Біріккен сөз - күрделі құрамды сөз



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау университеті
Филология және педагогика факультеті
Қазақ филологиясы кафедрасы

Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен лексикографиясы
пәнінен

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: М.Әуезовтың Абай жолыроман-эпопеясында қолданылған біріккен сөздер сипаты
Мамандық шифры:
Оқу бөлімі:
6В01707-Қазақ тілі мен әдебиеті
Күндізгі

Орындаған:
КО-92 тобының студенті
Смагулова А.Е
Ғылыми жетекшісі:
Жукенова С.К

Көкшетау - 2020 ж.

МАЗМҰНЫ

Кіріспе

I тарау.Біріккен және кіріккен сөздерге жалпылама түсінік.
1.1. Қазіргі таңда қазақ тіліндегі біріккен сөздердің зерттелуі

II тарау. Біріккен сөздердің өзіндік ерекшелігі.
2.1. Абай жолы роман-эпопеясында күрделі сөздер қолданысы
2.2. Абай шығармасында кездесетін біріккен сөздер құрылымы
2.3. Абай жолы роман эпопеясында кездесетін біріккен тұлғалы есімдер
2.4. М.Әуезовтің Абай жолы романындағы мезгіл мәнді біріккен сөздер

Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

КІРІСПЕ

Шынында, бұл қазақтар - неткен ғажайып халық! Осы кереметтік Абай жолы романында қандай тамаша суреттелген!
Б.Матип

Зерттеу жұмысының көкейкестілігі.
Қазақ тілінде сөз грамматикалық тұрғыдан құрамына қарай күрделі сөздер- кемінде екі түбірден жасалып, бір мағынаны білдіретін сөздер. Оның 4 түрі бар: біріккен сөз, қос сөз, қысқарған сөз, тіркескен сөз. Біріккен сөз-екі немесе одан көп сөз бірігіп бір сұраққа жауап беретін сөз. Біріккен сөз деп - сыңарлары мағына жағынан да, тұлға жағынан да бірігіп, біртұтас мағынаны білдіретін, біртұтас құрамдағы, бір екпінмен айтылып, сөйлемнің бір мүшесі қызметін атқаратын сөздерді айтамыз. Қазақ әдебиетінің тарихындағы дала тағдырын мұхит тектес тереңдікпен толғаған ,шоқтығы биік "Абай жолы" роман-эпопеясында күрделі сөздерді қолдануы зерттеуді қажет етеді.
Зерттеу жүмысының мақсаты:
Біріккен сөздер мен кіріккен сөздердің зерттелуі туралы толық ақпараттар ала отырып зерттеу және соңғы еңбектерді оқып, талдау. Абай жолы роман эпопеясындғы біріккен сөздердің қолданылу сипатын теріп отырып, саралап жазу.
Мақсатқа сәйкес зерттеу жұмысының келесідей міндеттері анықталды:
Зерттеудің міндеттері:
Біріккен және кіріккен сөздерге анықтама беру;
күрделі сөздерге, соның бірі біріккен сөздерге байланысты айтылған ғалымдардың пікірлеріне ғылыми талдау жасау;
біріккен сөздердің өзге күрделі сөздерден ерекшелігін айқындау;
эпопеяда кездесетін біріккен сөздерді анықтау
Жұмыстың зерттелу әдістері.
Жұмысты зерттеу үшін төмендегідей әдістерді қолдандық: талдау әдісі, жинақтау, ой қорыту, жүйелеу, статистика әдістері.
- Күрделі сөздердің ХI ғасырлардан бастап жиі қолданылғандығы анықталды.
М.Әуезовтің Абай жолы эпопеясында біріккен сөздердің мол қабаты анықталды. Олардың семантикалық ерекшеліктері айқындалды.
М.Әуезовтің Абай жолы эпопеясындағы біріккен сөздердің қолданылу аясы бұрын соңды зерттелмеген тақырып, зерттеу жұмыстарында көрсетілмеген.
Зерттеу жұмысының құрылымы.
Жұмыс кіріспе, екі тарау және қорытындыдан тұрады. Оған қоса пайдаланылған әдебиеттер тізімі және қосымша материалдар (мысалдар жазылған кеспе қағаздар) берілген. Әр тараудың өзі іштегі құрылымына қарай бірнеше бөлімшелерге бөлінген.

1.Тарау БІРІККЕН ЖӘНЕ КІРІККЕН СӨЗДЕРГЕ ЖАЛПЫЛАМА ТҮСІНІК
1.1.Қазіргі таңда қазақ тіліндегі біріккен сөздердің зерттелуі
Біріккен, кіріккен сөздер деп - екі, кейде үш сөздің мағына және дыбыстық жағынан біртұтас лексикалық бірлікке көшкен сөздер аталады. Құрамындағы сыңарлардың бір-бірімен дыбыстық жағынан тұтасуы, бірге жазылуы арқылы, кіріккен сөздер басқа күрделі сөздерден ерекшеленеді, өйткені күрделі сөздердің басқа түрлерінің сыңарлары бөлек жазылады.
Индоевропа, орыс тіддерінде тек қана біріккен сөздер күрделі сөз саналатыны белгілі. Бұл тілдерде сөздің мағына тұтастығымен бірге, тұлға (дыбыстык құрам) тұтастығы да күрделі сөздің негізгі белгілеріне жатады.
Ал қазақ тілінде ол зандылық күрделі сөздердің бір түрі біріккен және кіріккен сөздерге ғана қатысты. Солай болса да, индоевропа тілдерінде де, қазақ тілінде де бұл мәселеде алалық күшті. Қазақ тілінде бірсыпыра сөздер емлесі қалыптаспай, сөздіктердің өзінде бірде бірге, бірде бөлек жазылып жүр және қаншама сөздер бөлек жазылып, біріккен сөз деп танылмай жүргенін Б.Қалиев анық көрсеткен. Ол орфографиялық сөздікте 360 қана біріккен сөз беріліп, әлі де 950 біріккен сөздің оған ілікпей калғанын дәледдеген .
Ғалым М.Балақаев біріккен сөздің жазылуындағы алалыкган қүтылу үшін, бірде бірге, бірде бөлек жазылып жүрген сөздердін бөрін бірге жазуды үсынады .
Біріккен сөздер де басқа күрделі сөздер сиякгы жай сөз тіркестерінен бастау алған, сондықтан оның кұрамындағы сыңарлары сез тіркестерінің құрамындағы сыңарлармен ыңғайлас келеді. Сондыктан біріккен сөз бен тіркесті күрделі сөз және жай сөз тіркестерінде ұксастық өте көп, бұл осы мәселелерді ажыратуда үлкен қиындык туғызады.
Қазіргі сөз тіркестерінің барлық үлгісі біріккен сөз құрамында барын оны зерттеген Г.Жаркешева дәлелдеген.
Қосымшасыз екі түбір сөздің біртұтас мағынаға көшу үлгісімен жасалған біріккен сөздер тілімізде өте көп: абжылан, абырой, адамата, адамзат, адыраспан, айбалта, айдала, айбақ, айнакөз, айылбас, айырбас, асқабақ, асқазан, атауыз, атқонақ, атқосшы, атқұйрық, атқұлақ, аюқұлақ, бақабас, балақыз, балауыз, балбөбек, балықкөз, басалка, баспана, баспасөз, бәйшешек, бұзаубас, бұаутас, гүлсерік, дәуқабақ т.б.
Изафеттік тіркестің барлық түрінен біріккен сөздер жасалған. Изафеттің екінші түрінен жасалған біріккен сөздерге мысал келтіргенде, олар төмендегідей: отағасы, қолбасы, елубасы, қонакасы, сәресі, отгегі, елбасы, түнеугүні, күсбегі, атбегі, колбасшы, өмірбойы, казоты, киікоты, бакаоты. Мүнда бірінші сыңар қосымшасыз болса, екінші сыңардағы тәуелдік жалғау сақталған.
Изафеттік тіркестегі екі сыңардың да қосымшалары сақталған біріккен сөздер де бар, бірақ бұлар аз. Мысалы, жаздыгүні, қыстыгүні, күздігүні. Бұл біріккен сөздердің бірінші сыңарындағы ілік септіктің соңғы дыбысы сақталмаған, қыскарған, бірақ -ды буыны сақталған, ал екінші сыңардағы тәуелдік жалғауы толық сақталған.
Біріккен сөздердің бір тобы сыңарларының өте ықшамдалуы арқылы жасалған. Мысалы, биыл (бұл жыл), бүгін (бүл күн), сексен (сегіз он), сөйтіп (солай етіп) т.б. Мұндай сөздер ғылымда кіріккен сөздер деп аталады.
Кіріккен сөздер - құрамындағы сыңарлары дыбыстық құрамын толық сақтамай немесе түрлі дыбыстық өзгерістерге ұшырау арқылы бір-бірімен мағына жағынан ғана емес дыбыстық құрамы жағынан да кірігіп, ықшамдалып, біртұтас сөзге айналған сөздер. Мысалы, әкел (алып+кел), өпер (алып+бер), әкет (алып+кет), биыл (бұл+жыл), бүгін (бүл+күн), сәресі (сахар+асы), ағайын (аға+іні), қарлығаш (қара ала құс), білезік (білек+жүзік), сексен (сегіз+он), тоқсан (тоғыз+он), белбеу (бел+бау), қайтіп (қалай+етіп), түрегел (тұра кел), белуардан (бел+буардан), ендігәрі (ендігіден+әрі), ашудас (ашу+тас), сөйтіп (солай+етіп), өйтіп (олай+етіп), бірдеме (бір+неме), біресе (бір+ерсе), қолғанат (қол+канат) т.б.
Келтірілген кіріккен сөздердің сыңарлары үлкен өзгеріске ұшыраған, бұлардың ішінде бір сыңардан бір ғана дыбыс қана сақталып, сөздің құрамындағы дыбыстары өте ықшамдалғандары.
Есімдік+есімдік үлгісі өнімсіз болып табылады, бұл үлгідегі жасалған біріккен сөздер аз. Мысалы, ешкім, әлдекім, әркім әлдеқалай, әлдеқашан, ешқашан, ешқайда, әрқайсысы т.б.
Етістік+етістік үлгісімен жасалған біріккен, кіріккен сөздер санаулы, бұл өнімсіз үлгі. Мысалы, өткел, әкел, епер, әкет, түрегел сияқгы сөздер ғана осы үлгімен жасалған.
Қ азақ тіл білімінде күрделі сөздерге байланысты терминдердің алғашқы нұсқалары мен дереккөздері А.Байтұрсынұлының "Тіл -құрал" оқулығының Орынборда 1914 және 1925 жылдарда басылған нұсқаларында берілген. Автор қазақ тіліндегі сөз тұлғаларын беске бөледі : 1) түбір сөз, 2) туынды сөз, 3) қос сөз,4) қосалқы сөз, 5) қосымшалар.
Проф. Қ.Жұбанов қазақ тіліндегі сөз тұлғасының түрін алты "арысқа" бөліп қарайды: 1) түбір сөз, 2) қосымшалы сөз, 3) кіріккен сөз, 4) қиюлы сөз, 5) қосар сөз, 6) қосалқылы сөз [2: 151]. Осы аталған сөз тұлғаларының үшеуі (кіріккен сөз, қиюлы сөз, қосар сөз) күрделі сөздерге тікелей қатысты.
Автор кіріккен түбірлерге "өлі түбірлі не өлі қосымшалы сөздер сияқты, ішкі жігін бүгінде жоғалтып, бірігіп кеткен сөздердің бірсыпырасы, түбір мен жалғаудан құралмай, өңшең түбірлерден құралған" сөздерді жатқызады. Мысалы: ашудас -ашу+тас, күндіз -күн+ дүз (жүз, бет),аяз -ай+юз, белбау-бел+бау, қаралат - қар +ала +ат. Осындай екі түбір, үш түбірден құралып тұрып, бір түбір болып кеткен сөздерді кіріккен түбірлер дейміз" дейді [2: 155-156]. Бұдан ары автор кіріккен сөздерді көне және жаңа деп екіге бөледі. Ерте құралып, арасының жігін жоғалтып кеткен сөздерді кіріккен сөздердің көнесі деп қарайды. Мысалы :қаралат, аяз. Ал жаңадан құралып, әлі жігін жоғалтпағандарын кіріккен сөздердің жаңасы деп қарайды. Бұған қолғап, күнбағыс, айғабақ, белуар сияқты сөздерді жатқызады. Автор бұл сияқты кіріккен сөздерді тұтас күйінде тұрып, жалғасып кіріккендіктен жалғаулы кіріккен сөздер деп атайды [2: 156-157].
Ал егер кіріккен сөздер (тұтас тұрып жалғаспай, жарықшақталып, қиюы келтіріліп барып кіріксе" оларды қиюлы кіріккен сөздер деп атаған. Қиюлы сөздер құрылысы жағынан : а) буын қиюлылар (Қазатком -Қазақстан атқару комитеті) , ә) әріп қиюлылар (ХКС -Халық Комиссарлар советі), б) аралас қиюлылар (буын мен әріптің аралас қысқартуынан жасалған : Қаз ПИ). Автор "қиюлы сөз жасау амалын қазақ тілінің Октябрьден бері тапқан олжасы" деп есептейді. [2: 157-158]. Келтірілген мысалдарға қарағанда автордың қиюлы сөздер деп отырғаны осы күнгі грамматикалардағы қысқарған сөздерге сай келеді. Ал кіріккен сөздердің жаңасы деп анықтағаны осы күнгі зерттеулердегі біріккен сөздер ұғымына, ал кіріккен сөздердің көнесі дегені қазіргі кезде біріккен сөздердің бір түрі кіріккен сөздерге сәйкес келетін сияқты. Автор қалайда көне кіріккен сөздердің табиғатын, жасалу жолын, жазылу емлесін дәл басып анықтаған.
Қазақ ғалымдарының ішінде қазақ тіліндегі біріккен сөздерді арнайы зерттеген - Г.Н.Жәркешова. Ол 1949 ж. осы тақырыпқа кандидаттық диссертация қорғады, оннан аса мақала жариялады."Халық мұғалімі" журналының 1951 жылғы 8 нөмірінде жарияланған мақаласында біріккен сөздердің бірнеше тұлғалық белгілері бар екенін көрсеткен [3].
1960 ж. ол "Біріккен сөздер мен сөз тіркестерінің орфографиялық сөздігің" шығарды. Автор еңбегінің кіріспесінде түркі тілдерін зерттеуші ғалымдардың біріккен сөздер мәселесіне ерекше көңіл бөлгендігін, ертеректегі Мелиоранский, Будагов, Катанов, Казамбек сияқты ғалымдардың еңбектерінде біріккен сөздер жайындағы мәліметтер өте тапшы екендігін, кейінгі түркітанушылардан А.Н.Кононовтың "Грамматика турецкого языка" (М., Л., 1941 ж. ) еңбегінде түрік тіліндегі бірнеше біріккен сөздің этимологиясын ашқандығын, А.Боровков пен Э.В.Севортяннің біріккен сөздерді түркі тілдеріндегі сөзжасам амалы деп қарап, бұл мәселенің әлі зерттелмегенін, жалпы алғанда, біріккен сөздер жайында сүйенерлік күрделі зерттеулер жоқтығын айтады [4: 3-4].
Автор бұдан ары біріккен сөздердің қалыптасу ерекшеліктеріне тоқталған. Э.В. Севортяннің пікіріне сүйене отырып, біріккен сөздердің түп төркіні сөздердің сөйлемдегі алатын орнына қарай синтаксистік байланыстан туып қалыптасқанын, оған дәлел ретінде қазақ тілінде анықтауыш пен анықталатын сөз, толықтауыш пен толықталатын сөз, пысықтауыш пен пысықталатын сөз бірігетінін (асқазан, қолғап, баспасөз; қаптесер, алжапқыш, күнбағар; түрегел, бассалу, айналсоқ ) осылардың ішінде ең басымы анықтауыш пен анықталушы сөздердің бірігуі екенін көрсеткен. Дегенмен ең қиын мәселе біріккен сөздер мен сөз тіркестерін айыру екенін атап көрсеткен [4: 4-6] . Бұл еңбекте біріккен сөздердің басты белгілері ретінде олардың көбінесе аффикссіз екі түбірден бірігетіні (балажан, еңбекақы) кейбір біріккен сөздердің арасында не соңында қосымшалар бар екені (жаздыгүні, күздігүні, отағасы, қосағасы ), қос сөздердегідей бір сөздің қайталануы, (жүре-жүре, көре-көре), я сөздің екі сыңары да мәнсіз (апыл-тапыл, жым-жылас, оқта-текте) болып келуі біріккен сөздерде кездеспейтіні, біріккен сөздердің орнын ауыстыруға көнбейтіні, біріккен екі сыңардың бірі жуан,бірі жіңішке болып келсе, онда олар буын үндестігіне бағынбайтыны (көкқұтан, қаптесер, еңбекақы, Ботагөз, Сарыөзек), бірақ кейбір біріккен сөздердің аралығында дыбыс үндестігі сақталатыны (көкала-көгала, алаөкпе-алөкпе, Қазанқап-Қазаңғап), біріккен сөздердің екі я үш сөзден бірігіп, бір ғана мағына беретіні және ол сөздердің жалаң қосындысы емес, жеке сөздердің мағынасы түгелдей не жартылай жойылған жаңа мағыналы сөздер екені (асқазан, бозбала), біріккен сөздердің дара сөздер сияқты сөйлемнің бір ғана дара мүшесі болатындығы көрсетілген [4: 5-8]. Еңбектің соңында біріккен сөздер мен сөз тіркестерінің бес мыңдай сөзден тұратын сөздігі берілген [4: 27-125].
Қазіргі қазақ тіл білімінің даму жүйесі өзіндік ерекшеліктерге ие болды. Сондықтан да қазақ тіл білімінің әр категориясын жаңа қырынан зерттеп, зерделеу мәселесі бүгінгі ғылымның соны өрісте дамып, жетілуіне септігін тигізбек. Солардың қатарында біріккен сөздер мәселесін зерттеудің теориялық әрі практикалық маңызы зор. Қазақ тіл білімінде біріккен сөздер мәселесі, олардың зерттелу тарихы жөнінде белгілі бір уақытпен жүйеленген дәстүр қалыптасқан. Осы біріккен сөздер жөнінде жарияланған зерттеулердің басында қазақ тіл білімі теориясының алғышарттарын ұсынған бірден бір ғалым А.Байтұрсынов тұратыны белгілі. Ғалым сөз тұлғаларын бес топқа бөледі де, біріккен сөзді қос сөз терминімен атайды. Сөздің сыртқы көрінісі - сөздің тұлғасын [1.163] алты арысқа бөліп жіктеген ғалым Қ.Жұбанов та біріккен сөзге қатысты өзіндік мәні бар құнды пікірлер айтып өтеді. Ғалым екі түбір, үш түбірден құралып тұрып, бір түбір болып кеткен сөздерді кіріккен түбірлер дей отырып, біріккен сөздерге кіріккен түбірлер деген атау тағады. Аталған ғалымдардың ғылыми тұжырымдарымен үндесе келетін ой-пікірлерді А.Ысқақов, К.Аханов, С.Исаев, М.Балақаев т.б. сынды ғалымдарымыздың еңбектерінен де көре аламыз. Жалпы осы кезге дейінгі біріккен сөздерге қатысты зерттеулер шолу түрінде болып, жеке зерттеу нысанына алынбағаны да белгілі. Осыған қарамастан, бүгінгі тіл білімінің зерттеуші-ғалымдары біріккен сөздердің өзектілігін құрылымдық-мағыналық тұрғыдан саралау арқылы дәлелдеуде. Солардың қатарына біріккен сөздерді құрама сөздердің ерекше түрі деп жіктеген ғалым Қ.Күдеринованың бірқатар құнды пікірлерін жатқызамыз. Ғалым өзінің Бірге және бөлек жазылатын сөздердің орфографиясы (2005) атты монографиясында күрделі сөздер жалпы сипаттамасына тоқтала келіп, күрделі сөз бен құрама сөз [2] терминдерінің ара-жігін ажыратады. Автор біріккен сөздердің тұлғалану мәселесінің күрделілігін айрықша атап өтеді де, орыс, батыс еуропа тіл біліміндегі зерттеулерге барлау жасап, біріккен сөздердің шығу тегі, өздеріне тән белгілері туралы айтылған көзқарастарға азды-көпті тоқталып кетеді. Аталған тілдік зерттеулерінің қорытындысы ретінде ғалым Қ.Күдеринова тіл-тілде құрама сөздерді бірге тұлғалауда төмендегідей факторлардың орын алғанын атап өтеді: v Тұлғалық фактор: құрама сөз сыңарлары грамматикалық формаларының элизия, редукциялануы, екі сыңар ұластырғыш жалғаулықтардың болуы, сыңарлардың фонетикалық контаминацияға ұшырауы, бір екпінге бағынуы; v Мағыналық фактор: сыңарлар мағынасының лексика-семантикалық контаминацияға түсуі, ортақ мағына беруі [2]; Зерттеушінің тағы бір жетістігі - сөздерді бірге тұлғалаудың жоғарыда аталып өткен тұлғалық факторын тұлғалаудың формалды белгілері деп алуы. Және біріккен сөз жасауда қосымшалардың сөз ұластыратын қызметін ұластыруыштар деп, ал лексикалық бірліктердің сөз жасау қызметін құрастыруыштар деп формалды белгінің өзін екіге бөліп алуы біраз мәселелердің басын ашып, айқындағаны сөзсіз. Ал құрастыруыш тұлғаларды бүтіннің бөлшегі сипатына қарай аффиксоидтар (тану, құмар, жай, жанды, хана, аралық), стандарт тұлғалар (басы, хат, гүл, от(ы), жегі, ақы, балық, 26 шөп, қап, ауру, той) және жинақтаушы тұлғалар (бас, ағаш, құрт, тамыр, тікен, жапырақ, аяқ, тас, сөз) деп үш топқа ажыратады. Ғалымның осы теориялық тұжырымдарын негізге ала отыра, химия саласына қатысты терминдердің құрылымдық ерекшеліктерін саралауға болады. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми сөздігінің Химия топтамасында жалпы саны 5500-ге жуық термин берілсе, біздің есептеуіміздің нәтижесі бойынша, соның 196-ы біріккен сөз тұлғалары екен. Біріккен сөздерді (БС) талдау барысында мынадай статистикалық есептеулер алдық: -- Төл түбірлердің бірігуі арқылы жасалған БС (65 БС): асқынкернеу, әктастар, әсіреүйірткі, екідайлық, жаққымай т.б. [3] т.б. -- Төл түбірлер мен интернационал сөздердің бірігуі арқылы жасалған БС (131 БС): автоөршу, азобірігу, гидросірне т.б. [3] т.б. -- Аталған сөз тұлғалары - біріккен сөздердің құрылымдық ерекшеліктері де сан қилы: -- Ұластыруыштар: -лар (-дар, -дар,-тар): әктастар, жәндікжойғылар, жарыққұрамдар т.б. (73 БС) -лық: майсыйымдылық, майтұрақтылық, оттөзімділік т.б. (12 БС) -қы: әсіреүйірткі, жәндікжойғылар;(2 БС) -қ: шыныжарықшақ;(1 БС) -ыс: түрөзгеріс;(1 БС) -у: көбіктүзу, қосашөктіру, құрылымтүзілу т.б.(12 БС) -ғыш: ылғалсорғыш, түрөзгерткіш т.б.(7 БС) -ша: тұзкөпірше; (1 БС) -- Құрастыруыштар: а) аффиксоидтар: хана: зертхана; (1 БС); ә) жинақтаушы құрастыруыштар: тас: әктастар, теміртас; ( 2 БС); Көрсетілген сандық нәтижелер арқылы біріккен сөздердің құрылымдық ерекшеліктері айқындалып, анықтала түседі. Демек, біріккен сөздердің жасалуы тек екі түбір тұлғаларының бірігуі арқылы ғана емес, түрлі тілдік бірліктердің бір-біріне ұласуы, бірін-бірі құрастыруы нәтижесінде де пайда болатыны негізсіз емес екеніне де анық көз жеткіземіз.

II тарау. Біріккен сөздердің өзіндік ерекшелігі.
2.1.Абай жолы роман-эпопеясында күрделі сөздер қолданысы

Біріккен сөз - күрделі құрамды сөз. Солай сөз жасау тарихи процесс. Ол - тілдің ішкі заңдарына негізделген заңдылық. Ойдан шығарылған не басқа тілге тән құбылыс емес, қазақ тілі, қазақ жазуы қабылдап, игеріп жатқан құбылыс. Оны дамыта беру үшін графикалық таңба, орфографиялық ережелер арқылы белгілі қалыпқа түсіру - тіл жұмсаушылардың сан-сезімін дамытуға ықпал жасағанымыз болады. Тіл жұмсаудағы бұл прогрестің дамуы - адам ойының ілгері дамуының да көрінісі. Біріккендердің жігін айырып бөлшектеп жазу, немесе біріктіріп жаңа сөз жасауға қарсы орфографиялық қағида ұсыну - күрделенген өскелең өмірімізге жарасымды әрекет болмаса керек. Сөз - сөз тіркестері мен сөйлемдерді құраудың материалы болса, біріккен сөз - сомданған материал. Оларды сол күйінде жазу - бөлшекті бүтін күйінде пайдалану, сөйлемдер арқылы ой дәлдігін білдірудің нышаны. Біріктіріп жазу жинақтылықтың да нышаны. Жинақтылық- мәдениеттіліктің белгісі. Мәдениетті елдің жазуы тілдегі сөз тұтастығын бұзбай, адамдардың психологиялық ойлау қабілетіне сәйкес болуға тиіс.
2. Біріккен сөздерді біріктіріп жазу- тілдің сөз байлығын дамытудың да қамы. Тұтастырып жазу - жазудың тиімді түрі. Ол тіл жұмсаушылардың, мектептерде тіл сабағын оқытушылардың саналы, ойлы әрекетіне негізделеді.
3. Біріккен сөздерді жұртқа біріктіріп жазып оқыту арқылы солардың тұтастығын танытамыз, бір сөз ретінде дұрыс жазып жылдам оқуға тиісті жағдай жасаймыз. Мысалы, біржола, келіссөз, оңтүстік, қосаяқ тәрізді сөздерді бір жола, келіс сөз, оң түстік, қос аяқ деп қырғыздарша бөліп-бөліп жазып, олай оқытқанда, ықшамдылықтың орнына шашыраңқылық, ежіктеу, теріс түсініктер пайда болмай ма? Түсінік үшін бірге жазылатын ақсүйек (ойын), ақсақал (адам, қария), Аққұм, Сұршақыз (ән) сияқтыларды сондай құрамда бөлек жазылатын ақ сүйек, ақ сақал, ақ құм, сұрша қыз дегендей тіркестерінен айыруда үлкен мән бар, сол үшін де оларды біріктіріп жазамыз. Осындай тілдік тәрбие жұртты ойшыл болуға баулиды.
Тарихи дәстүрді дамыта түсу арқылы тілдің сөздік құрамын байыту үшін, тілде жаңа сөздер жасалса, соларды танып, біліп, өмірлік қажеттілікке айналдыру үшін, сөздердің айтылуы мен жазылуын біркелкі ету үшін, мағына дәлдігі үшін біріктіріп жазамыз.Графикалық, орфографиялық таңбалар арқылы екі сөздің бірігуі арқылы бір атау, бір ұғым - бір сөз екенін оқушылар мен жазушыларға таныту, оларды басқа сөз тіркестері мен түйдекті тіркестерден айыру үшін біріктіріп жазамыз.
Біріккен сөздерге байланысты тіл білімінің зерттеуші ғалымдары барынша бірізділікке, тіл мен тілді қолданатын күллі қазаққа ыңғайлы шешімдер шығарып, оң зерттеулер жасаған. Қалай десек те тіл білімінің атасы, Ахмет Байтұрсынұлының әу бастан айтқан, қос сөзділікке байланысты тұжырымдамасы да өте орынды. Қалай десек те, біріккен сөздердің қолданыс аясын зерттеушілер емес, көбірек қолданып ұсынатын ақындар мен жазушылардың шығармасына тікелей байланысты.
Абай жолы - ғасырлық туынды. Төрт томды эпопеялық көлемді роман қазақ қоғамының ғасырлық, әлеуметтік, тұрмыстық, отбасылық ғұмырын мейлінше дәл, айқын, адал бейнелейді. Бұл шығармадағы оқиғалар күн демей, түн демей толассыз өтіп жатады, бірін-бірі қуалай аққан дария толқындарындай сабақтас қалпында көрініс табады. Біз шығармадан мәңгілік толас таппайтын жақсылық һәм жамандықтың, ізгілік пен зұлымдықтың шайқасын көреміз, рухани қорымызды байыта түсеміз. Абайдың өмірінен үлгі аламыз. Мұхтар Абайдың жеке басына түскен қиындықтан, жеке бас трагедиясынан халық трагедиясын көтере білді. Данышпан Абайдың бала, жас Абайдан хәкім, дана Абайға дейінгі өмір кезеңін қамтитын бұл шығарманың қазақ әдебиетінен алар маңызы зор. Абай жолында қазақ қоғамының алуан түрлі топтары кең қамтылып, сан қырлы көрініс тапқан. Сонымен қатар романда қазақ халқының тұрмысы, діні, жалпы дәстүрлері: жаз жайлауға көшу, аза тұту, ас беру, жұт, болыс сайлаушы, дауға билік айту, аң аулау мен табиғи көріністері көркем айшықталған. Абай жолы - жай ғана тарих емес, көркемдік ойдың көрігінен өткен, бүкпесіз бейнеленген өмір шындығы, халықтың тағдыры, өткені мен келешегі жайында терең толғаныс.

2.1 Абай жолы роман-эпопеясындағы күрделі сөздер
Күрделі сөздерді қай ақын,жазушы болмасын өз шығармаларында жиі қолданады.Себебі күрделі сөздер кез-келген шығарманы терең түйінді,айғақ, шешен,өткір, мазмұнды,түсінікті етіп,халықтың қызығып оқуына жетелейді.
Мәселен, Мұхтар Әуезовтың Абай жолы роман-эпопеясын мысалға алатын болсам,өне бойында тұнып тұрған күрделі сөздер.Соның ішінде қосарлама зат есімдерді топтап кездестіруге болады. Әрі кедей, әрі жалғыз, жетім-жесір боп қалды. [6].Қопа мен Қаршығалы сияқты қоныстарды Бөкеншіге Жігітектен алып бергеннен бері,қазір міне,күн сайын көші- қон да,жайылыс - өріс, бие-бау да даулы болып,тату ағайын тоңырайысып барады. [6].Халық үшін де, өзім үшін де дүниенің ең асылы- білім-өнер. [6]
Осы роман-эпопеяда келтірілген мысалдарда екі сыңарының да лексикалық мағынасы бар зат есім мен зат есімнің қосарлануы арқылы жасалғанын көреміз.Сақал-шашы бір реңдес,қара бурыл Сүйіндік оқта-текте бір қарап қойғаны болмаса,Құнанбайға тесіле қарамайды. [6].Көп болса, киімдері, ер-тұрманы ғана жаман; қолдарында сойылдары ғана бар.[6].Қараса, бұның шоқпарын тартып ап, ақ боз аттың алдынан көлденең шығып, қазір ішек-сілесі қатып, үнсіз күліп тұрған бала. [6].Анау көрініп тұрған төскейдің сай-саласы,бие бауы, ауыл қонысы, қой өрісі-барлығы да соншалық таныс, жақын. [6].Бұлардың барлығында да толық мағыналы зат есімдер қосарланып келіп,екінші сыңары тәуелдік жалғаудың ІІІ жағында тұрғандығын байқаймыз.Жоғарыдағы төрт жігіт Қодар денесін қаумалап,ілгері-кейінді толқытып тұрып,бір кезде тастап жіберді. [6].Базарлының өзімен тілдеспейтін Балагаздар осы күндерде Қарашаның аулына күндіз - түні кісі жіберіп, хабар-ошар алып тұратын. [6].Бұл сөздер,яғни ілгері-кейінді, күндіз-түні, бір-біріне я жетекші,я көмекші бола алмайды,олардың мағыналары өзара тың я пара-пар болады.Жақсылық пен игілікке алыс-жақын жоқ. [6].Осы берілген сөйлемдегі алыс-жақын қосарлама антонимдік сын есім болса, мына сөйлемдегі:Ауылдарының үстінен көк темірлі, көп аттылар өткенде,бала-шаға,кәрі-жас қатты түршікті,-дегендегі кәрі-жас қосарлама антонимдік,яғни қарама-қарсы мәндегі зат есім болып келеді. [6].Аты әлемге мәшҺүр болған Мұхтар Әуезовтың Абай жолы роман эпопеясында қосарлама зат есімдерден басқа қосарлама сан есімдер де жиі кездеседі.Бұған мына сөйлемдер дәлел болады.Анадай жерде қонақ үйдің сыртында, қасында екі-үш үлкен кісі бар-әкесі Құнанбай тұр екен. [6].Жайлауға қарай,Шыңғыс асқалы беттеп келе жатқан елдің үш-төрт аулы қоныпты. [6].Бұл сөйлемдердегі күрделі сөздер, яғни екі-үш,үш-төрт - есептік сан есім мен есептік сан есімнің қосарлануы арқылы жасалғанын көреміз.
Абай жолы роман-эпопеясынан қосарлама етістіктерді де кездестіруге болады.Оған дәлел мына сөйлемдер:
Осыны Жексен өз бетімен топшылап, бұл құдайға не қылады?деп жүріп-жүріп кеп,ақыры: Мұнысы келіні болды! деп байлаған-ды [6].Екі иығы шошынып қысылғандай, дір-дір етті. [6].Айғыз бен Ұлжандар есіткенде, бүгін қойшыдан есітіп отыр. [6].Ерболмен соншалық ырзалықпен, шын досша қоштасты да, өзенді құлдап, желіп жүріп кетті. [6].Бұндағы жүріп-жүріп лексикалық мағынасы бар етістік пен етістіктің қосарлануы арқылы жасалса,дір-дір етті күрделі етістік болса, сол сияқты есітіп отыр, жүріп кетті күрделі етістік болып табылады.Бұл атақты роман-эпопеяда тек қосарлама сөздер,қосарлама етістіктер ғана емес, сонымен қатар қайталама қос сөздер де бар.
Мысалы:Құнанбай өз алдындағы мына бейбастақтыққа қатты ашуланып, Оспанды сол қолымен өзіне қарай жұлқып сүйреп алды да, жақтан тартып-тартып қалды. [6].Кей- кейде өзіне таныс Көкүйірім мен Буратиген, Тақырбұлақ сияқты қоныс-құдықтардың астындағы жарау құла бестісін ағызып-ағызып та алады. [6].Барлық үлкеннің құшағына амалсыз кезек-кезек кіріп болып,енді сытылып, шешесіне қарай баса берді. [6].Аздан соң Абай бұларды тосып алып,енді үшеуі бірдей ұзақ-ұзақ жарысуға айналды. [6].Бұл сөйлемдерде екі сыңары да мағыналы етістіктердің ешбір жалғаулықсыз қайталануы (тартып-тартып) арқылы байланысып тұр.Ал, ұзақ-ұзақ, кезек-кезек қимыл-сын үстеудің қайталануы болса, ағызып-ағызып көсемше формалы етістіктің қайталануы болып табылады.Үлкендер ақырын мырс-мырс күліп қойды. [6].Мұндағы мырс-мырстың фонетикалық, грамматикалық, әсіресе,сематикалық жақтан ерекшеленіп айтайын деген ойды нақтылап көркем жеткізуде ерекше мәні бар. Тілімізге әрдайым әсемдік,ықшамдық,көріктік сипат беріп тұратын-сөз.Мұхтар Әуезовтың Абай жолы атты роман-эпопеясының бір сөйлемнің ішінде қосарлама зат есім мен сын есімнің,сын есім мен сын есімнің зат есім мен зат есімнің қосарлануын көреміз.Оған мына бір сөйлем айғақ бола алады.Базарлының өзімен тілдеспейтін Балагаздар осы күндерде Қарашаның аулына күндіз - түні кісі жіберіп, хабар-ошар алып тұратын. [6].Қырықтың ішіне жаңа кіріп, семіз тартып қалған сары-қызыл бәйбіше жаңағы дауыстарды түгел естіді. [6].Екінші сөйлемдегі хабар-ошар зат есім мен зат есімнің қосарлануы арқылы жасалған.Сонымен қатар, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қос сөз
Қазақ тілінің сөзжасам негізі
Сын есім сөзжасамы
Қазақ тіліндегі есім негізді туынды сөздердің сөзжасамы
Ағылшын тіліндегі біріккен сөздер
Қазіргі қазақ тілі
«Қазақ тіліндегі терминдік атаулар мен ұғымдарды білдіретін лингвостатистикалық сөздер мен сөз тіркестері»
Кіріккен сөздер
Күрделі сөздердің мағыналары проблемасы
Біріккен сөздер
Пәндер