Денсаулыққа абайсызда зиян келтіру


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
А. С. Першеев, Ж. Б. Төреханова.
ЖЕКЕ АДАМҒА ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ
ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР
Оқу құралы
Шымкент 2019 жыл
ӘОЖ
КБЖ
Б
Халықаралық гуманитарлық-техникалық университетінің кеңесінде қарастырылған хаттама №5 «27» 12. 2018 ж.
Пікір жазғандар:
Бекбосынов Е. - Phd докторы, М. Әуезов атындағы ОҚМУ
Айтбаев Қ . - заң ғылымдарының докторы, Халықаралық гуманитарлық-техникалық университеті
Тұрғараев Б. - заң ғылымдарының докторы, Халықаралық гуманитарлық-техникалық университеті
П 20 Першеев А. С., Төреханова Ж. Б.
ЖЕКЕ АДАМҒА ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ
БҰЗУШЫЛЫҚТАР: Оқу құралы, -Шымкент, 2019 - 137 б.
ISBN
Оқу құралы Қазақстан Республикасының жаңа қылмыстық кодексінің негізінде жасалған. ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартына сәйкес әзірленген. Сонымен бірге Қылмыстық кодекстің 1 тарауға негізделіп жасалған.
Аталған жағдай, Қазақстан Республикасы ІІМ оқу орталығының тыңдаушыларына және Қазақстан Республиканың жоғары, орта білім беретін оқу орындарының оқырмандарына, заңгерлерге арналған.
ӘОЖ
КБЖ
ISBN
Мазмұны:
1. Жеке адамға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың ұғымы мен түрлері.
2. Өмірге қарсы қылмыстар. Адам өлтірудің ұғымы және түрлері. Ауырлататын мән-жайларда адам өлтіру. Жеңілдететін мән-жайларда адам өлтіру. Абайсызда қазаға ұшырату. Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу.
3. Денсаулыққа қарсы қылмыстардың ұғымы және түрлері. Денсаулыққа зиян келтірудің ұғымы және түрлері. Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру.
4. Жыныстық қылмыстар. Жыныстық қылмыстардың ұғымы мен түрлері.
5. Адамның бас бостандығына қарсы қылмыстардың ұғымы және түрлері.
6. Адамның жеке басының ар-ожданы мен қадір-қасиетіне қарсы қылмыстар. Жала жабу және оның түрлері. Қорлау және оның түрлері.
Тақырып 1: Жеке адамға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың ұғымы мен түрлері.
Азаматтардың жеке басына, құқықтары мен бостандықтарына қол сұғатын қылмыстық құқық бұзушылықтар біздің қоғамымызға үлкен зиянын тигізеді. Сол себепті мұндай қылмыстық құқық бұзушылықтармен шешуші күрес жүргізу Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының маңызды міндеті болып табылады. Қылмыстық қол сұғудан жеке адамды қорғау Қазақстан Республикасы ҚК 2-бабында бекітілген қылмыстық заңнаманың міндеттерінің бірі болып табылады. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы ҚК-нде «Жеке адамға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар» тарауы бірінші тұр, ҚК-тің ерекше бөлігі содан басталады, бұлай орналасу Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-баптың ережесіне жауап береді. Сөйтіп, «жеке адамға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар» термині сөздің кең және тар мағынасында қолданылады. Кең мағынадан алғанда жеке адамға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар қылмыстыққұқық қорғауға жататын азаматтардың өмір сүру, денсаулық, ар-намыс, саяси, еңбек, мүліктік құқықтарына кез келген қол сұғушылық болып табылады. Қылмыстық құқық теориясында жеке бастың мүдделері кодекстің азаматтардың жеке меншігіне қол сұққаны үшін саяси және еңбек құқықтарын бұзғаны үшін көлік қылмыстары үшін қылмысты жауапкершілікті белгілейтін тарауында айтылады. Б. С. Никифоров азаматтардың жеке меншігіне қарсы қылмыстарды «сөздің кең мағынасындағы жеке адамға қарсы қылмыстар» деп атады. Тар мағынадағы жеке адамға қарсы қылмыстар тікелей және негізгі объектілері өмір, денсаулық жыныстық дербестік пен жыныстық еркіндік, жеке бас бостандығы, ар-намыс болатын қылмыстық құқық бұзушылықтардың түрлері.
Жеке адамға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар - бұл азаматтардың негізі жеке құқықтарына бағытталған қоғамдық қауіпті әрекеттерді ҚК-де көзделген тобы. Бұл топтағы қылмыстық құқық бұзушылықтардың көпшілігі ауыр және аса ауырға жатады, олар моральдық және материалдық зиян келтірілуі мүмкін. Қылмыстық құқық бұзушылықтардың бұл топтарын бірінші орынға жылжыту Қазақстан Республикасы қылмыстық заңнамасының негізгі реформасындағы маңызды концептуалдық идеяға, яғни азаматтарды өмірі мен денсаулығы, оның заңды мүдделерінің құқықтары мен бостандықтарын айрықша қорғауға сәйкес еді. Аталған құндылықтарды айрықша қорғау Қазақстан Республикасының Конституциясында арнайы үлес, Еуропалық ынтымақтастық елдерінің көптеген халықаралық актілерінде айтылады.
Жеке адамға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар деп адамның өмірі мен денсаулығына, жыныстық дербестігіне, бостандығына, ар-намысына қол сұғатын қоғамдық қауіпті әрекеттер танылады. Қылмыстық құқық бұзушылықтардың мұндай түрлерін істеу нәтижесінде адамға айтарлықтай зиян не болмаса өмірге, денсаулыққа заңды құқықтары мен бостандыққа зиян келтіру қорқынышы туады. Тікелей объекті - жеке бастың өмірі, денсаулығы, бостандығы, ар-намысы сияқты құндылықтар. Жеке адамға қарсы қылмыстардың объективтік жағы - бұл жеке бастың өміріне, денсаулығына, бостандығына, ар-намысына қоғамдық қауіпті қол сұғушылық. Құрамына қарай жеке адам қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар материалдық және формальдық болып бөлінеді. Материалдық құрамның объективтік жағы 3 міндетті белгілерден тұрады: 1) қоғамдық қауіпті әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік) ;
2) қоғамдық қауіпті зардаптар;
3) олардың арасындағы себепті байланыс. Әрекетсіздік әрекет сияқты тұлғаның ерікті қылығы болып табылады, сондықтан да ол әрқашан саналы сипатқа ие. Егерде қоғамдық қауіпті әрекет кінәлінің белсенді мінез-құлқынан байқалса, онда әрекетсіздік болу керек және істелуі мүмкін әрекеттің істелмеуінен байқалады. Қоғамдық қажетті әрекеттерді орындауда тұлғаның міндеті мыналардан шығады:
а) заң мен нормативтік актілерді жазудан;
ә) кәсіби міндеттер мен қызметтік уәзіптерден;
б) келісім шарттар;
в) жеке өзара қатынастан;
г) кінәлінің алдағы қызметінен. Қылмыстық құқық бұзушылықтар формальдық құрамының объективтік жағы тек қоғамдық қауіпті әрекеттен туады. Жеке адамға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар субъектісі заңмен белгіленген жасқа жеткен есі дұрыс адам, яғни қылмыстық құқық бұзушылықтар субъектісі жалпы болып танылады. Жеке адамға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар субъективтік жағынан тура және жанама ниетпен істеледі.
Қылмыстық құқық бұзушылықтардың тікелей объектісіне байланысты бұл тарауаларды төмендегідей топтарға бөлуге болады:
1. Адам өміріне қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар.
2. Денсаулыққа қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар.
3. Адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін қылмыстық құқық бұзушылықтар.
4. Жыныстық дербестік пен жыныстық еркіндікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар.
5. Адамның және азаматтың жеке бас бостандығына қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар.
6. Адамның және азаматтың арнамысына қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар.
2. Өмірге қарсы қылмыстар . Адам өлтірудің ұғымы және түрлері. Ауырлататын мән-жайларда адам өлтіру. Жеңілдететін мән-жайларда адам өлтіру. Абайсызда қазаға ұшырату. Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу.
Қазақстан Республикасы ҚК адам өміріне қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтарға адам өлтірудің (ҚР ҚК 99-103 баптар) сол сияқты абайсызда кісі өлтірудің (ҚР ҚК 101-бап) және өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізудің түрлерін жатқызады. Соңғы екеуінен басқа барлық аталған адам өміріне қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар адам өлтіруге жатады.
Қылмыстың бұл құрамдары өмір сүру құқығы сияқты бұлар да адамның табиға және маңызды құқықтарын қорғау туралы сөз болғандықтан бірінші орынға орналастырылған. Қылмыстық кодекс адам өмірін қорғау міндетін адам өміріне қарсы қылмыстар құрамының белгілерін қалыптастыра отырып және олардың істелуіне қатаң санкция мен белгілей отырып, өзіне тән әдістермен шешеді. Бұл топтағы барлық қылмыстық құқық бұзушылықтарды біріктіретіні әрқайсысының объектісі адам өмірі екендігі. Қылмыс объектісі ретінде өмір, бір жағынан табиғи физиологиялық процесс ретінде, екінші жағынан қоғамда жеке бастың тіршілік ету мүмкіндігін заңмен қамтамасыз ету ретінде түсінідіріледі. Екінші жақтың арқасында өмір жеке бас пен қоғамдық қатынастарға (қоғамдық мүддеге) логикалық бағынады және «жеке бастың мүддесінің оның өзінен бөлуге содан соң жеке бастық қоғамдық қатынастар шегінен шығаруға болмайды».
Кінәлі адамның әрекеті механикалық, физикалық, химиялық (тіпті психикалық, бірақ олар сирек кездеседі) және адам өміріне әсер ететін басқа да тәсілдер болуы мүмкін. Өлім адамға әрекетісіздік жолымен де берілуі мүмкін. Адам өміріне қол сұғу тәсілі ретінде әрекетсіздік кінәлі қамқорлық танытатын әрекетсіздік ететін, қажетті шаралар қабылдайтын сияқты адам өміріне зиян тигізбеуге тұлғаның міндеттілігін білдіреді.
Адам өміріне қарсы қылмыстарда әрекет немесе әрекетсіздік құқыққа қайшы сипатына иеленеді. Адам өміріне қылмыстық әсер ету тек адам өмірі жағдайында ғана аяқталған қылмыс құрамын құрайды. Адам өміріне қарсы қылмыстың денсаулыққа қарсы қылмыстан айырмашылық белгісі - соңғысының зардаптары өз мазмұны бойынша қай органға зиян келгендігіне, қандай ауру күшімен, денсаулыққа зиян келу нәтижесінде еңбек қабілеттілігі жоғалту дәрежесінің қандайлығымен анықталады. Адам өміріне қарсы қылмыстардың субъективті жағы қасақана да, абайсыз кінәмен де сипатталады. Кінәлі өзінің қоғамға қауіпті әрекеті нәтижесінде басқа адамның денсаулығына зиян келтіруде зардаптардың бөлу мүмкіндігінің немесе құтылмайтындығын алдын-ала көреді де қалайды (тікелей ниет) және бұған саналы түрде жол береді немесе оған селқос қарайды (жанама ниет) .
Осы санаттағы қылмыстың субъектісі қылмыстық жауапкершілік жасына жеткен, яғни 16 жастағы есі дұрыс адам, тек қылмыс кодексінің 15-2 баптарына сай адам өлтірегені үшін қылмыстық жауапкершілік 14 жастан басталады.
3 . Денсаулыққа қарсы қылмыстардың ұғымы және түрлері. Денсаулыққа зиян келтірудің ұғымы және түрлері. Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру.
Денсаулыққа қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар. Денсаулық - адамның табиғи игілігі мен құндылығы болып табылады, ол адамға генетикалық жолмен беріледі және қылмыстық-құқық қорғаудың маңызды объектісіне жаатады. Денсаулық қорғау құқығы - Қазақстан Республикасы Конституциясымен (29-бабы), сондай-ақ Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын қорғау туралы» (2-бабы) Заңымен бекітілген және кепілдік берілген адамның негізгі құқықтарының бірі.
Денсаулыққа қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар - бұл кінәлілікпен заңға қайшы басқа адамның денсаулығына заңға қайшы әрекетпен зиян келтіру, оның денесінің анатомиялық тұтастығын бұзу не тұтастай ағзалар мен дене мүшелерінің қызметін бұзу.
Денсаулыққа қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтарға Қазақстан Республикасының ҚК 10-114-баптарында жауаптылық қарастырылған денсаулыққа зиян келтірудің түрлері жатады. Денсаулыққа келтірілген зияндардың түрлері мен ауырлықтарына сот-медициналық тұрғысынан баға беруді үйлестіру үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2004 жылғы 20-желтоқсандағы № 875/1 бұйрығымен бекітілген «Сот-медициналық сараптамаларды ұйымдастыру мен жүргізу ережесі» елеулі мәнге ие болады. Осы ереже қолданысқа енгенге дейін 1959 жылғы ҚазКСР қылмыстық заңында ҚазКСР 1960 жылғы «Ауыр дене жарақаты туралы қорытынды жасауға арналған ережелері» қолданыста болды, ал Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 1998 жылдың 1-қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілуіне байланысты 1998 жылғы 4-мамырдағы № 240 «Денсаулыққа зиян ауырлығына сот-медициналық баға беру ережелері» қолданыла бастады.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2004 жылғы 20-желтоқсандағы № 875/1 бұйрығымен бекітілген «Сот-медициналық сараптамаларды ұйымдастыру мен жүргізу ережесіне» сәйкес, адамның денсаулығына зиян келтіру ауырлықтары үш дәрежеге бөлінеді: ауыр, орта ауырлықтағы және жеңіл. ҚК 3 -бабында көзделген.
Денсаулыққа келтірілетін осы зияндардың үш түрін аражігін ажаратудың негізгі өлшемі - бұл, ең алдымен келтіріген зиян зардаптарының адам өміріне қауіпті қатердің болуы немесе болмауы. Жалпы және кәсіби еңбекке жарамдылығын, оның тұрықтылығын жоғалту дәрежесі маңызды орын алады. Денсаулыққа келтірілген ауыр зиянды анықтауда, адамның бет-әлпетін бұзуды анықтауда эстетикалық баға беру қолданылады.
2. Өмірге қарсы қылмыстар. Адам өлтірудің ұғымы және түрлері. Ауырлататын мән-жайларда адам өлтіру. Жеңілдететін мән-жайларда адам өлтіру. Абайсызда қазаға ұшырату. Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу.
Өмірге қарсы қылмыстардың ұғымы - адамның жеке өмірінің құқықтық қағидаларына қатысты іс-әрекеттер. Адам өлтірудің ұғымы мен түрлері. Адам өлтірудің қылыстық заңға сәйкес үш түрі бар.
- Жай адам өлтіру.
- Адам өлтірудің ауырлататын мән-жайлары.
- Адам өлтірудің жеңілдететің мән-жайлары.
Абайсызда қазаға ұшырыту қылмысының субъективтік жағы бойынша кінәнің абайсыздық түрімен жасалуы. Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу қылмысы бойынша қылмыс құрамдарына қатысты саралау арқылы ажырату.
Өмірге қарсы қылмыстың, соның ішінде адам өлтірудің де тікелей объектісі адамның өмірі болып табылады. Заң жасына және денсаулық жағдайына қарамастан кез келген адамның өмірін бірдей қорғайды. Адам өмірі нәрестенің туған сәтінен, яғни анасының денесіне бөлініп шығып, алғаш тыныс алуы арқылы оның өкпесінің жұмыс істеген уақытынан басталады. Бұл құбылыс нәрестенің алғашқы айқайынан, дыбыс беруінен басталады. Өлім адам өмірінің соңғы сәті болып табылады.
Тыныс алуы мен қанның айналысы тоқтағаннан кейін 5-6 минут шамасында клиникалық өлім сатысы басталады. Адам денесінің салқындауына байланысты бұл кезең 10 немесе одан да көбірек минутқа созылады. Өлудің соңғы кезеңі-биологиялық өлім, орталық нерв жүйесі қызметінің істен шығуына байланысты мидың өлуі басталады. Адамның басқа органдары мен тіндерінің өміршеңдік белгілері біразға жалғасқанымен, мидың өлуі адам өмірінің соңғы сәті болып табылады. Яғни адам өмірінің соңғы сәті-биологиялық өлім. Адам өлтірудің объективтік жағы басқа адамды өмірінен заңсыз айырумен көрінеді. Қылмыстың аяқталуы үшін адамды өмірінен айыруға бағытталған іс-әрекеттің және соның зардабынан адам өлуінің арасындағы себептік байланыстың болуын айқындау қажет.
Адам өлтіру негізінен әрекет арқылы жүзеге асырылады. Адам өлтірудің көпшілігі осылайша жасалады. Кінәлының оқпен атылатын және суық қарудың, өзге де заттарды пайдалануымен, уландыру, жарылыс жасау, басқа да әдістерді қолдануы арқылы адам өмірінен айырылады. Адам өлтіру сонымен бірге жәбірленушіге психикалық әсер ету нысанында да болуы мүмкін. Әдетте жүрек-қан тамырлары жүйесі ауруларынан зардап шегетін адамдарды жүйкесіне зақым келтіру жиі кездеседі. Соңғы уақыттарда адам жүйкесіне әсер ету нысандары мен әдістерінің көбейе түсуінің нәтижесінде психикалық әсер ету жолымен адам өлтіру мүмкіндігі одан әрі кеңейе түсуде.
Адам өлтіру сондай-ақ әрекетсіздік нысанында да болуы мүмкін. Бұл негізінен мынандай жағдайда болуы мүмкін. Кінәлы адам біреуді өмірден айыру мақсатымен өлімге араша тұра алатын мүмкіндігі бола тұра және осыған тікелей міндетті бола тұрса да әркетсіздік жолымен оған өлім қаупін туғызады және өлімге жол береді. Кінәлының өлімнің жолын кесу жөніндегі әрекетті істеу міндеттілігі заң талаптарынан туындауы мүмкін (мысалы, ата-аналары өздерінің жаңа туған нәрестелерін немесе жас балаларын өлтіру мақсатымен тамақтандырмайды немесе олардың өмірін сақтап қалу үшін өзге де шараларды қолданбайды) . Өздігінен жүріп-тұра алмайтын және өздерінің табиғи қажеттерін қамтамасыз ете алмайтын жағдайларда қартайған ата-аналарын олардың ересек балалары олардан құтылу мақсатында осындай әрекеттер жасауы мүмкін. Адам өлтірудің объективті жағының екінші белгісі қылмыстың зардабы жәбірленушінің өлімі болып табылады. Өмірден айыруға тікелей қасақаналық болғанымен қылмыстық зардаптың-өлімнің болмай қалуы кінәлының әрекетіне оқталғандығы, адам өлтіруге оқталғандық ретінде саралауға негіз болады. Адам өлтіру кезінде, өлім әрекет жасалғаннан кейін бірден немесе белгілі бір уақыт өткеннен кейін жүзеге асуы мүмкін. Келтірілген зардапты кінә деп жүктеу үшін болған өлім мен субъектінің әрекеті немесе әрекетсіздігі арасынддағы себептік байланыстың болуы негіз болып табылады. Әрекет пен зардаптың арасында себептік байланыс болмаған кезде тұлға жасаған әрекеті үшін ғана жауапты болады. Өлтіруге тікелей оқталу айқындалған кезде өлтіру үшін оқталғандық жасалған болып табылады, ал өлтіруге жанама ниет болған кезде кінәлы адам нақты келтірілген зиян үшін ғана жауап береді (мысалы, денсаулыққа зиян келтіргені үшін) .
Адам өлтіру (ҚК-тің 99-бабы)
Адам өлтіру-материалдық құрамға жататын қылмыс.
Адам өлтірудің субъективтік жағы-Қылмыстық кодекстің 96-бабына сәйкес тек қана қасақаналықпен жүзеге асырылады. Адам өлтіру кезінде қасақаналық тікелей және сол сияқты жанама болуы да мүмкін. Тікелей қасақаналық кезінде кінәлы өзінің басқа адамның өміріне қол сұғып отырғандығын сезеді, оның әрекеті іс жүзінде өлімге соқтыруы мүмкін екендігіне немесе қалай да өлімге әкелетіндігін біледі және өлімнің болуын тілеп іс-әрекет жасайды. Жанама қасақаналықпен адам өлтіру кезінде кінәлы өзінің әрекеті арқылы адам өміріне қатер төндіретіндігін мойындайды, осы әрекеттің нәтижесінде оның өлуі мүмкін екендігін біледі, өлімнің болуын тілемейді, бірақ оған саналы түрде жол береді не өлімнің болу-болмауына немқұрайдылық танытады. Соңғы уақытта жарылыс жасау жолымен адам өлтіру оқиғалары кең таралып отыр. Мұндай кезде белгілі бір құрбандардан басқа бөгде адамдар да өледі. Бұл оқиғада кінәлы белгілі бір құрбанға қатысты адам өлтіруде тікелей ниетте, ал бөгде адамдарды өмірінен айыруға қатысты-жанама ниетте әрекет етеді. Тікелей және жанама қасақаналықтар арасындағы айырмашылықты айқындаудың іс жүзінде үлкен маңызы бар.
Адам өлтіруге оқталу, яғни кінәлының әрекеті ол өлімнің болатынын сезетінін, оның болуын тілегендігін, бірақ оның еркінен тыс себептер бойынша ол болмай қалғандығы бойынша анықталады. Мұндай кезде оқталу тек қана тікелей қасақаналықпен жүзеге асырылады. Кінәлының ниетінің түрі туралы мәселені шешкенде соттар жасалған қылмыстың барлық жағдайларына сүйенуі және атап айтқанда: қылмыстың тәсілі мен қаруын, денеге салынған жарақаттың санын, сипаты мен оқшаулауын (мысалы, адамның өмірлік маңызды органын жарақаттау), кінәлының қылмыстық әрекетті тоқтату себебін, сондай-ақ кінәлының қылмыс істеу алдындағы және одан кейінгі мінез-құлқын оның жәбірленушімен арақатынасын ескеруі тиіс.
Жәбірленушінің өліміне әкеліп соқтыруы кінәлы үшін белгілі болып табылатын өмірлік маңызы бар органдарына пышақпен жарақат салу, дұрысында, өмірден айыруға тікелей ниеттің бар екендігін айғақтайды. Оқпен атылатын қаруды қолдану кінәлының өлтіруге шынайы ниетте болғандығын айғақтайды және басқа жағдайлармен қатар кінәлының адам өлтіру ниетінде болғандығына маңызды дәлелдеме болып табылады. Жақын ара қашықтықтан ату, әдетте, адам өлтіру мақсатында істеледі. Тікелей қасақаналық болған кезде кінәлы өлімнің болуын тілейді, сонымен бірге кінәлының өлімінің міндетті түрде болуын қаламайтындығын да мұндай жағдайда ескеру керек. Оның ниеті баламалы түрде болуы мүмкін, оның шамалауы бойынша өлімнің болуы, сол сияқты денсаулыққа ауыр зиян келтіру мүмкіндігі және осы зардаптардың кез келгенінің болуын міндетті түрде тілейді. Ал егер оған байланысты емес жағдайлар бойынша қылмыстық нәтиже болмаған жағдайда ол адам өлтіруге оқталғандық үшін жауапқа тартылуы тиіс. Адамды өлтірумен алдын ала қорқыту басқа мән-жайлармен қатар адам өлтіру ниетінің бар екендігіне маңызды дәлелдеме болып табылады. Дегенмен, осындай қатер тудыруды айтқан адамның ой-ниетінің қаншалықты шын екендігін іс бойынша айқындау қажет. Тіпті, егер ол сөздер кейде және төндірілген қатерді жүзеге асыру мүмкіндігіне сырттай ұқсас кейбір әрекеттермен қоса айтылғанның өзінде, адам өлтіру ниетін жүзеге асыру туралы сөздер кінәлының шын мәніндегі анық тілегін білдірмейді. Адам өлтіру мен қорқыту көбінесе оқпен атылатын немесе суық қаруды немесе өзге қаруды, сондай-ақ қару ретінде пайдаланатын заттарды қолданумен немесе қолдануға әрекет етумен жасалатын бұзақылық әрекеттермен байланысты болатындығын тәжірибе көрсетіп отыр. Адам өлтіруге жасалған оқталуды аталған әрекеттерден бөлу керек. Қасақана адам өлтірудің субъектісі 14 жасқа толған жеке тұлға болып табылады, ал Қылмыстық кодекстің 100-105- баптарында көрсетілген жағдайларда адам өлтірудің субъектісі 16 жасқа толған адамдар болып табылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz