Ғабит Мүсіреповтың «қазақ салдаты» романының қөркемдік ерекшелігі


Жоспар
I. Кіріспе.
II. Негізгі бөлім.
1. Ғ. Мүсіреповтың «Қазақ салдаты» романының қөркемдік ерекшелігі.
2. «Қазақ солдаты» романының композициялық құрылысы.
3. Романдағы суреттелген обрздардың тәрбиелік мәні.
4. «Қазақ солдаты» романының идеялық мәнділігі.
III. Әдебиеттер.
Кіріспе.
Бұл - аса терең тұжырым. Жауынгердің майдандағы сан түрлі ерлігін санамалап көрсете беру оның образын толық ашқандық емес, шеберлікке байланысты кейіпкер бейнесі бір немесе бірнеше әрекетпен-ақ ашыла түседі. Ғ. Мүсірепов повестістінің бас кейіпкері Қайырғалидың ерлік санын тым көбейтіп жібереді де жоғарыда айтқандай жасандылықтарға барған.
Повестің комопозицялық бітіміне, идеялық анықтығына нұқсан келтірген кемшіліктің бірі - негізгі сюжеттік, тартыстық желіге қатысы шамалы, бас идеяны күшейтпейтін қосалқы, жанама оқиғалардың кездеспейтіндігінде еді. Мәселен, Жиренше шешеннің айтқан әңгімесі дейтін бір алуан әңгімелердің повеске катысы шамалы бодатын. Яки болмаса балалар үйіне Шегендерді ұстап апармақ болған милиционердің әуре-сарсаңын ұзақ уақыт тәптіштей суреттей беру де онша қажет емес еді. Майдан өмірінің көріністерін бейнелегенде де қажеттігі шамалы эпизодтар кездесетін.
Міне, осы айтылған олқылықтарды жазушы «Қазақ солдаты» романында болдырмауға талаптанған. Романда повеспен салыстырғанда көптеген көркемдік жетістіктер бар. Бұрынғы кейбір басы артық эпизодтар мүлде алынып тасталған. Оның есесіне характерлерді толықтыруға септігі тиетін суреттемелерді енгізген. Жаңадан қосылған оқиғалардың бірі - Севастополь ма нында болған бір соғыстың жайы. Осы соғыста совет әскерлер де, жау жағы да бірін-бірі жеңе алмай көп арпалысады. Соғыстың бір толас тұсында Қайрош Сарталиевтың қарауындағы жангерлер өзара қызғылықты әңгімелер айтады. Осы тұста олардың мінез-құлқы, арман-мақсаты ашыла түседі.
«Қазак солдаты» романында кейіпкерлерді психологиялық мінездеу толыға, тереңдей түскен. Әр қаһарманның өткен-кеткенінен хабардар болып қана қоймаймыз, олардың нақтылы жанды бейнесі әрдайым көз алдымызда тұрады. Мәселен, Володя Толстовтың көңіл күйі мынандай бір оқиға тұсында айқын кө-рінеді. Новороссийскіні жаудан азат еткенде, Володя Толстов каланың шет жағындағы өзінің үйін көрмекке барып, тасталқан болып қираған тас үйінің орнын ғана көреді. Ол өзінің ет жақындарының өлі-тірісін де білмейді. Сағынып көрген үйінің мына түрін көргенде, Володя Толстов қатты мұңға батады. Қа-һарманның осы тұстағы көңіл күйі өте сәтті суреттелген.
Ғ. Мүсірепов романында оқиғаларды екшеп, іріктей түскен. Олардың ішінен характерлердің мінез ерекшелігін танытатын түйін, ситуацияларды таңдай білген. Қайырғалидың да, Вася Гришиннің де, Самед Абдуллаевтың да, Петр Ушаковтың да тұлғаларын танытарлық психологиялық сәттер мол. Кейіпкер-лердің іс-әрекетін сырттай суреттеп қоймай, олардың ой-толғанысын, ішкі жан-дүниесін бере білу де - суреткерлік табыс. Қайырғалидың қалтасына анасының хатын салып жүріп, сағынышпен кайта-қайта оқитындығы да өз орнында қажетті деталь болып табылады. Ол майданда жүргенде бір сәт те өзінің елін, туған шешесін есінен шығармайды. Қаһарманның даралық бейнесі, адамдық келбеті осы сияқты әр қырынан, әр жағдайда көрінуі арқасында толысып шығады.
Шығарма кейіпкерлерінің басына тән ерекшеліктер белгілі оқиғалар үстінде анықталады. Романда тек кана Қайырғали мен Ақботаның, Шеген мен Қайырғалидың арасындағы қатынастар ғана емес, бұдан басқа да көптеген сюжеттік желілер тартылып отырады. Бір мезгіл Семен Зонин мен Нинаның арасындағы жайлар сөз болады. Сондай-ақ Василий Гришин, Володя Толстов, Мирошник, Самед Абдуллаев сияқты кейіпкерлердің бастарында да түрлі-түрлі қызғылықты жайттар кездесіп отырады. Сонымен «Қазақ солдаты» романының окиғалық жағы да, характерлерін мінездеу жағы да саралана, нақтылана түскен.
«Қазақ солдаты» романының композициялық құрылысы өзгеше шебер сомдалған. Мұнда негізгі мәселе - совет заманында туып-өскен адамның өсу, жетілу жолы басты әңгіме болып баяндалады. Майдандағы ерліктері үстінде-ол жас адамның мінездік, азаматтық қалыптасуы арта береді. Романда көлденең бұрып әкелетін, негізгі идеядан жырақтататын қосалқы желілі әңгіме жоқтың қасы. Барлық оқиға, сурет бояулары белгілі нысанаға тиіп жатыр. Өмірдің объективтік ағысы да, геройлардың өсу жолы да табиғи үйлесімді өрбиді.
Ғ. Мүсірепов өзінің повесінде Қайырғалиды көбінше барлаушы ретінде көрсеткені мәлім. Оның кәптеген іс-әрекеттері бірін-бірі қайталағандай сезілетіні де «осыған байланысты еді. Шығарманың жаңа нұсқасында ондай қайталаулар кездеспейді. Тіпті бұл екі шығарманың аяқталу тұсы да бір-біріне ұқсамайды. Шығарманың алғашқы нұсқасына Қайырғали басқарған бір топ жауынгерлердің Керчь бұғазында адам таңғалғандай ерлік керсетіп, Совет Одағының Батыры атағын алғаннан кейінгі істері де айтыла беретін. Ал романның аяқталуы басқаша.
Ғ. Мүсірепов романының жоғары көркемдік сапаға ие болуына шығарманың алғашқы нұсқасына айтылған сындардың да ықпалы тигені анық 1946 жылғы бір мақаласымен белгілі сыншы-ғалым Е. Ысмайылов повестің көптеген жетістігі мен кемшілігін алдымен атап көрсетушілердің қатарында болды. Негізінен қайтадан жазылған «Қазақ солдаты» романы жарыққа шыққанға дейін біздің ұлттық әдебиетімізде бұл тұрғылас ірі туынды туған жоқ еді. Майдан өмірін кең қамтып суреттейтін көлемді романдар мен повестер (Ә. Нүрпейісовтің «Курляндия», Т. Ахтановтың «Қаһарлы күндер», Қ. Исабаевтың «Бетпе-бет» романдары, Ә. Әбішевтің «Саржан», С. Бақбергеновтің «Талғат» повестері, Б. Момышұлының офицерлік жазбалары т. б. ) соғыстан кейінгі, бертінгі жылдарда туған туындылар.
«Қазақ-солдаты» романы біздің ұлттық әдебиетіміздің ғана емес, бүкіл советтік әдебиеттің табысынан саналған, қалың окушыларды қуантқан құнды көркем еңбек болды. Бұл роман автордың совет әдебиетінің Ұлы Отан соғысы өмірін суреттейтін үздік шығармаларынан үйренуі нәтижесінде, әдебиетте батыр тұлғаларын жасаудың тамаша үлгілерін, дәстүрін бойға терең сіңіру нәтижесінде туды.
Романда соғыс өмірі, совет жауынгерлерінің ерлігі, олардын туысқандық достығы, бауырмалдығы майдан жолынын килы-қияңы үстінде терең ашылып көрініп отырады. Шығарманың бас кейіпкері Қайрош Сарталиев, оның жауынгер серіктері Толстов Абдуллаев, Зонин, Ушаков, Гришин, командир Мирошник, саяси жетекші Ревякин, осылар секілді өзге майдан ерлері де - бәрі де совет мектебінде оқып, тәлім-тәрбие алған жас азаматтар, туысқан советтік ұлттардың өкілдері. Оларда Отанға деген зор махаббат бар. Бәрінің де мақсат-мүддесі, тілегі біреу - елімізге тұтқиылдан опасыздықпен шабуыл жасаған зұлым жауды тал-қандау, сөйтіп, елімізде бейбіт күннің қайтадан нұр шашып ту үшін қасық қандары қалғанта күресу. Бұл зор күресте, ұлы айқаста дем берер, жол көрсетер қуатты күш бар, ол - Коммунистік партия мен Отан. Олардың бәріне тірек болар, аттандырар күш бар. Ол - біздің батыр совет халқы. Совет жауынгерінің ұлы ерлігінің көзі, жеңілмейтіндігінің себебі - міне, осында. «Қазақ солдаты» романында совет жауынгерінің ерлік тұлғасын айқындайтын осы сипаттар терең көрсетілген. Шығарманың мазмұнын салмақты етіп, көркемдік қасиетін ерекше көтеріп тұрған белгілері де міне осында.
Қазақ совет әдебиетінің жетіліп өскендігінің де, жазушының көркемдік шеберлігінің айрықша биіктегендігінің де үлкен айғағы болған «Қазақ солдаты» романының көркемдік сипаттарына, образдарының бітіміне талдау жасамас бұрын, ең әуелі осы романды жоғары сапаға көтеріп тұрған негізгі басты белгілеріне тоқталып өтелік. Ең біріншіден, бұл роман - халықтық шығарма. Романда майдан көріністерінің бірден суреттеле жөнелмей, оқиғаның әріден қозғалуында үлкен мән бар еді.
Ұлы Октябрь революциясы жеңгенге дейін, Байтақ Россия жерін мекендеген бұрынғы езілген халықтардың бірі секілді біздің қазақ халқы да екі жақты қанау мен қыспақтың, бір жағынан патша үкіметінің, екінші жағынан - жергілікті бай-феодалдардың қатаң тепкісінде езіліп-жаншылып келді. Патша өкіметі қазақ елін «бұратана жұрт» деп атап, төмендетіп, іргелі ел санатына қоспады.
Сол езілген халықты социалистік Улы Октябрь революциясы азат етті, теңдікке қолын жеткізді, басына бақыт орнатты. Совет өкіметі жылдарында қазақ ұлтының әлеуметтік өмірінде, барлық тұрмыс-салтында көп-көп өзгерістер туды, ұлттық санасында жаңа сапалар қалыптасты.
Әрине, мұның өзі бір күнде бола салған құбылыс емес. Өзінің өсу жолы, даму ерекшеліктері, сатылары бар. «Қазак солдаты» романында қазақ халқы өмірінің осы жолдары көркемдік шеберлікпен терең сипатталған және осы тарихи құбылыс жаңа заманмен кұрдас адамның образы арқылы бейнеленеді.
Жаңа дағдылар, соны қасиеттер, жақсы тұрмыс, әрине, бірден орнай қалмайды. Бұларды орнықтыру үшін аянбай еңбек етіп, қиыншылықтарды жеңе білу керек. Ал күрес жолы - даңғырап жатқан сара-жол емес, көптеген қиындығы, кедергілері бар, бұралаңы көп ауыр жол. Совет өкіметінің ұлы революциясының жеңісі нәтижесінде, феодализмнен социализмге бірақ секіргең қазақ елінің дәл бүгінгі таңдағы зор да ұлы жеңістерге жеткенге дейін даму жолында да осы секілді талай-талай қиындықтар, ауыртпалықтар болды. «Қазақ солдаты» романында Ғабит өмірдің осы ақиқат сырларын шеберлікпен танытқан.
Романды оқи бастаған шағымызда біздің көз алдымызға сонау бір жылдардағы қазақ аулының тіршілігі, романның бас кейіпкері Қайроштың туып-өскен ортасының күн көріс, характері, дамудың жаңца жолына бағдар алған ауыілдың алғашқы жылдарда бастан кешкен қиыншылықтары реалистік тұрғыдаң суреттеледі. Қайроштың туған аулында жас баланы алдарқатып әкететіндей жаңалықтар аз еді. Жаңалық кең өріске еркін шырқап кете алмай, ескілік атаулы етектен тартып, ілгері басқан аяққа шырмауықша оралып жатқан кез болатын.
Осы кезде түскен қиыншылықтарды жас баланың қайыспай көтеріп әкетуі, әрине, қиын. Сондықтан жас Қайрош бұл қиындықтаң құтылу үшін ауылдан қашып, қалаға тартады. Бірақ ол өзінің туып-өскен жерінен біржола безу үшін кетпейді, әлденіп күш жинап, бекем болып қайта келу үшін, сөйтіп қиыншылыққа қарсы күрес ашу жолын үйрену үшін кетеді. Қайроштың ауылдан қашуының ішкі логикасын, образдық даму эволюциясының сырын біз осылай ұғуымыз керек.
Қалаға барған Қайрошты балалар үйі өз тәрбиесіне алады, қамқорлық жасайды, оқытады, білім береді. Сөйтіп, жас Қайрош өнерлі, өнегелі, саналы азамат боп жетіледі. Қайрош көрген мұндай қамқорлықты сол секілді талай кедей балалары көрген. Оку оқуға, білім алуға талабы болғанмен, бірақ қысқа жібі күр-меуге келмейтін талай кедей-кепшік жетім балалар тек Совет өкіметі жылдарында ғана осындай зор әкелік қамқорлық құшағына бөленді. Қазақ еңбекшілеріне Совет өкіметі әперген ұланғайыр бақыттың айқын бір көрінісі осы еді. Жас Қайроштың басынан өткен жайлар - қалың жұрттың белгілі бір өкіл-деріне тән болған ортақ құбылыс болып табылады.
«Қазақ солдаты» романы жөнінде пікір айтқан Е. Лизунова, В. Кругов, С. Төлешов, В. Закрутин өздерінің мақалаларында осы шығарманың алғашқы бөлімі, яғни бас қаһарманының балалық шағы, жастық көзі суреттелетін бөлімі басы артық деген ой айтады. Бұл пікірмен келісуге болмайды? Өйткені жазушы бас каһарманның сол балалық кезін жан-жақты кең қамтып суреттеу арқылы жалпы казақ елінің даму тарихына тән болған маңызды кезеңді көрсетеді. Қайрош - социалистік жаңа заманмен құрдас адам. Сондықтан Қайроштың ер жету, өсу жолдары белгілі бір әлеуметтік топтың, қауымның өсу жолдарын да білдіреді. Әрине, шығарма қаһарманының өсу жолын көрсету үшін ұзак суреттеу мен баяндаулардың шарт емес екені белгілі болса да, Ғабит Мүсіреповтің «Қазақ солдаты» жазылған кезде қазақ халқының Октябрьден кейінгі өмір өткендерін көрсететін шығармалар онша көп болмайтын. Осы тұрғыдан алғанда, автордың бұл кезеңнің белесті-белесті асуларын ғана суреттеу мақсатын көздеуі орынды деп білеміз. Қайроштың басқалардан бір ерекшілігі - балалар үйінде тәрбиеленуі ғой. Сондықтан да Отан қамқорлығын көрген азаматтың Отанға қауіп-қатер төнген шақта қасық қанын төгіп, жан қиярлықтай ерлік көрсетуіне автор әдейі осы ойды таңдап алғанын аңғармасқа болмайды. Бұ-гінгі өмір шындығына арналған шығармада өткен өмір жолын ұзак сонар баяндап кетушіліктің бір себебі осындай оймен сабақтасып жататындығын әр кез айыра білген жөн.
Қайрош - советтік тәрбие көрген жас азамат, ол қолы жеткенді місе тұтпай, үнемі өрлей беруді, сатыдан сатыға көтеріліп, биіктей беруді аңсайды. Оның тұла бойынан қазақ халқының жаңа заман қалыптастырған жаңа қасиеттері жарқырап көрінеді. Неміс фашизмі елімізге тұтқиылдан шабуыл жасап, Отанға кауіп төнген сағатта Қайрош өзі тіленіп майданға аттанады. Ол - жауынгер. Ал оның ата-бабалары әскери тәртіпті бастарынан өткермеген, сондықтан әскери өмірдің атадан балаға мирас боп қалған дәстүрі жоқ. Әскер қатарында қызмет атқару, әс-кери тәртіпті көру - қазақ халқының тіршілік тұрмысына Октябрь революциясынан кейін орныққан жаңалық. Міне осы жаналық романның келесі тарауларында майдандағы Қайроштың іс-әрекеттері арқылы нанымды көрініп отырады. Сөйтін, «Қазақ солдаты» романында қазақ жұрты өмірінің үлкен кезеңі кең тұрғыда суреттеледі. Романды халықтық шығарма деуімізге себеп те осы.
Жауынгер өмірін суреттеген шығармалар туысқан халыктар әдебиетінде де кездеседі. Бір атап өтерлік нәрсе сол - бір қоғамда жасаған, бір мақсатты көздеген халықтар өкілдерінің өмірбаянында, мінез-құлқында да көптеген ұнамды ұқсастықтар кездесіп отырады. Қазақтың батыры Қайырғали сияқтылар басқа халықта да көп болғанын көреміз. Олардың үй-тұрмысында, әдет-ғұрпында, тілінде айырмашылықтар болғанымен, бәріне бір мәселеде - советтік патриотизм мәселесінде туыстығы, жақындығы өте айқын танылады. Бұған бір ғана мысал келтірейік. Өзбек жазушысы Абдулла Қаһһардың соғыс тақырыбына жазған бірнеше шығармалары ішінде «Алтын жұлдыз» атты повесі мен «Дардақтың батыры» деген очеркі ерекше көзге түседі. Әсіресе «Алтын жұлдыз» повесінен көптеген қызғылықты жайларға қанығамыз.
Повесте бұрын Өзбекстанның бір ауданында қатардағы колхозшы болып істеген Ахметжан Шүкіровтың майданға барып қаһармандық көрсеткені хикая болады. Жазушы кейіпкерін соғысқа дейінгі өмірінен де бірсыпыра хабардар етеді. Ахместжаны Шүкіров Отанның басына ауыр ахуал туған кезде, өзі тіленіп майданға баруға ұмтылады. Бірақ оған көпке дейін аудаңдық әскери комиссариаты рұқсат бермей жүреді. Ақырында Ахметжан әскер қатарына алынып, жауынгерлік жаттығулардаң шыңыға түседі. Ахметжан әскери білімнің, үйренудің, тәжірибе арттырудың тамаша мектебінен өтеді.
Елдің тынышын бұзып, азаттығын жоймақшы болған фашист басқыншыларға Ахметжан Шүкіров қатты ызамен қарсы соғысқа шығады. Жаудың мейірімсіз қаталдығын кәзімен көреді, қиын-қыстау шайқастарда ерлігіне ерлік қосады. Ахметжан Шүкіров фашистердің қалалар мен селоларды қиратқанын, жазықсыз адамдарды айуандықпен өлтіргенін көріп қатты қаһарға мінеді. Большая Каменка, Желобух, Орел жерлерінде және Брянскі ормандарында болған соғыстарда ол асқан өжеттік көрсетіп, талай жауды жайратады. Азат болған селоларда кездедкен жас сәбилерді көргенде, алыстағы өз баласын көргендей болады.
А. Қаһһардың повесіндегі ерекше сипаттың бірі - майдандағы ерліктің жасаушысы жеке қаһармандар ғана емес, бүкіл жауынгерлер екендігін көрсете білгендігі. Бұл арадан да өзбек жазушысы мен казақ жазушысының көркемдік, идеялық принциптері үндесіп жатады. Ғ. Мүсірепов Қайырғалидың да, оның жол дастарының да ерліктерін көрсетсе, А. Қаһһар Ахметжан Шүкіровтың және басқа жауынгерлердің батырлығын қоса сипаттайды. Солардың ішінде Совет Одағының Батыры полковник Михалидынның тұлғасы ерекше көзге түседі.
Өзбек жазушысы ұлы мақсат, ұлы мұрат жолында күрескен адамдар ғана үлкен ерліктерге барады деген идеяны өте анық аңғартады. Ахметжан Шүкіровтың қарапайым колхозшыдан қаһарманға айналу процесін суреткер нанымды баяндайды. Өзінің туған елі үшін, бейбітшілік пен бақыт үшін күрескен Ахмет-жандар батырлықтың кереметін көрсетеді. Повестің композициялық құрылысы да ширақ, оқиғалары да қызғылықты болып келеді. Дегенмен, бұл шығармада да кейбір нанымсыздықтар кездеседі. Соған қарамастан «Алтын жұлдыз» повесі өзбек әдебиетінің Отан соғысы тақырыбына жазылған тамаша көркем ескерткішінің бірі ретінде қымбатты.
«Қазақ солдаты» романының біз атап айтқымыз келген екінші үлкен қасиеті - бұл роман халықтар достығын кәркемді шеберлікпен терең суреттейтін шығарма Совет өкіметі жылдарында Ұлы Отанымызды мекендеген барлық ұлттардың бірі-бірімен араласуы күшейіп, бұрыннан тарихи тамыры бар достығы нығая түсті. Осы ұлы достықтың белгісі әсіресе Ұлы Отан соғысы жылдарында ерекше, айрықша жарқырап көрінді. Ғабит Мүсірепов романда осы шыныққан достықты ашып, тебірене сипаттайды, советтік әр ұлттың өкілін өз махаббатына бөлеп, сүйіспеншілікпен толғана суреттей басқа ұлт өкілдерінің образын жасау талабы біздің казақ совет әдебиетінде өз дамуының алғашқы жылдарында-ақ қызу колға алынған істің бірі болатын. Бұл салада жасалған жақсы тәжірибелер Ғ. Мүсіреповтің біз атап отырған романына дейін де бар еді. Бірақ атап айтатын бір жағдай, біздің әдебиетте басқа ұлт өкілдерінің образын жасауда бірқатар шалағайлықтар да болып келді. Әрине, мұның төркіні жазушыларымыздың шындықты шеберлікпен терең бейнелеу жолындағы тәжірибені өз бойларына терең сіқіре, игере алмауынан туған жәйт еді. Оның үстіне, біздің жазушыларымыз басқа ұлттардың өмірімен, тұүрмысымен жете таныс та емес еді. Осының салдарынан өзге ұлт- өкілдерінің образдары өздерінің барлық ұүлттық ерекшелік, сипаттарымен жанжақты кәрсетілмей келді. Кейіпкерлердің қай ұлт өкілі екендігін образдың ішкі мәнінен емес, көбінесе аты-женінен, түрі-түсінен, киім-кешегінен ғана ажыратып жүрдік. Бұл - елеулі кемшілік еді.
«Қазақ солдаты» романында жазушы біздің әдебиетімізде орын алып келген мұндай кемшіліктердің болмауын катаң ескерген. Ұлт өкілдерінің толыққанды образын шынайы жасау үшін көп ізденген. Автор бұл жолда жалпы советтік әдебиетіміздегі озық үлгілерді зерттеп, игерген. Сөйтіп романда орыс адамда-рының және өзге ұлт өкілдерінің образдарын нанымды етіп бейнелеген.
Шығармадағы ұлттық өрнектер, адамдардың ұлттық ерекшелік сипаттары -жазушыдай зор шеберлікті талап ететін белгілер. Кейіпкердің ұлттық сипаттарын, ұлттық ерекшелік қасиеттерін көркемдік шындықпен шебер бейнелеу үшін жазушы өмірде жете білумен қатар, сол ұлттың тарихын да, сол ұлтқа тән құбылыстардың даму заңдылығын да, өсу, жетілу, өзгеру сипаттарын да терең білуге тиісті. Ел өмірінде болып жататын экономикалық материалдық жағдайларға байланысты халықтың тұрмыс-тіршілігінде де, күн көріс, харакетінде де жаңалықтар туып жатады. Бұл жаңалықтардың өзіндік даму сипаты бар. Және бұл жаңалықтар бір күнде орнай қалмайтын, біртіндеп орныға беретін құбылыстар. Осы жайларды өмір шындығына сәйкес нанымды көрсеткенде ғана жазушы көздеген нысанаға жетеді.
Біздің советтік өміріміздің ақиқаты тұрғысынан қарасақ, байтақ отанымызды мекендеген барша ұлттардың мақсаты біреу, тілегі ортақ, бағдар тұткан нысанаға жету жолындағы іс-әрекеттері ұқсас. Бірақ әр ұлттың тұрмыс-салтында, әдет-ғұрып дәстүрінде тек өзіне ғана тән ерекшелік белгілері бар. Міне, осы белгілерді әр автор өз шығармасында терең ашып сипаттау керек. Сонда ғана ұлт өкілінің жанды да нанымды бейнесін жасай алады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz