Сурьманың қосылыстары улы заттар



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 84 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті
Жаратылыстану және ауылшаруашылық ғылымдар факультеті
Химия және химиялық технологиялар кафедрасы

Қорғауға жіберілді
Химия және химиялық технология кафедрасының меңгерушісі х.ғ.к.
_________ Сатенов К.Г.
____ ___________2021 ж.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: VА және VВ топ элементтерінің ұқсас қасиеттері және парагматизмі

5В011200 - Химия мамандығы бойынша

Орындаған: Салық А.Б.

Ғылыми жетекшіcі: х.ғ.д., профессор
Насиров Р.
Норма - бақылау: Жұматова Г.





Атырау, 2021
Факультет: Жаратылыстану және ауылшаруашылық ғылымдары
Мамандық: 5В011200 - химия
Кафедра: Химия және химиялық технология

Диплом жұмысын орындау үшін
Тапсырма
Студент: Салық Айбибі Бекқалиқызы
Жұмыстың тақырыбы: 5А және 5В топ элементтерінің ұқсас қасиеттері және парагматизмі
ЖОО-ның __ ________ 20__ ж. № ______________ бұйрығымен бекітілді.
Жұмыстың толық аяқталатын уақыты: __________________________
Диплом жұмысына қажетті бастапқы мәліметтер: 5А және 5В топ элементтері туралы жалпы мәліметтер
Диплом жұмысының қысқаша мазмұны:
КІРІСПЕ
1.
2.
3.
ҚОРЫТЫНДЫ
Ұсынылған негізгі әдебиет:

Диплом жұмысы бойынша берілетін консультациялар

БӨЛІМ
Консультациялар
1. Кіріспе
Әр аптаның бейсенбісі
2. Негізгі бөлім
Әр аптаның бейсенбісі
3. Қорытынды
Әр аптаның бейсенбісі

Тапсырманың берілген уақыты:____________________________ _____________
Кафедра меңгерушісі:_______________________ ___________________________
Жұмыстың ғылыми жетекшісі:_________________________ _________________
Тапсырманы орындау үшін қабылдаған студент:___________________________
Мерзімі:___________________________ __________________________________
Бекітемін
Химия және химиялық технология кафедрасының меңгерушісі х.ғ.к.
_________ Сатенов К.Г.
____ ___________2021 ж.

Студенттің дипломдық жұмыс орындалуының
ГРАФИГІ
5В011200-Химия, Жаратылыстану
Салық Айбибі Бекқалиқызы
Тақырыбы: VА және VВ топ элементтерінің ұқсас қасиеттері және парагматизмі

КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАР

Жұмыстың мазмұны

Консультация
Орындалу мерзімі
I
1. Дипломдық жұмыс тақырыбын таңдау
а) дипломдық жұмыс тақырыбымен танысу
б) дипломдық жұмыстың жазылуымен танысу
в) дипломдық жұмыс тақырыбын бекіту туралы арыз беру
03.09.20-14.09.20

16.09.20-28.09.20

30.09.20-05.10.20

2. Әдебиеттермен танысып, таңдап бағдарламасын құрастыру
а) берілген әдебиеттерімен танысу
б) дипломдық әдебиеттерді таңдау және оны түсіну
в) тақырыптық сұрақтарды анықтау
г) ғылыми жетекшісімен келісіп дипломдық жұмыстың жоспарын құру
07.10.20-12.10.20

14.10.20-26.10.20

28.10.20-02.11.20

04.11.20-09.11.20
II
Әдебиеттерді таңдау
а) кітапхана және ғаламтордан материал жинау жұмысы
Б) ғылыми әдебиеттерді зерттеу
в) негізгі ой-түйінін, фактін, сандық сапасын бөлек қағазға, берілген әдебиетімен жазу
11.11.20-30.12.20

02.12.20-21.12.20

23.12.20-04.01.21

III
Жұмысын жазу
а) жұмыстың тарау, бөлімі бойынша бөліп жазу
б) кіріспені жазу
в) дипломдық жұмыс тарауын жазу
г) қорытындылап жазуы
д) кесте, график, диаграммаларды құрастыру
е) пайдаланған әдебиеттердің жазылуы
ж) грамматикалық және стильдік жазылуы
з) дипломдық шығарманың басылуы және түптелуі
06.01.21-12.01.21

13.01.21-18.01.21
20.01.21-25.01.21

27.01.21-01.02.21
03.02.21-08.02.21

03.02.21-08.02.21

10.02.21-15.02.21

17.02.21-01.03.21
IV
Диплом жұмысын алдын ала қорғау
а) дайындалып шығып және ғылыми жетекшіден кеңес алу
б) кафедра бойынша алдын-ала қорғау
в) дипломдық жұмысты қорғау
03.03.21-08.03.21

28.04.21

мамыр 2021 ж.

Студент:___________________________ _______________________Салық А.Б.
Ғылыми жетекшісі: ___________________________________ _____Насиров Р.

АНЫҚТАМАЛАР, БЕЛГІЛЕУЛЕР ЖӘНЕ ҚЫСҚАРТУЛАР
Бұл монографияда өзінің мазмұнына сәйкесті анықтамалары, белгілеулері және қысқартулары қолданылады:
Парамагнетизм - парамагнетизм кейбір заттардың сыртқы магнит өрісінің бағыты бойынша магниттелу қасиеті.
Парамагнетиктердің магниттік өткірлігі аз және әрқашанда оң шама болады. Парамагнетиктердің диамагнетиктерден өзгешелігі, оларды құрайтын бөлшектердің жұпталмаған электроны болғандықтан магниттік моментке ие болады.
Парамагнетиктер қатарына сутегі атомы, сілтілік металдар, оттегі, азот, d - металдардың кейбір тұздары, ауыспалы металдардың комплексті қосылыстары және органикалық қосылыстардың еркін және анион-радикалдары жатады. Сыртқы магнит өрісі әсер еткенде парамагнетиктің ішкі өрісі бастапқы өрісті күшейтеді.
Шөгінді тау жыныстары - шөгінді тау жыныстары бұзылған тау жыныстарының құрлықта, теңізде, өзен, көлде шөгуінен пайда болатын жыныстар. Шығу тегі жағынан кесек, сазды, химиялық және органикалық жыныстарға бөлінеді.

VO2+ - ванадил ионы
ЭПР - электрондық парамагниттік резонанс
ЯМР - ядролық магниттік резонанс
ОЕР - орнықты еркін радикал
R:: - еркін радикал
I - ядро спині
Э - эрстед
Н - магнит өрісінің кернеулігі
g - Ланде факторы
% - пайыз
d - мұнайдың тығыздығы
пф - пристан фитан
Vж - жалпы ванадий
V4+ - ванадийдің төрт валентті ионы
НӘ - нәзік әсерлесу
АР - анион радикал
АЖҚ - аса жіңішке құрылым
ПО - парамагнитті орталық
КҚБ - күрделі құрылым бірлігі
АШПШ - асфальтен-шайырлы парафинді шөгінді
ЖЖТ - жоғарғы жиілікті толқын
ШАЗ - шайырлы асфальтенді заттар
РФТ - рентгенфлуоресцентті талдау
НАТ - нейтронды-активациялық талдау
ИҚ - инфрақызыл спектроскопия
КЖ - көрінетін жарық
ВП - ванадилпорфирин
НП - никельпорфирин
ДФЭП - дезоксофиллоэритропорфирин
ЭП - этиопорфирин
ОЗ - органикалық заттар
СЗГ - скважинаны зерттеудің геофизикалық әдістері
СМК - су-мұнай контактысы

Мазмұны
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Негізгі бөлім
1 VA - топша элементтері. Жалпы сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... .
1.1 VA - топша элементтерінің физикалық және химиялық қасиеттері ... ... ... .
1.2 VA - топша элементтерінің тарихы. Салқын сәуле (фосфор), химия жыртқышы (сурьма), улы элемент (мышьяк) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.3 VA - топша элементтерінің ұқсастықтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2 VВ топ элементтері. Жалпы сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.1 VВ - топша элементтерінің физикалық және химиялық қасиеттері ... ... ... ... ..
2.2 VВ - топша элементтерінің тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.3 VВ - топша элементтерінің ұқсастықтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3 МҰНАЙДАҒЫ ВАНАДИЙ ҚОСЫЛЫСТАРЫ МЕН ОРГАНИКАЛЫҚ ЕРКІН РАДИКАЛДАРДЫҢ ЗЕРТТЕЛУ ДӘРЕЖЕСІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
3.1 Мұнайдағы ванадий және оның мұнайдың физика-химиялық сипаттамалары мен байланысы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3.2 Мұнайдағы ванадий және оның мұнайдың физика-химиялық сипаттамалары мен байланысы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3.3 Орта мектептегі 5А және 5В топ элементтерінің химиялық және физикалық қасиеті, алынуы, қолданылуы
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ

Қазіргі таңда, Қазақстанда халықаралық интеграцияға байланысты мұнай өндіру және оны өңдеу ісі қарқынды дамып келеді. Мұнай химиясы бағдарламасында мұнайдан бағалы өнімдерді алу мақсатында, оны тереңдетіп өңдеу әдістерін және серпінді технологиясын енгізуге үлкен көңіл бөлінген. Бұл, мұнай өңдеу ісіне тиімді мұнай кеніштерін анықтау үшін осы аймақтағы мұнайлардың құрамын және физика-химиялық қасиеттерін толық сипаттап, анықтау мәселесін шұғыл алға қояды.
Дүниежүзілік саясатта мұнайдың маңызының және мұнай өнімдеріне деген сұраныстың өсуіне байланысты, өте тұтқыр, ауыр мұнайларды өндіру және өңдеу, игерілудің соңғы сатысындағы мұнай кеніштерін толық пайдалану қазіргі кезеңде үлкен өзекті мәселе болып қалып отыр.
Болашақта мұнай өндіру ісінде құрамында гетератомды (ванадий, никель, күкірт) қосылыстары көп тұтқыр мұнайлардың үлес салмағын арттыру көптеген мәселелерді алға қояды.

Зерттеудің өзектілігі: Мұнайдың және оның өнімдерінің негізгі сипаттамасының бірі болып табылатын, олардың парамагнетизмі осы кезеңге дейін Қазақстан мұнайлары үшін жақын және алыс шетелдердің мұнайларына қарағанда өте аз зерттеліп отыр.
Ғылыми зерттеулер мұнай парамагнетизмінің мұнай және газ қабаттарын табуға мұнай газ кеніштерін тиімді өндіруге және өңдеуге үлкен қатысы барын дәлелдеді. Әсіресе Қазақстанның ауыр мұнайының парамагнетизмін және оның бұндай мұнайлардың табиғи диспресті жүйесін жасаудағы ролін жан-жақты зерттеу, оларды өңдеуде және мұнай құрамынан маңызды микроэлементтерді бөліп алу ісінде болашақта үлкен маңызға ие болмақ. Құрамында парамагниттік бөлшектері бар мұнай бөліктері, мұнайдың химиялық жағынан ең белсенді бөліктері болып табылады. Олардың еркін радикалдық табиғаты, шикі мұнайдың жер қойнауындағы өзгерістерінде ғана үлкен роль атқарып қоймайды, сондай-ақ мұнайды өңдеудің технологиялық процесстерінде де маңызды сипат алады.
Әсіресе мұнайды тереңдетіп өңдеу кезінде, олардың ауыр бөліктерінде парамагниттік қасиеті бар еркін радикалды бөлшектердің шоғырлануы бірінші кезекте катализаторлардың белсенді орталығымен әрекеттесіп, істен шығуына мүмкіндік жасаса, екіншіден мұнайдың ауыр бөліктері радикалды сипаттағы процесстерге қатысатын парамагниттік бөлшектердің туатын көзі болып табылады.
Бұл жұмыстың көкейкестілігі, оның Каспий маңы аймағы мұнайларына және олар орналасқан шөгінді жыныстарға әртүрлі дәрежеде парамагниттік қасиет беретін орнықты еркін радикалды бөлшектердің атап айтқанда төрт валентті ванадий қосылыстарының және орнықты еркін радикалдардың (ОЕР) табиғаты бойынша алынған зерттеу нәтижелерінің жүйеліленіп, зерделіленуі.
Зерттеу мақсаты: 5А және 5В топ элементтерінің ұқсастықтарын және қасиеттерін қарастыру және орта мектепте олардың ұқсастықтарын электрондық құрылысымен түсіндіру.
Зерттеу нысаны - жалпы орта білім беретін мектептегі 5А және 5В топ элементтер оқыту техологиясы және жоғарғы химиядағы олардың ұқсастықтары мен парамагнитизмі.
Зерттеу міндеттері:
Зерттеудің ғылыми негізі: 5В топ элементтер ішінде ваннадий металының тотығу дәрежесі зерделенді және оның парагматизмі анықталды.
Диплом жұмысының құрылымы: дипломдық жұмыс кіріспеден, және 3 бөлімнен қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

V A - топша элементтері. Жалпы сипаттама
V A - топша элементтеріне азот пен фосфор және оларға ұқсас мышьяк, сурьма, висмут жатады. Бұл элементтер атомдарының сыртқы электрондық деңгейінде бес электрон бар s2p3. S - электрондар жұп , ал p - электрондар дара. Сол себепті олардың тотығу дәрежелері +3 және ѕ - электрондар даралануы нәтижесінде +5 болады . Сонымен қатар сутегімен олар -3 тотығу дәрежесін көрсетіп гидридтер түзеді. Бұл элементтердің кейбір қасиеттері 7-кестеде келтірілген.
Рет нөмірі өскен сайын бұл элементтердің металл еместік қасиеті төмендеп, металдық қасиет пайда болады. Азот, фосфор - типтік металл еместер болса, мышьяктың ондай қасиеті металдыққа қарағанда басым, сурьмада екі қасиет те бірдей білінеді. Ал висмуттың металдық қасиеті басым. Олар оксидінде +5 тотығу дәрежесін көрсетеді. Азот пен фосфор оксидтері қышқылдық, сурьма мен висмут оксидтері қышқылдық, сурьма мен висмут оксидтері амфотерлі, ал висмут оксиді негіздік қасиет көрсетеді.
Бұл топша элементтері галогендермен қосылыстар түзеді. VA - топша элементтерінің ішінде азот, фосфор және мышьяктың маңызы зор. Оларды жеке қарастырған жөн.
7. VА топша элементтерінің қасиеттері

N
P
As
Sb
Bi
Peт нөмірі
Салыстырмалы атомдық масса, а.м.б.
Валенттік электроны
Атом радиусы, нм
Салыстырмалы электртерістік
Балқу температурасы , °C
7
14,0

2s22p3
0,071
3,07

- 209,9
15
30,97
3s23p2 0,13
2,10

44,10
33
74,92

4s24p3 0,148
2,20

844
51
121,75

5s25p3 0,161
1,82

630,5
83
208,98

6s26p3 0,182
1,67

271,3

Сурьма мен висмут. Табиғатта сурьма -- Sb2S3 ( сурьма жарқылы), ал висмут -- висмут жарқылы Bi2S3 немесе висмут охрасы Ві203 түрінде кездеседі. Оларды осы қосылыстардан қыздырып, көмірмен тотықсыздандырып алады:
Sb2S3 + 4,502 = Sb2O3 +3S02
2Sb2O3 + 3C = 4Sb + 3CO2,
Сурьма мен висмут морт сынғыш қатты зат. Электр тогын, жылуды нашар өткізеді.
Әдеттегі жағдайда олар өте берік, ауада тотықпайды, суда ерімейді. Тек концентрлі күкірт және азот қышқылдары оларды тотықтыра алады.
Сурьма +3 тотығу дәрежесін көрсететін тұрақты оксид түзедi Sb2О3. Бұл оксид амфотерлі:
Sb2O3 + 3H2SO4 = Sb2(SO4)3 + 3H2O
Sb2O3 + 2KOH + 3H2O = 2K[Sb(OH)4]
Сурьманың (III) тұзына сілтімен әсер етіп, сурьма (ІІI) гидроксидін алуға болады:
SbCl3 + 3NaOH = Sb(OH)3↓ + 3NaCl
Сурьма гидроксиді (III) - амфотерлі. Ол қышқылда да, сілтіде де ериді. Сурьма (V) оксидi Sb2О5 тек гидраттанған күйінде бола алады. Оған сәйкес сурьма қышқылы тек ерітіндіде белгілі . Висмут оксиді Ві2О3 суда ерімейді, қышқылда ериді. Ол негіздік оксид. Оған сәйкес висмут (III) гидроксиді де тек негіздік қасиет білдіреді амфотерлі емес. Сонымен қатар, висмут (V) оксидi Bi2 О5 бар. Ол тек қышқылдық оксид. Сурьма мен висмуттың сутекті қосылыстары стибин SbH3, висмутин ВіH3 - өте улы газдар. Олар күшті тотықсыздандырғыштар. Сурьманың қосылыстары улы заттар. Сурьма мен висмут техникада әр түрлі құймалар жасау үшін пайдаланылады. Құрамында сурьма бар құйма тотықпайды, қатты болады. Мұндай құймалардан подшипниктер , баспахана әрпін жасайды. Висмут қосылған құймалардың балқу температуралары төмен болады. Оларды автомат өрт сөндіргіштер және басқа аспаптар жасау үшін алмастырушы ретінде қолданылады. Висмут (III) тұздары мал дәрігерлігі мен медицинада қолданылады. Таза висмут атом реакторларында жылу алмастырушы ретінде қолданылады.
FeAsS, дискразит Ag2Sb, мальдонит Au2Bi, мышьяк түсі As2O3 сурьма охрасы Sb2O3, висмут охрасы Bi2O3+
Мышьяк, сурьманы, висмутты олардың оксидтер түріндегі минералдарын жоғарғы темепературада көмірмен тотықсыздандыру арқылы алады, ал сульфидтер түріндегі минералдарынан алу үшін алдымен ауа қатысында өртейді, сонан соң түзелген оксидтерді көмірмен тотықсыздандырады:

3+ 4+
I.2Э2О3+3С[0]=4Э[0]+3СО2
II.2Э2S3+902=2Э2О3+6 SO2
2 Э2О3+3С=4Э+3СО2
Кейде мышьяк колчеданды ауа қатыстырмай қыздыру арқылы мышьяк алады:

FeAsS=FeS+As

Сурьма мен висмут олардың сульфидтерінен термиялық әдіспен алады, мысалы:

2 Bi2S2-2 + 9 O02= 2Bi2O2-3 +6 S4-O 2
2Bi3+2O2+3C0=4 Bi+3 C4+O2

Қасиеттері. Мышьяк, сурьма, висмут орташа қаттылығы бар, омырылғыш, электр тоғы жылуды жақсы өткізетін, металдық жылтыры бар металдар. Олардың металдық қасиеттері реттік нөмерлерінің өсуіне байланысты артады, бірақ оралдың металл еместерге тән көптеген қасиеттері бар.
Мышьяк, сурьма, висмут сілтілік және сілтілік жер металдарымен нитридтер мен фосфидтер сияқты қосылыстар арсенидтер, антимонидтер, висмут түзеді:

2 As+3Mg=Mg3As2 (магний армениді)
Sb+3Na=Na3Sb (натрий антимониды)
2 Bi+3Ca=Ca3Bi2 (кальций висмутиді)

Түзелген қосылыстар сұйытылған қышұылдармен әрекеттесіп металдардың гидридтерін: арсин AsH3, стибин SbH3, және висмут BiH3 түзеді.

Mg3Э2+ 6 HCI=3 MgCl2+ ЭН3

Металдардың реттік нөмерлерінің артуына байланысты оралдың сутекті қосылыстарының беріктігі кемиді, өйткені осы бағытта элементтердің металдық қасиеттері артады.
Арсин мен стибин-сарымсақ иісті өте улы заттар.Бұларды мырышпен сұйытылған қышқыл әрекеттескенде бөлінетін атомдық сутегімен ерімтал мышьяк қосылыстары әрекеттесуі нәтижесінде де алады, мысалы:

A3+s 2O3+6 ZN0 + 6 H2SO4= 2 A3-sH3+6Z2+nSO4+3H20

Бұл реакцияны зерттейтін зетты мышьякты табу үшін жүргізуге болады.
Сонымен мышьяк, сурьма, висмуттың әрі металл еместік, әрі металдық қасиеттері болады, олар металдармен, сутегімен маталл еместерше, ал мателл еместергемен металдарша әкеректтеседі.
Қосылыстары. Оттекті химиялық қосылыстарда мышьяк, сурьма, висмут 3+, 5+ тотығу дәрежелерін көрсетеді. Олар оттегімен Э2О3 және Э2О5 типтес оксидтер түзеді.
Мышьяк, сурьма, висмут ауада қыздырғанда As2O3, Sb2O3 оксидтерін түзеді.
Мышьяк (III) оксиді ақ түсті, суда орташа ериді және әлсіз мышьякты қышқыл түзеді:

As2O3+3 H2O=2 H3AsO3

Sb2O3 ақ түсті негіздік қасиеттері басым амфотерлі оксид, ал Bi2O3 сары түсті негіздік оксид. Екі оксид те суда ерімейді, ал оларға сәйкес келетін Sb(OH)3,Bi (OH)3 - гидроксидтеррі металдардың (III) тұздарына сілтімен әрекет етіп алады.
Сурьма (III) оксиді мен гидрооксиді амфотерлі болғандықтан, әрі қышқылдармен, әрі негіздермен әрекеттеседі:

Sb(OH)3+3 HCI=SbCI3+3 H3O
Sb(OH)3+NaOH=NaSbO2+ 2 H2O

Соңғы рекцияда түзілген метасурьма қышқылының тұзы натрий антимониды деп аталады.
Висмут (ІІІ) оксиді мен гидросиді негіздік қасиет көрсетіп, тек қышқылдармен әрекеттеседі.
Мышьяк (ІІІ) пен сурьма (ІІІ) оксидетері мен гидроксидтері тотықсыздандырғыштар, олар тотықтырғыштармен әрекеттесіп мышьяк (V), сурьма (V) қосылыстарына айналады, мысалы:

2H3AsO3+2 J2+2 H2O= 2 H3AsO4+6 HI

Мышьяк, сурьма,висмут кәдімгі температура тұрақты болады, бірақ қыздырғанда көптеген металл еместермен: хломен, оттегімен, күкіртпен т.б. әрекеттеседі, мысалы:

2 Sb +5CI2= 2 Sb5+CI-5
4 As+3 O2=2 As3+2 O2-3
2 Bi +2S =Bi3+2 S2-3

Cұйытылған қышқыл бұл металдарда әсер етпейді, бірақ сурьма мен висмут концетрлі хлорсутек қышқылында ериді:

S Bi0+ 6 H+CI=2 Bi3+CI3+3 H02

Концентрлі күкірт қышқылымен әрекеттесекенде мышьяк пен сурьма мышьякты және сурьмалы қышқылдар түзсе, висмуттың металдық қасиеті басым болғандықтан, висмут (ІІІ) сульфатын түзеді:

2As0+3H2S6+O4=2 H3A3+sO3 + 3S4+O2
2 Sb + 3 H2SO4=2 H2SbO3+3 SO2
2 Bi0+6H2S6+O4=Bi3+2 (SO4)3+3 S4+O 2+6 H2O

Мышьяк пен сурьма концентрлі азот қышқылымен әрекеттескенде сәйкес мышьяк және сурьма қышқылдарын ал висмут (ІІІ) нитратын түзеді:

3 As0+5 HN5+O 3 + H2О =3 Н3A5+sO4+5 N2+O
3 Sb+5 HNO3+ 2 H2O =3 Н3SbO4+5 NO
Bi+4 HNO3=Bi (NO - 3)3+NO+2 H2O

Мышьяк сілтемен қосып қайнатқанда мышьякты қышқылдың тұздары арсениттер түзеледі:

2 As0+ 6 NaO+H=2 Na3A3+sO3+3 H02

Бұл металдардың тотығу дәрежелері 5+ болатын оксидтеріне мышьяк (V) оксиді As2O5 сурьма (V) оксиді Sb2O5 висмут (V) оксиді Bi2O5 жатады. Висмут (V) қышқылы H3AsO4 және сурьма H3SbO4 қышқылын сусыздандыру арқылы алады, мысалы:

2 H3AsO4=As2O5+3 H2O

Мышьяк (V) оксиді ақ түсті, сурьма (V) оксиді сата түсті қатты заттар,
Мышьяк қышқылы мен сурьма қышқылын металдарды азот қышқылында еріту арқылы алуға болатыны жоғарыда айтылады.
Сульма (ІІІ) мен висмуттың (ІІІ) тұздары судағы ерітінділерінде әлсіз негіздердің тұздары болғандықтан, күшті гидролизденіп суда ерімейтін негіздік тұздар түзеді:

SbCI3+ 2 HOH = Sb (OH)2CI + 2 HCI
Be (NO3)3+ HOH =BiOH (NO3)2 + HNO3

Колданылуы. Металл түріндегі мышьяктың қорғасынмен құймасынан бытыра жасалады, өйткені мышьяк құйманың қаттылғын арттырады.
Сурьма мен висмуттан арнаулы құймалар жасалады. Мысалы, олар баспаханаға қажетті оңай балқитын құймалар (65-700С)
Мышьяк қосылыстары негізінен ауыл шаруашылық дақылдарының зиянкестерімен күресу үшін қолданылады.
Азот
Азот деген сөз гректің - өмірді қолдамайды деген сөзінен шыққан. Шындығында таза азот атмосферасында, өмір болмайды . Ал оның таңбасы N - латынша нитрогениум, яғни селитра тудырғыш - деген сөзден шыққан. Табиғатта азот көбінесе бос күйінде болады. Ол жер атмосферасының көлем бойынша 78 процентін алып жатыр. Азот байланысқан күйде біршама топырақта, органикалық заттар құрамында болады. Топырақтағы бактериялар (азотбактерия) органикалық қосылыстағы азотты азоттың тұздарына -- нитраттарға айналдырады. Сөйтіп , өсімдіктер азотты топырақтан нитраттар күйінде сіңіреді. Ол өсімдік белогі құрамына кіреді. Жануарлар азотты өсімдік арқылы алады. Олардың организмінде 1 -- 10 % , ал жүн мен мүйізде 15 % -ке дейін азот болады. Тірі организм құрамындағы белокке азот кіреді . Азотсыз белок жоқ, ал белоксыз өмір жоқ. Осыдан азоттың жердегі өмір үшін қандай маңызы барын түсіну қиын емес. Сонымен қатар азот көмір, торф және нитрат құрамында табиғатта кездеседі. Натрий нитратының ең бай қоры Оңтүстік Америкада Чили жағалауында.
Азоттың алынуы, қасиеті, қолданылуы. Өнеркәсіпте азотты ауадан алады. Алдымен ауаны қысып сұйыққа айналдырады, содан соң біртіндеп қысымды азайтқанда қайнау температурасы жоғарылау азот бірінші ұша бастайды. Лабораторияда азотты аммоний нитритін ыдырату арқылы алады:
NH4NO2 -- N2↑ + 2H2O
Аммиакты мыс оксиді (қыздырылған) үстінен өткізу кезінде азот бөлінеді:
2NH3 + 3Cu0 = N2↑ + 3Cu + 3H20
Азот - иіссіз, түссіз, ауадан шамалы жеңіл газ. Суда нашар ериді. Сұйық азот - 195,8 ° -та қайнайды, - 210 ° С -та қатады. Азот тыныс алу, жану процесін қаламайды. Ол улы емес. Жан - жануардың адам тыныс алуы үшін таза оттегінің де жарамайтыны белгілі. Демек , тыныс процесінде ауа құрамындағы азоттың да белгілі бір рөлі бар.
Әдетте, азот молекуласы өте тұрақты , ешбір затпен әрекеттеспейді. Оның себебі молекула құрамында үш жұп байланыстың болуында: N≡N. Дегенмен өте жоғары температурада қыздырған кезде азот металдармен нитридтер, оттегімен оксидтер, сутегімен аммиак түзіп әрекеттеседі.
Азот инертті болғандықтан электр лампаларын толтыру, болат бұйымдардың бетін қаптау үшін қолданылады. Өнеркәсіпте азот аммиак және кальций цианамиді сияқты аса қажет қосылыстар өндіру үшін қолданылады. Лабораторияда сұйық азотты Дю-ар ыдысы деп аталатын ыдыста, немесе арнайы баллондарда сақтайды. Сұйық азот ұшқан кезде өте төмен ( -- 198,5 ° С ) температура беретіндіктен, оны кейбір микроорганизмдерді сақтау үшін пайдаланады.
Аммиак
Азот сутегімен бірнеше қосылыс түзеді . Олардың ішінде ең маңыздысы - аммиак. Оны лабораторияда аммоний хлоридін кальций гидроксидімен қосып қыздыру арқылы алады:
2NH4Cl + Ca (OH)2 = CaCl2 + 2H20 + 2NH3↑
Өнеркәсіпте аммиак өндіру атмосферадағы бос азотты байланыстырудың бірден - бір жолы. Бұрын азоттың табиғи минералы ретінде тек Чили селитрасы NaNO3 белгілі болатын. Аммиак өндіру атмосферадағы азотты минерал қосылыстары күйіне айналдыруға мүмкіндік береді. Алғаш аммиакты цианамид әдісі арқылы алып жүрді. Ол үшін алдымен кальций цианамидi CaCN2 алынады:
N2 + CaC2 = CaCN2 + C
Кальций цианамидiн су буымен әрекеттестіріп аммиак алады:
CaCN2 + 3H2O = CaCO3 + 2NH3↑
Қазіргі кезде аммиакты синтез әдісімен -- азот пен сутегін әрекеттестіріп алады:
N2 + 3H2 = 2NH3
Реакция теңдеуінен оның экзотермиялық процесс екені көрініп тұр. Демек температураны өсіру аммиак синтезіне кері әсер етеді. Соған орай процесті біршама төмен температурада 500 -- 550°С, катализатордың қатысуымен, аса жоғары қысымда жүргізеді. Аммиак - өткір иісті, түссіз газ. Ауадан жеңіл. Ол өте улы. Оны арнайы цистерна мен баллондарда сақтап, тасымалдайды. Аммиак -33,4°С-та сұйыққа айналып, -77,8°С-та қатады. Аммиак суда өте жақсы ериді. Судың 1 көлемінде аммиактың 710 көлемі ериді. Аммиактың концентрлі (25%) ерітіндісін мүсәтір спирті дейді. Суда еріген кезде аммиак сумен әрекеттеседі:
NH3 + H2O -- NH4OH
Судағы ерітіндісі сілтілік орта көрсетеді. Өйткені түзілген NH4OH сілті болып табылады. Оны аммоний гидроксиді дейді. NH4+ - ионы аммоний катионы.
NH4OH -- NH4 + + OH -
Аммоний гидроксиді әлсіз негіз. Қышқылдармен қосылып аммоний тұздары деп аталатын тұздар түзеді. Бұл тұздар аммиак пен қышқылдың қосылуы нәтижесінде де түзіледі:
HCI + NH3 = NH4Cl;
H2SO4 + 2NH3 = (NH4)2SO4
Аммоний тұздары суда ерігіш, кристалл заттар . Оларға тән реакция - сілті қосып қыздырғанда аммиак бөлінуі:
NH4Cl + KOH = KCl + H2О + NH3↑
Бұл реакция арқылы минерал тыңайтқыштары арасынан аммоний тұздарын анықтайды. Аммоний тұздары ауыл шаруашылығында кеңінен қолданылады. Олар өте жақсы минерал тыңайтқыштар: (NH4)2SO4, NH4H2PO4, (NH4)2HPO4 т.б.
Аммиакты көміртегі (IV) оксидімен қосып қыздырған кезде аса маңызды қосылыс - мочевина (карбамид) түзіледі:
CO + 2NH3 = CO(NH2)2 + H2O
Карбамид минерал тыңайтқыш пен мал азығына қоспа ретінде қолданылады. Сонымен қатар халық шаруашылығында аммоний хлориді NH4Cl және аммоний нитраты NH4NO3 пайдаланылады. Аммиак химиялық тұрғыдан активті қосылыс. Онда азот -3 тотығу дәрежесін көрсетеді. Сондықтан, аммиак өте жақсы тотықсыздандырғыш. Ол ауада жақсы жанады:
4NH3 + 302 = 2N2 + 6H20
Егер бұл реакцияны катализатордың (pt) қатысуымен жүргізетін болса, онда таза азот емес азот (II) оксиді түзіледі:
4NH3 + 502 = 4N0 + 6H20
Бұл реакцияның орны өнеркәсіпте өзгеше. Осы реакция арқылы азот қышқылын өндіруге болады.
Сұйық аммиак буланған кезде айналаны суытады. Оның осы қасиетін тоңазытқыш жасауда пайдаланады. Сұйық аммиак өте құнды концентрлі тыңайтқыш. Аммиак молекуласында байланыс түзуге қатынаспайтын бір жұп электрон бар. Сол себепті ол көптеген донорлы-акцепторлы байланыстар түзіп, көптеген комплексті қосылыстар құрамына лиганд түрінде кіреді.
Азоттың оттекті қосылыстары. Азот бірнеше оксидтер түзеді:
N2O, NO, N2O3, NO2, N2O5.
Азот (I) оксидін аммоний нитратын ыдыратып алуға болады:
NH4NO3 -- N20 + 2H20
Азот (I) оксиді тәтті дәмі бар, ұнамды иісті газ. Ол тұз түзбейтін оксид. Суда нашар ериді және онымен әрекеттеспейді.
Азот (I) оксидін аздап қыздырған кезде, ол оттегі мен азотқа ыдырайды:
tº 2N20 -- 2N2 + О2.
Сондықтан тұтанған шырпы азот (I) оксидінде ауадан да жақсы жанады. Азот (I) оксиді нерв жүйесіне әсер етеді. Оны көңілдендіргіш газ деп атайды. Ол медицинада наркоз ретінде қолданылады.
Азот (II) оксиді NО - суда аз еритін түссіз газ. Оны азот пен оттегінен 1000°С температурада алуға болады:
N2 + О2 = 2NO
Бұл газ атмосферада найзағай кезінде түзіледі. Лабораторияда азот (II) оксидін сұйытылған азот қышқылымен мысқа әсер етіп алуға болады:
3Cu + 8HNO3 = 3Cu(NO3)2 + 2N0↑ + 4H20
Азот (II) оксиді тұз түзбейтін оксид. Ол ауада өз бетімен тотығады:
2NO + O2 = 2NO2
Химия өнеркәсібі үшін бұл оксидтің (NO) маңызы зор. Ол азот қышқылын өндірудің бір сатысының шикізаты болып табылады. Азот (IV) оксидi NO2 - өзіне тән иісі бар, қара - қоңыр түсті улы зат. Ол азот қышқылы ыдырағанда бөлінеді. Сондықтан азот қышқылы сарғыш болып тұрады:
4HNO3 -- 4N02↑ + 02↑ + 2H20
Әдетте азот (IV) оксиді екі түрлі қосылыстың қоспасы болады, 2NO2--N2O4. -11,2°С-та ол толық N2О4 түрінде, ал 140°С-та тек NO2 түрінде болады. Оның димер түрі N2О4 ақ кристалл зат.
Азот (IV) оксиді күшті тотықтырғыш. Көптеген жай заттар (көмір, күкірт, фосфор) азот оксидінде жанып кетеді. Ол күкірт (IV) оксидін тотықтырады:
SO2 + NO2 = SO3 + NO
Азот (IV) оксиді суда ерігенде онымен химиялық әрекеттесіп екі түрлі - азот және азотты қышқыл түзеді:
2NO2 + H2O = HNO2 + HNO3
Ал оны оттегімен қосып суда ерітсе тек азот қышқылы түзіледі:
4NO2 + 2H20 + 02 = 4HNO3
Азот (III) оксиді N2О3 төмен температурада көк түсті сұйық зат. Оған азотты қышқыл сәйкес HNO2. Азотты кышқыл әлсіз. Ол тек судағы ерітінді түрінде ғана белгілі. Ерітіндіні қойылтып бөліп алуға тырысқан кезде ол оксидтерге ыдырап кетеді:
2HNO2 = NO + NO2 + H2O
Азотты қышқылды оның тұзынан алуға болады:
2NaNO2 + H2SO4 = Na2SO4 + 2HNO2
Азотты қышқылдың тұздарын нитриттер дейді. Органикалық синтез, бояу және дәрі - дәрмек өндіру үшін натрий нитритінің маңызы зор (NaNO2). Азотты қышқылда азоттың тотығу дәрежесі аралық (+3) болғандықтан ол тотықтырғыш та, тотықсыздандырғыш та бола алады. Азот (V) оксиді N2О5 және азот қышқылы HNO3. Азоттың оттегімен түзетін ең жоғарғы оксидi N2O5. Ол қатты гидроскопиялық қосылыс. Суда ерігенде онымен химиялық түрде әрекеттесіп азот қышқылын түзеді (HNO3). Азот қышқылы азоттың ең маңызды қосылыстарының бірі болып табылады . Оны концентрлі күкірт қышқылымен азот қышқылының тұзына әсер етіп алады:
2NaNO3 + H2SO4 = 2HNO3 + Na2SO4
Бұрын бұл азот қышқылын өндірудің бірден - бір тәсілі болатын. Оны алу үшін Чили селитрасы (NaNO3) пайдаланылатын. Кейін азот қышқылын аммиактан алу тәсілі табылды. Ол үш сатыдан тұрады.
1. Аммиакты катализатор қатыстырып (Pt - Rh) тотықтыру;
4NH3 + 502 = 4N0↑ + 6H20
2. Азот (II) оксидінің азот (IV) оксидіне тотығуы:
2NO + O2 = 2NO2
3. Азот (IV) оксидінің оттегінің қатысуымен суда еріп, азот қышқылының түзілуі.
4NO2 + 2H20 + O2 = 4HNO3
Бұл тәсіл үшін қажет аммиакты цианамидтен синтездеп (N2 + H2) алуға болады. Дегенмен, синтездеп алынған аммиак әлі де болса қымбатқа түседі. Сондықтан азот (II) оксидін ауаны жағу жолымен алу көзделіп отыр. Оны электрлік доға шеңберінде, ядролық реакторда іске асыруға болады .
Химиялық таза азот қышқылы -- түссіз сұйық зат. Ол +86°С - та қайнайды, -41°С-та қатады. Меншікті салмағы 1,53 гсм3. Ол суды жақсы сіңіреді, ауада түтiнденеді. Азот қышқылы сумен кез - келген мөлшерде араласады. Өнеркәсіп 68 проценттік (меншіктік салмағы 1,4 гсм3) азот қышқылын өндіреді.
Азот қышқылы өте күшті қышқыл:
HNO3 -- H+ + NO3-
Ол қыздыру, күн сәулесі әсерінен ыдырайды. Сондықтан, оны салқын, қараңғы жерде сақтау қажет.
Азот қышқылында азот +5 тотығу дәрежесін көрсететіндіктен, ол өте күшті тотықтырғыш. Химиялық реакция кезінде тек тотықтырғыш болады да, өзі тотықсызданады:
HN+5O3 -- N+4O2 -- HN+3O2 -- N+2O -- N2+1О -- N20 -- N-3H3

Азот қышқылы металдармен әрекеттескенде сутегі бөлінбейді. Металдың активтігіне қышқылдың концентрациясына байланысты азоттың әр түрлі тотығу дәрежесін көрсететін қосылыстары түзіледі. Мысал ретінде бірнеше металмен әрекеттесу теңдеуін келтірейік:
1. Ag + 2HNO3конц. = AgNO3 + NO2 + H , 0
2. ЗAg + 4HNO3 = 3AgNO3 + NOf + 2НЬО сұйық
3. 4Ca + 10HẢO3 = 4Ca ( NO3 ) 2 + N201 + 5H20 конц .
4. 4Ca + 10HNO3 = 4Ca ( NO3 ) 2 + NH4NO3 + 3H20 сұйық
Концентрлі азот қышқылы темірге, хромға әсер етпейді. Оларды пассивтендіреді.
Азот қышқылына тұз қышқылын (1 : 3) қосқан кезде тотықтырғыш қасиеті одан да күшейе түседі . Бұл қоспа еш нәрседе ерімейтін, металдардың патшасы -- алтынды да ерітеді. Сондықтан бұл ерітіндіні патша суы деп атайды. Тотықтырғыш қасиетінің артуын қоспада атомдық хлордың пайда болуымен түсіндіреді :
конц . HNO3 + 3HCl = 2CI + NOCI + 2H , 0 NOCI = NO + C1 HNO3 + 3HCl = 3CI + NO + 2H , 0 Алтын хлормен әрекеттесіп алтынхлорсутегі қышқылын зеді : Au + 3CI + HCI = H [ AuCl4 ] тү конц . Жүретін реакция теңдеуін түгелдей былай жазуға болады : Au + 4HCI + HNO3 = H [ AuCl4 ] + NO + H2O Көптеген металл еместер ( күкірт , фосфор , көміртегі ) азот қыш . қылында тотығады : 6HNO3 + S = H2SO4 + 6N021 + 2H2O 5HNO3 + 3P + 2H , O = 3H3PO4 + 5NOA сұйық Азот қышқылы көптеген органикалық заттарды күйдіреді . Қызған ағаш ұнтағы , мақта , қағаз азот қышқылы тисе от алып кетеді . Азот қышқылымен лабораторияда жұмыс жүргізгенде өте сақ болу қажет . Химия өнеркәсібі азот қышқылын көп мөлшерде өндіреді . Ол азотты тыңайтқыштар , пластмассалар , жасанды жібек , бояу , жа рылғыш заттар , дәрі - дәрмек алу үшін қажет . Нитраттар . Азотты тыңайтқыштар . Азот қышқылы бір негізді болғандықтан нитраттар деп аталатын қалыпты тұздар түзеді . Барлық дерлік нитраттар суда жақсы ериді . Олар әдепкі жағдай да тұрақты , ал қыздырған кезде ыдырап оттегін бөледі . Нитрат құрамына кіретін металдың активтігіне орай басқа да өнімдер түзіледі . Активтік қатарда магнийдің сол жағында орналасқан металл нитраттары ыдырағанда оттегімен қатар нитриттер , маг нийден мысқа дейінгі металл нитраттары ыдырағанда азот ( IV ) оксиді , ал мыстың оң жағында орналасқан металл нитраты -- бос күйде металл , азот ( IV ) оксиді түзіледі . Натрий , калий , аммоний және кальций нитраттары азотты тыңайтқыш ретінде қолданылады . Оларды селитралар деп атай ды . Натрий селитрасында NaNO3 15 -- 16 % азот , аммоний селитра сында NH , NO , 34 % азот , кальций селитрасында Ca ( NO3 ) 2 13 % мент азот болады . Ал калий селитрасында өсімдікке қажет екі эле азот және калий бар . Азот мөлшері 13 % , ал калий мөл шері К.О - ға шаққанда 46 % . Ол минералды тыңайтқыш ретінде және қара оқ - дәрi жасау үшін қолданылады . Қара оқ - дәрi құра Азоттың табиғатта айналуы . Топырақта азоттың едәуір бөлігі 194өсімдік сіңіре алмайтын органикалық заттар құрамында болады . Органикалық зат құрамындағы азот кейбір бактериялар көмегі әрекеттесіп , өсімдік сіңіре алатын тұздар түзеді . Аммиактың бi мен аммиакқа айналады . Аммиак топырақтағы раз бөлігі нитрлеуші бактериялар көмегімен азот қышқылына ай налады , ол топырақтағы карбонатпен әрекеттесіп селитра түзеді : CaCO3 + 2HNO3 = Ca ( NO3 ) 2 + H2O + CO2 Ауадағы азот кейбір бұршақ тұқымдас өсімдіктердің тамы рында болатын бактериялар әсерінен топыраққа өтеді . Бұл бак териялар ауадан азотты сіңіріп , одан бұршақ тұқымдастар бе локтық зат түзеді . Сонымен қатар топырақта ауадан азотты сіні ретін бактериялар болады . Бұл бактериялар өлген соң , олардағы азот топыраққа сіңіп минералданады . Ауадағы азоттың топырақ қа түсуінің тағы бір себебі , атмосферадағы найзағай кезінде азот оксидтері түзіледі де жауынмен еріп азот қышқылына айналады . Азот қышқылы топырақта нитраттар береді . Сонымен қатар азоттың ауаға бөліну процестері де жүріп оты рады . Олар -- белоктық заттардың шіруі , ерімтал нитраттардың топырақтан шайылуы , топырақтағы дeнитрлеуші бактериялардың нитраттарды ыдыратып , түзілген азоттың ауаға бөлінуі . Сөйтіп топырақтағы азот мөлшері кемімеу үшін оның топы рақтан бөліну процесі мен топыраққа сіңірілу процесі теңесіп тұ рады . Алайда , ауылшаруашылығы өнімдерін жинаған кезде , өнім мен бірге топырақтан біраз нитраттар кетеді , оны толықтыру үшін азотты тыңайтқыштар пайдаланылады . Оларды органика лық және минералды тыңайтқыштар түрінде қолданады . Азотты тыңайтқыштардың қолдану мөлшерін топырақтың қасиетіне сай есеппен пайдаланады . Оны сақтамау өсімдік өнімдерінде нитрат тар мөлшерінің көбеюіне , өнім сапасының төмендеуіне әкеліп со ғады . Қазіргі кезде әр ауылшаруашылығы өнімдерін қабылдау кезінде құрамындағы нитрат мөлшері анықталады . 10. ФОСФОР Табиғатта таралуы . Табиғатта фосфор сирек кездеседі . Ол -- өсімдік пен жануар белоктарының құрамына кіреді . Өсімдікте фосфор жемістері мен ұрықтарында , ал жануарларда нерв ткань дерінде , бұлшық еттерде және сүйектерде болады . Мәселен , адам организмінде 1,5 кг - ға дейін фосфор бар . Оның 1,4 кг сүйекте , 130 г бұлшық етте , 12 г нерв тканьдерінде . Фосфор организмде тұқым қуалаушылыққа әсер етеді . Фосфорды академик Е. А. Фе роман өмір мен ой элементі деп атаған . Фосфор өте актив элемент болғандықтан жеке күйінде таби ғатта кездеспейді . Ол , көбінесе , апатит - Саз ( PO4 ) 2-2CaFe ( CaCl2 ) , тау жыныстары арасында болады . Тау жыныстары мүжілу нәти пырақтың қышқылдығы әсерінен еріп өсімдіктерге сіңеді . Сөйтіп , жесінде ондағы фосфорит пен апатит топыраққа түседі . Олар то өсімдік арқылы фосфор мал және адам организміне түсіп , биохи Органикалық заттар шіріген кезде фосфор қайтадан топырақ қа оралады . Ол жерде арнайы фосфор - бактериялар оны минерал қышқылдарының құрамына кіріп , тірі организмнің тұқым қуалау Тірі организмдерде фосфор фосфат анионы түрінде нуклеин пен фосфорит фосфорит - Саз ( PO4 ) 2 түрінде кездеседі . Апатит миялық айналымға араласады , қосылыстарға айналдырады . қабілетіне әсер етеді . Біздің еліміз фосфорлы кенге аса бай , Кола түбегінде апатит . тiн мол қоры , Қазақстанда Қаратау фосфорит кеніші бар . қара тау кеніші негізінде Жамбыл қаласында суперфосфат , фосфор өн діретін заводтар жұмыс істейді . Алынуы және қасиеті . Фосфорды апатиттен не фосфориттен алады . Фосфоритті құм ( SiO2 ) және көмір қосып қыздырады . Тү . зілген фосфор кальциймен әрекеттеспеу үшін құм SiO , қосады . Реакция теңдеуін жалпы түрде былай жазуға болады : Саз ( PO4 ) 2 + 5C + 3SiO2 = 2P + 3CaSiO3 + 5СО Фосфор бу күйінде қабылдағышта суытылып жиналады . Грек тілінде фосфор -- сәуле беруші деген сөз . Оның себебі фосфор қараңғыда өздігінен сәуле шығарады . Фосфор - ақ , қызыл және қара , яғни аллотропиялық түрде болады . Ақ фосфор - таза күйінде мөлдір кристалл зат . Ол 44 ° С - та балқиды , 280,5 ° С - та қайнайды . Қараңғыда сәулеленеді , тіпті өзді гінен жанып кетеді . Сондықтан оны судың астында сақтайды . Ақ фосфор суда ерімейді , ол органикалық еріткіштерде ( күкіртті кө міртегі ) жақсы ериді . Ақ фосфор улы зат . Ол химиялық тұрғы дан өте активті . Қызыл фосфор -- ақ фосфорды ауа қатыстырмай 250 -- 300 ° С та қыздырған кезде пайда болады . Ол -- қызыл - қоңыр түсті ұн тақ зат . ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сурьма қосылыстарынан улану
Азоттың оттекті қосылыстары
Қорғасын және оның қосылыстары
Азот қышқылының қасиеттері
Қорғасын өндірісі
Атмосфералық ауаның ластануының зардаптары
Атмосфералық ауаның ластануының зардаптары және экологиялары
Азот және Фосфор элементтерін және олардың қосылыстарын жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша оқыту әдістемесі
Қышқылдық жаңбыр
Ауыр металл тұздарынан улану
Пәндер