Тұманбай Молдағалиевтың балалар әдебиетіне қосқан үлесі


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М. Х. Дулати атындағы Тараз Өңірлік Университеті

Курстық жұмыс

Пәні: «Балалар әдебиеті»

Тақырыбы: « Тұманбай Молдағалиевтың балалар әдебиетіне қосқан үлесі »

Орындаған: ПМНО 19-1 тобының студенті

Ыбрай. Н. Ш

Қабылдаған: «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»

кафедрасының оқытушысы

Спаналиева. Г. Т.

Тараз 2020

МАЗМҰНЫ:

КІРІСПЕ . . . 5

І НЕГІЗГІ БӨЛІМ . . . 9

1. 1 Өлең болып өрілген ақын өмірі . . . 9

1. 2 Жасөспірімдерге арналған өлеңдері . . . 18

2 ТӘЖРИБЕЛІК БӨЛІМ . . . 28 2. 1 Т. Молдағалиев жырларының тәрбиелік мәні . . . 20

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 35

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 38

КІРІСПЕ

Қазақ балалар поэзиясының түп-төркіні тереңде жатыр. Сонау ертедегі ауыз әдебиеті үлгілерінің өзіне қарап отырсақ, қазақ халқының бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп, небір тамаша ертегілер, тақпақтар мен жаңылтпаштар, жұмбақтар шығарғанын және оны бала санасына үздіксіз сіңіріп отырғанын байқаймыз. Сондықтан да ондай өлмес мұралар мән-маңызын, көркемдік ерекшеліктерін жоғалтпай бүгінгі күнге жетіп отыр.

ХХ ғасырдың 50-60 жылдарында қазақ балалар әдебиеті, оның ішінде балалар поэзиясы ерекше қарқынмен дамып, жаңа туындылар, тың ізденістер дүниеге келіп, бала жанын тәрбиелеп, ойы мен санасын қалыптастыратын әдеби шығармалар болашақтың бастауы ретінде де, сол өмірдің жаңа жыршысы ретінде де жалпы қазақ поэзиясының дамуын соны бағыттарға жетеледі. Бұл кезеңде қазақ балалар поэзиясы тақырыптық ізденістермен бірге, форма, түр жағынан да түрленіп, олардың ішкі мазмұн үйлесімдерін, балаға әсер ете алу тұстарын керемет шеберлікпен суреттеп, шынайы балалар поэзиясының қабырғасы кеңейіп, бұғанасы қатая бастаған өрелі де, сәтті жылдар болған еді. Бүгінде сол кездегі поэзияның рухымен түлеп ұшқан ақындардың бір шоғыры өздерінің жеке мектептерін қалыптастырып үлгерген, айтар ойы салмақты, жазар тақырыбы алуан түрлі, қаламы берік қаламгерлердің дәстүрлі жалғасы болып отыр. Поэзия әлеміне жаңа келген үміткерлер өздерінің таланттарының, үлкен еңбек пен ізденістерінің нәтижесінде осы саланы дамытуға үлес қосты. Солардың бірі де бірегейі - Т. Молдағалиев.

Шын дарын өз заманының шындығын шығарма арқауына айналдырып, халық көңіліне ұяласа, ол мәңгі өмір сүреді. Халық сеніміне ие болу, оның қас-қабағын бағып, көңілі қалағанын жырға түсіру, сыр ғып шерту келешектің жарқын сәулесімен нұрландыра түсуі сирек кездесетін бақыт. Оны Тұманбай ақынның поэзиясынан танып, көруге болады. Қазақ елінің тәуелсіздік алған кезеңінде Т. Молдағалиев мұрасына бұрынғыдан әлдеқайда басым жаңаша көзқарас қалыптасты, ақын мұраларын танудың жаңа бір кезеңі басталды.

Т. Молдағалиев шығармашылығы өзінің ерекшелігімен жыр сүйер қауымды балалар әлеміне саяхаттатып, жетелеп алып кетеді. Ақынның балалар ойының өрісін кеңейтіп, оны жаңа белеске алып шығуға жасаған еңбегі елеулі. Оның шығармашылығы сол кездегі балалар поэзиясының табиғатын байытып, оны жан-жақты түрлендіре түсті. Суреткердің әр кезеңде балаларға арнап жазған туындыларының көркемдік-эстетикалық табиғатын, жалпы поэтикалық мәселелерін жаңа заманның талаптарына сәйкес және тың әдіснамалар арқылы саралау бүгінгі ғылым сұраныстарынан туындайды.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Поэзия әлемінде өзіндік өрнегі бар Тұманбай Молдағалиев қаламынан шыққан әр сөзге үңіле қарасақ, ақынның адам жан дүниесін суреттеудің, оны бар ерекшелігімен сезініп жырлаудың шебері екенін аңғарамыз. Қазақ поэзиясының табиғатын барынша ашып, көркем сөзді дамытушылардың бірі де бірегейі, ол - Тұманбай. Ақын шығармашылығынан адамның ішкі дүниесіне тереңдей еніп, тебірене толғаған лирикалық сипатты молынан кездестіреміз.

Тұманбай дүниетанымы өзі өсіп-өнген жұрттың ауқымынан асып, бүкіл адамзаттық мазмұндағы ойлармен сабақтасып жататындықтан оның поэзия әлеміндегі әрбір сөз қолданысы мен ой образының ерекшеліктері жан-жақты қырынан қарастырылғанымен, балаларға қатысты өлеңдері сошалық ерең зерттелінбеген.

Т. Молдағалиевтің балаларға арнап жазылған өлеңдерінің ерекшеліктерін тану жолында жасаған еңбегіміз үстінде біз де осындай қиындықтарға жолықтық. Әрине бұл табиғи құбылыс. Дегенімен біздің тақырып әлі күнге дейін тың, қалам тартылмаған, бет қабыршағына дық түспеген тақырып болатын. Жұмыстың ерешелігі мен қызықтығы осында болды. Ақынның өмірі, шығармашылық жолы, оның басқа да өлеңдері жайында айтылған пікірлер жеткілікті болғанымен, оның балалар әдебиетіндегі орны туралы материалдар азғантай. Балалар әдебиетінің соңғы кездерде көзден тасалау, елеусіздеу қалып келе жатқандығынан болса керек деп ойлаймыз. Жеке пікірлер айтылса айтылып та жүрген болар. Ал жүйелі еңбек етіп ескіні жаңартып, сол кездегі көзқарастарға өзгертулер енгізіп жеке кітап етіп шығарған қазіргі балалар әдебиеті мен оның өкілдері, олардың әдебиетке енгізіп жатқан ерекшеліктерімен немесе өзіндік таңбалары жөнінде жазып жүрген ешқандай ғалым ағаларымызды не әпкелерімізді кездестірмедік. Сондықтан да біздің жұмысымыз өзімізге аздап қиындық туғызады. Жұмысымызға арқау еткеніміз ақынның балаларға арнап жазған өлеңдері болды.

Тақырып тың болғандықтан оның айтар пікірі де көп болуы табиғи құбылыс. Біз оның жолында барымызды салдық. Курстық жұмысты үш тараудан құрап, бірінші тарауда ақынның балалар әдебиетіндегі орны, оның өлеңдерінің негізгі тақырыптары және сюжеттік желісін қарастыра отырып, көркемдік ерекшеліктері мен өлең құрылысына мән бердік. Ондағы мақсатымыз ақын өлеңдерінің тақырыптық жақтан талдап сюжет құрылымдағы, тілдік қорындағы ерекшеліктерді танытып, көркем сөзге деген шеберлігімен жете таныстыру болды. Яғни, ақын ұстанған бағыттың бетін ашып көрсету болды деп айтсақ та болады.

Екінші тарау - әдебилігінен гөрі, ғылымилылығы басым тарау. Онда біз ақын өлеңдерінің құрылымдық жүйесіне, оның өз өлеңдерінде көркемдік тәсілді қалай және қай дәрежеде пайдаланғанын, көркемдік тәсілдердің қайсысы ақын өлеңдерінен көп кездескенін және не үшін олай қолданылғанына өз пікірімізді айтуға тырыстық. Бұл оның поэтикасын айтуда жасалынған жұмыс. Екінші тарауда ақынның өлеңдерін өзімен үзеңгілес, дәуірлес үндес ақындар және балалар әдебиетінің өкілдерімен салыстыра отырып қарастырдық. Ол ақынның өлеңдерінің өзіне тән ерекшеліктерін, жалпыға тән бірлігін көрсету мақсатында жүргізіледі. Бұнда да біз тың әрі айтылмаған ойларға баруға тырыстық.

Үшінші тарауда Т. Молдағалиевтің балаларға арналған өлеңдерінің орта мектепте өтілу мәселесі жіне онда қолданылатын қазіргі әдіс-тәсілдер тиімділігі сөз болады.

Қорытынды бөлімінде курстық жұмысының жалпы мақсатының орындалу барысындағы өзгешеліктер, кездескен қиындықтар мен жалпы тараулардағы айтылған ойлар қорытынды жасадық. Бұл тың тақырып жөнінде балалар әдебиетіндегі алатын орны, оны дамытудағы негізгі қажеттіліктер өзіміздің пікірлеріміз бен ұсыныстарымызды ортаға салдық.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Курстық жұмысының мақсаты - қазақ балалар поэзиясының көрнекті өкілі Т. Молдағалиев шығармашылығын зерттей отырып, оған жан-жақты талдау жасау. Сондай-ақ ақынның қазақ балалар әдебиетіндегі орнын айқындау, шығармаларын тақырыптық тұрғыдан жүйелеу, көркемдік-эстетикалық ерекшелігін, авторлық қолтаңбасын, ақындық шеберлігін анықтау. Негізгі мақсатты орындау үшін курстықдық жұмыста мынандай басты міндеттерді шешу алға қойылды.

- Зерттеуде Тұманбай Молдағалиев шығармашылық өмірінің негізгі кезеңдеріне тоқталу;

- Тұманбай шығармаларында мол көрініс табатын шеберлік тұғыры - тіл тазалығына, ой саралылығына, тебіреніс тереңдігіне көңіл бөліп, ұлттық тіл байлығын құбылтуы, қолданудағы көркемдік бейнелеу ерекшеліктеріне назар аудару;

- Балалар поэзиясына қойылатын көркемдік талаптарды ойға ала отырып, ақынның жеткен жетістіктерін саралау;

- Ақынның балаларға арналған әдеби мұрасын талдап, көркемдік мәнін, мазмұндық тұстарын жан-жақты ашу.

- Т. Молдағалиев шығармашыларының ұлттық рухын айқындау, тәрбиелік мәнін ашу.

- Қазіргі орта мектептерде ақын шығармаларының өтілу үлгісімен таныстыру.

Зерттеу жұмысының құрылымы.

Курстық жұмыс кіріспеден, 2 тараудан, қорытындыдан тұрады. Жұмыстың соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілген.

1 НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1. 1 Өлең болып өрілген ақын өмірі

Балалық кез - әрбір адамзат ғұмырының ұмытылмас естен кетпес кезеңінің бірі. Өмірінің балалық балдәурен кезі қандай болмасын, мейлі ол қиындық пен қасіретке толы болсын, мейлі қуаныш пен еркеліктің құшағында өтсін, ол бәрібір адам өмірінің ұмытылмас та тәтті кезеңі болып қала бермек. Әрбір адам жасы есейе келе өткен күндерін, сол бір балалық шағы, бала болып ойнаған кездерін есіне ала отырып толғанысып: сағынышты ыстық леппен айтары сөзсіз.

Қазіргі қазақ балалар поэзиясы - кең тынысты поэзия. Бала сезіміне, оның ой өрісіне ыңғайлай отырып, бүгін ол біздің бай қоғамдық және азаматтық өміріміздің барлық мәселелелерін поэзия тілімен әңгімелеуге көтерілді. Оның таырыптық байлығын айтқанда, алдымен еске түсетіні осы. Поэзия тек баланың дүниетану мөлшерін кеңейту ғана емес, өмірдегі жақсы-жаман әрекеттің бәріне де бала сезімін ортақ етеді, оны ойлантады, шешім қабылдауға үйретеді. Мұның бәрі бала бойында адамгершілік сезімді оятуға, оларды ерлік пен ізгі мінезге тәрбиелеуге қызмет етеді.

Бұл күнде білім іздеп, білгенін үстемелеуші қаламгер ғана табиғи талантын қырнап, ұштайды, тапқырлықтың жаңа жолдарын, тың тәсілдерін таба алады. Жанрдың ішкі мүмкіншіліктерін игере отырып, балалар поэзиясының кемелденуіне едәуір үлес қосқан ақын Т. Молдағалиевтің қазақ әдебиетінің көркейіп, гүлденуінде өзіндік орны бар. Оның өлеңдері ой-пікір анықтылығы, жинақылығы, тапқырлығы, бала сезіміне әсер етер сөз ойнақылығы жағынан әсерлі келеді.

Поэзия - сөз өнері. Поэзия арқылы қаламгер әлеуметтік, қоғамдық құбылыстарды бейнелеп көрсете алады. Оны жанды көрініске айналдыра алады. Ол айналамыздағы дүниені, өмірді танып-білудің күшті құралы, біздің қоғамдық ой-санамыздың, көркемдік-эстетикалық сезіміміздің үлкен өнімді саласы. Сөз қолдану шеберлігі, көркемдік шеберлік дегеніміз - өмір құбылыстарын танып-білу, ұғып-түсіну қабілетімен көркем ой-сезім қуаттылығымен терең тамырланып, қабысып жататындығында.

Поэзияда тек тіл, сөз ғана емес, ой да көркем, бейнелі. Өлең тіліне көркемдік қуат дарытатын, сипат, өң беретін сол ой-сезім тереңдігі, өткірлігі, әсерлілігі.

Өлеңге, өлеңмен жазылған шығармадағы әрбір суретке, әрбір сөзге поэзиялық сәулет, поэзиялық нәр, көрік беретін нәрсе - ақындық ой-сезімнің таңдауы, талғауы, көркемділігі.

Ғасырлар қойнауынан жол тартқан бай тарихы, сан-салалы дәстүрі, алуан стильдік тармағы бар әдебиеттің даму жолына тыңнан соқпақ қосу - кез-келген қаламгердің қолынан келе бермейтіні белгілі. Әр ақын сөз өнеріне айтарлықтай жаңалық алып келе бермеуі мүмкін. Ақын өз шығармалары арқылы танылып, кейінгі әдебиетке үлгі боларлықтай дәрежеде болса, ұлттық болмысты таныта алса ғана рухани қазынаға қосылған өміршең жаңалық болмақ.

Қазақ балалар әдебиетінен өз орнын алып, жалпы әдебиет деген «қазына аралында» ғасырдан-ғасырға жететін байлық қалдырып отырған көрнекті ақынымыз Тұманбай Молдағалиев те балалық шақ, оның қызығы жайлы, қала берсе балаларға тәрбие берерлік көптеген өлеңдер жазды. Сол өлеңдері жинақ болып, балалардың сүйікті кітаптарына айналып, жарты ғасырдай олармен бірге өмір сүріп келеді. Бұдан кейін де өмір сүре бермек. Оның басты себебі, ақынның түсінікті де жеңіл тілі, адам психологиясын жете түсінуі, балаларды үлкен адамдарша елеп, олармен тез тіл табысып кетуінде сияқты. Себебі ол да бала болды. Артықшылығы, өсе келе жұртына танымал ақын болып жетілді. Оның өмірі туралы деректері көбінесе мынадай болып келеді

Ақынның осы қысқаша өмір хронологиясына мән берсеңіз, балаларға жақын жүргенін аңғару соқырға таяқ ұстанқандай-ақ белгілі болып отырады. Ол алғаш жұмысын сол кездегі балалардың сүйікті журналы «Пионерден» бастайды. Кейінен бүлдіршіндердің сүйіктісі «Балдырғанда» жауапты хатшы міндетін атқарады.

Тұманбай Молдағалиев - 1935 жылы 20-наурызда Алматы облысы, Еңбекші-қазақ ауданы, “Жарсу” совхозында дүниеге келді. Тұманбай Молдағалиев - сыршыл лиризмді дамытқан ақын, Қазақстанның халық жазушысы.

1973 жылдан “Жазушы” баспасы жанындағы Балалар және жастар әдебиетінің бас редакциясы мен “Жалын”-ның бас редакторы болып істеді.

Тұманбай Молдағалиевтың өлең, поэмалары 40-тан астам жинақ болып басылып шықты. 1954 жылы Т. Молдағалиевтің тұңғыш өлеңі “Украина қызына” жарияланды. Алғашқы өлеңдер жинағы “Студент дәптері” 1957 жылы жарық көрді. Т. Молдағалиев нәзік сырлы, ойлы да отты жырлармен танылды. 1960 ж. ”Кәмила”, 1961 ж. ”Көктем таңы”, 1963 ж. ”Алатау қызы”, 1964 ж. ”Ферюза туралы жыр”, 1965 ж. ”Зулайды күндер”, 1966 ж. ”Жүрегім менің сапарда” т. б. жинақтары шықты. 1967 жылы жарық көрген “Жаңа дәптер” атты кітабы үшін 1968 жылы ”Қазақстан комсомолы” сыйлығының лауреаты атанды. “Ескерткіш” (1969), “Шақырады жаз мені” (1970), “Жүрек ояу қашанда” (1972) атты кітаптары да оқушылардың ілтипатына бөленді. Оның “Қош, көктем” атты таңдамалы өлеңдер кітабы (1971), “Хаттар” атты поэмалар жинағы (1974) жарық көрді. Т. Молдағалиевтің орыс тілінде “Я - сын Семиречья” (1962), “Первая встреча” (1968), “Новая тетрадь” (1969) атты өлеңдер жинақтары шықты.

Т. Молдағалиев көптеген ән мәтіндерін жазды. Оның “Құстар қайтып барады” (музыкасы Н. Тілендиевтікі), “Бақыт құшағында”, “Әнім сен едің” (музыкасы Ш. Қалдаяковтікі), “Ертіс вальсі” (музыкасы Жамақаевтікі), “Шақырады көктем” (муз. Ә. Бейсеуовтікі) атты әнге жазылған өлеңдері халық арасына кең тараған. Ол Байрон, М. Ю. Лермонтов, Т. Г. Шевченко, Туманян, С. Канутикян, Ғ. Ғұлам, Х. Ғұлам, Р. Ғамзатов, Ұйғын, Зулфия, Д. Жалсараев және т. б. ақындардың шығармаларын қазақ тіліне аударды.

Ақынның 1990 жылы 13 томдық шығармалар жинағы, 2004 жылы 14 томдық шығармалар жинағы жарық көрді. 1992 жылы оған Физули атындағы Халықаралық түркі дүниесі ақындары сыйлығы тапсырылды. Тұманбай Молдағалиев шығармашылығының ең басты ерекшелігі - оның өлеңдері сезімге толы.

Ол поэзияға келген кездерден-ақ балаларға арналған көптеген өлеңдердің авторы болып саналады. Өзі туралы «Менің есімім» [2, 25-б. ] деген өлеңінде былай дейді.

Бір, бұйырмаған бір бала,

Жатыпты өтіп өмір - нала, жыл нала.

Қабағына бұрым орнапты әкемнің,

Құдайына жалыныпты мұңлы ана.

Жалыныпты: «Жалғыз шырақ бер!» - депті,

Күңің болып күн кешейін мен, - депті.

