және толықтыру туралы ұсыныстар дайындауды қамтамасыз етеді.
  3. Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының эталон данасын әзірлейді және оны сайма-сай қалыпта ұстап отырады. Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасын, халықаралық түсініктемелермен халықаралық негізді түсіндіру жөніндегі шешімдердің жариялануын қамтамасыз етеді.
  4. Жекелеген тауарларды жіктеу бойынша орындау үшін міндетті шешімдерді әзірлейді, бекітеді және жариялауды қамтамасыз етеді. Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасын жүргізуге қажетті өзге де функцияларды жүзеге асырады.

Сыртқы экономикалық қызметтің Тауарлық номенклатурасында тауарларды жіктеу, тауарларды декларациялау кезінде декларант олардың Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша кодын дұрыс көрсетпеген жағдайда кеден органы мұндай тауарды өз бетінше жіктеуге құқылы.

Кеден органдарының тауарларды жіктеу жөніндегі шешімдер міндетті болып табылады. Кеден органдарының шешімдеріне кедендік кодексте белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін. Тауарларды жіктеу кезінде кеден органдары тауарлар кодтарын Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес қолданылады. Тауарларға ілеспе құжаттарда көрсетілген мәліметтер, сондай-ақ сараптама ұйымдары беретін қортындылар, анықтамалар, сараптама актілері көмекші (ақпараттық) сипаттама болады және тұлғаларды жіктеу кезінде назарға алынады. Тұлғаның сұрату бойынша кеден органы осы бөлімге сәйкес тауарлардың жіктемесі бойынша алдын ала шешім қабылдайды.

Сыртқы экономикалық қызметтің тауарлы номенклатуралары ҚР Үкіметімен халықаралық тәжірибеде қолданылатын тауарларды топтастыру жүйесіне сәйкес анықталады.

  1. Сыртқы саудадағы тарифтік преференциялар және жеңілдіктер.

Преференцияның жалпы жүйесі - даму және сауда жөніндегі БҰҰ конференциясында қабылданған дамушы елдерден шығатын тауарлар туралы жеңілдетілген кеден режимі.

Кедендік төлем бойынша жеңілдіктер ҚР кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға қатысты кедендік төлемдердің босату түріндегі жеңілдіктер, сондай-ақ тарифтік преференциялар кедендік жеңілдіктер деп түсіндіріледі. Кедендік төлемдер бойынша жеңілдіктер Кеден кодексінің 330 және 331 баптарында көзделген жағдайларды қоспаларда, дербес сипатта бола алмайды. ҚР басқа нормативтік құқықтық актілерінен кедендік төлемдер бойынша жеңілдіктер беруге тиым салынған.

ҚР кедендік төлемдер салудан босату кедендік кодексте жазылып көрсетілген. Кедендік баждарды салудан: жүктерді, багажбен жолаушыларды тұрақты халықаралық тасымалдауды жүзеге асыратын көлік құралдары, сондай-ақ жол жүру кезінде, аралық аялдама бекеттерінде оларды пайдалануға қажетті немесе осы көлік құралдары апаттарының зардаптарын жою (ақауларын түзеу) үшін шетелден сатып алынған материалдық техникалық жабдықтау заттары, керек жарақтар, отын, азық-түлік және де басқа мүліктер босатылады. Ұлттық және шетел валютасы сондай-ақ олардың ҚР заңдарына сәйкес бағалы қағаздар кедендік баждарды салудан босатылады. Ізгілік көмек ретінде ҚР кедендік аумағына әкелінетін немесе ҚР кедендік аумағынан әкетілетін, акцизделетін тауарлардан басқа тауарлар кедендік баждардан босатылады.

ҚР инвистициялар туралы заңдарына сәйкес тауарлардан кедендік баж салудан босатылады. Кеден баждарын салудан босату көзделген кедендік режимдер шеңберінде ҚР кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар және ҚР көші-қон туралы заңдарына сәйкес кедендік баж салудан босатылатын тауарлар, ҚР салық заңдарына сәйкес айқындалған, мемлекеттер, мемлекеттер үкіметтері, сондай-ақ халықаралық ұйымдары желісі бойынша берілген гранттар қаражаты есебінен сатып алынатын тауарлар кедендік баждан босатылады. Жалпы преференциялық баж салығы - шеттен әкелінетін тауарлардың барлық немесе жеке топтарын әкелу кезінде бір немесе бірнеше мемлекетке ерекше қолайлы жағдай жасау үшін мемлекет белгілейтін артықшылығы бар баж салығы.

Преференция ұғымы бұл негізінен - артықшылық, жеңілдік, мәселен, елдер арасындағы сауданы кеңейту мақсатымен халықаралық келісім бойынша берілетін сауда жеңілдігі. Ал тарифтік преференциялар бұлар: Қазақстан Республикасы мемлекеттерге кеденді баждардан босату не оның ставкасын төмендету немесе тауарларды преференциялық әкелуге (әкетуге) квота белгілеу нысанында беретін сыртқы экономикалық қызмет саласындағы арнайы артықшылықтар тарифтік преференциялар деп айтылады.

Тарифтік преференциялар Қазақстан Республикасының Үкіметі шешімі бойынша беріледі.

Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелінетін және ҚР мен кеден одағын немесе еркін сауда аймағын құратын мемлекеттерде шығатын тауарлар, сондай-ақ көрсетілген мемлекеттерге ҚР кедендік аумағынан әкетілетін және ҚР шығатын тауарлар кедендік баждарды салудан босатылады. Қазақстанның кедендік аумағына әкелінетін және ҚР ұлттық преференциялар жүйесін пайдаланатын дамушы мемлекеттерден шығарылатын тауарлырға төмендетілген ставка бойынша кеден баждары салынады. Мұндай мемлекеттермен тауарлардың тізбесін, сондай-ақ кедендік баждардың ставкасын төмендету деңгейін ҚР Үкіметі айқындайды. Осы кедендік тарифтік преференциялар Кеден кодексінің 7-тарауында яғни тауарлардың шығарылған елін анықтаудағы көзделген шарттарды сақтаған жағдайда беріледі.

2. 3. Қазақстандағы кедендік тарифтердің қолдану ерекшеліктері.

Кеден тарифтік дамуындағы жаңа кезең - « Кеден тарифтері және баж» туралы заңның қабылдануы. Бұл заңға сәйкес сыртқы экономикалық қызметті реттеудің негізіне тарифтік шаралар жатады.

Қазақстанның кедендік тарифтік механизмдерін пайдалану барысында келесі негізгі мақсаттар шешіледі: реттеуші, сауда-саяси, фискалды. Оның тиімділігі көбінесе реттеудің нормативтік тәртібіне және ережелеріне байланысты. Мұндай реттеудің заңдылық негізіне 1995 жылғы 20-шілдедегі ҚР Президентінің « ҚР кеден ісі туралы» Қаулысы жатады.

Кедендік тарифтердің қолданудың нақты мақсаттарына мыналар жатады:

  • ҚР тауар енгізудің тауарлы құрлымын реттеу;
  • ҚР тауарлар, валюталық табыстармен шығындарды кіргізу және оны шығарудың оңтайлы қатысын ұстау;
  • ҚР тауарлар өндірісімен тұтыну құрлымында озық өзгерістер жасауға жағдайлар жасау;
  • ҚР әлемдік экономикаға тиімді шоғырлануына жағдай жасау;
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметінің қалыптасу тарихы
Дипломатиялық қызметтің қалыптасуы
Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметінің құрылымы
Сыртқы экономикалық қызметті реттеудің ерекшеліктерін зерттеу
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ
Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметi және оны реттеу тетіктері. МАГИСТРАНТТЫҢ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫ
Қазақстанның сыртқы экономикалық байланыстарының дамуында 1936 жылы
Негізгі мемлекеттермен дипломатиялық қатынастарды дамыту
Қазақстанның ТМД мемлекеттерімен ынтымақтастығы
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz