Әлемдік спорттық туризм ареналары



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Халықаралық туризм және меймандостық университеті

Реферат

Тақырыбы Спорттық туризм және оның дамуы

Қабылдаған Назерке Жолманов Орындаған Алдаберген Арай

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...4
Спорттық туризмнің жіктелуі ... ... ...6
Әлемдік спорттық туризмнің ареналары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... .9
Қазақстанда спорттық туризмнің даму реті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...16
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... 17

Кіріспе.
Тақырыптың өзектілігі. Туризмнің дамуына байланысты Шетелдік экономистердің есептеуінше, қалада екі сағат уақыт өткізген 100 мың турист 350 мың доллар немесе 17,5 доллар әр адам сағатына шығын жұмсайды. Осылайша, шикізатты сату - бұл өз алдына экономикалық тығырыққа тірелу, ал туризмді дамыту - ұзақ мерзімдік, экономикалық пайдалы перспектива екенін ескерсек, Спорттық туризммен дұрыс жұмыс жасау маңыздылығы ескеріледі.
Тақырыптың зерттелу мақсаты. Спорттық туризм ұғымы және оның мағынасын ашу, Спорттық туризм түрлері және оның ерекшеліктерін көрсету, Ғалымдар бөліп сараптаған түрлерді сұрыптау, Дүниежүзілік Туризм Ұйымының ( ДТҰ) осы туризм бағыты бойынша статистикаларын тұжырымдау, Қазақстанның спорттық туризм саласының қазіргі жағдайы және даму үрдісін талдау. Негізгі бөлім 2,5 беттен тұрады. Негізгі бөлімде тақырыптың негізгі реті баяндалған. Яғни спорттық туризмнің не екендігі, ғалымдардың пікірлері, келтірілген мысалдар қамтылған.
Қорытынды бөлімінде қазіргі спорттық туризмнің дамуының реті көрсетілді. Ал пайдаланылған әдебиеттердің тізімінде 6 тізім көрсетілді.

Негізгі бөлім
Спорттық туризм дегеніміз не
Спорттық туризм дегеніміз - туристердің әдеттегі ортасынан алшақ тұрған кезде спорттық іс-шараны бақылаудан немесе оған қатысудан тұратын саяхат. Спорттық туризм - бұл әлемдік туристік индустрияның қарқынды дамып келе жатқан саласы және оның негізгі табысы 7,68 миллиард долларға тең. Яғни, қазіргі таңдағы туризм салаларының ең ауқымды және актуалды бөлігі болып табылады. Әлбетте, туристер тек жағажай жағалауында күнде қыздырылып жата бермей, өзінің танымдық жақтарында арттырғысы келеді. Қазіргі кезде спорттық және танымдық туризм түрлері жай туристер үшін үлкен танымалдылыққа ие болып отыр. Көптеген туристер таулардың сұлулығын, шығанақтар мен сарқырамаларды бағындырғысы келеді. Осы ретте спорттық туризмнің даму деңгейін көреміз. Әрине, әр адамға өз қалағандай атмосфера ұнайды және спорттық сауықтыру үшін де қажет.
Көптен бері белсенді туризм спортқа тікелей қатысты болып келеді. Салауатты өмір салты мен адамның өз денсаулығы үшін жауапкершілік қағидаты- міне, осылар денсаулық саласындағы және халықтың күнделікті тұрмысындағы мемлекеттік мүдденің ең басты мәселесі болу керек делінген. Яғни осы мақсатты жүзеге асыру жолында әрбір саланы жетілдіру маңызды шарттардың бірі болып табылады. Яғни осы заңнама аясында Президентіміз Н.Ә.Назарбаев спорттық сауықтыру туризміне басты назар аударылады деп нақтыланады. Және де үлкен мән берілетіні атап көрсетті. Спорттық сауықтыру туризмі азаматтардың қоғамдық қозғалысы ретінде түсетін түсімді есептемейді және ұйымдастырылған, ұйымдастырылмаған спорттық туризмнен тұрады. Спорт түрі ретінде ол қоғамдық ұйымдарды спорт туризмін жеке клубтарға, секцияларға, федерацияларға және одақтарға біріктіріп, сондай-ақ мемлекеттің қолдауымен туристік білікті маршруттарды ойластыруға бағытталған. Оның құрылымында негізгі басқару органы болып Қазақстанның Туристік Одағы аясындағы ҚР-ның спорттық тур және туристік көпсайыс федерациясы болып табылады, бұл одақ мемлекеттік спорттық құрылымдар директиваларын басшылыққа алады және Туризм және спорт министрлігімен бірлесіп жұмыс істейді.
Спорттық туризм шаралары бойынша төмендегідей типтерге бөлінеді;
Саяхат
Спорттық серуендер
Жарыстар

Слеттер
Спорттық экспедициялар
Экстрималды спорт турлары

Бұл шаралар түрі бойынша спорттық туризм гидтері және нұсқаушыларын дайындайтын спорттық туристік мектептерде ұйымдастыру және жүзеге асыру типтері жатады. Жүргізу кезінде өзіндік спорттық тәжірибелерді де жатқызуға болады.
Спорттық туризмнің материалдық техникалық қорын құру дегеніміз туристік жабдықтар, техникалық және басқа қозғалыс құралдары, туристік полигондар, туристік базалардың жас туристер станциясы және туристік спорттық клубтар болып табылады. Олар туристерді өздеріне тарту үшін түрлі спорттық ландшафтарға тартымды әсерлер қосады. Бұл дегеніміз спорттық объектілерді игеру арқылы табыс көзін жасау.

Спорттық туризмнің жіктелуі.
Дәлірек айтқанда, спорттық туризмнің классификациясының жіктелуі, яғни Гэммон мен Робинсон спорттық туризмді ауыр спорттық туризм(Hard sports tourism) және жеңіл спорттық туризм (Soft s.t) деп бөлуге болады деп ұсыныс білдірген болатын. Ал, Гибсон спорттық туризмнің үш түрі бар деп болжады; Спорттық іс-шаралар туризмі, белсенді спорттық туризм және спорттық ностальгия. Кейіннен бұл тұжырымдамаларға Пассивті спорттық туризм келіп қосылды. Гэммон мен Робинсонның пікірінше, Ауыр спорттық туризм- бәсекеге қабілетті және спорттық іс-шараларға қатысушылардың санын білдіретін мотивациялық қатаң түрі болып табылады. Мысалы, Олимпиадалық ойындар, FIFA Әлем кубогы, F1 гран-приі және NASCAR sprint cup сессиясы сияқты аумақтық шаралар ауыр спорттық туризм деп аталады. Ал жеңіл спорттық туризм- туристік сауықтыру спортына қатысу үшін саяхаты немесе бос уақытын жеңіл спорттық деңгейде өткізілуі деп айтылады. Мәселен, жаяу серуендеу, шаңғы тебу, жүгіру және каноэде жүзуді жеңіл спорттық туризм деп атауға болады. Жеңіл спорттық туризмде Еуропа және Америка Құрама штаттарындағы бағыттарға қатысты гольфты толықтай қамтыған. Көптеген адамдар немесе турист болмасын әлемдегі ең үлкен гольф алаңдарында ойнауға қызығушылық танытады. Бұл спорттық туризм индустриясы ретінде көптеген табыстар түседі деген сенімде. Өйткені, Туризм әлемдік экономикада басты рөлдің бірін атқаратынын, Дүниежүзілік туризм ұйымының (ДТҰ) деректері бойынша ол әлемдегі жалпы ұлттық өнімнің оннан бір бөлігін, халықаралық инвестицияның 11 пайыздан астамын құрайтынын, әлемдік өндірістің әрбір 9-шы жұмыс орнын туризм қамтамасыз ететінін білеміз. Туризмнен түскен табыс мұнай, өнімдері және автомобиль экспорты табысынан кейін тұрақты 3-шіорында тұратынын ескерсек, бұл спорттық туризмнің даму деңгейінің көтерілуін білеміз.
Гибсон өзінің тұжырымдаған ойы бойынша анықтама беріп өткен болатын.
Спорттық іс-шаралар туризмі- спорттық нысанға секцияны көру үшін келетін қонақтарға арналған негізгі іс-шаралар. Мысалы, әлемдегі туристерді ең көп тартатын Олимпиадалық ойындар және ФИФА Әлем чемпионаты. Бұл шаралар төрт жылда бір рет, әлемнің кез келген жерінде өткізіледі. АҚШ-тағы спорттық туризм жыл сайын болатын спорттық оқиғаларға бағытталған.
Ностальгиялық спорттық туризмі спорттық даңқ пен орынға баруды және демалыс негізінде спорттық тұлғалармен кездесуді қамтиды.
Белсенді спорттық туризм деп спорттық немесе спорттық шараларға қатысатын адамдарды айтады. Регби футболы, футбол, баскетбол және басқа да белсенді спорт түрлері болып саналады және көптеген спорттық іс-шаралар (біз оларды турнир немесе фестиваль деп айтамыз) әлемнің көптеген елдерінде жыл сайын ұйымдастырылады.
Пассивті спорттық туризм бұл тікелей жанкүйерлер болып табылады. Мәселен, мен Рональдоның жанкүйері ретінде Испанияға барсам, мен пассивті спорттық туризм мансабында барған болып есептелемін. Яғни сүйікті командаға қолдау көрсету үшін жасалған сапар болып табылады.
Спорттық туризм туралы әңгіме болғанда біз көбінесе активті демалысты түсінеміз, бірақ жиі емес- ықтимал қауіп-қатерге байланысты экстрималды демалыс. Бұл әрдайым кедергілерді жеңе отырып өзара бәсекелестікке алып келеді. Мұндай демалыста біраз қиындықтар болсада, дайындықты қажет етеді.
Экстрималды спорттық туризм ретінде үш нәрсені білу қажет;
Туризм спортының белсенді түрлерімен айналысу туристердің физикалық дайындығын қамтамасыз етеді.
Турист спорттық туризм бойынша өз техникасын қалыптастыру.
Туристік жорық жетекшілерімен қатысушылардың спорттық біліктерімен техникалық жинақылыққа реттелу.

Әлемдік спорттық туризм ареналары;
Әлемдік спорттық туризм рекреациялық емес практикалық мақсатты көздейді. Спорттық туризмнің даму перспективалары қазірдің өзінде өте маңызды болды және бұл КСРО кездері күшейе бастады. Яғни КСРО спорттық туризмге ерекше мән берді, ол тікелей жастарға бағытталды. Демалыс жұмыспен, белсенді спорт түрлерімен көбінесе командалық жарыстармен үйлестірілді. Спорт экстрималды спортпен байланысты емес еді, оның басты міндеті- халықты біріктіру, олардың дене дайындығын жақсарту. Жалпы Ресейде спорттық туризмнің дамуы Ұлы Петр есебінен байланысты- дәл Германияда Броккен тауына туристік мақсатта көтерілген. Өз еліне оралған император патша жылдарында спорттық туризм бағыты қажетті танымалдылыққа ие болғанымен, спортты жан-жақты көтермелемейді. Себебі бай дворяндарды ойын-сауық, демалыс қызықтырды, спорт артта қалып қойды. Тек қана туризмнің спорттық түрін ғана дамыта отырды. Спорттық ареналар Олимпиялық ойындар, ФИФА Әлем чемпионаты секілді ареналарда туристер миллиондап жиналады. Жаңа айтып өткенімдей, бұл әлемдік жарыстар 4 жылда бір рет өткізіледі, яғни әлемнің түкпір-түкпірінде. Бұл әлемдік жарыстардағы спорттық ареналар үшін өте маңызды және жауапкершілікті қажет ететін күрделі жұмысты қажет етеді.
Туристік жорықтарды мақсаттық белгі бойынша төмендегідей етіп бөледі;
Сауықтыру
Оқу-жаттығу
Спорттық
Ғылыми-танымдық
Қызық оқиғалы(экзотикалық)
Спорттық жорықтар спорт саласына жатқызылады; олар үшін белгілі бір күрделі болатын маршруттар, жолдың ұзақтығы, бөгет-кедергілердің күрделілігі, қоныстанылмаған жерлерде болудың жағдайлары, әртүрлі қиындықтағы сынақ жорықтарының саны бекітіледі. Спорттық жорықтар дәл физикалық тәрбие мақсатында ең мамандандырылған түрі болып табылады. Ал енді, спорттық туризмнің даму әлеуетіне тоқталсам, 2011 жылы ҚР-ның дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2011-2015 жылдарда салалық бағдарламалар қабылданған болатын. Осы кезеңде дене шынықтырумен, спорттық шұғылданушылар санының тұрақты өсуі байқалады. Яғни бұл дегеніміз спорттық туризмде өзіндік даму стратегияларын қалыптастыруда деген сөз. Сол арқылы еліміздің екі жақтада өзіндік даму сатылары қалыптасады. Жалпы спорттық туризм белгілі бір спорттық іс-шараға белсенді қатысуға бағытталған жол сапар, сондай-ақ пассивті және белсенді емес сипаттағы спорттық жарыстарға қатысу мақсатындағы жол сапар болып табылады. Белсенді түрде спортқа қатысу туралы айтса өтсек, Мысалы G атты азамат шаңғыдан халықаралық жарысқа қатысу үшін Карпат еліне аттанады деген секілді, ал пассивті қатысу бұл футбол жанкүйері өз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Зерттеу нысаны - спорттық мектептердегі бастапқы дайындық топтарындағы балалар
Жабық футбол манежі
Дене шынықтыру және спорт саласындағы проблеманың қазiргі жәй-күйiн талдау
Қазақ күресімен шұғылданушы студенттер
Дене мәдениеті және спорт тарихы. Футбол
Самбо күресінен спорт мектептерінде қосымша спорттық білім берудің педагогикалық негіздері
Спорттық күрестің даму тарихы арқылы палуандарды дайындау ерекшеліктері
спорттық мектеп интернаттардың тиімділігі мен мемлекет өміріндегі маңызын көрсету, интернат оқушыларының жетістіктерін эксперимент жүзінде дәлелдеу. Зерттеудің міндеттері
Жүгірудің мақсаты
Қазақстанда фантуризмдi дамыту жолдары
Пәндер