Ағылшын тілі, жастар



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
М.С.Нарикбаев атындағы КазГЮУ университеті



Ғылыми жұмыс
Тақырыбы: Қазіргі жастардың сөйлеу мәдениетіне ағылшын тілінің әсері


Орындаған: Анатаева А.Ш.
Қабылдаған: Симбаева С.О.



МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
І. АҒЫЛШЫН ТІЛІНІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ... ... ... ... ... ... ..
1. Тіл - тіршіліктің бастауы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ІІ. АҒЫЛШЫН ТІЛІНІҢ КЕРІ ӘСЕРІ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... .
1 Ағылшын тілінің жастар арасында кең таралуына әсер ететін факторлар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2. Кірме сөздерді байланыс аясы бойынша классификациялау ... ... ... ..

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі : Қазіргі таңда ағылшын тілі халықаралық қарым-қатынас тілі мәртебесіне ие болуда. Ал кез-келген қазіргі заманғы адам әлемді тану үшін осы тілді қажетті деп санайды, алайда бұл жастар арасында өзінің кері әсерін де тигізуде. Себебі, кейбір ағылшын тілінен енген жаргон сөздердің кесірі өзіміздің ауызекі тіліміздің ұмыт болуына себепкер болып жатыр.
Жұмыстың мақсаты: Қазіргі замандағы жастар арасындағы ағылшын тілінің рөлін зерттеу.
Зерттеу нысаны: Ағылшын тілі, жастар.

І. АҒЫЛШЫН ТІЛІНІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

Тіл - тіршіліктің бастауы деп бекер айтылмаған. Себебі, адам баласы ес білген кезінен бастап айналадағы жаңа ұғымдарды ана тілі арқылы қабылдап, үйрене бастайды. Ана тілін балалар ананың әлдиінен, бесік жырынан, қоршаған ортасынан еліктеу арқылы үйренсе,есейе келе орыс тілі мен ағылшын тілін-мектеп қабырғасынан, қоғамдық ортадан, халықтан үйреніп, меңгереді. Себебі бұл заман талабы. Өзге тілді үйрену, оны жетік меңгеру - бұл ең алдымен халықаралық қатынастар кезінде айрықша рөл атқаратыны баршамызға аян. Бүгінгідей жаһандану заманында көп тіл білетін адамның қоғамда ерекше орынға ие. Өзге тілді үйреніп, оны жетік меңгеру -- адамзат баласының білімге деген құштарлығын, сол елдің мәдениетінің қалыптасуына деген қызығушылығын арттырады. Тіл - халықпен бірге өмір сүріп, халықпен бірге дамиды. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: Әрбір Қазақстандық үш тілді жетік меңгеруі керек. 2020 жылға дейін ағылшын тілін білетін тұрғындар саны біршама көбеюі керек -- деп жастарға тілді меңгерудің болашақта маңызы зор екендігі туралы айтты . Мектеп табалдырығынан бастап жоғарғы оқу орындарында ағылшын тілін үйрету үлкен мәртебеге ие. Ағылшын тілі -- әлем бойынша ең кең таралған тіл. Ол Ұлыбритания, АҚШ, Аустралия, Жаңа Зеландияның мемлекеттік тілі болып табылады. Канадада (француз тілімен қатар), Ирландияда (ирланд тілімен қатар) мемлекеттік қос тілдің бірі. БҰҰ-да қабылданған ресми алты тілдің негізгісі. Алты құрлыққа кең тараған бұл тілде қазір 400 млн-нан астам адам сөйлейді. Қазақстанда да 20-ғ-дың 50-жылдарынан бастап Абылай хан атындағы Қазақ мемлекеттік халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде, өзге де жоғары және орта оқу орындарында ағылшын тілі оқытылып, білікті мамандар даярланып шықты. Ағылшын тілінің Қазақстанда кеңінен тарауы қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін іске асыру мәселесін маңызды ете түсуде. Тілді меңгерудің зияны жоқ, керісінше болашақта пайдасы өте көп. Бірақ, бірінші кезекте ана тілімізді білу одан да маңыздырақ болып табылады. Жеті тілді жетік меңгеру, басқа мемлекеттің алдында өз еліңнің мәртебесін асқақтатып, дәрежесінің биіктігін көрсетеді. Елбасымыздың міндеттеп қойған бәсекеге қабілетті мемелекет құруда өскелең ұрпақтың тигізер үлесі орасан зор. Бүгінгі кезде жоғарғы оқу орындарында шет тілін кәсіби деңгейде оқыту басты орында тұр. Ол дегеніміз, әрбір студент өз мамандығына байланысты шетел тілін жетік меңгеріп, одан әрі қарай дамыта алады. Сонымен қатар шетелге шығып, үлкен тәжірибе жинақтауына мүмкіндігі зор.
Ағылшын тілі көптеген елдерде мемлекеттік тілдерімен қоса, екінші ана тілі ретінде қабылданып, жаппай меңгеріліп жатыр. Себебі, дәл осы ағылшын тілі арқылы әлемде нанын тауып, бала-шағасын асырап, күндерін көріп жатқан мемлекеттер өте көп. Мысалы, көп ұлысты, көп құрамды Үндістан мемлекетін бірлестіріп отырған - ағылшын тілі. Ағылшын тілі әлем бойынша 45 мемлекеттің ресми мемлекеттік тілі. Ал 24 мемлекеттің халқы ағылшын тілін өз ана тілі ретінде жариялаған. Ағылшын тілінде сөйлеушілердің 96 % ағылшын тілінің өкілі емес адамдар болып отыр деп есептелуде және де әлемдік келісімшарттардың 80 % осы ағылшын тілінде жасалады.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев жастарға: Ағылшын тілін үйреніңдер, бүкіл әлемнің білім-ғылымы сол тілдің негізінде жатыр. Әлемдік бәсекеге қабілетті ел боламыз десек, бұл тілді жаппай меңгеру керек, - деген сөзін жиі айтуының да негізі бар. Ағылшын тілі - бүкіл әлемді біріктіріп отыр, тіпті көптілділікке негіз болып отыр. Ағылшын тілі арқылы әлем өзара коммуникациялық байланысқа түсіп, интеграциялану үрдісі арқылы көптеген ұлттар бірігіп жатыр. Әлем ғаламдануда, әрі осы ғаламдану үрдісін жүзеге асырап жатқан - ағылшын тілі...
Адам өмірінің шегі бар, ал білімнің шегі жоқ, - деп атап өткен Елбасы жастарды өмір бойы білімнің тұңғиығына терең үңілуіне шақырды, әрі кез - келген ұстаз бен ата - ана бүгінгі ұрпақтың үш тіл білуін шын жүрегінен қолдайды. Мемлекеттік тіл - мемлекет құрушы ұлттық тіл, ал ағылшын тілін білу ұлы байлық. Ағылшын ілгерілеушілік пен технологиялардың тілі болғандықтан біз оны жетік меңгеруге тиіспіз. Сонымен қатар, еліміздің орта мектептерінде білімнің сапасын арттыру мақсатында жаңа жүйе енгізілуде, негізгі мақсат - білімді әлемдік білім кеңістігіне енгізу.
Заманауи әлемде ағылшын тілінің маңыздылығы артуда, ол ым-белгі тіліне айналуда, оның әлемдік деңгейі артып, әлем тілі ретінде қолданылу аясы кеңеюде. Ақпараттану, ғаламдық, компьютерлік интернет торабынының пайда болуы, әлемдік экономикалық нарықтың , халықаралық туризм саласынының дамуы, мәдени байланыстар - осының бәрі жаңа кірме сөздердің пайда болуына себеп болып отыр. 1898 жылы Герман империясының канцлері Отто Бисмарк : Заманауи тарихтың қозғаушы күші- Солтүстік Американың ағылшынша сөйлегені- деген. Жүздеген жыл өтсе де, бұл сөз өзінің маңыздылығын жоғалтқан жоқ. 2004 жылы Эдинбургте ағылшын және өзге тілдер келешегінің мәселесі бойынша өткен Британдық Кеңес конференциясының қатысушылары 2010-2015 жылдары ағылшын тілін оқып-үйренушілердің саны Британиядан тыс елдерде 2 миллиардқа жетеді деп ұйғарған. Бүкіл ғаламшарда жақын уақытта 3 миллиардтан астам адам ағылшын тілінде сөйлейтін болады. Қазіргі жағдайды талқылай келе, көптеген филологтар мен лингвистер кірме сөздердің біздің лексикаға алаңдататын қарқынмен енуде екенін атап өткен. Қазіргі таңда жасөспірімдер мен жастардың ауызекі сөйлеуінде ағылшын тілінің сленгтерін өте жиі қолдануы алаңдатушылық туғызып отыр. Қазіргі уақытта ағылшын тілін үйренуге көбірек көңіл бөлінуде. Жасыратыны жоқ, жастар әлеуметтік желілерде сөйлесіп, шетелге шығып, шетелдік колледждер мен жоғары оқу орындарында білім алып, ағылшын тілін үйренудің маңыздылығын түсінді. Аудиториялық сабақтармен қоса білім алушылар әр түрлі деңгейдегі олимпиадаларға әртүрлі конкурстар мен конференцияларға қатысып, жүлделі орындарға ие болады. Осындай маңызды және жауапты іс-шараларға дайындалу үшін студенттерге бағдарламада қарастырылған материалдардан басқа, лексика, грамматика, фонетика бойынша әртүрлі қосымша білім алу қажет. Тыңдауға, оқуға, аударуға көп уақыт пен көңіл бөлу керек. Заманауи ақпараттық технологиялар материалдары ағылшын тілінде жазылған, халықаралық ғылыми конференцияларда барлық баяндамалар ағылшын тілінде оқылады және осы тілде басылымдарға шығады. Халықаралық келісімсөздер аудармашының көмегінсіз, екі жақ бойынша ағылшын тілінде жүргізіледі.
Қазіргі таңда жастар үшін ағылшын тілін меңгеру әлемге өзіндік ашылу болып табылады. Осы халықаралық қарым-қатынас тілін меңгере отырып, жаңа мүмкіндіктер арқылы алға қойған мақсатқа қол жеткізуге болады.
Жалпы адам баласының тарихи даму үдерісінде ұлт тілдері үнемі бір-бірімен байланыста болады. Ақпараттық ағынның күшеюі, ғаламдық интернет жүйесінің пайда болуы, елдер арасындағы байланыстардың кеңеюі, әлемдік сауданың, экономиканың, ақпараттық технологиялардың дамуы және олимпиадалар мен түрлі халықаралық фестивальдарға қатысуы, сән көрсетілімдері - осының бәрі біздің тілімізге жаңа сөздердің енуіне себеп болып отыр. Шет тілді халықтармен етене жақын қарым-қатынас жасаудың қажеттігі артты. Осының бәрі шет тіқлдік кірме сөздердің енуіне жағдай туғызып қана қоймай, сонымен қатар олар халықаралық терминдер жүйесіне енгізілген.
Қазіргі таңда жер бетінің халықтарының 4\1 бөлігі ағылшын тілінде сөйлеседі, миллиардтаған адамдар оны оқып-үйреніп жүр.

ІІ. АҒЫЛШЫН ТІЛІНІҢ КЕРІ ӘСЕРІ

Ағылшын тілінен енген кірме сөздердің осы заманғы тілдер арасында алатын орны қандай, нақтырақ айтсақ- біздің ауызекі сөйлеуімізде, жастардың сленгтерінде; англотизация бұл қалыпты өздігінен болатын тілдік үдеріс пе, әлде әлеуметтік-идеологиялық себептермен байланысты ма? Осындай бір-біріне қайшы келетін сұрақтардан жастар арасында ағылшын тілін оқып-үйренуге деген көзқарастарды зерттеуге итермелейді.

Ағылшын тілінің жастар арасында кең таралуына әсер ететін факторлар:

* Компьютерлік техниканың қарқынды түрде дамуы. Жастар арасында әлеуметтік желінің, интернетті қолдануға деген қызығушылықтың қарқынды, әрі тез дамуы жаңа форматтағы компьютерлік техникалардың пайда болуына деген сұранысын арттыруда. Жастарға бір-бірімен бетпе-бет әңгімелесуден гөрі, смс хабарламар, ұялы телефондар арқылы сөйлесу оңайырақ болып қалды. Бұл өз кезегінде жастардың бір-біріне деген қарым-қатынасына кері әсерін тигізеді. Сонымен қатар, смс хабарламаларда көптеген қысқартылған жаргон сөздер, сленгтер жастарды грамматикалық сауатсыздыққа әкеліп тірейді;

* Музыка, кино. Қазіргі таңда жастардың әуестілігі ол музыка және кино. Ол жастар өмірінің бір бөлігі. Жастар арасында кең танымалдыққа ие әуендер ол ағылшын әндері. Мағынасын түсінбей, оны түсінсе де әннің мәтінінде біздің тілімізге, дінімізге жат нәрселер айтылып жатырса да, мән бермейтін жастарымыз көбеюде. Кино саласы да жастар арасында үлкен сұранысқа, белсенділікке ие. Шет елдің қайсы бір киносын алсақ та ол жерде біздің мәдениетімізге жат қылықтар өте көп. Үлкен экраннан, теледидардан көрген жас буын ол жердегі көрсетіліп жатқан сюжеттерді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ағылшын тілінің кірме сөздері
Жаһанданудың Қазақстанға тигізетін әсерін талдау
Гендер саласындағы шетелдік зерттеулер
Үш тұғырлы тілдің ұшпағы
Күнделікті қолданыстағы ағылшын тілінен енген сөздер
Ағылшын тілі біздің өмірімізде
Тіл экологиясының қалыптасуы
Қазақстандағы мемлекеттік тілдің жастар арасында қолданылу деңгейі мен қазақ тілінің қазіргі жағдайы
Оңтүстік Қазақстанның университет жастарының тіл қолдануы мен дамуын талдау
Сленг және масыл сөздердің қазақстандық жастардың сөйлеу мәнеріне әсері қандай
Пәндер