Біреу емес көріпті анам бес шырақ,

Бәрін бірақ әкем ерте жерлепті, -

дейді де, өзінің анасының тағдырын айта келіп, екі адамның оны калай күткенін анасының дәрменсіз жағдайы мен әкесінің қайғысын, өзінің алдыңғы туылған бауырларының жасқа толмай суық тиіп, көз тиіп өмірден өтіп кете бергендігін айтады. Онан соң:

Тағы анам зар қылыпты құдайға,

Бақытым аз сорлымын ғой былай да.

Ғұмырлы ғып бір перзент бер және

Ұқсамай-ақ қойса қойсын түрі айға -

деп анасының құдайға еткен зарымен жалғастырады. Анасының қатты күйзеліске түскенін, құдайға жалбарынып, «ғұмырлы етіп бір перзент бер» - дегенін айтады. Мейлі оның түрі әдемі, келісті болмай-ақ қойсын, аузы қисық болса да сенен сұрайтыным бір бала бер деп жалбарынады. Адам сезімін дір еткізетін мына шумақтарды қараңыз:

Нұр көтерген ана жаны қандай шат,

Құрметтейді оны жұрттың әрқайсысы-ақ.

Алатауға құстар қайтып жатқанда,

Мен келіппін дүниеге айқайлап.

Ананың тілегі құстар келіп жатқанда орындалады. Бұл қуанышқа әке де ортақ. «Сонау қойлы ауылдан» әжесі де келеді. Қазақтың калыптасқан дәстүрі бойынша әжесі:

«Ұлықсат болса егер, жамағат,

Бұл жанға ат қоямын мен!» - депті.

Оған ешкім әрине қарсы келмейді. Сонан соң ақынға өзінің айтуы бойынша «сәл ерсілеу» ат қойылады. Әжесі ақынның атын жай қоя салмайды. Ырымдап ескі дәстүр бойынша қояды:

Келінім сен талай құрсақ көтердің,

Баласы-ай бір емес, сен екі өлдің.

Бар балаңды жақсы құдай өзі алды,

Сол құдайға өкпелеуің бекерлік.

Сол құдай да бір жаңылыссын ғұрпынан,

Көріп тұрмын сыртта күн тұман.

«Тұманбай» деп бұл жаманды атайық,

Құрдастары күліп жүрсін сыртынан -

деп Тұманбай аты иесін табады. Әжесі өзі қойған есімі туралы:

«Әдемі емес қойған атым түсінем,

Кем болмасын заты жақсы кісіден.

Құдайдың көзі түспесін бұған.

Аңғармасын қою тұман ішінен» -

дейді. Оған жиылған жұрт бір ауыздан қосылыпты. Сонымен өмірдің қанша басына салған қиындығы, бала Тұманның көңілін жамау етсе де, ол өсіп, ер жете береді.

Талай күліп, жолда талай мұңайдым,

Байқамаймын қанша өткенін күн-айдың.

Жүріп келе жатырмын ба әлде мен,

Көңілі түсіп, көзі түспей «Құдайдың» -

дейді ақын өзінің өмір жолы туралы ақын тамаша шумағында. Өлеңінде әжесінің мейірімін, оған деген шексіз махаббатын да қамти кеткен. Ақын өлеңнің соңғы шумағын әкесіне айтқан сөзі ретінде былай бітіреді:

Күндіз-түні жетпейді көп үміт,

Ой шаңына жүрем ылғи көміліп.

Сен айтпақшы, құдай мені көрмесін,

Жүрсем болды адамдарға көрініп [2, 221-б. ] .

Осы өлеңнің өзі ақынның өткен өміріне саяхаты ретінде жазылып, балаларға беретін тәрбиелік, танымдық әсері басымдағымен ерекшеленеді. Өзі туралы айта отырып, балалардың әрқайсысын өзінің қалай туылып, өздеріне қандай ат, оны қалай қойғандығы жайында ойланады. Білмесе сұрайды.

Барлық жақсы ақындар сияқты Тұманбай өмірі де оның өлеңдерінде. Оның туған ауылы, өскен ортасы, көрген өмірі, Отан, ел, адам сүю сезімдерінің қалыптасуы жайлы мәліметтерді ақын шығармалары бізге толығырақ береді. Оның лирикалық каһарманы балалығын соғыстың ауыр кезінде өткізген, содан жанына ұмытылмас жара түскен (әке өлімі, жоқшылық, жетімдік сезімдер) жас адамның көңіл күйін бейнелейді. Өмір сүйгіш ақ көңіл жастың бойындағы жұмсақ мұң да, ойлы сезімталдық та содан туады. Жаны жайсаң адамдар алақанында, мейірімді ана бауырында, Алатудың сұлу табиғаты құшағында өскен жастың әсемдікке, сұлулыққа табыну сезімдеріде қалай туғанын аңғару қиын емес. Осының бәрі кейін ақын өлеңдерінің негізгі тақырыбына айналады. Ол адамды, оның қилы-қилы тағдырын, жастықты, Отанын талмай жырлайды.

Т. Молдағалиев шығармалараның дені балалар әдебиетіне арналған десек қателеспейміз. Оның алғашқысы балаларға арналған өлеңдері мен дастандары. 1961 жылы «Құралай» атты балаларға арналған өлеңдер жинағы шықты. Содан кейін 1977 жылы «Бөбегімін Ильичтің» деген атпен керемет жинағы жарық көреді. Сонымен қатар бірнеше өлеңдері баспа жүзінде басылып тұрады. Әсіресе «Пионер», «Балдырған» журналдарында көптеп жарық көреді. Біздің жұмысымыздың негізгі тақырыбы, ақынның балаларға арнап жазған өлеңдерінің денін көрсетіп оларды белгілі тақырыптарда топтап өлең жүйесі мен құрылысына, өзгелерден ерекшелігіне көңіл бөлу. Ең алдымен Т. Молдағалиевтің өлеңдерін, яғни, балаларға арналған өлеңдерін тақырыптарға топтастырып қарастыруды көздеп отырмыз. Алдымен ақынның өзі туралы, өзінің балалық шағы туралы жазғанын, жаза отырып жалпы оқырман қауымға балалық өмірі туралы түрліше ой салатын, күлдіріп, бас шайқатып, жылатып еске алдыратын шығармаларына тоқталайық.

Т. Молдағалиевтің өмір жолы, әсіресе, балалық шағы қиын-қыстау кезеңге тура келген. Әрине ол кездің балаларының барлығы дерлік қиындық көріп өсті. Соғыс кезі мен соғыстан кейінгі кезде барлық балалар өз басынан сондай қиындықты өткізді деуге болады. Т. Молдағалиевтің әкеден, шешеден жетім қалғаны, оның өмірі одан әрі қиындата түседі. «Өзімде туралы сыр» деген өлеңінде ақын өзінің осындай қиындықпен өткен балалық шағын еске алады.

Екі әкенің, екі ананың ұлымын,

Екі ананың бірдей алдым жылуын.

Екі әкенің өжеттігін алдым мен,

Екі әкенің жығылмаған туымын, -

деп ұрандата да жаздады. Одан кейін өзінің туған әкесінен, туған анасынан қалай айырылғанын былайша көрсетеді:

Туған әке күні бітіп ерте өлген,

Орын тапты менің туған өлкемнен.

Інісіне бала болып мен қалдым,

Сол інісі табыстырды ертеңмен.

Туған анам, есімде әлі түр-түсі,

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ балалар поэзиясының көрнекті өкілі Т.Молдағалиев шығармашылығын зерттеу
Т.Молдағалиевтің балаларға арналған өлеңдерінің көркемдік ерекшелігі және оны орта мектепте оқыту
Ғали Орманов
Тұманбай Молдағалиевтің балаларға арналған өлеңдерінің басты тақырыптары
Молдағалиевтің балаларға арналған өлеңдерінің өзіндік ерекшеліктері
Балаларға арнап жазған өлеңдері
Халық ауыз әдебиеті туралы жалпы түсінік
Қадыр Мырза Әли поэмалары
Нұрғиса Тілендиевтің өмірбаяны
Ғабит Мүсірепов шығармаларының маңыздылығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz