Сенсорлық эталондарды меңгеруі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті

Қорғауға жіберілді
МДжППД кафедрасының меңгерушісі
__________________Н.В. Мирза

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Мектепке дейінгі кезеңдегі баланың сенсорлық дамуы

5В010100 - Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығы

Орындаған:
МДОжТ-22 топ студенті Д.Е.Раимова


Ғылыми жетекшісі:
п.ғ.к., доцент Р.Б. Маженова

Қарағанды 2020

МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3
1 Мектепке дейінгі кезеңдегі баланың сенсорлық дамуы
1.1 Сенсорлық эталондар және оларды мектеп жасына дейінгі баланың игеруі

5

5
1.2 Балалардың жас ерекшеліктеріне қарай сенсорлық даму ерекшелігі

15
2 Мектеп жасын дейінгі баланың жеке басын дамыту
2.1 Мектеп жасына дейінгі баланың ақыл-ой мен сенсорлық дамуын зерттеу

20

20
2.2 Баланың бойында сенсорлық эталондарды дамыта зерттеу жолдары
22
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
24
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...
25
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
27

Кіріспе
Бүгінгі таңда егеменді еліміз өзінің қоғамдағы саяси, әлеуметтік экономикалық, мәдени-білім парадигмасы жүйесін әлемдік өркениет үлгісінде дамытуда. Білім беру жүйесіндегі болып жатқан реформа жаңа ұлттық 59 модельдегі білімді құрумен және оқу-тәрбие процесінің педагогикалық теориясы мен практикасында елеулі өзгерістермен ерекшеленеді. Қазақстан Республикасының Білім туралыЗаңындабілім беру жүйесінің басты міндеті - делінген.
2012 жылы Қазақстан Республикасының Мектепке дейінгі білім беру стандартының осы кезеңге дейінгі қалыптасқан отандық және халықаралық тәжірибені сәйкестендіре отырып, мектепке дейінгі балалардың тұлғалық дамуын қамтамасыз ететін жобасы талқылануда. Стандарттың негізгі мақсаттардың бірі - бала дамуындағы күтілетін нәтижелер, яғни өмір дағдылары және балалар құзыреттілігінің жиынтығы алынады. 8.7.3...баланың психологиялық қорғанысын, қоршаған ортаға деген сенімін, өмір сүруге қуануын, бастапқы тұлғасының қалыптасуын қамтамасыз ететін тұлғаға бағдарлану сипатын қамтиды деп тұлғаға бағдарлану тұғырын тірек еткен.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында ағымдағы жағдай және білім беруді дамытуды тежейтін факторларды талдай келе, бір жастан бес жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың ұйымдастырылған бағдарламаларымен нашар қамтылғанын көрсетеді. Аталған кемшіліктерге сай мектепке дейінгі баланың өзіне тән ерекшеліктерін ескере отырып, оның толыққанды қалыптасуы үшін дамыту ортасын құратын үздіксіз білім берудің бастапқы деңгейінде әрекеттің өзіндік түрлерін, баланың даму бағытын, оның кейінгі мектеп жағдайына бейімделуін қамтамасыз етуі тиіс екендігі көрсетілген. Бұл аталған күрделі міндеттер сәби шақтағы балалардың сенсорлық тәрбиенің қалыптасу деңгейіне тікелей байланысты. Бүгінгі таңда педагогика ғылымында оқушылардың танымдық әрекетін қалыптастыру мәселесіне арналған зерттеулердің маңызды қоры жинақталды.
Қазақстанда мектепке дейінгі педагогика ғылымында Н.Қ.Құлжанова, А.К.Меңжанова, Б.Баймұратова, М.С.Сәтімбекова, Қ.А.Аймағамбетова, Г.Меңлібекова, С.Н.Жиенбаева, Ә.С.Әмірова, Ф.Н.Жұмабекова, Г.З.Таубаева, Г.М.Метербаева, А.И.Искакова және т.б. мектепке дейінгі тәрбие салаларының түрлі бағыттарын зерттеген. Мәдениет сөзі латын тілінен аударғанда арнайы жасау, өңдеу деген мағына береді. Оның жанды немесе рухты тәрбиелеу деген екінші мағынасы болған. Мәдениет сөзін теориялық термин ретінде римдік философ және шешен Марк Туллий Цицерон тускуландық пікірталас (б.з.д. 45ж) деген еңбегінде бірінші рет қолданды. Ол кезде агротехникалық термин болатын, соған сай жерді өңдеу, топырақты баптау дегенді білдіретін. Цицерон оны бірінші рет ауыспалы мағынасында, адамның санасына әсер ету деген мәнде қолданды. Цивилизация Өркениет сөзі де латын тілінен шыққан. Азаматтық, қоғамдық дегенді білдіреді. Оның мағынасы үлкен өзгеріске ұшырады. Уақыт өте келе өркениет түсінігінің мағынасы өзгерді. Қазіргі кезде ол ең аз дегенде:
1) мәдениеттің көрінісі;
2) қоғамдық даму дәрежесі, материалдық және рухани мәдениет сатысы;
3) жабайылықтан кейінгі қоғамдық дамусатысы деген ұғымдарды береді.
Мектепке дейінгі жастағы балалар өздерінің сенсорлық қабілеттерін келесідей іс-әрекет түрлерінде дамытады: сурет салу, жапсыру, аппликация, құрастыру. Мектепке дейінгі балалардың сенсорлық даму мазмұнының негізіне мыналарды жатқызуға болады:
1) Сенсорлық эталондарды меңгеруі. Сенсорлық эталондар дегеніміз не? Л.А.Венгер, В.С.Мухина атап көрсеткеніндей, заттардың сыртқы қасиеттерінің негізгі үлгілері туралы көрнекі түсініктер болып табылады. Түстік сенсорлық эталондары - спектр түстері және олардың шағылысуы, пішіндер - геометриялық фигуралар және олардың әртүрлілігі, өлшемдер - сызықтық өлшемдердің метрикалық жүйесінің бірлігі және т.б.
2) Қабылдау тәсілдері. Қабылдау тәсілдері 2-ге бөлінеді: - сыртқы, яғни затқа үлгіні жапсыру, үлгінің контурын және затты саусақпен жүргізу. Бұл тәсіл мектепке дейінгі жастағы балалар үшін тән қасиет. Мектепке дейінгі жастағы балалар үшін келесідей тәсілдер (көрнекілік-ісәрекеттік ойлау), көрнекі салыстыру, балалар затты көзбен қабылдағанда, басқа сыртқы әсерлердің көмегінсіз салыстыра, оны басқа заттармен сәйкестендіре алады. Мектепке дейінгі жастағы балалардың ересек тобына тән қасиет болып табылады.
3) бала алдымен жетекші іс-әрекет үдерісінде затты зерттейді, оның түсін, пішінін, өлшемін, бөліктерін ерекшелейді, содан соң мектепке дейінгі жастағы ересек тобында сөзбен нақты заттың әртүрлі қасиеттерін сипаттайды. Мектепке дейінгі жастағы балалардың қабылдауының даму мазмұны осындай. Тек қана жүйелік және мақсатқа бағытталған оқытуда мектепке дейінгі жастағы балалардың сенсорлық дамуының жоғарғы деңгейіне қол жеткізуге болады. Мектепке дейінгі ұйымдарда білім сапасын арттыру аса маңызды мәселе, ол үшін жалпы және негізгі жағдайларды жақсарту басты міндет болып табылады. Біріншіден, білім мен тәрбие беруге арналған дамытушы ортаны жабдықтау қажет десек, ол мектепке дейінгі кезеңнің өзіндік ерекшелігі мен құндылықтарын сақтайтын, баланың балалығына бағытталуы шарт. Екіншіден, тәрбие мекемесінің басшысы мен тәрбиеші педагогтар қауымы кәсіби шеберліктерін үнемі шыңдап, білімін жетілдіруге жүйелі көңіл бөліп, ұжымның шығармашылық бағыт-бағдарын айқындап, оны жүзеге асыруға белсенділікпен ат салысуға және жағымды психологиялық ахуалдың тұрақтануына ықпал ету қажет. Сондай-ақ, отбасының сұранысы мен талаптілектерін қанағаттандыру және білім мен тәрбиенің балаға берілген үрдісі жайында ата-анамен үнемі бірлескен ынтымақты негізде жұмыс істеу де өте маңызды. Үшіншіден, балабақшада еңбек етуге толық жағдай жасалып, тәрбиелеу мен білім берудің технологияларын сауатты меңгеріп, жаңа педагогикалық әдіс-тәсілдер жүйесін кәсіби шеберлікпен игеріп, оны тәжірибеде пайдалануға шығармашылықпен үлес қосып отырса. Баланы тәрбиелеу, дамыту және білім беру мәселелерінде отбасы мен балабақша ұжымының бірлескен өзара тығыз байланыста болуы.Сенсорлық даму, бала заттардың түсін, пішінін, мөлшерін және олардың кеңістіктегі орналасуын айырып қана қоймай, оларды мөлшеріне қарай сәйкестендіріп (үлкен, кіші, аз, көп) анықтай алады.Білімнің бұл жүйесін тану иерархиялық басқыштар бойынша жүзеге асады, олардың әрқайсысы мазмұны бойынша 62 нақты белгілі объект сәйкес келеді. Заттар туралы білімнің шағын жүйесінің негізінде ұғымды маңызды белгілер анықталған. Бұл білімдер мен заттардың ерекшеліктерін даралау шеберліктері балаларға байланыстарды саналауға мүмкіндік береді: ой мен материалды таңдау, материал мен қажетті әрекеттерді орындауға арналған құралдар, ой мен еңбек процесінің нәтижесі арасында.

1 Мектепке дейінгі кезеңдегі баланың сенсорлық дамуы
1.1 Сенсорлық эталондар және оларды мектеп жасына дейінгі баланың игеруі
Мектепке дейінгі балалық шақ баланың сенсорлық дамуының қарқынды кезеңі болып табылады. Бұл кезде баланың заттар мен құбылыстардың сыртқы қасиеттері мен байланыстарын, кеңістік пен уақыт бағдарлауы жетіледі.
Заттармен іс - әрекетте бала барған сайын оның түсін, түрін, шамасын, салмагын, температурасын дәл бағалай бастайды. Музыканы қабылдауында бала оның әуенін қадағалауды, дыбыстардың қатынасын жоғарылағанына қарап бөлуді, ырғақтылықтың түрлерін аңғаруды үйренеді. Сөзді кабылдауында ұқсас дыбыстардың айтылуындағы aca нәзік айырмашылықтарын есте алады.
Мектеп жасына дейінгі баланың, сенсорлық дамуының бір - бірімен байланысты екі жағы бар. Біріншісі, заттар мен құбылыстардың әр түрлі касиеттері мен байланыстары жөніндегі түсініктерді меңгеру. Екіншісі, қоршаған ортаны толықтай және жекелей қабылдауға мүмкіндік беретін кабылдаудың жаңа әрекеттерін игеру.
Сенсорлық эталондар және оларды мектеп жасына дейінгі балалардың игеруі. Сәбилік шақтың өзінде балада заттар әр түрлі касиеттер жөніндегі түсініктердің белгілі қоры жинақталады, бұл түсініктердің бірқатар үлгінің орнына жүреді, қабылдау процесіндегі заттардың жаңа касиеттерін бала осы үлгімен салыстырады .
Мектепке дейінгі балалык шакта бала өзінің сенсорлык тәжірибесін жинақтау нәтижесі болып табылатын заттық, үлглері қолданудан көпшілік қабылдаған сенсорлык эталонға ауысады. Сенсорлық эталондар дегеніміз - касиеттер мен қарым - қатынастардың әр түрінің негізгі жеке түрлері жөнінде адамзатта қалыптасқан түсініктер. Бұлар адамзаттың тарихи дамуының барысында пайда болған,адамдар оны үлгі,өлшем ретінде пайдаланады. Адамзат бұларды әдеттегі жеке түрлерге келтіріп реттей біледі, бұл айналадағы дүниені қоғамдық тәжірибе айналасынан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепке дейінгі кезеңдегі баланың сенсорлық дамуы
Сенсорлық тәрбиенің әдістемесі
Сенсорлық тәрбие ұғымы
Мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеудегі - сенсорлық тәрбиесі
Дидактикалық ойын – көру қабілеті бұзылған балаларды сенсорлық тәжрибенің нәтижелі құралы
Сенсорлық дамудың бала өміріндегі маңызы
Мектепке дейінгі мекемелерде Мария Монтессори әдістемесінің колданылуы
Мектеп жасына дейінгі баланың ақыл-ойы мен сенсорлық дамуын зерттеу
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕДЕГІ 5-6 ЖАСАР БАЛАЛАРДЫ ЕҢБЕККЕ БАУЛУ МЕН ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ негіздері
Жалпы логика. Мектепке дейінгі жастағы балалардың математикалық түсініктерін дамытудың негіздері
Пәндер