Қарым - қатынас жайлы түсінік
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Мардан Сапарбаев институты
Гуманитарлық пәндер кафедрасы
Баяндама
Тақырып: Қарым-қатынастың адам өміріндегі маңызы
Әлеуметтік ингибиция, әлеуметтік фасилитация
Орындаған:Батырбек.Т
Қабылдаған:Бектурсынова.Д
Тобы:Ппк18-1
Жоспары:
Қарым-қатынас жайлы түсінік
Грек философы - Стоик Эпиктеттің тұжырымдамасы
Тұлғааралық қарым-қатынас
Әлеуметтік ингибиция
Әлеуметтік фасилитация
1.Қарым-қатынас - бұл əлеуметтік-психологиялық құбылыс, ол адам өміріндегі көптеген рухани жəне материалдық құндылықтарды қамти отырып, оның өміріндегі ең жоғары қажеттіліктердің бірі. Дегенмен, бір қарағанда қарым-қатынас ұғымы баршаға танымал жəне қандай да мағыналы қиындықтармен байланысты емес көрінеді. Қарым-қатынас сөзімен біз кəсіби, жеке, шығармашылық жəне тағы басқа жалпы қызығушылықтардың төңірегінде пайда болған қарапайым түсініктерді, яғни адамдардың бірбірімен байланысын жəне қатынастарын; таныс немесе бейтаныс адамдармен кездесулерін; жеке қатынастарын түсіндіруге тырысамыз. Адам қоғамда, өзін қоршаған адамдар тобында өмір сүреді жəне дамиды, оның талаптарына сай өз пікірі мен мінез-құлқын өзгертеді, топтың өзге қатынасушыларымен бірлескен іс-əрекет ықпалымен түрлі сезімдерді бастан кешеді. Алайда мұның барлығы өзге адамдармен ақпарат жəне толғаныс алмасудан ғана болады, оларды жақсы тани отырып, біздің əрқайсысымыз қалай да болса қатынасқа түсеміз.
М.В. Ломоносов осыдан екі жүз жылдан астам уақыт бұрын Ресейлік грамматикада мынадай пікір айтқан: ...Қандай да бір мəшинені құрастыруға дайындалған бөліктер оқшау жатқанда жəне өзіне белгіленген əрекетті екіншісіне жеткізіп отырмаса, олардың болмысы бос əрі пайдасыз. Сол сияқты адам баласының əр мүшесі өз ұғымындағыны өзгеге айтып жеткізе алмаса, біз ойларымыздың қосылуымен басқарылатын істі бірге жүргізуді былай қойғанда, жабайы аңдардан бетер болып кетер едік .... Осы пікір арқылы ол кез келген іс-əрекетте қарым-қатынас қаншалықты мəнге ие болатынын ерекшелеген.
Қарым-қатынас психологиясы адамдардың бірлескен іс-əрекеттегі бірін-бірі қабылдауы жəне түсінуі; еліктеуі, иландыруы мен сенімі; ұйымшылдық пен қақтығысқа түсушілігі; бірігіп əрекет ету мен тұлғааралық қатынастар сияқты құбылыстарды зерттейтін сала. Бұл психологиялық құбылыстардың алуан түрлі болуына қарамастан, олардың пайда болуының негізгі көзі - адамдар арасындағы қатынас аймағы.
Қарым-қатынас мəселесінің концептуалды негіздері туралы кеңес ғалымдары В.М. Бехтерев, Л.С. Выготский, С.Л. Рубинштейн, А.Н. Леонтьев, Б.Г. Ананьев, М.М. Бахтина, В.Н. Мясищева жəне т.б. қарым-қатынасты адамның психикалық дамуының, əлеуметтенуі жəне индивидуализациялануының, тұлға қалыптасуының маңызды шарты ретінде қарастырды.
Қарым-қатынас мəселесіне мəдени-тарихи психологияның негізін салушы Л.С. Выготский баға жетпес үлес қосты. Қарым-қатынастың тұлға санасына қайта жасалу механизмдерін түсіну Л.С. Выготскийдің ойлау мен сөйлеу мəселесін зерттеу барысында ашылады. Оның зерттеулерінде қарастырылатын қарым-қатынастың тұлға санасында мəдени аспект ретінде тасымалдануының мəдени-тарихи мəнін В.С. Библер нақты былай дейді: Əлеуметтік байланыстардың терең санаға ену процесі (Выготскийдің ішкі сөйлеудің қалыптасуын талдауы) - логикалық жоспарда - ашық жəне қатысты мəдениет бейнелерінің дербестілігінің, оның дайын феномендерінің ойлау мəдениетіне айналуы. Əлеуметтік байланыстар ішкі сөйлеуге еніп қоймай, онда олар түбегейлі қайта жасалады, əлі жүзеге асырылмаған жаңа мəнге, сыртқы əрекетке жаңа бағытқа ие болады.
Ең алдымен, бұл - бірлескен іс-əрекеттегі тұлғаның басқа адамдармен қарым-қатынасында қалыптастыру жəне танымдық қабілетін дамыту деңгейі ретінде түсіну (Л.А. Кидрон, 1981, Ю.М. Жуков, Л.А. Петровская, П.В. Растянников, 1990 жəне т.б.). Екіншіден, көптеген еңбектерде бұл қабілеттіліктің тұлғаның жеке қасиеттерімен, атап айтқанда, қарым-қатынасқа деген қажеттілігімен, өзіне деген сенімділігімен жəне өзіне-өзі баға берушілігімен байланысын көрсету (R.L. Applbayt, Harl W.E. Anatol, Hays
Ellers, 1973, R.M. Aisler, Lee W. Frederiksen, 1980, Л.А. Петровская, 1989, В.Н. Куницина, 1992 жəне т.б.). Үшіншіден, бір жағынан, əдеттер мен дағдыларды бөліп көрсету, екінші жағынан, тұлғаның түрлі жағдайларда сəтті тұлғааралық өзара əрекетке жағдай жасайтын жеке эмоциясының психологиялық сипаттамаларын бөліп көрсету (Ю.Л. Ханин, 1971, Г.С. Васильев, 1977,
Argyle, A. Furnhan, U.Grahan, 1981, Ю.М. Жуков, 1987, 1988, Л.А. Петровская, 1988, 1989, Р.А. Парошина, 1991, В.Н. Куницина, 1992 жəне т.б.). Төртіншіден, барлық дерлік зерттеушілердің қарым-қатынастағы тұлға құзыреттілігін көп қырлы, көп деңгейлі құрылым ретінде түсіндіруі болып табылады (Л.А. Кидрон, 1981, Р.А. Максимова, 1981, Л.А. Петровская, 1992, R.M. Aisler, Lee W. Frederiksen, 1980 жəне т.б.). Осының барысында кеңестік психологияда деңгейлерді бөлу негізіне, көбінесе қарымқатынас тараптарын топтастыру жəне соларға сəйкес бірлескен іс-əрекеттің құрамдас бөліктері (адамдардың бірін-бірі қабылдауы жəне түсінуі - гностикалық құрамдас бөлік ретінде белгіленуші; тұлғаның өзін-өзі танытуы - экспрессивті құрамдас бөлігі; ықпал, əсер - интеракциялық құрамдас бөлігі) алынады (Ю.Л. Ханин, 1971, Г.С. Васильев, Р.А. Максимова, 1981, Л.А. Петровская, 1988 жəне т.б.). Кейбір авторлар қарымқатынасқа деген қажеттілікті жəне қарым-қатынасқа деген бағдарды жеке бөліп көрсетеді (Ю.Л. Ханин, 1971, Р.А. Максимова, 1981).
В.А. Петровский пайымдауынша, іс-əрекетті жүзеге асыру процесінде адам объективті түрде басқа адаммен белгілі бір байланыс жүйесіне түседі. Осылайша, байланыс, алмасу (əрекеттермен, заттармен, ақпаратпен, т.б) жəне өзара ықпал кез келген өзара əрекеттің мазмұны болып табылады.
Мазмұны танымдық жəне формасы бойынша бірлескен-диалогтық іс-əрекеттің қалыптасу процесі индивидуалды іс-əрекеттің мақсаттарының, мағыналарының жəне мотивтерінің өзара бір-бірімен байланысуы мен түйісуі барысында жүзеге асады. Жаңа мақсаттардың қалыптасу процесі - бірлескен танымдық іс-əрекеттегі мақсатқұрылым, мазмұны жағынан - практикалық, ал формасы бойынша бірлескен мақсаттардың қалыптасуынан басталады. Бірлескен іс жүзіндегі мақсаттардың келесі кезеңінде мағына құрылым мен мотивқұрылым процестерінің арқасында бірлескен танымдық іс-əрекеттің сапалы қайта өзгеруін білдіре отырып, бірлескен ойлау мақсаттарына қайта өзгереді [1].
Қазіргі кезде мақсатқұрылымды зерттеуге ойлау іс-əрекетін зерттеп жүрген психологтар көп үлес қосуда (Тихомиров, 1984, Войскунский, 1990, Васильев 1980 жəне т.б.). Шынында да, адамның іс-əрекеті күрделенген сайын таптаурындық əрекеттерді азырақ жүзеге асырып, ал содан кейін қолданыстан шығып қалған дайын үлгіден (шаблоннан) шығармашылық типке жақындап, іс-əрекеттің реттелу процесін сипаттау үшін мақсатқұрылым категориясына жұмылдырудың қажеттілігі айқындала бастайды.
Нақтылы психологиялық зерттеуде ойлау мен қарым-қатынас бірлігінің қағидасын жүзеге асыру бірлескен ойлау іс-əрекетін зерттеуге байланысты өте өзекті мəселеге айналады. Бұл қағиданы іске асырудың бірден-бір жолы бірлескен ойлау іс-əрекетіндегі мақсатқұрылымды зерттеу болуы мүмкін. Бірлескен ойлау іс-əрекетіндегі мақсатқұрылымды зерттеу индивидтердің динамикалық мағыналық жүйелері мен ақпараттардың жалпы қорының арасында көпір салуға, яғни дəнекер болуға мүмкіндік береді (Ломов, 1980). Қарым-қатынас жағдайында қалыптасатын ақпараттардың жалпы қорын динамикалық мағыналы жүйеден (Выготский) бөліп алғанда, ол субъектілер үшін өзінің сыртқы, объективті жағында қалып қоюы мүмкін жəне ол сонда ғана сөздік мəндер жүйесінде (Выготский) өзекті болып табылып, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz