Әрекетте қылмыс құрамының болмауы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ш.ЕСЕНОВ АТЫНДАҒЫ КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ
Бизнес және құқық факультеті
Құқықтану кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Пәні: Қылмыстық іс жүргізу құқығы
Тақырыбы: Қылмыстық іс жүргізуші органның заңсыз әрекеттерімен келтірілген зиянды өтеу институтының қалыптасуы және бүгінгі күнгі жай-күйі
Орындаған: ЮП 18-9 тобы студенті
Ұлтан Ә.Р.
Рецензент: з.ғ.к. доценті
Алибеков С.К.
Ақтау 2020
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
І. ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУШІ ОРГАННЫҢ ЗАҢСЫЗ ӘРЕКЕТТЕРІМЕН КЕЛТІРІЛГЕН ЗИЯНДЫ ӨТЕУ ИНСТИТУТЫ ... ... .
1.1. Қылмыстық процесті жүргізуші органның заңсыз іс-әрекеттерімен келтірілген зиянды өтеу қылмыстық іс жүргізу құқығындағы ақтау ұғымы ... ..
1.2. Қылмыстық процесті жүргізуші органның заңсыз іс-әрекетінің салдарынан келтірілген зиянның өтелуіне құқығы бар адамдар ... ... ... ... ... ... ..
1.3 Қылмыстық іс жүргізуші органның заңсыз әрекеттерімен келтірілген зиянды өтеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ІІ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУШІ ОРГАННЫҢ ЗАҢСЫЗ ӘРЕКЕТТЕРІМЕН КЕЛТІРІЛГЕН ЗИЯНДЫ ӨТЕУДІҢ ЖАЙ-КҮЙІ ... ...
2.1 Мүліктік және моральдық зияндарды өтеудің процессуалдық тәртібі ... ... ..
2.1 Қылмыстық іс жүргізуші органның заңсыз әрекеттерімен келтірілген зиянды өтеудің бүгінгі күнгі жай-күйі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі. Қылмыстық сот өндірісінің теориясы мен практикасында ақтау ұғымының дәл анықтамасы жоқ, ондай анықтаманы Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі де бермеген. Сонымен бірге ақтау ұғымы Қылмыстық іс жүргізу Заңында қарастырылып, онда ақтау ұғымының мазмұны толық ашылып көрсетіледі. Заңда зиянды өндіруге құқығы бар адамдардың тізімі анықталған, сот тәртібімен адамның абыройлы аты мен атағын қалпына келтіруге азаматтарға кепілдік беретін ақтаудың негізі мен тәртібі және қылмыстық процесті жүргізуші органның заңсыз әрекетінен келтірілген зиянды өтеу көзделген. Ақталған адам кінәсіз деп есептеледі және оның Қазақстан Республикасы Конституциясымен кепілдік берілген құқықтары мен бостандықтарын қандай да болмасын шектеуге болмайды.
Ақтау дегеніміз, біздің пікірімізше, адамға қатысты ақтау үкімін шығаруы немесе анықтау, тергеу органдарының, прокурордың, Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 37-бабына сәйкес қылмыстық істі қысқарту туралы қаулы шығаруы деп түсініледі. Осыны негізге ала отырып, ақталушының материалдық және моральдық зиянды өтеуді, сонымен қатар басқа да бұзылған құқығын қалпына келтіруді талап етуге құқығы бар.
Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 37-бабының 1-бөлімінің 1,2,5,7,8-тармақтарында көзделген негіз бойынша қылмыстық іс қысқартылған жағдайда тергеуші немесе прокурор адамды ақтау бойынша заңда көзделген және қылмыстық істі жүргізу органының заңсыз әрекеті нәтижесінде ақталушыға келтірген зиянды өндіру жөнінде барлық шараларды жүзеге асырады.
Заңның мағынасы бойынша негізінен өтелуге жататын шығын:
a) Заңсыз сотталғаны үшін; заңсыз қылмыстық жауапқа тартылғаны үшін;
b) Заңсыз қудалау шараларын қолдану - ұстау, қамауға алу, шықпау туралы қолхат алу. Азаматтың зиянды өндірудегі құқығын танудың шешуші мәні мынада: зиян міндетті түрде қылмыстық қудалау органының заңсыз іс жүргізу әрекетінің нәтижесінен туындайды.
Курстық жұмыстың міндеттері:
Қылмыстық процесті жүргізуші органның заңсыз іс-әрекеттерімен келтірілген зиянды өтеу қылмыстық іс жүргізу құқығындағы ақтау ұғымын түсіндіру
Қылмыстық процесті жүргізуші органның заңсыз іс-әрекетінің салдарынан келтірілген зиянның өтелуіне құқығы бар адамдарды жіктеу
Мүліктік және моральдық зияндарды өтеудің процессуалдық тәртібін реттеу.
Курстық жұмыс құрылымы. Курстық жұмыс құрылымы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І. ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУШІ ОРГАННЫҢ ЗАҢСЫЗ ӘРЕКЕТТЕРІМЕН КЕЛТІРІЛГЕН ЗИЯНДЫ ӨТЕУ ИНСТИТУТЫ
1.1. Қылмыстық процесті жүргізуші органның заңсыз іс-әрекеттерімен келтірілген зиянды өтеу қылмыстық іс жүргізу құқығындағы ақтау ұғымы
Жоғарыда айтқандай, Ақтау сөзінің мәні оның ұғым ретінде сот арқылы құқықты қалпына келтіру, жақсы атақты бұрынғы беделді қалпына келтіру сияқты элементтерді қамтитыны туралы айтуға мүмкіндік береді. Яғни адамды ақтау ұғымы, заңда белгіленген негіздер бар болған жағдайда, қылмыстық ізге түсудің тоқтатылуы, жазаны өтеу үкімі күшінің жойылуын білдіреді. Сонымен бірге қылмыстық іс тоқтатылуының бәрі бірдей қылмыстық іс жүргізушілік мағынасындағы ақтауды білдірмейді. Ақтау - бір кездері басталған қылмыстық ізге түсуді, сотта іс қарауды одан әрі жалғастырудан тек қана оң сипаты бар негіздемелер бойынша мемлекеттің өкілетті органдар мен лауазымды адамдар атынан бас тартуы.
Қылмыстық істі тоқтату үшін негіздемелердің ақтайтын және ақтамайтын деп бөлінуі аталған мән-жайларға байланысты. Сондықтан, қылмыстық іс жүргізушілік ақтау ұғымын тек қылмыстық процесті жалғастырудан бас тартудың оң негіздерімен ғана байланыстыру қажет.
Қылмыстық процесті жалғастырудан тек соттың немесе қылмыстық іске түсу органының ғана бас тартуына болады.
ҚІЖК-тің 39-бабына сәйкес ақтау негіздеріне мыналар жатады:
Қылмыс оқиғасының болмауы;
Әрекетте қылмыс құрамының болмауы;
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 105,111, 112, 120, 121,123,129,130,136,140,142,144,145 ,188,296,300-баптарында көзделген қылмыстар туралы істер бойынша, яғни жеке айыптау істері бойынша, сондай-ақ жеке-жария айыптау қылмыстары туралы істер бойынша жәбірленуші шағымының болмауы;
Сол айыптау бойынша сот үкімінің заңды күшіне енуі немесе егер адамның қылмыстың ізіне түсудің мүмкін емес екені анықталса, ол жөнінде күші жойылмаған сот қаулысының болуы;
Егер қылмыстық ізге түсу органының сол айыптау бойынша қылмыстық іс қозғау туралы күші жойылмаған қаулысы бар болса, адамның қылмыстық ізіне түсуден бас тарту.
Аталған негіздердің кез келгені бар болған жағдайда адам кінәсіз деп саналады және оның Қазақстан Республикасының Конституциясымен кепілдік берілген құқықтары мен бостандықтарын қандай да бір шектеуге болмайды. Қылмыстық істің тоқтатылуына себеп болатын ақтау негіздерінің мәні туралы М.С.Строговичтің айтқан пікірі ерекше мәнді. Ол былай деп жазды: Осы негіздердің әрбірі адамның айыпталушы ретінде тартылуына жол бермейді және айыпталушы ретінде тартылған адамның кінәсіз екенін анықтайды, өйткені бұрын жорамалданғанына қарамастан қылмыс жасалмаған не жасалған әрекет қылмыс болып табылмайды. Адамды ақтау үшін көзделген негіздер түгелдей толық қамтылған және кеңейте түсіндіруге жатпайды.
ҚІЖК 37-бабының мәні бойынша қылмыстық ізге түсуді болдырмайтын жағдайлар бар болса, қылмыстық ізге түсуді қозғауға болмайды, ал қозғалған іс тоқтатылуға тиіс. Бұл қағида ақтауға тек іс бойынша басталған іс жүргізуге байланысты бөлікке ғана қатысты. Адамды қылмыстық іс жүргізу тәртібімен тек қылмыс жасады деген айыптау бойынша оның қылмыстық ізіне түсу басталған немесе сот ол жөніндегі қылмыстық істі өз қарауына қабылдаған жағдайда ғана ақтауға болады.
Сонымен, қылмыстық іс жүргізушілік ақтауды тек бастапқы сәт қылмыстық іс қозғау, ал түпкі сәт - соттың ақтау шешімін шығаруы болып табылатын шектерде ғана жүзеге асыруға болады. Бұл жағдайда адамның өзі жөнінде қылмыстық іс қозғалғанын білуінің, сондай-ақ ақтау негіздері бойынша істің тоқтатылуына оның қарсылық білдіруінің ешқандай маңызы жоқ.
Негіздер бар болған жағдайда қылмыстық іс жүргізушілік ақтауды қолдану - соттың, қылмыстықізге түсу органының міндеті. Ақтау негіздері анықталған жағдайда қылмыстық іс сотқа дейінгі іс жүргізудің кез келген сатысында тоқтатылады.
Егер іс сотқа жіберілсе, ал адамды сотқа прокурор берсе, ол айыпталушының ақтау үшін негіздер бар екенін байқаған жағдайда істі соттан басты сот тергеуі басталғанға дейін кері қайтарып алуға және істің жүргізілуін тоқтатуға құқылы. Егер ақтау негіздері сот тергеуі барысында байқалған болса, іске мемлекеттік айыптаушы ретінде қатысушы прокурор айыптаудан бас тартатыны туралы мәлімдеуге міндетті. Қаралып отырған негіздерді соттың байқауы айыпталушыны ақтау үшін көзделген шаралардың қолданылуын қажет етеді.
Ақтау қылмыстық процесті жүргізуші органның заңсыз іс-әрекеттерінің салдарынан келтірілген зиянды өтеуге бағытталған шешімдер қабылдауды қамтиды. Сол органдардың қатарына сот, қылмыстық ізге түсу органдары (прокурор, тергеуші, анықтау органы, анықтаушы) жатады. Айыпталушы қылмыстық іс жүргізушілік ақтау үшін негіздердің байқалуы қылмыстық процесті жүргізуші органның іс-әрекеттері заңсыз болғанын білдіреді.
Заңдылықтың бұзылуына жол берген органның анықталуы нақты ақтау негізімен, қылмыстық процесс сатысымен және қылмыстық іс жүргізу субъектілерінің шеңберімен байланысты. Бұзылған құқықты қалпына келтіруге бағытталған өзге де жалғас нысандардың таңдалуы заңдылықтың бұзылуына қандай органның жол бергеніне байланысты. Заңдылықтың бұзылуына жол берген органның анықталуы келтірілген зиянды өтеу көздерін анықтауға ықпал етпейді, бірақ заңдылықтың бұзылуына себеп болған мән-жайларды жою үшін оның маңызы бар.
Қылмыстық іс жүргізушілік ақтау толық немесе ішінара болып бөлінеді. Толық ақтау адамның бұзылған барлық құқықтарының қалпына келтірілуін, қылмыстық процесті жүргізуші органдардың заңсыз іс-әрекеттері салдарынан келтірілген зиянның барлық түрлерінің толық көлемінде өтелуін білдіреді. Толық ақтау қылмыстық істің тоқтатылуы жүзеге асырылатын айыптаудың көлемімен айқындалады. Егер әңгіме қылмыстық істі айыптаудың бүкіл көлемі бойынша, ҚК-те көзделген, жүктелетін барлық әрекеттер бойынша тоқтату жайында болса, ақтау толық деп танылады. Егер іс ҚІЖК-тің 39-бабында көзделген негіздер бойынша адамға тағылған айыптар бойынша тоқтатылатын болса, ақтау ішінара сипатта болады. Ішінара ақтау келтірілген зиянның заңдылықтың бұзылуына жол берілген мөлшерде өтелуін көздейді. Мәселен, адамғаҚК баптарының жиынтығы бойынша айып тағу, сол баптардың бірі бойынша қылмыстық процесті тоқтату ақтау туралы ереженің тек айыптаудың іс жүргізу тоқтатылған көлемінде ғана қолданылуына әкеліп соғады, бірақ ҚК-тің ақтау үшін негіздер көзделмеген бөлігі мен баптары бойынша қылмыстық істің тоқтатылуына әкеліп соқпайды. Басқаша айтсақ, адамға Қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша айып тағылған. Сол баптардың бірі бойынша мерзімі ескірген. Мерзімі ескірген қылмыс бойынша қылмыстық істі тоқтату, сол қылмысқа байланысты заңсыз іс-әрекеттер салдарынан келтірілген зиянды өтеу ішінара ақтауды білдіреді, өйткені өзге қылмыстар бойынша қылмыстық іс одан әрі жүргізіле береді.
1.2. Қылмыстық процесті жүргізуші органның заңсыз іс-әрекетінің салдарынан келтірілген зиянның өтелуіне құқығы бар адамдар
Қылмысты процесті жүргізуші органның заңсыз іс-әрекетінің салдарынан келтірілген зиянның өтелуіне өз құқықтары мен бостандықтарына қысым жасалған сезіктілер мен айыпталушылар айтарлықтай басым бөлігінің құқығы бар. Заңсыз ұсталудың, қамауға алудың, үйде қамауда ұстаудың, қызметтен уақытша шеттетудің, арнаулы медициналық мекемеге орналастырудың, соттаудың, медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданудың нәтижесінде келтірілген зиян өтелуге тиіс. Мүліктік зиян республикалық бюджеттен толық көлемінде өтеледі. Мұндай зиянды өтеу үшін қылмыстық процесті жүргізуші органның қаншалықты кінәлі екенінің маңызы жоқ.
Өтелуге тиісті материалдық зиянның мөлшері заңдылықтың бұзылуына жол берген органдар арасында бөлінбейді. Тиісті өтем төлемдерінің түгелдей республикалық бюджеттен төленуі үшін мүліктік зиянды өтеуге заңды негіздердің анықталуға жеткілікті. ҚІЖК-тің 40-бабына сәйкес қылмыстық процесті жүргізуші органның заңсыз іс-әрекеттерімен келтірілген зиянның өтелуіне құқығы бар адамдар бес топқа бөлінген.
1.ҚІЖК-тің 39-бабына сәйкес қылмыстық іс жүргізушілік ақтауға жататын адамдар.
2.Өздеріне қатысты қылмыстық іс қозғалмауға тиісті, ал қозғалған іс ҚІЖК-тің 40-бабына 2-бөлігінің 2-тармағында көзделген бірқатар негіздер бойынша қысқартылуға тиісті адамдар. Ол негіздер мыналар:
Жәбірленушінің айыпталушымен татуласуы. Бұл жағдайда ауыртпалығы шағын немесе орташа қылмысты алғаш жасаған айыпталушы жәбірленушіге келтірілген зиян жуып-шайылған жағдайда қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін.
Жеке айыптаушының ҚІЖК 33-бабының 1-бөлігінде көзделген жеке айыптау қылмыстар туралы істер бойынша айыптаудан бас тартуы.
Аталған негіздерді жүзеге асыру үшін міндетті шарттар мыналар: - жеке айыптау іс бойынша жәбірленушінің шағымы болмауына, қылмыс дәрменсіз немесе басқаға тәуелді жағдайдағы не басқа себептер бойынша өзіне тиесілі құқықтарды өз бетінше пайдалануға қабілетсіз адамдардың мүдделерін қозғайтынын не басқа адамдардың, қоғамның немесе мемлекеттің елеулі мүдделерін қозғайтыны көрсететін белгілер болмауына қарамастан қылмыстық ізге түсуді болдырмайтын жағдайлар анықталған сәттен кейін тоқтатпастан одан әрі жүргізу.
3.Өздеріне қатысты қылмыстық іс рақымшылық ету актісінің шығуына, жасалған қылмыс үшін жаза соған сәйкес қолданылмайтын болуына, сондай-ақ мерзімнің ескіруіне байланысты тоқтатылуға тиісті адамдар. Келтірілген зиянды үшін аталған негіздер міндетті шарт ретінде қолданғанда қылмыстық ізге түсу, қылмыстық істі қысқартудың тиісті негіздері анықталғанына қарамастан, одан әрі жалғастырылады.
Қылмыстық процесті жүргізуші органның іс-әрекеттерінің заңсыздығы мынада:
Егер мерзімнің ескіруі анықталып, қылмыстық ізге түсу жалғастырылатын болса, қылмыстық іс жүргізу заңын қолдану принципі бұзылады;
Егер айыпталушы рақымшылық етуге жататын болып, оның қылмыстық ізіне түсу тоқтатылмаса, қылмыстық іс жүргізу заңын адамдарға қолдану принципі бұзылады;
Қылмыстық процеске заңсыз қатыстырылған адамдардың рақымшылық ету актісіне немесе мерзімнің ескіруіне байланысты оларға қатысты қылмыстық істің тоқтатылуына келісімі ескерілмейді.
Аталған негіздер бойынша қылмыстық істі тоқтату үшін сол негіздерді анықтау бастамашысы кім қылмыстық процесті жүзеге асырушы орган, айыпталушы, оның мүдделерін білдіретін немесе қорғайтын адам немесе қылмыстық процеске қатысушы басқа адам екенінің маңызы жоқ. Келтірілген зиянды өтеу үшін қылмыстық процесті жүргізуші органның қылмыстық істі тоқтату үшін негіздерді қашан анықтағанының маңызы жоқ. Қылмыстық істің тоқтатылуына себеп болған жағдайлар іс жүзінде пайда болған сәт маңызды. Мысалы, мерзім іс жүзінде 1 қаңтарда бітті делік. Қылмыстық процесті жүргізуші орган бұл мән-жайды 15 қаңтарда анықтады. Айыпталушының адвокаты бастама жасамай, 3 қаңтарда қозғалған істі тоқтату туралы тиісті өтінішті 10 қаңтарда ғана берді. Келтірілген зиянды өтеу құқығы пайда болатын сәт деп 3 қаңтарды санау қажет.
Мерзімі ескірген сәт пен осы негіз бойынша қылмыстық істі тоқтату үшін нақты негіздер пайда болатын сәт әрдайым бірдей үйлесе бермейді. Мұндай арақатынас қылмыстық істі рақымшылық ету актісіне байланысты тоқтатуға негіздер бар болған жағдайда да сақталады. Келітірілген зиянды адамға өтеу үшін нақты негіз рақымшылық ету актісі заңды күшіне енген сәттен бастап немесе рақымшылық ету айыпталушылардың нақты категориясына қатысты болатын сәттен бастап пайда болады.
4.Жасалған қылмыстың саралануы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің жеңілдеу қылмыс үшін жауаптылық көздейтін бабына сай өзгертілгеннен кейін, сонымен бірге ҚІЖК-ке сәйкес ұстауға немесе күзетпен ұстауға жол берілмейтін жағдайда қамауға алуға, бас бостандығынан айыруға кесілген, ұсталған немесе күзетпен ұсталған адамдар. Бұл шарттар сараланудың ҚК бойынша өзгертілуі жаңа, неғұрлым жеңілдеу жаза белгіленуін немесе үкімнен айыптың бір бөлігінің алып тасталуын және соған байланысты жазаның кемітілуін көздейтін жағдайларға да қатысты. Заңда медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын немесе тәрбиелік ықпал ету мәжбүрлеу шарасын қолдану туралы соттың заңсыз шешімі сот жолымен тоқтатылған жағдайларда да зиянның өтелуі көзделген.
Қамауға алу немесе бас бостандығынан айыру заңсыз өтелген мерзім адамға қылмыстық процесті жүргізуші органның іс-әрекетінің салдарынан келтірілген зиянның өтелуіне құқын беретін мән-жайлар анықталған сәтте ең соңында қолданылған ҚК бабында көзделген қамауға алу немесе бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның ең жоғары мөлшері асырылатын сәттен бастап есептеледі.
5.Заңды негізсіз тиісті мерзімінен артық қамауда ұсталған, сонымен бірге қылмыстық іс бойынша іс жүргізу барысында іс жүргізуге мәжбүр етудің кез келген өзге де шараларына заңсыз ұшыраған адамдар.
ҚІЖК-тің 151-бабына сәйкес қамауға алудың түрлі мерзімдері көзделген: екі айдан (іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу кезінде қамауға алудың жалпы мерзімі) он екі айға дейін (ерекше жағдайларда Қазақстан Республикасы Бас прокурорының рұқсатымен). Қамауға алу мерзімі біткеннен кейін, егер ол ұзартылмаса, айыпталушы дереу босатылуға тиіс. Келтірілген зиянды өтеттіру құқығы айыпталушыны қамауға алу немесе қамауда ұстау мерзімін ұзарту туралы тиісті қаулыда көрсетілген қамауда ұстау мерзімі біткен сәттен, оның күзетпен ұстаудан дереу босатылу құқығы жүзеге асырылатын жағдайларда пайда болады.
1.3. Қылмыстық іс жүргізуші органның заңсыз әрекеттерімен келтірілген зиянды өтеу
Қылмыстық процесті жүзеге асырушы органның заңсыз іс-әрекеттері салдарынан келтірілген зиянды өтеттіру құқығы азамат қайтыс болған жағдайда да сақталады. Бұл құқықты жүзеге асыру оның мұрагерлеріне ауысады. Төленуі тоқтатып қойылған зейнетақы мен жәрдемақы оларды алу құқығы асыраушысынан айырылуы себепті жәрдемақымен қамтамасыз етудің тәртібі туралы ереже өздеріне қатысты отбасы мүшелеріне көшкен жағдайда қайтадан төлене бастайды.
Қылмыстық процесті жүргізуші органның заңсыз іс-әрекеттері салдарынан келтірілген зиян өтелуге тиіс. Мәселен, зиянның өтелуіне талапкер адамның ұстауға, қамауға алуға, үйде қамауда ұстауға, қызметтен уақытша шеттеуге, арнаулы медициналық мекемеге орналастыруға, медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдануға әкеліп соққан жағдайларды қасақана туғызғаны қылмыстық сот ісін жүргізу барысында дәлелденетін болса, ол аталған іс-әрекеттердің оған заңсыз қолданылғаны сөзсіз анықталатын болса да, өзіне келтірілген зиянды өтеттіру құқығынан айырылады.
Сонымен бірге ерікті түрде өзіне-өзі жала жабу, зиян келтірілген адам жөнінде қоқан-лоққы, зорлық-зомбылық және нақты немее басқадай ықпал етудің басқа да заңсыз шаралары қолданылуына байланысты белгілердің болуына жол бермейтінін ескеру қажет. Аталған белгілер бар болған жағдайда адамның келтірілген зиянды өтеттіру құқығы сақталады.
Заң шығарушы ақтау процесінде өтелуге жататын зиянның мына түрлерін белгілеген: мүліктік зиян, моральдық зиян, еңбек, зейнетақы, тұрғын үй құқықтары мен өзге де құқықтарды қалпына келтіру. Зиянды өтеу құрметті, әскери, арнаулы немесе өзге де атақтың, сыныптық шеннің, дипломатиялық дәреженің, біліктілік сыныбының қалпына келтірілуін, мемлекеттік наградалардың қайтарылуын көздейді.
Мүліктік зиян төленуі заңсыз тоқтатылған жалақыдан, зейнетақыдан, жәрдемақыдан, қаламақыдан, сыйлықтардан, сондай-ақ қылмыстық процесті жүргізуші органның заңсыз іс-әрекеттерінің нәтижесінде адам айырылған өзге де қаражаттар мен кірістерден құралатын ақша сомасының қайтарылуын көздейді. Соттың үкімінің немесе өзге де шешімінің негізінде заңсыз тәркіленген немесе мемелекеттің кірісіне айналдырылған мүлік заттай, яки мүліктің адвокаттық құнының ақшалай өтемі түрінде өтелуге тиіс. Мүліктік зиянға соттың заңсыз шешімін орындаудың нәтижесінде өндіріліп алынған айыппұлдар, сондай-ақ сот шығындары және адам қылмыстық процесті жүргізуші органның заңсыз іс-әрекеттеріне байланысты төлеген өзге де сомалар жатады. Көрсетілген заңгерлік көмек үшін адам төлеген сомалар, сондай-ақ қылмыстық ізге түсудің салдарынан келтірілген өзге де шығыстар зиянның осы түріне жатады.
Моральдық зиян құқықтары мен бостандықтарына заңсыз қысым жасалған адамның жақсы атағын, қадір-қасиетін, беделеін қалпына келтіру жолымен өтеледі. Моральдық зиянды екі түрде өтеуге болады: 1) келтірілген зиян үшін адамнан ресми түрде кешірім сұрау; 2) келтірілген моральдық зиян үшін ақшалай өтемақы туралы талапты қанағаттандыру.
Ресми түрде кешірім сұрау адамды даттайтын ақпарат (қылмыс жасады деген күдік бойынша ұстау, айып тағылуына байланысты қамауға алу, жасамаған қылмысы үшін адамды соттау және т.т.), яки оның атақ-беделіне нұқсан келтірген ақпарат (қызметтен уақытша шеттету, адамды медициналық мекемеге мәжбүрлеп орналастыру), қылмыстық процесті жүзеге асырушы органдардың ақтау барысында заңсыз деп танылған іс-әрекеттері жөніндегі өзге де мәліметтер баспасөзде жарияланған, радио, теледидар арқылы берілген, өзге де бұқаралық ақпарат құралдары арқылы таратылған жағдайда орын алуы мүмкін. Сот, қылмыстық ізге түсу органы ақтаған адам сол бұқаралық ақпарат құралдары арқылы өзінен ресми түрде кешірім сұралуын талап етуге хақылы. Ақталған адам қайтыс болған жағдайда кешірім сұралуын талап ету құқығы сақталады, ол қайтыс болған адамның жақындарына көшеді. Талапты қылмыстық процесті жүргізуші органның қоюына және тиісті бұқаралық ақпарат құралдарына жолдауына болады. Қажетті хабар талап бұқаралық ақпарат құралына келіп түскен күннен бастап бір ай ішінде жасалуға тиіс.
Моральдық зиянның ақшалай өтелуі талап түрінде рәсімделіп, азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен жүргізіледі.
Адамды ақтау барысында жүзеге асырылған іс жүргізушілік әрекеттер соттың, қылмыстық ізге түсу органының тиісті шешімдері түрінде баянды етіледі. Қылмыстық процесті жүргізуші орган өзінің заңсыз шешімдерінің күші жойылғаны туралы жазбаша хабарды аталған органдардың заңсыз іс-әрекеттері келтірілген зиянды өтеттіруге құқығы бар адам жұмыс істейтін, оқитын, тұратын жерлерге екі апта мерзім ішінде жіберуге міндетті. Ондай жазбаша хабардың жіберілуі факультативтік сипатта болады, өйткені мүдделі адамның осы бөлікте талаптар қоюына байланысты. Егер адам ондай талаптар қоймаса, жазбаша хабар жіберу міндетті емес.
Келтірілген зиянды өтеу туралы талапты:
Мүліктік сипатта - ондай зиянды өтеттіруге құқығы бар адамдар мүліктік зиян үшін өтем түрінде төлемдер жасау туралы қаулыны алған сәттен бастап үш жыл ішінде;
Өзге де құқықтарды қалпына келтіру жөнінде - құқықтарды қалпына келтіру тәртібін түсіндіретін хабарлама алынған күннен бастап алты ай ішінде қоюға болады.
Егер талаптар қоюдың заңда белгіленген мерзімдері дәлелді себептермен өткізіп алынған болса, қолданылып жүрген ережелерге сәйкес ол мерзімдерді қалпына келтіруге болады.
Қылмыстық процесті жүргізуші органның заңсыз іс-әрекеттері нәтижесінде зиян тұлғаға келтірілуі мүмкін. Зиянды өтеу толық көлемінде жүзеге асырылады. Зиянды өтеу мерзімдері жеке тұлғалар жөнінде белгіленгеніндей.
Қылмыстық ізге түсу функциясын жүзеге асыру барысында бір факті бойынша түрлі өкілетті органдар қылмыстық істерді дербес қозғап, сотқа дейінгі тергеуді бір мезгілде жүргізетін жайттар пайда болуы мүмкін. Осы фактінің анықталуы бір адам және бір мән-жай бойынша екі іс жүргізілуінің дереу тыйылуына әкеліп соғады. Әйтпеген жағдайда қайтадан соттауға және қылмыстық ізге түсуге жол беруге болмайтыны жөніндегі принциптің бұзылуына жол беріледі.
Бір оқиға жөнінде түрлі айыпталушыларға қатысты істердің бөлек жүргізілуі қылмыстың тұтас көрінісінің қалпына келтірілуіне бөгет жасайтын жайттар қалыптасуы мүмкін, оның өзі сот төрелігінің мақсаттарына қол жетуін қиындатады. Осы жағдайларды сол қылмыстық істерді бір іс етіп біріктіру жолымен жоюға болады.
Аталған негіздер бойынша қылмыстық істі тоқтату үшін сол негіздерді анықтау бастамашысы кім: қылмыстық процесті жасаушы орган, айыпталушы, оның мүдделерін білдіретін немесе қорғайтын адам, немесе қылмыстық процеске қатысушы басқа адам екенінің маңызы жоқ. Келтірілген зиянды өтеу үшін қылмыстық процесті жүргізуші органның қылмыстық істі тоқтату үшін қашан анықтағанның маңызы жоқ. Қылмыстық істің тоқтатылуына себеп болған жағдайлары іс жүзінде пайда болған сәт маңызды. Мысалы мерзімі іс жүзінде 1 қаңтарда бітті делік. Қылмыстық процесті жүргізуші орган бұл мән-жайды 15 қаңтарда анықтады. Айыпталушының адвокаты бастама жасамай, 3 қаңтарда қозғалған істі тоқтату туралы тиісті өтінішті 10 қаңтарда ғана берді. Келтірілген зиянды өтеу құқығы пайда болған сәт деп 3 қаңтарда санау қажет. Мерзімі ескірген сәтпен осы негіз бойынша қылмыстық істі тоқтату үшін нақты негіздер пайда болатын сәт әрдайым бірдей үйлесе бермейді. Мұндай арақатынас қылмыстық істі рақымшылық ету актісіне байланысты тоқтатуға негіздер бар болған жағдайда да сақталады. Келтірілген зиянды адамдарға өтеу үшін нақты негіз рақымшылық ету актісі заңды күшіне енген сәттен бастап немесе рақымшылық ету актісі заңды күшіне енген сәттен бастап немесе рақымшылық ету айыпталушылардың нақты категориясына қатысты болатын сәттен бастап пайда болады.
Жасалған қылмыстық саралануы ҚР ҚК-нің жеңілдеу қылмыс үшін жауаптылық көздейтін бабына сай өзгертілгеннен кейін, сонымен бірге ҚІЖК-ке сәйкес ұстауға немесе күзетпен ұстауға жол берілмейтін жағдайда қамауға алуға, бас бостандығынан айыруға кесілген, ұсталған немесе күзетпен ұсталған адамдар. Бұл шарттар сараланудың ҚК бойынша өзгертілуі жаңа, неғұрлым жеңілдеу жаза белгіленуіне немесе үкіммен айыптың бір бөлігінің алып тастауын және соған байланысты жазаның кемітілуіне көздейтін жағдайларға да қатысты. Заңда медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын немесе тәрбиелік ықпал ету мәжбүрлеу шарасын қолдану туралы соттың заңсыз шешімі сот жолымен тоқтатылған жағдайда да зиянның өтелуі көзделмек.
ІІ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУШІ ОРГАННЫҢ ЗАҢСЫЗ ӘРЕКЕТТЕРІМЕН КЕЛТІРІЛГЕН ЗИЯНДЫ ӨТЕУДІҢ ЖАЙ-КҮЙІ
Моральдық зиянды өтеу мәселелері қылмыстық процесте
Қазіргі қоғамның дамуындағы қатынастардың күрделенуі көптеген қарама-қайшылықтар тудырды, нәтижесінде бұрынғы жоспарлы қолдануға жарамды актілік нормалар қазіргі Қазақстанда қалыптасқан жүйеге мүлдем келмейді. Адамдардың өзара қарым-қатынасында бір тұлғаның екіншісіне зиян келтіруге алып келмейтін адам өмірінің бірде бір саласы жоқ. Зиян келтіру өндіріс аясында орын алады, ол автокөліктер мен басқа да көлік құралдарының иелерімен, қауіпті заттармен, жұмыстар мен қызмет көрсетулерді сатудан, лауазымды тұлғалар мен мемлекеттік билік пен басқару органдарының заңсыз іс-әрекеттерімен де келтіріледі. Жоғарыда айтылған субъектілердің іс-әрекеттері зиян келтіре отырып, кей жағдайларда құқыққа қайшы сипатқа ие болады. Оларда азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің нысаны көрініс табады.
Адамға қылмыстық процесті жүргізетін органдардың заңсыз әрекеттерінен келтірілген моральдық зиян заңда белгіленген тәртіппен өтелуге жатады.
Қоғамның саяси, экономикалық және әлеуметтік өмірінде болып жатқан, адамның мемлекет үшін рөлін жоғарылатуға бағытталған елеулі өзгерістер Қазақстан Республикасы Конституциясының адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің ең жоғары құндылығы болып табылатын талаптарынан бастау алады. Оларды қамтамасыз ету кепілдіктері адам құқықтарын қамтамасыз ету үшін барлық шараларды қабылдау жөніндегі міндеттемелер мемлекетке жүктелген (ҚР Конституциясының 12-бабының 1-тармағы), олардың қатарына, атап айтқанда, оның өмірінің материалдық және материалдық емес тараптарының құқықтары жатады. Бұл тұрғыда әркімнің қылмыс арқылы келтірілген моральдық зиянды өтеу құқығына кепілдік беру мәселесі маңызды. Бұл проблема оның үлкен практикалық маңыздылығы мен күрделілігіне байланысты үнемі ғалымдардың назарында болды және жалғасуда. Сонымен, өткен ғасырдың 20-жылдарында моральдық зиянды өтеу туралы мәселені көтерген алғашқы кеңес ғалымдарының бірі Б. Лапицкий бұл институт мақсаты да, қаражаты да капиталистік жүйемен байланысты емес деп санайды. Жеке тұлғаның мүдделерін жақсы қорғауға арналған социализм басқа біреудің құқықтық саласына қол сұғушылықты әлі де толығымен жоя алмайтындықтан, мұндай мемлекетте моральдық зиянды өтеу институты үшін капитализм жағдайынан гөрі қолайлы жағдайлар жасалады.
Осындай пікір білдіре отырып, Б. Утевский моральдық зиянды заңды түрде мойындаудың ресми негізі 1926 ж. РСФСР Қылмыстық кодексінің 44-бабы болды, ол сотталушыға "зиянды түзету" міндетін жүктеді, сонымен қатар 1922 жылғы РСФСР Азаматтық кодексінің 403 бабы, оған сәйкес "жеке тұлға" ұғымы материалдық емес сипатқа ие болғандықтан, адамның рухани саласын көбірек қамтитындығына сүйене отырып, адамға келтірілген зиян өтелуге жатады, сондықтан осы баптың негізінде жеке адамға келтірілген материалдық ғана емес, сонымен бірге моральдық зиян да өтелуі керек, көп жағдайда жәбірленушіні мүліктік ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz