Азоттың оттекті қосылыстары



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 66 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті
Жаратылыстану және ауылшаруашылық ғылымдар факультеті
Химия және химиялық технологиялар кафедрасы

Қорғауға жіберілді
Химия және химиялық технология кафедрасының меңгерушісі х.ғ.к.
_________ Сатенов К.Г.
____ ___________2021 ж.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: VА және VВ топ элементтерінің ұқсас қасиеттері және парамагнетизмі

5В011200 - Химия мамандығы бойынша

Орындаған: Салық А.Б.

Ғылыми жетекшіcі: х.ғ.д., профессор
Насиров Р.
Норма - бақылау:





Атырау, 2021
Факультет: Жаратылыстану және ауылшаруашылық ғылымдары
Мамандық: 5В011200 - химия
Кафедра: Химия және химиялық технология

Диплом жұмысын орындау үшін
Тапсырма
Студент: Салық Айбибі Бекқалиқызы
Жұмыстың тақырыбы: VА және VВ топ элементтерінің ұқсас қасиеттері және парамагнетизмі
ЖОО-ның __ ________ 20__ ж. № ______________ бұйрығымен бекітілді.
Жұмыстың толық аяқталатын уақыты: __________________________
Диплом жұмысына қажетті бастапқы мәліметтер: VА және VВ топ элементтері туралы жалпы мәліметтер
Диплом жұмысының қысқаша мазмұны:
КІРІСПЕ
1. VA топ элементтеріне жалпы сипаттама
2. V В топ элементтеріне жалпы сипаттама
3. Орта мектептің 9 сыныбында VA топша - азот топшасы тақырыбын
тірек-конспектілер бойынша өтуге арналған сабақ жасалымы
4. Хром оксиді катализаторының қатысуымен аммиакты тотықтырып, азот қышқылын өндіру
5. VA негізгі топ және VВ қосымша топша элементтерінің парамагниттік қасиеттері
6. Мұнайдағы ванадий және оның мұнайдың физика-химиялық сипаттамалары мен байланысы
ҚОРЫТЫНДЫ
Ұсынылған негізгі әдебиет:
1. Шоқыбаев Ж. - Бейорганикалық және аналитикалық химия - Алматы Білім 2003 - 198-211 бет; 243-246 бет
2. Насиров Р., - Д.И. Менделеевтің перодтық заңын оқыту - Алматы 2015 - 55-56 бет
3. Виноградов А.П., Бергман Г.Г. Ванадий в нефтях и битумах СССР Докл. АН СССР. - 1935. - Т.4. - №8 - 9. - С.333.
4. Журин А.А. Окислительно-восстановительные реакции. - М.: Аквариум, 1998. - 256 б.
5. Кузнецова Н.Е. Формирование систем понятий в обучении химии. - М.: Просвещение, 1989. - 144 б.
6. Программы по химии для 8-11 классов общеобразовательных учреждений Под ред. Н.Е. Кузнецовой. - М.: Вентана-Граф, 2006. - 128 с.
7. Зульфугарлы Д.И. Парагенезис гетерогенных и органических компонентов нефти Уч. Зап. АГУ. Сер.хим. - 1966. - №3. - С.18 - 22.
8. Насиров Р., Мурсалимов А.Е., Нуреденова Н.М., Салык А.Б., Жолдаскалиева А.Ж. - Окисление аммиака в присутствии катализатора оксида хрома и получение азотной кислоты - 2020

Диплом жұмысы бойынша берілетін консультациялар

БӨЛІМ
Консультациялар
1. Кіріспе
Әр аптаның бейсенбісі
2. Негізгі бөлім
3. Зерттеу бөлім
Әр аптаның бейсенбісі
Әр аптаның бейсенбісі
4. Қорытынды
Әр аптаның бейсенбісі

Тапсырманың берілген уақыты:____________________________ _____________
Кафедра меңгерушісі:_______________________ _____________________
Жұмыстың ғылыми жетекшісі:_________________________ _______Насиров Р.
Тапсырманы орындау үшін қабылдаған студент:___________________Салық А.
Мерзімі:___________________________ __________________________________
Бекітемін
Химия және химиялық технология кафедрасының меңгерушісі х.ғ.к.
_________ Сатенов К.Г.
____ ___________2021 ж.

Студенттің дипломдық жұмыс орындалуының
ГРАФИГІ
5В011200-Химия, Жаратылыстану
Салық Айбибі Бекқалиқызы
Тақырыбы: VА және VВ топ элементтерінің ұқсас қасиеттері және парамагнетизмі

КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАР

Жұмыстың мазмұны

Консультация
Орындалу мерзімі
I
1. Дипломдық жұмыс тақырыбын таңдау
а) дипломдық жұмыс тақырыбымен танысу
б) дипломдық жұмыстың жазылуымен танысу
в) дипломдық жұмыс тақырыбын бекіту туралы арыз беру
03.09.20-14.09.20

16.09.20-28.09.20

30.09.20-05.10.20

2. Әдебиеттермен танысып, таңдап бағдарламасын құрастыру
а) берілген әдебиеттерімен танысу
б) дипломдық әдебиеттерді таңдау және оны түсіну
в) тақырыптық сұрақтарды анықтау
г) ғылыми жетекшісімен келісіп дипломдық жұмыстың жоспарын құру
07.10.20-12.10.20

14.10.20-26.10.20

28.10.20-02.11.20

04.11.20-09.11.20
II
Әдебиеттерді таңдау
а) кітапхана және ғаламтордан материал жинау жұмысы
Б) ғылыми әдебиеттерді зерттеу
в) негізгі ой-түйінін, фактін, сандық сапасын бөлек қағазға, берілген әдебиетімен жазу
11.11.20-30.12.20

02.12.20-21.12.20

23.12.20-04.01.21

III
Жұмысын жазу
а) жұмыстың тарау, бөлімі бойынша бөліп жазу
б) кіріспені жазу
в) дипломдық жұмыс тарауын жазу
г) қорытындылап жазуы
д) кесте, график, диаграммаларды құрастыру
е) пайдаланған әдебиеттердің жазылуы
ж) грамматикалық және стильдік жазылуы
з) дипломдық шығарманың басылуы және түптелуі
06.01.21-12.01.21

13.01.21-18.01.21
20.01.21-25.01.21

27.01.21-01.02.21
03.02.21-08.02.21

03.02.21-08.02.21

10.02.21-15.02.21

17.02.21-01.03.21
IV
Диплом жұмысын алдын ала қорғау
а) дайындалып шығып және ғылыми жетекшіден кеңес алу
б) кафедра бойынша алдын-ала қорғау
в) дипломдық жұмысты қорғау
03.03.21-08.03.21

15.04.21

мамыр 2021 ж.

Студент:___________________________ _______________________Салық А.
Ғылыми жетекшісі: ___________________________________ _____Насиров Р.

ГЛОССАРИЙ

Парамагнетизм - парамагнетизм кейбір заттардың сыртқы магнит өрісінің бағыты бойынша магниттелу қасиеті.
Парамагнетиктердің магниттік өткірлігі аз және әрқашанда оң шама болады. Парамагнетиктердің диамагнетиктерден өзгешелігі, оларды құрайтын бөлшектердің жұпталмаған электроны болғандықтан магниттік моментке ие болады.
Парамагнетиктер қатарына сутегі атомы, сілтілік металдар, оттегі, азот, d - металдардың кейбір тұздары, ауыспалы металдардың комплексті қосылыстары және органикалық қосылыстардың еркін және анион-радикалдары жатады. Сыртқы магнит өрісі әсер еткенде парамагнетиктің ішкі өрісі бастапқы өрісті күшейтеді.
Пниктогендер - химиялық элементтердің периодтық кестесінің 5-ші тобының химиялық элементтері.
Азот - химиялық элемент - түссіз, иіссіз, дәмсіз - суда аз еритін газ.
Фосфор - элементтердің периодтық жүйесінің V тобындағы химиялық элемент, реттік нөмірі - 15, атомдық массасы 30,97.
Мышьяк - элементтердің периодтық жүйесінің V тобындағы химиялық элемент. Реттік нөмірі 33.
Сурьма - элементтердің периодтық жүйесінің V тобындағы химиялық элемент, атомдық нөмірі 51, атомдық массасы 121,75.
Висмут - элементтердің периодтық жүйесінің V тобындағы химиялық элемент, атомдық нөмірі 51, атомдық массасы 121,75.
Ванадий - элементтердің периодтық жүйесінің 5 топ элементі. 1801 жылы алғаш рет Мексика минерологы А.М. дель Рио ашқан, 1830 жылы швед химигі Н.Г.Сефстрем темір рудаларынан жаңа элемент алып, оны скандинавия мифологиясындағы сұлулық құдайы Ванадистің құрметіне ванадий деп атаған.
Ниобий - элементтердің периодтық жүйесінің V тобындағы хим. элемент, ат. н. 41, ат. м. 92,9064. Табиғатта тұрақты бір изотопы 93Nb бар.
Тантал - элементтердің периодтық жүйесінің V тобындағы хим. элемент, ат. н. 73, ат. м. 180,948. Ауыр, қиын балқитын, көкшіл ашық сұр металл.
Пестицидтер - мәдени өсімдіктерді зиянкестерден, паразиттерден, арамшөптерден, аурулардан және микроорганизмдерден қорғау үшін қолданатын барлық химиялық қосылыстар.
Гербицидтер - арамшөптерді жою үшін қолданылатын хим. қосылыстар.

VO2+ - ванадил ионы
ЭПР - электрондық парамагниттік резонанс
ОЕР - орнықты еркін радикал
R:: - еркін радикал
Vж - жалпы ванадий
V4+ - ванадийдің төрт валентті ионы

Мазмұны
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8-9
Негізгі бөлім
1 VA - топша элементтеріне жалпы сипаттама
1.1 VA - топша элементтерінің табиғатта таралуы, алынуы ... ... ... ... ... ... ...10 -13
1.2 VA - топша элементтерінің физикалық және химиялық қасиеттері, қолданылуы. Салқын сәуле (фосфор), химия жыртқышы (сурьма), улы элемент (мышьяк) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13-25
1.3 Мектеп химиясында азот топшасы тақырыбы бойынша сабақтарды өту әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25-30
1.4 VA топша элементтерін ойындық әдіспен оқыту әдістемесі ... ... ... ... ... .30-3 3
1.5 Азот және фосфор элементтерін тірек-сызбалар негізінде оқыту ... ... ... .33-36
2 VВ топ элементтеріне жалпы сипаттама
2.1 VВ - топша элементтерінің қосылыстары және олардың қолданылуы...36-37
2.2 VВ - топша элементтерінің физикалық және химиялық қасиеттері ... ... .37-38
2.3 Жоғарғы оқу орындарында VВ - топша элементтерінің оқыту технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...38-39
3 Зерттеу бөлімі
3.1 Орта мектептің 9 сыныбында VA топша - азот топшасы тақырыбын
тірек-конспектілер бойынша өтуге арналған сабақ жасалымы ... ... ... ... ... ..39-54
3.2 VA негізгі топ және VВ қосымша топша элементтерінің парамагниттік қасиеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 54
3.3 Мұнайдағы ванадий және оның мұнайдың физика-химиялық сипаттамалары мен байланысы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .54-61
3.4 Хром оксиді катализаторының қатысуымен аммиакты тотықтырып, азот қышқылын өндіру ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 61- 63
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 63
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... .64-66
КІРІСПЕ

Қазіргі таңда оқушылардың білім, білік, дағдыларын қалыптастырып, оқуға деген қызығушылықтарын арттыру мұғалімдер алдында тұрған аса жауапты міндеттердің бірі. Өмір талабы - оқу үрдісін тиімді педагогикалық технологияларды қолданып, қарқынды әдіспен ұйымдастыру, яғни шектеулі уакыт ішінде сабақ үстіндегі жұмыс өнімділігін арттыру.
М.Қ. Кұрманалиев "Педагогикалық технология - оқу үрдісін ұйымдастыру тәсілдерінің жиынтығы немесе мұғалімінің нақты ic-әрекетіне байланысты және алдына қойған мақсаттарына жетуге бағытталған белгілі ретпен орындалатын ic-шаралар. Педагогикалық технология оқытудың арнайы формаларын, әдістері мен тәсілдерін айқындайтын педагогикалық нұсқаулардың жиынтығы", - деген [1-4].
Бұл орайда пән мұғалімдері сабақты өткізудің әдіс-тәсілдерін жаңартып, көрнекті техникалық құралдармен, қосымша материалдармен байытып отыруы керек [5,6].
Осыған орай, бейметалдарға жататын V-топ элементтерін, яғни Азот топшасы тақырыбын өту оқушылардың химия курсының маңызды теориялық мәселелерін және Д.И. Менделеевтің химиялық элементтерінің периодтық жүйесі, периодтық заң, атом құрылысы, химиялық байланыс, химиялық реакциялардың жүру заңдылықтары, электролиттік диссоциация, тотығу-тотықсыздану реакциялары секілді фактілік оқу материалдарын білуге негізделген. Сондықтан тақырыптың оқу материалының үлкен бөлігі дедуктивті түрде өтілуі мүмкін.
VВ топта орналасқан парамагниттік қасиеті айқын көрінетін дипломдық жұмысымның бас зерттелетін элементі - ванадий.
Қазіргі таңда, Қазақстанда халықаралық интеграцияға байланысты мұнай өндіру және оны өңдеу ісі қарқынды дамып келеді. Мұнай химиясы бағдарламасында мұнайдан бағалы өнімдерді алу мақсатында, оны тереңдетіп өңдеу әдістерін және серпінді технологиясын енгізуге үлкен көңіл бөлінген. Бұл, мұнай өңдеу ісіне тиімді мұнай кеніштерін анықтау үшін осы аймақтағы мұнайлардың құрамын және физика-химиялық қасиеттерін толық сипаттап, анықтау мәселесін шұғыл алға қояды.
Дүниежүзілік саясатта мұнайдың маңызының және мұнай өнімдеріне деген сұраныстың өсуіне байланысты, өте тұтқыр, ауыр мұнайларды өндіру және өңдеу, игерілудің соңғы сатысындағы мұнай кеніштерін толық пайдалану қазіргі кезеңде үлкен өзекті мәселе болып қалып отыр.
Болашақта мұнай өндіру ісінде құрамында гетератомды (ванадий, никель, күкірт) қосылыстары көп тұтқыр мұнайлардың үлес салмағын арттыру көптеген мәселелерді алға қояды.
Зерттеудің өзектілігі: оқушыларда тиімді педагогикалық әдістеме арқылы оларда іргелі теориялық химиялық білім негізін қалыптастыру мақсатында ұсынылған әдістемені жасап, оны негіздеу және эксперименттік тексеруден өткізілуі керек.
Және мұнай құрамындағы гетератомды ванадий қосылыстарын зерттеу. Мұнайдың және оның өнімдерінің негізгі сипаттамасының бірі болып табылатын, олардың парамагнетизмі осы кезеңге дейін Қазақстан мұнайлары үшін жақын және алыс шетелдердің мұнайларына қарағанда өте аз зерттеліп отыр.
Ғылыми зерттеулер мұнай парамагнетизмінің мұнай және газ қабаттарын табуға мұнай газ кеніштерін тиімді өндіруге және өңдеуге үлкен қатысы барын дәлелдеді. Әсіресе Қазақстанның ауыр мұнайының парамагнетизмін және оның бұндай мұнайлардың табиғи диспресті жүйесін жасаудағы ролін жан-жақты зерттеу, оларды өңдеуде және мұнай құрамынан маңызды микроэлементтерді бөліп алу ісінде болашақта үлкен маңызға ие болмақ. Құрамында парамагниттік бөлшектері бар мұнай бөліктері, мұнайдың химиялық жағынан ең белсенді бөліктері болып табылады. Олардың еркін радикалдық табиғаты, шикі мұнайдың жер қойнауындағы өзгерістерінде ғана үлкен роль атқарып қоймайды, сондай-ақ мұнайды өңдеудің технологиялық процесстерінде де маңызды сипат алады. Әсіресе мұнайды тереңдетіп өңдеу кезінде, олардың ауыр бөліктерінде парамагниттік қасиеті бар еркін радикалды бөлшектердің шоғырлануы бірінші кезекте катализаторлардың белсенді орталығымен әрекеттесіп, істен шығуына мүмкіндік жасаса, екіншіден мұнайдың ауыр бөліктері радикалды сипаттағы процесстерге қатысатын парамагниттік бөлшектердің туатын көзі болып табылады.
Бұл жұмыстың көкейкестілігі, оның Каспий маңы аймағы мұнайларына және олар орналасқан шөгінді жыныстарға әртүрлі дәрежеде парамагниттік қасиет беретін орнықты еркін радикалды бөлшектердің атап айтқанда төрт валентті ванадий қосылыстарының және орнықты еркін радикалдардың (ОЕР) табиғаты бойынша алынған зерттеу нәтижелерінің жүйеліленіп, зерделіленуі.
Зерттеу мақсаты: VА және VВ топ элементтерінің қасиеттерін қарастыру және орта мектепте, жоғарғы оқу орындарында оларды оқыту.
Зерттеу нысаны - жалпы орта білім беретін мектептегі VА және VВ топ топ элементтерді оқыту технологиясы және жоғарғы химиядағы олардың ұқсастықтары мен парамагнетизмі.
Зерттеу міндеттері:
а) VA топ элементтері. Жалпы сипаттама жасау
ә) V В топ элементтері. Жалпы сипаттама жасау
б) Орта мектеп химия курсында және жоғарғы химияда VА және VВ топ элементтерінің оқыту технологиясына қысқаша тоқталу
в) Мұнайдағы ванадий қосылыстары мен органикалық еркін радикалдардың зерттелу дәрежесін зерттеу
г) Хром оксиді катализаторының қатысуымен аммиакты тотықтырып, азот қышқылын өндіру
Зерттеудің ғылыми негізі: VВ топ элементтер ішінде ваннадий металының тотығу дәрежесі зерделенді және оның парагмагнитизмі анықталды.
Диплом жұмысының құрылымы: дипломдық жұмыс кіріспеден, және 3 бөлімнен қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 VA - топша элементтері. Жалпы сипаттама
1.1 VA - топша элементтерінің табиғатта таралуы, алынуы

V A - топша элементтеріне азот пен фосфор және оларға ұқсас мышьяк, сурьма, висмут жатады. Бұл элементтер атомдарының сыртқы электрондық деңгейінде бес электрон бар ns²np³. S - электрондар жұп , ал p - электрондар дара. Сол себепті олардың тотығу дәрежелері +3 және ѕ - электрондар даралануы нәтижесінде +5 болады. Сонымен қатар сутегімен олар -3 тотығу дәрежесін көрсетіп гидридтер түзеді. Бұл элементтердің кейбір қасиеттері 1-кестеде келтірілген.
Рет нөмірі өскен сайын бұл элементтердің бейметалдық қасиеті төмендеп, металдық қасиеті жоғарылайды.

1 кесте. VА топша элементтерінің қасиеттері

N
P
As
Sb
Bi
Peт нөмірі
Салыстырмалы атомдық масса, а.м.б.
Валенттік электроны
Атом радиусы, нм
Салыстырмалы электртерістік
Балқу температурасы , °C
7
14,0

2s22p3
0,071
3,07

- 209,9
15
30,97
3s23p2 0,13
2,10

44,10
33
74,92

4s24p3 0,148
2,20

844
51
121,75

5s25p3 0,161
1,82

630,5
83
208,98

6s26p3 0,182
1,67

271,3

Азот тобын пниктогендер (грек тілінен аударғанда тұншықтырғышты білдіреді) деп атайды, -3-тен +5-ке дейін тотығу дәрежесін көрсетеді. Электрондылықтың салыстырмалы төмендігіне байланысты сутегімен байланыстары халькогендер мен галогендердің сутегімен байланысуына қарағанда аз полярлы болады. Бұл элементтердің сутегі қосылыстары сутегі иондарын сулы ерітіндіден шығармайды, басқаша айтқанда қышқылдық қасиетке ие емес. Сонымен, бұл топта оны құрайтын элементтердің типтік бейметалдан қарапайым металға дейін қасиеттері күрт өзгереді. Бұл элементтердің химиясы өте алуан түрлі және элементтердің қасиеттерінің айырмашылықтарын ескере отырып, оны зерттегенде екі кіші топқа бөлінеді - азот топшасы және мышьяк кіші тобы. Тұтасымен алғанда бұл элементтер тобының көпшілігі қарапайым зат түрінде де, қосылыстар түрінде де өте улы.
Азот. Азот деген сөз гректің - өмірді қолдамайды деген сөзінен шыққан. Оның таңбасы N - латынша нитрогениум, яғни селитра тудырғыш - деген сөзден шыққан. Табиғатта азот көбінесе бос күйінде болады. Ол жер атмосферасының көлем бойынша 78 процентін алып жатыр. Азот байланысқан күйде топырақта, органикалық заттар құрамында болады. Өсімдіктер азотты топырақтан нитраттар күйінде сіңіреді. Ол өсімдік белогі құрамына кіреді. Жануарлар азотты өсімдік арқылы алады. Олардың организмінде 1 -- 10 %, ал жүн мен мүйізде 15 % -ке дейін азот болады. Тірі организм құрамындағы белокке азот кіреді. Осыдан азоттың жердегі өмір үшін қандай маңызы барын түсіну қиын емес. Сонымен қатар азот көмір, торф және нитрат құрамында табиғатта кездеседі. Натрий нитратының ең бай қоры Оңтүстік Америкада Чили жағалауында.
Өнеркәсіпте азотты ауадан алады. Алдымен ауаны қысып сұйыққа айналдырады, содан соң біртіндеп қысымды азайтқанда қайнау температурасы жоғарылау азот бірінші ұша бастайды. Лабораторияда азотты аммоний нитритін ыдырату арқылы алады:
NH4NO2 -- N2↑ + 2H2O
Аммиакты мыс оксиді (қыздырылған) үстінен өткізу кезінде азот бөлінеді:
2NH3 + 3Cu0 = N2↑ + 3Cu + 3H20
Фосфор. Фосфор - типтік бейметалл. Фосфордың бірнеше аллотропиясы бар. Аллотропия дегеніміз белгілі бір химиялық элементтің алыну шартына, жағдайына орай бірнеше, модификацияда, түрде кездесуі. Олардың формуласы, атомдық массасы, ядросы, электроны бірдей болғанымен кейбір физикалық және химиялық қасиеттері өзгеше болады. Мысалы, ақ, сары, қызыл, қара, күлгін тағы да басқа түрдегі фосфор.
Ақ фосфор - химиялық тұрғыдан ең белсенді модификацияланған фосфор. Молекулалық құрылымы бар; формула P4, молекуланың пішіні тетраэдр. Сыртқы түрі тазартылған балауызға немесе парафинге өте ұқсас, оны пышақпен оңай кесіп алады және аз күш жұмсап деформациялайды. Балқу температурасы -44,1°C, тығыздығы 1823 кгм³. Өте реактивті. Мысалы, ол бөлме температурасында атмосфералық оттегімен баяу тотығады және жарқырайды (бозғылт жасыл жарқыл). Химиялық тотығу реакцияларына байланысты жарқыраудың мұндай құбылысы хемилюминесценция деп аталады (кейде қате фосфоресценция). Улы, ересек ер адам үшін ақ фосфордың летальді дозасы 0,05-0,1 г құрайды. Ақ фосфор кристалды. Ол аса жоғары тазалықта болса ғана ақ, ал болар болмас қоспа араласса сарылау түске боялады және оны көбіне техникалық ақ фосфор дейді. Ақ фосфор өте активті және ол оттекпен жақсы әрекеттеседі. Ол суда ерімейді және онымен әрекеттеспейді. Сондықтан дақ фосфорды су астында сақтайды. Қалыпты жағдайдағы фосфор, жайлап булана келіп, ауада жану нәтижесінде жарық шығарады. Егер оны балқу температурасынан жоғарылау қыздырса, ол ауада өздігінен от алып, жылдам жанады. Ол асқан у, денеге тисе, сол сәтте күйдіреді және ол өте қиын жазылады.
Қызыл фосфор. Егер ақ фосфорды ауасыз немесе инертті ортада 280 - 300°С аралығында қыздырса, онда әлгі ақ фосфор қызыл фосфорға айналады. Ол аморфты ұнтақты, ұлпа зат. Ол ақтан гөрі ауырлау. Оның меншікті салмағы 2,3. Ол 590°С балқиды. Ол ақ фосформен салыстырғанда әлдеқайда активсіздеу. Демек оны сақтау жеңілдеу. Аса таза қызыл фосфор улы емес. Егер онда шамалы қоспа кездессе, ол улы болады. Ал техникалық қара-фосфор аса таза емес. 1847 жылдың 9 декабрінде Вена Ғылым академиясының мәжілісінде Штреттер қызыл фосфордың алынғанын хабарлайды. Демек, ақ фосфордан кейін, қызыл фосфор ашылды.
Қара фосфор. Егер ақ фосфорды 1000-1200 атмосфералық қысымда ұстап, оны 200°С дейін қыздырса, фосфордың келесі аллотропиялық түрі қара фосфор пайда болады. Ол қызылдан ауырлау. Оның меншікті салмағы 2,7. Ол қызылдан да активсіздеу, яғни рекацияға оңай түспейді. Оның құрылысы графитке ұқсас. Қалыпты жағдайдағы қара фосфор жартылай ток өткізеді. Ол жоғарғы қысым мен температурада ғана ток өткізеді. Ал, қызыл фосфор болса, мүлдем ток өткізбейді. Демек, ол изолятор. 1934 жылы американ профессоры Бриджмен ақ фосфорды 1000 атмосфералық қысымда қыздырып, қара фосфорды тұңғыш рет алды. Қара фосфор қызыл сияқты ауада өздігінен жанбайды, жарық шығармайды.
Күлгін фосфор. 1797 жылы орыс оқымыстысы A. А. Мусин-Пушкин фосфордың күлгін түсті жаңа түрін алды. Мұны 1853 жылы Гитморф қайтадан, жоғарыдағы әдісті қайталап алады. Күлгін, қоңыр, ашық қызыл түсті және металл, шыны тектес жылтырауық қалпындағы фосфордың аллотропиялық түрлері жоғары қысым мен қызу жағдайында алынады да аморфты болады. Олар қысымды ортада сақталынады.
Табиғатта фосфор сирек кездеседі. Ол -- өсімдік пен жануар белоктарының құрамына кіреді. Өсімдікте фосфор жемістері мен ұрықтарында, ал жануарларда жүйке жүйелерінде, бұлшық еттерде және сүйектерде болады. Мәселен, адам организмінде 1,5 кг - ға дейін фосфор бар. Оның 1,4 кг сүйекте, 130 г бұлшық етте, 12 г жүйке жүйесінде. Фосфор организмде тұқым қуалаушылыққа әсер етеді. Фосфорды академик Е.А. Ферсман өмір мен ой элементі деп атаған. Фосфор өте белсенді элемент болғандықтан жеке күйінде табиғатта кездеспейді. Ол көбінесе, апатит, саз ретінде тау жыныстары арасында болады. Тау жыныстары мүжілу нәтижесінде топырақтың қышқылдығы әсерінен еріп өсімдіктерге сіңеді. Сөйтіп, ондағы фосфорит пен апатит топыраққа түседі. Олар өсімдік арқылы мал және адам организміне түсіп, биохимиялық айналымға араласады.
Фосфорды апатиттен не фосфориттен алады. Фосфоритті құм (SiO2) және көмір қосып қыздырады. Түзілген фосфор кальциймен әрекеттеспеу үшін құм SiO2 қосады. Реакция теңдеуін жалпы түрде былай жазуға болады:
Са3(PO4)2 + 5C + 3SiO2 = 2P + 3CaSiO3 + 5СО
Сурьма, висмут, мышьяк. Сурьманың әртүрлі қысым кезінде болатын төрт аллотропиялық модификациясы және үш аморфты модификациясы (сары, қара және жарылғыш сурьма) бар. Улы, бірақ мышьякқа қарағанда әлдеқайда улылығы аз. Сары сурьма оттегінің SbH3 сұйықтығына әсерінен пайда болады. Қыздырған кезде, сондай-ақ көрінетін жарықпен жарықтандырылған кезде ол қара сурьмаға айналады. Қара сурьма жартылай өткізгіштік қасиетке ие. Жарылғыш сурьма - күміс ақ, металдың жылтырлығы бар. SbCl3 электролизі кезінде аз ток тығыздығында түзілген. Соққыға және үйкеліске жарылады. Жарылғыш сурьма, оны ысқылағанда немесе жарылыспен соққанда, металл сурьмаға айналады. Кейбір қорытпаларға оларды сүрту үшін сурьма қосады. Сурьма, қорғасын және аз мөлшерде қалайыдан тұратын қорытпа типографиялық металл немесе гарт деп аталады. Сурьма оның қосылыстарында мышьякқа өте ұқсастық көрсетеді, бірақ одан айқынырақ металлдық қасиеттерімен ерекшеленеді.
Табиғатта сурьма -- Sb2S3 ( сурьма жарқылы), ал висмут -- висмут жарқылы Bi2S3 немесе висмут охрасы Ві203 түрінде кездеседі. Оларды осы қосылыстардан қыздырып, көмірмен тотықсыздандырып алады:
Sb2S3 + 4,502 = Sb2O3 +3S02
2Sb2O3 + 3C = 4Sb + 3CO2,
Сурьманың қосылыстары улы заттар. Сурьма мен висмут техникада әр түрлі құймалар жасау үшін пайдаланылады. Құрамында сурьма бар құйма тотықпайды, қатты болады. Мұндай құймалардан подшипниктер , баспахана әрпін жасайды. Висмут қосылған құймалардың балқу температуралары төмен болады. Оларды автомат өрт сөндіргіштер және басқа аспаптар жасау үшін алмастырушы ретінде қолданылады. Висмут (III) тұздары мал дәрігерлігі мен медицинада қолданылады. Таза висмут атом реакторларында жылу алмастырушы ретінде қолданылады.
FeAsS, дискразит As2Sb, мальдонит As2Bi, мышьяк түсі As2O3 сурьма охрасы Sb2O3, висмут охрасы Bi2O3
Мышьяк - периодтық жүйенің төртінші кезеңінің 5-ші тобының химиялық элементі (ескірген классификация бойынша - бесінші топтың негізгі кіші тобы); As белгісімен белгіленген 33 атомдық нөмірі бар. Қарапайым зат - сынғыш болат түсті жартылай металл. Өте улы. Мышьяк бірнеше аллотропиялық модификацияда болады. Қалыпты жағдайда және қыздыру кезінде ең тұрақты металл немесе сұр мышьяк болып табылады. Сұр мышьяктың тығыздығы 5,72 гсм3 құрайды. Қалыпты қысыммен қыздырылған кезде ол кішірейеді. Басқа модификациялардан айырмашылығы, сұр мышьяк металдың электр өткізгіштігіне ие. Мышьяк суда ерімейді.
Мышьяк, сурьманы, висмутты олардың оксидтер түріндегі минералдарын жоғарғы темепературада көмірмен тотықсыздандыру арқылы алады, ал сульфидтер түріндегі минералдарынан алу үшін алдымен ауа қатысында өртейді, сонан соң түзелген оксидтерді көмірмен тотықсыздандырады:
I. 2Э2О3 + 3С = 4Э + 3СО2
II. 2Э2S3 + 902 = 2Э2О3 + 6 SO2
III. 2Э2О3 + 3С = 4Э + 3СО2
Кейде мышьяк колчеданды ауа қатыстырмай қыздыру арқылы мышьяк алады:
FeAsS=FeS+As
Сурьма мен висмут олардың сульфидтерінен термиялық әдіспен алады, мысалы:
2Bi2S2 + 9O2 = 2Bi2O3 + 6SO2
2Bi2O2 + 3C = 4Bi + 3CO2
1.2 VA - топша элементтерінің физикалық және химиялық қасиеттері, қолданылуы. Салқын сәуле (фосфор), химия жыртқышы (сурьма), улы элемент (мышьяк)

Азот. Азот - иіссіз, түссіз, ауадан шамалы жеңіл газ. Суда нашар ериді. Сұйық азот -195,8 ° -та қайнайды, -210 ° С -та қатады. Азот тыныс алу, жану процесін қаламайды. Ол улы емес. Жан - жануарлар, адам тыныс алуы үшін таза оттегінің де жарамайтыны белгілі. Демек , тыныс процесінде ауа құрамындағы азоттың да белгілі бір рөлі бар.
Әдетте, азот молекуласы өте тұрақты , ешбір затпен әрекеттеспейді. Оның себебі молекула құрамында үш жұп байланыстың болуында: N≡N. Дегенмен өте жоғары температурада қыздырған кезде азот металдармен нитридтер, оттегімен оксидтер, сутегімен аммиак түзіп әрекеттеседі.
Азот сутегімен бірнеше қосылыс түзеді . Олардың ішінде ең маңыздысы - аммиак. Оны лабораторияда аммоний хлоридін кальций гидроксидімен қосып қыздыру арқылы алады:
2NH4Cl + Ca (OH)2 = CaCl2 + 2H20 + 2NH3↑
Өнеркәсіпте аммиак өндіру атмосферадағы бос азотты байланыстырудың бірден - бір жолы. Бұрын азоттың табиғи минералы ретінде тек Чили селитрасы NaNO3 белгілі болатын. Аммиак өндіру атмосферадағы азотты минерал қосылыстары күйіне айналдыруға мүмкіндік береді. Алғашқыда аммиакты цианамид әдісі арқылы алып жүрді. Ол үшін алдымен кальций цианамидi CaCN2 алынады:
N2 + CaC2 = CaCN2 + C
Аммиак. Кальций цианамидiн су буымен әрекеттестіріп аммиак алады:
CaCN2 + 3H2O = CaCO3 + 2NH3↑
Қазіргі кезде аммиакты синтез әдісімен -- азот пен сутегін әрекеттестіріп алады:
N2 + 3H2 = 2NH3
Реакция теңдеуінен оның экзотермиялық процесс екені көрініп тұр. Демек температураны өсіру аммиак синтезіне кері әсер етеді. Соған орай процесті біршама төмен температурада 500 -- 550°С, катализатордың қатысуымен, аса жоғары қысымда жүргізеді.
Аммиак - өткір иісті, түссіз газ. Ауадан жеңіл. Ол өте улы. Оны арнайы цистерна мен баллондарда сақтап, тасымалдайды. Аммиак -33,4°С-та сұйыққа айналып, -77,8°С-та қатады. Аммиак суда өте жақсы ериді. Судың 1 көлемінде аммиактың 710 көлемі ериді. Аммиактың концентрлі (25%) ерітіндісін мүсәтір спирті дейді. Суда еріген кезде аммиак сумен әрекеттеседі:
NH3 + H2O -- NH4OH
Судағы ерітіндісі сілтілік орта көрсетеді. Өйткені түзілген NH4OH сілті болып табылады. Оны аммоний гидроксиді дейді. NH4+ - ионы аммоний катионы.
NH4OH -- NH4 + + OH -
Аммоний гидроксиді әлсіз негіз. Қышқылдармен қосылып аммоний тұздары деп аталатын тұздар түзеді. Бұл тұздар аммиак пен қышқылдың қосылуы нәтижесінде де түзіледі:
HCI + NH3 = NH4Cl;
H2SO4 + 2NH3 = (NH4)2SO4
Аммоний тұздары суда ерігіш, кристалл заттар. Оларға тән реакция - сілті қосып қыздырғанда аммиак бөлінуі:
NH4Cl + KOH = KCl + H2О + NH3↑
Бұл реакция арқылы минерал тыңайтқыштары арасынан аммоний тұздарын анықтайды. Аммоний тұздары ауыл шаруашылығында кеңінен қолданылады. Олар өте жақсы минерал тыңайтқыштар: (NH4)2SO4, NH4H2PO4, (NH4)2HPO4 т.б.
Аммиакты көміртегі (IV) оксидімен қосып қыздырған кезде аса маңызды қосылыс - мочевина (карбамид) түзіледі:
CO + 2NH3 = CO(NH2)2 + H2O
Карбамид минерал тыңайтқыш пен мал азығына қоспа ретінде қолданылады. Сонымен қатар халық шаруашылығында аммоний хлориді NH4Cl және аммоний нитраты NH4NO3 пайдаланылады. Аммиак химиялық тұрғыдан активті қосылыс. Онда азот -3 тотығу дәрежесін көрсетеді. Сондықтан, аммиак өте жақсы тотықсыздандырғыш. Ол ауада жақсы жанады:
4NH3 + 302 = 2N2 + 6H20
Егер бұл реакцияны катализатордың (pt) қатысуымен жүргізетін болса, онда таза азот емес азот (II) оксиді түзіледі:
4NH3 + 502 = 4N0 + 6H20
Бұл реакцияның орны өнеркәсіпте өзгеше. Осы реакция арқылы азот қышқылын өндіруге болады.
Сұйық аммиак буланған кезде айналаны суытады. Оның осы қасиетін тоңазытқыш жасауда пайдаланады. Сұйық аммиак өте құнды концентрлі тыңайтқыш. Аммиак молекуласында байланыс түзуге қатынаспайтын бір жұп электрон бар. Сол себепті ол көптеген донорлы-акцепторлы байланыстар түзіп, көптеген комплексті қосылыстар құрамына лиганд түрінде кіреді.
Азоттың оттекті қосылыстары. Азот бірнеше оксидтер түзеді: N2O, NO, N2O3, NO2, N2O5.
Азот (I) оксидін аммоний нитратын ыдыратып алуға болады:
NH4NO3 -- N20 + 2H20
Азот (I) оксиді тәтті дәмі бар, ұнамды иісті газ. Ол тұз түзбейтін оксид. Суда нашар ериді және онымен әрекеттеспейді.
Азот (I) оксидін аздап қыздырған кезде, ол оттегі мен азотқа ыдырайды:

2N20 -- 2N2 + О2.
Сондықтан тұтанған шырпы азот (I) оксидінде ауадан да жақсы жанады. Азот (I) оксиді нерв жүйесіне әсер етеді. Оны көңілдендіргіш газ деп атайды. Ол медицинада наркоз ретінде қолданылады.
Азот (II) оксиді NО - суда аз еритін түссіз газ. Оны азот пен оттегінен 1000°С температурада алуға болады:
N2 + О2 = 2NO
Бұл газ атмосферада найзағай кезінде түзіледі. Лабораторияда азот (II) оксидін сұйытылған азот қышқылымен мысқа әсер етіп алуға болады:
3Cu + 8HNO3 = 3Cu(NO3)2 + 2N0↑ + 4H20
Азот (II) оксиді тұз түзбейтін оксид. Ол ауада өз бетімен тотығады:
2NO + O2 = 2NO2
Химия өнеркәсібі үшін бұл оксидтің (NO) маңызы зор. Ол азот қышқылын өндірудің бір сатысының шикізаты болып табылады. Азот (IV) оксидi NO2 - өзіне тән иісі бар, қара - қоңыр түсті улы зат. Ол азот қышқылы ыдырағанда бөлінеді. Сондықтан азот қышқылы сарғыш болып тұрады:
4HNO3 -- 4N02↑ + 02↑ + 2H20
Әдетте азот (IV) оксиді екі түрлі қосылыстың қоспасы болады, 2NO2--N2O4.
-11,2°С-та ол толық N2О4 түрінде, ал 140°С-та тек NO2 түрінде болады. Оның димер түрі N2О4 ақ кристалл зат.
Азот (IV) оксиді күшті тотықтырғыш. Көптеген жай заттар (көмір, күкірт, фосфор) азот оксидінде жанып кетеді. Ол күкірт (IV) оксидін тотықтырады:
SO2 + NO2 = SO3 + NO
Азот (IV) оксиді суда ерігенде онымен химиялық әрекеттесіп екі түрлі - азот және азотты қышқыл түзеді:
2NO2 + H2O = HNO2 + HNO3
Ал оны оттегімен қосып суда ерітсе тек азот қышқылы түзіледі:
4NO2 + 2H20 + 02 = 4HNO3
Азот (III) оксиді N2О3 төмен температурада көк түсті сұйық зат. Оған азотты қышқыл сәйкес HNO2. Азотты кышқыл әлсіз. Ол тек судағы ерітінді түрінде ғана белгілі. Ерітіндіні қойылтып бөліп алуға тырысқан кезде ол оксидтерге ыдырап кетеді:
2HNO2 = NO + NO2 + H2O
Азотты қышқылды оның тұзынан алуға болады:
2NaNO2 + H2SO4 = Na2SO4 + 2HNO2
Азотты қышқылдың тұздарын нитриттер дейді. Органикалық синтез, бояу және дәрі - дәрмек өндіру үшін натрий нитритінің маңызы зор (NaNO2). Азотты қышқылда азоттың тотығу дәрежесі аралық (+3) болғандықтан ол тотықтырғыш та, тотықсыздандырғыш та бола алады. Азот (V) оксиді N2О5 және азот қышқылы HNO3. Азоттың оттегімен түзетін ең жоғарғы оксидi N2O5. Ол қатты гидроскопиялық қосылыс. Суда ерігенде онымен химиялық түрде әрекеттесіп азот қышқылын түзеді (HNO3). Азот қышқылы азоттың ең маңызды қосылыстарының бірі болып табылады. Оны концентрлі күкірт қышқылымен азот қышқылының тұзына әсер етіп алады:
2NaNO3 + H2SO4 = 2HNO3 + Na2SO4
Бұрын бұл азот қышқылын өндірудің бірден - бір тәсілі болатын. Оны алу үшін Чили селитрасы (NaNO3) пайдаланылатын. Кейін азот қышқылын аммиактан алу тәсілі табылды. Ол үш сатыдан тұрады.
1. Аммиакты катализатор қатыстырып (Pt - Rh) тотықтыру;
4NH3 + 502 = 4N0↑ + 6H20
2. Азот (II) оксидінің азот (IV) оксидіне тотығуы:
2NO + O2 = 2NO2
3. Азот (IV) оксидінің оттегінің қатысуымен суда еріп, азот қышқылының түзілуі.
4NO2 + 2H20 + O2 = 4HNO3
Бұл тәсіл үшін қажет аммиакты цианамидтен синтездеп (N2 + H2) алуға болады. Дегенмен, синтездеп алынған аммиак әлі де болса қымбатқа түседі. Сондықтан азот (II) оксидін ауаны жағу жолымен алу көзделіп отыр. Оны электрлік доға шеңберінде, ядролық реакторда іске асыруға болады.
Азот қышқылы. Химиялық таза азот қышқылы -- түссіз сұйық зат. Ол +86°С - та қайнайды, -41°С-та қатады. Меншікті салмағы 1,53 гсм3. Ол суды жақсы сіңіреді, ауада түтiнденеді. Азот қышқылы сумен кез - келген мөлшерде араласады. Өнеркәсіп 68 проценттік (меншіктік салмағы 1,4 гсм3) азот қышқылын өндіреді.
Азот қышқылы өте күшті қышқыл:
HNO3 -- H+ + NO3-
Ол қыздыру, күн сәулесі әсерінен ыдырайды. Сондықтан, оны салқын, қараңғы жерде сақтау қажет.
Азот қышқылында азот +5 тотығу дәрежесін көрсететіндіктен, ол өте күшті тотықтырғыш. Химиялық реакция кезінде тек тотықтырғыш болады да, өзі тотықсызданады:
HN+5O3 -- N+4O2 -- HN+3O2 -- N+2O -- N2+1О -- N20 -- N-3H3
Азот қышқылы металдармен әрекеттескенде сутегі бөлінбейді. Металдың активтігіне қышқылдың концентрациясына байланысты азоттың әр түрлі тотығу дәрежесін көрсететін қосылыстары түзіледі. Мысал ретінде бірнеше металмен әрекеттесу теңдеуін келтірейік:
1. Ag + 2HNO3конц. = AgNO3 + NO2 + H20
2. ЗAg + 4HNO3сұйық = 3AgNO3 + NO + 2Н2О
3. 4Ca + 10HNO3конц. = 4Ca(NO3)2 + N20 + 5H20
4. 4Ca + 10HNO3сұйық = 4Ca(NO3)2 + NH4NO3 + 3H20
Концентрлі азот қышқылы темірге, хромға әсер етпейді. Оларды пассивтендіреді. Азот қышқылына тұз қышқылын (1:3) қосқан кезде тотықтырғыш қасиеті одан да күшейе түседі. Бұл қоспа еш нәрседе ерімейтін, металдардың патшасы алтынды да ерітеді. Сондықтан бұл ерітіндіні патша суы деп атайды.
Фосфор. Фосфордың химиялық қасиеті азотқа ұқсас. Ол үшінші периодта болғандықтан, ортадағы оң он бес зарядталған ядроны қоршаған он бес электрондар үш қауызға (қабатқа) орналасады. Ядроға жақын ең кіші қабатта екі, ортадағы екіншіде - сегіз, ал ең сыртқы үшіншіде бес электроннан орналасқан. Үшінші қабат ядродан алыстау болғандықтан ондағы электрондар онымен әлсіздеу байланысқан, яғни тартылыс күші әлсірейді. Екінші жағынан оған бес электронды беру де, үш электронды қосу да бірдей секілді. Демек, фосфор теріс үш, оң зарядталған беске дейін валенттілік көрсетеді.
Фосфор оттектегідей хлормен де әрекеттесіп, онда жанады. Егер хлор жеткілікті болса фосфордың бес хлорлысы жетіспесе, үш хлорлысы түзіледі. Ол фтормен әрекеттескенде ылғи қопарылыс бергендіктен, фосфор фторидін қосалқы жолмен алады. Ал, күкіртпен қыздырса ғана әрекеттеседі. Сол сияқты фосфордың сутекті қосылысы да қосалқы әдіспен алынса, металдысы инертті ортада қосылады. Фосфордың сутекті қосылысы фосфин делінеді. Әрі ол ауада өте тез жанып, қопарылыс береді. Ал, фосфордың Бертолле тұзымен қосылысы да қопарылады. Бұл қоспа өте қауіпті әрі улы әрі от алғыш.
Фосфор сутегімен және металдармен -3 , ал оттегімен +3, +5 тотығу дәрежелерін көрсетеді (PH3, Ca3P2, P203, P205). Фосфор сутегімен қосылып фосфин -- PH3 түзеді. Фосфин PH3 аммиакка ұқсас, газ тәрізді. Оны мырыш фосфидіне Zn3Р2, күшті қышқылдармен әсер етіп алады:
Zn3P2 + 6HCI = 2PH3 + 3ZnCl2
Фосфин -- сарымсақтың иісіндей иісі бар, түссіз , улы зат. Ол ауада жанып фосфор (V) оксидіне айналады:
2PH3 + 402 = P205 + 3H20
Фосфиннің аммиакқа қарағанда негіздік қасиеті нашар. Дегенмен ол да қышқылдармен әрекеттесіп фосфоний тұздарын түзеді:
PH3 + HCl = PH4CI
Мұнда РН4 -- фосфоний ионы аталады.
Фосфордың оттекті қосылыстары. Фосфор екі түрлі оксид және соларға сәйкес бірнеше қышқыл түзеді. Фосфорды оттегiн жетiстiрмей біртіндеп қыздырған кезде фосфор (ІІІ) оксидi P203 түзіледі:
4P + 302 = 2P203
Ол төменгі температурада димер түрінде болады P406. Фосфор (ІІ) оксиді ақ түсті кристалл зат. Ол бөлме температурасында суда еріп фосфорлы қышқыл түзеді:
P203 + 3H20 = 2H3PO3
Бұл қосылыстарында фосфордың тотығу дәрежесі +3 болғандықтан, олар күшті тотықсыздандырғыштар болып табылады. Фосфорлы қышқыл суда жақсы еритін ақ түсті кристалл. Оның тұздарын фосфиттер дейді. Ішіндегі белгілілері - NaH2PO3 натрий дигидрофосфиті және гидрофосфиті -- NaHPO3. Фосфор ауада жанғанда фосфор (V) оксидін түзеді:
4P + 502 = 2P205
Фосфор (V) оксидін суда еріту арқылы фосфор қышқылын алады:
Р2О5 + ЗН2О = 2Н3РО4
Фосфор қышқылы (ортофосфор қышқылы) - түссіз кристаллдар. Фосфор қышқылы суда кез келген қатынаста араласады. Сұйытылған сулы ерітінділердің қышқыл дәмі бар. Фосфор қышқылы үш түрлі тұз түзеді: NaH2PО4 - натрий дигидрофосфаты, Na2HPО4 - натрий гидрофосфаты, Na3PО4 - натрий фосфаты. Фосфор қышқылының Na, К тұздары - ортофосфаттары, гидро- және дигидрофосфаттары суда жақсы ериді.
Фосфор қышқылы тотықтырғыш қасиет көрсетпейді, қышқылдарға тән барлық реакцияларға түседі.
1) белсенді металдармен сутек бөле әрекеттеседі:
2Н3РО4 + ЗСа = Са3(РО4)2+ ЗН2↑
2) негіздік оксидтермен тұз бен су түзеді:
2Н3РО4 + 3MgO = Mg3(PО4)2+ ЗН2О
3) негіздермен тұз бен су түзе әрекеттеседі:
Н3РО4 + 3NaOH = Na3PО4 + 3H2О
4) әлсіз қышқылдардың тұздарымен әрекеттеседі;
2H3PО4 + 3Na2S = 2Na3PО4 + 3H2S↑
Фосфор қышқылының қалдығына (РО43-) сапалық реакция жасау үшін күміс ионы (Ag+) қолданылады.
Н3РО4+ 3AgNО3 = Ag3PО4↓+ 3HNО3
РО43-+ 3Ag+-- Ag3PО4↓
Мышьяк, сурьма, висмут орташа қаттылығы бар, омырылғыш, электр тогы жылуды жақсы өткізетін, металдық жылтыры бар металдар. Олардың металдық қасиеттері реттік нөмерлерінің өсуіне байланысты артады, бірақ олардың металл еместерге тән көптеген қасиеттері бар. Сурьма - күміс-ақ түсті, көгілдір реңкпен, құрылымы ірі түйіршікті. Висмут - ауыр, күміс-ақ түсті, қызғылт реңктегі металл. Уақыт өте келе ол қара сұр оксидті пленкамен жабылады. Ол қорғасынмен және қалайымен бірге, балқытқыштар мен өрт дабылы элементтерін жасауға арналған аз балқитын дәнекерлер мен қорытпалардың көпшілігіне кіреді. Висмуттың булары улы. Алайда, висмут ауыр металл болғанымен, оның қосылыстарының уыттылығы өте төмен, мысалы, қорғасынмен салыстырғанда. Химиялық қасиеттері сурьма мен мышьяк өте ұқсас, негізінен висмут әдеттегі металдың қасиеттерін көрсетеді, бірақ сонымен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Химия пәнінен дәрістердің қысқаша конспектісі
Физикалық және химиялық қасиеттері - Аммиак түссіз өзіне тән тұпшықтырғыш өткір иісі бар, суда өте жақсы еритін ауадан жеңіл газ
МЕКТЕП ХИМИЯ КУРСЫНДА БЕЙМЕТАЛДАРДЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Атмосфераға антропогенді әсердің ықпалдары
Химияның теориялық негіздері. Химияның негізгі түсініктері
Атмосфераның құрылысы мен газдық құрамы
Көміртек, кремний, азот, фосфор, оттек, күкірт, хлор, йод, су
Бейорганикалық химия
Химияда катализаторлардың ролі
Азот тобының элементтері
Пәндер